Инклюзивті тәжірибе мамандардан жаңа құзыреттіліктер мен білімдерді талап етеді Түрлі мамандар мен педагогтардың мүмкіндігі шектеулі баланы
жалпыға білім беру процесінде оқыту мен тәрбиелеудегі өзара байланысқа
түсу ерекшеліктері – бүкіл ұжымның олардың дамуына жағымды жағдай
жасалуына қатысуында. Топта жұмыс жасауда, оның әр мүшесі өзінің пәндік
іс-әрекеті шеңберінде нақты мақсаттар мен міндеттерді орындайды.
Мұғалім-дефектолог атқаруы тиіс: - мүмкіндігі шектеулі балаларды топта (сыныпта), мектепке дейінгі мекемеде
немесе мектепте мақсатты интеграциялау;
- топтағы балалардың өзара байланыстары мен түзету-педагогикалық поцесті
ұйымдастыру сұрақтары бойынша тәрбиешілерге, музыка жетекшісіне, дене
шынықтыру мұғаліміне, әлеуметтік педагогқа және қосымша білім беру
педагогына кеңес беру;
- фронталды, топтық және кіші топтарда жүргізілетін сабақтардың мазмұны
мен әдістерін сараптауда көмек беру;
- мүмкіндігі шектеулі балаларға түзету психологиялық-педагогикалық және
медициналық көмекті реттеу;
- басқа мамандармен бірігіп сабақтар өткізу (музыка мұғалімімен, дене
шынықтыру мұғалімімен және т.б.);
- мүмкіндігі шектеулі немесе жас көрсеткіштерінен қалыс қалған
тәрбиеленушілермен фронталды және жеке сабақтар өткізу, сонымен қатар
қалыпты балалар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп кіші топтарда
және топтық сабақтар жүргізу;
- педагогикалық анықтау жұмысын жүргізу;
- жеке білім алу бағыттарын құрастыру және нақтылауды қамту;
- пәнаралық топтың мүшесі ретінде жеке бағдарламалар мен топтың
бағдарламаларын құрастыруға және іске асыруға қатысу;
- баланың анықталған нәтижелерін ескере отырып онымен жұмысты
ұйымдастыруға байланысты басқа мамандарға арналған ұсыныстар жасау.
Мұғалім-логопед балалардың сөйлеу тілінің дамуындағы ауытқушылықтарды түзетумен айналысады. Ол:
- тәрбиеленушілерді тексереді, олардың тіліндегі кемістіктердің құрылымын
және анықтығының деңгейін зерттейді;
- тілді түзету мен дамытуға бағытталған топтың және жеке сабақтар
жүргізеді;
- мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жүргізуде логопедиялық тәсілдерді
қолдануға байланысты ұсыныстар жасайды;
- пәнаралық топтардың мүшесі болып табылады және жеке бағдарламалар
мен топ бағдарламаларын құрастыруға және іске асыруға қатысады.