Лекция тақырыбы: Білім берудегі инклюзивті үрдісті басқару



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата03.05.2023
өлшемі430,94 Kb.
#89463
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Ф-ӘД-001/046 
Білім беру ұйымдарының қызметкерлері де мониторинг арқылы 
бағалау процесіне қатысады. Топтың басқа мүшелерімен бірге, бақылау және 
басқа да тәсілдер арқылы, бағалауға қажетті мәліметтер жинайды. Олар 
оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасына енгізілуі тиіс өзгерістерге қатысты 
шешімдерді қабылдау процесіне де қатысады. Егер мұндай өзгерістер 
енгізілсе, педагогтар оларды тәжірибеде, балаларды оқыту мен тәрбиелеу 
процесінде іске асырады. 
Анықтаудың негізгі бөлігі болып мүмкіндігі шектеулі баланың даму 
динамикасын бағалау, оның жетістіктері туралы мәліметтер жинақтау 
(оқушының жұмыстары, педагогтардың бақылау нәтижелері, бақылау 
жұмыстары, тесттер нәтижелері және т.б.) табылады. Сонымен, білім алуда 
ерекше қажеттіліктері бар балалардың білімдері, іскерліктері мен 
дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтау жұмысы балаларда жағымды оқу 
түрткілерін ояту, оқушыларға жеке жетістіктері туралы мәлімет беру, 
мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекетінің нәтижелілігін қамту мақсатымен 
жүргізіледі. 
Егер мұғалім бұл оқушыларды пәндік-практикалық қызметтерге үнемі 
үйретсе, болып жатқан шынайы әрекеттердің, өзгерістердің мағынасын, 
мәнін түсінікті түрде жеткізсе оқыту нәтижелі болады. Инклюзивті білім 
беру жағдайында ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушылардың оқудағы 
жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі мұны ескеруі және оқушыларды 
тиімді ынталандыруы тиіс. 
Бірінші типологиялық топты жаппай оқу процесінде бағдарламалық 
материалды анағұрлым сәтті меңгеретін оқушылар құрайды. Олар оқу 
материалын өз бетінше орындауға қабілетті, өзгерген тапсырманы орындауда 
үлкен қиыншылық көрмейді, жаңа жұмысты орындау барысында бар 
тәжірибесін негізінде дұрыс қолданады. Бұл балалар есептеу тәсілдерін, 
есептерді шығару амалдарын, жылдам есінде сақтап, пәндік көрнекілікті 
сирек қажет етеді. Әдетте оларға белгілі бақылауға, құбылысқа сөзбен 
ауызша сілтегеннің өзі жеткілікті. Олардың алған білімдерінің жеткілікті 
дәрежеде берік және икемді болуын атауға болады. Бұл мектеп оқушылары 
сөз өрбітудің кері жүрісін игеруге қабілетті. Олардың сөз саптау 
қолданысында сөйлемдер қалыптасқан, олар өз әрекеттерін еркін түсіндіреді, 
келешек жұмысын, тапсырма орындау тәсілдерін жоспарлай алады. Бұл 
топтың оқушылары үшін өзіне қойылған баға не үшін, қандай критерилер 
бойынша қойылғанын білу маңызды. 
Екінші типологиялық топтың оқушылары да сыныпта білім алуда 
жеткілікті табысты. Олар негізінен, мұғалімнің жаппай түсіндіруін ұғынады, 
зерделеніп отырған материалды есте сақтауы біршама жақсы, бірақ педагог 
көмегінсіз қарапайым қорытындылар мен жинақтаулар жасауға қабілетсіз. 
Оларды жұмыстың барлық түрін орындауда едәуір төмен дербестігімен 
ерекшеленеді, олар мұғалімнің белсендіруші, әрі ұйымдастырушы көмегіне 
мұқтаж. Бұл оқушылар оларға хабарланып отырған құбылыстар, заттар, 
оқиғаларды көзіне елестете алмайды. Тапсырманы заттардың көмегімен 
бейнелеген кезде ғана саналы түрде орындайды. Сөзбен ауызша жеткізілген 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет