Ф-ӘД-001/046 - басқа мамандармен бірге топтың (сыныптың) барлық тәрбиеленушілерінің
біріккен іс-әрекетін жоспарлайды және ұйымдастырады;
- мамандардың ұсыныстарына сай әр тәрбиеленушіге жеке бағытты
қолдануды қамтиды;
- баланы отбасында тәрбиелеу сұрағы бойынша ата-аналармен жұмыс
жүргізеді, оларды балабақшамен, мектеппен белсенді серіктестікте болуға
шақырады;
- балалардың жеке ерекшеліктерін біледі, балаларды жеке дамыту
бағдарламаларын және топта (сыныпта) жұмыс жасау бағдарламаларын
құрастыруға және іске асыруға қатысады;
- баланың түрлі іс-әрекеттерінің даму деңгейін, коммуникативтік белсенділік
ерекшеліктерін, мақсатты іс-әрекетінің қалыптасу деңгейін, өз-өзіне қызмет
көрсету, гигиеналық-мәдени дағдыларының қалыптасуын анықтайды;
- мамандардың ұсыныстарын орындайды.
Дене шынықтыру инструкторы: - дене шынықтыру сабақтарын жүргізеді және оларды өткізу кезінде
тәрбиеленушілердің қауіпсіздігіне жауап береді:
- жалпы және ұсақ моториканы, қимыл-қозғалыс бағдарлануын, балалардың
денсаулығын шынықтыруға бағытталған сабақтар жүргізеді: дұрыс отыру,
физикалық даму, психомоторлық қабілеттерді жетілдіру;
- балалардың күні бойындағы қозғалыс белсендігін қадағалайды;
- медбикемен бірге сабақтар өткізу жағдайының тазалығын қадағалайды;
- балаларды физикалық тәрбиелеу сұрақтары бойынша ата-аналармен
түсіндірме жұмысын ұйымдастырады;
- пәнаралық топтардың мүшесі болып табылады, балалардың жасерекшелік
ерекшеліктері ескерілген бағдарламалармен жұмыс жүргізеді, және де
сабақтар жүргізу барысында әр баланың жеке мүмкіндіктерін ескереді.
Жүзу инструкторы: - білім беру мекемесінің бағдарламалық талаптарына және жеке даму
бағдарламаларына сай бассейнде сабақтар өткізеді;
- судан қорықпауға (арнайы ойын-сабақтары арқылы) үйретеді;
- орта мектепке дейінгі жастан бастап жүзудің түрлі тәсілдерін үйрете
бастайды (кроль, брасс, «дельфин»);
- балалардың судағы қауіпсіздігіне толық жауап береді;
- медбикемен бірге бассейннің тазалық қалпын қадағалайды;
- балаларға шешінуге және душ қабылдауға көмек береді, тазалық ережелерін
қатаң сақтауға үйретеді;
- жалпы моториканы дамытуға қозғалысты реттеуге бағытталған балалардың
денсаулығын шынықтыруға арналған сабақтар жүргізеді: дұрыс отыруды
қалыптастыру, физикалық дамыту, психомоторлық қабілеттерді жетілдіру.
Музыка жетекшісі: - музыка сабақтарын, мерекелерді ұйымдастырады және өткізеді;
- пәнаралық топтардың жұмысына қатысады, балалардың ерекшеліктерімен
танысады, балалардың білім алу қажеттіліктеріне сай ерекше әдістер мен
тәсілдер құрастырып, музыкалық тәсілдер көмегімен балалардың өзара