Лекция тақырыбы: Білім берудегі инклюзивті үрдісті басқару



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата03.05.2023
өлшемі430,94 Kb.
#89463
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Л 15 ИББ

Ф-ӘД-001/046 
байланыстары мен тұлғааралық қарым-қатынастарын белсендіру міндеттерін 
атқарады; 
- ертеңгілік гимнастиканы, дене шынықтыру сабақтарымен сауықтыру 
шараларын өткізуге қатысады; 
- күннің екінші жартысында балалардың ұйымдастырылған ойындарына 
музыкалық сүйемелдеу жасайды; 
- музыкалық-дидактикалық, театралдық және ритмикалық ойындар өткізеді. 
Қосымша білім беру педагогтары: 
- қосымша білім беру бағдарламаларын музей, музыка, би, креативті, 
театралды терапия элементтері көмегімен, дефектолог-мұғалім мен педагог-
психологтың ұсыныстарын ескере отырып, іске асырады; 
- міндетті түрде психологиялық талдау жұмысына, проективті материал 
ретінде, балалардың шығармашылық еңбектерін ұсынады. 
Медициналық бике: 

балабақшадағы 
(мектептегі) 
санитарлық-эпидемиялық 
тәртіпті 
қадағалайды; 
- күн тәртібін, балалардың тамағын, ертеңгілік гимнастиканың дұрыс 
өткізілуін, дене шынықтыру сабақтарымен серуендердің өткізілуін 
қадағалайды; 
- балалардың шынықтыру іс-шараларын өткізеді және сауықтыру іс-
шараларының ұйымдастырылуына қатысады; 
- ауырып қалған балаларды күнде есепке алады, ауырып қалғандарын 
басқалардан шеттейді; 
- балаларды дәрігерлік тексерістерге дайындайды және өзі де оларға 
қатысады: салмақ өлшейді, балалардың антропометриялық өлшемдерін 
жасайды, алдын-алу егулерін жүргізеді, дәрігердің ұсыныстарын орындайды; 
- жүзу сабағының алдында балаларды тексереді, балалардың денсаулық күйі 
нашар немесе әлсіз болғанда сабаққа қатыстырмайды, сабақ өту барысында 
балалардың күйін бақылайды; 
- бассейннің барлық бөлмелерінің және құрал-жабдықтарының санитарлық 
күйін қадағалайды; 
- пәнаралық консилиумның шешімі және дәрігердің ұсынысы бойынша 
массаж жасайды; 
- баланың даму деңгейін анықтайды; 
- даму бағдарламасын құрастырады; 
- күнделікті ас мәзірін құрастырып, тамақтың сапасын қадағалайды, дайын 
тағамдарды тексеріп, санитарлық-эпидемиялық қызметтің талаптарына сай 
сақтауға жібереді, топтардың тамақты кестеге сай алуын қадағалайды, 
тамақтанудың ұйымдастырылуын тексеру үшін күнделікті топтарды аралап 
шығады. 
Мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті мекемеге оқуға дайындауға 
көмек беруге түрлі бағытта жұмыс атқаратын мамандар қосылуы мүмкін 
(невропатолог, психиатр, кинезотерапевт және т.б.). 


Ф-ӘД-001/046 
Инклюзивті білім беру бағдарламасын тиімді басқару мақсатында 
ұйымдастырушылық-функционалдық құрылым жасалды: 
1. Білім беру мекемесінде инклюзивті білім беруді ұйымдастырып енгізу 
бойынша шығармашылық проблемалық топ құрылды. 
2. Мұғалімдер үшін даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру 
курстары жоспарланды.
3. Эксперименталдық топ жинақтау бойынша жұмыс ұйымдастырылды. 
4. Жаңа әдістемелік және оқу әдебиеттерін сатып алу жоспарланды. 
Модельді жүзеге асыруға қатысатын барлық тарап іс-әрекеттерін 
тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында проблемалық топ құрылды,
бұның құрамына: мектеп директоры, мектептегі инклюзивті білім беруді 
үйлестіретін директор орынбасары, бастауыш сынып мұғалімі, педагог-
психолог, медбике кіреді. 
Кеңес 
жұмысының
ұйымдастырушылық 
және 
аналитикалық 
қамтамасыз етілуін инклюзивті білім беруді үйлестіретін мектеп 
директорының орынбасары жүзеге асырады. Проблемалық топ құрамын 
мектеп директоры бекітеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет