Ф-ӘД-001/046 Педагог-психолог іс-әрекетінің бағыттары: -
тәрбиеленушілердің
психикалық,
соматикалық
және
әлеуметтік
қалыптылығын сақтайды;
- нақты мәселелерді шешуде балаларға, ата-аналарға және педагогикалық
ұжымға көмек береді;
- психологиялық анықтау жұмысын жүргізеді;
- тәрбиеленушілердің дамуындағы ерекшеліктерді (ақыл-ой, физикалық,
эмоционалдық) анықтайды;
- ата-аналар мен педагогтарға кеңес береді;
- әлеуметтік дамудағы бұзылыстарды анықтайды және психологиялық-
педагогикалық түзету жүргізеді;
- педагогикалық қызметкерлер, балалар және олардың ата-аналарының
психологиялық мәдениетін қалыптастырады;
- пәнаралық топтың мүшесінің міндеттерін орындайды және жеке даму
бағдарламаларын құрастыру мен іске асыруға қатысады;
- топпен жұмыс жасауға бағытталған бағдарламаларды анықтау, жоспарлау,
құрастыру және іске асыруға қатысады;
- өз жұмысында арттерапия, ойын терапиясы және т.б. қолданады.
Әлеуметтік педагогтың жұмысы. Тәрбиеленушілердің және олардың отбасының әлеуметтік жайлылығын
қамтуға бағытталған. Әлеуметтік педагог:
- білім беру мекемесі мен тәрбиеленушінің отбасымен өзара байланысты
жүзеге асырады;
- тәрбиеленушілерді зерттеуге және жеке даму бағдарламаларын құрастыруға
қатысады;
- баланы отбасында тәрбиелеу мен адекватты әлеуметтік әрекеттерді
қалыптастыру сұрақтары бойынша ата-аналарға кеңес береді;
- баланы отбасында тәрбиелеу мен дамытудағы әлеуметтік жағдайларды
зерттейді;
-
педагогтар,
әлеуметтік
қорғау
қызметтерінің
мамандарымен,
тәрбиеленушілерге әлеуметтік көмек көрсету сұрақтары бойынша
қайырымдылық мекемелерімен өзара байланысты болады;
- топ тәрбиеленушілерін әлеуметтік қорғау іс-шараларын іске асырады;
- тәрбиеленушілердің қызығушылықтарын, қажеттіліктерін, қиындықтарын,
іс-әрекеттернідегі ауытқушылықтарды анықтап, дер кезінде оларға
әлеуметтік көмек көрсетеді.
Мұғалім (педагог-тәрбиеші): - тапсырылған балалардың өміріне және денсаулығына жауап береді;
- балалардың жас ерекшеліктеріне сай сабақтар, ойындар, серуендер, бос
уақытты ұйымдастыруды жоспарлап, өткізеді;
- типтік білім беру бағдарламасын нәтижелі іске асыру үшін топта (сыныпта)
жағдай жасайды:
- музыка, дене шынықтыру мұғалімдерімен бірігіп мерекелер, сауықтыру
және спорттық сабақтар дайындайды;