Лекция тезистері Синтаксис туралы түсінік


Бір негізді және екі негізді сөйлемдер



бет32/66
Дата25.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#127912
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   66
Байланысты:
367983 3

Бір негізді және екі негізді сөйлемдер

  • Құрамында екі бас мүше де (бастауыш пен баяндауыш) бар сөйлем түрі екі негізді сөйлем деп аталады. Мысалы: Судың тасуын өзен бойындағы ел ылғи күтіп тұрады (Мұстафин).

  • Ал бастауыш пен баяндауыш құрылымды емес, сөйлемде бір ғана бас мүше бар сөйлем бір негізді деп танылады. Мысалы: Бұл судан балық аулауға болмайды. Сөйлемнің бір негізді немесе екі негізді болуы, олардың синтаксистік құрылымына байланысты болғандықтан да, оларды ажырататын меже ретінде предикативтік белгіні ғана алу заңды құбылыс болып табылады.

  • Коммуникативтік аспект тұрғысынан ең көп қолданылатыны – екі негізді жай сөйлем түрі. Олар баяндауышының қай сөз табынан жасалуына қарай есімді және етістікті болып бөлінеді. Мысалы: Айналамыздың бәрінде уыз мұнар кілкиді. Далада да, үйде де мүлгіген тыныштық. Түнімен диірмен тартып шыққандай киімдері аппақ шаң (Исабеков).

  • Екі негізді сөйлемдер тұрлаусыз мүшелермен қатынасына қарай жалаң және жайылма болып сипатталады: Күн ашылды. Бұлттар көше бастады. Осындай жалаң сөйлемнің құрамына кемінде бір тұрлаусыз мүше қосылса, онда ол жайылма екі негізді жай сөйлем болады: Аласапыран көктемнің кезі еді. Шай төмен жақтан келетін (Исабеков).

    Құрмалас сөйлемнің жалпы сипаттамасы


    1. Құрмалас сөйлем туралы түсінік

    2. Құрмалас сөйлем синтаксисінің зерттеу нысаны

    3. Құрмалас сөйлемнің қалыптасу, даму жолдары мен зерттелу тарихы

    4. Құрмалас сөйлемнің өзіндік айырым белгілері

    5. Құрмалас сөйлемнің түрлері

    Құрмалас сөйлем-сөйлемдердің құрылымдық бір түрі. Құрмалас сөйлем деп екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі бір ойды білдіретін сөйлемді айтады. “Құрмалас” деген атау қазақ тіл білімінде өткен ғасырдың 20-жылдардан бері қарай, А. Байтұрсынұлының 1925 жылы жарық көрген “Тіл құралы” атты оқулығынан бастап қолданылып келеді. Ол - “құра, құралу” деген етістіктер негізінде қалыптасқан туынды сөз. Бұл-тек тіл білімінде ғана қолданылатын лингвистикалық термин. Құрмалас сөйлем жалпы сөйлемнің құрылымдық бір түрі болғандықтан, оның синтаксис саласындағы орны да жалпы сөйлемдермен біртұтас болады. Ал жалпы сөйлем атаулының синтаксистегі орны, синтаксистің нысаны деген мәселе-грамматиканың негізгі, түйінді нысандарының бірі.


    Синтаксис ғылымының басқа да салалары сияқты құрмалас сөйлем синтаксисінің де зерттейтін өзіндік күрделі нысаны бар. Адам сөйлегенде бір-біріне байланыссыз жеке сөйлемдерді ғана айтпайды, оның сөйлеуі бір-біріне жалғасып, өзара ұштасып жататын сөйлемдер тізбегі түрінде болады. Тізбек құрамындағы сөйлемдердің бір-бірімен жалғасуында қалыптасқан мағыналық және құрылымдық заңдылықтар бар. Құрмалас сөйлем синтаксисінің міндеті-осы заңдылықты ашып айқындау, яғни жеке ойды білдіретін жай сөйлемдердің өзара ұласып, күрделі бір сөйлемге айналуы, сол арқылы бір ойды екінші ойға жалғастырып, күрделі бір ойды білдірудің жолдарын, амал-тәсілдерін зерттеу. Бұл жағынан алғанда, құрмалас сөйлем синтаксисінің жай сөйлем синтаксисінен елеулі өзгешелігі бар: жай сөйлем синтаксисі жеке ұғымды білдіретін сөздердің өзара тіркесіп, сөйлем болу жолдарын тексерсе, құрмалас сөйлем синтаксисі жеке ойды білдіретін сөйлемдердің бір-бірімен ұласып, құрмалас сөйлем болу жолдарын, құрмалас сөйлемнің өзіндік сипаттары мен түрлерін тексереді. Демек, бірінің зерттеу нысаны - ұғымдар тіркесі болса, екіншісінің нысаны - ойлар тіркесі, яғни сөйлемдер тіркесі. Құрмалас сөйлем синтаксисі жай сөйлемдердің өзара бірігіп, күрделі ойды білдіретін бір сөйлем, яғни құрмалас сөйлем болуын ғана зерттемейді, сонымен бірге бірнеше сөйлемдер тіркесінен құралатын синтаксистік күрделі бірлікті де қарастырады. Осы тұрғыдан алғанда құрмалас сөйлем синтаксисінің зерттеу нысанын құрмалас сөйлем және күрделі синтаксистік бірлік деп екі топқа болуге болады.
    Тілдік категориялардың басқа да түрлері сияқты құрмалас сөйлемдердің өзіне тән қалыптасу, даму жолы, тарихы бар. Тілдік категориялар ішінде ойды білдіретін бірден-бір көрсеткіш-сөйлем. Сондықтан да сөйлемге “біршама аяқталған ойды білдіреді” деп анықтама береміз. Сөйлем мен ой - бірі форма, екіншісі - соның мазмұны ретінде өзара тығыз байланыста, берік бірлікте болатын категориялар. Құрмалас сөйлем адамның ой өрісінің, дүние тануының кеңейіп, күрделі ойлардың туып, дамуына байланысты, сол ойдың көрсеткіші ретінде қалыптасып дамыған. Тіл дамуының қазіргі дәуірінде тілдерді, соның ішінде қазақ тілінде де құрмалас сөйлемдердің неше алуан күрделі түрлері кездеседі. Қазіргі әдеби тіліміздің барлық жанрында қолданылатын құрмалас сөйлемнің қалыптасып дамуы бір күннің жемісі емес. Бұл жөнінде
    Т.Қордабаев: “Көрнекті ғалымдардың айтуына қарағанда, тіл дамуының көнерек заманында сөйлем құрамындағы сөздерді, сол сияқты жай сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыратын қазіргі дәнекерлер, тәсілдер болмаған. Ол уақыттағы сөздер, сөйлемдер арасында қазіргі тіліміздей бірі екіншісіне меңгеріліп, жетектеліп бірі екіншісін меңгеріп, жетектеп, өзіне тәуелді етіп тұру сияқты байланысу тәсілдерінің анағұрлым берік түрлері болмаған. Сөздер, сөйлемдер байланысындағы бұл тәсіл олардың тұрған орындарына мағына желілерінің жақындықтарына қарай бір-бірімен қабыса, іргелесе байланысу тәсілі болған. Сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің бір-бірімен арақатынасы тығыз, берік болмағандықтан, оларда дербестік, бір-біріне тәуелсіздік күшті болған” – дейді.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   66




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет