Лекция тезистері Синтаксис туралы түсінік



бет31/66
Дата25.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#127912
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   66
Байланысты:
367983 3

Атаулы сөйлем
Грамматикалық құрылымы жағынан жай сөйлемнің ерекше түрі – атаулы сөйлем. Сөйлемнің өзге түрлерінен ерекшелігі – құбылысты, болмысты, белгілі бір заттың ісін, сынын баяндамай, солардың өзін ғана атап қояды. Бірақ атаулы сөйлемге қандай сөйлемдер жататындығы жөнінде ғалымдар арасында пікір алшақтығы жоқ емес. Орыс тіл білімінде атаулы сөйлем жөнінде 2 түрлі көзқарас бар: біріншісінде атаулы сөйлемге газет, журнал аттарын және мекеменің маңдайшасында жазылған атауларды, мақаланың бас тақырыбын жатқызады. Екіншісі – бұл аталғандары атаулы сөйлем емес, тек зат атаулары ғана деп есептейді.
Профессор Н. Дмитриевтің пікірінше, тақырып жазылып одан соң оның мазмұны берілген жағдайда ғана ол атаулы сөйлем болады. Атаулы сөйлем болу үшін сол арқылы тек аталып көрсетілген құбылыс болмысты әрі қарай баяндайтын, мазмұнын ашатындай басқа сөйлемдер немесе контекст болу керек.
Мағынасына қарай атаулы сөйлемді бірнеше топқа бөлуге болады.

  1. Мекен атаулы сөйлем. Оған жалпы және жалқы есімді мекен атаулары жатады. Тоғай, Егін. Шалғын. Жабағыдай ұйысқан қалың көктен машинаның кейде жоны ғана көрінеді.

  2. Мезгіл атаулы сөйлем. Мезгіл мағынасын білдіретін атаулары жатады. 1999 жыл. Қыркүйек айы. Сабақ басталған кез. Алматы көшесі.

  3. Зат атаулы сөйлем а) табиғат құбылысының атаулары. Қуаңшылық. Ыстық.

ә) Үй жиһазы, оқиғаға байланысты басқа да заттар, адамдар атауы. Бөлме іші. Ортада стол. Оның үстінде шашылған қағаздар.
б) Кітап-журнал сыртына жазылған атаулар. Газет аттары, бас тақырыптары мен тақырыпшалар, хабарландыру, сілтеме, кітап, журнал, газет атаулары. Ә. Абілқаев бұған сан атаулы сөйлемді қосады. Ол тілде сирек кездеседі.

                  1. Жай сөйлемдер құрылымдық ерекшелігіне қарай екі негізді сөйлем және бір негізді сөйлем болып бөлінеді. Құрылымында екі негізгі мүше – бастауыш, баяндауыш мүше болып, сөйлем соларды тірек етіп құрылған сөйлем екі негізді сөйлем деп аталады. Мысалы: Мұндайда ол өзінен-өзі қатты ашуланып жүреді (Исабеков).

                  2. Сөйлемдерде бір-ақ негізгі мүше болып, құрылым сол мүшені ғана тірек етіп құрылған болса, олар бір негізді сөйлем болып танылады. Тыныштық. Оны бұзуға болмайды. Бір негізді сөйлемдер грамматикалық сипаты жағынан екі түрлі болады. Бір түрі арнаулы құрылысы бар баяндауыш мүшені тірек етіп құрылады. Сақтық жасамаса болмайды. Екінші түрі бастауыш деп те, баяндауыш деп те тануға келмейтін тірек мүше деп аталатын компонентті негіз етіп құрылады. Мидай дала. Жарқыраған ай.




                  3. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет