Лекция тезистері Синтаксис туралы түсінік


Жалғаулықты және жалғаулықсыз құрмалас сөйлемдер



бет34/66
Дата25.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#127912
түріЛекция
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   66
Байланысты:
367983 3

Жалғаулықты және жалғаулықсыз құрмалас сөйлемдер

  1. Жалғаулықты және жалғаулықсыз құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлері

  2. Жалғаулықты мезгілдес салалас сөйлемдер

  3. Жалғаулықсыз мезгілдес салалас

Құрмалас сөйлем мен жай сөйлемнің ортақ жақтары да, өзіндік ерекше сапа қасиеттері де бар. Қызметі жағынан алғанда, құрмалас сөйлем де, жай сөйлем де сөйленіс бірлігіне жатады. Қарым-қатынас үдерісінде, сөйленіс кезінде ол екеуі де бірдей қатысымдық қызметте жұмсалады. Олардың әрқайсысы интонациялық тиянақтылыққа, мағыналық аяқталғандыққа ие.


Ең алдымен, құрмалас сөйлем мен жай сөйлем бір-бірінен құрылыс жағынан ерекшеленеді. Жай сөйлем бір ғана предикативтік бірлікке ие болса, құрмалас сөйлем екі не одан да көп предикативтік бірлікке ие. Мысалы: Ушаков үйінде болмай, Бұланбай қайтып кетті (Мүсірепов). Кеше күні бойғы әңгімеде Абай өз әкесі туралы үлкен кісілердің аузынан ең алғаш сын сөздерін есітті (Әуезов). Алғашқы сөйлем екі предикативтік орталығы бар құрмалас сөйлем болса, екінші сөйлем соншама көп сөзден жасалғанымен, онда бір ғана пердикативтік орталық бар, сондықтан ол жай сөйлем болады.
Екіншіден, құрмалас сөйлем оны құраушы бірліктердің сипаты жағынан ерекшеленеді. Жай сөйлемнің компоненттері сөз тұлғалары мен сөз тіркестері болса, құрмалас сөйлемнің компоненттері предикативтік бірліктерден тұрады.
Үшіншіден, құрмалас сөйлем мен жай сөйлемнің білдіретін грамматикалық мағыналары бір емес. Жай сөйлемнің грамматикалық мағынасы – модальдық, жақтық, шақтық категориялар арқылы берілетін предикативтік мағына болса, құрмалас сөйлем бөліктері арасынан нақты мағыналық қатынастар туындайды: мезгілдік, себеп-салдарлық, шарттылық, қарсылықты т.б. Осылар құрмалас сөйлемнің грамматикалық мағыналарын құрайды. Демек, құрмалас сөйлем оқиғалардың арасындағы қарым-қатынасты білдіруге қызмет етеді, сол үшін пайда болған. Мысалы: Көктем келді. Жерде әлі қар бар. Құстар ұшып келе бастады. Көктем келгендіктен, жерде әлі қар бар болса да, құстар ұшып келе бастады.
Төртіншіден, құрмалас сөйлемнің өзіндік интонациясы болады. Құрмалас сөйлем компоненттері арасында интонациялық кідіріс болатыны белгілі. Бірақ ол интонациялық кідіріс сөйлемді жеке синтаксистік тұлға бірліктерге айырып, олардың әрқайсысын тиянақтап тұрмайды, ол предикативтік сыңарларын бір-бірімен байланысытырып, құрмалас сөйлемге тән мағыналық-құрылымдық тұтастықты, сол арқылы ой бірлігін қамтамасыз етіп тұрады. Сондықтан құрмалас сөйлем компоненттерінің арасындағы интонацияны ажыратушы емес, жалғастырушы, ұластырушы интонация деуге болады. Ол интонация құрмалас сөйлем компоненттерін әрі ажыратып, әрі байланыстырып, екі жақты қызмет атқарып тұрады.
Бесіншіден, құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстыратын лексикалық-семантикалық, грамматикалық амал-тәсілдер болады. Қазақ тілінде олардың тұтас бір қалыптасқан жүйесі бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет