Мақалалар, баяндамалар жинағы



жүктеу 4.98 Mb.

бет21/45
Дата22.12.2016
өлшемі4.98 Mb.
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45

Ертеңін ойла еліңнің

–  Әбдуәли  Туғанбайұлы,  сізбен  әңгіме,  ең  алдымен,  тіл  туралы 

әңгіме болмаққа керек. Сол тіліміз мемлекеттік салмақ алғалы оның 

қам-қарекетінің де арта түскені даусыз.

– Ұлттың ұлт, елдің ел боп тұруы тілінің тіршілігіне байланысты 

екені  дәлелді  керек  етпейтін  аксиома.  Солай  екеніне  қарамастан, 

тіліміздің  мерейін  көтеру  қарсаңында  аксиоманың  өзін  дәлелдеуге 

тура келді ғой... Жаратылыс өзі заңдастырған болмысты қағаз жүзінде 

бейнелеу мұнша қиын болар ма?! Шүкір, түбі қайыр, әйтеуір шешуші 

қадам  жасалды.  Дегенмен  көпшілігіміз  осы  қуаныштың  әсерінен  әлі 

айыға  алмай  жүрген  сияқтымыз.  Ана  тілімізге  мемлекеттік  мәртебе 

беру арқылы мойнымызға өлшеусіз міндет жүктегенімізді ұмытпасақ 

деймін. Өйткені, ананың ақ сүтін оны Меккеге үш рет арқалап апарсаң 

да  ақтай  алмайтының  сияқты,  тіл  мерейін  қандай  алтын  әріптермен 

жазсаң да, оның өмірлік тынысын ашпайынша, межелі биігіне жеткізу 

қиын.  «Қазақ  тілі»  қоғамын  құрудағы  мақсатымыздың  өзі  осыдан 

туындаған еді.



– Реті келіп қалған екен, қоғамның қазіргі қызметі жөнінде айта 

кетсеңіз.

–  Қоғам  тіл  заңын  жүзеге  асыруда  ең  әрекетшіл  ұйым  болып 

отыр.  Жинақтай  айтсақ,  бүгінгі  таңда  17  облыста,  200-ден  астам 

ауданда, 50 қалада тиісті дәрежеде ұйымдар құрылып, жұмыс істеуде. 

Республикалық қоғам мұратымен қатар олар жергілікті ерекшеліктер 

ескерілген бағдарламаларын жасаған. Бәрінің де құрылтай жиналыстары 

өткізіліп, басқармасы сайланғанынан жұртшылық құлағдар болар.

Қазақстанда  қазір  тікелей  іс  басында  жүрген,  туындаған 

проблемалар  шешуге  қауқары  жететін  10  мың  активист-белсенді 

аталған қоғамға мүше. Республика бойынша құрылған 3 мың бастауыш 

ұйымның бүгінгі күнге 1 миллион мүшесі бар. Демек, бұл – жарымжан 

халге  түскен  тілімізді  құрып  кету  қаупінен  сақтандыратын,  оның  өз 

Отанында  баян  тауып,  бағы  ашылуына  жәрдемдесетін  қуатты  жасақ 

құрылды,  ізгілік  тамыр  тартып,  күрескер  рух  бой  көтерді  деген  сөз. 

Жалпы қазір не көп, ресми бейрәсім құрылған ұйымдар мен қоғамдар 

көп екенін байыптасақ, солардың бірде-бірінің құрамы сан жағынан да, 



223

сапалық  тұрғыдан  да  дәл  «Қазақ  тілі»  қоғамының  деңгейіне  жеткен 

емес. Мүшесі миллионмен өлшенетін мұндай қоғамның бұрын-соңды 

болып көрмеуінің өзі мерей емес пе?!



–  Сіз  жуырда  шет  елдердегі  отандастармен  мәдени  байланыс 

жөніндегі  Қазақ  қоғамынан  Қазақ  ССР-інің  халық  депутаттығына 

кандидат  болып  тіркелдіңіз.  Мұның  өзі  қиыр  жайлап,  шет  қойған 

отандастарымызбен  қарым-қатынас  жайы  қоғам  тарапынан 

жандана түсер деген үміт ұялатады.

–  Әлбетте,  солай  болуы  керек.  Депутат  болып  сайланайын-

сайланбайын  тіл  тағдыры  үшін  басын  бәйгеге  тіккен  жандардың  бірі 

менмін.  Ал  шет  елдерде  атақонысына  елеңдеп,  күнде  мойнын  созып 

жүрген  үш  жарым  миллион  бауырлар  тағдырын  бүйрек  қалдырып, 

туған  тілімнің  ұпайын  түгендеймін  деу  бос  әурешілік.  «Ала  қойды 

бөле қырыққан жүнге жарымайды». Бөлінгенді бауырға тарту – парыз. 

Айтпақшы,  қоғамның  устав-жарғысында  бұл  мәселенің  басы  ашып 

көрсетілген.

– Жасалып жатқан істерді нақтылай кетсеңіз.

–  Тіл  дегеніміз  –  тірі  организм  деп  мектеп  қабырғасынан  айтып 

келеміз. Бірақ тірінің жағдайы болса өсуге, жағдайы болмаса өшуге бейім 

келетіні  және  бар.  Мәселен,  тіліміздің  қазіргі  халін  мен  жас  шыбыққа 

теңедім.  Құнарлы  топыраққа  сәтімен  тамыр  тартқан  өскін  ғана  бой 

көтеруге  бейім  болмай  ма?  Қазақ  тілі  қоғамының  жер-жерде  құрылып 

жатқан бастауыш буындары тіл бәйтерегінің енді ғана қуат ала бастаған 

тамырлары секілді. Сол «тамырлар» шет жұрттағы қазақтар қауымына 

да арқау тартса, ортақ іс ілгері басар еді. Бүгінде Өзбекстанда, Омбыда 

қоғамдар  құрылды.  Моңғолияда  «Тіл-әдебиет  қоғамы»  дүниеге  келді. 

Мұндай  тіл  қоғамы  жуырда қазақ жұрты біршама шоғырланған Қытай, 

Түркиямен қатар бес жүз түтін мұғдарында туыстарымыз тұратын ФРГ-да 

да құрылмақшы. Алыстағы ағайынмен араластың бір аспалы көпірі осылай 

тартылса,  тағы  бір  шарасы  –  ана  тілінде  жазылған  оқулықтар,  шыққан 

газет-журналдар жіберу, басқа да мәдени шаралар алмасу болып табылады.

–  Қоғам  мақсатнамасында  халық  санасын  ояту  басты  мұрат 

ретінде көрсетілген. Ахмет Байтұрсыновтың «Масасы» мен Міржақып 

Дулатовтың «Оян, қазағы» бүгінде көкейкесті екеніне таңданбауға бола 

ма?  Мына  буырқанған  ғасырға  елең  етпестен  «айранын  ұрттап,  қойын 

құрттап»  бүкіл  дүние  жүзі  қазақтың  ғана  қамы  үшін  қарекет  етіп 

жатқандай қаперсіз жүрген қандастар мен алаңсыз жатқан ауылдар да 

аз емес.


224

– Тіл қоғамы бұл мәселені үнемі назарда ұстап келеді. Жуырда ғана 

қоғам қасынан «Тіл өнері» атты халық университеті құрылды. «Ана тілі» 

газетінің алғашқы сандары жарық көрді. Бір тіл мәселесі ғана емес, салт-

дәстүріміз,  мәдениет-тарихымыз,  этика-этнографиямыз,  ар-иман,  обал-

сауабымыз секілді сан қырлы проблемаларды қозғауы тұрғысынан бұл бір 

кезде данышпан Ахаң шығарған «Қазақ» газетінің тікелей жалғасы, заңды 

мұрагері болса дейміз.

Қоғамға  жуырда  үй  беріледі.  Онда  салт-дәстүрімізді  насихаттайтын 

бейне  студия  жұмыс  жасайды.  Қазақ  тілін  үйренем,  ілеспе  аударманың 

маманы болам деушілерге қол ұшын беретін «Ғақлия» методикалық оқу 

орталығын  ұйымдастырдық.  Көптеген  қажетті  құралдарды  «Желмая» 

кооперативі жасап беруде. Осы тірліктерді бір арнаға түсіру халық санасын 

оятуға жәрдемдеседі деген үміттеміз.



– Тіліміз қоғам өміріне бойлай ену үшін ең бірінші кезекте не істеу 

керек?

– Біріншіден, «бесігіңді түзе» деп Мұхаң айтқандай, тіл тәрбиесін от 

басы – бала бақша, мектеп аясында жедел қолға алған жөн. Қазір жылына 

200 мың қазақ баласы орыс мектебіндегі парталарда отырып жүр. Алматы 

бала  бақшаларындағы  18  мың  қазақ  бүлдіршіндерінің  12  мыңын  ата-

аналары туған тілде тәрбиелейтін топқа ауыстырғысы келмейді. 

Екіншіден, ана тілін білмейтін, не шала білетін бауырларымыз жалпы 

жұртымыздың  40  процентін  құрайтынын  естен  шығаруға  болмайды. 

Бұлардың  дені  негізінен  қала  жастары.  Оларға  үдірейе  қарап,  сыртқа 

тебуден келер пайда жоқ. Соңғы санақ бойынша халқымыздың 80 проценті 

25-ке дейінгі жастар екенін ескерсек, әлгі 40 процентпен, жалпы жастармен 

жүргізілер  тәрбие  жұмыстарының  шешуші  маңызы  болатынын  түсіну 

қиын емес.

Үшіншіден,  әдеби  тілмен  қатар  ғылым,  өнер,  техника  тілін 

дамыту қажет. Бүгінге дейін Қазақстанда ғылыми жұмыстар жазу мен 

қорғаудың 90 проценті орыс тілінде орындалып келді. Тіл толыққанды 

қызмет  атқару  үшін  қоғамдық  өмірдің  басты-басты  50  саласында 

қолданылуы керек екен. Ал біз бүгінге дейін 10 саланы қамтуды қанағат 

етіп келдік. Орыс жұрты ХVІІ ғасырға дейін ғылымы мен өнерін неміс, 

француз  тілінде,  ал  Жапония  екінші  дүниежүзілік  соғысқа  дейін 

ағылшын тілінде дамытып келгенін, бұлардың да ана тілдеріне қайтып 

оралғанына көп уақыт болмағанын ойлағанда, В.И.Лениннің 55 томын 

сөйлеткен қазақ тілінен көп үміт күтуге неге болмасқа?

–Егер депутат бола қалсаңыз...


225

–  Депутаттық  маған  шешілмей  жатқан  түйіні  көп  тіліміздің 

көкейкесті  проблемаларын  парламенттік  деңгейде  қозғауға,  шешуге 

жәрдемдесер  еді.  Әйтпесе,  атқа  мінуге  әуес  жастан  өтіп  кеткеніміз 

шындық  қой.  Осы  орайда  Украинаның  «Рух»  қоғамына  20–30, 

Өзбекстанның «Бірлік», «Тіл қоғамына» 18 депутаттық мандат бөлінгені 

еске түседі. Рухани мұра мен тіл қазынасына қамқорлықтың шынайы 

үлгісі  оларда  осылай  бейне  тапқан.  Ал  бізде...  Мандатты  қалтада  бос 

өлтірмей, халық қажетіне жарата алар нағыз қалаулыларға ұсынғанға 

не жетсін.



– Осы ғұмырыңызда тағдырыңызға шүкіршілік етер бетбұрысты 

сәттер сан рет болған шығар. Соның ең бастысына тоқталсаңыз.

–  Өмір  маған  халқымның  тағдырлы  мезетімен  орайластырар 

таңдауды екі мәрте ұсынды. Оның бірі – тоғызыншы класс оқып жүріп 

өз ықтиярыммен Отан қорғауға аттануым. 1942 жылы майданға ендім. 

Соғысты үш орден және офицерлік шенмен бозбала күйімде аяқтадым.

Екіншісі – ана тілімнің болашағына деген сенімім ең қиын сәтте 

де  сетінемепті.  Пешенеме  тіл  тағдыры  безбенге  түскен  сәтте  соның 

абыройлы да айқасқа толы төрінен табылу жазылған екен. Сол үшін де 

бақыттымын.  Осы  екі  таңдау  менің  азаматтық  болмысымның  алтын 

арқауы дер едім.



«Социалистік Қазақстан», 1990. 27 сәуір. 

(Сұхбаттасқан А.Бөкенов)

Тіл тағдырын шеше аласың ба, құрылтай?

Бізге сиам егізінің қажеті жоқ

-  Осы  сұхбатымыз  жарияланған  газет  саны  оқырман  қолына 

тигенде  Халықаралық  «Қазақ  тілі»  қоғамының  кезекті  Құрылтайы 

да ашылды. Осы Құрылтайда сіздер қандай мәселені шешуді, қандай 

талап қоюды діттеп отырсыздар?

- Қазақ тілі» қоғамы осыдан он бес жылдай бұрын құрылғанда, оның 

ең әуелгі міндеті қазақтың ана тіліне деген санасын ояту еді. Қоғам осы 

мақсат үдесінен шыққан сияқты. Қоғамның келесі алға қойғаны тілімізге 

мемлекеттік  мәртебе  алып  беруге  атсалысу  болатын.  Ол  да  ойдағыдай 

шешілді.


Бірақ «Қазақ тілі» қоғамының алдында айтыс-тартыспен мемлекеттік 

мәртебе алған қазақ тілін шын мәніндегі мемлекеттік тіл дәрежесіне жеткізу 

міндеті болған емес. Рас, оны дамытуға ықпал етіп, жәрдемдесуді діттеген 

едік.


226

Енді  алдымызда  тілімізді  мемлекеттің  нағыз  қолданыс  тіліне 

айналдырудың жалғыз жолы тұр. Ол бұл жөнінде мемлекет тарапынан 

жасалған  салмақты  саяси  шешім  арқылы  жүзеге  асады.  Бұл  әлгі  мен 

айтқан  екі  міндеттің  орындалуынан  кейінгі  үшінші  баспалдақ.  Оған 

көзіміз жетіп отыр. Бұл «Мемлекеттік тіл – қазақ тілін Қазақстан азаматы 

ұлтына  қарамай  білуге  міндетті»  деген  шешім  болуы  тиіс.  Қадыр 

ақынның:  «Басқа  тілдің  бәрін  біл,  Өз  тіліңді  құрметте,  -  дегеніндей 

емес, ендігі біздің ұстаным «Басқа тілді құрметте, қазақ тілін міндетті 

түрде біл» болуы тиіс. Демек, кез-келген Қазақстан азаматы мемлекеттік 

тілді  мойындайтындай,  оны  еріксіз  үйренетіндей  қажеттілік  тудыру 

керек.  Мемлекеттік  қызметке  міндетті  қазақ  тілінде  сөйлей  алатын, 

сауатты жаза алатын адам тартылғаны абзал. Осыны ертеңгі Құрылтайда 

ашық  айтпасақ  болмайды.  Әрине,  бұл  жаңалық  емес.  Әркім  де  айтып 

жүр.  Бұл  осы  елді  мекен  еткен  ежелгі  халықтың  тілегі.  Енді  ол  үлкен 

мінбелерде, Үкімет адамдары қатысқан Құрылтайда айтылғаны дұрыс.

Біз  Ресейге  қарап  үйренген  мемлекетпіз  ғой.  Ол  жақта  орыс  тілін 

білмеген адам жұмыс істей алмайды. Күнін де көре алмайды. Президент 

В.Путиннің  Жарлығы  бойынша,  мемлекеттік  қызметтен  дәмелі  адам 

орыс тілін білуі қатаң ескерілген. Міндетті түрде. Ресейде де бірыңғай 

орыстар  тұрмайды.  Солай  болса  да  мәселені  мемлекет  тұрғысынан 

осылай шешкен. Ал бізде ше, біздің Конституциямызда да, «Тіл туралы» 

заңымызда  да  ресми  тіл  деген  мемлекеттік  тілге  сиам  егіздері  сияқты 

жабысып жүр.



-  Қысқасы,  осы  Құрылтайда  осы  сиам  егізіндей  жабысқан  ресми 

тілді  сылып  алып  тастау  туралы  мемлекет  атынан  салмақты  саяси 

шешім шығаруды талап ететін ұсыныс айтылады ғой.

-  Мұндай  талапты  қоятынымыз  сөзсіз.  Өйткені,  мұның  өзі  пісіп 

жетіліп  тұр.  Тәуелсіздігімізді  алған  жылдары  мұндай  талапты  қоя 

алмадық.


-  Осындай  талап  қоятын  болсаңыздар,  жоғарғы  жақ  қалай 

қабылдар екен? 

-  Қалай  қабылдайтынын  білмеймін.  Бірақ,  қоюын  қоямыз. 

Жоғарыдағы  ақылды  адамдар  бұл  талабымызды  тыңдай  ма,  тыңдамай 

оны  өздерінің  азаматтық  ары  білер.  Үкіметтің  өзі  осындай  әрекет 

жасағысы келетін сияқты, бірақ батылы жетпей, әлде жолын үйлестіре 

алмай  жатқан  болар.  Бізге  түрік  Мехмет  Бейдің  шығарған  қаулысы 

сияқты қаулы керек. Бұл қаулы түрікше жазылған, әрбір түрік отбасының 

төрінде ілулі тұр. Онда былай деп жазылған: «Бүгіннен бастап үйде де, 



227

аулада да, мәжілісте де, сайранда да, далада – барлық жерде тек түрік 

тілінде сөйлейік».

Түркия  нағыз  көпұлтты  мемлекеттердің  бірі.  Осы  қаулыдан  кейін 

олар  жыл  сайын  тіл  мерекесін  өткізеді.  Біздікі  сияқты  тілдер  мерекесі 

емес.


Мемлекет  тілімізге  қағаз  жүзінде  болса  да  мемлекеттік  мәртебе 

әперіп  үлкен  ерлік  жасады.  Егер  ол  болмағанда  әлгіндей  талапты  қою 

мүмкін болмас еді. Біз халықтың атынан қоғам мінбесінде осыны айтуға 

мәжбүрміз.



- «Қазақ тілі» қоғамы қағаз жүзінде ғана өмір сүруде деген пікірге 

не айтар едіңіз?

- Қоғамның барын Құрылтайға келгендер өз көздерімен көре жатар. 

Ал,  айтылған  пікір  айтыла  берсін.  Қоғам  қазір  өз  бағдарымен  жұмыс 

істеп  жатыр.  Егер  Үкімет  тарапынан  қаржы  бөлінсе,  жұмыс  жандана 

түсер  еді.  Облыстарда  бөлімшелеріміз  бар.  Онда  тек  тілдің  нағыз 

жанашырлары  жұмыс  істеп  жүр.  Рас,  өз  пайдасы  үшін  қоғамға  төраға 

болғысы келетіндер де кездеседі.

-  Қазір  қоғамның  кемшілігін  айтатын  кез  емес,  басқа  мәселені 

қозғауымыз керек қой. Кезінде «Қазақ тілі» қоғамына марқұм Өзбекәлі 

Жәнібеков  көп  көмектесті.  Қазір  жоғарғы  құрамда  осы  қоғамды 

қолдайтын кісілер бар ма?

-  Иманғали  Тасмағамбетов  бар.  Ол  бұрынғы  қызметінде жүргенде 

мемлекетгік тіл мәселесін қозғап, облыстарда тіл басқармаларын ашуды 

қозғап еді. Соның арқасында бірқатар облыстарда басқармалар ашылды 

да.

Бірақ Иманғали басқа қызметке кетті де бұл әңгіме басылыңқырап 



қалды.

Төрт  облыстың іс-қағаздарын қазақшалау  мәселесіне де араласқан 

осы Иманғали. Дегенмен сол облыстарда әлі де көзбояушылық бар, тіл 

мәселесінің орындалып жатқаны шамалы.



-  Мына  Қызылорда  облысы  мемлекеттік  тілге  көшкен  соң 

әкімдіктегі  жиналыстар  қазақ  тілінде  өтетін  болыпты.  Соған 

жергілікті  орыстілді  журналистер  «ақпарат  алу  қиындап  кетті» 

деп  шу  шығарды.  Оны  сөз  бостандығын  қорғайтын  «Әділ  сөз»  қоры 

заңсыз деп тауып отыр. Төрт облысты қазақшалау туралы қаулы мен 

«Тіл  туралы»  заң  екеуі  екі  жаққа  тартып  тұр.  Сондықтан  ертеңгі 

Құрылтайда «Тіл туралы» заңға өзгеріс енгізіп, толықтырулар жасау 

туралы айтыла ма?

228

 - Біздің талабымыз міне осыған байланысты. Өйткені, Конституцияда 

да, «Тіл туралы» заңда да осы екі тіл қоса қабат тұр. Бұл арада мемлекеттік 

тіл – қазақ тілі деп жазылуы керек. Жанында ресми тіл деген болмауы тиіс. 

Біздің талап осы. Егер осы заңға өзгеріс енгізе алмасақ, бәрі бос сөз болып 

шығады. Мұны біз міндетті түрде қозғаймыз.



 «Ана тілі», №46, 11.11.2004 ж. (Сұхбаттасқан Н. Саматұлы)

Екінші құрылтай

Қоғамның алдында көптеген проблемалар бар. Олар бүгін сөз болатын 

шығар. Мен  тек бір - екеуіне тоқталайын. Біздің балаларымыздың 30%-ы 

әлі орысша оқиды. Қазақтың 40%-ы, мен осыны анықтай кетейін, ана тілін 

білмейтіндер  мен  шала  білетіндер.  Бұл  –  олардың  кінәсі  емес,  халықтың 

қасіреті.

Біздің бір көкейкесті мәселелеріміздің бірі – Мемлекеттік тіл комитетін 

құру  деген  әңгіме.  Өйткені  заңды  шығардық,  мемлекеттік  тіл  мәртебесін 

бердік,  енді  осыны  іс  жүзіне  асыратын  мемлекеттік  мекеме,  орган  болуы 

керек сияқты. «Қазақ тілі» қоғамының көптен айтып жүрген мәселесі – осы.

Ұлттың  тұтастығы  –  тілдің  тұтастығы.  Осыған  орай  күн  тәртібіне 

қойылып отырған бір мәселе – он миллион қазақтың басын қосатын «Қазақ 

тілі» қоғамын халықаралық ұйымға айналдыру.

Осындай  міндеттердің  үдесінен  шығу  жолында  істеліп  жатқан 

жұмыстарда  кемшіліктеріміз  де  бар.  «Мен  ұрлық  қылған  түні  ай  жарық» 

дегендей, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге шыққан қалың жұрт бүгін нарық 

қиыншылықтарына тап келіп отыр.

Бүгінгі  келелі  мәжілісте  айтылар  негізгі  мәселе  –  ана  тіліміздің 

келешек  тағдыры.  Осыған  орай  мен  Конституция  жобасы  туралы  бір-

екі ауыз сөз айтқым келеді. Ондағы 8-баптағы әңгімелермен баршаңыз 

таныссыздар, сол туралы көптеген пікірлер айтылып жатыр. Әкімдердің 

өткен кеңесінде біздің құрметті Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы да өз 

пікірін айтты. Біздің көңілімізден шыққан үлкен бір тілек – «Қазақстан 

Республикасында қазақ тілі бірден-бір мемлекеттік тіл болады» дегенді 

шегелеп айтуы. Бұған дән ризамыз. Ал енді сол тілден басқаның бәрі еркін 

дамуы керек. Анау аға тіл, мынау іні тіл дегеннің өзі – кешегі заманның 

сөзі. Орыс тілі біздің рухани өмірімізде өзінің тарихи міндеттерін атқара 

береді. Дүние өзгерген, республикамыз тәуелсіз мемлекет атанған бүгінгі 

таңда кешегі түсініктерді тықпалай беруге болмайтын сияқты. Орыс тілі 

өзінің қызметін атқара беруі керек, бірақ ол мемлекеттік тілмен теңелуі 

мүмкін  емес  дер  едім.  Құрметті  Нұрсұлтан  Әбішұлының  бұл  үлкен 


229

мәселе жөніндегі пікірі біздің көңілімізге күдік ұялатады. Бүгінгі үлкен 

саясаттың негізі – республиканың өз ішіндегі халықтардың ынтымағы. 

Оны сақтау керек. Бірақ тіл саясатының өзі – бейбіт саясат. Осы мәселені 

бейбіт жолмен шешуге болатын сияқты. Менің өзімнің түсінігім бойынша, 

қарапайым халықтың барлығы да мемлекеттік тілдің қазақ тілі болғанын 

қолдайды, басқа тілдердің онымен қатар тұруға қақы жоқ екенін түсінеді. 

Тек ат төбеліндей біздің саясаткерлер ғана осы мәселені көңірсітіп, күн 

тәртібіне  қойып  отырғанын  біз  жақсы  білеміз.  Қай  уақытта  болмасын 

осыны бейбіт жолмен шешуіміз керек. Олай етпеген жағдайда, тайталас, 

текетіреске  салғанда,  мұның  нәтижесін,  қос  тілділік  мәселесінің, 

нәтижесін біз жақсы білеміз. Қарапайым сөзбен айтқанда, «Жапалақты 

таспен  ұрсаң  да  жапалақ  өледі,  жапалақпен  тасты  ұрсаң  да  жапалақ 

өледі». Біз әу бастан-ақ алдымызға қойған міндеттерді шешудің лайықты 

әдісін  таңдағанбыз.  Бізде  қазір  не  көп  –  қозғалыстар  көп,  партиялар 

көп.  Олардың  кейбірі  бізді  «Қазақ  тілі»  қоғамы  көшеге  шықпайды, 

саясаткер  емессіңдер,  аштық  жарияламайсыңдар  деп  кінәлайды.  Біз 

көптеген  мақсатымызға  бейбіт  жолмен,  үгіт-насихат  арқылы  жетеміз. 

Бұл жолымыздан танбаймыз, бүгінгі үлкен мәжілісімізді де қызбалыққа 

салынбай өткіземіз деп ойлаймын.

«Қазақ тілі» қоғамы өзінің үш жылдық тарихын атап өткелі отыр. 

Бұл да біз үшін тарих. Үш жылдың ішінде – үш ғасырға парапар оқиғалар 

болды. Бүгінгі құрылтайда мен қоғамымыздың құрылуына байланысты 

төрт-бес  шындықты  атағым  келеді.  Осы  қоғамның  президенті  ретінде 

оларға тоқталмасам, әділетсіздік болар еді.

Бірінші шындық: Мемлекеттік тілге бірден қолымыз жеткен жоқ. 

Үлкен  дау-дамаймен,  қоғамдағы  қызу  пікірталаспен  жеттік.  Үш  жыл 

бұрын  болған  оқиғаға,  мемлекеттік  тілді  қабылдауға  табандылық 

білдіріп,  үлкен  қамқорлық  жасаған  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев 

болатын. «Қазақ тілі» қоғамының өзіне тән үні болуы керек, халқының 

санасын ояту үшін, тіл тағылымын уағыздау үшін бізге үн керек деген 

мәселе қойдық. Осы мәселені шешкенде де Орталық комитет бюросында 

пәтиқасын беріп, қолын қойған Нұрсұлтан Әбішұлы болатын.

Екінші  шындық:  Кеше  Колбиннің  тұсында  біз  мемлекеттік 

қостілділік  деген  қағиданы  қабылдап,  осыған  қатты  кіріскен 

болатынбыз. Сонда партия-кеңес қызметкерлерінің көбі таразының осы 

жағында болды да, екінші басында халықтың бетке ұстар зиялы қауымы 

тұрды.  Осы  пікірді  Колбинге  жеткізген,  сол  бір  айырыққа  келгенде, 

тығырыққа тірелгенде бір себебін тигізген құжат бар. Бүкіл халықтан, 


230

жүздеген, мыңдаған адамнан келіп түскен хаттардың бәрін қорытып, 

халықтың  талабын  жеткізген  ол  құжаттың  көлемі  көп  те  емес,  екі-

ақ бет. Содан кейін барып қана Колбиннің беті бері қарай бастады. 

Ол  құжатқа  қол  қойған  сол  кездегі  Орталық  комитеттің  идеология 

бөлімінің меңгерушісі Жолдасбеков Мырзатай мырза.

Үшінші  шындық:  Біз  «Қазақ  тілі»  қоғамын  бірден  құра 

қойғанымыз  жоқ.  Сол  кездің  өзінде,  тоталитарлық  заманда  «Қазақ 

тілі»  қоғамын  қолдап  қуаттаған  адамдар  болды.  Оның  бірінші 

құрылтайын шақырып, қоғамды құруға белсене қатысқан бір адамды 

атағым келеді. Ол – Жәнібеков Өзбекәлі мырза.

Төртінші:  Қоғам  құрғаннан  кейін  біздің  басымызды  сұғатын 

жер болмады. Ашпаған есігіміз қалмады. Содан бір мекемеге барып 

жәрдем  алдық.  Агроөнеркәсіп  ғимаратынан  бізге  босатып  бірнеше 

бөлме берді. Сол бір қиыншылық уақытта бізге қол ұшын берген әлгі 

«Аштықта  жеген  құйқаның  дәмі  ауыздан  кетпейді»  дейді  ғой,  ол  – 

Тұрсынбаев Балташ деген мырза.

Бесінші:  «Қазақ  тілі»  қоғамының  Мәскеуде,  Петерборда 

ұйымдары  құрылып  жатыр.  Мәскеудегі  «Қазақ  тілі»  ұйымының 

мүшесі,  қазақ  халқының  мақтанышы  –  ғарышкер  ініміз  Тоқтар 

Әубәкіров  анау  аспан  әлеміне  ұшып,  бірінші  рет  қазақтың  тілінде 

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевпен сөйлесті. Қазақ тілін бірінші 

рет ғарыштан естірткен сол ініме рахмет!

Осы  бес  шындықты  айтуды  өзімнің  парызым  деп  едім.  Бұл 

әңгімелер  аталған  адамдардың  кешегі  лауазымы  мен  бүгінгі 

лауазымдарына  байланысты  емес.  Осыны  жақсы  түсінсеңіздер. 

Қазақта  мақал  бар:  «Жылқыда  да  жылқы  бар,  қазанаты  бір  басқа, 

жігітте де жігіт бар азаматы бір басқа» дейді.

Ал  енді  мынау  мақтап  кетті  деп  жүрмеңіздер,  мен  құрметті 

Президентіміз  Нұрсұлтан  Назарбаевқа  бір  базына  айтқым  келеді. 

Үш  ғасырға  пара-пар  оқиғалар  болды,  біздің  елімізді  бүкіл  жер 

жүзі  танып  жатыр.  Осыған  жар  қулағы  жастыққа  тимей  жұмыс 

істеп жүргенін жақсы білеміз. Қазақ тіліне сыртта қамқорлық жасап 

жүргенін  де  жақсы  білеміз.  Дей  тұрғанмен  кейбір  партияларды 

қабылдап, кейбір қозғалыстар өкілдерімен бес-он минут уақыт тауып 

сөйлесіп  жүргенін  де  естіп-біліп  жүрміз.  Осы  күнге  дейін  біз  әлі, 

Нұреке,  «Қазақ  тілі»  қоғамы,  қалың  қалай?»  деп  айтар  деп  күтіп 

жүр  едік.  Бірақ  бүгін,  міне,  Өзіңіз  келіп  отырсыз.  Өзіңіздің,  үкімет 

басшыларының келіп, мән беруі тек құрылтайдың мәртебесін емес, 


231

тек  «Қазақ  тілі»  қоғамының  мәртебесін  емес,  бүкіл  ана  тіліміздің 

мерейін көтеретініне кәміл сенімдімін...

«Қазақ елі», 2009. 18 қыркүйек. 3 б.



1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал