Мақалалар, баяндамалар жинағы


Қоғам құрылды, ендігі міндет не?



Pdf көрінісі
бет20/45
Дата22.12.2016
өлшемі3,09 Mb.
#25
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45

Қоғам құрылды, ендігі міндет не?

Республикалық «Қазақ тілі» қоғамының дүниеге келгеніне, міне, үш 

айға жуық уақыт болды. Алматыда өткен Құрылтайда қоғамның шаңырағын 

көтеріп тарқатқан қалың қауым енді игілікті істің жемісін көруге асығатыны 

түсінікті. Тіпті, күтуден жалыға бастағандардың біразы «Қоғам неге жұмыс 

істемей жатыр, бұл не жайбарақаттық?» деп дегбірсізденсе, енді біреулері 

«Жергілікті  жерде  қоғам  құруымыз  керек  еді,  оның  тәртібі  қалай  екен?» 

деген  сұрақтарға  жауап  іздеп,  қоғам  бастықтарына  хат  жазып,  телефон 

соғып, мазасыздана бастады. Қоғамды сын садағына алғандар да жоқ емес.

Бәрі  орынды,  бәрі  заңды...  Сондықтан  бұл  мақаланың  мақсаты:  сол 

қалың  жұртшылықтың  тілек-талабына  сай,  біріншіден,  қоғам  тарапынан 

істелген және істеліп жатқан кейбір шаруалар жайында алғашқы мөлтек 

есеп болып саналса, екіншіден, ұйымдық мәселелерге байланысты ақыл-

кеңестерімізді ортаға салу.



212

Бәрімізге  белгілі,  қоғам  құруға  арналған  Құрылтай  «Ана  тілі» 

деген  ұранмен  шақырылып,  оған  қатысқан  қалың  қауымның  (яғни 

әр  жерден  сайланған  мандатты  делегаттардың)  қалауымен  ол  ресми 

республикалық  «Қазақ  тілі»  қоғамы  болып  танылды.  Ұйымдастыру 

комитетінің  және  оны  қолдап-қуаттап  келген  ресми  ұйымдар  мен 

ынталы топтардың о баста болашақ қоғамды «Ана тілі» деп атаса, оның 

жарғы  жобасын  жариялауында  тіл  проблемасына  интернационалдық 

мән  беру,  яғни  республикамыздағы  басқа  халықтардың  тілдеріне  де 

қамқорлық жасау мақсаты көзделген еді. Бірақ Құрылтай үстіндегі қызу 

талқылауда қазақ тілінің бүгінгі мүшкіл де ауыр жағдайы жан-жақты 

айқындала түсті. Оны сақтап қалудың бірден-бір жолы, сондай-ақ жаңа 

қабылданған  Тіл  туралы  Заңды  іс  жүзіне  асырудың  шұғыл  да  қауырт 

шарасы тек қоғам құруға ғана емес, сол қоғамның «Қазақ тілі» болып 

аталуына да байланысты екендігін делегаттар ашық айтты. Сондықтан 

да  Құрылтайға  қатысқан  қауым  демократиялық  принципке  сүйене 

отырып,  көпшілік  дауыспен  қоғамның  аты  «Қазақ  тілі»  болсын  деген 

шешім қабылдаған болатын.

Әрине,  бұл  шешім  жөнінде  Құрылтайға  қатысқан  20  шақты  басқа 

ұлт  өкілдерінің  ішінен  өкпе-наз  айтқандар  да,  тіпті,  ренжігендер  де 

болды. Біз бұл жөнінде съезден кейін радио, газет арқылы түсініктеме 

берген  едік.  Онда:  қоғам  қалай  аталса  да  ол  өзінің  о  баста  ұстанған 

интернационалдық принципін сақтай отыра, республикада мекендейтін 

барлық  халықтардың  тіліне  қамқорлық  жасауды  абыройлы  міндет  деп 

санайтыны және ол бұл істі  құрылып жатқан ұлттың мәдени орталықтар 

(қазір олардың саны Алматыда 14-ке жетті) арқылы жүзеге асыратыны 

айтылды.

Мұны  айтып  отырған  себебіміз:  талқылауға  түскен  қоғамның 

жарғысын (уставын) Құрылтайдан кейін үш түрлі себепті ескере отырып, 

қайта қарауға тура келді. Біріншісі: қоғам құру мәселесі көтеріліп оның 

жарғысы алғаш жарияланғанда қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беру-

бермеу туралы мәселе заң жүзінде әлі шешілмеген еді. Екіншісі: қоғам 

аты  «Қазақ  тілі»  болып  өзгерді.  Үшіншісі:  Құрылтай  тағлымы  қалың 

бұқараның санасын оятып, өміріміздегі көптеген келеңсіз құбылыстардың 

бетін ашты, қоғамнан тек таза тіл мәселесін ғана емес, соған байланысты 

басқа да проблемаларды шешуді талап етіп отыр.

Міне,  бұл  мәселелерді  Құрылтай  тағлымы  тұрғысынан  қарап 

қорытынды  шығару,  тиісті  електен  өткізіп,  қоғамның  программалық 

нысаналы мақсаттарына айналдыру, көпшіліктің пікір-тілектерін ескере 


213

отырып, қалың жұртшылыққа бағышталған үндеу мен қоғамның жаңа 

жарғысын газет беттерінде жариялау — қоғам тарапынан тындырылған 

алғашқы  істерге  жатады.  Арнайы  тоқталып  айтайын:  «Алматы 

қаласындағы  Фрунзе  аудандық  тұрғын  үй-әлеуметтік  банкісінен 

республикалық  «Қазақ  тілі»  қоғамының  №700107  есебі  ашылды.  Енді 

қалың  көпшілік  пен  қамқор  мекемелердің  қоғамға  ақшалай  жәрдем 

көрсетуіне де мүмкіндік бар.

Бұл, әрине, қоғам белгілеп, бағдарлап отырған қыруар шаруаның 

тек алғашқылары ғана. Соның өзінде де ілгері аттатпай, аяққа оралғы 

болып  отырған  тосқауылдар  жоқ  емес.  Ол  туралы  ашық  айтпасқа 

болмайды. Оны қоғамның тілеулестері де білгені жөн.

Әлі  күнге  дейін  шешімін  таба  алмай  отырған  мәселенің  бірі  — 

қоғамның «шаңырағы». Шынын айту керек, қоғамға үй беру мәселесіне 

тиісті орындардың бәрі-ақ атсалысып отыр. Бірақ соның өзінде де оған 

астанамыздан лайықты баспана таба алмай отырғаны рас. Ұйымдастыру 

ісіндегі  үлкен  кедергі  осы  болып  отыр.  Өйткені,  қызу  да  қарқынды 

басталып кеткен қоғамның іс-әрекетіне басшылық ететін адамдарға ең 

алдымен орын қажет. Ал ұйымдастыруға байланысты ақыл-кеңес алу 

үшін Тіл білімі институтына ағылып келіп жатқан адамдарда есеп жоқ. 

Қоғамның 14 қамқоршы негіздеушісі, оны қолдап-қуаттаушы ондаған 

спонсорлар, сондай-ақ жер-жерлерде құрылып жатқан, құрылуға тиісті 

облыстық, қалалық, аудандық ұйымдар мен ынталы топтардың атынан 

күн  сайын  қоғам  деп  келетін  өкілдер  мен  ұйымдастырушылардың  ат 

басын тірейтін, бас сұғатын өз шаңырағының әлі күнге дейін болмауы 

бәрімізді де қынжылтады.

Қоғамның  ұйымдық  мәселелеріне  қатысты  күрделі  де  маңыздысы 

—  жарғыда  көрсетілгендей,  оның  өз  органы  ретінде  дербес  газетін 

шығару. Бұл мәселеге келгенде сүйінші сұрауға болады: осы жақын арада 

Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитеті  мен  республика  үкіметі 

қоғамның  талап-тілегіне  сай,  кіші  форматты  «Ана  тілі»  деп  аталатын 

апталық газет шығару жөнінде арнайы қаулы қабылдады.

Бұл,  әрине,  халқымыздың  мәдени  тарихындағы  елеулі  оқиға. 

Мұндай газеттің шығуы ең алдымен кеше ғана қабылданған Тіл туралы 

Заңымызды іс жүзіне асырудың, мемлекеттік   мәртебе алған ана тілімізді 

дамытудың мықты кепілі деп есептеуге болады.

Енді  қоғамның  ұйымдық  мәселелеріне,  яғни  жер-жерлерде  оның 

облыстық, қалалық, аудандық және бастауыш ұйымдарын құрудың тәсіл-

формаларына тоқталып өтейік. Бұлардың тәртібі қоғамның жарғысында 


214

жалпы тұрғыда көрсетілгендіктен, оны іс жүзінде орындауда көптеген 

қиындықтар кездесіп отыр. Жер-жерлерден қойылып жатқан сұрақтар да 

осыларға байланысты.

Республикалық «Қазақ тілі» қоғамы Қазақ ССР-інің территориясында 

құрылған  және  құрылуға  тиісті  өзіне  мақсаттас,  бағдарлас  әртүрлі 

деңгейдегі  қоғамдардың  басын  қосатын  жалпыхалықтық  ерікті 

ұйым  болғандықтан,  олардан  Құрылтайда  қабылданған  жарғы  мен 

программа-платформаны  толық  мойындауды  және  соларға  сүйене 

отырып  ұйымдастыру  жұмыстарын  жүргізуді  талап  етеді.  Жергілікті 

жерлерді  құрылған,  не  құрылатын  мұндай  қоғамдар  сол  аймақтың 

немесе  сол  әлеуметтік  ортаның,  ведомство  мен  мекеменің  әлеуметтік, 

демографиялық,  т.б.  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  республикалық 

«Қазақ  тілі»  қоғамының  құрамдас  бөлігі  бола  тұрса  да,  өз  аттарын 

«Қазақ  тілі»  деп  те  және  басқаша  да  атауға  (мәселен,  «Ана  тілі»,  «Тіл 

және мәдениет», «Сана» серіктігі, т.б.) сондай-ақ республикалық қоғам 

программасымен үндес өзіне қолайлы деген программасын қабылдауға 

қақылы.  Мұны  біз  жүздеген,  мыңдаған  қоғамның  творчестволық 

инициативасына  еркіндік  беру,  қазақтан  басқа  халықтардың  тіліне 

де  мүмкін  болғанынша  қамқорлық  жасау  деп  білеміз.  Бірақ  барлық 

жағдайда да қоғамның түбегейлі мақсаты біреу, ол – Тіл туралы Заңды 

жүзеге асыру және мемлекеттік мәртебе алған ана тіліміздің қолданыс 

аясын кеңейтіп, қоғамдық ролін арттыру.

Құрылтайда  қабылданып,  газет  беттерінде  жарияланған  жарғы 

бойынша  үш  жылда  бір  өтетін  қоғамның  кезектегі  съездері  аралығында 

барлық жұмысты атқаратын орган – құрамында 60-тан астам мүшесі бар 

басқарма  болса,  оның  күнделікті  істерін  жүргізетін  он  шақты  адамнан 

(президент,  вице-президент,  үш  орынбасар,  жауапты  хатшы,  газеттің 

жауапты  редакторы,  халық  университетінің  ректоры,  т.б.)  тұратын 

басшылары  басқарманың  президиумын  құрайды.  Басқарманың  жанында 

қоғамға ақыл-кеңес беріп отыратын 10 – 15 адамнан тұратын ақсақалдар 

алқасы  тағы  бар.  Қоғамның  барлық  іс-әрекетіне  бағыт-бағдар  беріп, 

қамқорлық жасап отыратындар да, міне, осылар.

Жер-жерлерде қоғам құруға байланысты алдын-ала ескерте кететін бір 

жағдай: бұл қоғамдар әдеттегідей төменнен жоғары қарай емес, керісінше, 

жоғарыдан  төменге  қарай  құрылғалы  отыр.  Қоғам  құруға  арналған 

Құрылтай жұмысына тек облыстар мен қалалардың ғана өкілдері қатысты. 

Сондықтан  жарғыда  республикалық  қоғамнан  кейін  облыстық  және 

қалалық  қоғамдарды,  одан  кейін  аудандық  қоғамдарды  құру  ұсынылған 


215

еді. Аудандық қоғамдар құрылып болғаннан кейін барлық ірілі-кішілі елді 

мекендерде, мекемелер  мен  өндіріс орындарында, яғни 10-нан көп адам 

мүше болуға тілек білдірген жерлердің бәрінде де дербес бастауыш ұйымдар 

ашуға болатындығы айтылған. Ал іс жүзінде, бізге келіп жатқан хабарларға 

қарағанда,  кейбір  жерлерде,  мекемелерде,  өндіріс  және  оқу  орындарында 

бастауыш  ұйымдар  аудандық,  қалалық,  тіпті,  облыстық  ұйымдардың 

ресми құрылуын күтпей-ақ, ынталы топтардың инициативасымен құрыла 

бастағаны белгілі.

Әрине,  жаңа  басталған  және  қалың  көпшіліктің  өз  еркімен  істеліп 

жатқан  бұл  жұмыстың  осы  тәрізді  ілгері-кейін  болуы  заңды  да.  Оны 

айыптаудың еш реті жоқ. Өйткені, тіл қоғамы қай жерде және қай кезде 

құрылса да ол қоғамның республика бойынша әкімшілік-территориялық 

принципі негізінде белгілеп отырған жүйесінен өзінің тиісті орнын тапқаны, 

яғни «Қазақ тілі» қоғамының аясында болғаны жөн.

Осыған орай бір мысал. Мәселен, Жезқазған, Целиноград қалаларында 

облыстық  қоғамдар  республикалық  қоғамнан  бұрын  құрылды,  бірақ 

олардың өкілдері Құрылтайға қатысып, өз жұмыстарын қоғамның жарғысы 

мен программасы негізінде жүргізіп отыр.

Бүкіл республика бойынша «Қазақ тілі» қоғамын құру науқаны ақпан 

айының соңында түгел аяқталуы керек. Ол үшін қоғам құрушы ынталы 

топтарға жәрдем ретінде ұйымдастырудың кейбір тәртіптері мен ережелерін 

түсіндіргіміз келеді.

Біріншіден,  облыстық,  қалалық  және  аудандық  ұйымдар  құру  үшін 

сол қалалар мен облыстағы мекемелер мен аудандардан шешуші дауыспен 

қатысуға  праволы  жалпы  саны  200  не  300-дей  делегат  шақырылуы  тиіс. 

Делегат сайлауға облыс орталығындағы ірі өндіріс және оқу орындарының, 

творчестволық  ұйымдар  мен  әртүрлі  мекемелердің,  мәдени  орталықтар, 

қоғамдар  мен  партия-совет  органдарының,  сондай-ақ  облысқа  қарасты 

аудандардың  (10  –  15  адамнан)  өкілеттігі  тегіс  қамтылуы  керек.  Олар 

делегатты  осы  мәселеге  арнап  шақырған  өздерінің  жиналыстарында 

сайлайды. Құрылтай мәжілісіне ұйымдастырушылардың қалауы бойынша 

делегаттардан тыс қонақтар да шақырылуы мүмкін.

Екіншіден,  Құрылтай  мәжілісінде  облыстық  ұйымның  қоғам 

жарғысына  сәйкес  міндеттері  мен  программасы  жайында  баяндама 

жасалады.  Ол  баяндаманы,  әдетте,  ұйымдастыру  комитетінің  төрағасы, 

немесе  оның  орынбасары  жасайды.  Талқылау  қорытындысы  Құрылтай 

шешімінде ескеріліп, қажет болса программаға енгізілуі тиіс. Бұл жұмыс 

конференция ашылғанда сайланған редакция алқасы тарапынан істелінеді.


216

Үшіншіден,  ұйымдық  мәселе  қаралады.  Оған  қоғамның  төрағасын, 

жалақы алып істейтін оның орынбасары мен қазынашысын сайлау және 20 

– 30 адамнан тұратын қоғам басқармасын, сондай-ақ тексеру комиссиясын 

(3 – 5 адам) бекіту жатады. Бұлардың бәрі мандатты делегаттардың ашық 

дауысымен сайланады.

Қалалық және аудандық Құрылтай мәжілістері де осы тәртіп бойынша 

өткізіледі.  Қала  және  аудан  тұрғындарының  ауқымына  байланысты 

Құрылтайға шақырылатын делегаттардың саны әртүрлі болуы мүмкін.

Енді бастауыш ұйымдарды құру мәселесіне келейік. Бастауыш ұйым 

қоғамның негізі, іргетасы болып табылады. Ана тілімізге қатысты игілікті 

істің  бәрі  осы  ұйымнан  басталады,  осы  ұйымның  нақтылы  іс-әрекеттері 

арқылы  жүзеге  асады.  Сондықтан  бастауыш  ұйымды  ашу  мәселесіне 

ерекше мән берілгені жөн. Ең бастысы: оны ұйымдастыруда формализм мен 

таптаурындылықтан сақ болу керек. Әрбір ұйымның басында ынталы топ, 

немесе істің мән-жайын жетік білетін, қоғамның жарғысын мойындайтын, 

оның  программасы  мен  нысаналы  мақсаттарын  іс  жүзіне  асыра  алатын 

сауатты адамдар болғаны абзал.

Жер-жердегі  бастауыш  ұйымдар,  әдетте,  аудандық  ұйым 

басшыларының  тікелей  араласуымен  жарғыда  көрсетілгендей,  мүше 

болуға ниет білдірушілердің саны 10 адамнан асқан мекемелерде, өндіріс, 

мектеп, оқу орындарында, шаруашылық, мәдени, творчестволық, партия, 

совет  ұйымдарында  құрылады.  Оны  құру  үшін  сол  коллективтің  жалпы 

жиналысы  шақырылуы  тиіс.  Онда  ынталы  топ  атынан  «Қазақ  тілі» 

қоғамының жарғылық талаптары мен программалық мақсаттары туралы 

бір  адам  баяндама  жасауы  қажет.  Бастауыш  қоғам  ресми  құрылғаннан 

кейін  ол  сол  жиналыстың  үстінде,  не  арнайы  жиналыс  шақырып,  қоғам 

мүшелерін қабылдауына болады, мүшелікке қабылдауды барлық жерде де 

салтанатты дәстүрге айналдырған жөн.

Үлкен мекемелерде, өндірістік бірлестіктерде, жоғары оқу орындарында, 

яғни  мүше  саны  300-ден  асқан    жерлерде  бірнеше  бастауыш  ұйымдар 

құрылады.  Қоғам  жарғысында  көрсетілгендей,  ондай  жағдайда  сол 

бастауыш ұйымдар өзара шоғырланып, бірлескен комитет құруы мүмкін. 

Мұндай  жағдайда  бұл  комитеттер  территориялық  жағынан  қоғамның 

аудандық, немесе қалалық ұйымына бағынуы тиіс.

Қоғамның бастауыш ұйымының төрағасы және оның орынбасары мен 

қазынашысы қоғамдық негізде қызмет атқарады. Мүшелердің жарнасынан 

түскен қаражат тоқсан сайын (үш айда бір) аудандық қоғам есебіне қолма-қол 

құйылып тұрады. Ал аудандық қоғам қалалық, не облыстық қоғамдардың 


217

есебіне жарнаманың, спонсорлардан түскен жалпы қаржының 30 процентін 

аударып отыруға міндетті, ал облыстық және қалалық ұйымдар өз ретінде 

жиналған барлық қаржының 30 процентін республикалық қоғам қорына 

аударып отырады.

Қоғамға  ақшалай,  заттай  жәрдемдесуге  тілек  білдірген  спонсорлар 

өздері  қалаған  қоғамның  есебіне  аударуына,  не  қолма-қол  тапсыруына 

болады.  «Қазақ  тілі»  қоғамын  республика  бойынша  құруға  байланысты 

алғашқы кезекте айтарымыз, міне, осылар.

 «Социалистік Қазақстан», 1990. 20 ақпан

.

Ұлттық идеологияның жаңа үрдісін айқындаушы

Бүгінде бес жасқа толып отырған «Ана тілі» апталығының аяқ алысы 

қандай деп ойлайсыз? Балпаң-балпаң баса ма, әлде тәй-тәй кібіртік пе? Оған 

құрылтайшы ретінде пікіріңіз қандай? Газет бетінде әлі қандай мәселелер, 

тақырыптар  көтерілмей  жатыр  деп  білесіз?  Оның  алдағы  бағыт-бағдары 

қалай болғаны жөн?

«Ана тілі» апталығы кеше ғана дүниеге келген сияқты еді. Бес жасқа да 

келіп қалған екен-ау. Бірақ оны бес жасар сәбимен салыстыруға болмайды. 

Өйткені  ол  мәдени-саяси  өміріміздің  аумалы-төкпелі  бір  қиын  кезеңінде 

дүниеге  келіп,  қадір-қасиеті  кеткен  ана  тіліміздің  жаршысы  болып,  атан 

түйе жүгін бір өзі арқалауына байланысты ма, әйтеуір, басқа газеттердей 

«балалық дәуірді» басынан кешіп жатпай-ақ бірден есейіп, кәмілетке жетіп, 

бірден-ақ өмірге қызу араласып кетті. Сондықтан да болар «ана тілі», 

«тіл  тағдыры  –  ел  тағдыры»  деп,  зар  күйіне  түскен  қалың  жұрттың 

жүрегіне  бірден-ақ  жол  таба  білді,  сеніміне  кірді,  ол  оның  жан-

дүниесін ақтара сырласатын, ішіндегі дертін айтып, мұңын шағатын 

сырбаз досына айналды.

Басты міндет «халықтың санасын оятып, тілге деген көзқарасты 

өзгерту»  деп  санаған  «Қазақ  тілі»  қоғамының  шеру  тартып,  жалпы 

халықтың мәдени-саяси қозғалысқа айналуына «Ана тілі» апталығы 

мұрындық болды, қоғамдық жаңа үрдіске жол көрсетті. Оның алғашқы 

қадамы, міне, осылай табысты басталған болатын. Ол көп ұзамай, тіл 

тағылымын  таныту,  оның  тамаша  сырын  ашып,  табиғатын  паш  ету 

арқылы рухани мәдениетіміздің бір бұлағына, көпшілік қолды елтану 

құралына  айналды.  Осы  орайда  «Газет  өмірі  –  бір  күндік,  өнегесі  – 

мың күндік» деген сөзді осы «Ана тілі» апталығына айтуға болады.

Халықаралық  «Қазақ  тілі»  қоғамының  бұдан  бес  жыл  бұрын 

өзімен бірге туған «Ана тілі» тәрізді өз дауысы болмаса және ол үні 



218

(органы) ғана емес, пәрменді қозғаушы күші болмаса, дәл бүгінгідей 

ел  арасында  танымал  болуы,  азды-көпті  игілікті  табыстарға  жетуі 

мүмкін емес еді. Шынтуайтқа келгенде, «Ана тілі» апталығы «Қазақ 

тілі» қоғамының тіл үшін, демек, халықтың, дербес мемлекетіміздің 

болашағы  үшін,  бес  жылдық  күресі  арқылы  нышаны  айқындалып, 

негізі  қалыптаса  бастаған  ұлттық  идеологияның  жаңа  үрдісін 

айқындаушы, оны қалың көпшілік арасында уағыздаушы тегеурінді 

бұқаралық құрал дәрежесіне көтерілді. Оған бір дәлел – «Ана тілінің» 

халық арасындағы беделі.

«Ана  тілі»  апталығының  еліміз  әлі  де  егемендік  алмаған 

тоталитарлық идеологияның үстем кезінде алғашқы қоғамдық газет 

ретінде  дүниеге  келуінің  өзі  –  мәдени  өміріміздегі  елеулі  оқиға 

болатын.  Осыған  орай  мен  халықаралық  «Қазақ  тілі»  қоғамының 

президенті ретінде сол қоғамның кезекті ІІ Құрылтайы үстінде (1993 

ж.) «Ана тілі» апталығының о баста (1990 ж.) дүниеге келуіне себепкер 

болған Өзбекәлі Жәнібеков мырза мен бүгінде Елбасы – Президентіміз 

Нұрсұлтан Назарбаев мырзаға қоғам және апталық атынан алғысымды 

айтқан  болатынмын.  «Ана  тілі»  апталығының  марқайып  отырған 

бүгінгі  5  жылдық  мерейтойында  сол  ризашылығымды  қайталай 

отыра,  енді  осы  газеттің  негізін  қалаған,  қазір  жарқырата  шығарып 

отырған іскер де талантты журналистерге, түгел газет ұжымына шын 

жүректен  алғысымды  айтамын!  Қаламдарың  мұқалмасын,  қасиетті 

қазақ  тілінің  шынайы  қамқоршылары!  Илаһим,  «Ана  тілі»  көтерген 

тіліміздің биік туы әрдайым алдымызда желбірей берсін!

«Ана тілі», 22.03.1995

Тiл-көзден сақтағай

“Барша  әлемдi  өрт  шалып‚  көп  елдерде  қан  төгiлiп  жатқан  бүгiнгi 

аласапыран  заманда  тыныштық  сақталған‚  бейбiт  өмiр  кешкен  ел  екеу 

болса‚ соның бiрi‚ жалғыз болса‚ соның өзi” деп‚ сырт көз бiреулер қызыға 

да  қызғана  бiздiң  Қазақстанды  мақтап-мадақтағанда‚  кейбiр  ырымшыл 

ақсақалдардың  “тiл-аузың  тасқа!”  деп  күбiрлейтiндерiн  көрiп  те‚  оның 

мәнiсiне түсiнiп те жүрмiз.

Шынында  да‚  басқаларды  былай  қойғанда‚  кешегi  Совет  Одағының 

қаусыра‚  қысып  ұстаған  “ыстық  құшағынан”  босанып‚  егемендiктiң  не 

екенiн ендi ғана бiлiп‚ өзiнше ел бола бастаған ТМД мемлекеттерiнiң iшiнде 

Қазақстанды  “тыныштық  сақталған‚  бейбiт  ел”  деп  дәрiптеудiң  себебiн  

зерделеп қараған адам ғана түсiне алады. Өйткенi  Қазақстанның басқа ТМД 



219

елдерiнiң бiреуiне де ұқсамайтын бiр ерекшелiгi бар. Ол - өз елiнде‚ өз жерiнде 

жасайтын қазақтардың басқа ұлт өкiлдерiнен‚ тағдырдың тәлкегiмен‚ сан 

жағынан әлдеқайда аз болып қалуында. Кеше ғана “Қазақстан - халықтар 



достығының лабораториясы” деп жариялап‚ жар салғанымыз есiмiзде.

Егемендi ел‚ тәуелсiз мемелекет болып‚ өз шаңырағын басына көтерiп‚ 

өз қазанын бауырына алып‚ марқайған Қазақстанға өткен дәуiрден мұра 

болып  қалған‚  басқа  түркi  мемлекеттерiнен  бөлекше  етiлiп‚  алыстан 

көзге  шалынатын  ерекшелiгi  де‚  мiне‚  оның  осы  ұлттық-демографиялық 

жағдайында  едi.  Осыған  байланысты‚  Жаңа  Қазақстанның  болашағы 

туралы  әр  түрлi  жоба-жорамал  айтып‚  “жүзден  астам  ұлт  өкiлдерi 

жасайтын‚  оның  басым  көпшiлiгi  орыстар‚  “орыс  тiлдiлерден”  тұратын 

бұл тәрiздi “қырық құрақ” елдiң ел болып кетуi нейғабiл” деп сәуегейлiк 

жасағандар да аз болған жоқ едi сол кезде. Кешегi Желтоқсан оқиғасынан 

кейiн‚ жастары алаңда қанға бөгiп‚ азап шеккен‚ ұлт болып “ұлтшылдар” 

деген  жаманатқа  ұрынған  қазақтың  саналы  азаматтары  егемендiкке  ие 

болған  елiнiң  болашағына  деген  көзқарасы  да  “құратынымыз  ұлттық 

мемлекет пе‚ жоқ‚ көп ұлттық мемлекет пе‚ тiлiмiз‚ дiнiмiз не болар екен ...?” 

деп алаңдағандар да‚ әлiптiң артын бағып‚ байсалдылық көрсеткен де‚ оны 

әртүрлi саққа жүгiртiп‚ жорамалдаушылар да‚ ұрандатушылар да арамызда 

аз болған жоқ. 

Бұл  тарихтың  өзi  қалыптастырған  жағдайдан  шығудың‚  уыздай 

ұйып  отырған  көп  ұлт  өкiлдерiнiң  бейбiт  өмiрiн‚  тату-тәттi  қарым-

қатынасын  сақтап  қалудың  бiр-ақ  жолы  бар  едi.  Қазақстан  халқының 

қалыптасқан  осы  тұрақтылығын‚  тұтастығын  бұзып  алмай‚  қайта 

олардың  өзара  ынтымақ-бiрлiгiн  арттыра  түсетiн‚  татулықты  сақтап‚ 

жаңа  мемлекетiмiздiң  iргесiн  қалауға  белсене  атсалысатын‚  iс-

шараларды  ұйымдастыратын  ресми  қоғамдық-әлеуметтiк  әрекеттер 

қажет болды.

Қоғамдағы  осындай  жаңа  үрдiс  толқынында  дүниеге  келген 

ұйымдардың  ең  алғашқыларының  бiрi  -  Халықаралық  “Қазақ  тiлi” 

қоғамы  болды.  Бұл  қоғам  республикамызда  көп  уақыттан  берi  қасаң 

болып  қалыптасып  қалған  тiл  проблемасына  байланысты‚  қоғамдық 

өмiрден  тәркiленiп‚  өз  мiндетiн  атқарудан  қалып  бара  жатқан  қазақ 

тiлiнiң  мүшкiл  халiн  жөндеп‚  қалпына  келтiру  үшiн‚  оны  бұл  төнген 

қауiптен қорғап қалудың бiрден-бiр дұрыс жолы мемлекеттiк тiл ретiнде 

тану  үшiн‚  оған  ресми  мәртебе  бергiзiп‚  қорғау  үшiн  қалың  жұрттың 

санасын оятып‚ өз тiлiне деген көзқарасын өзгерту үшiн қоғамдық күш 

қажет болды. 


220

Мiне‚  осындай  игi  мақсаттармен  Халықаралық  “Қазақ  тiлi” 

қоғамы 1989 жылы 21 қыркүйекте дүниеге келгенде Республикада басқа 

қоғамдық ұйымдардың бiрде-бiреуi жоқ едi. Қазақстанда жасайтын сан 

алуан  ұлт  өкiлдерiнiң  тiлiне‚  дiнiне‚  салт-дәстүр‚  ұлттық  мәдениетiне 

байланысты  мәселелердiң  баршасын  алғашқыда  осы  қоғамның  өзiне 

тапсырып‚  оны  “Ана  тiлi”  қоғамы  деп  атауды  үкiмет  мақұл  көрген 

болатын.  Алайда  қоғам  құруға  байланысты  шақырылған  бiрiншi 

құрылтайды‚  күн  тәртiбiне  қойылған  ұлттық  тiл‚  салт-дәстүр  т.б. 

көптеген мәселелердi жан-жақты талдау үстiнде құрылтайға қатысушы 

Қазақстандағы  барша  халықтардың  өкiлдерi  қызу  талас  нәтижесiнде 

қоғамды “Қазақ тiлi” қоғамы деп атауды мақұлдап‚ бiрауыздан шешiм 

қабылдаған едi. 

Мiне‚  сол  құрылтайдағы  әңгiменiң  соңы  Қазақстанда  жасайтын 

басқа халықтардың рухани-мәдени дамуы туралы мәселемен жалғасып‚ 

олардың  да  жеке-дара  мәдени  орталықтары  болуы  керек  деген 

идея  туындаған  едi.  Мiне  осы  идеяға  байланысты  көп  ұзамай-ақ‚ 

республикада  әр  түрлi  ұлттық  мәдени  орталықтар  бiрiнен  кейiн  бiрi 

пайда  бола  бастады.  Сөйтiп‚  бұл  көп  ұлтты  Қазақстан  Республикасы 

құзырында  демократиялық  дамудың  алғашқы  күндерiнен  бастап  күн 

тәртiбiне қойылып‚ өзiнiң қажеттiгiн дәлелдей түскен жаңа құбылыс едi.

Қазақстан халықтарының конгресi атты ұйымның дүниеге келуi‚ 

мiне‚ осы жаңа даму үрдiсiне сай жаңа да қажеттi қоғамдық құбылыс 

деп танылып‚ елбасының айрықша қолдауымен барлыққа келiп‚ өткен 

10 жыл iшiнде қоғамдық өмiрiмiзде өте зор саяси-әлеуметтiк‚ рухани‚ 

этномәдени  қызмет  атқарып  келедi.  Кезiнде  халықтар  конгресiнiң 

құрылуына‚ мемелекеттiк қамқорлыққа алынуына байланысты әр түрлi 

пiкiр айтылып‚ сан саққа жүгiртiлсе де‚ iс жүзiнде бұл ұйым мемлекет 

құзырында  ұлт  саясатының  дұрыс  шешiлуiне‚  үй  iшiнен  үй  тiгiлiп‚ 

қырық  ру  болып  бөлiнiп‚  бөлшектенуден‚  ұлтаралық  наразылық‚  әр 

алуан  бейберекет  әрекеттерден  сақтандырып  келе  жатқан  халықтар 

достығының  бiр  ғажайып  ұйытқысына  айналып  отыр.  Қазақтың  кең 

даласындай  дарқан  көңiлмен‚  даналық‚  парасаттылығымен  шешiлген 

бұл игiлiктi iс бүгiнде көп ұлтты Қазақстан жерiндегi тыныштық пен 

бейбiт  өмiрдiң  бейне  бiр  кепiлi  iспеттес.  Өйткенi  ұлтаралық  қарым-

қатынаста  болып  келген‚  әлi  де  бола  беретiн  iшкi  мәселелердiң 

баршасы осы конгресс ауқымында шешiлiп‚ реттелiп‚ бiрлi-жарымды 

айтыс-тартыстар  көп  жағдайда  шегiнен  шығарылмай  осы  қауымның 

өз iшiнде-ақ шешiлiп жатады. Өйткенi бүгiнгi Қазақстан жағдайында 



221

барлық ұлт өкiлдерiне деген өкiметтiк көзқарас‚ “ол бәйбiшенiң баласы‚ 

мен тоқалдың баласымын” деп‚ өзара бөле-жару‚ бақталастық жоқ. Қайта‚ 

ұлт  өкiлдерi  көп  жағдайда  рухани-мәдени  салада‚  экономика  жағынан 

жергiлiктi  халықтардан  артық  тұрмаса‚  кем  тұрмайды.  Оларға  iстелiп 

жатқан  жәрдемдер  де  жоқ  емес.  Қазақстанда  жасайтын  үлкендi-кiшiлi 

халықтардың негiзгiлерi өздерiнiң мәдени орталықтарын құрып‚ олардың 

өз өкiлдерiне қажеттi iс-шараларын бүкiл республика бойынша таратып‚ өз 

тамырын терең жайып‚ iргесiн нығайтып‚ қоғамдық-әлеуметтiк беделi бар 

үлкен-кiшi ұйымдарға айналып отырғандары да белгiлi.

Сондықтан  да‚  республика  өкiметi‚  Конгрестiң  төрағасы  елбасы 

Н.Ә.Назарбаев  мырза  өзiнiң  iшкi  де  сыртқы  саясатын  жүргiзуде  арқа 

сүйейтiн сенiмдi де берiк бiр тұрағым деп осы Конгрестi санайды‚ оның 

алдында  есеп  берiп‚  есебiн  тыңдап‚  жәрдемi  мен  қамқорлығын  жасап 

келедi.

Әрине‚ Қазақстан халықтарының конгресiнiң болуын‚ оның iс-әрекетiн 



жоғары бағаласақ та‚ оның ешбiр кемiстiгi жоқ деп те айта алмаймыз. Осы 

орайда көңiлде жүрген бiр ойымды айта кеткендi жөн көремiн. Конгрестің‚ 

демек Қазақстан халықтарының қол жеткен табыстары‚ оларға iстелген‚ әлi 

де iстелуге тиiстi игi-жақсы iстердiң баршасы‚ бүгiнгi елiмiздегi тыныштық 

т.б. баршасы‚ сайып келгенде‚ елiмiздiң ие болған егемендiгiне ғана емес‚ 

сол елдiң негiзiн құраушы қазақ халқының өзiне де‚ оның сайын даламыздай 

кең пейiлiне‚ дарқан көңiлiне‚ ыстық ықылас-иетiне де байланысты болса 

керек.  Бұл  халық  жерiн‚  суын‚  ауасын  т.б.  табиғат  байлығын  пайдалану 

үшiн ғана емес‚ бүгiнде егемендi ел болып‚ марқайып отырған қазақ халқы 

өз болмысында да басқаша қарауды‚ “Сыйға сый‚ сыраға - бал” дегендей‚ 

сыйлауды‚ құрметтеудi де қалайды. Оның ең басты белгiсi қазақ халқының 

ғасырлар  бойы  жәбiрлiк  көрiп‚  аяқ  асты  болып  келе  жатқан‚  қазақ  үшiн 

ең қымбат‚ ең асыл дүнеисi - қазақ тiлiне деген құрмет болса керек. Бұл 

“Халықты  сыйлау  оның  тiлiн  сыйлаудан  басталады”  деген  қарапайым 

қағиданы  бiле  бермейтiн‚  ескермейтiн  конгресмендерге  құлаққағыс 

қылғаным ғой. Өйткенi өткен он жылдан берi бұл ұйымның мемлекеттiк 

тiл бәрiмiзге ортақ‚ Қазақстанды өз Отаным‚ Атамекенiм деп есептейтiндер 

үшiн  оны  құрметтеу  аз‚  өзiн  Қазақстанның  шынайы  азаматы‚  патриоты 

санайтын барлық халық өкiлдерiнiң оны бiлуiн “азаматтық парызым деп 

түсiнгенiн” уағыздау бұл ұйымда бола қойған жоқ.

Қазақ атам “Iштен шыққан жау жаман” дейдi. Құдайға шүкiр‚ ондай 

жау  бiзде  жоқ  сияқты.  Халқымыз  тату-тәттi  өмiр  сүрiп‚  жаңа  егемендi 

елiмiздiң iрге тасын қалап, қабырғасын бекiтуге белсене ат салысып отыр. 



222

Осы өмiрiмiзге қызығып та‚ iштей береке-бiрлiгiмiзден бiздi айырмағай‚ ол 

ұзағынан болғай! Көре алмайтын көп дұшпанның тiл-көзiнен аулақ болғай 

Қазақстанымыз!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет