Мақалалар, баяндамалар жинағы


Ана тілі азбасын, атамекен тозбасын



Pdf көрінісі
бет17/45
Дата22.12.2016
өлшемі3,09 Mb.
#25
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45

Ана тілі азбасын, атамекен тозбасын

Тарыдай  шашылып,  дүниенің  төрт  бұрышына  түгел  тарап 

кеткен  туыстарымыздың  өмір  өрісін,  тіршілік  тынысын  атамекендегі 

ағайын-туғандар  бұрын  да  қалт  жібермей  қадағалап,  сыртынан 

бақылап  келсе  де,  дәл  бүгінгідей  жіті  араласу,  қою  қарым-қатынас 

жасау,  барыс-келіс  бұрын-соңды  болмай  келді.  «Бармасаң,  келмесең 

–  жат  боларсың,  алмасаң,  бермесең  –  сарт  боларсың»  дегеннің  дәл 

өзі  болды.  Қазақстаннан  тыс  болса  да,  бұрынғы  Кеңес  Одағындағы 

туыстарымыздың  жағдайы  бір  басқа.  Ал  сол  Одақтың  сыртындағы 

бауырларымыз үшін кезінде өз атамекеніне барар жолдың темір қақпалы 

кірер есігі ылғи да жабық тұратынын несін жасырамыз. Етене жақын 

ағайынның  арасын  алыстатып,  бір-біріне  жат  етіп  келген  осынау  бір 

империялық «тәртіптің» күйреуі бүгінде қазақ халқының да игілігіне 

айналып отыр.

Енді, міне, егеменді ел, тәуелсіз мемлекетке ие болып отырған қазақ 

қауымы  есін  жиып,  еңсесін  көтеріп,  отбасындағы  орны  толмайтын 

шетелде жүрген туыстарын іздей бастады. Бұл да жақсылықтың, жаңа 

заманның  нышаны.  Қара  шаңырақ  астына  түгел  жиналып,  сағыныш 

құшағын  жая  қауышып,  мәре-сәре  болу,  ата-баба  салты  бойынша 

әруақтарға ас беріп, дүбірлі той өткізу, алқалы жиын ашып, келелі кеңес 



181

құру  –  осының  бәрі  қазақ  қазақ  болғаннан  бергі  тарихымызда  сирек 

болатын  елеулі  оқиға.  Илаһим,  осы  бір  қуанышымыз,  Алланың  бізге 

деген осы бір шапағаты ұзағынан болғай!

Әрине,  ұзақ  заманнан  бері  көрісе  алмай,  көріссе  де  емін-еркін 

араласа  алмай  кемдидар  болып  келген  ағайын-тумалардың  төрт  көзі 

түгел  бас  қосар  осынау  бір  алқалы  кеңесте  өзара  айтар  сыры,  ортаға 

салар ойы аз болмаса керек. Біз солардың бір парасына ғана қысқаша 

тоқталмақшымыз. Әңгімеміз ана тіліміздің ұлттың басын қосар рухани 

ұйытқысы, елдің іргесін құрайтын соңғы қамалы іспетті тамаша қасиеті 

жайында болмақшы. 

Мәңгүрттік дертке шалдықпаған, өзін-өзі құрметтей білетін әрбір 

саналы  қазақ  баласы  қай  жерде  жүрмесін,  қай  елдің  отынын  отап, 

түтінін  түтетпесін,  салт-дәстүрін  сақтап,  тәртібіне  тәуелді  болмасын, 

бәрібір,  өз  елін,  өзінің  тарихи  отанын,  ата-баба  жұртын  ешқашан  да 

естен шығармауы керек. Өйткені, бұл – әркімнің-ақ азаматтық парызы, 

перзенттік борышы.

Алайда,  өз  елін  жан-тәнімен  сүю  үшін,  оның  суығына  тоңып, 

ыстығына  күйетін  ұлтжанды  ұланы  болу  үшін  аса  қажетті  ынсани 

қасиеттің  бірі  –  ол  өз  ұлтының  тілін  білу.  Тек  ана  тілі  ананың  ақ 

сүтімен бойына дарыған, сол тіл арқылы халқының асыл қасиеттерін 

қабылдап,  рухани  байлығынан  мол  сусындаған,  салт-дәстүрін  жетік 

меңгерген  азамат  қана  өзін  шынайы  қазақпын  деп  атауға  санында 

ғана емес, санатында екендігін айтуына әбден болады. Бірақ, өкінішке 

орай,  бүгінде  қара  шанырақ  иелеріне  де,  шетелдік  туыстарымызға 

да сын болып отырған басқа емес, дәл осы мәселенің өзі. Сондықтан 

да  біз  бүгін  ұлтымыздың  тұтастығы,  ел  іргесінің  беріктігі,  ұлттық 

санамыздың  сергектігі,  салт-дәстүріміздің  өміршеңдігі  және  басқа 

да  ұлттық  қасиетіміздің  сақталуы  тек  ана  тіліміздің  тағдырына 

тікелей байланысты екендігін ағайынның өзара бас қосқан бір сәтінде 

жасырып-жаппай-ақ ашық айтқымыз келеді. Осыған орай, ұлтымыздың 

тұтастық  менталитетін  сақтап  қалудың  жолы  қазақтардың  бәрін  бір 

жерге жинап, бір шаңырақтың астына шоғырландыру емес, қай жерде 

жүрмесін өз тілін ұмытпау, құрметтеу, оның тұтастығын, өзіне ғана тән 

тамаша  ерекшеліктерін  сақтау,  қолданыс  аясын  кеңейтіп,  байлығын 

толық пайдалану деп есептейміз. 

Енді  10  миллион  халқымыздың  біртұтас  ұлт  екендігін  танытып, 

барша қауымның басын қосуға рухани ұйытқы болып отырған қазақ 



тілінің кейбір қадау-қадау мәселелеріне тоқталып өтейік. 

182

Қазақ тілінің түп-төркіні мен таралу шеңбері, қолданыс аясы мен 

қызмет ауқымы жайында. Қазақ тілі ірілі-кішілі 40 шақты түркі тілдерінің 

ішіндегі қыпшақ тобына жататын ең ірісі болып саналады. Қазақ тілінің 

өзіндік  ерекшелігі  қыпшақ  тобына  жататын  ондаған  тілдердің  бәріне 

(ноғай, қарақалпақ, қарашай, балқар, құмық, қарайым, қырымшақ, татар, 

қырым  татарлары,  башқұрт,  сондай  ақ  қырғыз  т.б.)  еншісі  бөлінбеген 

бауырдай  етене  жақын  екендігінде.  Бұл  туыстардың  арасында  қазақ 

өзін  еркін  ұстайды,  тілмәшсіз  тіл  табысады.  Оның  тарихи  себептері 

де жоқ емес. Ертіс бойынан сонау Дунай өзенінің жағалауына дейінгі 

Еуразияның кең-байтақ даласын алып жатқан Дәшт-и Қыпшақтың жон 

арқасы  қазақ  жері  болса,  кейінірек  өсіп-өрбіген  қыпшақ  тілдерінің 

ішінде  ең  құнарлысы  да,  қордалысы  да  бүгінгі  қазақ  тілі.  Қыпшақ 

текті түркі туыстарын іздеген адам ар жағына бармай ақ, тек Көк түрік 

бабамыздан тараған әулет, ру-тайпалардың тарихынан қаншама ортақ, 

етеңе жақын рухани, мәдени дүниелерді кездестіруі сөзсіз. 

Сонау  V-VIII  ғасырларда  жазылып,  бүкіл  түркі  дүниесіне  мұра 

болып  қалған  тас  ескерткіштердегі  бабаларымыздың  ұлағатты  сөздері 

әрбір қазақтың құлағына сіңіп, жүрегінде сақталған. Бұл ескерткіштерді 

оқысаң,  сол  дәуірлерде  жасаған  ақылгөй,  дана  басшы,  Тоныкөк  пен 

Білге қаған, Көк түріктің көк семсеріндей өткір де ержүрек әскер басы 

Күлтегіннің  өзімен  сөйлескендей  боласың.  Бүгін  де  Моңғол  жерінде 

жатқан  осы  бір  сәулетті  тас  мүсінді  ескерткіштеріміздің  мұрагері  ар 

жағы көне қыпшақ, бер жағы қазақ екендігіне ешкім дауласа алмайды. 

Қыпшақ  тегіне  тән,  қазаққа  туыс  әулеттерді,  оларға  ортақ  мұралар 

мен  мәдени  орталықтарды,  қағанаттар  мен  мемлекеттерді  іздеп,  кең-

байтақ  Еуразия  даласын  алып  жатқан  Түркі  дүниесін  шарласаң,  әр 

жерден-ақ  кездестіресің,  тұнып  жатқан  талай  тарихи  бұлақтың  көзін 

ашуға  болады.  Солардың  біразы  қазақтың  төл  топырағында  жатыр. 

«Аспанда Күн жалғыз, Жерде Хұн жалғыз» деуіне қарағанда, қазақ 

атам  Хұн  бабаларын  да  білген;  бұдан  24  ғасыр  бұрын  алтынға  орап, 

арулап жерленген сақ ұланының мәйіті де Алатау алқабынан табылып 

отыр;  түркілердің  әлемге  әйгілі  қос  қағанаты  да,  Қаңлы  мен  Үйсін, 

Қараханиттер мемлекеттері де қазақ жерінде салтанат құрған; Әбу-Нәсір 

әл-Фараби, Жүсіп Баласағуни, Қожа Ахмет Иассауи, Мұхаммет Хайдар 

Дулати, Қайырғали Жалайыри тәрізді шығыстың ұлы перзенттері де – 

қазақ топырағынан шыққандар. 

Ал қазақтың өзіне етене жақын тілі де, діні де, рухани мұрасы да 

ортақ түркі ұлыстарын іздеген адамға көне тарих небір ғажайып сыр 



183

шертеді. Сонау VIII ғасырда қазақ жерінен құлақ кесті құл болып, мысыр 

саудагерлеріне  сатылған,  кейін  Мәмлүк  (құлдар)  мемлекетін  құрған 

әйгілі қолбасшы Байбарыс та қыпшақ ұрпағынан еді. Сүрия жеріндегі 

көне  Пальмира  жақын  биік  төбенің  үстінде  аңдағайлап  алыстан 

көрінетін  «Қыпшақ»  қорғаны  сол  елді  моңғол  шапқыншыларынан 

қорғап  қалған  кыпшақ  әулеттерінің  қолымен  тұрғызылған  қамалы 

болатын. Еуразиядағы Мажарстан, Румыния, Польша, Түркия (Осман 

империясы), Бұлғар, Қырым, Алтын Орда мемлекеттердің құзырында 

болған  қыпшақ  ру-тайпалары  да  біздің  бабаларымыз  және  олар  бұл 

елдердің мәдени тарихында елеулі рөл атқарғаны мәлім. 

Ал енді қазақ қазақ болғаннан бергі жағдай өз алдында бір дүние. 

Ең бастысы: олардың «мың өліп мың тірілсе де» өздерімен өзектес ру-

тайпаларынан  мұра  болып  қалған  ұлан-ғайыр  атамекенін  тұс-тұстан 

анталап, аранын ашқан қызыл көзді жауларынан ақ білектің күшімен, 

көк найзаның ұшымен ғасырлар бойы аман сақтап қалуы. Ендігі жерде, 

міне, сол дәстүрді жалғастыру, іргені берік ұстау, елдің шырқын бұзбау, 

тілін, дінін, салт-дәстүрін сақтау қарапайым халыққа да, ел басқарған 

ерлерге де сын болып отыр. Кешегі «ақ табан шұбырынды» заманынан 

кейін  үсті-үстіне  төнген  нәубеттің  бәріне  төтеп  берген  халқымыздың 

әсіресе кейінгі жүз жыл беделіндегі тартқан азабы мен көрген құқайы да 

аз болған жоқ. Осы жылдар ішінде зобалаңнан, аштықтан, геноцидтен, 

соғыстан,  атом  тажалынан  халқымыздың  жартысы  қырылып,  қалың 

елдің  қатары  сиреді,  қабырғасы  күйреп,  ұлтымыздың  береке-құты 

қашып,  тұтастығы  бұзылды,  ана  тіліміздің  қолдану  өрісі  тарылып, 

ауадай қажет тілдік орта ойран болды. Кеңестік империяның бұғауында 

келген  Қазақстанда  кешегі  отаршылдық  саясаттың  орыстандыру 

«бағдарламасы»  небір  айла-тәсілдермен  іске  асып  жатты.  Міне,  енді 

ғайыптан  келген  жаңа  заманның  дүмпуімен  жойылып  кетуге  шақ 

қалған ана тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, аспаннан іздегеніміз 

жерден табылып отыр. Бірақ ана тіліміздің қазіргі халі – «шықпа жаным, 

шықпа!».


Оның көптеген себебі де бар. Соның бірі – қазақтардың өз жерінде

өз елінде отырып басқа ұлттардан саны аз болып қалуы. Мәселе тіпті, 

онда да емес: «көп қорқытады, терең батырады» дегендей, орыс тілді 

жерлестеріміздің кейде осы аздығымызды бетке салық етіп, «біз көппіз!» 

деп  құқай  көрсетуінде,  ұлттың  намысына  тиіп,  оның  талпынысына, 

санасы  оянып,  кайта  түлеуіне  жол  бергісі  келмеуінде  болып  отыр. 

Осыны көріп, ашынасың, ашынғандықтан да, «ау, он миллион болған 


184

ағайын-тумалар-ау,  қайда  жүрсіңдер?!»  деп,  жан  ұшыра  айғайлағың 

келеді. Бұл жалғыздық көргендіктен емес, – құдайға шүкіршілік, қара 

шаңырақ астында жеті миллиондай қазақ отыр ғой, – тәуелсіздігіміздің 

туын қолдан жібермей, мықты ұстау үшін, ойран болған тілдік ортаны 

толтыру үшін, беделі түсіп, қадірі кеткен тіліміздің мерейін үстем ету 

үшін қажет сол тілде сөйлетін іргелі елдің ұлттық намысын ояту үшін 

айтылар сөз. 

Қазақ атам «Арқада аяз болмаса, арқар ауып несі бар» дейді ғой. 

Сол айтқандай қазақтын өз жұртынан ауа көшіп, алыстап жүруі бекер 

емес, оған бірде тарихи жағдай, бірде тағдырдың тәлкегі себеп болғаны 

аян.  «Өткен  іске  салауат»  десек,  ендігі  мәселе  алыстағы  ағайынның 

аңсарын  аңғару,  еншісі  бөлінбейтін  асыл  мұрасы  тіліне  деген 

құштарлығын байқау. Осыған орай дүние жүзі қазақтарының алғашқы 

бас қосуында сөз болуға тиіс мәселенің бірі – «шетел қазақтарының» 

қолданысындағы  қазақ  тілінің  әр  жердегі  әртүрлі  күйі,  жағдайы, 

болашағы. Оны анықтаудың бірден-бір дұрыс жолы – «жақын шетел», 

«жырақ  шетелдегі»  қандастарымыздың  таралу  өрісін,  мемлекеттер 

құзырында  шоғырлана,  топтаса,  не  бытырай,  жеке-дара  өмір  сүруін 

қарастыруға байланысты. 

Осы  талапқа  сай  біз  Қазақстаннан  тыс  жердегі  бауырларымызды 

шартты түрде болса да төмендегідей 7 топқа бөліп қараймыз:



1-топ: Қытайда жасайтын қазақтар (демограф М.Тәтімов деректері 

бойынша –1.270 мың);



2-топ: Орта Азияда (яғни Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, 

Тәжікстан республикаларында) жасайтын қазақтар (954.374 мың);



3-топ: Ресей Федерациясында жасайтын қазақтар (636.083 мың);

4-топ: Моңғолияда жасайтын қазақтар (150 мың);

5-топ: Ауғанстанда жасайтын қазақтар (50 мың);

6-топ: Түркияда жасайтын қазақтар (25 мың);

7-топ: Иранда жасайтын қазақтар (15 мың).

Бұлардың  сыртында  кешегі  Кеңес  республикаларында  (жалпы 

саны 25.720), кейбір Еуропалық мемлекеттер мен АҚШ-та, т.б жерлерде 

тұратын (жалпы саны 35 мыңдай) қазақтар тағы бар. Олар туралы әңгіме 

қозғамаймыз.

Ал аталмыш 7 топқа келетін болсақ, олардың бәрі – бір тілде сөйлеуші 

бір қазақ, бір ұлт. Этникалық құрамы жағынан «жақын шетел» деп атала 

бастаған (бұрынғы ҚСРО-дағы) қазақтар құрамында үш жүздің рулары 

түгел  кездессе,  «жырақ  шетел»  қазақтарының  Қытай,  Моңғол,  Түркия 


185

жағындағылары негізінен керей, найман, үйсіннің кейбір руларынан, ал 

Ауғанстан, Иран жағындағылары Кіші жүздің кейбір (адай, рамадан, әлім 

т.б)  руларынан  тұрады.  Түркия  және  Еуропадағы  қазақтардың  кейінгі 

кезде Ауғанстан мен Ираннан барғандармен өзара араласуы да байқалады. 

Қалай  болған  жағдайда  да,  шетел  туыстарымыз  тегі  бір,  тілі  бір, 

діні бір бір тұтас тарихи этностың бөлшектері. Бәріміз үшін айдан анық 

бұл нәрсені біз басқа жұрт та біле жүрсін деген оймен айтып отырмыз. 

Ғылымда «бір тіл – бір ұлт» деген сөз бар. Бұл сөздің төркіні «бір ұлтта 

екі ана тілі болмайды» дегенге барып саяды және одан «басқа тілдерді 

білме» деген ұғым тумайды. Демек, ұлттың бір белгісі – өз тілін білуде 

және жеттік білуде екен. Осы тұрғыдан алып қарағанда қазақ тілін жақсы 

білу  қара  шаңырақтағы  қазақтар  үшін  де,  шетелдегі  туыстар  үшін  де 

үлкен сын. 

Осыған орай айтылар ең бірінші тұжырым: аталмыш жеті топтағы 

шетел  қандастармыздың  тіл  жағдайы  бір-біріне  ұқсамайтын  жеті 

түрлі  ерекшеліктерге  ие,  және  ол  өзгешеліктер  сол  туыстарымыздың 

этностық шығу тегіне, немесе жағрапиялық (шығыс, батыс деген сияқты) 

төркініне байланысты емес. Өйткені, соншама жерді алып жатқан қазақ 

халқының  тілі  өзінің  ғажайып  бір  тұтастығымен  көзге  түседі.  Әрине, 

онда да кейбір жергілікті ерекшеліктер жоқ емес. Ол болмаса, екі томдық 

диалектологиялық  сөздік  жасалынбас  та  еді.  Бірақ,  бұл  ерекшеліктер 

кейбір туыстар (өзбек, ұйғыр, татар, т.б) тілдеріндегідей көзге ұрып, тіл 

тұтастығына нұқсан келтіріп тұрған жоқ.

Сондықтан  да  шетелдегі  туғандарымыздың  тілінде  байқалатын 

өзгешеліктер  өз  ішінен  бөліну  емес,  сыртқы  әсерден,  атап  айтқанда, 

аралас-құралас  отырған  көрші  халықтардың  тілі  мен  өмір  салты 

әсерінен, қоғамдық ықпалынан пайда болған өзгешеліктер. Сыртқы әсер 

дегенде біз ең алдымен, Қытайдың Тарбағатай, Алтай, Іле өлкелеріндегі 

қазақтар  тіліне  –  қытай,  ұйғыр,  моңғол  тілдерінің,  Орта  Азиядағы 

қазақтар  тіліне  –  өзбек,  қырғыз,  түркімен,  тәжік  тілдерінің,  Ресей 

жеріндегі қазақтар тіліне – орыс, қалмақ, башқұрт, татар т.б тілдерінің, 

Моңғол жеріндегі қазақтар тіліне – моңғол тілінің, Ауғанстан жеріндегі 

қазақтар тіліне – ауған (пұшты) тілінің, Түркиядағы қазақтар тіліне – 

түрік тілінің, Ирандағы қазақтар тіліне – иран (парсы) тілінің, сондай-ақ, 

Еуропа елдеріндегі қазақтар тіліне ағылшын, неміс, француз, швед, т.б 

тілдердің әр түрлі дәрежедегі әсерін, тікелей ықпалын мойындауымыз 

керек.  Бұл  тілдердің  жалпы  саны  15-тен  асады.  Соншама  тілді  біздің 

шетелдік қандастарымыз еріккеннің ермегі үшін емес, күн көру үшін, 


186

өмір  сүру  үшін  қажет  болғандықтан  үйреніп  отыр.  Демек  өз  тіліне 

қосымша, тіпті оны ұмытса да басқа тілдің біреуін, бірнешеуін меңгеру 

– өмір сүрудің кепілі екен. Соған қарамай, әр жерде, әр дәрежеде болса 

да,  ана  тілің  көздің  қарашығындай  сақтап,  ретіне  қарай  пайдаланып, 

ұрпағына  үйретіп  отырған  шетел  қандастарымызды  көргенде,  өз 

ауылында жүріп ана тілін мақұрым болып, мәңгүрттене бастаған көптеген 

ұл мен қыздарымыз жайында айтуға ауызың бармайды. 

Тіл жағынан әр түрлі күй кешіп жүрген шетел (оның ішінде ТМД 

мемлекеттері  де  бар)  қандастымыздың  жағдайы  7  топқа  сәйкес  7 

түрлі  екендігін  аңғару  киын  емес.  Олар,  жоғарыда  ескертілгендей, 

негізінен  бірнеше  объективті  (саяси-әлеуметтік,  этно-демографиялық, 

географиялық, т.б) себептерге, атап айтқанда, қазақ тілінің толыққанды 

қызмет етуі, не ете алмауы: біріншіден, қазақтардың жасайтын жерінде 

сан жағынан аз, не көп болуына, екіншіден, біріңғай шоғырлана немесе 

шашырап, бытыраңқы отыруына, үшіншіден, көрші отырған халықтармен 

сандық ара салмағына, төртіншіден, мемлекет құрамында өзіндік ресми 

құрылымның,  автономиялық  басқару  жүйесінің  болуына,  болмауына, 

бесіншіден,  құзырында  отырған  мемлекеттің,  жалпы  қоғамның 

диаспораға деген ықылас-ниетіне, жасаған жағдайына (білім беру, жазу-

сызу, мәдени ошақ, баспасөз, бұқаралық ақпарат т.б.) байланысты.

Осы тұрғыдан алып қарасақ, ең алдымен «жақын шетел» мен «жырақ 

шетел» қазақтарының арасындағы елеулі-елеулі парықтар көзге түседі. 

Қазақстан жеке ұлттық республика болып тұрғандықтан болар, «жақын 

шетелдің»  бірде-біреуінде  бұрын-соңды  қазақтардың  автономиялық 

құрылымы  болған  емес.  Бұл  жағынан  алып  қарағанда  Өзбекстан  (бір 

миллионға тарта) мен Ресей жеріндегі (600 мыңнан астам) қандастарымыздың 

тіл жағдайы Қытай мен Моңғолия жеріндегі қандастырмыздан  әлдеқайда 

төмен.  Шыңжаңдағы  туыстарымыз  ауылды  жерде  тұрғандықтан  қытай, 

ұйғыр тілдерінің әсері негізінен қала жағдайында көбірек байқалады. Қазақ 

жазба  әдеби  тілінде  мыңдаған  қытай  сөз-терминдерінің,  ал  ауызекі  тілге 

ұйғыр  тілі  элементтерінің  енуі,  міне,  осыған  байланысты.  Қазақстандағы 

жалпы  қазақ  әдеби  тілінен  бұл  өлкедегі  қазақ  тілінің  жазу-емле,  сөйлесу 

саласындағы кейбір  айырмашылықтары, демек, тілдік орта мен екі елдегі 

екі түрлі (кириллица және араб) жазуды пайдалануына байланысты. Басқа 

жағдайлардың бәрі де Қытайдағы диаспора тіліне оң әсер етуде. Сондықтан 

да  болар,  ондағы  туыстарымыз  жалпы  қазақ  әдеби  тілінің  бір  тұтқасы  өз 

қолымызда  деп  сезінеді  де,  ортақ  тілмен  санасуды  кейде  қажет  етпейтін 

сияқты. 


187

Қазақ  тілін  сырттай  бақылап  жүрген  түрколог  ғалымдардың 

байқауынша, бүгінде оның шұрайлы да таза сақталған жері – Байөлке. Бұл 

пікір дұрыс та. Оның басты себебі: біріншіден, Моңғолия қазақтарының  

өз  басына  отау  тігіп  отыруында  болса,  екіншіден,  негізінен  осы  өлкеде 

98  процент  болып  шоғырлана,  бірыңғай  жайласуында.  Моңғолияның 

ішкері жағындағы қазақтар жағдайы басқашалау болса да, дәл Байөлкенің 

өзінде бар жоғы 2 процент құрайтын моңғол, тыва, алтай, ұраңқай сияқты 

тіл  өкілдерінің  оған  әсері  онша  байқалмайды.  Бірақ  мұңдай  томаға 

тұйықтықтың  екінші  жағы  бар,  ол  тілді  өркениет  елдердің  үлгілерінен, 

ғылым дүниесінің табыстарынан біршама шектеуі. 

Ауғанстан мен Иран қазақтарының тіл жағдайы, біздің пайымдауымыз 

бойынша,  шамалас,  «түркістандықтар»  деп  аталып  кеткен,  негізінен 

Маймана, Бағлан, Құңдыз, Талқан, Мазар-Шериф уалаяттарында топтасып 

жасайтын  40  мыңдай  бұл  туыстарымыздың  Иран  қазақтарынан  бір 

айырмашылығы – олар ауғандардың өздерінен басқа 6 миллиондай түркі 

тілдес  (өзбек,  түркімен,  қырғыз  т.б.)  халықтар  өкілімен  араласа  отырса, 

Иранда  негізінен  ирандықтармен  көрші  тұрады.  Демек,  бұл  қазақтардың 

тіліне бірден екі түрлі тілдің әсері бар да, соның нәтижесінде өз тілінде тек 

ересектер ғана сөйлеп, жастар көбінесе ауғанша, иранша сөйлеп, ана тілін 

ұмыта бастаған. 

Кейінгі  жылдары  Ауған  қазақтары  сондағы  соғыстың  зардабынан 

қашып  Иран  ауып,  одан  Түркия  мен  Еуропа  елдеріне  бара  бастаған.  Біз 

олардың осындай бір тобымен 1991 жылы Түркі халықтарының дүниежүзілік 

құрылтайына барған сапарымызда Түркияның Кайсери қаласында кездесіп, 

әңгімелескен едік. Орта жастағы туыстарымыз өз тілін әлі ұмыта қоймаған, 

бірақ таза да сөйлей алмайды, иран, түрік сөздерін араластырып отырады 

екен.  Оның  себебі,  әрине,  белгілі.  Бұлардың  тілін  сақтап  қалуға  қажетті 

жоғарыда аталған жағдайлардың біреуі де жоқ. Олардың білетіндері – латын 

мен араб жазулары. Сондықтан да Қазақстандағы туыстарынан келген орыс 

әріпімен жазылған хаттарды олар оқи алмайды екен. 

Енді  Түркия  қазақтарына  келсек,  мұнда  басқалардан  біршама 

айырмашылықтар бар. Бұл диаспораның 40-жылдары зобалаңға ұшырап, 

Қытайдағы атамекенін тастап үдере көшіп, Тибет асып, Үндістан барып, 

Пәкістанды  біраз  паналап,  содан  Түркияға  жеткен  «азап  көшінен»  аман 

қалған 25 мыңдай шағын қауым екендігі белгілі. Олар бақытына жараса, 

дүние  жүзіндегі  ең  ірі  түркі  мемлекетінің  құзырына  тап  болып,  60 

миллиондай  ұлы  халықтың  ықылас-мейіріне,  қамқорлығына  бөленді.  Аз 

топ  болса  да  өзінің  ұлттық  қасиетін,  тілін,  дінін  сақтап  қалды.  Бүгінде 


188

Еуропа  мемлекеттерінде  жасап  жатқан  біршама  қазақтар  негізінен,  осы 

қауымның  әулеттері.  Ел  дәстүріне,  рухани  мұраға  деген  сергектік  пен 

сезімталдық та осы қауымға тән.

Тіл мәселесіне байланысты мұндағы бір ерекшелік: бұл туыстарымыз 

жаппай  түрікше  сөйлейді.  Егер  жастар  жағы  қазақ  тілін  ұмыта  бастаса, 

оның  жоғарыда  айтылған  жалпы  жағдайларынан  басқа  тағы  бір  себебі 

бар: ол қазақ тілі мен түрік тілінің өзара жақындығында. Ал туыс тілдер 

қатарласа  қолданылған  жағдайда  көпшілік  сөйлейтін  туыс  тілге  көшу 

әлдеқайда жеңіл, оны тосырқау көп байқалмайды. Дәл осындай жағдайды 

біз қазақ тіліне Өзбекстандағы өзбек тілінің ықпалынан, Түрікменстандағы 

түрікмен  тілінің,  Шыңжаңдағы  ұйғыр  тілінің  ықпалынан  айқын  көріп 

отырмыз.  Демек,  Түркия  қазақтары  тілінен  де  біз  осы  заңдылықты 

байқаймыз. 

Және бір жәйт: бір этностың үш түрлі жазуды (кириллица, араб, латын) 

пайдалануы  да  оның  ортақ  мәдени-рухани  мұрасын  меңгеруіне  нұқсан 

келтіретіні  сөзсіз.  Түркия  қазақтары  қазақстандықтардың  жазғанын,  ал 

олар өз ретінде Шыңжаңдағы туыстарының жазғанын оқи алмаған жерде 

тілдік, ұлттық, рухани тұтастық деген – бәрі жәй сөз. Сондықтан бүкіл қазақ 

қауымына ұлттық негіздегі ортақ бір жазуды ойластыратын уақыт жеткен 

сияқты. Әрбір халық тілінің мәңгілігін армандайды. Сол мәңгіліктің бір 

шарты – ұлттық ортақ жазу. 

Алыстағы ағайынның аңсары ауып, сағынышпен іздейтін атамекеніне 

келгендегі бір арманы – ана тілінің сәнді әуезін, ән-күйінің сиқырлы сазын 

есту ғой. Бұл, әрине, қара шанырақтың өз халіне байланысты. Жер бетінде 

ана тілінде сөйлейтін бір қазақ қалғанға дейін ғылым үшін ол тілді өлді 

деуге болмайды. Сондықтан да егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болып, ана 

тіліне  мемлекеттік  мәртебе  алып  беріп  отырған  халқымыз  үшін  кешегі 

әңгіме  бір  басқа,  дәл  бүгін  «қазақ  тілін  апаттан  алып  қалу»  деген 

проблема күн тәртібінен түскен. Ендігі мәселе – оны қалпына келтіру, жан-

жақты дамыту, қолданыс аясын кеңейту, өмір сүру қажеттігіне айналдыру. 

Осы  орайда  қазақ  халқына  іштен  де,  сырттан  да  тосалғы  болып 

отырған әрекеттер аз емес. Жүз жылдар бойы бел алып қалған орыс тілінің 

өктемдігі әлі күнге дейін бәсеңдер емес. Бұл өктемдік күні кешеге барлық 

республикаларда жүз беріп келсе де, бүгін ол ТМД елдерінің ішінде тек 

Қазақстанда ғана сіресіп тұр. Бұған бір-ақ себеп бар – ол демографиялық 

жағдай. Ресей жеріндегі жарты миллионан астам бауырларымыздың тіл 

жағдайы  шетелдік  туыстарымыздың  біразынан  мүшкілдеу.  Бұл  да  сол 

орыс тілінің өктемдігі. 


189

Міне,  қара  шанырақтың  халі  әзірше  осылай.  Бірақ  болашақтан  үміт 

зор.  Үлкен  бетбұрс,  жаңа  үрдіс,  ояну,  сергу  басталған  сияқты.  Жержүзі 

қазақтарының  құрылтайы  осы  бір  үрдіске  шабыт,  күш-қуат  бергей  деп 

тілейміз. 

«Қазақ – өз жерінде ғана қазақ» деген сөз бар екен. Өз басым бұл пікірге 

толық қосыла алмаймын. Өйткені  қазақ баласы  қара  шаңырақтан алыста 

жүріп-ақ  ана  тілін  ұмытпаса,  салт-дәстүрін  сақтаса,  рухани  байлығынан 

сусындаса, неге ол қазақ болмасын ? Ал өз елінде жүріп, өз үйінде отырып-

ақ ана тілінен  мақұрым болғандарды қасиетті қазақ тілі «өз перзентім» деп 

қорғай алмай отырғанына не шара?

Ұлы ақынымыз Мағжан Жұмабаев: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет