Органолептикалық зерттеу. Сүттің дәмін, иісін, консистенциясын, түсін анықтайды.
Түссіз шыныдан цилиндрге құйылған сүттің түсі күн жарығының түсуімен қояды.
Консистенциясын цилиндр қабырғалары бойынша жіңішке ағыспен құйған кезде анықтайды. Ағысында және одан кейін қалған іздер арқылы консистенциясын ғана емес, үлпешіктердің, ластанудың, уыз сүтінің бар жоқтығын анықтауға болады.
Иісін сүтті құйғанда немесе қақпағын ашқан кезде желдетілген ғимараттың бөлме температурасында анықтайды. Егер сүт шамамен 40-500С-ға дейін жақсы қыздырылса иісі жақсы ауланады. Егер сүт белгілі сау жануардан алынса шикі сүттің дәмін анықтайды. Сүттің ветеринариялық-санитариялық сараптамасы кезінде базарларда оның дәмін оның қайнағанынан кейін қояды. Сүтті жұтпайды, тек онымен тілдің бетін шайады.
Сүтті консервілеу.Сүттің сынамасын келесі зерттеулер үшін суықпен немесе химиялық заттарды қосу арқылы консервілейді.
Сүттің екі тәулік ішінде сақтау үшін +2-50С температурасында суытып сақтаған жеткілікті.
Химиялық заттардан қабылдайды:
Сутек тотығы – 100 мл сүтке 2-3 тамшы 3% сутек тотығын қосады. Сынама 8-10 тәулік сақталады.
Формалин – 100 мл сүтке 1-2 тамшы 40%-тік формальдегид ерітіндісін қосады. Сынаманы 10 тәулік сақтауға болады.
Екі хромды қышқыл калийі – 1 мл сүтке (10-12 тамшы) 10%-тік екі хромды калийді қосады. Сүтті сақтау мерзімі 10-12 тәулік.
Егер жақсы жабылған бөтелкелерде, төменгі температураларда сақтаған кезде сүт сынамасын консервілеу тиімдірек болады.
Химиялық заттармен консервіленген сүтті адамдарға және жануарларға азық ретінде, органолептикалық, қышқылдылыққа және бактериалды ластануға зерттеуге қолдануға болмайды.
Микробиологиялық зерттеуге сүт сынамаларын зарарсыздандырылған бөтелкелерге алады, және 0+40С температурада суытылған 4 сағаттан артық сақтайды.
Консервленген немесе төмен температурада ұзақ сақталған сүттен май түйіршіктерінің таралуының біркелкілік талдауын жүргізу алдында және газдардың артығын жою үшін 40-450С дейін қыздырып, кейін араластырады, 200С-ға дейін суытады.Бұл үшін сүті бар бөтелкелерді жылы суға (50-550С), кейін суық суға (15-180С) батырады. Сүтті құйғанда немесе араластырған кезде сынаманың нақты алынуына әсер ететін көпіршіктердің түзілуіне жол бермеген жөн.
Күрделі зерттеуді талап ететін сүттің және сүт өнімдерінің сынамасын, шыны ыдыста, жақсы орамаланған және жақсы таңбаланған сүргіш пен ветеринариялық зертханаға жібереді. Ыдысқа өнімнің түрін, сынаманың алынған күнін көрсететін қағазды жапсырады.
Зерттеудің нәтижесін алғанға дейін сүтті және сүт өнімдерін сатуға рұқсат етпейді. Базарларда сүт және сүт өнімдерін сатудың санитарлық ережесін сақтау кезінде медициналық зерттеудің құжаттары бар (анықтама, санитарлық кітапша) тұлғалар ғана сата алады.
Тапсырма 1. Сүттің орташа сынамасын алуды үйрену.
2. Зерттелетін сүттің органолептикалық көрсеткіштерін анықтау.
3. Зерттелетін сүтті химиялық заттармен консервілеуді жүргізу.