Тездетілген әдіс. Ет-сүт және азықтық бақылау станцияларының жағдайларында микробтық ластануды анықтаудың тездетілген әдісін қолдану ұсынылады.
Құралдар мен реактивтер: қарапайым әдіте қолданылған сол құралдар.
Анықтау жолы:Түтікшеге 38-400С-қа дейін қыздырылған 10 мл сүт, және 2 мл метилен көгін құяды (реакция қарапайым әдіспен орнату кезінде қолданылған 1 мл жұмысшы ерітіндіге, 9 мл дистиллденген су қосады). Ерітіндіні реакция қояр алдында дайындайды. Түтікшені зарарсыздандырылған резіңке қақпақпен жабады, су моншасына 38-400С температураға қояды (моншадағы су деңгейі түтік шыны ішіндегісінің деңгейінен жоғары болуы керек) және 1-3 сағ, 10 минуттан соң метилен көгінің түссізденуін бақылайды.
Бактериалды тұқымдану таптары 2-кестедегі мәліметтер бойынша қойылады. Бақылау үшін түтікшеге сүттің іспеттес сынамасын қояды, бірақ 10 минуттан және 1 сағаттан кейін қаралатын метилен көгі түссіз болуы керек.