Анықтаудың нақтылығына әсер ететін факторлар: метилен көгі ерітіндісінің дұрыс дайындалмауы, су моншасындағы төмен температура, лас түтікшелер немесе тығыз бекітіп жабылмаған қақпақтар.
Резазуринді сынама
Құралдар мен реакттивтер: термометрлі су моншасы, 1 және 10 мл тамызғыш, 0,005% -тік резазуриннің жұмысшы ерітіндісі (5 мл резазуринді 10 мл дистилденген суда езеді, 1 мл алынған ерітіндіге 9 мл дистилденген су қосады.)
Анықтау жолы. Түтікшеге 10 мл сүт және 1 мл резазуриннің жұмысшы ерітіндісін құяды. Түтікшенің ішіндегісін араластырғаннан кейін 1 сағатқа 38-400С температурға су
Егер көк-болат түс пайда болса, сүт I тапқа жатады, II көгілдір – күлгін, III – қызғылт, IV – ақ.
Тапсырма
1 Сүттің зерттелетін сынамаларының тазалық деңгейін анықтау.
2 Әр түрлі әдістердің көмегімен зерттелетін сүт сынамаларындағы бактериалды ластануын анықтау.
Сүттің қышқылдылығын анықтау
Сабақтың мақсаты: Сүттің қышқылдылығын анықтаудың әр түрлі әдістерін меңгреу.
Титрометриялық әдістің көмегімен сүттің балаусалығын белгілеу үшін сүттің қышқылдылығын анықтайды. Белсенді және титрлеу сүт қышқылдығын ажыратады.
Белсенді (активті) қышқылдығы рН мөлшермен (6,4-6,8 тең) анықталады және қышқыл мен сүт тұздарынның диссоциациядан тәуелді болады. Белсенді қышқылдық сүт және сүт өнімдердің сапасына әсер етеді, одан ферменттің активтілігі, микрофлоранның өсуі және дамуы, ақзаттардың термотұрақтылығы байланысты болады. Ол жануардың функционалды күйінің көрсеткіші болуы мүмкін. Кейбір ауруларда сүтте бейтараптайтын немесе әлсіз сілтілі реакция байқалады.
Титрлеу қышқылдығы 2 рет дисстилд\енген сумен қосылған 100 мл сүттің бейтараптауға жұмсалған 0,1Н күйдіргіш натрий ерітіндісінің мл мөлшермен анықталады және Тернер градуспен белгіленеді. Сау сиырдан жаңа сауылған сүттің титрлік қышқылдығы 16-18о.
Титрлеу қышқылдығы көп факторлардан тәуелді, ең бірінші сүттің сақтау жағдайынан және онда сүт қышқыл бактериялардың дамуынан. 13264-88 МСТ талаптарына сәйкес сүттің жоғарғы және бірінші сортының титрлеу қышқылдығы 16-18оТ, екінші сорты - 18-20оТ.
Достарыңызбен бөлісу: |