ДЖ – 6 – 2022
|
Бет
|
Тексерген
|
Б. Муратова
|
|
|
16
|
Өзг
|
Беті
|
№ құжаты
|
Қолы
|
Күні
|
Тәтті тұздықтар
Тәтті тұздықтар жас, қалбырланған,кептірілген жемістер мен жидектерден олардың пюрелерінен,шіреден,шырыннан ,сүттен дайындайды.Олардың құрамына қант,хош иісті заттар, лимон қабығы , ванилин ,шоколад,какао кіреді.Бұл тұздықтардың қоюландырғышы қызметін картоп крахмалы, ал кейбіреулерінде ұн атқарады.Оларды ыстық күйде де салқын күйде де береді.
Алма тұздығы. Алманы жуады, өзегін тұқымымен бірге алып тастайды. Тілімдеп кесіп, суда бөктіреді. Бөктірілген алманы үгеді, қайнатпа суына қант, лимон қышқылын қосады. Қайнатады. Үстіне крахмал сұйығын қосып, тағы да қайнатады, қайнау кезінде араластырып отырады. Дайын алма тұздығына дәмдік қабық қосуға болады. Тұздықты пісірмеге, пудингке, блинчикке, жеміс қосқан кепкен, құрғақ қуырылған нан қоысп береді.
Өрік тұздығы. Кепкен өрікті іріктеп алып салқын суда жуады. Ылғалдап жібітіп, 2-3 сағатқа бөктіруге қояды. Сол суда жұмсарғанша пісіреді, үгеді. Қайнатпа суына қант қосып, араластыра отырып, масса қоюланғанша пісіреді. Егер масса жеткіліксіз қою болса, онда оған сұйытылған картоп крахмалын қосып, қайнатады. Дәмін жақсарту үшін тұздыққа лимон қышқылын қосуға болады.
Жас өрікті ыстық суда жуып, қайнаған суда 30 мин. ұстайды. Қабығынан аршиды, бөлекшелерге бөледі де тұқымын (сүйегін) алып тастап қант қосады. Осылайша өрікті 2 – 3 сағ. қалдырып, сосын 5 мин. пісіреді.
Өрік тұздығын гурьевтік ботқаға, пудингке, қамырдағы алмаға, күрішті алмаға жемісті құрғақ қуырған нан қосып береді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |