Мансұр хамит (фото) Елбасы әдеттегідей Тәуелсіздік



жүктеу 3.12 Mb.

бет9/24
Дата03.03.2017
өлшемі3.12 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24

Егемендіктің берік ұстыны-Астана!

Мәдениет, өнер, білім ордалары 

көптеп ашылып, өңірлерде жұмыссыз 

жүрген осы саланың қайраткерлері 

елор даға жиналып, оның бүгінгі рухани 

келбетін, мәдениетін қалыптастырды. 

Демек, Астана тұтастай ел эконо ми-

касының қозғаушы күшіне, локо 

мо-

тивіне айналды. Ал экономика қуатты 

болған сайын мемлекеттің Тәуелсіздігі 

де берік болмақ. Сондықтан Астана 

мен Тәуелсіздік ұғымы бір-бірінен 

ажыратылмайды. 

Алдан СМАЙЫЛ, ҚР Парламенті Мәжілі-

сі нің  депутаты: 

– «Астана мен Тәуелсіздік – егіз 

ұғым» деген пікірге мен толығымен 

қосыламын. Өйткені елорданы Алма-

ты дан Ақмолаға ауыстырудың негізгі 

мән-мағынасы мынада: сол кезде 

Ресейдің кейбір солшыл күштері Қазақ-

стан ның бес облысын Ресейге қайта ра-

мыз деп шыққан. Соны тойтару қажет 

болды. Ал Ақмола тың өлкесінің қақ 

ортасында болғандықтан, бұл жерде 

де орыстардың экспансиясы қатты бол-

ды. Мен өзім оның бәріне куә болдым. 

Сол себепті Қазақстанның болашағы 

үшін шұғыл шешім қабылдау қажет 

бол ды. Әлі есімде, Президент Нұр сұл-

тан Әбішұлы Алматыда ғылымдағы 

зиялы қауым өкілдерін жинап, былай 

айтқан: «Қазақтың киелі жері, кең-бай-

тақ Сарыарқаны саяси саудаға салып 

жатқанда әсем Алатаудың баурайында 

тыныш жата алмаймыз. Біз жер жан-

наты Жетісуға сыймай кеткен жоқпыз, 

қимай-қимай кеттік. Қазіргі ел 

ОРДА


тағдырының талабы осындай!» Міне, 

осы елдік бастама іске асқаннан кейін 

арам пиғылдан шыққан әңгімелердің 

бәрі сап тыйылды. Астана әлі күнге 

дейін Тәуелсіздікті нығайтудың негізі 

ретінде қаралады. Бұл жерде сан алуан 

мәдени ошақтар ашылды. Ол елдің 

рухани дамуына аса қажет. Енді осы 

мәдени ошақтардың деңгейіне сай 

келетін ұлттық шығармалар көбірек 

жазылса, елдің еңсесі көтеріліп, рухы 

биіктей түсетініне күмәнім жоқ. 

Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ, Л.Н.Гумилев 

атындағы ЕҰУ проректоры, профессор:

– Осыдан 21 жыл бұрын еліміз қол 

жеткізген Тәуелсіздіктің күн сайын қа-

дір-қасиеті артып, айшықталып отыр-

ғаны мемлекетіміздің дұрыс ба ғыт та 

қалыптасып келе жатқанын көрсетеді.

Тарих пен тағдырдың талай сыны-

нан сүрінбей өткен қазақ елінің бұл 

жылдары жауапкершілікпен еңбек 

еткені, көп тер төккені күмән тудыр май-

ды. Қазірде Тәуелсіздіктің нәтижесі мен 

маңызын қоғамдық өмірдің қай сала-

сынан да айқын сезіне аламыз. Бұл – 

еліміздің саяси тұғыры, экономикалық, 

әлеуметтік тамырлары уақыт өткен 

сайын тереңге жайылып барады деген 

сөз. Мемлекетіміздің жүрегі, Алаштың 

айбыны мен айбары Астана шаһары – 

«Астана» сөзінің парсыдан шығатын әу бастағы мағынасы 

«табалдырық», «босаға», «сарайдың қақпасы» екен. Келе-келе қазақ ішінде 

– көп жиылатын орын, Махамбет ақынның жырында ел-жұрт жайлаған 

аймақ мағынасында қолданылғаны мәлім. Ал ХХ ғасырдың басында 

хандардың ел басқаратын орталығын білдірген «орда» сөзінің орнын 

алмастырып, мемлекеттің әкімшілік басқару құрылымы орналасқан орталық 

қаланың анықтауышына айналған «астана» сөзі ХІ ғасырға жас қазақ 

мемлекетінің, біздің бүгінгі бас қаламыздың әлем таныған атауы болып 

енді. Бұдан байқайтынымыз, қай кезеңде қандай мағынаға ие болса да, 

астана елмен, жермен тікелей байланысты, қазақтың танымында киелі мәні 

бар ұғым болғаны. Бүгінгі киелі орда Астана да Қазақстан деген мемлекеттің 

Тәуелсіздігін нығайту бағытында аттаған алғашқы «табалдырығы», төрткіл 

дүниеге айқара ашқан есігінің берік «босағасы» ғана болған жоқ, тұтастай 

елді ертеңгі болашағына ұйыстыра сүйреген, тұралаған экономиканың 

тамырына қан жүгірткен ұлттық жобаның да рөлін атқарып отыр. Демек, 

Тәуелсіздік пен Астананың бір-бірімен астасып жатқан егіз ұғым екені анық. 

Әлмисақтан (мемлекеттер пайда болған) бері солай болған, әмсе солай бола 

бермек те. 

осының айқын айғақ-дәлелі.

Астана білімінің елеулі әлеуеті 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университеті Тәуелсіздіктің жемісі деп 

білеміз. Жаңа да сәулетті оқу ғима рат-

тары, білім мен ғылым үдерісіне қажетті 

технологиялар, басқа да материалдық 

игіліктер Қазақстан азат болмаса, 

жүзеге асар ма еді?! 

Әрине, жоқ! Ендеше, біз бәріне де 

шүкіршілік етіп, келешек үшін мойымай 

тер төгуіміз керек. Елбасы идеясының 

салалануы, жасампаздық пен биік-

тіктің, сұлулық пен жарасым ды лықтың 

рәмізі – «Ақ орда», «Бәйтерек», «Қазақ 

елі», «Тәуелсіздік сарайы», «Хан ша-

тыр», «Мәңгілік ел» кешендерін Тәуел-

сіздік жылдары шежіресінің сәулеттегі 

бейнесі деуге де негіз бар. Сондай-ақ 

ЕҰУ-дағы түрлі бағыттағы ғылыми-

зерт теу институттарының елорданың, 

жалпы еліміздің ғылыми әлеуетін көте-

руге жәрдемдесіп отырғаны мәлім. 

Жаңа астананың зерделік дәрежесін

білім-ғылым бағдарын көрсететін 

Еуразия университеті Тәуелсіздік талап-

та рына толық жауап береді. 

 

Барды ұқсату, жоқты кезең-кезең-

мен орнықтыру – біздің Тәуелсіздік 

алдындағы кәсіби, адамшылық 

парызымыз.

Астана

Айбын БАҚЫТҰЛЫ

Тәуелсіздіктің қай тұстарын нығайту керек деп ойлайсыз?



Оразалы СӘБДЕН, 

экономист:

Жүсіпбек 

ҚОРҒАСБЕК,

«Жас-өркен» ЖШС-

нің директоры:

Ерлан АРЫН, 

Павлодар 

облысының әкімі:

? А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

– Меніңше, 21 жылдың ішінде тәуелсіздігімізді 

нығайту мақсатында көптеген жұмыстар атқарылды. 

Бұл орайда айтарлықтай жетістікке жете алдық. 

Мұның бәрі тікелей Елбасымыздың арқасы деп 

ойлаймын. Ол кісі мемлекетімізге тәуелсіздікті өз 

қолымен алып беріп, оның нығаюына талмай еңбек 

сіңіруде. Енді, сол игі істі жалғастырып, сол кісінің 

идея сын қолдауымыз қажет. Халық осы мақсатта 

бірігіп, бірлесе жұмылса, тәуел сіздігіміздің барлық 

қыры нығая түседі. Егемендіктің тұғыры биіктеп, 

тәуел  сіздігіміз мәңгілік болады. Онан кейін тәуел-

сіздік ұғымы ұрпақ санасына мәңгілік қашалып 

қалуы үшін рухымызды биіктеткеніміз жөн. Рух 

дегенім – біздің тіліміз, рух дегенім – біздің іскер-

лігі міз. Сондықтан да, рух арқылы салт-дәстүрді 

да мы  тып, өзге елдермен терезесі тең елге айнал ға-

нымызды түсінетіндей дәрежеге жетсек деймін.

– Меніңше, өнімді өзіміз өндірмей тәуелсіздікті нығайта ал май-

мыз. Сол себепті де, өзіміздің өндіріс орындарымызды, өзіміз дің 

тауар өндірушілерді қолдайтын кез келді деп ойлаймын. Сонда ғана 

біз тәуелсіз ел ретінде бәсекелестікке қабілетті бола аламыз. Сон дық-

тан да ауыл шаруашылық саласына баса назар аударған жөн. Өйткені 

әлем алдында мал өнімдері мен бидайымыз біздің брендіміз бол ған. 

Осы салаларды дамытып, өнімді шетелге сатуды жүйелеп, өнді  ріс 

мамандарын дайындау керек. Екіншіден, тәуелсіздіктің тұғы рын 

бекемдейтін руханият саласы кенжелеп қалды. Кеше ғана Түркістанды 

рухани орталыққа айнал дыру жөнінде мега-жоспар ұсындым. Онда 

руха 

ни-техно 



логиялық кластер жасау мәселесін қам 

 

тыдым. Бір 



жағынан елімізді Түр кістан арқылы рухани, екінші жағы  нан Кентау 

қа ла сы арқылы тех но логиялық кластерді дамы туды жолға қоюға бо-

ла ды. Мұны айтып отырған себебім, біз тәуел сіздікті нығайту үшін 

әр  қай сымыз  осын дай  идеялар  төңі ре гін де  еңбек  еткеніміз  жөн 

секілді.

– Меніңше, кез келген мемлекет тәуелсіздігінің үш тағаны – экономика, сая-

сат, идеология. Ошақтың үш бұтындай осы үш тағанның бірі болмаса, тәуелсіздік 

әлсірейді. Қазір экономикамыз бен саясатымызды жүйеге келтіріп алдық. Енді 

басым бағытты идеологияға бұратын кез келді. Идеологиядағы ұлт мәсе лесіне 

көбірек назар аударуымыз қажет. Себебі кейбір көрші мемле кет те ріміз эко-

номикалық мәселелері әлсіз болғанымен, идеологиялық бағытта айтар лықтай 

жұмыстар атқарып жатыр. Мысалы, қазір көрші Қырғызстанның өзін де қара-

пайым губернатордан бастап, жоғарғы шенді шенеуніктерге дейін қырғыз тілін 

білуі керектігі жөнінде заң қабылдамақ. Олар қырғыз тілін біл мей тін жоғарғы 

шенді шенеуніктерге айыппұл салмақшы. Сонымен қатар мем лекеттік қызметке 

орналасқысы келетін талапкердің бәрін қырғыз тілінен емти хан тапсыруға мін-

деттемек. Тіл дегеніміз – ұлттық идеологияның бөлін бей тін бөлшегі. Біз де сол 

себепті тәуелсіздікті нығайту үшін осындай қадамдар жасауы мыз қажет. Яғни, 

тіл, діл, дін сияқты мәселелерде мықты болуымыз керек. Дінге аса мән бер ме-

геніміз себепті еліміз біраз зардап шегіп қалды. Қазір кеш те болса, сол олқы-

лықтың орнын тол ты рып жатырмыз. Сондықтан да, тәуел  сіздікті нығайтамыз 

десек, идео ло гиялық мәселелерді дер кезінде қолға алған жөн. 



Дайындаған Қанат БІРЛІКҰЛЫ

Ақпараттық-идеологиялық салада толық 

тәуелсіздікке қол жеткізу үшін не істеу керек?

БЕЗБЕН


БІРІНШІДЕН...

Қазақ журналистикасы әлемге қазақ 

мемлекетінің, қазақ ұлтының көзімен қа-

райтын кез келді. Журналистер бір ақпарат 

алу үшін ресейлік, я болмаса өзге елдің 

ақпарат құралдарына жүгінуге мәжбүр. Ол 

ақпараттар сол мемлекеттің ішкі идео ло-

гия сына сай бейімделетіні рас. Қазақстан 

журналистикасы өзге елдің емес, қазақ 

мемлекетінің көзқарасын, ұстанымын 

айқындауы қажет. Сол себепті қазақ елші-

лігі бар елдердің әрқайсысына мемлекет 

тарапынан журналистер жіберіп, әр елден 

ақпарат тарататын арнайы ақпараттық 

агенттіктер құру қажет. Осы қадам бары-

сын да елшіліктердің жанынан тіке ақпарат 

жинайтын, тарататын журналистер база-

сын қалыптастыруға да болатын еді. Ол 

журналистер сол елдердегі басты-басты 

жаңалықтарды еліміздің позициясына сай 

жеткізіп отыруына жол ашып, осы арқылы 

әлем  алдында  қазақ  жур на лис тикасының, 

қала берді Қазақстанның ақпа 

раттық 


тәуелсіздігін сақтап қалуға алғашқы қадам 

жасалар еді. 



ЕКІНШІДЕН...

Еліміздің шекаралы аймақтары көрші 

елдердің арналарын тұтынуға мәжбүр. 

Шығысымыз Қытайдың, оңтүстігіміз 

Өзбек станның, Солтүстігіміз Ресейдің теле-

арналарымен сусындап, еліміздің басты 

арналары мен радиолары шет аймақтарға 

әлі күнге жеткілікті хабар тарата алмай 

отыр. Сол себепті де, мемлекеттік арналар 

мен радиолардың күллі қазақ даласына 

кең тарауын қамтамасыз етуіміз керек.

ҮШІНШІДЕН...

Өзге мемлекеттердің ақпараттық 

экспан сиясына қарсы тұрудың заңнамалық 

тетіктерін қарастыру қажет. Бұл орайда, 

интернет саласына да баса көңіл бөлген 

жөн. Өйткені интернет журналистиканың 

ақпаратқа қолжетімділігі жағынан тиім-

ділігі орасан болғанымен, қауіп-қатері де 

зор. Әлем бойынша 1995 жылы интер-

нетті 45 миллион адам пайдаланса, 2010 

жылы олардың саны 2 миллиардтан асып 

жығылған. Болжам бойынша, 2015 жылы 

пайдаланушылардың саны 4 миллиардқа 

жақындайтыны айтылады. «Internet World 

Stats» агенттігі зерттеу нәтижесі бойынша 

қазір Қазақстанда күніне 5,6 миллион 

адам әлеуметтік желілерді пайдаланады 

екен. Бұл көрсеткіш алдағы уақытта артпа-

са, кемімек емес. Сондықтан да, сөз бос-

тан дығына нұқсан келтірмейтіндей жол-

дар 

ды тауып, ұлтараздығын, мемлекет 



тұтастығын бұзатын экстремистік пиғыл да-

ғы ақпараттарды шектейтін виртуальды 

поли ция жасақтау ісін жеделдеткен жөн. 

ТӨРТІНШІДЕН...

Қаншама қандастарымыз өзге Отанда 

өзге ұлттың азуында жұтылып кетудің аз-

ақ алдында тұр. Олар жат елде жүрсе де өз 

тілін, өз мәдениетін, өз салт-санасын 

ұмыт 


пау үшін күресіп бағуда. Біздің 

мемлекет сол қандастарымызды қана ты-

ның астына алатын уақыт жетті. Қан дас та-

рымыздың тіл мен дінді, мәдениет пен 

салт-сананы ұмытпауы үшін қазақ диас-

порасы көп шоғырланған елдерге мем ле-

кеттік арналар мен радиолар хабар та ра-

ПАЙЫМ


Тәуелсіздігімізге 

тәубе дейік 

Қазақ елі – Тәуелсіз мемлекет, дербес, азат ел. Егемен ел 

болғанымызға 21 жыл толып отыр. Тарих үшін бұл әрине, қас 

қағымдай сәт. Бірақ жер бетінде тәуелсіздігін сақтай алмаған, 

азаттықты аңсап жүрген қаншама елдер бар. Олар дербестік 

алып, әлемге танылмақ түгіл, әлі күнге дейін бостандығын ала 

алмай жүр. Ал қазақ елі 21 жыл ішінде іргелі, айбынды 

мемлекетке айналды. Бүкіл әлем таныды, тамсанып, таңғалып 

келеді. Бұған тәубе деуіміз керек. Біз бұл тақырыпта 

тәуелсіздігін сақтай алмаған және азаттықты аңсап жүрген 

елдер төңірегінде аз-кем тоқталғанды жөн көрдік. 

Этнографтардың пайымдауынша, 

әлем де 3,5 мыңнан аса ұлт бар екен. Бірақ 

Біріккен Ұлттар Ұйымының қатарында 

бүгінде 193 мемлекет қана бар. Әрине, 

БҰҰ құрамына тек Тәуелсіздігі танылған 

мемлекеттер ғана мүше бола алатыны 

белгілі. Енді әлемде тәуелсіздігі танылмаған 

қанша мемлекет барын осыдан-ақ бағам-

дай беріңіз. Тіпті 50 миллионнан аса халқы 

бар күрдтер де, 20 миллионнан аса ұйғыр-

лар да әлі күнге дейін дербес ел бола алған 

жоқ. Шотландиялықтар да Ұлы 

бри 


та-

ниядан тәуелсіздігін алғысы келеді. Олар 

тәуелсіздікке қатысты референдумды 2014 

жылы өткізуді жоспарлап отыр. Венеция 

халқының да Италиядан бөлінгісі бар. 

Бавария Германиядан тәуелсіздік алғысы 

келе 

тінін ашық жеткізіп жүр. Корнуолл 



халқы, Джерси аралы Ұлыбританиядан 

дер 


бестікті аңсаса, Палестина халқы 

Израильден бөлініп, егеменді ел болғысы 

келеді. Австрияның қарамағындағы чех-

тар, словактар т.б. ұлттардың кейбірі авто-

но мия сұраса, енді бір ел дербес мемлекет 

атануды аңсап жүр. Санамалай берсек, 

әлемде тәуелсіздігін ала алмай жүрген, 

азат тықты аңсап, дербестікке қол жеткізе 

алмай жүрген елдер өте көп. Онымен қоса, 

тәуелсіздік алғанымен оны мойындата 

алмай отырған мемлекет те қаншама?! 

Мәселен, Африка құрлығында Сомали 

тер риториясындағы Сомалиленд, Пунт-

ленд, Галдумуг, Нортленд елдері, Пәкіс-

тандағы Вазиристан, Мьянмадағы Шан 

және Ва елдері өз тәуелсіздігін мойындата 

алған жоқ. Кейбір елдердің тәуелсіздігі 

әлемдік қауымдастықтың бір бөлігінің 

тарапынан мойындалды. Мысалы, Сахара 

араб демократиялық республикасын – 49 

ел, Палестинаны – 97 ел, Косовоны – 60 

ел, Тайваньды – 23 ел, Абхазия мен Оң түс-

тік Осетияны екі ел ғана мойындап отыр. 

Ал кейбір елдер өзара бір-бірінің тәуел сіз-

дігін мойындамайды. Израиль мем ле ке-

тінің тәуелсіздігі көптеген Араб елдерінің 

тарапынан таныла қойған жоқ. Сол секілді 

Қытай Тайваньның, Чехия мен Словакия 

Лих тенштейннің, ал Лихтенштейн Чехия 

мен Словакияның тәуелсіздігін мойындай 

қойған жоқ. 

Камал БҰРХАНОВ,

ҚР Парламенті Мәжі лісінің депутаты:

– Әлемде 193 мем лекет бар. Оның 

үстіне, АҚШ, Канада, Жаңа Зе ландия, 

Австралия се кілді елдер ұлт тың негі зін-

де емес, жан-жақтан жи нал ған эми-

грант тардың  есебінен  құ рыл ған.  Сон-

дық тан тәуелсіз мемлекеттер әлемде 

193 емес, одан да аз деп есептеймін. 

Сондай-ақ кезінде түрлі жағдайларға 

байланысты  тәуел сіз дігінен  айырылып 

қалған мемлекеттер бар. Мәселен, 

Үндіс тан,  Пәкістан,  Бан гла деш,  Африка 

елдері, Бразилия, Индо незия, Оңтүстік 

Америка т.б. көптеген елдер дер бес ті-

гінен айыры лып, өзге елдің боданында 

болды. Кейін түрлі жағдайларға бай ла-

нысты қайтадан азаттық алды. Сол 

секілді біз де кезінде тәуелсіздігімізден 

айырылып, Кеңес одағының қара ма-

ғында өмір сүрдік. Соңғы ханымыз 

Кене 

сары хан неге қиын жағдайда 

қайтыс болды? Басы Петербургте, де-

несі Бішкекте қалып қойды. Өйткені ол 

екі жақпен қырқысты. Солтүстіктен 

орыс патшасы, оңтүстіктен Қоқан ханы 

қыспаққа алды. Біздің ел Қоқан әскерін 

Қызылордадан Бішкекке дейін қуып 

шықты. Өкінішке орай, Кеңес одағы 

кезіндегі тарих на мада осы қақтығыста 

«қазақ пен қырғыз соғысты» делінген. 

Ол дұрыс емес. Қазақ қырғызбен емес, 

Қоқан хандығымен соғысты. Ал қыр-

ғыз дар Қоқан ханның құрамында бол-

ды. Осындай қиын-қыстау кезде біз 

тәуелсіздігімізден айырылып қалдық. 

Алайда кейін келе-келе етек-жеңімізді 

жинап, егемендігімізді алдық. Бұл ара-

лық та қаншама көтеріліс, ұлт-азаттық 

қақтығыстар орын алды. Бірақ тәуел-

сіздікке қол жеткізіп, егеменді ел бол-

ға 

нымызға 21 жыл толды. Тарихта 

талай-талай ауыртпалықты бастан ке-

шір се де, ешкімге басын имеген қазақ 

халқы қазір әлемдік дүбірге қосылып, 

әлем елдерімен иық тіресуде. Ендеше 

әрқашан да әрқайсымыздың кішкене 

отбасымыздан басталатын кең байтақ 

ұлы Отанымыздың тәуелсіздігі нығая 

берсін, көк аспанымызбен астасқан көк 

туымыз әрдайым биіктен желбірей 

берсін дегім келеді.

Шынында да, Тәуелсіздігіміздің арқа-

сын да Қазақстан қарыштап дамыды, бар лық 

жағынан ел абыройы әлемге асқақ та ды. 

Шетелден  миллионға  жуық  қан  дас  тарымыз 

көшіп келді. Тәуелсіздік болмаса, олар қалай 

көшіп келер еді. Бүгінгі күні Қазақстан 

әлемдік саясатта, экономика мен өмірдің 

өзге де салала рын да өзіндік орны мен күші 

бар мемлекетке айналды. БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, 

ИКҰ сияқты көптеген халықаралық 

ұйымдардың мүшесі, тіпті төрағалық та етті. 

Осының барлығы да – Тәуелсіздіктің 

арқасында қол жеткізген жетістіктеріміз.



Серік ЖҰМАБАЕВ

Бабалар арман еткен 

тәуел сіздігіміздің  іргетасын 

қала ғанымызға – 21 жыл. 

Осы уақыт аралығында 

қазақ елі күллі ғаламға өз 

тәуелсіздігін мойындатып, 

әлемдегі алдыңғы қатардағы 

мемлекеттердің сапынан 

кө рінді. Экономикасы мен 

руха нияты қатар да мып, 

талай белестерді бағын-

дырды. Әлем қазақ ұлтының 

мемлекеті бар екенін білді. 

Десек те, ақпараттық тұрғыда 

тәумен діліктен құтыла алмай 

отыр  мыз. Өйткені қазір «ақ па-

раттық соғыс» деген сөзді жиі 

айтқанымызбен, ол «соғыста» 

жеңілмеудің жолдарын 

жан-жақты  қарас ты рып 

үлгерген жоқпыз. Сон да да, 

бейқамбыз. Ендеше ақ па-

раттық тәуелсіздікке қол жет-

кізу үшін мемлекетіміз қан дай 

қадамдар жасағаны жөн. 

тып, мемлекеттік басылымдарды жеткізу 

мәселесін қолға алу қажет. Сонда ғана өзге 

елдегі қазақ азаматтарымыз біздің ақпа-

рат тық тұрғыда тәуелсіздікке жеткенімізді 

аңғарар еді.



СІЗ НЕ ДЕЙСІЗ?

Өміржан ӘБДІХАЛЫҚ, журналист: 

– Ақпараттық-идеологиялық салада толық тәуелсіздікке жету – Қазақстанның 

қазіргі жағдайында күрмеуі қиын істің бірі. Бұл дегеніміз, өзге озық жұрттардағы 

секілді мемлекеттің, яғни мемлекеттің алтын діңгегі – бір ұлттың мүддесін 

ақпараттық ғасырда толық қорғап, ақпараттық қауіпсіздік белдеуін жасап, ұлттық 

идеологияға қызмет ету деген сөз. Осы арқылы мемлекет пен ұлт болашағының 

қауіпсіздігін қамтамасыз ете ала мыз. Сондықтан да, ақпараттық және идеологиялық 

салада мемлекетіміз өз қолы нан келетін қадамдарға жалтақтамай, батыл баруы 

керек. Әуелі, ақпараттық қауіпсіздік мәселелерінің кейбірін кешеуілдетпей шеше 

отырып, мемлекеттік һәм тәуелсіз және жартылай бағынышты ақпарат 

құралдарының арасында ашық бәсекелестікке жол ашқа нымыз жөн. Ол 

бәсекелестікті мемлекет пен ұлт мүддесі тұрғысынан қарастыру шарт. Бұл өз 

кезегінде ұлт баспасөзінің басымдық алуына жол ашар еді деп ойлаймын.

Т.ӘБДІРАХМАН

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Мансұр ХАМИТ (фото)

№2

№2



2

23 (


(90

90

5)



5) 



1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал