Материалдары



Pdf көрінісі
бет7/35
Дата03.03.2017
өлшемі3,37 Mb.
#6062
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35

Библиографический список 
1. Алексеев СВ. Дифференциация в обучении предметам естественнонаучного цикла.  -Л., 1991. 
2. ГузикН.П. Обучение органической химии. - М., 1988. 
3. Эльконина Д.Б., Давыдов В. В. Технологии развивающего обучения. -М., 1996. 
4. Дьяченко В.К. Групповые обучения. - М.: Педагогика, 1989. 
5. Фирсов В.В. Дифференциация обучения на основе обязательных результатов обучения.  - М., 
1994. 
 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ 
ТҰРҒЫДАН ҚАРАСТЫРУ 
Касымсейтова С.А. 
А. Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті 
Костанайский государственный университет имени А.Байтурсынова 
Kostanay State University named after A.Baitursynov 
 
Ел  Президентінің  «Қазақстан  –  2030»  жолдауында  «Біздің  табиғат  ресурстарымыз  орасан 
зор байлық, әлемдік тәжірибеде табиғи байлығы бар елдер оны дұрыс игере білмегендіктен кедей 
елдер  қатарынан  шыға  алмай  қалғаны»  туралы  айтқан.  Олай  болса  қазақ  жерінің  байлығын 
бағалайтын, табиғатын аялайтын жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне кӛбірек кӛңіл бӛлу – қазіргі 
ӛмір талабы. 
БҰҰ Қазақстанды экологиялық жағдайы ӛте нашар елдердің қатарына жатқызады. Қазіргі 
таңда  табиғи  байлықтарды  пайдалану  тонаушылықпен  жүргізілуде.  Қоршаған  ортаны  қорғау 
туралы,  ерекше  қорғалатын  аймақтар  туралы  заңдар,  қажетті  нормативтіқ-құқылық  базалар, 
экономикалық  механизмдер  болғанымен  іс  жүзінде  ол  заңдар,  ережелер  ӛз  дәрежесінде  жұмыс 
істемей  жатыр.  Мұның  бір  себебі,  азаматтардың  экологиялық  мәдениеті  деңгейінің  тӛмендігі. 
Экологиялық  мәдениет  -  бұл  азаматтардың  экологиялық  сауаттылығы,  ақпараттармен  хабардар 
болуы,  табиғатты  тиімді  пайдаланудың  нормаларын  күнделікті  орындау  белсенділігі  мен 
сенімділігі. 
Қоғамды  экологияландыру  –  бұл  адамның  табиғатпен  үйлесімділігіне  қол  жеткізуге 
бағытталған  қоғам  кӛзқарасының  жаңа  жүйесін  қалыптастыру  процесі.  Тарихи  тұрғыдан 
бағдарласақ,  адамның  ӛмір  тіршілігінің,  қызмет-әрекетінің  негізі  –  табиғат  заттары  мен  табиғи 
процестер.  Олар  адамзаттан  әлдеқайда  бұрын  пайда  болған,  адам  санасынан  тыс  және  тәуелсіз 

 
41 
 
ӛмір сүреді. Қоршаған ортаны танып білу, игеру барысында адам табиғат дүниесіне қуатты және 
ауқымды  ықпал  ете  алатын  құдіретті  ӛзгертуші  күшке  айналады.  Мұны  ғылымда  «екінші 
табиғат» деп атайды. 
Қоршаған  ортаны  қорғау  туралы  пікірлерді  біз  кӛне  дәуір  оқымыстылары  Эмпедокл, 
Гиппократ,  Теофраст  еңбектерінен  кӛреміз.  Олар  ӛсімдіктер  мен  жануарлар  тіршілігінің 
біріншіден  морфологиялық,  екіншіден  физиологиялық  бейімделушіліктің  қоршаған  ортаға 
тәуелділігін экологиялық тұрғыдан қарастырды. 
Шығыстың екінші  ұстазы, әл-Фарабидің пайымдауынша табиғаттың баға жетпес байлығы 
біріншіден  адамды  оқу-білім,  тәлім-тәрбие,  ізгілік  сияқты  қасиеттерге  баулу  үшін  алдымен 
қоршаған дүниені, табиғат құбылыстарын танып-білу керек; екіншіден табиғатты аялау, ізгілікке 
баулу ұлттық тамырдан нәр алады, үшіншіден табиғатқа деген адам кӛзқарасының дұрыс бағытта 
болуы оның ой-сезіміне әсер етіп, мінез-құлқын жетілдіру арқылы жүзеге асады. 
Ұлы  Абай  да  ӛзінің  қарасӛздерінде  табиғат  туралы  философиялық  ой-пікірлер  мен  табиғат 
заңдылықтарын  терең  пайымдап,  табиғаттың  бар  байлығын  адам  баласының  аузына  тосып, 
таусылмас  азық  болып  отырғандығын  кӛрсете  келе,  «Кім  ӛзіне  махаббат  қылса,  сен  де  оған 
махаббат қылмағың парыз», – деп ӛскелең ұрпақты табиғат-ананы сүйе білуге үндегені белгілі.  
Демек, философтардың, педагогтардың еңбектеріндегі ой-тұжырымдардан олардың экологиялық 
тәрбие беруді экологиялық сана, экологиялық таным, экологиялық қарым-қатынас; экологиялық 
іс-әрекет;  экологиялық  сезім;  экологиялық  қызығушылық;  экологиялық  кӛзқарас  ұғымдарымен 
бірлікте қарастырғанын байқаймыз. 
Қазақстан  Республикасы  білім  беру  жүйесінде  экологиялық  білім  мен  тәрбие  беру 
тұжырымында  «пәндерді  экологияландыру  дегеніміз  –  дәстүрлі  пәндерді  оқыту  барысында 
тақырыптардың мазмұнын қосымша жаңа экологиялық мәліметтермен байыту» - деп кӛрсеткен. 
Адам  мен  табиғаттың  қарым-қатынасын  жақсарту  бағытталған  тағы  бір  шара  —  табиғат 
байлықтарын  тұтынуды  ақылға  сиымды  мӛлшерде  ӛзіне-ӛзі  шек  қою.  Халықтың  экологиялық 
санасын  қалыптастыру  міндетті  экологиялық  білім  мен  тәрбие  берудің  бірқатар  комплексті 
мәселелерінен  тұрады.  Олар  —  экологиялық  ғылыми  сананы  қалыптастыру,  экологиялық 
этиканы, экологиялық психологияны және экологиялық құқықтық сананы қалыптастыру қажет. 
Аталған  ғылыми  негізделген  мәселелерді  жүйелі  және  кешенді  түрде  жүзеге  асыру  қоғамды 
экологияландырудың негізгі іргетастарының бірі болып есептеледі. 
 
Қазақстандағы экологиялық проблемалар шиеленіуі жалпы әлемдік шиеленістен кем емес. 
Табиғатты  қорғау  –  бұл  табиғи  жер  және  су  ресурстарын  ұғымды  пайдаланып,  сақтауды  және 
ұдайы  ӛсіруді  қамтамасыз  етуге  бағытталған  мемлекеттік,  қоғамдық,  экономикалық  заңды 
шаралар жүйесі. 
  
Библиографиялық тізім 
1.
 
Манкеш  А.Е.//Автореферат.Үздіксіз  білім  беру  процесіндегі  экологиялық  тәрбие 
сабақтастығының ғылыми-педагогикалық негіздері.Алматы; 2008.-98б. 
2.
 
Бұзаубақов К.Ж. //Мектептік экология негіздері. Оқу құралы: - Тараз; ТарМУ, 2000-139б. 
 
ЖОҒАРЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ 
 (А.Байтұрсыноватындағы Қостанай мемлекеттік университетінің мысалы негізінде) 
А.Наметов, А.Әбсадықов, 
А. Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті 
Костанайский государственный университет имени А.Байтурсынова 
Kostanay State University named after A.Baitursynov 
 
ХХ ғасырдың басында Алаш зиялылары: «…Жұрт ісінен кімге де болса жұмыс табылады. 
Әркім  әлі  келетін  жұмыс  алсын.  Жадымызда  болсын.  Аз  нәрсе  кӛпке  сеп  болмақшы»,  деген 
үндеу  тастаған  еді.  Сол  жұрт  ісіне,  ұлт  мұратына  қатысты  үндеу  Қазақстан  мен  Еуразиялық 
экономикалық  одақ  арасындағы  қарым-қатынас  тереңдеп,  еліміз  Дүниежүзілік  сауда  ұйымына 
мүше болып кірген бүгінгі таңда да аса ӛзекті болып тұр. Кез келген интеграция алдымен білім, 

 
42 
 
ғылым,  интеллектуалдық  бәсекелестіктің  кӛрігін  қыздыратыны  белгілі.  Бәсекелестік  талабына 
сай  білім  беру  мен  ғылым  игерудің  заманға  лайық  үлгісі,  жастарды  тәрбиелеудің  мемлекеттік 
тұжырым  мен  ұстанымдар  Президенттің  «Қазақстан-2050»  стратегиялық  жоспарында 
айқындалған.  Елбасының  ұсынысымен  қабылданған  «Нұрлы  Жол»  бағдарламасы,  «100  нақты 
қадам»  Ұлт  жоспары  –  аталмыш  стратегияны  жүзеге  асыруды  тереңдетуге  бағытталған  игі 
бастамалар. 
А.Байтұрсынов  атындағы  Қостанай  мемлекеттік  университеті  бүкіл  қазақстандықтар 
атсалысып жатқан «жұрт ісіне» үлес қосуды ел алдындағы басты борышы, мемлекеттік маңызы 
бар  міндеті  деп  санайды.  Солтүстік  аймақтағы  іргелі  білім  ордасы  «Нұрлы  Жол» 
бағдарламасында,  «100  нақты  қадам»  Ұлт  жоспарында  айқындалған  арнаға  еніп,  елімізде 
жүргізіліп  жатқан  үдемелі  инновациялық  индустрияландыру  бағдарламасына  мамандар 
даярлайтын  10  жоғары  оқу  орнының  қатарына  қосылды.  Еліміздің  экономикалық  қуатын 
арттыруға  бағытталған  бағдарламалар  негізінде  Елбасы  мен  Үкімет  тарапынан  беріліп  жатқан 
сенімді  ақтау  үшін  тындырымды  тірлік  пен  ұлы  Абай  ӛсиет  еткен  «ақылға  бірлік»  керек. 
«Ақылға  бірлік»  дегеннің  қазіргі  заманауи  ұғымы  ұжымның,  не  болмаса  мекеменің  бағыт-
бағдарын,  даму  жолдарын  «ақылдастар  алқасы»  немесе  «корпоративтік  кеңес»  арқылы  «кесіп-
пішіп», бірлесе басқару. 
Сапалы  маман  дайындаудың  қыр-сырын  ақылдаса,  пікірлесе  отырып  шешу  үшін 
университет жанынан Қостанай ӛңіріндегі  ірі кәсіпорындар, ӛндіріс ошақтары, бизнес ӛкілдері, 
сондай-ақ,  мемлекеттік  мекемелер  басшыларынан  тұратын  Қамқоршылар  кеңесі  мен  Түлектер 
қауымдастығы  құрылған.  Олар  оқу  ісін  және  болашақ  мамандарды  дайындау  барысын  ӛндіріс 
мұқтаждықтарына  орай  ұйымдастыру  және  жетілдіру  бағытындағы  нақты  ұсыныстары  мен 
келелі кеңестері арқылы білімнің сапасын кӛтеруге қатысады. 
Бір  мақсат,  бір  мүдде  тұрғысынан  жұмыс  жасайтын  бірлесе  басқарудың  нәтижесінде 
студенттерге  теориялық  танымды  тікелей  ӛндіріс  орындарындағы  практикамен  үйлесімді 
ұштастырып,  мамандықтың  кәсіби  қыр-сырын  «кӛзбен  кӛріп,  қолмен  ұстап»  үйреніп, 
компетенттілік дағдыларын игеруге кең жол ашылатыны сӛзсіз. Сапалы білім беру үрдісінде тізе 
қосып бірлескен саясатты тереңдету – еліміздің экономикасын дамытуға, болашақ жас маманды 
жұмысқа алдын ала орналастыру, бәсекелестікке қабілеттілікті арттыру бағытындағы аса тиімді 
жолдардың  бірі.  Бұл  бағыттағы  маңызды  тетіктердің  бірі  –  оқу  бағдарламаларының  ӛндіріс 
сұранысына, жұмыс берушілердің талабына қарай икемділігін арттыру. 
Осы  орайда  университеттің  тыныс-тіршілігінде  нақты  орын  алған  мынадай  бір  кӛріністі 
тілге тиек еткіміз келеді. Ӛткен жылдары Еуразия кеңістігіне аса танымал Қостанайдағы белгілі 
кәсіпорын  –  «Баян  сұлу»  кондитер  фабрикасы  технолог  мамандарға  сұраныс  білдірді. 
Университет  технологтар  дайындалатын  «Ӛңдеу  ӛндірісінің  технологиясы»  мамандығының 
бағдарламасына  ӛзгеріс  енгізіп,  аталмыш  ӛндіріс  орнының  компетенттілік  талабы  мен 
сұранысының негізінде жасақталған оқу траекториясын құрды. Сӛйтіп, дер кезінде кәсіпорынды 
тиісті  мамандармен  қамтамасыз  етті.  Ал  келесі  жылы  кәсіпорын  жұмыс  орны  толғандықтан, 
мамандарды  бірлесе  дайындауға  қатыспайтындығын  мәлімдеді.  Ӛз  кезегінде  оқу  орны  ӛзге 
ӛндіріс  орнының  мамандарға  қоятын  компетенттілік  талабы  мен  сұранысы  негізінде  білім 
бағдарламасын  қайта  жасақтап,  жаңа  мазмұндағы  оқу  траекториясына  ауысты.  Құбылмалы 
нарықтың  сұранысына  сай  оқу  бағдарламаларының  икемділігін  үнемі  жетілдіріп  отыру,  оны 
ӛндіріс  орындарының  компетенттілік  талабы  мен  сұранысына  бейімдеп  жасақтау  оқу  орнының 
тыныс-тіршілігіндегі қалыпты кӛрініс болып қалыптасуы тиіс. 
Оқу  бағдарламаларында  орын  алатын  ӛндіріс  орындарының  мамандарға  деген 
компетенттілік  талабы  демекші,  осыдан  2-3  жыл  бұрын  экономикалық  факультеттің  «Қаржы» 
мамандығы  түлектерінің  жұмысқа  орналасу  мүмкіндіктері  күрт  тӛмендеп  кетті.  Жұмыс 
берушілер  мен  түлектер  арасында  сауалдама  жүргізу  арқылы  университетті  тәмамдаған 
қаржыгерлердің  білімі  талапқа  сай  болғанымен,  практикалық  тәжірибе  мен  іскерлік  қарым-
қатынастың  коммуникативтік  дағды,  ұстамдылық,  сыпайы  мінез-құлық  сынды  ажырамас 
қабаттары түлектер бойында кемшін екендігі анықталды. Мұны жою үшін білім бағдарламасына 
іскерлік  қарым-қатынас  психологиясы,  іс  жүргізу,  коммуникативтік  дағдыны  қалыптастыруға 

 
43 
 
жәрдемдесетін  «Бәсекеге  қабілетті  тұлға  психологиясы»  пәні  енгізіліп,  мамандықтың  оқу 
жоспарындағы  кәсіпке  бейімдейтін  пәндер  практикалық  машықтануға  бағытталған  мазмұнмен 
толықтырылды. Соның нәтижесінде түлектердің бәсекеге қабілеттілігі артып, жұмысқа орналасу 
мүмкіндігі кеңіді. 
Қазіргі  таңда  қаржы  мамандығында  білім  алып  жатқан  студенттер  1-курстан  бастап 
практикаға  негізделген  пәндерді  облыс  орталығындағы  қазақстандық  және  ресейлік  ірі 
банктердің филиалдарында ӛткізеді. Олардың сабақ кестесі де теориялық білім мен практиканы 
қатар ұштастыруға бейімделіп жасалған. Нарықтың, ӛмірдің ӛзі талап етіп отырған осындай істер 
университет тәжірибесіне, оқу үрдісіне әбден орныққан кӛрініске айналды. 
Қазақстанның  стратегиялық  бағдары  білім-ғылым  саласын  инновациялық  экономиканың 
құрамдас арнасы ретінде дамытуды кӛздейді. Бұл бағдар білім ордалары мен ӛндіріс ошақтары 
арасында  «білім-ғылым-ӛндіріс»  деп  айшықталатын  интеграциялық  форматты  қалыптастырып 
отыр.  Сол  стратегиялық  бағыттың  нақты  бір  кӛрінісі  ретінде  университетке  индустрияландыру 
картасына  енген  ӛңірлік  инновациялық  ӛндіріс  орындарына  заманауи,  бәсекеге  қабілетті 
мамандар  дайындау  міндеті  жүктеліп,  «Нұрлы  Жол»  бағдарламасы  шеңберінде  кәсіби 
магистратураның  «Машина  құрастыру»  және  «Азық-түлік  қауіпсіздігі»  бағытына  110 
мемлекеттік білім гранттары бӛлінді. 
Білім гранттарына ие болған болашақ мамандар ӛндіріс орындарының базаларында тікелей 
практикалық  білім  алып,  сол  ӛндірістің  түйткілді  мәселелерін  шешуге  бағытталған  ғылыми-
зерттеу мен инновациялық шешімдерді жүзеге асыратын ғылыми зерде игереді. Бұл үш жаққа да, 
яғни «университет-студент-ӛндіріс» тізбегіне де тиімді. Мұндай бірліктің пайдасы мынадай: оқу 
орны  теория  мен  практиканы  ұштастыра  отырып,  болашақ  ӛзі  атқаратын  істің  теориясы  мен 
тәжірибесін қатар меңгерген, соның арқасында ӛндіріс мұқтажы мен шешіміне лайық  маманды 
дайындап шығарса, түлекке алдын ала жұмысқа орналасу мүмкіндігі ашылады, ал ӛндіріс орнына 
ӛздерінің қалауы, талабы бойынша дайындалған даяр маман келеді. 
Болашақта  солтүстік  ӛңірдің  индустрияландыру  картасындағы  ӛндіріс  орындары 
толығымен  күшіне  қосылған  кезеңде  Еуразия  кеңістігінде  соңғы  жылдары  күшейе  түскен  ішкі 
миграция  мен  аймақта  қалыптасқан  күрделі  демография  салдарынан  еңбек  ресурстарына  деген 
зәруліктің  болатындығы  бүгінгі  таңда  байқалып  отыр.Сол  түйінді  мәселенің  алдын  алу 
мақсатында  университет  «Серпін-2050»  әлеуметтік  жобасына  оңтүстік  жастарын  қабылдаушы 
ЖОО  ретінде  қатысады.  Елбасы  ұсынған  «Мәңгілік  Ел»  идеясының  аясында  жүргізіліп  жатқан 
«Серпін-2050» әлеуметтік жобасының басты мақсаты  – республикада еңбек ресурстарын тиімді 
орналастыруды жолға қойып, жұмыспен қамтамасыз етудегі әлеуеті тӛмен, бірақ демографиялық 
ӛсімі жоғары оңтүстік пен батыс ӛңірі жастарын индустриялық-инновациялық бағдарламаның ірі 
жобалары  жүзеге  асырылып  жатқан  солтүстік  және  шығыс  аймақтарда  орналасқан  жоғары  оқу 
орындарында білім алуға мүмкіндік беру және кейін оларды сол ӛңірдегі бос жұмыс орындарына 
орналастыру.  Серпінді  жобаны  нақты  жүзеге  асыру  мақсатында  университет  инженерлік-
техникалық,  ауыл  шаруашылығы  және  оны  ӛңдеу  технологиялары,  ветеринария  салалары 
бойынша 450 орындық білім гранттарына еліміздің оңтүстік ӛңірінің жастарын  тартуды мақсат 
етіп отыр. 
Қазақстанның  білім  берудің  Болон  жүйесіне  мүше  болуы  Еуроодақ  елдерінің  іргелі  оқу 
орындарымен  интеграциялық  қарым-қатынасты  тереңдетуге,  білім  мен  тәжірибе  алмасуға  кең 
жол  ашты.  Университет  студенттері  академиялық  икемділік  бағдарламасы  арқылы  1  немесе  2 
семестр  бойы  Еуропаның  жетекші  мемлекеттерінің  оқу  орындарында  білім  алып  келеді. 
Ӛкінішке қарай, бұл үрдіс жаппай сипат ала алмай жатыр. Жастардың шет ел тілдерін игерудегі 
деңгейінің  әлсіздігі  әзірге  осы  істің  қиындығына  айналып  отыр.  Кӛптілділіктің  Қазақстан  үшін 
аса  маңызды  екенін,  болашақта  ол  қазақстандық  азаматтардың  мәдени  деңгейінің  кӛрсеткішіне 
айналатынын  Елбасы  үнемі  айтып  жүр  және  ол  «100  нақты  қадам»  Ұлт  жоспарына  да  енген. 
Университет  тілдерді  үйретудің  маңыздылығын  ескере  келе,  қоғамда  ӛткір  тұрған  ӛзекті 
мәселемен  тікелей  айналысатын  арнайы  оқу  орталығын  ашты.  Оқу  орталығы  тілдік  пәндерді 
студенттердің  деңгейлік  дәрежесінің  кӛрсеткіштері  бағыттап  оқытады  және  бақылау 

 
44 
 
емтихандары  деңгейден  деңгейге  кӛшу  сатысының  баспалдақтары  ретінде  белгіленеді.  Соның 
нәтижесінде білім алушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығы мен ынтасы артып келеді. 
Еліміздің «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген 30 дамыған елдің қатарына қосылу 
межесін  интеллектуалдық  капиталды,  ғылымды,  инновациялық  технологияларды  арттырып, 
оларды  ӛндіріске  кідіріссіз  енгізу  үрдісін  жолға  қоймай  жүзеге  асыру  мүмкін  емес.  Ғылыми-
зерттеу  және  тәжірибелік-конструкторлық  ӛнімдер  қазақстандық  қоғамның  тұрақты  дамуында 
елеулі  рӛл  атқарады.  Бұл,  әсіресе,  халықаралық  интеграция  мен  жаһандану  тереңдеген  тұста 
маңызға  ие.  Сондықтан  бұрыннан  қалыптасқан  дәстүрлі  оқу  орындарын  жаңа  мазмұндағы  оқу 
орнына айналдыру – ӛте ӛзекті мәселе. 
Бүгінгі  білім  алушылардың  ғылыммен,  инновациялық  ізденістермен  ұшталған  білімді  де, 
білікті,  бәсекеге  қабілетті  маман  болып  шыққаны,  әлбетте,  ӛте  жақсы.  Бірақ  сол  алған  білім 
болашақта тұлғаның қара басына немесе ӛзге елдің жерінде пайдасын тигізетіндей болып шықса 
не  болғаны?..  Біздер  мәдени  құндылықтар  ӛзгеріп,  діни  экстремизм,  тӛзімсіздік,  жеке  бастық 
эгоизм, интернеттегі жағымсыз ақпараттар ағыны белең алған тұста жас буынның бойына қандай 
«қорғаныш  сауытын»  кигізе  аламыз?  Бұл  сауалдар  әрбір  білім  мекемесін  мазалайтыны  рас. 
Сондықтан  білім  беру  үрдісіне  жоғары  адамгершілік  қасиеттер  мен  құндылықтарды,  жауап-
кершілікті,  толеранттылықты,  діни  сауаттылықты,  патриоттық,  отан-сүйгіштік  сезімді 
қалыптастыратын  тәрбие  жұмыстарының  қатысуын  жолға  қою  да  ӛзекті  мәселе.  Аталмыш 
мақсат оқу бағдарламаларындағы арнайы пәндер, сондай-ақ еліміздің бүгінгі тыныс-тіршілігімен 
тығыз  байланыста  ӛрбитін,  ата-бабалардың  оң  дәстүрін,  ұрпақтар  сабақтастығын,  кӛпұлтты 
Қазақстанның  саяси-экономикалық  дамуындағы  жетістіктерін  насихаттайтын  түрлі  іс-шаралар, 
пікір  алысу  алаңдары,  әртүрлі  мазмұндағы  орталықтар,  дебат  клубтары,  дӛңгелек  үстел, 
интеллектуалдық сайыстар арқылы жүзеге асырылады. 
Әрбір  маман  оқу  ордасының  қабырғасынан  ӛз  ісінің  кәсіби  шебері,  патриоты  болуымен 
қатар,  Отанын,  елін  сүйген  азамат  болып  қалыптасып  шығуы  тиіс.  Жас  азаматтардың  жүрегіне 
жол тартатын патриоттық сүйіспеншіліктің «Мәңгілік Ел» идеясындай мәңгі сақталуына сапалы 
білім беру, ғылымды, инновацияны дамыту арқылы қызмет ету әрдайым мәртебелі міндет болып 
қала бермек. 
 
ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЕ ТРЕБОВАНИЯ К СПОРТИВНОМУ ТРЕНЕРУ КАК 
ПРЕПОДАВАТЕЛЮ ВУЗА 
Ниязбаева Н.Н., Зеленская Ю. 
А. Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті 
Костанайский государственный университет имени А.Байтурсынова 
Kostanay State University named after A.Baitursynov 
 
Педагогическая  деятельность  –  это  деятельность,  направленная  на  формирование 
личности  будущего  учителя,  его  профессиональную  подготовку.  Преподаватель  является 
центральной  фигурой,  и  от  содержания  и  уровня  его  деятельности  зависит  продуктивность 
работы вуза, продуктивность профессиональной подготовки молодых специалистов[2, с. 243].  
Говоря о профессиональных требованиях к спортивному тренеру как преподавателю вуза, 
необходимо  отметить,  что  наиболее  важным  является  приверженность  своему  делу,  любовь  и 
уважение  к  студентам.  Необходимо  помнить,  что  каждый  студент  –  это  личность  со  своими 
индивидуальными  особенностями.  Тренер  как  преподаватель  высшей  школы  не  отличается  от 
преподавателя  любой  другой  дисциплины.  Тренер  обязан  обладать  качествами  и  навыками, 
необходимыми  для  педагогической  деятельности  вообще  и  тренерской  в  частности  для 
подготовки высококвалифицированных спортсменов. 
Общие педагогические требования:  

 
высокий уровень нравственного самосознания; 

 
педагогическое образование;  

 
широкий идейно-политический кругозор;  

 
устойчивые морально-волевые качества;  

 
45 
 

 
интерес к современным достижениям в педагогике, психологии и биологии; 

 
высокий общий культурный уровень;  

 
умение управлять собой в любых условиях;  

 
хорошие организаторские способности;  

 
умение руководить коллективом и пользоваться авторитетом у своих учеников.  
Специальные требования к тренерской деятельности:  
1)  знание  теоретических  и  методических  основ  физического  воспитания,  медицинского 
контроля;  
2)  умение  владеть  технико-тактическими  навыками  и  знание  современных  научно-
методических достижений по своему виду спорта;  
3) умение выбрать наиболее способных к данному виду спорта лиц;  
4)  способность  планировать  перспективную  подготовку  спортсменов,  учитывая  их 
индивидуальные особенности;  
5) умение воспитывать у своих учеников стремление регулярно заниматься спортом; 
6) способность подготовить спортсмена к достижению высших результатов на соревнованиях.  
Как  любой  педагог,  тренер-преподаватель  призваны  решать  задачи  по  всестороннему 
развитию личности студентов. Воспитательные функции такого специалиста не исчерпываются 
руководством физическим образованием и развитием физических способностей. Чтобы успешно 
осуществлять процессы воспитания, обучения и развития, ему необходимо знать как присущие 
человеку  социально  обусловленные  черты,  так  и  свойства  личности.  В  условиях  спорта  такие 
педагогические процессы имеют ряд особенностей [1, с. 61]. 
Тренер,  осуществляя  учебно-воспитательную  работу  в  вузе,  выполняет  следующие 
основные  функции:1)управленческую;  2)формирующую;  3)гностическую;  4)регулирующую;  5) 
воспитательную 
А.А.Деркач, А.А.Исаев (1981) отмечают, что на различных уровнях мастерства спортивного 
тренера ведущими становятся разные компоненты структуры его деятельности, что мастерство в 
подготовке  спортсменов  предполагает  высокую  степень  развития  педагогических  знаний, 
умений  и  навыков  тренера.  В  обратном  случае  педагогические  воздействия  оказываются 
малоэффективными. 
Все  профессионально  важные  качества  тренера  принято  делить  на  следующие  группы: 
мировоззренческие,  нравственные,  коммуникативные  (включая  педагогический  такт),  волевые, 
интеллектуальные,-включая  перцептивные,  аттенционные  (качества  внимания),  мнемические 
(качества памяти),-двигательные (психомоторные). Мировоззрение тренера мотивирует всю его 
педагогическую  деятельность  как  служение  своему  народу,  государству,  дает  прочную  основу 
для воспитания у учащихся активной жизненной позиции. 
Отражением  общественного  мировоззрения тренера  являются  такие  качества,  как  чувство 
ответственности за будущее каждого воспитанника. Тренер должен обладать целым комплексом 
нравственных  качеств,  так  как  нравственное  воспитание  учащихся  должно  базироваться  не 
только на  словесной  форме  воздействия  на  них, но,  прежде  всего  на  личном  примере.  Личный 
пример –  лучший  педагогический  метод.  Нельзя,  воспитывая  у  учеников  уважительное 
отношение к труду, самому проявлять халатное отношение к своим обязанностям: опаздывать на 
занятие,  приходить  на  него  несобранным,  отменять  ранее  запланированные  мероприятия. 
Важным  нравственным  качеством  тренера  является  педагогический  оптимизм  (по  А.С. 
Макаренко). Он включает доброту, чуткость тренера, его общительность и доброжелательность, 
жизнерадостность,  чувство  юмора,  веру  в  учеников,  в  достижимость  ими  поставленных  целей, 
даже если эти ученики слабоуспевающие и с отклонениями в поведении: вера тренера заставляет 
и  учеников  поверить  в  свое  исправление.  Развитие  волевых  качеств  является  предпосылкой 
успеха в профессиональной деятельности тренера. 
Важнейшими 
волевыми 
качествами тренера 
считаются: 
целеустремленность, 
инициативность, смелость, решительность, выдержка и самообладание. Невыдержанный тренер 
не может успешно вести воспитательную работу с учениками, так как в их глазах он не обладает 
авторитетом.  Тренер  без  самообладания  будет  теряться  в  конфликтных  и  неожиданно 

 
46 
 
возникающих  ситуациях.  Не  обладая  настойчивостью,  тренер  не  сможет  неукоснительно 
проводить в воспитании учеников свою линию. Тренер не должен выходить из себя, терять над 
собой контроль, переходить на грубый и оскорбительный тон. 
Интеллектуальные  качества помогают  тренеру  находить  правильные  решения  в 
воспитательной  работе,  обусловливают  эффективность  творчества  тренера,  поиска  им  новых 
путей в обучении и воспитании. К этим качествам относят: ясность и логичность мышления, его 
критичность,  воображение,  изобретательность,  остроумие,  оперативность  мышления, 
характеризующие  способность  тренера  быстро  находить  оптимальные  решения  возникающих 
задач.  Требования,  предъявленные  к  деятельности  тренера,  обусловливают  наличие  у  него 
качеств  перцептивной  сферы  (определяющих  точность  восприятия,  движений  спортсмена, 
быстроту  восприятия  и  оценки  ситуации),  психомоторной  сферы  (влияющих  на  точность 
выполнения  технических  приемов  при  их  показе).  Многие  упражнения,  которые  должен 
демонстрировать  тренер,  требуют  большой  физической  силы,  гибкости,  быстроты  реакции. 
Поэтому  тренеру  необходимо  поддерживать  эти  качества  на  должном  уровне.  Мастерство 
тренера  обнаруживается  в  специфической  интуиции -  способности  по  невидимым  для  других 
признакам оценивать выполнение элементов, программ, предвидеть тенденции и прогнозировать 
развитие спортсмена и спортивного коллектива. Тренер должен быть открытым, общительным, 
эмоционально-устойчивым,  способным  управлять  спортсменом,  особенно  в  соревновательной 
ситуации.  У  него  должен  быть  достаточно  высокий  интеллект,  развиты  уверенность  в  себе  и 
практичность. Он должен быть новатором, предприимчивым, решительным и самостоятельным.  
Коммуникативные 
качества, к 
которым 
относятся 
общительность, 
вежливость, 
доброжелательность  и  ряд  других,  помогают  тренеру  устанавливать  контакт  с  учащимися  в 
процессе общения и тем самым способствуют успеху воспитательной работы тренера.  
Тренер  должен  быть  достаточно  искренним.  Но  искренность  и  простота  не  должна 
допускать  панибратства,  эгоистических  и  покровительственных  проявлений.  Нужно  терпимо 
относиться  к  поступкам  окружающих,  спокойно  и  терпеливо  разъяснять  им  ошибки.  К 
коммуникативным качествам относится также и педагогический такт-умение требовательно и с 
уважением относиться к спортсменам. Большое значение для тренера имеет такое качество, как 
находчивость. Находчивый тренер не позволяет проявиться внешним признакам его внутреннего 
состояния.  Он  не  будет  лгать  ученикам,  придумывая  ответ,  не  соответствующий  реальности. 
Непременным качеством тренера должна быть его требовательность.  
Особую  роль  в  деятельности  тренера  играет  оперативность  мышления,  характеризующая 
способность  тренера  быстро  находить  оптимальное  решение  возникающих  педагогических 
задач, а также экстраполирование, то есть предвидение результатов педагогического воздействия 
на  учащихся.  Большую  роль  играет  такое  качество,  как  распределенность  внимания.  Тренер 
одновременно  должен  следить  за  многими  объектами  и  моментами  в  своей  деятельности:  за 
содержанием  и  формой  изложения  им  материала,  качеством  показываемого  упражнения  и 
доходчивостью  даваемых  пояснений,  своей  позой,  походкой,  мимикой  и  одновременно 
постоянно держать под наблюдением всю группу. 
Успешная  педагогическая  деятельность  тренера  связана  и  с   мнемическими 
качествами: быстротой и прочностью запоминания. Обостренное чувство чести и долга помогает 
тренеру  длительно  сохранять  устойчивое  волевое  состояние  (т.  е.  обладать  такими  ценными 
качествами, как самообладание, выдержка, настойчивость), быстро принимать волевые решения 
(решительность,  смелость),  мощно  проявлять  волевые  действия  (мужество),  демонстрировать 
инициативу и самостоятельность при преодолении трудностей [4, с. 68]. 
Знание  психологии  своего  вида  спорта,  умение  воздействовать  на  спортсмена  сообразно 
сложившейся  ситуации,  способность  владеть  собой  в  нагрузочные  периоды  тренировочного 
процесса  и  особенно  в  период  соревнований  —  главные  черты  психологической  готовности 
тренера, но далеко не  исчерпывающие. Будучи по своей сути конкурентной, спортивная жизнь 
держит  тренера  в  состоянии  постоянного  психического  напряжения,  требует  непрерывного 
анализа  того,  что  сделано,  и  обдумывания  того,  что  еще  предстоит  сделать.  Специфическое 
творчество,  поиск  новых  путей,  средств,  методов  заполняют  всю  жизнь  тренера,  все  его 

 
47 
 
сознание.  Необходимо,  кроме  того,  учитывать  и  тот  факт,  что  осуществлять  психологическую 
подготовку  тренера  и  побуждать  его  к  самосовершенствованию  может  только  сам  тренер, 
благодаря  собственной  активности,  творчеству  в  организации  жизни  и  работы,  образованию  и 
особой  системе  отношений,  благодаря  самовоспитанию,  включающему  саморегуляцию 
психических состояний [3, с 320]. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет