бір фольклорлық шығармада көптеген жер атауларының бас кейіпкерге байланысты көрінуі болып
табылады» [3, 490495 б.]. Ал Оғыз қаған жырындағы Етіл теңізі мен Мұзтаудың көрінуі
жырдағы географиялық тұтастанудың айғағы.
Сондайақ, жыр тұтастанудың үшінші түрі шежірелік (генелогиялық) сипатқа ие. Бұл
шарт бойынша, эпос батырдың өзін ғана емес, оның ұрпақтарын да жырлайды. Шежірелік
тұтастану «атадан ұл туса игі еді, ата жолын қуса игі еді» деп армандайтын халық жыршыдан
өзінің сүйікті батырын жырлаумен қатар, оның баласы жайында да әңгімелеуді талап еткен. Сөйтіп
батырлық эпоста көбінесе, шежірелік тұтастану елдің жақсы көретін батырын дәріптеу үшін
пайдаланылады [3, 467477 б.].
Тұтастанудың ендігі бір түрі бір орталыққа топтасу, яғни ұлы батырдың бірнеше батыры
болып, сол батырлардың негізгі кейіпкердің жанында бірігіп бір орталыққа топтасуы [3, 441443 б.
]. Жырда орталықтық тұтастану құбылысы негізінде Оғыз қағанның жеке батырлары суреттелмесе
де, батырды қолдаушы, көмекші ерекше бектері және олардың ерліктері жайлы жырланады.
Жырлаушы бір орталыққа, Оғыз қаған жанына осындай ержүрек, ақылды, шебер бектерді бекер
топтастырмаса керек. Олар Ұлығ Орду бек, Қағарлық, Бармақлұғ Жосун Біліг ел үшін, жер үшін
күрескен батырдың арман мұратына қол жеткізу үшін күресушілер.
Тарихи тұтастану құбылысы да жыр мазмұнынан орын алған. Өйткені "Оғыз қаған"
эпосында Оғыз атауын иеленген елдің іштей бірігу, бөліну, қайта бірігу, өзге түркі тектес
жұрттармен тоғысу секілді тарихи жолдардың ізі сақталған. Ғалым С. Қасқабасовтың айтуы
бойынша: «Тарихи тұтастану дегеніміздің өзі әр дәуірдің оқиғаларын, адамдарын, олардың
қимыл әрекетін кейінгі заманға әкеліп, дәуір қайраткерлеріне телу, топтау» [3, 477490 б.].
Шынында да, эпос тікелей тарих көшірмесі емес, тарихи оқиғалардың, тарихи тұлғалардың
әрекетінің фольклорлық заңдылық аясына түскен жаңғырығы. «Оғыз қаған» эпосындағы тарихи
тұтастану құбылысының көріністері Оғыз бен оның маңайындағы кейіпкерлерді суреттеуде,
сондайақ жерсу, соғыс сипаттары мен оғыздармен көршілес халықтар тарихын беруде маңызды
рөл атқарады. Осылайша, фольклордың эпикалық түрлеріне тән болып келетін батырды дәріптеу
үшін қолданылатын тұтастану белгілерінің ежелгі дәуір әдебиетінде орын алуы көркемдік
аясында көрінген интеграциялық сипаттың үлгісі болмақ.
Әдебиеттер
1. Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. Қазақтың батырлық жырларының поэтикасы. Алматы: Ғылым,
1993.
2. Садырбаев С. Фольклор және эстетика: Эпосты зерттеудің кейбір
мәселелері. Алматы: Жазушы, 1976.
3. Қасқабасов С. Жаназық. Әр жылғы зерттеулер. Астана: Аударма, 2002.
4. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы: Ана тілі, 1991.
5. «Оғызнаме», «Мұхаббатнаме». Алматы: Ғалым, 1986.
6. Қыраубайқызы А. Ежелгі әдебиет. Алматы: Өнер, 2008.
УДК 16.41
ТӨТЕ ЖАЗУДЫҢ ЕЖЕЛГІ МҰРАЛАРДЫ ЗЕРТТЕУДЕГІ ҒЫЛЫМИ МАҢЫЗЫ МЕН
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫНДАҒЫ ОРНЫ
Абдубали Асель Оразбековна
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Түйін
Бұл мақалада төте жазудың ежелгі мұраларды зерттеудегі маңызы мен қазақ әдебиеті
тарихындағы алатын орны туралы айтылады. Және де араб әліпбиінің қазақ жерінде қолданысқа
332
түсуі, Ахмет Байтұрсыновтың араб графикасы негізінде жасаған төте жазуы жайында кеңірек
баяндалады.
Түйін сөздер: төте жазу, араб графикасы, ежелгі мұралар.
Аннотация
В этой статье говорится о важности «тоте жазу» в исследовании древних наследии и о роле
в истории казахской литературы. А также докладывается об употреблении арабской графики в
казахской земле, о «тоте жазу», изобретенного Ахметом Байтурсыновым на основе арабской
графики.
Ключевые слова: «тоте жазу», арабская графика, древние наследие.
Annotation
This article discusses the importance of "Tote zhazu" in the study of ancient heritage and about the
role in the history of Kazakh literature. And report on the use of Arabic script in the Kazakh land, the
"Tote zhazu" invented Ahmet Baitursynov based on Arabic script.
Keywords: "Tote zhazu", аrabic script, ancient heritage.
Төте жазудың төңірегіндегі әңгіме жаңа пайда болған жоқ. Ол ХХ ғасырдың 20жылдарына
шейін, тіпті одан кейін де талай білімдар азаматтардың көкейінде жүрген ұлттық жазудың
болашағына қатысты өзекті мәселе еді. Төл жазудың осы қалпында қолданыста болуы үшін
күрескен және алғашқы болып әліпбиін жасаған да Ахмет Байтұрсынов болатын. Ұлы педагог осы
жазудың маңыздылығын өзгелерден бұрын түсініп, тіпті ұлт мәдениетін, білімін, болашағын
Шығыстық өзегінен айырмау жөнінде мемлекет алдына мәселе қылып та қойған алғашқы көреген
болатын. Ахметтің әліпбиін қостаған А.В.Луначарскийдің жауапты редакторлығымен шыққан
«Әдебиет энциклопедиясының» І томында 192331 ж. ғылыми басылым жарық көрді. Орыс
зерттеушісі қазақ халқының түп тамырының, ең болмағанда, төте жазу арқылы кең өріс алатынын
жақсы түсінді. Оның демократияшыл ойы қазақтың ұлттық тағдырыменен үндесіп жатты.
Менің мақсатым төте жазуды үйренудің маңызы мен жолдарын көрсету, оның қазақ
әдебиетіндегі орнын еселеу.
- төте жазуды меңгеру арқылы көпғасырлық ежелгі мұраларымыздың көркемдік, тарихи
танымдарын ашу;
- төте жазудың қазақ әдебиеті тарихындағы маңызы мен жазба мәдениеттегі елеулі орнын
еселеу;
- әлемдегі ірі жазба мәдениеттің бірі араб жазуы географиясының кеңдігін ескере отырып,
бүгінгі бәсекелестікке негізделген тілдер әлеміндегі жалпыадамзаттық жетістіктерге қол жеткізетін
төте жазудың қоғамдық рөлін анықтау;
- жалпыадамзаттың алғашқы ғылыми еңбегі Құран тілін меңгере білу арқылы Құранда
бейнеленген жоғары гуманистік адами ізгіліктер мен тіршілік этикеттерін дұрыс түсінуге жол ашу
және бұл жазуды білмегендіктен дінге қатысты мәселелерді бұрмалайтын түрлі құйтырқы ағымдар
жетегіндегі бүгінгі ұрпақтың сауатсыздығын жою мақсаты көзделді. Ең болмағанда, Ахмет
Байтұрсынов ұсынған төте жазуды меңгеру арқылы Шығыс мәдениеті мен әдебиетіне тіс
бататындай білім көзін жаңғырту басты міндетім деп білемін.
ІХ ғасырдың басында осы күнгі Орта Азия мен Қазақстан жерлерін арабтар жаулап ала
бастады. Араб билеушілері жергілікті халықтардың ғасырлар қойнауынан келе жатқан көне
әдебиеті мен мәдениетінің көзін түгел жойды. Бұдан былайғы кезеңдерде адамзаттың араб
мәдениеті мен руханиятын бойына жиған, бірақ өз туған халқының пайдасына жарата білген
ғұламалар легі тарих сахынасына шыға бастады. Қазақстан мен Орта Азия көлемінде ондаған,
жүздеген оқымыстылар арабтың ең жоғары мәдениетін талғаммен бойға сіңірді. Басқыншылардың
ішіндегі монғолдар мен жоңғарларға қарағанда арабтар әлдеқайда сауатты, мәдениеті жоғары
болатын. Себебі олар саф тазалығынан айырылмаған, жалпы адамзаттың алғашқы жұмысы
Құраннан барлық субстанциялық негіздерді қабылдаған бірденбір озық ойлы ел болатын.
333
Арабтардың өзі Құранды ғылыми тұрғыда даму мен жетілудің төте жолы деп түсінді.
Себебі Құран белгілі бір идеологиялық діни ағымға иліктірудің құралы емес, ол жер бетіндегі
адамзаттың дұрыс өмір сүру этикеттері мен сан салалы даму институттарының жанды жол
сілтеушісі болды.
Құран синтезді құндылық болғандықтан, оның өзегі жекелеген ғылымдардың
жиынтығынан, нақты машықтық үлгі тағылымдардан, жарқын көзқарастар мен жағымды іс
әрекеттерге бастайтын этнологиялық шығарма болды. Осыны жақсы түсінген қазақ елі секілді
барша түркі тектес халықтардың рухани әлемі араб мәдениетін тез қабылдады. Әсіресе қазақ
топырағы Құранның теңдесі жоқ маңызын арабтардан да артығырақ жақсы түсінді. Соның
нәтижесінде, азиялықтар ХХ ғасырдың І жартысына дейін арабтың, ең болмағанда, жадиттік
мектебін сақтап қалуға тырысты. Содан келіп жаңа төте жазудың түрі пайда болды. Төте жазу
өзбекше де, түрікменше де, түрікше де, тәжікше де, қазақша да сөйлей білді.
ХХІ ғасырлардағы ғұламалар руханият таңдауда ешқашан қателесіп көрмеген
талғампаздар болатын. Мысалы, Мұхаммед Хорезми, Әбу Насыр әлФараби және Фараб өлкесінен
шыққан 32 Фарабилер, Әбу Райхан әлБируни, Әбуғали ибнСина, Рабғузи, Махмуд Қаши, Қожа
Ахмет Йассауи, Жүсіп Баласағұн, әлСақаки, әлТүркістани, әлҚыпшаки, БинТүрік сынды Орта
Азиялық ғұламалар өз шығармаларын осы жазумен көркейтті. Аталмыш оқымыстылардан
сусындаған Ахмет Иүгінеки, Дүрбек, Құтыб, Әбу Хаян, Сайф Сараи, Хұсам Хатиб, Сүлеймен
Бақырғани сынды көптеген ежелгі дәуір перзенттері көне түркі әлемінің тарихи, әдеби, саяси,
әлеуметтік жайларын сөз етті. Осылар салған руханияттың қайнар көзінен сусындаған қазақ
мәдениеті мен әдебиетінің көшбасшылары Асан Қайғы, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали
Жалайыр, жыраулардың бірегейлері Қыдан тайшы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет,
Ақтамберді, Тәтіқара, Есет, Үмбетей, Шал, Бұқар тілі де осы идеямен сөз қатты.
ХХ ғасырдың І жартысына дейін жарық көріп келген кітаптар мен газет журналдар, ең
болмағанда, сол төте жазудың қалпында қалғанда бүгінгі жас ұрпақ өз түйсігімен көзі жетіп,
жалпы адамзаттық білімді бүгінгідей құйтұрқы ағымдардың өзегінен арашалап алып, Құран
тініндегі теңдесі жоқ ғылыми танымдарды меңгеріп, әлемдегі ең мәдениетті, зайырлы қоғамды
қолмен жасауға мүмкіндік алар еді. Бүгінгі бізді арабтар емес, араб графикасымен жеткен
Құранның терең семантикасы мен ғылыми танымы ғана еліктіруі керек еді. Сондықтан араб
графикасының қазақы идеяға негіздеген төте жазудың маңызы жаңа мұсылмандар үшін өте
жоғары деуге болады. Атышулы жүздеген ғұламалардың соңғы легін іліп әкеткен Абай мен
Шәкәрімдер, олардың өкшесін басқан: Ахмет, Міржақып, Мағжан, Ғұмар Қараш, Әлихан
Бөкейханов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Спандияр Көбеев сынды ондаған ізбасарлардың түркілік
руханиятқа құштарлығы төте жазу арқылы келген. Бұл жазуды білу арқылы түркі тектес
халықтардың Шығыс мәдениетіне тікелей шығуы мүмкін болатын. Ұзақ жылдар бойы
тоталитарлық жүйенің мақсатты түрде бізден айырған төте жазу мәселесі үлкен саясаттың ұшығын
білдірді. Соған қарамастан Құранды білу, оның ішкі тінін тани білу, талдай білудің арқасында
бұратана халықтардың әлемдік аренаға Шығыс арқылы шығып кетуінің қорқынышы алысжақын
елдерді маза таптырмады. Себебі араб графикасын білген ел Құран тінін терең меңгеретіні белгілі.
Құранның маңыздылығы мен ішкі тініндегі терең білімді Шығыс түгіл Батыс та әлдеқашан
мойындап болған.
Араб жазуының ең көне түрі қадим деп аталса, оңайлатылған жаңа түрі жадит деп аталады.
Бұл жазудың өзі қараханидтер заманында қолданған жаңа жазу түріне ұқсайды. Оған дәлел
ретінде біз С.Е.Маловтың сөзін келтірейік : « К этому же «переходому» времени в Средней и
Центральной Азии надо отнести и несколько сочинений, которык дошли до нас в двух редакциях,
т.е.они писаны одновременно и уже старым отживающим уйгурским алфавитам и новым
арабским, со сложивщейся уже мусыльманской идеологией»?дей отырып, кітабында екі
алфавитпен жеткен «Құтадғу білік» поэмасынан араб алфавитімен жазылған вариантынан
үзінділер береді. Қарап отырсақ, бұл дидактикалық шығарманың текстері араб алфавитінің жадит
түрімен жазылған. Сол кездегі бүкіл рухани ізденістер мен шығармашылықтар осы әліпби
334
негізінде жазылды. Ғылымның барлық саласын қамтыған екінші Аристотель әлФараби бабамыз
еңбектерінің бәрін араб жазуымен хатқа түсірген.
Бұл жазумен жеткен деректер « Құтадғу біліг» (араб жазуымен жеткен варианты 1069 ж.
(дастаны) шамамен ХІІХІІІ ғ. көшірілген делініп жүр). Махмұт Қашқаридың ХІ ғ.жазуы деп
жүрген «Дивани лұғати аттүрік» сөздігі (түркі тілдеріне қатысты арабша жазылған атақты 3
томдық салыстырмалытарихи сөздігі), ХІІХІҮ ғ.ғ. араб графикасымен жазылған түркі
халықтарының көне ескерткіштері Ахмед Югнакидің «Хабат алхақаиқ» («Ақиқаттар тарауы»),
Рабғұзидың «Қиса сул аланбия» («Әулиеәнбиелер қиссасы») еңбектері. Бұлар тілі жағынан V
VIII, XI ғ.ғ.жататын ескерткіштердің жалғасы болып есептеледі. [1, 121б.].
Олардың тілін зерттеу (ХІІХІҮ ғ.) бір ғана тілдің емес, бүкіл түркологияның алдында
тұрған күрделі, ортақ міндет екенін профессор А. К. Боровков айтып кеткен болатын. Себебі, бұл
көне түркі ескерткіштері түркі тектес халықтардың ерте кездегі ортақ мұрасы. Сондықтан да
Орта Азия халықтарының, қазақтардың қазіргі әдеби тілі мен сөйлеу тілінің арасында байланыс
бола тұра, елеулі айырмашылықтар да бар. Ол түптей келгенде, сонау көне дәуірден келе жатқан
«кітаби тіл» (жазба тіл) мен «шағатай» әдеби тілі (орта түркі) бірбірінің жалғасы екенін дұрыс
түсінуді қажет етеді. Тіпті сонау рутайпа тілі, халық тілі, ұлт тілі, сөйлеу тілі, жазба тілі, әдеби тіл
деген ұғымдарды дұрыс түсінудің негізі соларда жатқандығын аңғартады. [1, 15б.].
Араб алфавиті Кеңес одағының алғашқы жылдарында қазақ тілі дыбыстарын дәл бере алу
жағын көздеп, арнайы өзгеріске түскен. 1924 жылдан бастап бастауыш мектептерде оқу процесін,
халықты жалпы сауаттандыру ісін дұрыс жолға қою мақсатында дыбыстарды тура таңбалау әдісіне
көшкен.Араб графикасының негізінде жасалған бұл жазуды, Ахмет Байтұрсынұлының
реформасымен төте жазу деген атқа ие болған. Ел арасында «Байтұрсынов жазуы» деген атқа ие.
Жиырма тоғыз таңба. Төте деп аталуы оңнан солға қарай жазылуына байланысты. [1, 126б.].
Араб графикасын реформалау идеясы ХІХ ғасырдың 8090 жылдарында әлеумет назарына
ұсынылса да, оның жүзеге асырылуы ХХ ғасырдың алғашқы 1015 жылының үлесіне тигені
белгілі. Бұл идеяны дұрыс түсініп, нақты іске кіріскен ұлы ағартушы, қоғам қайраткері Ахмет
Байтұрсынов болды.
А. Байтұрсынов оқыту ісінде ең басты құрал – оқулық екенін айтып, ал оқулық бойынша
балалар сауаттарын қиналмай тез ашуы үшін жазу тәртібі болу керек дейді. [2]
Ахмет Байтұрсынов енгізген «Жазу тәртібі» термині «Қазақ жазба дүниесіне қажет
алфавит» деген ұғымды береді, яғни қазақ тілінің табиғи фонетикалық құрылымына сәйкес тілде
бар дыбыстардың жеке таңбасы (әрпі) болуы, сондайақ жазуда қазақ тілінің үндестік заңдарының
сақталуы қажет екендігін ескертті. Бұл пікірұсынысқа қарсы шыққандар да болды, олар «түркі
тілдеріне ортақ» бұрынғы жазу (емлеге қатысты) үлгісін сақтауды ұсынды. Демек, А. Байтұрсынов
және бірқатар зиялылар қолданып келе жатқан араб әліпбиіне қазақ жазбалары үшін өзгеріс енгізу,
яғни реформалау принципін ұсынды. Ол: «бір жөнменен жазылатұғын жазу жоқ», жазғанымыздың
қате, дұрыстығын айтарлық емле жоқ, оның жоқтығы қазақ тіліндегі дыбыстарға ашыпарнаған
әріптер жоқ» деп жазғанда, қазақтарға қажет тек алфавит мәселесі ғана емес, соған тікелей
қатысты емле мәселесін де көтерді, оның әлі күнге жоқтығын айтты. Бұл пікірсайысты «Айқап»
журналынан «Қазақ» газеті іліп әкетті. А. Байтұрсынов қазақ жазуы үшін жасаған әліпби жобасын
қостай отырып, Міржақып Дулатов (Азамат Алашұлы деген лақап атпен) жаңа әліпбиге ф мен х
таңбаларын енгізуді ұсынады. [3] Бұл да тұңғыш пікілердің бірі болды. Қазақ жазуының
орфографиясы ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсыновтың мақалаларында тұңғыш рет сөз
болды. А.Байтұрсынов 18951909 жылдары ауыл мектептерінде бала оқытып жүрген кездерінде
оны араб әліпбиінің қазақ сөздерін дұрыс жазуға келгенде үйлесімсіздігін, онда қазақ тілі үшін
қажетсіз, яғни қазақ сөздерінде келмейтін дыбыстардың әріптері бар, бірақ қазақ тілінің дыбыстық
жүйесіне қажет ерекше дыбыс таңбаларының жоқ екендігі, олардың қажеттігі ойландырады.
Ойлана жүріп қолданыстағы араб графикасын қазақ тілінің фонетикалық қалыбына салып,
реформалайды. Қазақ тілі үшін қажеті жоқ артық таңбаларды ығыстырады, олар жуан дауыссыз
деп аталатын араб тіліне тән дыбыс таңбалары болатын, кейбір таңбалардың жуанжіңішкелік
оппозиттерін білдіретін тәсілді ұсынады, ол үшін дәйекші деген белгіні ойлап табады.
335
Байтұрсынов бұл проектісін «Жазу тәртібі» деген көлемді мақала етіп «Айқап» журналының 1912
жылғы 45 сандарында жариялайды. [4] 1929 жылы 1 мамырда өз қолымен жазған (орыс тілінде)
өмірбаянында «
901
1
жылдардан бастап, бала оқытқан кездерде бос уақыттарымда өз бетіммен
білімімді толықтырдым, әдебиетпен шұғылдандым. Ал Орынборға келгеннен кейін ең алдымен
қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім. Одан кейін қазақ
алфавитін және емлесін ретке салып, жеңілдету жолында жұмыс істедім. Үшіншіден, қазақ жазба
жұмысын бөгде тілдік қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің
жағымсыз әсерінен тазартуға әрекеттендім. Төртіншіден, қазақ прозасын (яғни іс қағаздар тілін,
публицистика мен ғылыми тілін) жасанды кітаби сипаттан арылтып, халықтың сөйлеу
тәжірибесіне икемдеу үшін, ғылыми терминдерді жасауға кірістім және стильдік өңдеу үлгілерін
көрсетумен шұғылдандым» деп жазады. [5, 16б.]
Қазақ тілінің әліпбиін түзу үшін алдымен оның фонетикалық жүйесін талдап береді.
А.Байтұрсынов мұрасын тарихилингвистикалық зерттеушілердің пікірлеріне қарағанда, оның бұл
жұмысы – нағыз ғылыми, ғылыми аргументтері күшті, тіпті бүгінгі күннің талабын да өтейтін
еңбек болып табылады. А.Байтұрсынов бұл ізденістерінде қазақ тілінің фонологиялық табиғи
белгісі – сингармония заңдылықтарына сүйенеді. Бүгінгі фонетист ғалымдар А.Байтұрсынов
дыбыстар жүйесін сингармофонемалар ретінде дұрыс таныды дейді. Сондайақ қазақ алфавитін
түзуде (жасауда) болсын, грамматикалық (морфологиялық) категорияларын зерделеуде болсын,
А.Байтұрсынов тіл біліміндегі парадигмалық жүйені ұстады. Парадигматилық жүйе дегеніміз – тіл
бірліктерінің (дыбыстардың, морфологиялық көрсеткіштердің, емлелік тәртіптердің т.б.) екі түрлі
типін бірбірінің қарсысына қойып жүйелеу. Сондықтан қазақ әліпбиін түзуде дыбыстардың
дауыстыдауыссыз, жуанжіңішке, қатаңұяң сияқты оппозиттерін негізге алған. Бұл бүгінгі ғылым
биігінен (жетістіктерінен) қарағанда өте дәлелді, дұрыс ұстаным болып саналады. Ғалым араб
жазулы (таңбалы) қазақтың өз алфавитін (әліпбиін) жасап, ғылымбілім дүниесіне ұсынады.
Жүйелілікпен түзілген бұл әліпбиін Ахмет Байтұрсынов тәртіпті жазу деп атаймыз деді: «Тәртіпті
жазу дегеніміз тілдегі бар дыбыстың басбасына арналған белгісі (әрпі) бар болса» деп анықтайды.
1912 жылғы «Айқаптың» 9,10,11сандарында «Шахзаман мырзаға» деген көлемді мақала
жариялап, өзі көп ізденіп, іс жүзінде, мектепте балалардың сауатын ашу процесінде тәжірибеден
өткізіп түзген алфавитін нағыз ғылымитеориялық негізде дәлелдейді. [4].
Араб жазуы (әріп таңбалары) – Құран қолданған әліпби, сондықтан оған өзгерістер енгізуге,
қысқартуға, өзге таңбаларды қосуға болмайды деген діндар догматиктердің қарсы пікірлері де
(мақалалары да) болғанына қарамастан, ауыл мұғалімдері, озат ойлы, білімді адамдар тарапынан
Байтұрсынұлы әліпбиі батыл қолдау табады.
А. Байтұрсынов қазақ мұғалімдеріне арналған «Баяншы» атты кітабында: «Қазақ тілінде 24
түрлі дыбыс бар. Оның бесеуі дауысты, он жетісі дауыссыз, екеуі жарты дауысты. Дауысты
дыбыстар: ا (а), و (о), ﺆ (у), ى (ы), ه,ﮫ (е). Дауыссыз дыбыстар мынау: ﺐ (б), ﭗ (п), ﺖ (т), ج (ж), چ
(ш), ﺪ (д), ر (р), ز (з), س (с), ع (ғ), ﻖ (қ), ﻚ (к), ﮔ (г), ﯔ (ң), ﻞ (л), م (м), ن (н). Жарты дауысты
дыбыстар: шолақ ﯟ (у), һәм шолақ ي (й).
Бұл дыбыстардың ішінде «қ» һәм «ғ» дыбыстары ылғи жуан айтылады. «Қ», «г», һәм «е»
ылғи жіңішке айтылады. Өзге 19 дыбыстардың һәр қайсысы бірде жуан, бірде жіңішке айтылады.
Егерде бұл 19 дыбыстың жуан айтылуы үшін бір белгі, жіңішке айтылуы үшін бір белгі керек
десек, мысалы ﺖ (т), س (с) (Араб тіліндегі жуан с, т таңбалары қатар тұруы керек еді, көрсете
алмадық) сықылды, онда 19 дыбысқа 38 белгі керек болар еді. Бұған дайым жуан айтылатын «қ»
мен «ғ»ны қосқанда, дайым жіңішке айтылатын «к», «г», «е»лерді қосқанда, бәріне 43 белгі
(харіп) керек.
Араб әліппесінде 43ке жететін харіп жоқ. Өзге әліппелерді қазақ қабыл алмайды. Араб
әліппесі қазақ арасына дінмен бірге жайылған. Дінмен байланысқан әліппені тастап, қазаққа басқа
әліппені алдыру – қиын жұмыс. Бұлай болған соң, араб харіптерін қазақ дыбыстарына жеткізу
амалын табу керек. Араб харіптерінде түрін тым бұзып жіберсек, халық тағы қабылдамайды. Араб
харіптері қазақ дыбыстарына жетпесе, түрін тым өзгертіп бұзуға болмаса, қалай амалын таппақ
керек. Мұның амалы менің ойымша мынау: дауысты дыбыстар сөздің жаны есебінде, дауыссыз
336
дыбыстар һәм жарты дауысты дыбыстар сөздің тәні есебінде. Тәнді қалай жан билесе, дауысты
дыбыстар басқа дыбыстарды солай билейді; яғни дауысты дыбыстар жуан айтылса, дауыссыз я
жарты дауысты дыбыстар да жуан айтылады. Дауысты дыбыстар жіңішке айтылса, басқа
дыбыстар да жіңішке айтылады. Сөздің тұтас жіңішкелігін білдіру үшін оның алдына дәйекші
дейтін таңба (ﱢ ) қою керек. [5, 324325 бб.].
Ахмет Байтұрсынов айқындап беріп кеткен әліпбидің қазақ даласындағы ғұмыры ұзақ
болмады. 1912 жылы қолданысқа еніп, 1929 жылы өз қызметін аяқтады. Себебі, кең байтақ қазақ
даласын қызыл империяның құшығына қалдырып, өзі шекара асып кете барды. Бұл жазудың көзін
құрту әрекеті Патша ағзамның заманындаақ басталған еді.
Дәлірек айтсақ, 1876 жылы ақ патша қазақтардың арабша әліпбиін жойып, орыс жазуына
көшіру туралы жарлыққа қол қойды. Жарлықты іске асыру үшін Ағарту министрі граф Толстой
қазақтардың араб әліпбиін орыс графикасына көшіру үшін Орынбор қаласында арнайы мәжіліс
Достарыңызбен бөлісу: |