«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының



Pdf көрінісі
бет22/23
Дата21.02.2017
өлшемі2,28 Mb.
#4614
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Қарасайды қалдырмай,

Қази сүйеп келеді.

Жауға көзін салады,

Қаны судай ағады.

Ағасын сүйеп, жетелеп,

Жаудан алып �ығады.

Ағасын алып алаңдап,

Айдын көлге келеді.

Ағасының жарасын

Көлде жатып бағады.

Ақ дәрісін аюдың

Жарасына жағады.

Он күн бағып ағасын,

Жарасын жазып алады.

Енді қайтып бара алмай,

3040


3050

3060


3070

392

392


393

БАТыР  МАМАй – ҚАНДы  ОРАҚ

Досын іздеп таба алмай,

Арманда болып екеуі,

Қайтып кетіп барады.

Әділ досы �ырқырап,

Баяғы орда қалады.

Енді  ер  Қази  Қызылбастағы  ағасын  қалдырмай,  өздері 

де  жауға  алдырмай  қайтады.  Қарасай  жаралы  болып,  екі 

ағайынды  елге  қайтқасын,  Қызылбас  та  еліне  қайтады.  Тас 

өткелге  барғанда  ер  Әділдің  қолын  көреді.  Өлген  адамның 

қалған олжасын тереді. Олжасын теріп жүргенде, орға түскен 

Әділді  көреді.  Қараңғы  ордың  і�інен  Қызылбастар  Әділді 

көріп  қызығып:—Мен  бұрын  ұстаймын,—деп  таласып,  орға 

түсіп қалады. Сол уақытта ер Әділ қолындағы қылы�пен ұрып 

жығып, біразын ұрып, ұстатпай жүр еді.

Әділдің түскен орына

Көп Қызылбас келеді.

Қараңғы орда жап-жарық

Қылып тұрған Әділдің

Олжа қарап жүргенде,

Көп Қызылбас көреді.

Осы келген Қызылбас

Бұл соғыста жоқ еді.

Әділдің қырған Қызылбас

Қорғасынның қолы еді.

Қорғасынның батыры

Бәрінен де зор еді.

Ү� бөліп ү� жерден

Соғыс қылды деп еді.

Көп олжаға тап болып,

Олжа теріп жүргенде,

Әділді көріп Қызылбас,

Таласып орға түседі.

Бірінен-бірі қызғанып,

Мен ұстаймын деседі.

Сол уақыттары ер Әділ

Қызылбастың үстіне

Қолына түссе жібермей,

3080


3090

3100


394

БАТыРлАР  ЖыРы

394

395


Жолбарыстай болады.

ұстай алмай Қызылбас,

Ордан �ыға қа�ады.

Оң келгенін оң ұрып,

Сол келгенін сол ұрып,

Терең ордың і�інде

Сала берді соғысты.

Әділді ұстап ала алмай,

Қасына жақын бара алмай,

Қызылбас жаман сасады.

Көп Қызылбас қамады,

Жүгіріп жүріп ер Әділ,

Қолына кесек алады.

Қамап тұрған жауына

Жіберіп келіп қалады.

Бірінің көзін �ығарып,

Бірінің басын жарады.

ұстай алмай Қызылбас,

Бір бәлеге қалады.

Көп Қызылбас сөйлесіп,

Ақыл ойлап табады.

Қолдарына Қызылбас

Бір-бір белден алады.

Топырақты құлатып,

Төбесіне құяды.

Топырақпен басты

Әділді ұстап алады.

Мықтылығын білгесін,

Екі қолын артына

Шегелеп құрсау салады.

Шынжыр тағып мойнына,

Ордан алып �ығады.

Қолға түскен жас Әділ

Екі қолы байлаулы,

Енді не амал қылады.

Қолға түсіп қор болып,

Көзі жайнап тұрады.

Қамап тұрып Қызылбас,

Әділдеп жауап сұрады:

3110


3120

3130


3140

394

394


395

БАТыР  МАМАй – ҚАНДы  ОРАҚ

—Орға түскен сұм бала,

Жөніңді айт�ы, бей�ара,

Бұл не деген жер еді,

Әрбір жерден зор еді?

Ердің сойы Едіге

Бұл келмеген жер еді.

Едіге ұлы Нұрадін

Бұл келмеген жер еді.

Нұрадін ұлы ер Мұса

Бұл келмеген жер еді.

Орақ, Мамай, Қобыланды

Бұл келмеген жер еді.

Аспандияр төре құл

Бұл келмеген жер еді.

Он екі ханның елі еді,

Әр пат�адан зор еді.

Аттанып салған жеріне,

Бүлік салған еліне,

Жылатқан қатын-баламды,

Қазбен деген қаламды

Шауып кеткен әскердің

Қолбас�ысы кім дейсің?

Сонда Әділ сөйледі:

—Қамап тұрған Қызылбас,

Қолына түсті біздің бас.

Аяқ-қолын босатып,

Жібер деп саған жалынбас,

Аяғыңа бас ұрмас.

Менің атым ер Әділ,

Қорқып атын жасырмас.

Қырық мың әскер қолменен,

Жалғыз аяқ жолменен,

Ү� бөлініп, ү� жерден

Тиіп едік қолыңа-ай.

Алдыңғы тиген көп әскер—

Қарасай, Қази—қос батыр

Қазбен деген қаланы

Шапқан �ығар қонаға-ай.

Екін�і әскер мен едім,

3150


3160

3170


396

БАТыРлАР  ЖыРы

396

397


Жалғыз аяқ тар жолға

Түскенімде Қызылбас,

Ортаға алдың қамалап.

Қамап алдың жолымды,

Қолымды қорғап тұрғанда,

Ортасынан сырт етіп,

Садағым екі бөлінді,

Тұлпарым орға жығылды.

Секіріп �ыға бергенде,

Өмілдірік үзілді.

Сыпырылып мен түстім,

Қараңғы ордың і�іне,

Таба алмадым жолымды.

Қыдырып жүріп Қызылбас,

Мені көріп жүгірдің.

ұстайын деп тұрғанда,

Орға түсіп Қызылбас,

Ақыл тауып �ығады.

Қазған ордың і�іне

Топырақты сұпырдың.

Көрсетпедің көзімді,

ұстап алдың өзімді.

Атаңа нәлет Қызылбас,

Білгенің болса аяма.

Мен де саған бір күні

Жеткіземін өлімді.

Көрсетемін көріңді,

Босатса Құдай қолымды.

Сұрасаң менің жөнімді,

Қырымның ханы мен едім,

Қол бастаған ер едім.

Қызылбасты қиратып,

Жесірін қойдай �улатып,

Шауып алсам деп едім.

Тұлпар орға жығылып,

Болмады қабыл тілегім.

Өлсем өліп кетейін,

Егер өліп кетпесем,

Білгенімді етермін.

3180


3190

3200


3210

396

396


397

БАТыР  МАМАй – ҚАНДы  ОРАҚ

Екі достым сау болса,

Түбіңе ақыр жетермін.

Қызылбас ханы сөйледі:

—Қол бастаған сен болсаң,

Мойныңа қамыт ілемін.

Алты арбаны жегемін,

Алты арбаның үстіне

Толтырып қамыс үйемін.

Мықтысынған батырдың

Кү�ін сөйтіп көремін.

Әділ болсаң сен өзің,

Жазаңды сөйтіп беремін.

Осыны айтып Қызылбас,

Қолын байлап әкелді.

Қазбен деген қалаға

Әділді айдап келеді.

Мойнына қамыт іледі,

Алты арбаны жегеді.

Алты арбаның үстіне

Бір Қызылбас мінеді.

Арбаға жеккен Әділді

Шыбықтап айдап келеді.

Қарасай бұзған қалада,

Әділді жегіп жүреді.

Айдап жүрген Қызылбас

Қолына алды көк �ыбық,

Әділге болды көп қызық.

 Арбаға тас тиеді,

Алты арбаны ер Әділ

Өгіздей өрге сүйреді.

Керіліп тұрып тартқанда,

Үзіледі арқаны.

Арқан қиып арқасын,

Жанына қатты батады.

Қасына жақын келуге,

Қызылбастар қорқады.

Бұрынғыдай Әділдің

Еркелейтін елі жоқ.

Алты арбаны сүйретіп,

3220


3230

3240


3250

398

БАТыРлАР  ЖыРы

398

399


Жолға түсіп жортады.

Қарасай бұзған қаланы

Әділге жегіп арбаны,

Алты айда түзеп алады.

Қаланы түзеп алған соң,

Тағы да қастық ойлады.

Дұ�панға тезек тергізіп,

Қол-аяғы тұсаулы,

Қорытып күллі даланы,

Тісімен тезек тереді,

Қорлықты Әділ көреді.

Бір Қызылбас жасауыл

Тергізіп тезек жүреді.

Арбаға тиеп тезегін,

Ке� болғанда келеді.

Өліп-талып келгенде,

Жанына бір азап береді.

Мұндай азап-қорлықты

Көремін деген ойда жоқ,

Басқа түссе амал жоқ.

Және бір жерге айдайды,

Бір азапты сайлайды.

Табанына тас соғып,

Бекітіп мықты байлайды.

Күні-түні азапта,

Әділдің соры қайнайды.

Қимылдарға дәрмен жоқ,

Екі көзі жайнайды.

Бұ да қылған Әділге

Қызылбастың қастығы.

Қызылбастың баласы

Қозы-лақтай секіріп,

Басына �ығып ойнайды.

Қуалап ұстар қолы жоқ,

Жамбастап жатып жайменен,

Қолына түскен баланы

Қа�ырлатып �айнайды.

Қызылбаста көп екен,

3260

3270


3280

3290


398

398


399

БАТыР  МАМАй – ҚАНДы  ОРАҚ

«Алма» деген бір жеміс,

Тамағына Әділдің

Жарты алма береді.

Қадірін білген жақсылар

Қолға түсіп қор болды.

Ардақтаған ер екен,

Еркелетіп өсірген

Шырақ ой дейді місін

Қадірін білмесе жамандар,

Жарты алмаға тоймайды,

Бір жаман ғой дейді-міс.

Күні-түні азапта,

Болып жүрді еңбегі е�.

Әділ жүрді азапта,

Тыны� көрмей жазы-қыс.

Сөйтіп жүрген сорлыны

Қырым жақтан келсей�і,

ұ�ып жүрген қарақұс.

Қырымдағы  Байбике�  ханымнан  сөз  есітсек.  Әділ  жауға 

кеткелі  біраз  айлар  өтті.  Жылдардан  жылдар  өтті.  Жаудағы 

жалғыз  Әділ  келмеді.  Не  болғанын  да  біле  алмады.  Екі 

мұңлының басынан билік кетті.

Омар  мен  Оспанқұл  дегендер  малға  билік  етеді.  Екі 

на�ардың басына қорлық жетеді.

Келмегенсін жас Әділ,

Екі мұңлы на�ардың

Қорлығы жоқ көрмеген,

Тек жаны бар өлмеген.

Қырық мың қолға бас болып,

Кеткен Әділ келмеген.

Омар менен Оспанқұл

Мал мен басты билеген.

Есіктен жорға өрлеген,

Қызығы жоқ көрмеген.

Жүйрігі жоқ жүрмеген,

Жорғасы жоқ сүрмеген.

Ер Әділдің барында,

3300


3310

3320


400

БАТыРлАР  ЖыРы

400

401


Мінбек түгіл жорғаны,

Орынсыз қатты күлмеген.

Құдіреттің ісіне

Салса пенде көнбей ме?

Екі мұңды жыласып,

Төңірекке қараса,

Төбеден түспей еңіреген.

Еңіремей не қылсын,

Қызылбасқа кеткен жалғыздың

Не болғанын білмеген.

Қызы жылап тұрғанда,

Қызылбас жатқан келеатқан

Ауыр әскер қол көрді

Қол бастаған ер көрді,

Келе жатқан Әділ жоқ.

Айналайын, анам-ай,

Маңдайымдағы панам-ай,

Келе жатқан әскердің

І�інде Әділ балаң жоқ,

Мен қайтейін жыламай.

Жығылғанға ұқсайды

Алтын сарай қалаң-ай.

Жауда қалған ұқсайды,

Әділ балаң жалғыз-ай.

Тап�ы қылды Құдай-ай

Іні менен ағаға.

Келе жатқан қолда жоқ.

Әділ түсіп қалғасын,

Қарасай, Қази—қос батыр

Қайрылған �ығар соған-ай.

Атадан батыр туғасын,

Жоқ �ығар, ана, арман-ай.

Жолдастары қасында,

Көп жолдасы маңында

Жанның ұлы Ахмет

Келе жатыр, анам-ай.

Алдынан �ығып Ахметтің,

Білейін сұрап, анам-ай,—

Деді дағы Ілия,

3330


3340

3350


3360

400

400


401

БАТыР  МАМАй – ҚАНДы  ОРАҚ

Екі етегін түрінді,

А� күзендей бүгілді.

Ахметтің алдынан

Екі мұңды жүгірді,

Көзінің жасы төгілді.

Ахмет көріп, тұра алмай,

Тұрайын десе ыңқылдап,

Ахмет кетіп баратыр

Атының басын бұра алмай.

Екі мұңды жүгіріп,

Көзінің жасы төгіліп,

Алдынан �ығып оралды,

Қарсы �ығып оралды.

Қарсы �ығып алдынан,

Ағасының хабарын 

Ілия келіп сұрады.

Ахмет, батыр ағамсың,

Басыма қайғы салғасын,

Хабарын айтпай ағамның,

Қайда қа�ып барасың?

Бірге кеткен жолдасың:

Қарасай, Қази ер қайда,

Оған ерген қол қайда?

Қол бастаған ер Әділ

Жалғыз көкем бұл қайда?

Жан жолдасың бұлар жоқ,

Әскеріңмен аман-сау,

Батыр едің, аман келесің.

Келгеніңнен не пайда?

Сендердей болып көкемді,

Бір көретін күн қайда?

Келеді аман туғаның,

Ахмет батыр, айта кет,

Көкемнің қайда қалғанын?

Ахмет сонда сөйледі,

Сөйлегенде бүй деді:

—Көкең аман, жылама,

Жыламай кеулің тына ма?!

Қа�ан аман келген�е,

3370


3380

3390


3400

402

БАТыРлАР  ЖыРы

402

403


Жыламасқа бола ма?

Көкең аман келеді,

Қосыласың аман-сау

Кеткен Әділ ағаңа.

Ілия, жылап мұңайма,

Сиына бер Құдайға.

Қарасай, Қази жолдасы,

Жалғыз ағаң ер Әділ

Бас�ы болып келеді

Кейінгі әскер маңайға.

Қарасай, Қази жолдасы

Алды толып осалға,

Қызылбасты бүлдірген,

Жүректен найза ілдірген,

Аман-сау Әділ келеді.

Хабарым осы білдірген.

Сонда Ілия сөйледі:

—Ахмет, жалған айтасың,

Белгілі адым байқасам,

Қиға�тай қара тауды,

Қызылбастай жауды алсаң,

Алып келген олжаң жоқ,

Неге босқа айтасың?

Жалған неге сөйлейсің,

Сөзбен көңіл демейсің?

Рас болса айтқаның,

Неге озып келмейсің,

Сүйін�іге Ахмет?

Мені алып, неге сүймейсің,

Ойлап тұрмын, Ахмет, 

Осы сөзің бекер,—деп.

Қайғымен көңлім өтер,—деп,

Қарындасы Ілия 

Көрінген�е қолында,

Ол ана болып кетер деп. 

Ілия толғап, еңіреп,

Ахметке сенбеді.

Осы сөзді айтты да,

Ахмет батыр жөнелді.

3410


3420

3430


3440

402

402


403

БАТыР  МАМАй – ҚАНДы  ОРАҚ

Екі мұңды жылады,

Қайғыланып толғады.

Қарасай мен Қазидың

Жолын тосып тұрады. 

Бір күндері болғанда,

Қосарланып зор қатар

Қызылбас жақтан �ығады.

Екі мұңды пақырдың

Алыстан көзі �алады.

Айналайын, анам-ай,

Көрдің бе сонау қараны-ай?

Қарасай, Қази сықылды

Келе жатыр, анам-ай.

Өздері аман келе жатыр,

Көрінбейді балаң-ай.

Өзі жалғыз болғасын,

Жауға түсіп қалғаны.

Туысқан Қази інісі

Тастап кеткен білемін,

Жалғыз туған қасқаны,—

Деді дағы бей�ара,

Зар жүгіріп жылады,

Көзін жасқа бұлады.

Қарасай, Қази досынан

Әділді жоқтап сұрады:

—Дос болғаның осыма-ай,

Жалғыз көкем Әділді

Ертіп кетіп қасыңа.

Жауға тастап досыңды,

Өздерің аман келгесін,

ылайық па басыңа-ай?!

Не де болса хабарын

Айта бергін жасырмай.

Қарасай сонда сөйледі:

—Жалғыз болса Әділді,

Құдай артық жаратқан.

Қырық мың қолға бас болып,

Жұртты ауызына қаратты.

Әділ аман келеді,

3450


3460

3470


3480

404

БАТыРлАР  ЖыРы

404

405


Тәңір оңдап қуантты,

Сапары болсын оң деймін.

Жолдастарын қуантып,

Сол уақытта болғанда,

Қарасай толғап тұрғанда,

Қази тұрып ақырды,

Батыр еді батылды.

Ағасына Қазидың

Қатты келді а�уы.

А�уы қатты келгесін,

Қия алмады жақынды.

—Әй, Қарасай, не дейсің,

Жалған неге сөйлейсің?

Іздеймін деп Әділді,

Алты күндей соғысып,

Болып еді Қарасай,

Жеті жерден жаралмай,

Мұнда неге өлмейсің?

Жаралы болып тұрғанда,

Сүйеп �ыққан ініңді,

Сұрағанда бұларға

Неге айтпадың �ыныңды?

Дұрыс айтсаң болмай ма,

Ер болғасын �ыныңды?!

Жалған айтқан өлім-ді, 

Әділ достым жолдасың

Жауда қалды дегенде,

Жаныңды алар дедің бе?

Өтірік сөзді айтқанмен,

Бұлар нанар дедің бе?

Әділдің түсіп қалғанын,

Мені айтпас дедің бе?

Жалған сөзді айтқанмен,

Бұларды нанар дедің бе?

Әділ жауда қалулы,

Басынан бақыт таюлы.

Досымды  жауға түсіріп,

Осы сапар Құдайым.

Әділді жауда қалдырып,

3490


3500

3510


3520

404

404


405

БАТыР  МАМАй – ҚАНДы  ОРАҚ

Мені Құдай ұрулы. 

Ақ үйге қара тігулі,

Ақ үйге қара тіге бер,

Әділден үміт үзе бер.

Қайғы түрін �еге бер,

Әділ мінген жорғаның,

Жал-құйрығын кесе бер.

Қайғыменен өте бер,

Әділ қалды, біз келдік,

Етеріңді ете бер.

Күйгенменен көрмек жоқ,

Қазасы жетпей өлмек жоқ.

Жерге батып кірмек жоқ,

Бір Құдайдың ісіне

Басқа амал етпек жоқ.

Екі мұңды бей�ара

Жер бауырлап құлады.

«Құдай, ал» деп жылады.

Оныменен өлем бе,

Таусылмаса қазасы.

«Әділ тауда қалды» деп,

Екеуі жылап жатқалы

Алты күн түгел өтеді.

Қасындағы қызына:

«Жүр, �ырағым, жатпа»,—деп,

Ше�есі тілек етеді.

Тұрды қызы түрегеліп,

—Алла ісіне көне бер,

«Кімге еркелеп жатырсың,

Шырағым, тұр»,—деп айналып,

Тұрғызатын ағаң жоқ.

Саған түгіл, �ырағым,

І�імнен �ыққан маған жоқ.

Бір Құдайдың ісіне

Пендеге салса амал жоқ.

Ағаң түгіл теңің жоқ,

Енді бізге тыным жоқ.

Алты күн жаттық дәм татпай,

Ажалдан бұрын өлім жоқ.

3530


3540

3550


3560

406

БАТыРлАР  ЖыРы

406

407


Ордамызға кірмек жоқ,

Ақ ісіне көнелік.

Жатқанменен келе ме

Тұр, �ырағым, жүрелік.

Жылап жатқан қызының

«Тұр, �ырағым», дегені,

Құлағына келеді.

Ілия қыз түрегеліп,

Ше�есіне ереді.

Ессіз қалған ордаға

Екі мұңды келеді.

Омар менен Оспанның

Тілегін Құдай береді.

Әділ жауда қалғасын,

Қуанып, жайнап күледі.

Екі құл билеп жүр еді,

Екі құлдың мұнысын

Екі мұңды біледі.

Басында билік болмады,

Ардақтаған Ілияны

Аламын деп қорлады,

Бірін-бірі қинады.

Екеуінің бір жерге

Енді басы симады.

Көздері жаман ағарды,

Бір күндері екі құл

Ілияға таласып,

Төбелесті салады.

Бірін-бірі өлтіріп,

Ілияны алмақ болады.

Күндерден күндер өтеді,

Айлардан айлар өтеді.

Пенде болған Әділдің

Ес-ақылы кетеді.

Сүйретіп арба мойнына,

Жас сорғалап көзінен.

Іздейтін туған баурынан

Жеке туған ер еді.

Алты арбасы мойнында,

3570


3580

3590


406

406


407

БАТыР  МАМАй – ҚАНДы  ОРАҚ

Күні-түні азапта,

Жыламай Әділ не етеді.

Амалы құрып Әділдің,

Пірі түсіп есіне,

Бір күні зарлап жылады:

—Тарыққанда ерлерге

Келіп жәрдем бере көр?!

Ғайып ерен қырық �ілтен

Жеті пірдің і�інде

Ақ салмалы пірім бар.

Шарапатты пір едің,

Пірден медет болмаса,

Кетті қуат кү�ім-ай!

Арба жегіп мойныма,

Тезек теріп қойныма,

Қор болдым-ау, қайтейін,

Ақ меруерт тісім-ай.

Ең болмаса пірлерім,

Берсей�і аян түсіне-ай?!

Қарасай, Қази батырға

Заманым менің тарылды,

Басымнан бағым арылды.

Әділ ғаріп балаңыз

Пірлер, сізге жалынды,

Жылаған досы баланың

Жеті ғайып пірінің

Құлағына келеді.

Қысылғанын Әділдің

Енді пірі біледі.

Бір қара құс болады да,

Пірі ұ�ып жөнелді.

Қанаты күміс, мойны алтын

Мысалы болды қара құс.

Кереметті пір болсаң,

Қарақұстай болып ұ�.

Бір Құданың пәрмені

Қанаты ұ�ып талмады.

Жерге түсіп қонбады,

Әділге ұ�ып келеді.

3600


3610

3620


3630

408

БАТыРлАР  ЖыРы

408

409


ұ�ып келген қасына

Қарақұсты көреді.

Көре сөйлей береді:

—Аспанменен тіркескен,

Бұлтпенен күрескен,

Әдіра қалғыр, Қаратау,

Болып тұрсын маған жау.

Бір қарақұс үстінен

Қиялап ұ�ып келеді.

Қасыма келіп қонсаң�ы,

Тілегім қабыл болсаң�ы.

Осы келген қара құс,

Қасыма келіп қонсаң�ы.

Төсқалтамнан еңкейіп,

Алар едім қаламды.

Тісімменен еңкейіп,

Жазар едім сәлемді.

Жас Әділ тұрып жылады,

Қарақұс емес, пір еді.

Өзі ұ�ып келеді,

Пірінен жәрдем болады,

Кеулі нұрға толады.

Төсқалтаға еңкейіп,

Қағаз-қалам алады.

Тісімен тістеді,

Ерніменен кү�теді. 

Әділ байғұс амалдап, 

Қырымға сәлем жазады.

Әуел бастап жазады

Бір жаратқан Алланы,

Екін�і және жазады

Қарындасы Ілияны

Ү�ін�і және жазады

Ақ сүт берген ананы.

Бара жатыр жазылып

Тісімен жазған қаламы.

Қарыс бойы хат болды,

Әділдің жазған сәлемі.

Бір Құдай деп бастады.

3640


3650

3660


3670

408

408


409

БАТыР  МАМАй – ҚАНДы  ОРАҚ

«Қарасай, Қази жан досым,

Бір іздемей Әділді,

Неғып �ыдап жатырсың?

Екі достым, көп сәлем,

Тісім болды хат, қалам.

Қимылдарға �амам жоқ,

Қарасай, Қази достым-ай.

Дос болғаның осыма-ай,

Қызылбасқа тұтқын ғып,

Сауда салдың басыма-ай.

Жылағанда көл болды,

Көзден аққан жасым-ай.

Қарасай, Қази достым-ай,

Сендерді «дос» деп кім айтар,

Осындайда көрініп,

Бір келмедің қасыма.

Екі достым сен едің,

Жауға түсіп қалғанда,

Алып �ығар,—деп едім.

Достым жауда қалды деп,

Бір қайрылып келмедің.

Келмесең де достым-ай,

Сендерден үміт үзбедім.

Үзбесем де, достым-ай,

Бір іздемей жатырсың,

ылайық па басыңа-ай?

Қызылбастың қолында

Алты арбаны сүйреймін.

Өгіздей өрге сүйреймін.

Және дұғай көп сәлем,

Қырық сан Қырым еліме,

Қаралы құрдас теңіме.

Жететұғын күн қайда

Туып-өскен жеріме,

Екі достым сау болса,

Жетер едім Қырымға

Осы күндері достым-ай.

Қызылбас ауыз бірлеулі,

Күні-түні тергеулі.

3680


3690

3700


3710

410

БАТыРлАР  ЖыРы

410

411


Қимылдауға әлім жоқ,

Екі қолым сермеулі.

Мойныма �ынжыр тағулы,

Жасауыл болып күні-түн,

Бір қызылбас бағулы.

Аяғыма түн болса,

Тағы да �ынжыр тағулы.

Осындайда келмеген,

Досының жайын білмеген,

Екі достым, сендерге

Менің көңлім қалулы.

Қызылбастың қолында

Әділ азап �егелі,

Жарты жасым кемелі.

Қамыт іліп мойныма,

Алты арбаны жегеді.

Азап беріп қызылбас,

І�імді оттай жандырды.

Қарасай бұзған қаланы

Маған жегіп арбаны,

Зорлап маған салдырды.

Қаланы салып болғасын,

Тісіммен тезек тергізіп,

Тірі азап көргізді.

Шыбықтап айдатып,

Бір Қызылбас мінгізді,

Далада күнде жүргізді.

Тісіммен тезек теремін,

Алты арбаны сүйретіп,

Күн батқасын келемін.

Ал ке�те жарым алма береді,

Басыма Құдай салғасын,

Амалым жоқ, көнемін.

Оныменен тұрмайды,

Алып барып бір жерге,

Тасқа мықтап байлайды.

Таң атқан�а Әділдің

Соры сөйтіп қайнайды.

Қызылбастың баласы

3720


3730

3740


3750

410

410


411

БАТыР  МАМАй – ҚАНДы  ОРАҚ

Қуалап ұстар дәрмен жоқ,

Екі көзім жайнайды.

Қолыма түскен баласын

Қа�ырлатып �айнаймын.

Осы сәлем барғасын,

«Бір іздер» деп ойлаймын.

Қарасай, Қази жолдасым,

Сендер едің сырласым.

Досым десең Әділді,

 Бұл азапқа қоймассың.

Осы сәлем барғасын,

«Тірі екен» деп ойлайсың.

Ақтам ханнан бата алып,

Қырымнан әскер жинарсың.

Екі достым сау болса,

Достығың �ын болса,

Әскер алып Қырымнан

Қызылбасқа аттандың,

Мені даудан құтқардың.

Қарасай, Қази достым-ай,

Сол уақытта мақтаның.

Қырымнан әскер �ықпаса,

Өздерің атты баптарсың.

Екі тұлпар ат алсын,

Азығына мол алсын.

Жібектен тігіп қын алсын,

Тұлпарға болдым жем алсын.

Мен сорлыда туған жоқ,

Екі достым болмаса,

Мені жоқтап кім алсын.

Қызылбастан ұстап тіл алсын,

Аттай алмай тұр балаң-ай.

Аман болсаң көрерсің,

Сабыр ет, анам, жыламай.

Ке� болғасын ер Әділ,

Алты арбасын сүйретіп

Қаласына барады.

Айдап жүрген Қызылбас

«Осындай көрсе, көрдім»,—деп,

3760


3770

3780


3790

412

БАТыРлАР  ЖыРы

412

413


Ханға хабар салады,

Хат кетті деп еліне.

Өлтіруге Әділді

Ханы бұйрық береді.

Атса мылтық өтпейді,

Суға салса батпайды.

Пірі себеп болғасын,

Бәрінен Құдай сақтады.

Өлтірейін десе де,

Қызылбас амал таппады.

Енді тапқан амалы,

Амалының жаманы,

Жеті қабат зынданға

Шықпастай етіп тастады.

Қарақұс ұ�ып жөнелді,

Бұл құстың тегін байқасаң,

Қарақұс емес, пірі еді.

Қырым деген қалаға

Қарақұс ұ�ып келеді.

Екі мұңды бей�ара

Отырған жылап күледі.

Жыламай неғып жатады,

Көреді зәбір жапаны.

Жалғызының қайғысы

Және де мықты батады.

Бір уақыттар болғанда,

Таң сарғайып атады.

Екі мұңды егіліп,

Көзінің жасы төгіліп,

Отыр еді түңіліп,

Бір қарақұс аспаннан

Әділдің берген қағазын

Анасының алдына

Тастап ұ�ып барады.

Әділдің берген қағазын

А�ып оқып қарады.

Ханым оқып қараса,

Өзінің жалғыз баласы

Әділдің жазғаны.

3800


3810

3820


3830

412

412


413

БАТыР  МАМАй – ҚАНДы  ОРАҚ

Екі мұңды қуанып,

Жүректері жарылып,

Жылағанын қояды.

Жауда қалған Әділдің

Көргендей жүзін болады.

Қайта жанды мұңдының

Ө�іп қалған �ырағы.

Хатты оқып көрген соң,

Жауға түскен Әділдің

Сау екенін білген соң,

Қарасай, Қази достына

Хатын алып Әділдің,

Ауылына қарап �ығады.

Қарасай, Қази ер еді,

Артық туған �ер еді.

Жауда қалған достының

Өлі-тірісін біле алмай,

Қапа болып жүр еді.

Екі мұңды біледі.

Досының жазған қағазын

Қарасайға береді.

Әділдің жазған қағазын

А�ып оқып көреді.

Жауға түскен Әділдің

Тірі екенін біледі.

Сонда Қази сөйледі:

—Бүгін өлсем арманым 

Бір �ыбындай жанымды,

Досыма құрбан қыламын.

Достым ү�ін өмірді

Сарп етуге тұрамын.

Ғаріптер енді жүре бер,

Қызық дәурен сүре бер,

Ордаға барып кіре бер.

Құдай тілек бергесін,

Өлсем өліп кетермін,

Досым ү�ін өтермін.

Егер өліп кетпесем,

Балаңды алып жетермін.

3840


3850

3860


3870

414

БАТыРлАР  ЖыРы

414

415


Әділ тұрмас азапта,

Қызылбасқа жүрелік.

Қарасай аға, мін атқа,

Көңіліңді хо� қылып.

Қайта бер, ханым, ел жаққа,

Қасыңдағы қызыңды

Қайғы беріп жылатпа.

Қызылбастың еліне,

Әділдің жатқан жеріне

Екеуі атқа мінеді.

Хан жатқанға келеді,

Іздеңіз деп Әділді.

Ханнан әскер сұрады,

Қызылбасқа баруға.

Қырымға әмір етеді,

Хан әмірі болмады.

Бұрынғы барған Қырымдар

Қырылам деп бармады.

Досынан хабар келгесін,

Қарасай, Қази тұрмады.

Қаратау деген биік тау,

Қызылбас мықты жау,

Қызылбасқа екеуі

Біздерден күдер үзеді.

«Қызылбаста өлген�е,

Өзің бізді қыр»,—деді.

Сонда Қази сөйледі,

А�уы келіп долданды,

Шымырқанып �амданды.

Орақтың туын қолға алып,

Қырымнан көмек сұрады.

Сонда Қази толғанды:

—Әу, Қырымдар, оңбаған,

Неге тудың құрмағыр.

Көп жаманға жалынып,

Не қылып тұрсың құрмағыр.

Туғаның сенің осы ма?

Кетейін өзім досыма.

Неге бардың қасына,

3880


3890

3900


3910

414

414


415

БАТыР  МАМАй – ҚАНДы  ОРАҚ

Жалынған�а жаманға,

Келе ме сенің қасыңа,

Болады бейнет басыңа.

Жалғыз аяқ тар жолға,

Қамағанда Қызылбас

Көргенің жоқ па осыны.

Жалынған�а жаманға,

Тұлпар атты тағала.

Мұзға тиіп таймастан,

Жолға тиіп сынбастан,

Болаттан таға тағала.

Ағайынды екеуміз,

Қырымнан көмек сұрама.

Қызылбасқа баралы,

Барып сойқан салалы.

Сапарды Құдай оңдаса,

Атам Орақ бар болса,

Шығарып жаудан алалы.

Осы сапар алармыз,

Дербент деген қаланы.

Қызылбасты қиратып,

Бағындырып барамын.

Атамның бітер арманы,—

Осылай деп ер Қази,

Қарасайға толғады.

Қарасай мұны тыңдады,

Қырымнан әскер алмады,

Жаманға бұйым салмады.

Қарасай, Қази екеуі

Еліне қайтып барады.

Наданнан көмек сұрамай,

Тұлпар атты бағады,

Аттың күйін табады.

Сонан күнге күйместен,

Мақпалдан жабу жабады.

Табанын тас қағар деп,

Полаттан таға қағады.

Ат жарағын сай етіп,

Қызылбасқа жүреді,

3920


3930

3940


3950

416

БАТыРлАР  ЖыРы

416

417


Күн дәуіріне жетеді.

Қиға�тың биік тауына,

Қызылбастай жауына,

Жүруге талап етеді.

Қызылбасқа барарға

Қырым жұрты қорықты.

Қырымнан көңіл тарықты.

Қызылбас жүз еді,

Екі батыр жорықты.

Бара жатыр екеуі,

Ханымға келіп жолықты.

Байбике� ханым, қайдасың,

Семіртіп қой байлайсың.

Тарыққанда көрмесе,

Құдай дескен досының

Көрсет қа�ан пайдасын.

Досын іздеп барады           

Жауға таяп найзасын.

Қандасы, қарындасы Ілия қыз,

Гүлдей болып жайнасын.

Қызыл гүлдің і�інде,

Бұлбұл болып сайрасын.

Жиырма күннен қалдырмай,

Әкелейін ағасын.

Қуандырам анасын,

Сол уақытта анасы

Сүйін�і сұрап келгенде,

Беретұғын нәрсесін

Осы бастан сайласын.

Арғымақ аттың аяғын

Жібекпенен тұсатар.

Әділ достын �ығарып,

Жаудан қолын босатар.

Екі досты аттанып,

Әділді іздеп баратыр.

Қолыңды жайып бата бер,

Дуасы қабыл мүсәпір.

Әділдің жатқан жеріне,

Қызылбастың еліне

3960


3970

3980


3990

416

416


417

БАТыР  МАМАй – ҚАНДы  ОРАҚ

Сапар етіп баруға,

Тұтқындағы Әділді,

Шығарып жаудан алуға.

Достының естіп хабарын,

Тына ма көңлі бір бармай.

Жиырма күннен қалдырмай,

Әділді алып келермін,

Бүгіннен бастап санай бер,

Сөзімнің болмас жалғаны.

Жиырма күннен қалдырсам,

Атамның ұлы болмайын.

Әділ досын ала алмай,

Досының өліп қалғаны.

Досымды жаудан �ығарып,

Қызылбасты қиратып,

Бағындырып аламын.

«Көңілді болып барың,—деп,—

Әділді жаудан алың»—деп,

Тілектес болып қалады.

Өзінің қайтқан жолынан,

Белгілеп кеткен жерімен

Қарасай кетіп барады.

Екі батыр жөнелді,

Күні-түні тынбастан.

Қатты жүріп келеді,

Бірде �ауып желеді,

Тау қарасын көреді.

Екі тұлпар жануар

Бауырынан жортады.

Сылап-сипап батырлар

Жал құйрығын тарады.

Таң сарғайып атқанда,

Жалғыз аяқ жолымен,

Өзінің көрген жерімен

Қаратаудан құлады.

Күн қызарып �ыққанда,

Тас өткелге барады.

Мұнан өтіп �ығады,

Сәске уақыт болғанда,

4000


4010

4020


4030

418

БАТыРлАР  ЖыРы

418

419


Сонда келіп тұрады.

Өзі тапқан қалаға

Қаланы көріп қараса,

Жанды көріп қараса,

Қызылбас ақыл тауыпты,

Қаланы мықты жауыпты.

Екі жерден а�ылған

Дарбазасын салыпты.

«Қарасай, Қази келер,—деп,

Қаланы �ауып кетер»—деп,

Болған екен қауіпті.

Қас қарайып, күн батсын,

Қаласына жау жатсын,

Қаланы түнде �абалық,

«Орақ» деп ұран салалық.

Тастап қа�ар қаланы,

Қаласынан �ығарып,

Қызылбасты қыралық.

Сонда Қази сөйледі:

—Әу, Қарасай ағамыз,

Өзіңіз көрген қалаңыз,

Алдымыздан �ыққан соң,

Шыдап қалай тұрамыз?

Қарасай аға, білмеймін,

Өнемейін түн дейсің.

Батыр болсаң, Қареке,

Күндіз неге тимейсің?

Бұл айтқаның жөн емес,

Қорқыны� салма, уайым.

Қорықсаң өзің қайта бер,

Осы жерден еліңе-ай.

Қиын да болса қоя бер аға өзімді,

Жасырынып жау алсаң,

ұяламын мен, аға.

Шыдамады, сөзіне,

Айтқан тілді алмады,

Сөзіне құлақ салмады.

«Кіремін,—деді,—қалаға»,

Қарасайдай кем бе еді,

4040


4050

4060


4070

418

418


419

БАТыР  МАМАй – ҚАНДы  ОРАҚ

Қорқып тұрар ер ме еді.

Інісінен қалыспай,

Талма тал түс болғанда,

Екеуі �апты қаланы.

Қаланың і�ін қандатып,

Екеуі салды атойды-ай.

Екі жерден екеуі

«Орақ» деп ұран салады.

Қызыл, жасыл екі ту,

Көтеріп жауға �абады.

Қызылбастың басына

Ақыр заман салады.

Көп те болса Қызылбас,

Тайды жолдан табаны.

Құрыды енді заманы,

Екі жерден екеуі

Аралады қаланы.

Қызылбасты �улатып,

Қаладан айдап �ығады,

Қала і�і сыртын-ай.

Әділ достын қарады,

Іздеп досын таба алмай.

Амалы құрып тұрады,

Бұл қаладан таба алмай.

Соған қарай �абады.

Бұдан бұрын Қызылбас

Дербент деген қалаға

Қа�ып барып қамалды.

Алдырмауға Қызылбас

Қылып жатыр амалды.

Сонда тұрып ер Қази

Қарасайға толғады:

—Қареке, менің ойым бар,

Істейтін деген ісім бар.

Осы жерден таусылсаң,

Онда менің сорым бар.

Саған ойды айтайын,

Таққа мінген хан болса,

Мырза болсын, би болсын

4080


4090

4100


4110

420

БАТыРлАР  ЖыРы

420

421


Алдап ұстап алалық.

«Тауып бер,—деп,—Әділді,

Өлтірем»,—деп сұралық.

 Қорыққаннан Қызылбас,

Шынын айтар, жасырмас,—

Деді дағы екеуі,

Қызылбасты �абады.

Бір төре мен мырзасын

Табандап ұстап алады.

«Өлтіремін»,—деп қорқытып,

—Әділ қайда жатыр?—деп,

Қызылбастан сұрады.

Сұраса  да айтпады,

Өлтірсең де, тілін тартпады.

Дініне мықты ер екен,

Айтқанынан қайтпады.

Айтпағасын Қызылбас,

Қаланың і�ін торлады.

«Енді қайдан табам?»—деп,

Қарасай еңіреп жылады.

Бір Жаратқан Құдайым,

Бір өзіңе жыламай,

Іздеп келген досымды

Таба алмадым қаладан.

Қарасай Әділді іздеп таба алмай тұрғанда, өзінің анасы пір 

болып, ұ�ып келіп, Әділдің жатқан жерін көрсетеді.

Жеті қабат зынданға

Қарасай, Қази  келеді.

Тауып алып досын-ай,

Дауыстап сәлем береді.

Бекітіп қойған есігін,

Есігінде бар екен,

Бір кі�кене тесігі,

Сол тесіктен келеді.

Әділ досын �ақырып,

Жолбарыстай ақырып,

Ақырған даусы Әділдің

4120


4130

4140


420

420


421

БАТыР  МАМАй – ҚАНДы  ОРАҚ

Құлағына барады.

Даусын танып Қазидың,

Көтеріп басын алады.

Сонда Қази толғады,

Әділ досым, аман-сау

Жатырмысың түбінде?

Досың іздеп келгенде,

Әлің қалай бұл күнде?

Екі достың келіп тұр,

Жатырсың, достым, не қылып?

Келіп едік аттанып,

Қаланы бұзып қиратып.

Келіп тұрмын жол салып.

Әділ сонда сөйледі:

—Жеті қабат зынданнан

Шығарып мені алмасаң,

Тарқамайды құмарым.

Мені амалдап �ығарсаң,

Екі қолым байлаулы.

Қимылдауға әлім жоқ,

Екі көзім байлаулы.

Арқан салып қарасаң,

Тісіммен ептеп көрейін.

Мұны есітіп екеуі,

Қуанысып қалады,

Жалғап арқан салады.

Досының салған арқанын

Тісімен ептеп көреді.

Екі досы амалдап,

Сау-саламат алады.

Шынжырларын жазады,

Құрсауларын алады.

Құлып бұза алмай қалады.

Бұзайын десе Әділдің,

Екі қолы сынады.

Қарасай, Қази екеуі,

Амалын таппай тұрады.

Сол уақытта ер Әділ:

«Байлаулы тұрған қолымды,

4150


4160

4170


4180

422

БАТыРлАР  ЖыРы

422

423


Бұны қалай �е�ейін?

Ақ салмалы пірім-ай,

Көп өткелден қолымды

Шығаруға болдың тар».

Пірі келді қасына,

Қонайын деп бақыт тұр

Ү� батырдың басына.

Тілегі қабыл болады,

Пірлері жәрдем береді.

Қырық жолбарыс қуатты,

Ер Әділге ереді.

Мұны біліп ер Әділ,

я пірім деп бұл күнде,

Полаттан салған көп өткел

Жібектей болып үзілді,

Талабы анық түзелді.

Алыстан келген достымен,

Құ�ақтасып көрісті.

Әділ мінген Қызыл ат

Хан жанында тұр еді.

Қызыл атты сарайдан,

Қази алып келеді.

Әділ досын мінгізіп,

Артық туған ер Әділ

Қаруларын ілдіріп,

Дербент деген қалаға

Досын бастап жүреді.

Ү� арыстан келеді,

Келіп бүлік салады.

Бір күн, бір түн атысып,

Қызылбасты қырады.

Қорғасын ханды өлтіріп,

Бағындырып алады.

Тоғыз күні өткенде,

Қайтып кетіп барады.

Ер Әділдің анасы

Ілияға сөз айтып:

—Айналайын, қызым-ай,

Туған еркін қозым-ай.

4190


4200

4210


4220

422

422


423

БАТыР  МАМАй – ҚАНДы  ОРАҚ

Шырағым, сені берейін,

«Сүйін�і» деп келгенде.

Жиырма күнге толады,

Екі мұңды біледі,

Төбеден түсіп тұрады.

Қарап тұрса ғаріптер,

Бір қараны көреді.

Бірде болса зор қара,

Қатты жүріп келеді.

Қарасай батыр екенін,

Екі мұңды біледі.

Көзді а�ып жұмған�а,

Қызыл атты Қарасай

Салып жетіп келеді,

Келе сөйлей береді:

—Әділді алып келеміз,

Сүйін�і бер,—деп толғады.

Байбике� ханым толғады:

—Әділді алып қайтқанға,

Сүйін�іге мен бердім

Жалғыз қызым Ілияны.

«Әділ қа�ан келер» деп,

Жолын тосып жүр еді.

Әділ жетіп келеді,

Ақ сүт берген ананың

Қайғысы бастан кетеді.

Қос жетімнің бір Құдай

Тілегін әбден береді.

Таққа мініп ер Әділ,

Хандық дәурен сүреді.

Ел-халқын жинап,

Қарындасы Ілияны

Қарасайға береді.

Омар менен Оспанқұл

Таянып бұл келеді.

Қызылбастың қолына

Әділ түсіп қалғанда,

Жамандық қылған құл еді.

Жазасы оның көп еді.

4230


4240

4250


4260

424

БАТыРлАР  ЖыРы

Жататын жері бұлардың,

Жеті қабат зындан түбі еді.

Омар менен Оспанның,

Сол секілді дұ�панның

Күнәсін ке�ті деп еді.

Қырымды сұрап жас Әділ,

Мұратына жетеді.

Атасының тапсырған

Ү� арманын бітіріп,

Орақ батыр  ұлдары—

Қарасай, Қази екеуі

«уһ» деп демін алады.

4275


424

Орақ өлген соң, Мамай жалғыз қалған екен. Мамай сол кезде 

он жаста екен. Темірхан деген қалмақ қасында жауы бар екен. 

Орақтың  өлгенін  есітіп,  Мамайға  Ханбике  деген  бас�ысын 

�ақырып алып, Мамайға жұмсап тұрған жері екен дейді:

 —Ау, Ханбике, Ханбике,

Ақылдасым, мұңдасым,

Аттансам жауға жолдасым.

Бес атаңды өлтірген,

Жанына қаза келтірген,

Құдайы айдап келген-ді.

Алжыған қақбас хан Мамайды,

Қа�са бір қуып жеткендей,

Қуса бір қа�ып кеткендей.

Бір жүйрікке мін деді-ай,

Қырық жігіт ал деді-ай.

Ү� жылға түскен отаудан

Ү� жыл есеп берсін деп,

Штатыма көнсін деп.

Ү� жылға түскен отауды

Ү� жыл кесіп бермесе,

Штатыма көнбесе,

Жер ортасы Қиға� тау

ұрысқа-ай Мамай келсін деп.

Ей, бармайтын заман жоқ,

Хан айтқан соң амал жоқ

Ханбикедей батырың

Бір бедеуге мінеді.

Орақ – Мамай

(Орынбасар Оңғарбайұлы нұсқасы)

10

20



426

БАТыРлАР  ЖыРы

426

427


Қырық жігіт алады-ай,

Белең-белең желеді.

Ей, түн ұйқысын бөледі-ай,

Жер ортасы Қиға� тау

Бұған таман келеді.

Еңіреген хан Мамай

Бұл қалмақтың �ыққанын,

Үйде бір жатып біледі-ай.

Әй, ертеңде тұрып алады-ай,

Бозмойнаққа мінеді.

Ер қаруы бес қару

Мойнына іледі.

Алтыннан берен ақ алмас

Ер басына іледі.

Қарүлектей анасы-ай,

Бұған да жетіп келеді-ай.

Ей, айналайын, анамыз,

Ем�ек берген мамамыз,

Қалмақтан келіп тұр,

Ат ізін бізге салып тұр.

Қандай бір заман күн болар-ау,

Ақыл айт�ы, жан анам-ау.

Қарүлек сонда толғайды-ау,

Ей, толғаудың басын қозғайды.

—Ке�егі Орақ барында,

Ноғайлы елі зар болды-ау.

Орақ өліп кеткен соң,

Ноғайлы елі Қызылбасқа қор болды-ау.

Ау, белеңде; ау, белең желерсің,

Түн ұйқыңды бөлерсің.

Ай, ажалың жетсе-ау, қарағым,

Үйде бір болса-ай өлерсің.

Белең-белең жел,—деді,

Түн ұйқыңды бөл,—деді.

Олай да бұлай сен болсаң,

Артыңнан хабар алармын.

Қарасай мен Қазиды

Артыңнан, ой, баулап салармын.

Әй, еңіреген, ау, хан Мамай,

30

40



50

60


426

426


427

ОРАҚ – МАМАй

Белең-белең желеді-ай.

Жер ортасы Қиға� тау

Бұған таман келеді.

Әй, қырық кесір қалмаққа,

Қарсы-ау жетіп келеді.

Бұл Мамайды көрген соң,

Алдынан келіп-ай Ханбике,

Бұған да сөйлей береді-ай.

Әй, Ассалаумағалейкум,

Алжыған қақбас хан Мамай,

Темірхан бізді жіберді-ай.

Ү� жылға түскен отаудан

Ү� жыл есеп бересің,

Штатына көнесің. 

Ү� жылға түскен отаудан

Ү� жыл есеп бермесең,

Штатына көнбесең,

Қорлықты-ай Мамай көрерсің.

Ей, а�уға мінді-ай хан Мамай,

Қырық кесір қалмақпен

Сол жерде салды-ай ұрысты-ай.

Қырық жігіт қалмақтың

Қырқын бірдей өлтіріп,

Ханбикедей бас�ысын

Тірідей ұстап алады-ай.

Құлағын кесіп құнтитып,

Мұрынын кесті �ұнтитып,

Сәлем айтып жіберді-ай,

Қиға� таудың басына

Жеті бір күнде келсін,—деп.

Темірхан сонда а�уланды-ау,

Сегіз мың әскер жинап қасына алды.

Айдаһардай ысқырып,

Аламанын өргізіп.

Аламанын сумен жүргізіп,

Бұтбра�қа сиынып.

лалауған, ой, көп қалмақ

Кем бір жатқан су секілді-ай.

70

80

90



100

428

БАТыРлАР  ЖыРы

428

429


Ал бұл Ханбике кеткен соң, ер Мамайдың ұйқысы келді. Бұл 

жатса жеті күнге дейін тұрмайтынын бұл қалмақ біліп, тезірек 

жетейін деп, Қиға� таудың басына келіп, алыстан бір қараны 

көріп, Темірхан Ханбикені жұмсап тұрған жері екен,—дейді.

—Ей, ал, Ханбике, Ханбике, 

Бері таман кел,—деді-ау.

Мен бір жауап айтайын,

Бұл сөзімді біл,—деді-ай.

Қиға� таудың басында-ай,

Бір қараны көріп тұр,

Әскер қолын бөліп тұр.

Қа�са бір қуып жеткендей,

Қуса қа�ып кеткендей-ай.

Бір жүйрікке мін,—деді-ай,

Байқап бір соны кел,—деді-ай.

Әй, Ханбикедей мысығың

Белең-белең желеді,

Түн ұйқысын бөледі.

Әй, Қиға� таудың басында,

ұйықтап жатқан Мамайды,

Жақындауға қорқып,

Алыстан болжап көреді.

Жатқан жерін сұрасаң,

Орал-ай төбе, он төбе

Күн төбенің басы екен.

Көлденең жатқан көк орай,

Көк орайдың қасы екен.

Астына мінген Бозмойнақ

Арқасымен аунатып,

Құйрығымен қунатып,

Арқандап қойған секілді-ай.

Ай, ер қаруы—бес қару

Жастанып жатқан секілді-ай.

Алтыннан берен ақ алмас

Қапталына басыпты-ай,

Арқандауға қорқып-ай.

Өтірікке қолайлап,

Ханбике кейін қайтыпты-ай.

110

120


130

428

428


429

ОРАҚ – МАМАй

Ханбике келіп сөйлейді,

Сөйлегенде не дейді:

—Ассалаумағалейкум, 

Темірхандай ханымыз,

Мың кісілік айбатың,

Жүз кісілік қайратың,

Ке�егі айтқан қараға-ай.

Белең-белең желгенмін,

Түн ұйқымды бөлгенмін.

Жақындауға қорқып,

Алыстан-ай болжап келгенмін.

Бурыл ханнан бу көрдім,

Үстінен ұ�қан ақ сарыбас қу көрдім.

Едігенің аруағы 

Қорғап жүрген пір көрдім.

«Өзіңді ғой барып көр»,—деді-ай,

Ей, Темірхандай ханыңыз.

Бұл да бір асқан ер еді,

Ерлігінің белгісі-ай,

Сегіз мыңдай әскерден-ай

Жалғыз-ай �ығып жөнелді-ай.

Астындағы қара аттың

Жал құйрығын �ақ түйіп,

Қоңыраулы найза қолға алып,

Алдына дабыл өңгеріп,

Артына сауыт бөктеріп,

Нар бурадай ырылдап,

Келе жатқан секілді-ай.

ұйықтап жатқан Мамайға 

Ү� �ақырым келгенде,

Астындағы қара аты-ай

Кейін қарай �егінді. 

Енді-ай батыр ұрады,

Тұмсығымен жер тіреп,

Астындағы тұлпары

Ет бетінен құлады-ай.

Әй аттан бір түсіп қалады-ау,

«Жығылар ма екен туым»,—деп,

Әй, Темірхандай ханыңыз,

140


150

160


170

430

БАТыРлАР  ЖыРы

430

431


Алтыннан берен ақ алмас

Суырып алып-ай қынаптан,

Жүгіріп келіп, Мамайдың қасына,

Тізеліктен �абады-ай.

Кесіліп аяқ қалсын,—деп,

Тасқа тиген немене 

Ортасынан үзіліп,

Ақ алмас-ау, мынау қалады.

Кейін қайта жүгірді,

Ер басында айбалта

Мұны қолға алады.

А�уланып, долданып,

ұйықтап жатқан Мамайды

Қалай өлмес екен,—деп-ай,

Маңдайлықтан-ау, �абады-ай.

Құмырасы үзіліп,

Тасқа тиген немедей,

Сабы да тиіп қалады-ай.

Әй, жығылар ма  екен туым,—деп,

Кем болған екен суы,—деп.

Кейін қарай жүгіріп,

Қанжығадай ақсүңгі

Мұны бір сүңгіп алады.

Әй, ұйықтап жатқан Мамайды

Қалай да өлмес екен,—деп.

Жүгіріп келіп �іреніп,

Жүректіктен салады.

Қолындағы ақ найза

Қармақтай болып қалады-ау.

Әй, бір ү� қаруды сындырып,

Енді батырдың көңілі тынады-ай.

Белең-белең желдің бе,

Атаңа нәлет Ханбике

Жастан жетім қалған неме-еді.

Бір бәлені көрді ме,

Кейін қайтып барайын,

Содан да ақыл сұрайын.

Темірхандай ханыңыз

Кейін қайта желеді.

180


190

200


210

430

430


431

ОРАҚ – МАМАй

Көп әскерге келеді-ай,

Келіп сөйлей береді:

—Әй, Ханбике-ау, Ханбике,

Ақылдасым, мұңдасым,

Ақтан сөйле жолдасым.

Қаланы бұзып ханды алдым,

Ортадан �ауып олжа алдым.

Белең-белең желгенмін,

Әй, ноғайлының бір �алын

ұйықтап жатқан жерінде-ау,

Өлтіре алмай келгенім-ай.

Ақыл бір тауып бер,—деді-ай,

Әй, сонда Ханбике сөйлейді-ау:

—Темірхандай ханымыз,

Сөзге құлақ салыңыз.

Арғы атасы Мамайдың

Сұрасаң бара батыпты Ша�ты Әзіз.

Бергі атасы—Едіге

Кереметті ер еді-ай,

Бурылқанған бура еді.

Үстінен қорғап жүргенде,

Ақ сары бас қу еді.

ұйықтап жатқан Мамайды

Суретін көрсетіп,

Қолындағы қаруды

Тасқа ұрғызып жіберді-ай.

Әй, ұйықтап жатқан жерінде

Ат-манатты көтеріп,

Қамап оны алайық.

Жапыра келіп салады-ай,

ұйықтап жатқан Мамайды-ай,

Енді-ай қамап алады.

Нан піседі деміне,

Еңіреген Мамайдың

Кім келеді �еніне.

Арқандап қойған Бозмойнақ

ұрлап мұны алады-ай.

«Қарусыз Мамай қалсын» деп,

Жастанып жатқан жерінде

220


230

240


250

432

БАТыРлАР  ЖыРы

432

433


Бес қаруын алады-ай.

Жамбасына басқан ақ алмас

Алайын деп жатқанда,

Еңіреген хан Мамай

Көтеріп басын алады-ай.

Қамап бір тұрған қалмақты

Өз көзімен көреді.

«Құдай сақал кесті» деп,

Мамай жылай береді.

Мамай жаяу ұрысты

Күндіз-түні екі күн.

Екі күн жатып ұрысты,

Екі мықын құлатты-ай.

Қолындағы ақ алмас

Бәлендіктен үзілді-ай.

Қиға� таудың басына

Жүгіріп қа�ып жөнелді-ай.

Жұдырығымен тас ойып,

Мамай салды ұрысты-ай.

Жеті күн таспен ұрысып,

Төрт мыңдайын құлатты-ай.

Әй, бір күндері болғанда,

Сегіз күнге толғанда,

Жорғадан басқа мінбеген,

Қамқадан басқа кимеген,

Сол самаурын қызыл �ай,

Қымыздан басқа і�пеген,

Маңдайынан күн қағып,

Мамай бір сонда құлады-ай,

ұзынынан сұлады-ай. 

Жапырып келіп көп қалмақ,

Мамайды қамап алады-ау.

Атса бір мылтық өтпеді-ай,

Шапса бір қылы� кеспейді-ай,

Салса найза кірмеді-ай.

Оу, Темір бір торды жабады-ау,

Қырық мәуісті күймемен.

Басын тартып айламен,

Зынданға апарып жөнелді-ай.

260


270

280


290

432

432


433

ОРАҚ – МАМАй

Әне,  бұл  зынданға  түсіп  қала  берді.  Әйелі  Қара�а� 

Мамайдың түнде жатып, түс көріп, ертең Қарүлек енесіне жо-

рытып отырған сөзі екен дейді.

—Ей, көтер бір, ене, басыңды-ай,

Түнде бір бүгін түс көрдім,

Түсімде жаман іс көрдім.

Ке�егі кеткен жалғыздың

Астындағы Бозмойнақ

Ер-жүгенсіз бос көрдім.

Қолындағы ақ алмас

Үзіліңкі көрінді-ай.

Екі көзін қарасам,

Жұмылыңқы көрінді-ай.

Жауырыным толы қара�а� 

Жайылыңқы көрінді-ай.

Бедерленген бес бармақ,

Білектен-ай �ыққан қос бармақ

Қара қанға малыныңқы көрінді.

Қарүлек сонда сөйледі,

Сөйлегенде не дейді:

—Астына мінген Бозмойнақ

Ер-жүгенсіз бос көрсең,

ұйықтап Мамай қалған-ды,

Әй, ұрлап бір қалмақ алған-ды.

Қолындағы ақ алмас үзіліңкі көрінсе,

Жаяу салып ұрысып,

Жан ортаға келгенде,

Қолындағы ақ алмас

Балдағынан үзіліп,

Арманда болып Мамай қалған-ды.

Екі көзін қарасаң,

Жұмылыңқы көрінсе,

Ер ұйқысы келген-ді,

ұйықтап бір Мамай қалғанды-ау.

Ақыр түбін қарасаң,

Артынан барар көмек жоқ.

Басын тартып айламен

Апарып зынданға қалмақ салғанды-ай.

300

310


320

434

БАТыРлАР  ЖыРы

434

435


Бұл дүниенің жүзінде

Күдер үзіп жатқанды-ай.

Жауырының толы қара�а�

Жайылыңқы көрінсе,

Ертең тұрып қой өрер,

Қой жайылып бұл кетер,

Бұда-ау саған көрінсе.

Білектен �ыққан қос бармақ

Қара қанға малыңқы көрінсе,

Ертеңде-ау ойран боларсың,

Бұда-ау саған көрінсе-ай.

Әй, бұл сөзді айтып, ноғайлының көп батырына барып хабар 

беруге, жақын жерде батыр болмады. Орақтан қалған Қарасай, 

Қази  екеуі  асық  ойнап  жүр  еді.  Қарасай  мен  Қазидың  қасына 

келіп, Қарүлектің айтып тұрған сөзі екен дейді.

—Ей, Қарасай-ау, Қази, сен,—деді-ау,

Әй, Орақты тапқан мен,—деді-ау.

Жасыққа жауғыр қанбағыр,

Тудыңдар қайдан оңбағыр.

Әй, атаңды қалмақ алған-ды,

Зынданға байлап салған-ды.

Артынан неге бармадың,

Ат құйрығын салмадың.

Сол уақыт болғанда,

Қарасай келді жүгіріп:

—Айналайын, мәмеке,

Айтқан сөзің �ын болса,

Астыма мінер атым жоқ,

Үстіме киер киім жоқ,

Қолыма алар қару жоқ.

Жер ортасы қиын ғой,

Жаяу қайдан жетермін.

Айтқанда-ай сөзің �ын болса,

Жаяу да болса кетермін.

Сол атамның жолында-ай

Қапалықпен өтермін-ай.

Ей, сонда-ау кемпір сөйлейді:

330


340

350


434

434


435

ОРАҚ – МАМАй

—Киім бір деген бұйым ба,

Тұлпар деген қиын ба?

Бадана көзді ақ тұлпар

Саған арнап соқтырып,

Қырық мәуісті күймеде

Бақтырып мұны қойғанмын.

Тоқсан бір көзді торғауыт

Әй, ат алдырып қойдым-ау кілемге.

Саған арнап, қарағым,

Орақтан қалған ақ алмас,

Сермегенде жан қалмас,

Саған арнап, қарағым,

Ілдіріп қойдым жоғары.

Тұлпарды-ау мінерсің,

Беліңе қару ілерсің,

Не салғанын Алланың

Маңдайыңнан-ай көрерсің.

Әй, сол уақытта Қарасай бала атты алдырып келді. Ер қаруы 

бес қаруды алды. Әкесінен қалған ақ алмас әлі де тот баспаған 

екен  дейді.  Алтыннан  бу  берген,  сермесе  бұдан  жан  қалмай, 

айдаһардың тіліндей кесе салар білінбей. Қалмақтың есі кеткен, 

өзіне қарата Мамайдың ізімен келе жатыр еді. «Қиға� таудың 

басында  ізінен  қуғын�ы  келе  ме»—деп,  зынданды  айналып 

баяғы Ханбике қарауыл қарап жүр екен. Темірхан айтқан екен: 

«Науада келе қойса, маған хабар етерсің»,—деді.

—Ей, Қарасайдай жас бала-ай,

Кейде �ауып желеді,

Құбылып ойнап келеді-ай.

Қиға� таудың басында

Бір қараны көреді-ай.

Ел �етінде көлбеңдеп,

Көп �етінде селбеңдеп,

Қарсы қарап тұрғанын

Алыстан болжап келді-ау,

Әй, салып бір жетіп келеді.

Ханбике тұрып, сонда сөйлейді-ау,

Сөйлегенде бүй дейді-ау:

360


370

380


436

БАТыРлАР  ЖыРы

436

437


—Мен де, мен де, мен едім,

Әй, мен Ханбике деген ер едім.

Аты жөнің білдір�і,

Қайдан �ыққан неме едің?

Сонда Қарасай сөйлейді:

—Айдын бір айдын ай торы,

Ай балтасы қан торы, 

Мен Орақтың баласы-ай.

Менің атым Қарасай, 

Қысқа күнде жауға қырық �апқан-ай,

Көкеме кімнің �арасы-ай.

Белең де белең желемін,

Ке�егі кеткен Мамайдан

Хабар ала келемін-ай.

Ханбике сонда сөйлейді:

—Ноғай, қалмақ болдың қас,

Кеудем темір, басым тас.

Екі орта �алдырмас,

Айналайын, бала сен,

Қаулап оттай жанасың.

Меніменен ұрысып, 

Құдайыңа барасың-ау.

Сонда бала сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді:

—Ау, қалмағым, қалмағым,

Бақтан да оңай алмағым.

Салмақтасып қарасаң,

Баспай ма екен салмағым.

Сақалыңның ағы бар,

Әй, ағалығың тағы бар,

Кезегіңді-ау ал дейді-ау.

Ханбикедей мы�ығың

Бұл баланы көрген соң,

Кезегін енді ала алмай,

«Әлде қандай болам» деп,

Ханбике тұрып сөйлейді-ау,

Сөйлегенде бүй дейді-ау:

—Әй, Қарасай, Қарасай,

Сен Орақтың баласы-ай.

390


400

410


420

436

436


437

ОРАҚ – МАМАй

Әй, �ыбындай жаным бар,

Бір қасықтай қанымды-ай

Сенен бір-ай сауға тілеймін.

Әкеңді-ай тауып берейін,

Сауға берсең жанымды, 

Еліме аман жетейін.

Қарасай сонда сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді-ай:

—Әкемді-ау тауып сен берсең,

Бір �ыбындай жаныңды

Ау, саған бір сауға берейін.

Екін�і жауға барғанда,

Саған жамандық қылмай,

Тимей кетейін.

Осыны айтып сол жерде,

Ханбикедей мы�ығың

Алдына жетіп келді.

Алпыс құла� зынданға

Қиядан көзін салады. 

Тірі екенін Мамайдың

Өз көзімен көрген соң,

Қарасайдың алдынан-ай

Сүйін�ілей береді-ай.

Әй, алпыс құла� зынданнан

Жеті жасар Қарасай

Сексендегі Мамайды-ай

Сүйреп алып �ығарды-ай.

Сонда Мамай сөйлейді,

Сөйлегенде не дейді-ау:

—Ау, Қарасай, Қарасай,

Сен Орақтың баласы-ай.

Ай, күндердің күні болғанда-ай

Жарамайды екен, �ырағым,

Арғымақ аттың баласы-ай.

Артымнан неге келмедің,

Ат құйрығын салмадың?

Жасыққа жауғыр қанбағыр,

Туды �іркін оңбағыр-ай.

Аттанып мінген Бозмойнақ

430


440

450


460

438

БАТыРлАР  ЖыРы

438

439


Темірханнан алмасаң,

Атаңды-ау салған зынданға

Темірханды-ау салмасаң,

Бұл дүниеден өт дейді-ау,

Шын дүниеге жет дейді-ау.

Әй, Ханбикенің тілін кәлимаға келтіріп, көндіріп Мамайға 

қосып  жіберді.  Енді  Қарасай  жалғыз  өзі  Темірхан  қалмақтың 

еліне салды.

                  

Ей, Қарасайдай жас бала,

Темірханның еліне

Жалғыз тартып жөнелді.

Астындағы ақ тұлпар

Ауыздықпен алысып,

ұ�қан құспен жарысып,

Құбылып ойнап келеді. 

Жеті күнге толғанда,

Темірханның қаласын-ай

Батырдың көзі көреді.

Жау көрмеген жас бала,

Жас өспірім мас бала, 

Қақпаға жетіп келеді-ай.

Найзасын қолға алады,

ұрандап айқай салады: 

—Ау, Темірхан бармысың,

Бері таман �ық дейді-ау?!

Мен Орақтың баласы,

Қарасай батыр—мен—дейді-ау.

Әй, ке�егі салған-ау адамға,

Әй, қолыңнан келсе Темірхан

Салармын-ау, Құдай �ын болса,

Ау, әулиеге апарып сені де ай.

Бұл дауысты есітіп,

лалаулаған көп қалмақ

Әй, дәруазадан �ығады.

Шыққанын-ау Қарасай

Алмаспен �ауып басын-ай,

Дәруазадан �ығармай, 

470

480


490

438

438


439

ОРАҚ – МАМАй

Қасқыр тиген қойдай қырады.

Мұны көзі бір көрген соң,

Қара тұлпар атпенен

Бозмұнақты жетектеп-ай,

Темірхан қа�ып жөнелді-ай.

Ей, қаланы бұзып алса да,

Ү� күнге дейін айналып,

Таба алмай батыр сенделді-ай.

Бір күндері болғанда,

Күн төрт күнге толғанда,

Қаланы енді айналып жүргенде,

Қос тұлпардың ізін көреді.

Әй, Қарасайдай жас бала-ай

Ізге бір түсіп жөнелді-ай.

Бір жерлерге келгенде,

Темірханның қарасын

Қарасай батыр көреді-ай.

Темірхан сонда қарсы тұрып қалады:

—Енді бір қа�сам қа�ты,—деп,

Әй, ноғайлының баласы-ай

Менен де-ау, қорқып асты,—дер,

Қара албасты-ау басты,—дер.

Не де бір болса тұрайын,

Кеуегімді алайын.

Толғана мойын бұрайын,

Қайратымды-ау сынайын.

Осыны айтып Темірхан,

Қарсы қарап тұрады.

Қарасай жетіп келеді-ау,

Ау, сол уақыт болғанда,

Темірхан сөйлей береді-ай:

—Айналайын, баласың,

Қаулап оттай жанасың.

Шаһарымнан өтті ғой,

Қайда кетіп барасың?

Меніменен ұрыссаң,

Құдайыңа барасың.

Өлмей тұрып, қарағым,

Ат-тоныңды, қару-жарақты

500


510

520


530

440

БАТыРлАР  ЖыРы

440

441


Өлмей тұрып берерсің-ай.

Қарасай сонда сөйлейді-ай:

—Мен бір өзім баламын,

Ақылым жоқ-ау �аламын.

Ке�егі салған зынданға

Екі аяқ қолыңды байлармын,

Апарып сені-ау салармын.

Сақалыңның ағы бар,

Ағалығың тағы бар,

Арманда болма-ау Темірхан,

Кезегіңді-ау ал деді-ай.

Кезегін алып Темірхан,

Бурылқанып бұрсанды,

Мұздай темір құрсанды-ай.

Қорамсаққа қол салды,

Көп оғынан мол салды.

Көп оғының і�інен

Сұр жіп-ау деген оқ алды.

Толғана-ай мойнын бұрады,

Алтын да ердің қасы деп.

Толғана мойнын бұрады-ай,

Әй, толғай тартып қалады-ай.

Тоғыз да қабат торқаның

Сегізінен өтеді.

Біреуіне келгенде, 

Әулиелер жар болып,

Өткізбей ұстап қалады-ай.

ұрғаны-ей жаудың қатты екен,

Қабырғасы-ай баланың

Бір жағы-ай түгел сынады-ай.

Қарасай сонда сөйлейді-ай:

—Айналайын, Құдайым,

Өзіңнен жәрдем болмаса-ай,

Жәрдемді-ай кімнен сұрайын?!

Жәрдем берер бұл күнің

Осыны-ау, айтып Қарасай,

Толғана-ай мойнын бұрады-ай.

Толғай тартып қалады-ай,

Алладан-ай пәрмен сұрады-ай.

540


550

560


570

440

440


441

ОРАҚ – МАМАй

Көп оғына-ай қол салып,

Көп оғының і�інен

Қозы жауырын оқ алып,

Толғана тартып қалады-ай.

Қалмақты-ау ердің қасы деп,

Кірестен оғы кетеді.

Көкірек қысқан көбеден

Ау, қалмақты-ау түйреп өтеді-ау.

Рас болса және де-ай

Ар жағында бір төбеге жетеді,

Темірхан-ау аттан құлады.

Екі бір тұлпар жетектеп, 

Енді мынау Қарасай

Кейініне қайтып жөнелді-ай.

Енді  ұрысуға  �ама  болмады.  Темірханды  өлтіріп,  екі 

тұлпарды  алғасын,  «баяғы  Ханбике  Мамайды  �ауып  өлтіріп 

тастады  ма»,—деп  елге  қайтып  жөнелді.  Елге  келсе,  Ханбике 

Мамайды  алып  келген  екен.  Елутөрті  жиналып  жатқан  екен. 

Қарасайды  көргесін,  Бозмойнақты  алып  барғасын,  туғалы 

күлмеген Мамай «қайраты асқан екен, бұл бала атаның жолын 

қуған екен»,—деп сол уақта езуін тартып күлген екен дейді.

Әй, Қарасайды көргесін-ай,

Ноғайлы елі жиналып,

Ат �аптырып той қылды-ай,

Қарүлектей анасы-ай.

Қырымнан �ыққан қырық батыр

Бәрінде алды-ау �ақырып-ай.

Сонда Қарүлек сөйлейді-ай,

Сөйлегенде не дейді-ай:

—Әй, батырлар, батырлар,

Сөзіме құлақ салыңдар.

Ке�егі Орақ барында-ай,

Ноғайлының елдері-ай

Қызылбасқа зар болды-ай.

Ой, ке�еге Орақ өлгенсін-ай,

Ноғайлының елдері-ай

Қызылбасқа қор болды-ай.

580


590

600


442

БАТыРлАР  ЖыРы

442

443


Тоқсанға келген мынау Мамайды

Зынданға байлап салғанда-ай,

Ат құйрығын салмадың,

Мұнан да хабар алмадың-ай,

Тоныңда-ай �іркін оңбағыр-ай.

Ноғайлының  елдері  батырдың  жолдарын  қуады  екен.—

Қарасай  мен  Қази  екеуін  ардақтап  баралық.  Қанаттыға 

қаққызбалық,  тұмсықтыға  �оқтырмалық.  Жолын  қусын 

Орақ  пен  Мамайдың.  Мынау  Шынтемірдің  баласы  Әділ  деген 

бұ да жалғыз еді. Он екі баулы ноғайға Мамайдың орнына хан 

қоялық,— деді. Мамайға да айтты:—Бұл сөзіміз мақұл болса, 

сен орныңды берсең, мұны хан қоямыз,—деді. Мамай айтты:—

Мен  енді  қалған  жасымда  хан  болып  неғылайын,  халықтың 

қалауы болсын,—деді. Он алты жасар Әділді хан қойған екен,—

дейді.

Енді бұл сөз бұл жерде тұра берсін. Енді мынау Орақ батырдың 



өлмей тұрғандағы �айқасы Қазан пат�аменен:

Әне, Орақ батыр

Арыстандай айбатты болды,

Рүстемдей қайратты болды.

Қазанның пат�асы хабар жіберді

Сегіз мың әскер жіберді:

«Сегіз мың әскер қолым бар,

Қырық мергенім бар,

Қырық палуан бар,

Ноғайлы елім, қапы қалмаңыз.

Егер де көнеміз десеңдер, ел�і жібер. 

Көнбеймін десеңдер,

Қиға� таудың басына,

Тасбұлақтың қасына,

Туыңды тігіп қарсы тұрыңдар,

Әскеріңді жиыңдар»,— деді.

Сол  уақыттарда  ноғайлы  жұрты  кеңесіп:—Қане,  әскер 

жиып барамыз ба, Қырымнан қырық батырды тартып аламыз 

ба?—деді.  Сонда  Орақ  тұрып  айтты:—Қырымнан  қырық  ба-

тырды �ақырып, әскер жиып елді бүлдірудің не қажеті бар, көп 

610

620


442

442


443

ОРАҚ – МАМАй

болғанда он мың әскер келер, сегіз мың әскер деген не зат, не де 

болса мен айтқан күніне, уәдеге тас бұлақтың қасына барайын. 

Қайратымды бір сынайын. Бізден бұрын Әзіреті Әли�ер өткен 

екен. Бүтін ел жүзіндегі қызылбасты көндіріп, мұсылман еткен 

екен, менің де қайратым содан кем емес,—деді. Сол уақта �о-

�ып  кетті.  «Әй,  асылық  сөйлеме  құлыным»,—деді.  Қарүлек: 

«Әзіреті  Әли  Алланың  �ері  еді,  сен  пенденің  баласысың  ғой, 

кәлиманы қайтадан айт, райдан қайт»,—деді.

Ей, Орақ сонда батырың

Қазан құлақ қайратпен,

Үсті толған болатпен,

Белең-белең желеді,

Түн ұйқысын бөледі.

Қиға� таудың басына

Қарауыл қарап жүреді.

Жеті күндей тұрады,

Бұған қалмақ келмеді-ау.

Жеті күндер өткен соң,

Орақ сынды батырдың

Ер ұйқысы келеді-ау.

ұйықтапта-ау жатып қалады,

Алтыннан берен ақ алмас

Мұны бірліктен буынды,

Ер қаруы—бес қару

Жамбасына басады.

Алтын туды-ау басына қағады,

Қан белгісін қояды.

Қазанның елі келсін деп,

Маған хабар беріңіз.

Асыл туған ер болсаң,

Егер ұйықтап жатқан жеріңде

Алып кетсем сендерді,

Онда на�ар болғаның.

Сегіз күндей толғанда,

лалаулаған көп қалмақ

Сегіз мың әскер қолменен

Бұларға жетіп келеді.

ұйықтап жатқан Орақты

630

640


650

444

БАТыРлАР  ЖыРы

444

445


Өз көзімен көреді.

Басындағы хатты-ай оқып қараса,

Орақ екенін біледі-ай.

«Оянып кетсе қырар» деп,

Темір торды жабады.

Қырық қа�ар бір жеккен,

Көк мауыты күймеге

Көтеріп мұны салады-ай,

Жеті бір жерден байлайды.

Шаһарға алып жөнелді,

Жеті күн жүрді жолменен,

Бір күндері болғанда,

Кейінірек қалған секілді.

Ноғайлының қарасы,

Алдында жақын көрінді-ай.

Қазанның �аһар қаласы,

Жан-жағында көп әскер,

Сонда бір Орақ оянып,

Көзін жан-жаққа салады.

ұйықтап жатқан жерінде

Енді бір Орақ �іренді.

Байлап қойған жеті қабат-ай арқаның

Бес қабаты үзілді.

Енді бір Орақ жұлқынды,

Асау таудай бұлқынды,

Арбадан-ай секіріп түседі.

Алтыннан берен ақ алмас,

Қамап тұрған қалмақтан,

Енді ұрысты салады.

Жапыра кө�іп-ай көп қалмақ,

Дәруазаға кіреді-ай.

Барған сайын көбейіп,

Мергендері тұс-тұс жерден атады,

Тұс-тұс жерден найза салады.

Сол уақыттар болғанда-ай,

Жеті күнге толғанда,

Сауыттары қан болды-ай,

Тұла бойы дал болды-ау.

Еңіреген Орақтың

660


670

680


690

444

444


445

ОРАҚ – МАМАй

Артынан көмек болмады,

Таңдайы қатып �өлдеді.

Сонда Орақ:—Мен,—деді,

Сонда Орақ сөйлейді:

 —Айналайын, Құдайым,

Өзіңнен жәрдем болмаса,

Жәрдемді кімнен сұрайын.

Арғы атамды сұрасаң,

Баба Түкті Ша�ты Әзіз,

Әулие �айқы-ау пір едің.

Бергі атамнан сұрасаң,

Едіге сұлтан кереметтей ер едің.

Ей, екеуінің әруағы-ай,

Жауда қалды деген �е,

Бүгін көмек бер?—деді-ау.

Сол уақыт болғанда,

Бурыл қаннан бу болды.

Үстінен ұ�қан ақ қара бас қу болды,

Жауын жауып селдетті,

Қаланың і�ін көлдетті-ай.

Көптен жауын сұлады,

Қиқулап-ау қулар �улады.

Ақыл бір туған ер Орақ,

Бірден көмек болған соң,

Қалаға қайта кіріп ұрысқа,

Алтыннан-ай берен ақ алмас,

Сермегенде жан қалмас,

Қиған жері жым-жылас.

Қаланың аузын қан қылды,

Шарбақтың аузын �аң қылды.

Сегіз күнге толғанда, 

Қазанның �аһар қаласын

Жан �ығармай далаға,

Бұзау-ау, баспақ танасын,

Бәрін де айдап �ығарды-ай.

Әне,  бұл  Орақ  айдап,  қызылбастың  қаласын  өзіне  айда-

тып,  қыз  бен  келін�ектерін  өзіне-өзін  байлатып,  айдап  келе 

жатырғанда, алдынан ноғайлының батыры �ықты. Жер Сидақ 

700

710


720

730


446

БАТыРлАР  ЖыРы

446

447


пен  Топаяқ  өзінің  тумалары  алдынан  �ығып,  Орақты  көріп, 

қо�еметтеп  айтқан  сөзі  екен  дейді.  Топаяқ  барып  айтып  тұр 

екен,—дейді.

—Әй, айналайын, жан аға,

Сен де тудың атадан,

Біз де тудық атадан.

Сені бір артық жаратты-ай,

Бізді Құдай на�ар жаратты-ай.

Алып келген олжаңнан

Бізге де, ау, аға бер,—деді.

Орақ сонда сөйлейді-ай,

Сөйлегенде не дейді-ау:

—Айналайын, Топаяқ,

Алып келдім отыз қыз,

Қалағаның ал,—деді-ай,

Қазынама қол сал,—дейді-ай.

Біздің үйде жүре бер,

Шар�асаң тұлпар міне бер.

Ей, тұлпар атқа мінерсің,

Қолыңа найза аларсың,

Сен де ерлік құрарсың.

Дүниенің жүзінде—ай,

Аман да жүрсең Топаяқ,

Кем болмайсың қатардан-ай.

Атаңа нәлет Топаяқ,

Жамандығын білдірмей,

Айдап келген қыздардан

Ү�еуін таңдап алады.

Айдап келген жылқыдан

Екі-ү� тұлпар алады.

Орақпен еріп-ай келеді,

Отыменен кіреді,

Суыменен �ығады.

Бір күндері болғанда-ай,

Әй, тоқалдан туған жамандар

Жатып кеңесті-ай,

Кеңескенде не десті-ай:

—Қырық жыл атқа мінбедік,

740

750


760

446

446


447

ОРАҚ – МАМАй

Қызыл �апан кимедік.

Бұл Орақтың тұсында-ау

Қызықты дәурен сүрмедік.

Орақты мына-ай өлтіріп,

Тұлпар атқа мінелік,

Біз де жадта қалайық.

Осыны айтып-ай жер Сидақ

Ақыл бір айла табады.

ұйықтапты-ау жатқан жерінде,

Алтыннан соққан-ай ақ алмас,

Керегеде тұрғанда,

Топаяқ ұрлап алады,

Есігіне-ау құрады.

«Жау келді-ау! Орақ аттан»!—деп,

Дүрсілдетіп ауылдың, үстінен, 

Жылқыны айқайлап салып қуады.

Айқайлаған дауысын,

ұрандаған-ай дыбысын,

Жүгіріп Орақ үйден жөнелді-ау,

Сонда Қара�а� етегінен тартады-ау,

—Тоқта, батыр, тоқта,—деп.

Ақ сауытты киіп кет,

Қосыл бір суын құйып кет,

Әлде бір қандай болар,—деп.

Тыңдамады-ау, ер Орақ,

Жүгіре �ықты есіктен.

Кеудесі сыртқа �ығады-ау,

Бөксесі-ай қалды есікте-ай.

Ортасынан-ай бөлініп,

Орақта-ай жатып қалады.

Орақтың-ай досты Ақмырза,

Түнде бір жатып түс көрді-ай,

Түсінде жаман іс көрді-ай.

Бұл түсінде қараса,

Ей, көп қарақұс жиналып,

Бір ақсұңқар құсты қуып жүр,

Үстіне-ай төніп үйіп жүр.

Мұны бір көріп Ақмырза,

Ояна білсе түсі екен.

770


780

790


800

448

БАТыРлАР  ЖыРы

448

449


«Батыр Орақ болмасын» деп,

Жүгіріп үйден �ығады.

Орақ жатқан ақ ордаға,

Жүгіріп-ай Ақмырза келеді-ай.

Бөлініп жатқан Орақты-ай,

Өз көзімен көреді-ау,

Ақмырза жылай береді-ай:

—Айналайын, Орағым,

Жаусыз жерде жарағым,

Енді бір бізге күн қайда

Тұлпар атқа мінетін,

Жасанған жауға тиетін.

Бұрынғыдай күн қайда-ай?!

Атаңа бір нәлет-ай,

Жиырма сегіз жаман боқ

Қапысын тауып өлтіріп,

Арманда-ай кеттің, құрдасжан-ай.

Сонда бір Орақ сөйлейді,

Сөйлегенде не дейді:

—Ақмырза, достым, сен,—дейді,

Сөзіме құлақ сал,—деді.

Қызуы өтіп барады-ай,

Зібаным тілде тұрғанда-ай.

Қарүлекке бара гөр,

Оған да хабар сала гөр.

Көпті көрген көне еді-ай,

Жол білгі� маман ер еді-ай,

Дүниенің жүзінде-ай.

Қаланы бұзып, ханды алдым,

Ортадан �ауып олжа алдым.

Сонда дағы-ау мынау Мамайды,

Өгіз таудың басында

Өгіз ханды-ау өлтіріп,

Орнына-ай тіктеп хан қойдым.

Күлер ме екен Мамай деп,

Күлдіремін деп едім.

Сонда бір Мамай күлмеді-ау,

Күлгенін көзім көрмеді-ау.

Ай, күлер ме екен Мамай деп,

810


820

830


840

448

448


449

ОРАҚ – МАМАй

Ноғайлының жұртынан

Ү� сұлу алып мен бердім.

Сонда бір Мамай күлмеді-ау,

Күлгенін көзім көрмеді.

Күлер ме екен Мамай деп,

Жорғадан су таңдап міндірдім.

Қамқаны-ай таңдап кидірдім,

Қатарынан-ау артық жүргіздім.

Мұнда бір Мамай күлмеді-ау,

Күлгенін көзім көрмеді-ау,

Айналайын, мамеке-ау,

Күлмегеннің себебі:

Қарасай мен Қазидың,

Маған берген екі ұлдың,

Біреуін Құдай оған бермеді-ау,

Күлмегеннің себебі-ау сол деді-ау.

Қарасай, Қази ер болса,

Ат жалға қолың жеткен соң,

Әй, бірін�і менің арманым—

Бұл Мамайды күлдірсін.

Екін�і менің арманым—

Қара үңгірдің тауында

Қызылбасты жауына

Қолдакөр тонды пат�аның,

Қарасай, Қази ер еді деп,

Шайқасып қайтар дер едім.

Бара алмай кетіп барамын.

Қарасай, Қази-ау ер болса,

Барып азасын білдірсін,

Қызылбастың еліне

Енді ерлігін білдірсін.

Ү�ін�і менің арманым—

Ана бір тұрған Орал тау,

Орал таудың басында

Нақ бес бұлақ, бес бұлақтың і�інде

Суы тұщы тас бұлақ.

Тас бұлақ суын і�кен бес тұлпар,

Ер Қосайдың аты еді-ау.

Ер Қосайдың ай қызыл ат,

850


860

870


880

450

БАТыРлАР  ЖыРы

450

451


ұстап мініп қарайын,—деп едім-ау.

Қызыл атты-ау секіртіп,

Ер Көк�ені өкіртіп,

Бір мінермін деп едім-ау.

Міне алмай кетіп барамын,

Дүниенің жүзінде, 

Ү� арманым сол,—деді-ау.

Қарасай, Қази бар болса,

Менен туған ұл болса,

Ү� арманымды-ау бітірсін.

Әй, бұны бір айтып-ау ер Орақ,

Дүниеден өтеді-ау.

Артында қалған қос әулет,

Біреуі �ықты-ау алтыға 

Біреуі �ықты-ау жетіге.

Бір күндері болғанда,

Қарүлектей-ау кәрі анасы

Шақырып алды-ай қасына.

Қарасай-ай, Қази сен,—деді-ай,

Орақты тапқан ме,—деді-ай.

Дүниенің жүзінде

Асыл туған ер Орақ,

Ү� арманы бар екен.

Дүниенің і�інде-ай

Бітіре алмай өтіпті-ай.

Айтайын-ау, қарғам, сөзімді-ай,

Құлақ сал-ай, бұған, ерінбе-ай.

Анау жатқан үлкен атаң Мамайды,

Дүниенің жүзінде

Күлдірермін,—деп еді.

Өгіз тауды өкіртіп,

Ой, орнына тіктеп хан қойған.

Қаланы бұзып, ханды алып,

Ортадан �ауып, олжа алған.

Мұнда да Мамай күлмеген,

Күлгенін көзім-ау көрмеген.

Бір күлдірсем деп едім,

Анау Қосайдың бес тұлпары,

Бес тұлпардың і�інде

890


900

910


920

450

450


451

ОРАҚ – МАМАй

Есті сирақ қызылды,

ұстап бір мінсем деп едім-ау.

Қарасай, Қази ер жетсе,

Атжалға қолы жеткенсін,

Қара үңгірдің тауына,

Қызылбастың жауына,

Он екі ханның елінен,

Шайқасып қайтсын,—деп еді-ау,

Ү� арманы сол деді-ай.

Қарасай, Қази қос бала-ау,

Алты құла� жібек арқан алады.

Тас бұлаққа жетеді,

Аяқ тұзақ құрады.

Есті сирақ қызыл тұлпарды

Аяқ тұзақ салып ұстап алады,

Басына ноқта салады.

Тоқталап мынау алғанда,

Ертоядан Ер Көк�е,

Қиядан көзін салады.

Жүгіріп бұған келеді-ай,

Келе сөйлей береді:

—Әй, Қарасай, Қарасай,

Сен Орақтың баласы-ай,

Қайдан �ықтың ерлікті,

Бересің кімге кеңдікті.

Сенің бір атаң Орақ та,

Мамай қос батыр,

ұстап, мініп қызыл атты-ай,

Бір мінермін,—деп еді.

Міне алмай кеткен олар да,

Сен олардан артық па едің?

Жағаласты-ау енді салады,

Екі батыр ұрысты-ай,

Жағаға қолды салысты-ай.

ұрысып та тұрыспай,

Екеуі бірін-бірі ала алмай,

Тұла бойы қан болып,

Ақылы енді дал болып,

Сол уақыт болғанда,

930


940

950


960

452

БАТыРлАР  ЖыРы

452

453


Қарүлектей кемпірің

Қияда көзі �алады.

Жүгіріп бұған келеді,

Айырайын,—деп еді.

Кү�і-ау жетпеді.

Тістеп еді-ау, тісі өтпеді.

Сонда Қарүлек сөйлейді-ау,

Сөйлегенде бүй дейді:

—Ей, айналайын, Қарасай,

Сен Орақтың баласы-ай.

Айналайын, Ер Көк�е,

Сен Қосайдың баласы-ай.

«Өсер бір елдің жігіті,

Бірін-бірі батыр дер,

Ө�ер бір елдің жігіті

Бірін-бірі қатын дер».

Бір �ыбынның үстінде

Жағаласты салмаңыз.

Сол жағына қарасаң,

Сырты бір бүтін, і�і боқ,

Кімді отқа салмайды.

Мынау жалған дүние боқ,

Ер Қосайға барыңыз,

Жүгініп көріңіз.

Атын да берсе, қарағым,

Өз қолынан мініңіз.

Екі бала �ылаулап,

Қызыл атты жетектеп,

Ер Қосайға келеді.

Тоқсанға келген Ер Қосай,

Жатыр екен бүгіліп.

Қасына келіп Қарасай 

Сонда сөйлей береді-ау:

—Айналайын, хан ата,

Көтергін бермен басыңды-ай,

Әй, неге бір тудым ол жаста,

Бір күндері болғанда,

Қара бір жермен тең болдым.

970

980


990

1000


452

452


453

ОРАҚ – МАМАй

Бір жаманның дертімен,

Қатарымнан кем болдым.

Қызыл атты бер,—деді,

Тілегімді ал,—деді.

Сонда бір Қосай сөйлейді,

Сөйлегенде не дейді-ай:

—Мына бір тұрған қызыл ат,

Жал құйрығы ұзын ат.

Бұған да бір мінсең, қарағым,

Қазынаға қолың маларсың,

Қатарыңнан озарсың.

Жау і�інде жайнатып,

Ей, қозы жауырын оқ алып,

Арманда болмай өлерсің.

Қызыл аттың, �ырағым,

Алдыңғы мұның бәсіне

Мамайдан қалған-ау, қыз-ау Қымбат.

Беті бір сұлу-ай қойным-ақ.

Кі�ілікке берерсің,

Енді бір соңғы бәсіне.

Аманда барып сау келсең,

Қырық та жорға мінгізіп,

Қырық торқа мінгізіп,

Және көңілін таусақ келерсің.

Қырық күң мен қырық құл,

Мал бағатын адам көп керек,

Әкеліп мұны-ау берерсің,

Осыны берсең-ау, қарағым,

Қызыл атты мінерсің.

Қарасай бала ойланды.—Не де болса қатардан қалмайын,—

деді.  Ол  Мамайдың  қызын  ұстап  берем  бе,  бермеймін  бе,  оны 

Құдай біледі. Оның орнына отыз күң мен отыз құл әкеліп бер-

сем, ол Қосайдың арманы не?—деді і�інен. Қызыл атты әкеліп, 

баптап,  байлап  қойды.  Бір  жылпылдақ  әйел  бар  еді.  Жүгіріп 

барып Қымбатқа айтты:—Сені мына Қарасай алдыңнан өтпей, 

бір жабыға сатып берейін деп тұр,—деді. Ал, енді сол уақта бұл 

а�уланып, Қарасайға келіп айтып тұрған сөзі екен.

1010


1020

1030


454

БАТыРлАР  ЖыРы

454

455


—Әй, Қарасай, Қарасай,

Әй, Орақтан туған сен,—деді,

Мамайдан туған мен,—деді-ай.

Алдымнан неге өтпедің,

Мендей бір кәріп жетімді

Әй, білмей қалар,—деп пе едің.

Бір жабыға-ау сатқаның,

Бұл дүниеде-ау, маған батқаны.

Өлтірсең де-ау, мен жабыңа берілмеспін,

Айтқаның-ау көнбеспін.

Осыны айтып қыз Қымбат,

Қызыл атты-ау �е�іп алады,

Әкеліп үйге байлайды.

Қарасайдай жас бала

А�уланып, долданып,

Қаруларын қолға алып,

Жапалақ ұ�тас жапанға-ау

Жаяуда-ай жортып жөнелді.

Әй, мұны бір көрді-ау Қарүлек,

Қымбатқа жетіп келеді-ай.

Айналайын, қарағым,

Қарасай, Қази сау болса,

Тоқсанға келген Қосайға

ұстап та берер,—деп пе едің.

Бір өзіңнің орныңа

Отыз күң мен отыз құл,

Қосайға берер �ырағым.

Әй, көңілін тауып кетеді,

Сен, қарағым, бекерге қайғырма,

Апарып атын бер,—деді-ай.

Ал сонда қыз сөйлейді,

Ал сонда қыз Қымбат

Шыдай алмай қызыл атқа мінеді-ай.

Әй, бір төбенің басында

Жатыр екен Қарасай.

Етбетінен бүгіліп,

Көзінің жасы-ау егіліп,

Жалғыздықтан түңіліп,

Әй, бір бармағын кеміріп-ай.

1040


1050

1060


454

454


455

ОРАҚ – МАМАй

Әй, қасына келді-ау қыз Қымбат,

Бұл да бір тұрып сөйледі-ау:

—Айналайын, жан аға,

Әй, құлағыңды сал, аға.

Атыңа енді мін,—деді,

Жаңылысты болды, ке�ір сөзімді.

Қарасай сонда сөйлейді:

—Өлсем де саған бермеспін,

Айтқаныңа сенбеспін.

Әй, Қарасай батырың

Айтқанына көнбеді,

Қызыл атқа мінбеді.

Сонда Қымбат аттан түседі,

Құ�ақтап жылап алады.

Әй, мінгізіп енді-ау атына,

Амандасып-ау сол жерде-ау

Думандасып, жыласып,

Әй, Қымбат-ау жаяу қайтады.

Әй, үйге бір келіп қыз Қымбат,

Асыл да киім киінді,

Әй пірлеріне сиынды.

Жатыр екен Ер Қосай,

Қасына келіп сөйлейді,

Сөйлегенде не дейді:

—Ей, көтер бір, көке басыңды,

Қосай батыр сен,—деді,

Мамайдай батырдың қызы мен,—деді.

Он беске келген жасым бар,

Тоқсанға келген жасыңда

Аламын деп балаңды,

Басыңа қайғы салғаның,

Алжыдың ба сен,—дейді.

Әй, Қосай тұрып сонда сөйлейді,

Сөйлегенде не дейді-ау:

—Әй, Қымбат-ау, келдің қасыма,

Әй, бір күндер болғанда,

Қажырым қайтып бойымнан,

Әй, Қараүлекпенен басқанда,

Айтып тұрсың бұл сөзді.

1070


1080

1090


1100

456

БАТыРлАР  ЖыРы

Ке�егі кеткен күнімде

Арқырап дәурен сүргенмін.

Ноғайлының ү� жұртын

Әділдікпен мен сұрап,

Ноғай түгіл, қалмақтың

Талай бір сұлу қыздарын сүйгенмін.

Сонда бір Қымбат сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді:

—Олай да бір деме, жан ата,

Әуелден-ай болып, сорлы ата.

Жауын жауып-ау жерді селдетер,

Ақсұңқар құстар-ау �ырмалар.

Маясы келіп торласа.

Ақ бөкен келіп жығылар,

Алдын қазып орласа.

Дегені болмас бенденің

Маңдайы сорлы торласа.

Әй, панасында туған ерлердің

Атағы �ығып жүргенде,

Бәрінен де сол жаман-ай,

уәдеде тұрмаса.

Ақыретте сауап жоқ,

Айтатұғын жауап жоқ-ай.

Есер менен жесірді-ау

Кемсеңдеп оны-ай қорласа-ай

Әй, бұл сөзді айтқан соң Қосай азырақ.

Жетімдікті есіне түсіріп, Ал енді сен тидің де, мен алдым, Өз 

бақытың  өзіңе,  Енді  сені  алмаймын,—деп,  Мамайдың  қызын 

жіберген екен,—дейді.

1110


1120

1134


456

Ғ Ы Л Ы М И 

Қ О С Ы М Ш А Л А Р


ТОМҒА ЕНГЕН МӘТІНДЕРГЕ  ТҮСІНІКТЕМЕ

ОРАҚ—МАМАй

«Орақ—Мамай» жыры қазақ жеріне кең тараған халықтың 

сүйсініп тыңдайтын жырының бірі.

«Орақ—Мамай» жыры жөнінде алға� пікір айтқан,  тұңғы� 

қазақ ғалымы—Ш.уәлиханов

1

. 1854-1855 жылдар �амасында 



Ш.уәлиханов ел арасынан «Орақ—Мамай» жырының үзіндісін 

жазып алған. Сол «Орақтың жырлағаны» деп аталатын мәтін 

орыс�а  аудармасымен  ғалымның  бес  томдық  �ығармалар 

жинағының  1—томында  жарық  көрген

2

.  «Орақ-Мамай» 



жырының бір варианты 1903 жылы Қазан қаласында жеке кі-

тап болып басылды

3

. Кітапта е�қандай жыр�ының аты немесе 



жинау�ының есімі көрсетілмеген. Осы нұсқа аталған баспадан 

1908 жылы қайта басылып �ықты. Одан кейін «Орақ—Мамай» 

жырының бір үзіндісі Орынбор қаласында  Ғабдолла Мұ�тақ 

(Ғұмар Қара�) бастырып �ығараған жинақта жарық көрді

4

. . 


Кейін осы мәтін Халел Досмұхамедұлы жинағына кірді

5

. 1943 



жылы  «Орақ-Мамай»  жырының  үзіндісі  8-класқа  арналған 

«Қазақ  әдебиеті»  атты  оқулықта

6

  және  «Қарасай—Қази»  де-



ген  атпен  жеке  кітап  болып  жарияланды

7

  1943  жылғы  басы-



лымнан кейін көптеген қазақ �ол�клорының тарихи туынды-

ларымен қатар «Орақ—Мамай» эпосын да жариялауға тыйым 

1

 Валиханов Ч.Ч. Собр.соч. Т. 1.—Алматы, 1961. С. 197-199.



2

 Сонда., 188-195—беттер.

3

 Орақ билән Мамай хикаясы.—Қазан: Кәримовтер баспаханасы. 1903.



4

 Ғ.Қара�. Көкселдір.—Орынбор, 1912.

5

 Халел досмұхамедұлы. Аламан.—Та�кент, 1925.



6

  Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті. 8-кл.—Алматы, 1943.

7

 Қарасай-Қази.—Алматы, 1943.



460

БАТыРлАР  ЖыРы

460

461


салынды. Тек өткен ғасырдың 80—жылдарының соңынан ба-

стап «Орақ-Мамайға» оралудың сәті түсті. 1989 жылы  аталған 

жырдың  Мұрын  жыраудан  жазылып  алынған  нұсқасы  1942 

жылы  «Батырлар  жыры»  көптомдығының  5-томында  (132-

149-б.б.)  жарық  көрді.  «Орақ—Мамай»  жырының  Нұртуған 

жырлаған  нұсқасының  үзіндісі  Әдебиет�і—журналист  Ә.О-

спанов  құрастырған  ақын  �ығармаларының  жинағында 

жарияланды

8

.  Қарақалпақстандағы  Қоңырат  қаласының 



тұрғыны  жыр�ы  Мәмбетұлы  Атаубайдан  жазылып  алынған 

«Орақ—Мамай» жырының мәтіні «Қарасай—Қази» деген ат-

пен 1992 жылы «Қазақтың батырлық эпосы» деген жинақта

9



2006 жылы «Қазақтың ерлік эпостары» атты жинақта

10

 жари-



яланды. 

Қазір  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігі  Орталық  ғылыми 

кітапханасы  мен  М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер 

институтының қолжазбалар қорында жырдың оннан астам ва-

рианты  сақталған

11

.  Оның  і�інде  Б.  Жақыпбаев,  Е.Хасенов, 



А.А.Байтабынов, Ғұмар Қара�, Нұртуған жырау, А.В.Васил�ев, 

Ә.Жұмағазиев, Мұрын жырау, Ж.Бай�олақов, А.Мәмабетұлы, 

О.Оңғарбайұлы т.б. нұсқалары бар. Осы айтылған нұсқалардың 

і�індегі  көлемдісі,  ең  көркем  түрлерінің  бірі—Нұртуған 

нұсқасы  болып  саналады.  Жырдың  сюжеттік  нұсқалары 

қазақтан басқа Қырым татарлары, ба�құрт т.б халықтарының 

ауыз әдебиетінде сақталған.  

8

  Нұртуған  Кенжеғұлұлы.  Кәнеки,  тілім,  сөйле�і.  1-кітап.—Алматы, 



1992.—161-222—б б.

9

  Қарасай-Қази  //  Қазақтың  батырлық  эпосы  /  Құрастырып,  ғылыми 



түсініктемесін  жазған—�илол.ғыл.  докторы  С.Дәуітов.—Алматы:  Рауан. 

1992.—53-98—беттер.

10

  Батыр  Мамай  —қанды  Орақ  //  Қазақтың  ерлік  эпостары.  (Құрастырып, 



алғы сөзі мен түсініктемесін жазған—�илол.ғыл.докторы Қ.Саттаров). —Ал-

маты: Жазу�ы, 2006.—25-137-беттер

11

  Орақ-Мамай.  Жинау�ысы  —  Б.Жақыпбаев.  Қорға  1940ж.  түскен.  ОҒК. 



Ш. 843, 7-дәп; Мамай. Жыр�ысы—С.Ері�ов. 1946. ОҒК. Ш. 923; Мамай мен 

Қарасай.  Жыр�ысы—Е.Хасенов.  1947.  ОҒК.Ш.  839,  4-дәп;  Мамай  батыр. 

Жыр�ысы—А.Байтабынов—ОҒК.  843,—1дәп;  Орақ-Мамай.  Ғ.Қара�.  ОҒК.

Ш. 2320; Орақ-Мамай. Жыр�ысы—Нұртуған жырау. ОҒК. Ш. 342;  Нұрадин 

және  Орақ-Мамай.  Жинау�ысы—А.В.  Васил�ев.  1936.  ОҒК.  Ш.  343;  Орақ-

Мамай. Жыр�ысы—Мұрын жырау. ОҒК. Ш. 678; Орақ-Мамай. О.Оңғарбаев. 

1990. ӘӨИ. Ш. 940/51; Батыр Мамай—қанды Орақ. Жыр�ысы—А.Мәмбетов. 

ӘӨИ. Ш. 894, 1-дәп.



460

460


461

ҒылыМИ  ҚОСыМШАлАР

«Орақ—Мамай» жайында бірқатар ғылыми мақалалар мен 

зерттеу еңбектері жазылды. Бұл орайда Ш.уәлиханов, Ғ.Қара�, 

Х.Досмұхамедұлы,  М.Әуезов,  Ә.Марғұлан,  Қ.Жұмалиев, 

Ә.Қоңыратбаев,  Р.Бердібаев,  В.И.Жирмунский,  Г.Короглы, 

М.Ғабдуллин, С.Қасқабасов, Ш.ыбыраев, А. Тұрғанбаев сынды 

ғалымдардың  ғылыми  еңбектерінде  құнды  ой-пікірлер  келті-

рілген

12

.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет