Мәдібаева қанипаш қайсақызы



бет67/85
Дата17.10.2023
өлшемі1,9 Mb.
#116791
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   85
Байланысты:
Мадибаева-Қ.XIX-ғасыр-әдебиетінің-қөркемдік-дамуы-Оқу-құралы-2007ж.

Я Семейдің қаласы.

Қ. Жұмалиев Абайдың кезінде М. Әуезов пен Ж. Аймауытов, Ғ. Сағди айрықша атап айтқан Абайдың өлең тілін жасаудағы бір шеберлік сыры – аудармашылықтағы қолданыс-тәсілдерге айрықша назар аудартады.


Оның айтуында Абайда орыс тілінен енген сөз аз болғанымен, Абайдың орыс әдебиетінен алған үлгісі оның еңбектерінің басқа жағында. Абай өзіне шейінгі ақындардың ешқайсысында болмаған жаңаша сөз, жаңаша сөйлем құрылыстарын көп кіргізген ақын…
Қ. Жұмалиев жаңаша сөз, сөйлем үлгісін жасап, оны әдебиетке енгізу жағын зерттегенде оның терең тамыры орыс әдебиеті, орыс тілінің негізінде жатқандығын көреміз деді.
Бұл жаңа сөз, жаңа сөйлемдер – Абай тілінің елеулі бір бөлігі. Абайдың қазақ әдеби тілін жаңғыртып, жасаудағы, байытудағы зор еңбегінің бірі – осы жаңа сөз, жаңаша сөйлем құрылыстарын енгізу.
Бұл жөнінен Абайдың қазақта ешбір теңдесі жоқ. Оның алдындағы ақындарда, замандастары да бұрынғы қолданылып жүрген сөз, не байырғы сөйлем құрылыстарынан әрі бара алған емес.
Халықтың бай тілінен қолданылмай жүрген сөздерді теріп, әдебиетке кіргізіп, халық тілі ету, кейбір сөздерге жаңаша мән беру, сөздердің сөйлемдегі орындарын ауыстырып, дағдылы қалпынан өзгеше етіп құру, жаңадан сөз енгізу жайлы Абайға шейінгі, Абайдың тұстас ақындарынан да пәлен бар деп айта қою қиын деген түйін – Абайдың әдебиет тарихындағы өзгеше орнын даралап берген ғылыми таным. Әрине, қазірде Абайдың алдындағы әдеби мектеп жайлы таным-пайым кеңейе түсіп отыр. Соның өзінде де Абайдың аласармайтын өз асқары дара күйде қала бермек.
Жалпы, сөз тудыру, жаңа сөз жасау, жаңа оралымға бару кез-келген дарынның пешенесіне бұйырған енші емес екендігі белгілі. Бұл үшін әртүрлі жағдай керек дейді академик Қ. Жұмалиев. Ақынның асқан талантты болуы, өз елінің де, басқа елдердің де мәдениетін, әдебиетін кеңінен шолған оқымысты адам болып және өз кезіндегі тілдің даму процесін бақылап отырарлық қабілетінің болуымен қатар, әлеумет өмірінде де әр түрлі өзгерістер болуы керек. Әлеумет өмірінде болған өзгеріс, жаңалықтар, өзімен бірге жаңа сөз, жаңа сөйлем, жаңаша сөз құруларды ала келетіні сөзсіз. Демек, бұл жағдайлардың бәрі де Абайда болды… Сонымен бірге қолданыста бар сөздердің алдына жаңа теңеу, жаңа эпитет қосып жаңа образ жасау, жаңа көркемдік мән беру тәсілін Абай көп қолданған. Қалыптағы, белгілі сөздердің орнын ауыстырып қолдану арқылы да Абай сөз әсерін күшейтті.
Қ. Жұмалиевтің көрсетуінде мына сөздер, сөз тіркестері Абайға шейінгі әдебиетте де, кейін де болмаған жаңа сөздер. Мәселен “құбылға” сөзінің түбірі – құбылу, “өнімдеп” сөздің түбірі – өнім т.б.
Абай көп сөздің алдына жаңа эпитет, теңеу қосып – тіл байытудағы шексіз мүмкіндіктерді еркін пайдаланады. “Ой тәңір-ай, шыл кер өсек”, “Жел қорығыш желкек шал Желіп жүріп боздайды”, “Толқынын жүрегінің хаттай таныр”: сөз құбылту тәсілінің бар мүмкіндігін ашып, өлең тілін құнарландырып, құлпыртудың шексіз шеберлік үлгісін жасады.


Талаптың мініп тұлпарын,
Тас қияға өрледің…


Жүректегі жалынды көзден жас қып…
Әйел адам гүлмен тең, сүймек…


Құйрықты жұлдыз секілді…
Ит көрген ешкі көзденіп…
Талаптың дәмін татуға…

Абай сөзге жаңа мағына берді, жаңа сөз туғызды, сонымен бірге сөйлем құрылысына да әр алуан жаңалық енгізді.


Қ. Жұмалиев Абайдың сөйлем құрылысына кіргізілген жаңалықтардың бір нұсқасы өлең сөйлемдерінің ұйқастарында деп, және бір елеулі кептің, Абай тілі мүмкіндігінің ендігі бір өлшем, алымын анық көрсетеді.


Жарқ етпес, қара көңлім не қылса да,
Аспанда ай менен күн шағылса да…

Жазды күні ақ бөркі бүктелмейді-ақ…


Кезінде, М. Әуезов атап айтқан Абайдың орыс тілі арқылы қазақ тілінің мүмкіндіктерін ашу, табуын академик Қажым Жұмалиев Абай тіліндегі елеулі, мәнді ерекшеліктердің бірі ретінде қарастырып отырды. Әдебиетінің жеке-жеке сөздіктерде емес, оборот, сөйлем құрылысында, орыс тіліндегі сөздердің үлгісі мен қазақтың кейбір сөздеріне жаңаша мән беруінде екендігін көрсетті.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет