«Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік, барлық кезеңдердегі мейірбикелік үрдістің жұмысын ұйымдастыру



бет4/30
Дата03.05.2023
өлшемі108,48 Kb.
#89458
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
КК диффка

4. Науқастың жеке гигиенасы.
Науқас дәрігерлер тексерістен кейін санитариялық-гигиеналық емшаралардан өтеді. Бірнеше бөлмелерден тұрады: қарау бөлмесі, киім шешетін бөлме, ванна-себілгі бөлмесі, науқастар киінетін бөлмеден тұрады. Науқасты педикулез бар жоғын қарайды және санитариялық-гигиеналық емшара дайындайды. Егер де науқас жұқпалы аурумен анықталса, оның киімін хлор немесе хлорамин ерітінділерімен кір жуу орнына тапсырады.
Санитариялық-гигиеналық емшара кезеңдері:
• Науқастың терісін, шашын тексеру
• Қажет болса, шашты алдырту, тырнақ алу
• Гигиеналық ванна немесе себілгімен жуындыру.
Педикулездің белгілері:
• Жәндіктер (биттер) киімге немесе шашқа өздері не олардың жұмыртқалары болуы
• Тері қабаттарының қышуы
• Терінің ірің қабаттары
Педикулез анықталса, санитариялық-эпидемиологиялық станцияға хабарлау қажет.
Өңдеу кезеңдері:
• Дезинсекция – қоздырғыштарды тарататын жәндіктерді жою
• Гигиеналық ванна, душ
• Шаш пен тырнақты алу
• Науқасқа таза киімді кигізу
Қажетті жабдықтар:
• Қорғаныс киімі, яғни медициналық халат, резеңке қолғап, орамал, маска, клеенка алжапқыш, арнайы киім.
• Дезинсектицидті ерітінді (бензил-бензоат эмульсиясы 20%, сусабындар «Элко-инсект», лосьондар «Ниттифор»)
• Сусабын, сірке суы (6%), спирт (70%)
• Полиэтилен орамал, клеенка, жаялықтар, сүлг, қағаз, жиі тісті тарақ, қайшы.
• Клеенка қап, шашты өртеу үшін шылапшын мен сіріңке
Гигиеналық душ:
Жабдықтар: клеенка алжапқыш, қолғап, щетка, ванна тазалайтын тазартқыш зат, 0,5% хлорлы әк ерітіндісі, су термометрі, сабын, жөке, сүлгі, таза киім. Су температурасы 32-42, ал ваннаның су температурасы 34-36.
5. Пациенттердің тамақтануын ұйымдастыру, диеталық үстелдер.
Науқастар тамақты белгілі бір уақытта қабылдау қажет. Ыстық тамақ температурасы – 60-тан, ал суық – 10 аспауы керек.
Емдәм құрғанда алдымен мыналарды анықтау керек:
• Тамақтың сапалық құрамы (нәруыздар, көмірсулар, майлар мөлшері)
• Азық-түлікті дайындау сипаттамасы
• Тамақтану тәртібі (уақыты, қабылдау жиілігі)
Түрлі аурулар кезінде тағайындалатын 15 диеталық емдәм түрі бар. Емдәмнің қажеттілігі мен қабылдау уақытын дәрігер медициналық картаға, тағайындау парағына белгілейді. Бөлімдегі мейірбике тағайындау парақтарын тексере отырып, күнделікті тағамға сұраныс жасайды. Тамаққа сұраныс беру қағазында емдәмдік үстелдер, жеңілдету емдәмі және арнайы емдәрдердің саны туралы ақпарат болу керек. Жалпы бөлімше бойынша тамаққа талап қағазын аға мейірбике құрастырады. Ол қағазға бөлім меңгерушісі қол қойып, содан кейін ғана ас дайындау бөлмесіне жіберіледі. Тамаққа арналған шелектер, кастрюльдер әрқашан да жабулы, таза болу керек. Ыдыстарды таңбалайды және қыздырылатын жылжымалы арнайы үстелшелерге салып, жылы күйінде палаталарға әкеледі. Жүре алатын және жағдайы жақсылау пациенттер өз бетімен асханаға бара алады. Асханаға табиғи жарық жақсы түсу керек.
Тамақтану – адамның денсаулығына, оның жұмыс істеу қабілетіне ықпал ететін, қоршаған ортаның әсеріне, организмнің төзімділігін қамтамасыз ететін ең маңызды факторлардың бірі.
Диета – ауру және сау адамның тамақтану тәртібі, оны зерттейтін – диетология. Тамақтың энергиялық құндылығы, химиялық құрамы, салмағы, дайындалуы, тамақ рационның талабына сай болу керек. Рационға мынадай факторлар әсер етеді: науқастың жынысы, жасы, мінез-құлығы, дене белсенділігі, салмағы.
Тағаммен емдеу – арнай құрылған тамақ рациондарын және тамақтану тәртібін алдын алу мақсатында немесе емдеу мақсатында қолдану. Емдік тағамдардың негізгі принциптері: көмірсу, ақуыз, май, минералды заттар, витаминдер мөлшері. Физикалық қасиеттері: көлемі, салмағы, температурасы, консистенциясы. Қарсы болмаған жағдайда сұйық тағамдарды көп ішкізу керек, егер қан айналымы бұзылмаса. Сүт, ірімшік, жұмыртқа, йогурт, көкөністер, жемістер мен жидектерді тұтынуды азайту керек. Сұйықтықты тұтынуды арттыру керек (кемінде 3 литр күніне).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет