Мектеп ресурстары эыдұ шолуы Анна Понс, Джереми Аморосо, Ян Херчински



Pdf көрінісі
бет17/28
Дата03.03.2017
өлшемі3,47 Mb.
#6396
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28

3.4-
ендірме
 
Ауылдық білім беру тәсілдері
 
Алдында  ауылдары  бір
-
бірінен  алыс  қашықтықта  орналасқан,  және  де    үлкен  қашықтық  пен 
автожолдар  желісінің  жеткіліксіздігі  үшін  көлік  түрлері  өте  шектеулі  үлкен  ауылдық  территорияларда 
сапалы  білім  беру  күрделі  мақсаты  тұрған  Қазақстан  жалғыз  ел  болып  табылмайды.  Осы  орайда, 
Қазақстанға  халықтарының  төмен  тығыдығы  және  кең  ауқымды  ауылдық  территориялары  тән  Канада, 
Австралия,  Швеция,  Португалия  және  Польша,  ЭЫДҰ  бес  мүше
-
елдерінің  тәсілдерін  зерттеуге  болады. 
Қазіргі  әдебиетке  сәйкес,  халықтың  төмен  тығыздығының  стратегиялық  салдарының  бірі  мектептердің 
жабылуы  және  бірігуі  болып  табылады  (Арес  Абальде, 2014).  Мектептердің  бірігу  шеңберінде  бір  немесе 
бірнеше мектептер жабылады, ал осы мекемелердің оқушылары басқа мекемелерге көшіріледі, кейін сол 
мектептерде  оқитын  балалардың  жалпы  саны  артады.  Елдер,  аумақтар  және  муниципалитеттер 
мектептерді  біріктіруді  түрлі  стимулдарды,  антистимулдарды  және  саясаттың  тікелей  араласуын  біріктіру 
көмегімен  ынталандырған  (Хоули  және  б.,  2011).  Алайда,  мектептерді  жабудың  және  біріктурудің  әсері 
мектептің  және  өңірдің  көлеміне  тәуелді.  Халқының  тығыздығы  төмен  ауылдық  аумақтарда  үлкен 
мектептер  құру  оқушыларды  көліктік  қамтамасыз  ету  шығындарын  күрт  жоғарлатуы  мүмкін,  бірақ  бқндай 
өосымша шығындар қалада туындай алмайды (Фокс, 1981).
 
Канадада
 
1996 жылдан бастап 900
-
ден астам ұсақ ауылдық мектептер жабылған, бірақ бұл саясатқа 
қосымша ретінде көліктік қамтамасыз ету жүйесі (автобустарда) құрылған болатын. Бұл жүйе оқушылардың 
елді
-
мекендерінің  шекарасынан  тыс  жерде  орналасқан  ірі  мектептерге.үлкен  қашықтықта  оқитындардың 
өспелі  санын  көлікпен  қамтамасыз  еткен.  Қазіргі  уақытта  жұмыстарын  жалғастырып  жатқан  шағын 
жиынтықты  мектептер  көбінесе мектептерде  өте  аз  бала  оқитын  (көп  жағдайда  –
 
100  оқушыдан  аз)  және 
автобустық  қатынау  жүйесі  тиімсіз  болып  келетін  алшақ  өңірлерде  орналасқан.  Ауылдық  білім  беруде 
мектептерді  біріктуіру  тәсілі,  саясатты  құрастырушылардың  ойынша,  оқушылар  мектеп  автобусында 
қаншалықты алшақ және қаншалықты ұзақ жүре алуымен шектеледі (Мулкахи, 2009). 
 
Әдебиетте
 
ұсынылатын  тағы  бір  тәсіл, 

шағын  жиынтықты  мектептерді  жабу  және  біріктіру 
қажеттілігінен  арылтатын  ірілеу  мектептермен  бірлесе  жұмыс  жасау.  Бұндай  ынтымақтастық  әдетте 
кішігірім мектептерден жақсырақ жабдықталған ірі мектеп нысандарын бірлесе пайдалануда шоғырланған. 
Шағын  жиынтықты  мектептер  бөлмелермен  және  оқулықтарды  қоспағанда  қымбат  тұратын  оқу 
құралдарымен  қамтамасыз  ету  кезінде  жиі  қыншылықтармен  бетпе
-
бет  келеді.  Ірі  мектептер  хаб  ретінде 
қызмет  етеді,  ал  шағын  жиынтықты  мектептер  «жеткізушілер»  немесе  «серіктер»  болып  табылады, 
бұндайды  Австралиядағы  Квинсленд
 
штатының  үлгісі  көрнекі  көрсетеді.  Шағын  жиынтықты  мектеп 
оқушылары ірі мектептерге дейін белгілі кесте бойынша көлікпен қамтамасыз етіледі. Нысандарды бірлесіп 
пайдалану  шыған  жиынтықты  мектеп  оқушыларына  би,  дене  шынықтыру,  информатика  және  бейнелеу 
өнері  сияқты  пәндерден  практикалық  пәндерді  қарастыратын  кеңірек  бағдарлама  бойынша  білім  алуға 
мүмкіндік береді. Бұндай тәсіл шағын жиынтықты мектептердің жабылуын болдырмауға мүмкіндік береді (О 
Слатара  және Морган, 2004). 
 
Жоғарыда  сипатталған  тәсілдерден  өзгеше  үшінші  тәсіл  Швецияда
 
қабылданған  және  кластерлі 
механизмді  қарастырады.  Бұл  механизм  тәуелсіз  мектептердің  белгілі  саны  өздерінің  бірегейлігін  және 
дербестігін жоғалтпай, барынша мүмкін дәрежеде бір
-
бірімен бірлесіп жұмыс жасаған кезде туындайды (О 
Слатара    және  Морган,  2004).  Ауылдық  мектептер  «Rektorsomrade»  немесе  «директор  территориялары» 
шеңберінде  кластерлерге  топтастырылады  (О  Слатара    және  Морган,  2004).  Кластерлерді  құру  мақсаты 
шағын  жиынтықты  мектептер  бетпе
-
бет  келетін  мәселелерді,  нақтырақ  айтқанда  кәсіби  және  әлеуметтік 
оқшаулануды  төмендету  болып  табылады.  Директорлар  ресурстарды  және  сатып  алуларды  басқарумен 
байланысты  әкімшілік  жүктемені  төмендету  үшін  бір
-
бірімен  өзара  әрекет  жасайды.  Сондай
-
ақ  кластерлі 
тәсіл  озық  тәжірибемен  алмасуға  әсер  етеді,  бұл  кезде
 
мектептер  өздерінің  жеке  бірегейлктерін 
жоғалтпайды. 
 
Польшада
 
кішігірім ауыл  мектептерінің  одан  арғы  жұмысын  қамтамасыз  ету  үшін  «Małaszkoła»  (кіші 
мектеп)  арнайы  бағдарламасы  жасалған  болатын.  Осы  бағдарлама  аясында  ауылдық  мектептерді 
шығындарды  азайту
 
үшін  мемлекеттік  міндетті  нормативті  құжаттар  тізіміне  сәйкес  ата
-
аналар  бірлестігі 
басқара  алады.  Күшін  жойған  нормативті  құжаттар  немесе  олардың орнындағы  құжаттар  тізімі  білім  беру 
туралы  заңнамада  нақты  анықталған.  Осы  күшін  жойған  нормалардың  ішінде  –
 
тазалаушыларды  немесе 
бөлек  асхана  жұмысшыларын  жұмысқа  алу  туралы  талаптар  бар.  Осының  орнына,  бағдарлама  бұл 
қызметтерді  ата
-
аналарды  күшімен  ерікті  негізде  орындауға  мүмкіндік  береді,  бұл  өз  кезегінде  үлестік 
шығындарды  айтарлықтай  қысқартады.  Ата
-
аналардың  бұндай  ерікті  қатысуы  сондай
-
ақ  мектеп  пен 
жергілікті  халық  арасындағы  байланысты  күшейтеді  және  дау
-
жанжалдар  немесе  төмен  үлгерімді 
оқушылар жағдайында қосымша артықшылықтар береді. Бұдан басқа, білім беру туралы заңнама жерглікті 
атқару  органдарының  осы  бағдарлама  аясында  қызмет  атқаратын  мектептерді  қаржыландыру  бойынша 
міндеттерін,  жергілікті  атқару  органдарымен  аударылатын  қаражат  тұтастай,  олардың  (төмендетілген) 
шығындарын  жабуға  жеткілікті  болуын,  және  осы  уақытта  мектептің  шағын  мектептер  бағдарламасына 
қосылғанға дейінгі қамтамасыз ету құнына қарағанда, әлдеқайда төмен болуын анықтайды. Бұл жергілікті 
атқару органдарының осы бағдарламаға қатысуын мүдделілігін қамтамасыз етеді. Іс жүзінде, егер поселкі 
тұрғындары өз мектептерін өздерінің болашақтары үшін маңызды актив деп санаса, олар ұйымдасып және 
мектепті басқаруды өз мойындарына алуына болады. Соған қоса, олар жиі түрде өздерінің жергілікті атқару 
органдарынан  тікелей  қолдауалады,  мысалы,  жергілікті  атқару  органдарында  қызмет  істейтін  заңгерлер 

118 
ата
-
аналарын  өздерінің  бірлестіктерін  құруда  қолдай  алады,  заңға  сәйкес  жарғы  құжаттарын  қабылдауда 
көмектеседі және, соңында, оларды тіркеуге көмектеседі. 
 
Португалияда
 
2005    және  2008  жылдар
 
арасындағы  кезеңде,    өткен  10  жыл  ішіндегі    1
 
000  мен 
салыстырғанда  2
 
500  мектепке  жуығы  жабылды.  Аылдық  жерлерде    нашар  материалдық
-
техникалық 
базасы  бар  шағын  мектептер  басымдық  танытты,  бұл  уақытта
 
қалаларда    мектептер    шамадан  артық 
жүктелді және  екі ауысымда оқыды.
 
Зерттеулер шағын мектептердің  тиімсіздігін,  төмен үлгерімін, педагог 
кадрлардың  тұрақтамауының
 
жоғар  коэффициентін  және  ауылдық  жерлердегі  білім  берудің      әр  келкі 
сапасын  көрсетті.  Үкімет
  2005-
2006  жылдары  қайталап  оқыту  коэффициенті
 
елдегі  орташа  көрсеткіштен 
асатын  шағын  мектептерді  жабу,  және
   
неғұрлым  ірі  мектептер  кластерлерін  құру
 
туралы  шешім 
қабылдады.  Қайта
 
құру  мен
 
орын  ауыстыру  бағдарламасының  бірнеше  пайдалы  қасиеттері  бар:  (i) 
жабылатын мектептер орнына мектептердің қандай түрлері ашылатыны жөнінде
 
айқын орталқтандырылған 
көріну болды (150  кем емес оқушылары бар, оқытуды бір деңгейден артық деңгейлерде, ұзартылған  күн 
топтарымен  және    дамытушы  іс
-
шаралармен  жүргізетін,  неғұрлым  ірі  мектеп  орталықтары    қандай 
болатынына;  (ii)  онда    ата
-
аналардың,  олар  мен  олардың  балалары  үшін  жақсы  нәтижелер  болатынына
  
көздерін  жеткізу  қажеттігі,  және  үйден
 
алыс  орналасқан  мектептерге
 
бару  үшін,  енді  тегін  көлік
 
енгізілген 
стимулдар  ұсынылатыны  құпталды;  (iii)  муниципалитеттерге
   
жаңа  нысандарға  инвестициялар
 
салуға 
стимулдар  қажет болды; 
(iv) 
кеңес беру мен  шешім қабылдау   процесстеріне зер салып
 
жақындау
 
қажет 
болды,  өйткені  мектептерді  жабуға  бұрын  жасаған  әрекеттер    сәтсіздікке  ұшырады.  Тұтастай  алғанда,  
қайта  ұйымдастыру  процессі    инновациялардың  пайда  болуына,      мектептер  тиімділгін  жоғарылатуға

мұғалімдердің оқшаулануын азайтуға, нашар
 
немесе оқшауланған оқушылардың әлеуметтенуін жақсартуға  
әкелді және Білім Министрлігі (орталық немесе өңірлік), муниципалитеттер,  мектептер және басқа мүдделі  
тараптар арасындағы
 
ынтымақтастыққа көмектесті.
  
Дереккөз:  Фокс  В.  Ф.  (1981),  «Білім  беруде  масштабтан  басталатын  үнемдеуді  талдау», 
JournalofEducationFinance,  6  Том,  №  3,  273
-
296  беттер,  UniversityofIllinoisPress,  Шампейн;  Мулкахи  Д.  М. 
(2009), «Канадада  табысты ауылдық білім беру үшін мемлекеттік саясат әзірлеу» Лионс Т., Дж. Чой және Г. 
Макфан (ред.), «Ауылдық білім берудегі әділдік
 
инновациялары», симпозиумдағы баяндама, Жаңа Англия 
Университеті, 
11-14 
ақпан,    Армидейл;
 
Арес  (2014);  О  Слатара  Т.  және
 
М.  Морган  (2004),  «Ирландия  
мектептеріндегі шағын
 
мектептер мен  директорлықтың болашағы», Аралық есеп,  2004 жылғы ақпан,   веб
-
сайттан
 
2013 жылғы
 
22 тамызда алынған:
 
www.ippn.ie/index.php?option=com_mtree&task=att_download&link_id=2588&cf_id=24
 
Мұғалімдер  мен  мектеп  жетекшілерінің  сапасын  арттыру  үшін  адами  ресурстардың 
менеджментін жақсарту.  
Мұғалімдер  мен  мектеп  жетекшілеріне  арналған  стандарттарды  кеңінен  енгізу  және  қайта 
жасау 
Қазақстанда жақсы мектеп басшысы мен жақсы оқыту әдісін білдіретін негізгі анықтамалық 
құжаттар  құру  қажет.  ЭЫДҰ  (ЭЫДҰ,  2014)  байқағандай,  мұғалімдер,  мектеп  басшылары  мен 
қоғам  мұғалімдік  карьераның  түрлі  кезеңдерінде  тиімді  оқытумен  байланысты  қандай  негізгі 
білім,  білік  және  құндылықтары  белгіленетінді  толық  түсінетін  мұғалімдер  мен  мектеп 
жетекшілері  үшін  келісілген  стандарттарды  нақты  жинау  қабылдауды  білдіреді  және  местептің 
жетекшілерінің  тиімділігімен  байланысты.  Мұғалімдердің  жақсы  құрылымдалған  және 
қолданылған кәсіби стандарттар мұғалімдердің құзыреттілігін дамыту үшін қажетті түрлі құралған 
келісімнің  қуатты  механизмі  болуы  мүмкін  (ЭЫДҰ,  2005).  Мектеп  әкімшіліге  қатысты  мектеп 
жетекшісінің стандартына жатады.  
Мұғалімдер  мен  мектеп  жетекшілерінің  стандарты  оқытудың  кәсіби  тәжірибесінің 
индикатордан  немесе  сапа  критерийлерінен,  педагогикалық  білім  беру  бағдарламасын  жасауда 
қолданудан,  жеке  жұмыстардың  бағадан  тұрады  (ЭЫДҰ,  2005).  Мұғалімдер  мен  мектеп 
жетекшілерінің  тәжірибесі  тиімді  жұмыс  үшін  мектептегі  білім  беру  жүйесіне  талпынатын 
оқушылардың оқыту мақсаты көрсетілуі керек. Мұғалімдер мен мектеп жетекшілерінің стандарты 
зерттеудің  нәтижелерін  ескеру  керек  және  жетілдіру  деңгейі  мен  білімнің  күрделілігі  көрсетілуі 
керек.  Сондай-ақ  олар  тиімділіктің  түрлі  деңгейлері  мен  мұғалімдер  мен  мектеп  жетекшілерінің 
карьерасының  түрлі  кезеңдерінің  жауапкершілігі  көрсетілуі  керек.  Мектеп  басқарудың  мәні 
жетекшілікті әкімшілік корпусқа сәйкес оқыту процесімен бекіту керектігінде.  
Қазақстанның  стандарты  жасауда  бұл  жұмысқа  қатысты  барлық  деңгейлердің  мемлекеттік 
органдарын  қарау  ғана  емес,  сондай-ақ  директорлар  мен  мұғалімдердің  кәсіби  бірлестігін,  білім 
беру әкімшілігінің тобын, педагогикалық институттардың өкілдерін әр түрлі көзқарастарын ескере 
отырып, жалпы түсіністікті қамтамасыз ету үшін жұмылдыру мүмкіндігі қаралады.  

119 
Стандарттарды  жасау  –  қызығушылық  тудыратын  жақтардың  қатысуымен  қаралатын  
қалыпты  процесс;  оны  білім  және  ғылым  министрлігінің  ұсынысының  дайындығымен  бастауға 
болады, содан кейін оны консультацияның кезеңдері мен растау аясында қаралады, бұл Чили мен 
Квебекте  (Канада),  немесе  бастамасы  кәсіби  және  оқу  бірлестіктерінде  орын  алатын,  кейін 
консультация  процесіне  жетекшілік  ететінді  қарастырады,  содан  кейін  стандарттар  АҚШ  пен 
Британдық Колумбияда (Канада) (СЕРРЕ, 2013) болғандай білім беру органдарымен қабылданады. 
Австралияда стандарттар барлық елдерге енгізілместен бұрын  олардың сенімділігін тексеру үшін 
пилоттық  деңгейде  енгізіле  бастады  (Динам,  2013).  Консультацция  процесі  штатты  кестенің 
ағымдағы  нормалары  мен  мұғалімдер  мен  мектеп  жетекшілерінің  Қазақстан  жүйесінде  рөлін 
кіргізе  алады.  Бұдан  басқа,  қайта  кері  байланыстың  механизмдерін  қамтамасыз  етілуі  керек: 
стандарттарды жүзеге асырғаннан кейін мұғалімдер мен мектеп жетекшілерінің кәсібилігінің алға 
қарай  жүруі  үшін  пайдалылығы  мен  және  олардың  басқа    құрастырушыларымен  сәйкестігін 
қамтамасыз ету мақсатында кезең бойынша қайта қарауына ұшырауы мүмкін.  
Қазақстанда мұғалімдер мен мектеп жетекшілері өз тәжірибесіне бұл стандарттарды енгізуге 
көмектесетін  шараларды  қаралатын  болады.  Олардың  тәжірибеде  жүзеге  асырылуы  үшін 
стандарттардың  «мәні  болатыны»  маңызды.  Мұғалімдердің  стандарттарының  жайылған 
қалыптасуын мұғалімдер мансабының бірнеше кезеңінде жүргізуге болады (NBRC, 2010): (i) жаңа 
мұғалімдер оларға жүктелген үміттерді жақсы түсіну үшін педагогикалық кадрларды дайындаған 
кезде;  (ii)  педагогикалық  білім  беру  бағдарламасы  бойынша  оқудан  мектепте  практикалық 
жұмысқа көшуді жеңілдету үшін лауазымға енгізу және тәлімгерлік бағдарламалары шеңберінде; 
(iii) біліктілігін арттыру шеңберінде мұғалімдер стандарттарды пайдалануға оқытудан және сынып 
жұмысы  үшін олардың мәндеріне үйренуден өтуі қажет.  
Мұғалім немесе мектеп басшысының кәсібіне жіберілу мәртебесін арттыру 
Жалпы, Қазақстанда мұғалім жетіспеушілік байқалмайды, ал кейбір өңірлерде мұғалімдердің 
жоқтығы сезіледі. Бұл кадрлар жинауға және педагогикалық кадрлардың дайындық бағдарламасы 
мен кәсібін таңдауға мүмкіндік береді. Педагогикалық бағдарламалар бойынша оқытуға қабылдау 
сапалы,  білімді  мектеп  бітірушілері  мұғалім  бос  орынды  толтыра  алатын  іріктеу  болуы  мүмкін. 
Барбер  мен  Муршед  (2007)  мынадай  шешімге  келді:  мұғалімдердің  нәтижелі  жүйесіне  мектеп 
бітірушілердің  әр  бір  үшінші  бөлігі  тартылады  (Оңтүстік  Кореяның  жоғары  5%,  Финляндияның 
10%,  Сингапур  мен  Жапонияның  30%).  Педагогикалық  кадрларды  дайындау  бағдарламасына 
абитуриенттердің  мотивациясы  мен  қабілеттілігін  бағалау  үшін  тестілеу  мен  әңгімелесу  кіретін 
қабылдау  критерилерін  күшейтуге  болады.  Педагогикалық  кадрлар  дайындау  бағдарламасында 
орындар саны акредитті бағдарлама саны азайта және бұл бағдарламаға түсу бойынша талаптарды 
арттыра  отырып,  шектеуге  болады.    Бұл  жағдай  педагогикалық  педагогикалық  кадрлар 
дайындығының  бағдарламасының  деңгейге  дейін  мектеп  оқушыларының  санын  төмендетеді, 
әсіресе,  олардың  сапасын  арттыруға  әкеледі.  Мұғалімдердің  бастапқы  кезеңіне  қатысты 
карьерасының  инициатив  кәсіпке  жіберу  үшін  талаптарды  арттыруды  қарастырады.  Кадрларды 
іріктеуде  дұрыс  емес  шешім  қабылдау  40  жыл  ішінде  нашар  оқытуға  әкеледі,  сондықтан  да 
мұғалімдердің    мінездемесі  мен  дағды  тізімін  бағалау  үшін  іріктеу  процедурасы  қайта  жасау 
маңызды. Кадрлар іріктеу процедурасында әрекеттегі нормативті талаптарды білу көшбасшылық 
дағдыларына көңіл бөледі. Сол уақытта директорлар іріктеу мұғалім қызметіне жұмысқа дәстүрлі 
түрде  қабылданады,  ЭЫДҰ  елдерінің  көбінде  іріктеудің  басты  критерия  ретінде  еңбек  өтілі 
қолдану  тиімді  емес,  тек  кейбір  елдер  іріктеудің  негізгі  критериясы  ретінде  еңбек  өтілін 
қолдануды жалғастыруда  екенін  мойындайды.  Көп  елдерде жас  әрі белсенді кадрлар жетекшілік 
қызметіне  дейін  жетуге  мүмкіндік  беретін  тарихи  жағынан  қалыптасқан  модельдер  өзгеру 
мәселесіне  көп  көңіл  бөледі.  Қазақстанның  мектеп  директорларын  іріктеуде  объективтілігін 
арттыру  үшін  кадрлар  жалдау  процесі  бойынша  инструкция  жасау  және  іріктеудің  нақты 
критерийлерін анықтау мүмкіндігін қайта қарауы мүмкін. Виктория штатында (Австралия) іріктеу 
комиссиясының  мүшелеріне  әңгімелесуді  өткізу  және  дайындық  бойынша  қадамдарды 
түсіндірумен  іріктеудің  маңызды  критерийлерінің  көбірек  болуы  бойынша  детальді 
инструкциясын ұсынады (ЭЫДҰ, 2008а).  
Мұғалімдердің бастауыш сыныпты оқытудың тәсілдерін қайта қарау  

120 
Мұғалімдердің  бастапқы  дайындығы  жақсы  білікті  адамдардың  кен  ортасы  үшін  оқыту 
мансабын  қамтамасыз  етуінде  маңызды  рөл  атқарады  және  туындаған  қажеттілік  мектеп 
жүйесінде  тиімді  қамтамасыз  етіледі.  Басымдылық  педагогикалық  кадрлар  дайындығының 
сапасын  арттыру  болу  керек.  Ол  үшін  тұрақты  негізде  педагогикалық  кадрлар  дайындығы 
бойынша  мекеме  бағалаудан  өтуде  аккредитацияның  қажетті  күшті  процедурасы  қажет, 
педагогикалық  кадрлар  дайындығының  жүйесі  толық  кезеңдік  талдау  мен  талқылауға  салыну 
керек. Мемлекеттік ресурстарды педагогикалық кадрлар дайындығының сапалы бағдарламасының 
дамуына,  соның  ішінде  мектеп  білім  беру  жүйесінде  басқасынан  қажетті  мамандарды 
қаржыландыруды  арттыруға  бағыттау  керек.  Педагогикалық  кадрларының  дайындыққа  алуан 
түрлі тәсілдері мен инновацияны ынталандыру мақсатында бағдарлама нәтижесіне аккредитация 
критериі  көбірек  жиналады  (ЭЫДҰ,  2005).  Қазақстанда  акредиттелген,  мұғалімдердің  білім 
бағдарламасының    санын  азайту  үшін  әлеуеті  бар.  Одан  басқа,  жоғары  білім  берудің  бар  болуы 
білім  берудің  барлық  баспалдақтарында  мұғалім  мамандығына  жіберу  үшін  ең  төменгі  талаптар 
болу  керек,  яғни,  орташа  және  орташадан  кейін  жоғарыдан  төмен  білім  беру  деңгейіне 
педагогикалық  кадрларды  дайындау    бағдарламасы  тоқтатылу  төмендеді.  Бұл  жалпы 
мұғалімдердің бастапқы дайындық сапасы мен мәртебесін арттырады.  
Жоғарыда  көрсетілгендей,  мұғалімдердің  бастапқы  дайындығы  анағұрлым  сайлнған  болуы 
үшін  әлеует  жинақталған.  ҰБТ-да  шекті  ұпай  алған,  мектеп  түлектері  үшін  бастапқы 
педагогикалық  білімге  кедергісіз  кірудің  қазіргі  жүйесі  мұғалім  кадрларын  оңтайлы  емес 
пайдалануға  әкеледі.  Әлеуетті  пайдалы  бастамалар  мынадан  құралады:  қосымша  ақпарат  ұсыну 
және  оқуға  түсу  үшін  анағұрлым  негізді  шешімдерді  қабылдауға  педагогикалық  мамандықтағы 
перспективалы  практиканттарға  тәлімгерлік  беру;  оқушының  мұғалім  болу  тілегі  бағаланатын, 
қажетті уәждеме, оқушының білімі, дағдысы мен жеке қасиеттері (нақты бағалар) қарастырылатын 
рәсімдер;  жоғары  деңгейдегі  құзыреттермен  бірге  кандидаттарды  іріктеудің  ынталандырушы 
сызбалары  (мысалы,  ЖОО-да  гранттар);  оқу  бағдарламаларының  икемді  құрылымдары,  олар 
студенттерге  бастапқы  курста  практикалық  тәжірибені  қамтамасыз  етеді  және  оқытушы 
мамандығына уәждемесін өзгерту кезінде бағдарламаны өзгерту мүмкіндігін қамтамасыз етеді. 
Тағы бір басымдығы олар өз бағдарламаларын құрастыра алуы үшін, соның ішінде оқуға түсу 
тетіктерін  енгізу,  оқу  бағдарламасы  бөлігінде  өзгерістер  енгізу  және  аралас  пәндер  бойынша 
бағдарламаларды  құру  үшін  автономиялықтың  үлкен  деңгейімен  педагогикалық  білімнің 
аккредиттелген  мекемелерін  ұсыну  болуы  қажет.  Бұл  мектеп  жүйесінің  қажеттіліктеріне  ықпал 
етудің  жеделдігін  арттыруға  жол  береді.  Мысалы,  білімнің  және  мамандандырудың  түрлі 
деңгейлері  үшін  оқытушыларды  дайындаудың  бағдарламаларының  жалпы  компоненттерін 
арттыру,  себебі  мұғалімдерге  сұраныстар  және  мансаптық  мүдделері  өзгеріп  отырады. 
Мұғалімдерге  арналған  білім  беру  бағдарламалары,  соның  ішінде  аз  мамандандырылған  болуы 
керек, және түлекке мамандықтардың кең диапазонында оқытуға жол беруі қажет. Педагогикалық 
мамандықтар  санын  қысқарту  түлектерге  мектеп  пәндердінің  кең  тізбесін оқытуға  жол  беріп,  ал 
мектептерге  өз  қажеттіліктерін  жақсы  толтыруға  мүмкіндік  беріп,  мектеп  біліінің  жүйесінің 
тиімділігін арттырады.  
Бұл  Қазақстан  «бір  пән,  бір  мұғалім»  деген  кеңестік  тұжырымадмадан  арылу  керек  және 
жалпы компонттері мен бірнеше мамандыруы бар мұғалімдердің бастапқы білім беру құрылымын 
қабылдау  керектігін  білдіреді.  Сонда  педагогикалық  тәжірибенің  рөлі  мектепте  күшеюі  мүмкін.  
Бұл  кәсіби  мұғалім  туралы  көп  түсінікті  қамтамасыз  ету  үшін,  соның  ішінде  нақты  сыныпта 
оқыту,  консультация  мен  ұсыныстар  үшін,  мектептің  даму  жоспары  мен  оқу  бағдарламасы, 
ғылыми  зерттеу,  ата-аналармен  және  сыртқы  серіктестермен  бірлестік  және  бағалау  үшін 
педагогикалық білім алудың басында болу керек (ЭЫДҰ, 2005).  
Еңбек мұғалімдері нарығының қызмет атқаруының тиімділігін арттыру   
Өңірлер  арасындағы  педагогикалық  кадрларға  сұраныс  пен  ұсыныстың  теңгерімсіздігі  ел 
өңірлері  арасындағы  мұғалімдердің  ұтқырлығының  шектелгенмен  байланысты.  Жеткіліксіз 
ұтқырлық  елдердің  кейбір  өңірлерінде  мұғалімдер  жетіспеуін,  басқа  елдерде  көп  ұсыныс 
тіркелеуін  білдіреді.    Нәтижесінде,  мобильділіктің  өсуіне  әсер  ету  үшін  нақты  ынталандырумен 
қамтамасыз  ету  саяси  маңызды  реакция  болып  табылады.  Нұсқалардың  бірі  мұғалімдерді  аудан 

121 
немесе  облыстарға  қатыстыру  үшін  ынталандыру.  Мұғалімдердің  еңбекке  орналасуының  қазіргі 
шаралары  ауылдық  жерлерге  жұмыс  үшін  қосымша  ынталандырудан  тұрады,  кадрларды 
қатыстырумен  әлеуетті  проблемаларды  азайту  үшін  нақты  ынталандыруды  қайта  жасау 
мүмкіндігінің  нақты  мектептер  мен  аудандарға  көрсететін  нормативті  талаптардың  жүйесі 
жеткіліксіз.  Ол  үшін  аталған  есептің  басқа  бөлімдерінде  талқыланатын  нормативті  талаптардың 
икемді жүйе талап етіледі.  
Ынталандыру  сәтсіз  мектепте  оқушылардың  жетістіктері  мен  оқыту  сапасының  тиімді 
арттыру  үшін  даму  мен  қолдау  шаралары  сәйкес  қосылу  және  әсер  ету  көп  болу  керек.  ЭЫДҰ 
елдердің  көбінде  сәтсіз  және/немесе  шалғай  жерде  тұрған  мектептерде  мұғалімдерді  марапаттау 
үшін бірыңғай немесе қосымша жылдық сыйақы ретінде ынталандыру бар (ЭЫДҰ, 2012).  
Жапонияда префектураның шенеуніктері жақсы мұғалімдерді әлсіз контингентті мұғалімдері 
бар  мектептерге  барлық  оқушылардың  қабілетті  мұғалімдері  бірдей  болу  үшін  бағыттайды. 
Кореяда  әлеуметтік-экономикалық  мәртебесі  жоғары  оқушылар  әлеуметтік-экономикалық 
мәртебесі  төмен  оқушыларға  қарағанда  жиі  математикадан  жоғары  білікті  мамандардан  білім 
алады.  Мектептерде  жұмыс  істеу  үшін  жоғары  талапты  мұғалімдерге  қосымша  үстеме, 
сыныптардың  азғантай  көлемі,  оқу  сағаттарын  қысқарту,  болашақта  әкімшілік  қызметте 
жоғарылау үшін қосымша баллдар, жұмыс үшін келесі мектептерді таңдау мүмкіндіктері сияқты 
көптеген ынталандырулар ұсынады (ЭЫДҰ, 2012). 
Тағы  бір  нұсқасы  –  мұғалімдердің  еңбек  нарығында  ақпарат  ағынын  жақсарту.  Мұғалімдер 
мен  оқушылар  арасында  ақпараттық  ашық  жерді  жою  үшін  айқын  және  оперативті  жүйелері 
дамуы  мұғалімдердің  еңбек  нарығында  нәтижелі  қызмет  ету  үшін  аса  қажет,  әсіресе,  Қазақстан 
сияқты мемлекетте мұғалімдерді іріктеу және жұмылдыруда тікелей мектептер қатысады. Мүмкін 
стратегиялар  келесілерді  қосады:  мүғалімдердің  барлық  бос  орнын  жариялау  туралы  талаптар, 
орталықтандырылған ақпаратпен веб-сайттарды құру, кадрларды қабылдау бойынша іс-шараларға 
көмектесу мен координациялау үшін агенттік желілерді құру (ЭЫДҰ, 2005). Мұндай өлшемдердің 
қосымша  артықышылығы  жергілікті  деңгейде  мұғалімдердің  анық  жұмылдыруын  көтеру  болып 
табылады. Мұғалімдердің потенциалды санын кеңейтудің тағы бір әдісі  потенциалды тапшылық 
мәселелерін  шешуі  болып  табылады.  Мысалы,  математика  бойынша  білімнің  барлық  деңгейінде 
мұғалімдердің мобильдік арттыру және егер бұл әдісте мұғалімдердің дайындығына арналған әр 
түрлі бағдарламалар көрсетілген болса, азырақ мамандандырылған, сонымен қатар мұғалімдердің 
біліктілігін арттыру және қайта даярлау үшін кең мүмкіндіктер көрсетілу жолымен болуы мүмкін. 
Кадрлармен  басқарудың  бір  орталықтан  сәтті  жүргізілмеуі  үшін  және  жалпы  мектептерде 
шешімдерді  қабылдау  процесі  үшін  орталық  және  аймақтық  органдар  барлық  мемлекеттер 
бойынша  педагогикалық  кадрларлды  үлестірудегі  әділеттілік  пен  жеткіліктілікті  бақылауда 
белсенді рөль атқару керек. Сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкессіздік құнын қысқарту және 
ағымдағы артық ұсынысты қолдану үшін Қазақстан мұғалімдер мен білім беру саласындағы басқа 
да  жұмыскерлерге  сұраныс  мен  ұсынысқа  кешенді  зерттеулер  жүргізуіне  болады.  Мұндай 
зерттеулер  мамандықтары  және  қызметтері  бойынша  мұғалімдер  мен  білім  беру  саласындағы 
басқа  да  жұмыскерлерге сұраныс  бағасын  қамтамасыз  ету  керек.  Ұлыбританияда  педагогикалық 
кадрларды  жоспарлау  бойынша  іс-шаралар жыл  сайын,  яғни  географиялық  территориялар,  білім 
беру  секторы,  мұғалімдердің  аса  білікті  ұсынысына  сәйкес  келу  мақсатында  оқу 
бағдарламаларының мамандандырылуы бойынша өтеді (Білім және дағды департаменті, 2012).
 
Мұғалімдердің  жұмысқа  орналасуын  қайта  тұжырымдау  және  мөлшерлеме  жүйесін 
тоқтату 
Қазақстандық  мектептерде  мұғалімдердің  жұмысы  анағұрлым  әсерлі  болу  үшін  мүғалімдер 
жұмысының  жаңа  тұжырымдамасы  қажет.  ЭЫДҰ  (2005)  баяндамасында  түсіндірілгендей,  қазір 
мұғалімдерден аса кеңейтілімді рөлі қажет етіледі. Мұғалімдердің кеңейтілген жауапкершіліктер 
облысының  кейбір  мысалдары  болып:  оқу  процесіндегі  басқару  мен  ынтагерлік  білдіру;  білім 
алуда  жеке  оқушылардың  қажетіне  тиімді  әсер  ету;  қорытынды  баға  және  қалыптастыруды 
біріктіру;  көпұлтты  сыныптарда  сабақ  беру;  жаңа  тәртіпаралық  бағытты  енгізу;  ерекше 
қажеттіліктері  бар  оқушыларды  біріктіру;  топта  жоспарлау  және  жұмыс;  жетілдіруді  жүйелі 

122 
жоспарлау және баға; оқуда және басқаруда АКТ-ды қолдану; мектепаралық жобалар; бірлескен 
басшылық  және  басқару;  ата-аналарға  арналған  кәсіби  кеңес  ұсыну;  оқу  үшін  серіктестік 
байланыстарды  дұрыстау  (ЭЫДҰ,  2005).  Бұл  кеңейтілген  қызметтер  мұғалімдер  жұмысының 
тұжырымдамасымен  салыстыруға  келмейді,  яғни  төленетін  қызмет  пен  оқытудағы  білім  беру. 
Қазақстанға ЭЫДҰ мемлекеттеріне сәйкес мұғалімдер  аптасына сағат саны анықталған мерзімде 
жұмыс  істейтін  жұмыс  салмағына  негізделген  жүйеге  көшу  қажет  (мысалы,  40  сағат).  Сабаққа 
тиісті  дайындықты  қосатын  басқа  да  тапсырмалар  қатарын  орындау  үшін  мұғалімдерге  уақыт 
керектігін  мұғалімдердің  мұндай  жұмыс  тұжырымдамасы  мойындайды.  Бұл  мұғалімдердің 
кәсібилігін жақсартуға, мамандыққа жұмылдыруды көтеруге және жоғары педагогикалық салмағы 
бар  шамадан  тыс  мұғалімдер  санын  азайтуға  септігін  тигізеді.  Мұндай  реформаны  өткізу  үшін 
бірқатар  ресурстар  қажет,  бірақ  білім  берудің  қосымша  ресурстарын  қолдануда    басым  бағытты 
болу керек. 
Мұғалімдерді  жұмысқа  орналастырудың  жаңа  тұжырымдамасы  қажеттіліктерді  өтейтін 
мектептердегі әртараптандырылған рөльдер мен олардың мұғалімдерінің тапсырмаларын ұсынуға 
мүмкіндік береді. Мысалы, егер мұғалімдер санын қысқарту қиын болып жатса, баламалы таңдау 
мүмкіндіктерінің бірі – бұрын  ұсынылғандай үлгерімі төмен оқушыларды жеке қолдау бойынша 
стратегияларды  жүзеге  асыруда  мұғалімдердің  қосымша  мүмкіндіктерін  қолдану.  АҚШ-та 
өткізілген  бұл  зерттеулер  тиімді  стратегия  екенін  болжайды.  Құрама  штаттарында  «барлық 
бағдарламаларға арналған жетістік» орташа есеппен стандарттан 27 % немесе бағдарламалардың 
үш жылдан кейінгі жүзеге асуынан сынып деңгейінен  25-30% кедейшіліктің жоғары деңгейімен 
мектептерде  оқу  мүмкіндіктерін  арттыру  үшін  күн  сайын  оқу  бойынша  90-минуттық  сабақ 
кестесімен жұмыс істейтін  бес әлеуметтік бағдарламалардың бірі ретінде Брукингс институтымен 
анықталған болатын (Хаскинс және Марголис, 2014; Борман және т.б., 2007; Фрайер, 2014). Ұқсас 
интенсивті  репетиторлық  бағдарлама  Хьюстонның  кедей  мектептерінде  енгізілген  болатын  және 
бастауыш  мектеп  оқушыларының  математика  бойынша  бағалары  стандарттан  30  %-ке  өсті. 
Қазақстанда  бастауыш  сыныптардағы  балалар  ЭЫДҰ  орташа  көрсеткішімен  салыстырғанда 
мектепте 25 %-ға аз сағатын өткізеді.  
Мансапты  өсіруге  келетін  болсақ,  ресми  сынау  мерзіміни  ендіру  жас  мұғалімдерді 
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сынау мерзімінің қанағаттанарлық өтуі бір жылдан екі жылға 
дейін  оқыту  міндетті  болып  табылады,  яғни  диплом  немесе  тұрақты  жұмыс  орнын  ұсыну.  Ол 
қазақстандық  мектептерде  жүйелік  бағдарламалармен  қатар  жүру  керек.  Бұл  жаңа  мұғалімдерге 
тұрақты  және  мектеп  ортасында  жақсы  қолдау  мүмкіндігімен  жұмыс  істеуге  септігін  тигізеді. 
Сынау мерзімінің қанағаттанарлық өтуі педагогикалық аттестациялауға тіркелген және оқушылық 
мансабқа маңызды қадам ретінде мойындалу керек. 
Мұғалімдердің еңбек ақысын жақсарту 
Мектептік  жүйеге  қосымша  қаржы  салу  кезінде  күнделікті  әсерлі  практика  үшін 
мұғалімдердің  сәйкес  ынталандыруды  қамтамасыз  ету  және  оқудағы  жұмылдыруды  көтеру 
басымдылық  ретінде  қою  керек.  Бірінші  қадам  жоғарыда  атап  өтілгендей,  күнделікті  тіркелген 
жүктеме  негізінде  мұғалімдердің  жұмысқа  орналасуын  қайта  тұжырымдау болып  табылады.  Бұл 
күрделі  реформа  мұғалімдердің  кеңейтілген  кәсібилігін  танытады,  бірақ  ол  маңызды 
инвестицияны  қажет  етеді.  Келесі  қадам  мұғалімдердің  еңбекақы  және  олардың  құрылымының 
қайта ойлауының жалпы деңгейін көтеру мүмкіндіктерін бағалауда бекітіледі. 
Қазіргі  кезде  қазақстандық  мұғалімдердің  айлығы  қосымша  тапсырмаларға  қосылатын  көп 
мөлшерге, қосымша квалификацияға, қызмет бойынша жоғарылауға және жоғары деңгейде кәсіби 
дамуға қарағанда төмен екені белгілі. Мұғалімдердің жұмысқа орналасу үшін оқу салмағы жүйесі 
«қосымша  тапсырмаларға»  кеткен  кейбір  ресурстар  мұғалімдерді  айлығының  бір  бөлігі  болады. 
Бірақ бұл жаңа бастап жүрген мұғалімдердің еңбек ақысы жақсы болу үшін жеткіліксіз. Мүмкін 
мансаптың  бастапқы  жағдайларында  бәсекеге  қабілетті  болу  үшін  мұғалімдік  мамандықта  еңбек 
ақыны  көтеруде  күш  бағыттау  керек.  Бұл  мойындаушылық  қызмет  бойынша  жоғарылау  және 
кәсіби дамудың жоғары деңгейі бойынша қосымша төлемдерді төлеу өте маңызды. Мұғалімдердің 
жоғары айлығы кәсіби деңгейді көтеруге, оқуға, мықты кандидаттарды тартуға және ер адамдарға 

123 
оқуды  тартымды  етуге  болады.  Стратегия  пайда  әкелуі  мүмкін,  бірақ  жалпы  алғанда 
мұғалімдердің азаюына әкеліп соқтыруы мүмкін. 
Толық  жүктеме  негізінде    мұғалімдердің  жалақысы  мұғалімдердің  өтемақысына  әділдікті 
жақсартады. Өйткені бұл мөлшерлеме жүйесі білім деңгейі қосымша оқу сағаттарын ала алмайтын 
мұғалімдердің  жағдайын  ыңғайсыз  жағдайға  әкеліп  соғады.  (ЭЫДҰ,  2014b).  Сонымен  қатар 
мұғалімдер үшін қаржылық бонустар критерийлердің толық жиыны және ҰБТ және олимпиадалар 
нәтижелері сияқты оқушылардың үлгерімі туралы деректер шеңберінен шығуымен байланысты. 
Сонымен  қатар  жоғары  білікті  кандидаттарды  жұмылдыру  жеткілікті  болуына  кепіл  беру 
үшін мектептерде мұғалімдер басшыларының жалақысы жақсартылуы керек. Мектеп мұғалімдері 
жеке мансап өсуінде пайда алатындай және жұмыстарынан сыйақы алу үшін ынталандыру жүйесі 
болған  жөн.  Оқыту  және  басқа  іс-шараларға  арналған  9-сағаттық  айырмашылықты  жою  үшін 
мектеп ғимараттарында мұғалімдер үшін уақыттарды орналастыру тиімділігі әрекет ету керек. Бұл 
мектеп  директорына  мектепте  меңгерушілердің  аз  санымен  мектеп  қажеттіліктеріне  икемделген 
топ  құруына  септігін  тигізеді.  Бірақ  үлкен  мектептерде  үлкен  жауапкершілікпен  және  кіші 
мектептерде кіші жауапкершілікпен топ құруға болады. 

124 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет