Министерство образования и науки республики казахстан



жүктеу 15.08 Mb.
Pdf просмотр
бет37/90
Дата22.12.2016
өлшемі15.08 Mb.
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   90

 

Резюме

 

Мақалада әйелдер мен ер адамдардың арасындағы сөз саптаулары жайында айтылған. 



 

257 


 

Summary 

Article considered expression and speech of men and women of the syntax that contain a 

phenomenon colloquially as the implication propositional structure. 

 

 



 

ҚАЛАУ РАЙ ТҰЛҒАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

 

 

Доскеева Б.Ж.

 

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті 

 Алматы қ, Қазақстан Doskeeva_b@mail.ru 

 

Тіл  жүйелерінің  түрлілігі  қалау,  тілек  мағынасының  берілу  жолдарын, оның тұлғалық 



жүйесін,  өзара  айырмашылықтарын,  семантикалық,  стильдік  ерекшеліктерін,  сөйлемдегі 

қалау  рай  тұлғасындағы  сөздердің  айтылу  ырғағын,  сондай-ақ  басқа  да  грамматикалық 

тұлғалардың  қалау  мәнін  беретіндігін  зерттеуді  қажет  етеді.  Қалау  рай  тұлғасы  рай 

категориясының  ішіндегі  ең  күрделі  және  қарымды  тұлғалардың  бірі  болып  есептеледі. 

Қалау  райдың  күрделілігі    мен  қарымдылығы      оның  лексика-семантикалық  сипаты  мен 

тұлғаларының  молдығына  байланысты.  Бұл  тұлғаның  ерекшелігі,  ол  –  субъектінің  іс-

әрекетін  емес, әлі жүзеге аспаған , келешекте жүзеге асу-аспауы  белгісіз амалын, болмысқа  

субъективтивтік  қатысын  білдіретіндігі.  Субъектінің  бұл  жердегі  ақиқатқа  субъективтік  

қатынасы  оның  іс-әрекет  жөніндегі  қалау,  тілеу,  тілеу,  армандау,  өкіну,  ниет  ету,  қобалжу, 

күмандану  сияқты  сезім    күйлері  арқылы  көрінеді.  Қалау  рай  тұлғасы  тұлғасы  туралы 

түркологияда  жарық  көрген  еңбектердің  қай-қайсында  болмасын  азды-көпті  пікірлер  бар. 

Бірақ бұл мәселе практикалық грамматикалар  көлемінде ғана алғандықтан өте қысқа түрде 

баяндалып  отырды.  Қалау  рай  тұлғасының  бұйрық  рай,  шартты  рай  тұлғаларымен 

семантикалық  та,  грамматикалық  та  тығыз  байланысы  бар  екені  белгілі.  Сондықтан  да 

түркологияда  кейде  бұйрық  райдың    кейбір  тұлғаларын  қалау  рай  деп  түсіну  етек  алып 

келеді.  Әрине,  оның  көптеген  объективтік  себептері  бар,  контексте  кейде  бұйрық  рай 

тұлғасы қалау райлық мәнде қолданылады да, қалау, тілек мәндерін береді. Алайда, «мұндай 

құбылыс грамматикалық тұлғаның контекстік мәні ғана екені белгілі жайт» /12,105/. 

Түркітанушылардың  бір  тобы  (П.М.  Мелиоранский,  Н.К.  Дмитриев,  А.Н.  Кононов,              

Е.Д. Поливанов,В.Н.Насилов, Л.А.Покровская) бұйрық рай тұлғасының бірінші жағында тек 

тілек,  қалау  мәні  ғана  бар,  себебі  адам  өзіне  өзі  бұйыра  алмайды,  сондықтан  да  бұл  тұлға 

қалау рай тұлғасы болуға тиіс деп көрсетті. Мұндай көзқарас қазақ лингвистерінің арасында 

да  болды.  С.  Аманжоловтың  (1938  ж.),  С.  Кенесбаев,  С.  Жиенбаевтың  (1945  ж.), 

А.Ысқақовтың (1953 ж.) «Қазақ тілі грамматикасында»   бұйрық райдың тек екінші, үшінші 

жақтары көрсетіледі. 

Ал,  белгілі  ғалым,  түркітанушы  Э.Н.Наджип  қалау  рай  тұлғасының  тек  бірінші 

жағының  жекеше  және  көпше  түрлері,  ал  бұйрық  рай  тұлғасының  екінші,  үшінші 

жақтарының жекеше, көпше түрлері ғана бар, қалау райдың бірінші жағының жекеше, көпше 

түрлерінде  қалау,  тілек  міндерімен  қатар  қимылды  орындауға  ниет  ету  бар,  ал  бұйрық 

райдың екінші, үшінші жақтарында бұйрықпен қатар қалау, тілек мәндері  де болғандықтан, 

бұл екі тұлғаны біріктіріп, бұйрықты қалау деп көрсетті /4, 92/. 

Бұл  көзқарасты  бірқатар  ғалымдар  (Н.А.Баскаков,  А.Серебренников,  М.А.  Батырова) 

қолдады. 

Н.А.Баскаков  «Түркі  тілдерін  салыстырмалы  грамматика  бойынша  зерттеу»  еңбегінде 

бұйрық  рай  тұлғасында  тілек,  қалау  мағынасының  болуына  байланысты  оны  «бұйрықты 

қалау  рай»  деп  есептейді.  Оның  себебі,бұл  райлардың  әлі  бір-бірінен  дифференцияланып, 

бөлінбегені деп түсіндіреді. /6,182 /. 



 

258 


Өзбек  тіліндегі  бұйрық  райды    арнайы  зерттеген  М.А.Батырова  да  бұйрық  рай  тек 

екінші, үшінші жақта ғана қолданылатынын, ал бірінші жағының жекеше, көпше түрлерінің 

қалау райға жататыны туралы айтады /7,16/. 

Академик А.Н.Кононов «Қазіргі өзбек әдеби тілі грамматикасы»  атты еңбегінде:  « ... 

бұйрық  рай  тұлғасының  жүйесінде  қаралатын,  бірақ  онымен  не  құрылысы,  не  мағынасы 

жағынан  ұқсастықтары жоқ,  сондықтан  бұл  тұлға  (I  жақтың  жекеше,  көпше  түрлері)  өзінің 

білдіретін  мағынасына  орай  қалау  рай  жүйесінде  қаралуға  тиісті»  -  жазған  пікіріне  жауап 

ретінде  академик  Н.Сауранбаев:  «...  біріншіден,  үш  жақтың  бір-бірімен  құрылысы  жағынан 

ұқсас  болуы  бұйрық  райды  анықтауда  критерий  болмауы  керек,  екіншіден,  үш  жақ  бір-

бірімен  құрылыс  жағынан  ұқсайтын  болса,  онда  бұйрық  райдың  жақтары  мен  сандары 

жайында  сөз  қылудың  керегі  жоқ.  Бұйрық  райдың  жақтық,  сандық мәні  бұл  тура  мәніндегі 

бұйрық  емес,  ол  сөйлеушінің  белгілі  бір  субъектіге  бұйрық,  өтініш,  талап,  ұсыныс,  шешім 

айту ретінде айтылуы» - деп дәлелдеген еді/8,207/. 

Осындай  көзқарасты  қолдаушылар  Н.П.Дыренкова,  А.К.Боровков,  С.В.Ястремский, 

К.М. Мұсаев, Л.Н.Харитонов  -айын, -ейін, -айық, -ейік қосымшалары арқылы жасалған бұл 

тұлға  бұйрық  райдың  бірінші  жағы,  ол  –  жекеше  түрінде  сөйлеушінің  бір  нәрсені  істеуге 

шешімін  білдіреді  де,  көпше  түрінде  белгілі  бір  іс-әрекетті  орындауға  өзге  адамдарды 

шақыру,  ұйымдастыру  түрінде  айтылады.  Сондықтан  бұл  тұлғаны  ұйғарымды  бұйрық  деп 

түсіндіреді.  Әрине,  сөйлеуші  жақтың  өзіне-өзі  немесе  өзі  тікелей  көріп  тұрмаған  үшінші 

жаққа бұйыруынан гөрі  екінші жаққа, өзі көріп тұрған субъектіге бұйыру мағынасы айқын 

болатыны логикалық жағынан түсінікті.  

Кезінде  А.Байтұрсынұлы  да  бұйрық  райдың  үшінші  жағын  таныған  болатын.  Сондай-

ақ,  бұйрық  райдың  бірінші  жағының  бар  екенін  қазақ  грамматистері  Ы.Маманов, 

Ғ.Әбуханов, С.Исаев, Ә.Төлеуов т.б. қолдайды. 

Бұйрық  райдың  бірінші  жақ  тұлғасын  қалау  райға  жатқызу  қате  пікір.  Академик 

Н.Сауранбаевтың: « ...бұйрық райдың II, III жақтары болып,  I жағы болмауы мүмкін емес» 

деп  көрегендікпен  айтқан  пікірі  кейінгі  ғалымдар  еңбектерінде    жалғасын  тапты.  Бұйрық 

райдың I жағында сөйлеушінің ұйғарымы, шешімі (оқиын, жазайық) анық түрде болса, қалау 

райдың  I  жағындағы  тілек,  қалау  мәндері  арқылы  орындалатын  іс-әрекет  (  оқығым  келеді, 

оқысам  екен,  оқығаймын)    екіұшты,  беймәлім  болып  келеді.  Егер  ол  қалау  рай  көрсеткіші 

болса, онда екінші, үшінші жақтарға қарама-қарсы бұйрық рай парадигмасына кірмеуі керек. 

Ал, « грамматикалық категория өзара мәндес, тектес, ыңғайлас әрі бір-біріне қайшы мәндегі 

бірнеше  грамматикалық    мағыналар    жиынтығынан  тұрып,  ол  грамматикалық  мағыналар 

белгілі парадигмалық тұлғалар жүйелері арқылы беріледі» /9, 196/. 

Енді  түркі  туыстас  тілдердің  грамматикаларында  қалау  рай  категориясы  қалай 

берілгенін  салыстырып  көрейік.  Белгілі  түрколог    А.Н.Кононов  «Қазіргі  түрік  әдеби  тілінің 

грамматикасында  «бұйрық  рай  тұлғасынан  басқа  рай  тұлғаларындағы  іс-әрекет  шақ 

категориясында жүзеге асатындығын айтып, қалау рай тұлғасы екі шақта – ауыспалы келер 

шақта ( настоящее-будущее время) және өткен шақта орындалатынын көрсетеді.  

1-кесте 


Қалау райдың ауыспалы келер шақта жіктелуі 

 

Жақ 

Жекеше 

Көпше 



Yaz-a-y-im (напишу-ка я) 

Yaz-a-y-еim(напишем-ка, написать бы нам) 

II 

Yaz-a-sin (написать бы тебе) 

Yaz-a-sinis (написать бы вам) 

III 

Yaz-a (написать бы ему) 

Yaz-a-lar (написать бы им) 

 

2- кесте 



Қалау райдың өткен шақта жіктелуі 

 

Жақ 



Жекеше 

Көпше 



Yaz-a-y-dimi, Yaz-a-y idim (написать бы  Yaz-a-y-dik,  yazadik  (напишем-ка,  написать  бы 

 

259 


мне тогда) 

нам) 

II 

Yaz-a-y-din (написать бы тебе) 

Yaz-a-dinis (написать бы вам) 

III 

Yaz-a –y-di(написать бы ему) 

Yaz-a-dilar (написать бы им) 

 

/3, 246-247/ 



А.Н. Кононовтың бұйрық райдың  I жағын қалау рай ретінде түсінгені көрініп тұр. Ал, 

«Қазіргі өзбек әдеби тілінде» қалау рай тұлғасының жолдарын былайша көрсетеді: 

1.

 

– ай  тұлғасы арқылы жасалады және тек бір жағы ғана бар деп түсіндіреді; 



2.

 

– ғай, -қай тұлғалары арқылы үш жақта түрленуін көрсетеді: 

 

3-кесте 


 

жақ 

жекеше 

көпше 



II 

III 

ез- ғай-ман 

ез- ғай-сан 

ез- ғай 

ез- ғай-мыз 

ез- ғай-сыз 

ез-ғай-лар 

 

/3, 235-236/ 



К.М. Мұсаевтың «Қарайым тілінің грамматикасында» аталып өткен грамматикалардан 

айырмашылығы,  бұл  еңбекте  бұйрық  райдың  үш  жағы  да  бар  деп  танылып,  қалау  райдың 

жасалу жолдарын былайша бөледі: 

1. - ғай-гей,-қай-кей  аффикстері арқылы; 

2. - ғай-гей,-қай-кей  аффикстері мен еди көмекші етістігінің  тіркесуі арқылы; 

3.  кля,  кле  етістіктерінің  инфинитивпен тіркесіп  келуі  арқылы  ,мысалы, клейм  айтма – 



хочу сказать, клейс алма – хочешь взять /11, 265/. 

Н.К.  Дмитриев  «  башқұрт  тілінің  грамматикасында»  былай  деп  жазады:  «Қалау  рай 

термині  латын  тіліндегі  optativens  дегенді  білдіреді.  Ол  бұл  райдың  мынандай 

ерекшеліктерін  баса  көрсетеді:    сөйлеуші  баяндағанда  тек  өткен  іс-әрекетке  өзінің 

субъективтік қатынасын білдіреді. Бұл көзқарастарда әр түрлі бояулар ( тілек, күдік, қобалжу 

т.  с.  с.  )  болады.  Осы  сезімдердің  бәрі  шартты  түрде  қалау  рай  терминімен  беріледі»  – 

анықтама беріп, қалау райдың бірінші түрі    -а,-ә аффикстері мен  -ым,-ем  және  -ық,-ек жақ 

аффикстері  арқылы,  екінші  түрі    -гай,-гей  аффикстері  арқылы  жасалғанын  және  бұл  форма 

ауызекі тілде ғана сақталғанын жазады. Сондай-ақ, қарғыс формаларын (-қыры,-кере,-көре, - 

коро) қалау райға жататынын айтады: теленэ һейэл сыккыр – типун тебе на язык. Ал тілек 

мағынасын  беретін алгым килэ тұлғасының орыс тіліндегі жақсыз сөйлемге ұқсайтындығын 

( мне хочется то и то-то) айтып көрсетеді  /2, 177/. 

Н.А.  Дыренкова  «Хакас  тілі  грамматикасында»  қалау  рай  тұлғасын  «ұсыныс,  қалау 

формасы 


(согласительно-желательная 

форма) 


деп 

атап, 


оған 

–хай,-кей,-гай,-гей 

қосымшаларына  аяқталған  етістіктерді  жатқызады.  Ойрат  тіліндегі  қалау  формасын  да 

осылай береді /10,98/.   

Э. Наджип «Қазіргі ұйғыр тілінде»  былай саралайды: 

1. -ғу   аффиксы мен кел сөзінің тіркесуі арқылы: йазғум келеду; 

2. -ғұр,  -гур аффикстері арқылы: өлгүр, өлмегүр; 

3. -макчи,   -мекчи аффикстері арқылы: йазмакчи /4,92/.  

 1989 жылы орыс тілінде жарық көрген «Ұйғыр тілінің құрылысы» деген еңбекте  қалау 

райдың берілу жолы былай: 

1. –ғы кел тұлғасы бойынша;  

2. –ғай,-гей тұлғасы бойынша; 

3. –са еди тұлғасы бойынша. 

Ал,  бізге  жақын  тілдердің  бірі  қырғыз  тілінде  бұйрық  райдың  бірінші  жақ  тұлғасы 

қалау райға жатқызылады: мен барайын, биз баралық. 



 

260 


Түркі тілдеріндегі  қалау райдың берілуін ары  қарай жалғастыра беруге болады. Бірақ, 

айтпағымыз  басқа  нәрсе:  түркі  тілдерінің  көпшілігінде  қалау  рай  тұлғасының  жүйесіне 

бұйрық  райдың  бірінші  жағын  жатқызған.  Бұл  орыс  тілінің  әсерінен  және  осы  тұлғасының 

беретін  мағынасына  байланысты  болса  керек.  Сондай-ақ,  ғалымдар  арасындағы  әр  түрлі 

көзқарастың  тууы  бұйрық  рай  табиғатының  қайшылықты  сипатта  екенін  көрсетеді.  Бұл 

тұлғаның семантикасы өте күрделі, мұнда тілек, ниет, өтініш, таза бұйрық мәндері бар. Осы 

мәндердің әрбір жақтарда көрінуі  түрліше. Бірінші жақта тілек, ниет мәндері айқын көрінсе, 

екінші  жақта  таза  бұйрық  мағынасы  беріледі,  үшінші  жақта  өтініш,  тілек  мәндері  басым. 

Алайда, осыған қарап бұйрық райдың бірінші, үшінші жақтарын қалау рай жүйесіне кіргізу 

дұрыс емес деп есептейміз. 

Белгілі ғалым С.Исаев былай деп көрсетті: « ... оның себебі, біріншіден, қалау райдың 

бірінші  жағының  өз  формалары  бар.  Екіншіден,  бұйрық  райдың  II,  III  жақтары  болғанда  I 

жағы  болмауы  мүмкін  емес.  Үшіншіден,    мен  барайын,  сен  бар,  сіз  барыңыз,  ол  барсын 

дегенде    бұлар  бір  жүйенің  үш  жағы,  бір  парадигманың  мүшесі,  сондықтан  бұларды  бөліп 

алып,  әр  түрлі  рай  көрсеткіші  ретінде  қарау  дұрыс  болмайды.  Сонымен  бірге,  тілдің 

грамматикалық құрылысында, жіктелу жүйесі тек бір жақтан тұратын, не екі жақтан тұратын 

үлгі ешбір түркі тілінде жоқ. Сондықтан, үш жақтан тұратын жүйені бөліп екі райға жатқазу 

өте негізсіз, жасанды шешім болатыны сөзсіз»/9,38/ 

Ғалымдарымыздың осы пікірлерін қолдай отырып, түркі туыстас тілдердегі бұйрық рай 

тұлғасы  мен  қалау  рай  тұлғалары  қайтадан  егжей-тегжейлі  зерттеліп,  жүйесін  табады  деп 

ойлаймыз.  Түркі  тілдерінің  барлығында  дерлік    -ғай,-гей  тұлғасы  қалау  райдың  негізгі  бір 

түрінен саналады. Ал, -ғы кел аналитикалық форманты мен шартты райлы етістік  пен екен 



,еді  тұлғалары  ұйғыр,  башқұрт,  қырғыз  тілдерінде    тілек  білдірудің  негізгі  формаларының 

қатарында саналады. 

Қазақ тіл білімінің негізін 10-20- жылдары үлкен талант иесі, белгілі  қоғам қайраткері 

А.Байтұрсынұлы  қалады  деп  айтсақ  артық  болмайды.  Бұл  жылдары  А.  Байтұрсынұлының 

қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық  құрылысын баяндап жазған оқулықтары 

мен  хрестоматиялары,  оқыту  әдісіне  арналғаг  әдістемелік  құралдары,  оқу-ағарту  мәселесін 

сөз  ететін  мақалалары,  графика  мен  терминалогия  мәселерін  әңгімелейтін  баяндамалары, 

ұсыныстары мен жобалары жарық көрді. 

30- жылдардаң аяғынан бастап А.Байтұрсынұлы бастаған  ілімді  ары қарай Қ.Жұбанов, 

С.Аманжолов,  Н.Сауранбаевтар  жалғастырады.  Бұл  жылдары  көптеген  қазақ  оқулықтары 

жарық  көрді.  Осы  еңбектердің  қазақ  тіл  біліміне  қосқан  үлесі  көп  болды.  Дегенмен,  осы 

аталған еңбектерд де, осыдан кейін жарық көрген оқулықтар мен ғылыми грамматикаларда 

да  қалау  рай  тұлғасы  жайлы  мағлұматтар  өте  аз  беріліп  отырды.  Көпшілігінде  рай 

тұлғаларының түрлерінің аты аталып, анықтамасы беріліп мысалдар ғана келтірілді. 

Н.Т.  Сауранбаевтың  еңбектерінде  «  қалау  райдың  мағынасы  адамның  ниетіне, 

ықыласына байланысты» көрсетіп, жасалу жолдарын былай саралайды: 

1. - ғы, -гі, -қы, - кі жұрнақтары мен кел көмекші етістігінің тіркесуі арқылы; 

2. негізгі етістікке  -ғай, -гей, -қай, -кей жұрнақтарының қосылуы арқылы;  

3. -ғай, -гей, -қай, -кей жұрнақтары мен еді етістігінің тіркесуі арқылы; 

4.  негізгі  етістікке  –са,  -  се  жұрнағы  мен  игі  сөзі,  еді  көмекші  етістігінің  тіркесуі 

арқылы жасалады деп көрсеткен /8, 316,317 /. 

Осыдан  бастап  жарық  көрген  грамматикаларда,  мектеп  оқулықтарында  қалау  рай 

тұлғасының  жасалу  тәсілдері  мен  жолдары  осылай  беріліп  келеді.  Кейінгі  жылдардағы 

еңбектерде бұлардың қатарына –са, - се екен тұлғасы кіретін болды. 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 



 

1.

 



Мелиоранский П.М. Краткая грамматика казах-киргизского языка.Ч.1. СПб. 1894. 

2.

 



Дмитриев Н.К. Грамматика башкирского языка. –М.-Л., 1948. 

3.

 



Кононов А.Н. Грамматика современного турецкого литературного языка. - М. - Л., 1956. 

 

261 


4.

 

Наджип Э. Н. Современный уйгурский язык. –М.1960. 



5.

 

Аманжолов С. Қазақ тілінің грамматикасы. - Алматы,1938. 



6.

 

Баскаков Н.А. Исследования по сравнительной грамматике тюркских языков. - М., 1960. 



7.

 

Батырова М.А. Повелительное наклонение глагола в русском языке в сопоставлении 



с  повелительно-желательным  наклонением  в  узбекском  языке.  Автореф.  канд.  дисс.  –

Ташкент,1965. 

8.

 

Сауранбаев Н.Т. Қазақ тілі. Педучилищелерге арналған.- Алматы.1953. 



9.

 

Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі грамматикалық ұғымдар. - Алматы, 1992. 



10.

 

Дыренкова Н.А. Грамматика хакаского языка. Фонетика. Морфология.-Абакан,1948. 



11.

 

Мусаев К.М.  Грамматика караимского языка. М., 1964. 



12.

 

Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. - Алматы, 1981. 



 

Резюме

 

В статье рассматриваются виды исследования желательного наклонения. 

 

Summary 

The article deals with the types of study desired mood.                                               

 

 

 



ТІЛ АРТЫ ДЫБЫСТАРЫНЫҢ МОРФОНОЛОГИЯЛЫҚ АЛМАСУЫ

 

 

Егізбаева Н.

 

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті 

Алматы қ., Қазақстан 

 

Тілдің  адам  қолданысындағы  «жанды»  қасиетін  ескерер  болсақ,  онда  қандай  да  бір 

өзгерістердің  болмауы  мүмкін  еместігін  аңғарамыз.  Тілдің  эволюциялық  даму  барысында 

әртүрлі  дыбыстардың  пайда  болып,  бірте-бірте  олардың  аллофондары,  аллофондардан 

дербес  фонемалардың  қалыптасқаны  мәлім.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  кейбір  дыбыстық 

құбылыстардың кездесіп жатуы солардың айғағы.  

Б.  Сағындықұлы  һ  дауыссыз  дами  келе  қ,  к,  ғ,  г  дауыссыздарына  айналып,  одан 

көптеген  алмасулар  туындағандығын  айтады:  «Түркі  тілдеріндегі  төртінші  кезеңдегі  соңғы 

өзгерістердің өзі кем дегенде соңғы 5-6 мың жылдың шамасында болған. Сөз басында кейбір 

дауыссыз  дыбыстардың  түсіп  қалатынын,  көмей  һ  дауыссызының  дами  келе  қ,  к,  ғ,  г 

дауыссыздарына  айналып  кеткенін  ескеретін  болсақ,  түркі  тілдерінде  байырғы  бір  буынды 

сөздердің  құрамында  (негізінен  сөз  басында,  сөз  аяғында)  мынадай  ұзақ  сәйкестік  түзіледі: 



тс (ц) ~ тш (ч) ~ тһ ~ тй ~ дз ~ дж дй ~ т‘с ~ д‘з ~ т ~ д ~ с ~ з ~ ш ~ ж ~ й ~ һ ~ х ~ к ~ қ ~ 

ғ ~ г ~ с‘~ з‘~ т‘~ д‘~ о» [1, 28 б.].  

Қазіргі қазақ тіліндегі бадырақ – бадыраң, мегзеу – меңзеу, шоғайна – шоңайна сияқты 

біраз  сөздермен  қатар,  дедекте  –  дедеңде,  жортақта  –  жортаңда,  кегжекте  –  кегжеңде, 

қайқалақта  –  қайқалаңда,  өкіректе  –  өкіреңде,  тайқақта  –  тайқаңда,  тарбақта  – 

тарбаңда, тепекте – тепеңде, жалтақта – жалтаңда, жалпақта – жалпаңда, талтақта – 

талтаңда, салпақта – салпаңда деген бейнелеуіш сөздерден жасалған етістіктер құрамында 

қ, к, ғ, г дыбыстарының ң-мен алмасуы кездеседі. Профессор Б. Сағындықұлының пікірінше, 

н  дыбысынан  ң  дыбысы  қалыптасқан.  Ғалым  н  дыбысының  ң-ға  айналуының  бірнеше 

себептерін дәлелдей отырып, «аса ежелгі дәуірде н фонемасына қ, к фонемаларының тигізген 

әсерінен  ң  аллофоны,  б,  п  фонемаларының  тигізген  әсерінен  м  аллофоны  пайда  болған. 

Кейіннен бұл  аллофондар фонологиялық жүк арқалаудың салдарынан тұрақтанып, белсенді 

фонемалардың қатарына қосылған» [1, 50 б.], – дейді. Б. Сағындықұлы қ, к, ғ, г дыбыстарына 

басталатын сөздердің түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде өте көп болуы екі сөз арасы 

және  түбір  мен  қосымша жігінде  н  дыбысының  ң-ға  айналуында  шешуші  рөл  атқаратынын 


 

262 


атап  көрсетеді  [1,  50  б.].  Бұл  үрдіс  ерте  дәуірлерден  бастап  қазіргі  кезге  дейін  жалғасып 

келеді,  түбір  мен  қосымша,  сөздер  арасында  н  дыбысы  қ,  к,  ғ,  г  дыбыстарымен  қатар 

келгенде ң-ға айналады, мысалы, күңгө – күнге, оңғой – он қой, күңгөрдү – күн көрді т.б. Б. 

Сағындықұлы  қазіргі  кезде  ң  дыбысымен  айтылатын  барлық  сөздер  бір  кездері  н-мен 

айтылған деген тұжырым жасайды, ал балпаң – балпаң, жалтаң – жалтаң, қайқаң – қайқаң, 

қиқаң  –  қиқаң,  күлмең  –  күлмең  т.б.    бейнелеуіш  сөздердің  аяғындағы  н  дыбысының  ң-ға 

айналуына  ң  дыбысының  экспрессивтік  күшейткіш  мағына  үстеуге  қолайлы  екендігі  себеп 

болғандығын айтады [1, 50 б.].  

Біздің  жоғарыда  келтіріп  отырған  мысалдарымыздағы  қ,  к,  ғ,  г  дыбыстарының  ң-мен 

алмасуына да ң-ның осы қасиеті әсер еткен тәрізді, себебі талтақта – талтаңда, салпақта – 

салпаңда  т.б.  мысалдарындағы  бірінші  нұсқаларынан  гөрі  ң-мен  айтылғанда  қимылдың 

созылыңқы  болып,  экспрессивтік  мәні  күшейе  түсетіндігін  байқаймыз.  Мұнда  мағына 

алшақтамайды, тек экспрессивтік мағына үстеледі. А.М. Щербак бұл сәйкестіктің жалпы түркі 

тілдерінде кездесетінін, олардың пайда болу жолын былай түсіндіреді: «Носовые согласные в 

тюркских  языках  –  м,  н,  ң  которые  произносятся  с  обычной  смычкой  полости  рта,  при 

опущенным  мягком  нeбе,  и  образуют  коррелятивную  оппозицию  с  соответствующими 

неносовыми  согласными,  ср.  м/п(б),  н/т(д),  ң/к(қ)».  Сонымен  қатар,  ол  сөз  соңында  нқ>  нғ, 

нк>нг  дыбыс тіркестерінің арасынан ң  қалыптасуы мүмкін деген пікір білдіреді [2, 81-82 бб.].  

А. Ысқақов бұл пікірге үзілді-кесілді қарсылық білдіріп, ң дыбысы «тек н дыбысының 



қ,  ғ  дыбыстарынан  бұрын тұрғанда  ң  болып  естілетін  артикуляциялық  ерекшелігінен  пайда 

болатын  құбылыс  болса  керек»  [3,  56  б.]  –  дейді.  Қалай  болғанда  да  бұл  дыбыстардың    біз 

келтіріп  отырған  мысалдар  құрамында  алмасуы  осы  көне  дәуірлерде  іске  асқан 

құбылыстардың қалдықтары болуы мүмкін.   

А.  Ысқақов  байырғы  сөздердің  төркіні  еліктеу  сөздер  екенін  дәлелдей  келе  «-ңқ/-ңк 

өрнегінен  өрбіген  түбірлер  жүйесі»  деп,  оларды  бір  ұялас  түбірлерге  топтайды:  1)  аңқ  – 



әңк/еңк, оңқ – өңк, ұңқ – үңк, ыңқ – іңк; 2) даңқ – дәңк/деңк, доңқ – дөңк, дұңқ – дүңк, дыңқ – 

діңк; 3) жаңқ – жеңк/жеңк, жоңқ – жөңк,  жұңқ – жүңк, жыңқ – жіңк; 4) маңқ – мәңк/меңк, 

моңқ – мөңк, мұңқ – мүңк, мыңқ – міңк [3, 56 б.] Бұлармен қоса  осы мысалдардың қ, с, т, ш 

дыбыстарына басталатын нұсқасын келтіреді.  

Бұдан  пайымдайтынымыз  –  ңқ/ңк  дыбыстық  тіркестерінің  көне  түркі    тілдерінде 

қалыптасқандығы  және  олардың  еліктеу  сөздердің  құрамында,  сөз  тудыру  үдерісінде 

белсенді  қолданылғандығы.  Сонымен  қатар  жоғарыда  ғалым  А.  Ысқақовтың  келтірген 

тізімінен  қазіргі  түбірлердің  төркіні  еліктеу  сөздер  екенін,  олардың  құрамындағы  жуан-

жіңішке дыбыстардың алмасуынан еліктеу сөздердің мағына жағынан алшақтап, жаңа сөздер 

жасауға қабілеттілігінің жоғары болғандығын байқаймыз.  

Қазіргі  қазақ  тілінде  айтылмайтын  дыбыстық  тіркестерге  профессор  С.Мырзабеков  нк, 

нқ,  нғ, нг,нб, нм, нп  жатқызады  да,  «Дыбыстар  тіркесі  дыбыстау  мүшелерінің  үнемді  қимыл 

қозғалысының жемісі» [4, 8 б.] -деген тұжырым жасайды.   

Жоғарыда  көрсетілген ғалымдардың тұжырымдарынан дедекте – дедеңде, жортақта – 



жортаңда, кегжекте – кегжеңде, қайқалақта – қайқалаңда, өкіректе – өкіреңде, тайқақта – 

тайқаңда, тарбақта – тарбаңда, тепекте – тепеңде, жалтақта – жалтаңда, жалпақта – 

жалпаңда,  талтақта  –  талтаңда,  салпақта  –  салпаңда  т.б.  сөздердегі  қ,  к,  ғ,  г 

дыбыстарының  ң  дыбысымен  алмасуы  аз  күш  жұмсау  принципі  жолымен  іске  асқан  деген 

тұжырым жасауға болады. Мәселен жалпақта дегеннен гөрі жалпаңда еркін айтылады және ң 

дыбысының  пайда  болуына  қ,  к,  ғ,  г  дыбыстарының    әсер  етуі  сияқты  тілдің  эволюциялық 

дамуы барысындағы факторлар да әсер еткен.  

А.  Айғабылұлы  мұндай  құбылыс  етістік  тудырушы  жұрнақтар  жалғанғанда 

байқалатынын  айтады.  Сондықтан  бұл  құбылысты  морфонологиялық  деп  дәлелдейді  [5,  38 

б.].  Сөзді  аз  күш  жұмсау  арқылы  оңай  айтуға  ұмтылудың  нәтижесінде  дыбыстардың 

алмасуына, морфемалар жігіндегі дыбыстық өзгерістердің болуына қарап бұл құбылыстарды 

морфологиялық деп есептейміз. 



 

263 


Профессор  С.  Омарбеков  қазақ  ауызекі  тілінде  ң-г  және  г-ң  дыбыс  алмасуларына 

мынадай мысалдар келтіреді: негізі – неңізі, негізінде – неңізінде; маңыз – мағыз, төңүрәк – 



төгүрөк  (Қарақалпақстаннның  оңтүсітігіндегі  қазақ  говоры)  [6,  120  б.].  Ғалым  кейбір 

жағдайларда  кездесетін  н-у  дыбыс  алмасуларына  мынадай  мысалдар  келтіреді:  оңаша  – 



ауаша (Орынбор облысы), көңіл – кеуіл

С.  Омарбеков  Қазақстанның  оңтүстігінде  н-ң  алмасуының  да  кездесетіндігін  айтады 

және  оның  себебін  олардың  өзбектерге  шектес,  аралас  жатқандығымен  байланыстырады  . 

Бұл алмасуға жіктік жалғауының екінші жақ -сың, -сің формасының жергілікті ерекшелікте  -



сын,  -сін    және  жаңа,  тоң,  оң,  көлденең,  әттең  сияқты  жекелеген  сөздердің  жергілікті 

аймақтарда жана, тон, он, көлденен, әттен түрінде айтылуын жатқызуға болады. Ғалым бұл 

алмасуды өзбек тілінің әсерінен деп түсіндіреді [6, 116 б.].  

Бұл алмасу туралы ғалымдар түрліше пікір келтіреді. Мысалы,  Г.И. Рамстедт, М. Рясянен н 

дыбысы көне ң дыбысынан жасалған десе, А.М. Щербак ң дыбысының кейінгі кезеңдерде пайда 

болғандығын  түркі  тілдеріндегі  мэнга//мэңа//баңа  (маған),  сэнга//сэңа  (саған),  анға//аңа  (оған) 

параллелдермен  дәлелдейді  [2,  82  б.].  Ал  С.  Омарбеков,  Н.  Жүнісовтер  қазақ  сөйленістерінде 

кездесетін шаңырақ < шаңғырақ, бірдеңе < бірдеңке, ештеңе < ештеңке, дәнеңе < дәнеңке, аңыз 



< аңғыз варианттары көне түркі тіліндегі нғ, нг дауыссыздары тіркесінен таратады [6, 140 б.]. Ал 

прфессор  А.Б.  Салқынбай  олар  генетикалық  жағынан  біртекті,  н  дыбысынан  «ң»  аллофонының 

бірте-бірте фонемалық деңгейге көтерілгенін дәлелдеген   [7, 160 б.]. 

Зерттеуші  А.  Ерімбетова  түркі  тілдеріндегі  тектес  дауыссыз  дыбыстарды  қарастыра 

келе,  «н  фонемасының  ң  дыбысына  айналып,  бірте-бірте  қалыптасқандығын  тарихи 

ескерткіштер  де  дәлелдейді»,  –  деп  көрсетеді  [8,  57  б.].  Түркі  тілдеріндегі  дауыссыз 

дыбыстар  сәйкестігін  жан-жақты  зерттеген  А.  Ерімбетова  дыбыстар  сәйкестігінің 

морфонологиялық 

құбылыс 

болып 


табылатындығы 

туралы 


тұжырым 

жасаған 


А.Айғабылұлының  пікірін  толық  қолдайды  және  «...  дыбыс  сәйкестіктерінің  пайда  болу 

негізі  адамзаттың  артикуляциялық  мүмкіндіктерінің  дамуымен  тікелей  байланысты  болып 

табылады. Ал, фонетикалық заңдылыққа негіз болатын артикуляциялық өзгерістердің фоно-

морфо-семантикалық сипат алуы әрбір тілдің ішкі жүйесінің қалыптасуына жағдай жасайды » 

[8,  12  б.]  -  деп  дыбыстар  алмасуының  тіліміздің  дамуына  қосар  үлесін  атап  өтеді.  Бұдан 

пайымдайтынымыз қазақ тіл білімінде морфонология нысанын бағамдап, оны терең түсінуге 

бетбұрыстардың жасалып жатқандығы.  

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 



 

1.

 



Сағындықұлы  Б.  Қазақ  тілі  лексикасы  дамуының  этимологиялық  негіздері.  – 

Алматы, 1994. – 168 б. 

2.

 

Щербак А.М. Сравнительная фонетика тюркских языков. – Л.: Наука, 1970. – 240 с. 



3.

 

Ысқақов  А.  Қазақ  тілінің  фономорфологиялық  құрылысын  тарихи  тұрғыдан 



сараптау. – Алматы, 1999. – 186 б. 

4.

 



Мырзабеков С. Қазақ тіліндегі дыбыстар тіркесімі. – Алматы, 2002. – 100 б. 

5.

 



Айғабылұлы А. Қазіргі қазақ тілі. Морфонология. – Алматы, 1999. –   91 б. 

6.

 



Омарбеков С. География фонетических различий казахской речи. –Алма-Ата: Рауан, 

1992. – 223 с.  

7.

 

Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. – Алматы, 1999.  – 310 б. 



8.

 

Ерімбетова А. Түркі тілдеріндегі тектес дауыссыз дыбыстар сәйкестігі: филол. ғыл. 



канд. ... дис. – Алматы, 1998. – 126 б. 

 


Каталог: files -> colconf
files -> Литература по физико-математическим наукам
colconf -> Г. Д. Рыскелдиева Жинақта «Жаратылыстану гуманитарлық ғылымдары жəне олардың Қазақстан Республикасының индустриалды нновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі» атты
files -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Хіх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиетінің тарихы
files -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
colconf -> «геология жəне тұРАҚты даму» Ғылыми-теориялық конференциясы еңбектері
colconf -> I ші халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференцияның ЕҢбектері


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   90


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет