Министерство образования и науки республики казахстан



Pdf көрінісі
бет40/90
Дата22.12.2016
өлшемі15,08 Mb.
#127
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   90

 

REFERENCES: 

 

1.

 



Barkhudarov,  Leonid  (1993):  “The  Problem  of  the  Unit  of  Translation”,  Palma  Zlateva 

(Ed.),Translation as Social Action, London and New York, Routledge. 

2.

 

Beaugrande,  R.  de  &  W.  Dressler  (1981):  Introduction  to  Text  Linguistics,  London  and 



NewYork, Longman. 

3.

 



Halliday, M.A.K. (1985): An Introduction to Functional Grammar, Longman Group Limited. 

4.

 



Jesperson, Otto (1924): The Philosophy of Grammar

5.

 



Nida,  E.  A.  (1964):  Toward  A  Science  of  Translating,  Leiden,  E.  J.  Brill.(1984): 

“Approaches to Translating in the Western World”, Foreign Languages and Research,Vol. 2. 

6.

 

Nida, E. A. & Charles R. Tabber (1969): The Theory and Practice of Translation, Leiden, 



E. J. Brill. 

 

Резюме

 

 

276 


Статья посвящена лингвистическим исследованиям, которые внесли основной вклад в 

развитие  науки  о  переводе.  Для  иллюстрации  различных  попыток  применения  теории 

лингвистики в изучении перевода в статье цитируются работы многих языковедов. 

 

Түйін



 

Бұл  мақала  аударма  ғылымына  өзінің  негізгі  үлесін  қосқан  лингвистикалық 

зерттеулерге арналған. Мақалада лингвистика теорияларын қолдану барысында көптеген тіл 

мамандарының жұмыстарынан үзінділер келтірілген. 

 

 

ҚАЗІРГІ АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ СИПАТЫ



 

 

Жапарова А.Ж.



 

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті 

Алматы қ., Қазақстан 

 

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – қарым-қатынас тілі, ал ағылшын тілі – әлемдік 



тіл. Атам қазақ айтпақшы, «Заманына қарай адамы». Қазіргі заманның талабы бойынша, әр 

азамат ағылшын тілін білуі тиіс, оны жетік меңгермесе де, тілді игеруге барынша талпынуы 

керек. Өйткені тіл білген адам, өзін кез-келген ортада еркін сезіне алады, әсіресе, ағылшын 

тілі көптеген мүмкіндіктерге есік ашады. 

Ағылшын тілі — Үнді-Еуропалық тілдер жанұясының батыс герман тобына жататын тіл. 

Герман  тобына  ағылшын  тілінен  басқа  неміс,  норуег,  швед,  нидерланд  т.б.  тілдері 

жатады. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелде 

басып алған Англо-Саксондардың тілі, бірақ жауланған келттердің тілдері әсерін тигізген. 

Ағылшын  тілі  —  халықаралық  тіл.  Әлемдегі  ең  көп  тараған,  әрі  қытай  тілінен  кейінгі 

халық  саны  бойынша  ең  көп  пайдаланатын  тіл.  Ағылшын  тілі  Ұлыбритания,  Америка 

Құрама Штаттары, Жаңа Зеландия, Аустралия және басқа елдерде ана тілі болып есептеледі. 

Одан басқа көптеген мемлекеттерде ресми тілі болып саналады. 

Ағылшын тілі — БҰҰ-ның алты тілінің бірі болып саналады. 

Ағылшын  тілінің  лексикологиясы  көптеген  ғылымдармен  байланысты,  мысалы 

стилистикамен,  әдетте  белгілі  бір  ситуацияға  қатысты  лексика  қолдануымызға  тура  келеді. 

Өзарабайланысты  мына  сөздер  мысалында  көре  аламыз:  grandmother-granny.  Ағылшын  тілі 

лексикологиясы  тарапынан,  бұлар  -  синоним-сөздер.  Ал  стилистика  бойынша,  бұл  екі  сөз 

түрлі  стильдерде  қолданылуы  керек:  grandmother-ресми  стильде,  ал  granny  сөзі  -  ауызекі 

сөйлеу  тілінде  пайдаланғаны  абзал.  Ғылым  ретінде  лексикологияның  өзінің  бірнеше 

топшалары бар және бұл тек стилистикамен ғана емес, басқа да түрлі ғылымдармен тікелей 

байланысты.  Сөздің  мағынасын  зерттеумен  семасиология  (лексикологияның  топшасы) 

айналысса,  сөз  құрамымен  лексикологиямен  бірге  морфология  шұғылданса,  фразеология 

зерттеу  объектісі  ретінде  тұрақты  сөз  тіркестерін  қарастырса,  этимология  -  сөздің  шығу 

тарихын зерттейді.  

Әрбір  сөздің  өзіне  тән  тұлғасы  бар.  Сол  тұлға  арқасында  әрбір  сөз  бір  бүтін  единица 

ретінде  қызмет  етеді.  Сөздің  құрамының  әр  түрлі  болуы  оның  бөлшектеріне  байланысты. 

Сөздер  кейде  түбір  қалпында  жұмсалса,  кейде  оларға  түрлі  қосымшалар  жалғану  арқылы 

жұмсалады.  

Ағылшын  тілінің  лексикологиясы  шынайы  өмірге  қатысты  сөздердің  лексикалық 

құрамдарын қарастырады. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерінің (неологизм) пайда болуы жаңа 

реалийлердің (құбылыстар мен заттар) өмірге келуімен тікелей байланысты. Бірақ кез-келген 

жаңа сөздің неологизмге айналып кетуі шарт емес. Жаңа сөз неологизмге айналуы үшін, ол 

бірнеше  «дайындық кезеңдерінен» өтеді, содан кейін  барып, ол не мүлдем жойылып кетеді 

немесе  тілдік  ортада  калыптасып,  халық  арасына  сіңісіп  кетеді.  Сонымен  қатар,  сөздің 

жойылып кету үрдісі де бар.  


 

277 


Тілдің  лексикалық  құрамының  өзгеруі  тек  неологизм  немесе  архаизмге  (қолданыстан 

шығып қалған сөздер) ғана байланысты емес. Сөздің белгілі бір ықпалға түсуі де үлкен роль 

атқарады.  Бұл  үрдістің  бір  себебі  ретінде  –  сөз  тіркестердің  қысқартуларын  айта  аламыз:  a 

musical (show), a weekly (paper). Сөз тіркестің қалған компоненттері – жойылған бөліктің де 

мағыналарын қамтиды. 

Қазіргі  таңдағы  бар  құбылыстың  өзгеруі  де  –  сөздің  мағынасын  өзгертулер  еңгізбей 

қоймайды.  Бу  двигательдері,  қондырғылары  пайда  болмас  бұрын  to  sail  етістігі  –  желкен 

астында жүруді білдіретін, қазіргі таңдағы ғылыми-техникалық үрдістің қарқынды дамуынан 

кейін,  етістік  түпкі  мағынасынан  ауытқып,  қазір  бұл  сөз  кез-келген  жүзу  қозғалысын,  іс-

әрекетін білдіреді.  

Ағылшын  тілі  лексикасы,  оның  сөздік  қоры  күн  санап  толығып,  көбейіп  келеді. 

Ағылшын  тілі  лексикологиясы  ғылымы  тек  ғана  сөз,  сөздік  құрамды  зерттеп  қана  қоймай, 

сөздің  мұқият,  ұқыпты,  орнымен  қолдануын  қадағалайтын  бірден  бір  тіл  саласы.  Өйткені 

білуіміздей,  сөз  –  үлкен  қару,  ол  –  жанына  медеу  болып,  күш-қуат  сыйлайды.  «Сөз  қадірін 

білмеген өз қадірін білмейді» демекші, әр сөз өз ыңғайымен қолданғаны абзал.  

Ағылшын  тілі  сөздік  құрамының  оқытылуы  –  бірнеше  бағыттар  бойынша 

қарастырылуы  мүмкін.  Ағылшын  тілінің  барлық  лексикалық  сөз  қорын  мына  категориялар 

бойынша бөліп көрсетуге болады:  

1.

 

Сөздің жүйелік құрамы тарапынан 



2.

 

Стилистика жағынан 



3.

 

Мағыналарының ұқсастығы тарапынан 



4.

 

Сөз формасының ұқсастығы жағынан 



Сөздің  құрамдық  классификациясы  тарапынан  сөздер  екі  топқа  бөлінеді:  жай  сөздер 

(black – черный, lamp – лампа),, олар өз кезегінде жаңа сөздер  қалыптасуының негізі болып 

табылады  және  құрамында  аффикстер  мен  күрделі  сөздер  бар  туынды  сөздер  (useless  – 

қажетсіз).  Күрделі  сөздер  дегеніміз  құрамында  екі  немесе  одан  да  көп  негіздері  бар  сөздер 

(home-made  –  үйде  жасалған),бұл  олардың  сөз  тіркестерінен  басты  айырмашылықтарын 

айқындайды.  

Қазіргі ағылшын тілінде сөздер мынадай топтарға бөлінеді: 

- жай және күрделі ;  

- туынды емес (түбір) және туынды;  

- толықнегізді және аббревиатуралар . 

1) Жай сөздер. Қарапайым, сөз тудырмайтын (жай, түбір сөздер) сөздер – жай сөздердің 

бір  түрі  болып  табылады  –  red,leg,ask;  Қарапайым  туынды  сөздер  -  helpless,disorder,outwit; 

қарапайым толықнегізді сөздер– back,room,take; қарапайым аббревиатуралар – doc , prof , ref 

.          Жай  туынды  емес  сөздер  сөздік  ұясының  орталығы  (яғни,  туыс  сөздер  тобы)  болып 

есептеледі және жаңа сөздердің қалыптасуына негіз болады. Нөлдік флекцияға ие болған бұл 

сөздердің формасы – негіз бен түбірге сай келеді. Құрамды және күрделі сөздерге қарағанда, 

бұл  сөздердің  лексикалық  мағыналары  әлдеқайда  көп,  сондықтан  да олар  конверсияға оңай 

ұшырайды.  Туынды  сөздер  жай  және  күрделі  болып  топтасады.  Құрамында  сөзтудырушы 

аффикстер  бар.  Мысалы:  aimless,  spoonful,  disbelief  (жай  туынды  сөздер);  broad  shouldered, 

footballer, old - ladyish ( күрделі, туынды сөздер). 

Туыстық  паронимдер  дегеніміз  –  тек  суффикстерімен  өзгешеленетін,  категориалық 

бірдей  туысқан  сөздер:  economic  –  экономикамен  байланысты,  экономикалық  (  economic 

crisis ); economical – ақшаға мұқият, үнемді адам ( economical woman). 2) Күрделі сөздер. Бұл 

топ  құрамына  мыналар  жатады:  күрделі  туынды  емес  сөздер  (күрделі  түбір  сөздер)  -  to 

blacklist (қара тізімге енгізу),air sick,home - made; 

Күрделі, 

туынды 

сөздер 


– 

dark-haired, 

week-ender, 

horse-driven; 

құрмалас 

аббревиатуралар  (күрделі,  қысқартылған  сөздер)  –  The  USA,V  -  Day,UNESCO.  Күрделі  сөз 

дегеніміз  –  екі  немесе  одан  да  көп  негізден  құралған  сөздер  (foreign  –  made,  red-  haired,  to 

daydream  ).  Күрделі  сөздерді  сөз  тіркестерімен  шатастырмаған  абзал,  сөз  тіркестерінің 

компоненті – сөз, ал күрделі сөздердің компоненттері – негіздер (морфемалар). Егер де орыс 


 

278 


тілінде  күрделі  сөз  бен  тұрақты  сөз  тіркесінің  арасына  шекара  қою  мүмкіндігі  бар  болса, 

ағылшын  тілінде  ондай  мүмкіндік  жоқ,  өйткені  ағылшын  тіліндегі  күрделі  сөздер  сыртқы 

пішіні жағынан тұрақты сөз тіркестерінен ерекшеленбейді, бұған себеп – сөз бен негіздердің 

омономиясы ( foreign – және foreign ). Бұдан туындайтын нәрсе – мұндай күрделі, құрмалас 

құрамдарды дифференциялау үшін арнайы лингвистикалық анализ керек.  

Ағылшын  тіліндегі  күрделі  сөздер  1)  компрессия  және  2)  түбірге  жалғану  арқылы 

жүзеге  асады.  Құрмалас  сөздер  сөйлем  мен  сөз  тіркестерінің  компрессиясы  арқылы 

жасалады:  Do  it  your  self  –  on  the  do-it-your-self  principle;  Stay  slim  –  a  stay-slim  diet;  A 

performance given out of town – an out-of-town performance. Компрессивтер – қазіргі ағылшын 

тілінің өзіндік ерекшелігі.Бұлардың қызмет аясы да шектеулі. Бұлардың көбісі жаңалық және 

көркем  образды  нақышына  келтіру  үшін  жасалған  жеке  авторлық  сөздер  болып  табылады. 

Түбірге жалғану – түбірге қосылу арқылы жүзеге асқан күрделі сөздердің  құралуы. Түбірге 

жалғану  толық  және  қысқартылған  негізді  болып  бөлінеді.  Толық  негізді  сөз  –  күрделі 

құрамалас сөздер, ал қысқартылған негізді  сөз дегеніміз – күрделі аббревиатурлар (күрделі, 

қысқартылған  сөздер).  Қазіргі  ағылшын  тіліндегі  толықнегізді  сөздердің  қалыптасуы  –  ең 

бастысы сын есімдер көмегі арқылы іске асырылады: 

World-famous  (week-long);  Dark-brown  (light-green);  Radio-transmitted  (flood-affected, 

nuclear-powered,  Oxford-educated).  Сөздер,  сөз  тіркестері  морфемалардан  басқа  ағылшын 

тілінде тағы бір өзіндік, нейтральды туындылар бар.  

Нейтральды  туындылар  –  сөз  немесе  сөз  тіркестері  ретінде  қабылданатын,  сөз  немесе 

түбірге  тән  қасиеттері  жоқ  компоненттер,  жүйелік  бірліктер.  Нейтральды  туындыларға 

мыналар  жатады:  1)  екі  субстантивті  компоненттердің  үйлесімі  (  space  vehicle  ,  pain  killer) 

және  2)  –  ing  компонетті  бар  тіркестер  –  sleeping  pills,  sewing  machine,sound  recording  . 

Ағылшын тіліндегі кейбір маңызды терминдер: сөз мағынасы – аталмыш тілдік коллективке 

берілген,  белгілі  дыбыстық  формаға  тіркелген,  арнайы  бір  тілге  тиесілі  мағыналы  құрам. 

Мағына ауқымы немесе өлшемі – бір типтік заттардың өзара байланысы. Мағына мазмұны – 

белгілі  бір  зат  пен  оның  эмоциональды-  бағалау  қарым-қатынасының  сипаттамасы  және 

аталмыш объектінің басқа типті заттармен байланысы жайлы білім. Сөздік мағына – белгілі 

бір  типтің  түрлі  объектілерін  атау  реализациясы.  Контекстты  (комбинаторлы) мағына  –  бір 

сөздік  мағыналы  сөздің  түрліше  қолдану  реализациясы.  Ұя  –  бір  түбірлік  негізден  дамыған 

сөздер  семьясы.  Лексиканың  семантикалық  дифференциясы  –  мағыналарының  ұқсастығы 

жағынан лексика классификациясы. Бұл кезде объекті және дефинирациялаушы мағына еске 

алынады.  Сөздік  –  белгілі  бір  принцип  бойынша  жинақталған,  сөздердің  мағыналары, 

олардың қолданылуы, шығу тарихы, оның басқа тілдегі мағынасынан мағлұмат беретін, сөз 

жинағын ( морфема, сөз тіркесі, идиомалар және тағы басқалары) қамтитын кітап.   

Синонимдер  –  айтылуы,  жазылуы  бөлек,  бірақ  мағыналары  жағынан  ұқсас  сөздер. 

Мысалы  :  to  end  –  to  finish;  gulf  –  bay;  car  –  automobile;  polite-  mannerly,  well-mannered, 

courteous,  gracious,  nice;  loyal,  allegiant,  doglike,  hard-core,  hardcore,  leal,  liege,  true-blue; 

attractive,  bewitching,  captivating,  enchanting,  enthralling,  entrancing,  fascinating,  charismatic, 

magnetic,  cunning,  cute,  dinky,  engaging,  piquant,  fetching,  taking,  winning,  glossy,  showy, 

hypnotic, mesmeric, mesmerizing, spellbinding, irresistible, personable, photogenic, prepossessing, 

winsome;  tall,  in  height(predicate),  leggy,  long-legged,  long-shanked,  tall-growing,  long,  long-

stalked, tall-stalked, stately, statuesque, tallish.  

Антонимдер  дегеніміз  –  мағыналары  жағынан  мүлдем  қарама-қарсы  мағыналарды 

білдіретін сөздер. Мысалы: clean - dirty, soil, begrime, grime, colly, bemire; slow – accelerated, 

alacritous, blistering, hot, red-hot,double-quick, express, fast-breaking, fast-paced, fleet, swift, high-

speed,  high-velocity,  hurrying,  scurrying,  immediate,  prompt,  quick,  straightaway,instantaneous, 

instant(prenominal),  meteoric,  quick,  speedy,  rapid,  rapid,  speedy,  smart,  winged,  windy;  busy  - 

bone-idle,  bone-lazy,  faineant,  indolent,  lazy,  otiose,  slothful,  work-shy,  lackadaisical,  leisured, 

unengaged; kind- unkind, cutting, edged,  stinging, harsh,  rough, hurtful, unkindly, unsympathetic; 

ugly  –  beautiful,  beauteous,  bonny,  bonnie,  comely,  fair,  slightly,  dishy,  exquisite  fine-looking, 

good-looking,  better-looking,  handsome,  well-favored,  well-favoured,  glorious,  resplendent, 



 

279 


splendid,  splendiferous,  gorgeous,  lovely  picturesque,  pretty,  pretty-pretty,  pulchritudinous, 

ravishing, scenic stunning. Омонимдер дегеніміз – айтылуы, дыбысталуы бірдей, бірақ түрліше 

мағына  беретін  сөздер.  Мысалы:  well  –  үстеу,  жақсы  деген  мағынаны  білдірсе,  енді  бірде 

тура осы сөз – құдық деген нәрсені түсіндіреді; spring  - көктем, бұлақ және секіру; button – 

түйме  және  тетік;  present  –  және  сыйлық;  nail  –  тырнақ  және  шеге;  apple  –  алма  және  көз 

қарашығы тағы басқалары. Сыртқы пішіні жағынан омонимдер екі топқа бөлінеді: омографы 

(графика,  яғни  жазылуы  жағынан  бірдей),  омофоны  (фонетика,  яғни  дыбысталуы  жағынан 

бірдей)  сөздер.  Омофондар  :  flour,  flower;  air,  heir  (  наследник  );  peace,  piece;  sale,  sail;  sell, 

cell;  Омографтар : tear ( жұлу , кесу ), tear( көз жасы ); bow ( лук , бант ), bow ( еңкею ). 

Омографы  –  омофоны:  bear  (1.  аю,  2.  шыдау,  3.  көтеру);  fair  (1.  шыншыл,  2.  әдемі,  3. 

жәрмеңке); row (1. қатар, 2. ескекпен жүзу). 

Ағылшын тілі – 21 ғасырдың жаhанды тілдерінің бірі, ағылшын тілі – сонау Шекспир, 

Джек  Лондон,  Марк  Твендер  қолданған  әдебиет  тілі,  мәдениет  тілі,  қарым-қатынас 

единицасы.  Ағылшын  –  әлемдік  тіл,  өзіндік  сөздік  қоры  бар,  бай,  көркем  тіл.  Мұндай 

қасиетті  де  бекзат  тілді  аялап,  оның  лексикасындағы  әрбір  сөзге  жауапкершілікпен  қарап, 

сөздерді тек тиесілі орындарында қолданғанымыз абзал.  

 

Резюме

 

Статья посвящяна лексическим особенностям своременного английского языка. 

 

Summaru 

The given article is devoted to the lexical peculiarities of modern English language.  

 

 

 

АВТОРЛЫҚ ОЙТАЛҚЫНЫҢ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

 

 

Жүрсіналина Г. Қ.

 

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік университеті 

Қостанай қ., Қазақстан 

 

Шығарма  авторы  ең  алдымен  баяндау  шегінде  жүреді,  бірақ  бұл  баяндау  құрамында 

кейіпкерлер әрекетіне, сөзіне шегініс түрінде баға беріп отырады. Мұндай шегіністер өзіндік 

жалпы  философиялық  композициялық  парентеза  немесе  мерикалық  сипатта  болуы  мүмкін. 

Авторлық  ойталқыларды  енгізу  арқылы  оқырман  қызығушылығы  артып,  мәтінді  ұғыну 

жеңілдейді,  күтпеген  оқиғалардың  болу  эффектісі,  оқиға  немен  аяқталатынын  іздеу, 

топшылап  қоя  отырып,  асыға  не  болатынын  білуге  деген  құштарлық  туындауы  т.б.  жүзеге 

асады.  Осылайша,  авторлық  ойталқының  прагматикалық  берілуінің  екі  аспектісі  де  – 

автордың  өзін  көрсетуші  мен  оқырманға  ықпал  етуі  –  ойталқы  құрылымында  бір  мезгілде 

жүзеге  асады.  Реципиентке  ықпал  ету  тілдік  құралдарды  іріктеу  арқылы  жүзеге  асқан 

ойталқыларды қарастырайық. I-жақтағы көпше және кейіпкерлік 3-ші жақтағы ойталқыларда 

жеке  қызығушылық  маркерлері  оқырманға  апелляция  ретінде  де  қызмет  етеді.  (Романдағы 

Ақбілек  өзін  бұрын  жақcы  көрген,  сөз  байласқан  бірақ  екіқабат  екенін  білген  кезде, 

жазықсыз  болса  да  оған  намыстанған  Бекболаттың  шаңырағына  бірнеше  жылдардан  соң 

күйеуімен келіп жолдан түскен кезде). «Жаман шіркін! Сыр білдіріп қояды-ау!» деген кісіше 

қатыны  шығып  бара  жатқанда  Бекболат  ала  көзімен  бір  қарады.  Ақбілек  азырақ 

ойланыңқырап отырғанын өзі де сезе қойып, Балташтың көңіліне бірдеңе келіп қала ма деп, 

орысшалап:  «Жүрейік!»  деді»  (Ж.А.).  Кейіпкерлік  көзқарас  –е-йік  қалау  мәнді  эгоцентрлік 

құрылымдағы  парадигма  мүшелері,  лепті,  толымсыз,  жақсыз  сөйлем  арқылы  беріледі. 

Ойталқыда  оқырманға  бағытталған,  белгілер  (маркерлер)  де  бар.  Жіктеу  есімдіктерімен 

бірге  өздік  есімдігі,  белгісіздік  есімдіктері  арқылы  ойталқыға  қатысушылар  қатары  ұлғая 

береді. Келесі үзіндіде кейіпкер әрекетінің психологиялық анатомиясын көрсетуге тырысқан 

автор мақсаты байқалады:       Қыстың аяқ кезінде, Өрік ақсақалды әбден өзіме қараттым 



 

280 


ғой  деп,  сенімі  күшейген  кезде  Ақбілектен  ақтық  көңілін  шығаруға,  екіқабат  екенін 

ескертті.  Ақсақал  аяғының  астынан  аю  шыға  келгендей,  шошып  кетті:  –Аһ!  Оһ!  ...Қой!... 

Қой!... Өй!... Өй! ... дей берді. Қатын жанын беріп сендірді. «Оны азсынсаң міне дегендей», 

босанатын  мезгілі  де  таяу  екендігін  білдірді...  (Ж.А.).  Қыз  тағдырын  әңгімелеуді 

қорытындылай  отырып,  өз  көзқарасын  автор  тікелей  айтпайды,  күмәнданып,  сенімсіздік 

маркерлері арқылы білдіреді.  Бұндай  мысалдар  көптеп  кездеседі. Екінші сөйлемнен бастап 

оқырманды тарту үшін сұрақтар тізбегі қойылып, белсенді ойластыру көзделеді. Одан кейін 

автор  жауаптың  бұл  вариантын  жай  ғана    іске  асырып,  басқа  яғни  оның  ойынша,  дұрыс 

мәселе шешуін көрсетеді. 



 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР: 

 

1. Виноградов  В.В.  Язык  художественного  произведения  //  Вопросы  языкознания.  – 



1954. – №5. – С. 3-26. 

2. Шалабай  Б. Көркем проза  тілі  – Алматы, 1994. – 139 б. 

3.Успенский Б.А. Поэтика композиции (структура художественного текста и типология 

композиционной формы). – М., 1970. – 224 с. 

4. Нечаева  О.А.  Функционально-смысловые  типы  речи. –  Улан-Удэ: Бурятское  книжн. 

изд-во, 1974. – 261 с. 

5. Әлкебаева Д. Прагмастилистика – Алматы, 2008. – 114 б. 

6.  Ерназарова  3.  Сөйлеу  тілі  синтаксисінің  прагмалингвистикалық  аспектісі.  –  Алматы, 

2001. – 215 б. 

7.  Брандес  М.  О  рольи  композиционно-речевых  форм  в  системе  текста  / 

Лингвистические проблемы текста. Сб. науч тр. МГПИЯ  им. М. Тореза. – М., 1980. – Вып.1. 

– 139 б. 

Бұл    мақалада  көркем  прозадағы    авторлық    ойталқылардың    прагматикалық  қызметі 

туралы баяндалады. 

                                   

Резюме

 

В  этой  статье  рассматривается  о  прагматической  функции  авторского  рассуждение  в 

художественной  прозе. 

 

Summaru 

The pragmatical  function of an author`s  reasoning in art prose is considered  in this article.  

КОНЦЕПТУАЛДЫ ЖҮЙЕНІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ КӨРІНІСІ

 

 

Жұбаева О., Әбсаттар Ә.

 

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты 

Алматы қ., Қазақстан 

 

Бүгінгі таңда адам факторы өзекті болуына байланысты тілді антропоөзектік тұрғыдан 

зерттеуге  ерекше  көңіл  бөлініп  келеді.  Мұнда  тілдің  объективті  және  субъективті  жағына 

ерекше  мән  беріледі.  Ғаламның  тілдік  бейнесі  негізінен  субъективті  сипатта,  себебі  онда 

нақты  бір  адамның  көзқарасы,  дүниетанымы  көрінеді.  Ол  атадан  балаға  берілетін 

категориялар  жүйесі  арқылы  белгілі  бір  код  құрап,  дайын  күйінде  қабылданылып 



отырады. Адамның болмысты тану, түсіну нәтижесінде жинақтаған білімі тілдік бірліктерде 

көрініс  табады.  Ғаламның  тілдегі  көрінісі  осы  тілде  сөйлейтін  халықтың  ұжымдық 

шығармашылығы  болып  табылады.  Әрбір  жаңа  ұрпақ  (буын)  ана  тілін  меңгерумен  қатар 

ұлттық  сипат,  дүниетаным  көрініс  тапқан  мәдениет  кешенін  де  қабылдайды.  Бұл  орайда 

академик Р.Сыздық: «Тілдің лексикалық құрамының сипаты және жеке лексикалық бірліктер 

сол  тілдің,  өміршеңдігін  танытуға  қажет  материалдардың  бірі  деп  танылса,  бұл  құрамның 

фразеологизм  деп  аталатын  бөлігінің  орны  айрықша.  Қазақ  тілін  өз  бетімен  үйренгісі 


 

281 


келетіндердің көбі бұл тілде астарлап айту, яғни белгілі затты, құбылысты, абстракт ұғымды 

және  адамның  сын-сипатын  қимыл-әрекетін  тура  атамай,  «жұмбақтап»  (астарлап)  білдіру 

күшті  екен,  сондықтан  бұл  тілді  үйренуші  метафоризация  тәсілін  дұрыс  түсініп,  қазақ 

тіліндегі  метафоралық  қолданысты  жақсы  игеруі  керек  екен  –  дейді.  Мысалы,  ол  үйге  қас 



қағым  сәтте  жетіп  келді;  қарға  адым    жерге  жете  алмай  отырмын;  көмекшім    кетіп,  қолым 

кесіліп қалды деп сөйлегенді тілді енді үйреніп жүргендердің бірден түсінуі қиын. Мұндағы 

курсивпен көрсетілген сөздердің  жеке-жеке тұрғандағы мағыналарын білгенмен, қас қағым, 



қарға  адым,  қолы  кесілу  деген  тіркес  құрамындағы  сөздердің  семантикалық  танымы  бөлек 

екенін үйреніп білу керек болады. Шынында да қай тілде болмасын, ондағы жалпы тұрақты 

тіркестердің,  оның  ішінде  бейнелі  (образды)  метафоралық  құрылымдар  мен  идиомдық 

бірліктердің  мағыналарын,  қолданыс  тәртібін,  модальдық  бояуларын,  стильдік  қызметтерін 

игермесе,  тілді  жақсы  меңгеру  қиынға  соғады.  Ал  бұлар  тілдің  тек  семантикалық-

конструктив бірліктер қазынасын сан жағынан молайтып қана қоймайды, тілдің икемділігін, 

эстетикалық  мүмкіндігін  танытатын  құндылықтар  болып  табылады.  Бұл  құндылықтар  осы 

тілді  қолданушы  халықтың  ұлттық  белгілерінің  бірі  –  дүниетанымдық  дәрежесін, 

эстетикалық  талғамын  көрсетеді.  Демек,  бұларды  зерттеудің  бір  қыры  когнитивтік 

ізденістерге  алып барады», – деп жазады [1, 59 б.].  

Тіл  –  адамдардың  қарым-қатынас  құралы  ғана  емес,  әр  ұлттың  ұлттық  болмысын, 

дүниетанымын,  ойлау  жүйесін  сипаттайтын  жалпыадамзаттық  құндылық.  Тіл  ғалам  мен 

мәдениетті 

бейнелеумен 

қатар 

сөйлеушіні 



қалыптастырады, 

оның 


салт-дәстүрін, 

дүниетанымын, ділін, ұлттық сипатын, идеологиясын айқындайды. Әр халық мәдени, тарихи 

даму  барысында  қоршаған  ортамен  тығыз  байланыста  әлем  туралы  білімін  жинақтап, 

сақтайды, вербалды сана, ерекше мәдени код түрінде тіл арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп 

отырады.  Жастардың  үлкендердің  сөзін  түсіне  алмауы  немесе  ақын-жазушылардың 

шығармаларын түсіне алмауы этномәдени кодты игере алмау салдарынан туындайды. 

Концепт    индивидтің  ғалам  нысандары  туралы  ойы,  түсінігі,  білімі  болып  табылады. 

Сол себепті концепт ғалам туралы білімді сақтап, концептуалды жүйе құрайды. Ол адамның 

ойланып,  түрлі  концептілерді  талдап,  өзара  салыстыруына  мүмкіндік  береді,  сол  арқылы 

жаңа концептілер қалыптасады. Концепт лексикалық (грамматикалық, фразеологиялық т.с.с.) 

тұрғыда  репрезентациялануы  мүмкін.  Сол  себепті  вербалды/бейвербалды  концепт  пен 

вербалды 

негізгі 

концепт 


және 

нақты 


деңгейдің 

тілдік 


құралдары 

арқылы 


репрезентацияланған  концептілерді  өзара  ажыратып  алу  қажет.  Концептілер  негізінен 

бейвербалды  түзілім  болып  табылады.  Оларға  сенсорлық  және  моторлы  репрезентациялар 

негіз  болады.  Н.Уәли  дүниенің  дүниенің  қарапайым  бейнесі  сенсорлық  қабылдау  арқылы 

түзілетінін  айта  келіп,  оны  өз  ішінен  дәмбейне,  иісбейне,  көзбейне,  тәнбейне  (ыстық,  суық, 

қатты,  жұмсақ  т.б.),  естілімбейне  түрінде  жіктейді  [2,  49  б.].  Ғалым  еңбектерінде  адамның 

қабылдау  мүшелері  түгел  қамтылғанын  әрі  қазақ  тіліндегі  түсінікті  де  жатық  баламасы 

түзілгенін  атап  өткіміз  келеді.  Ғалымның  аталған  терминдері  бүгінгі  таңда  тіл  білімінде 

кеңінен  қолдау  тапқан.  Бұл  орайда  «Қазақ  тілі»  оқулықтарында  деректі  және  дерексіз  зат 

есімдерді  тануда  сенсорлық  қабылдау  түгел  ескерілмей  жүргенін  ескерткіміз  келеді.  Мұнда 

көзбейне  және  тәнбейне  сипаттарына мән  берілгенмен,  қалған  қабылдау  түрлері  (дәмбейне, 

иісбейне, естілімбейне) назардан тыс қалып келеді. Сол себепті қолмен ұстап, көзбен көруге 

болатын  нәрсе  атаулары  деректі  зат  есім  ретінде,  «көзбен  көрінбегенмен,  адамның  ойлауы 

нәтижесінде ғана танылатын құбылыс, ұғым атаулары дерексіз зат есімдер» ретінде [3, 58 б.] 

сипатталған.  

Қазіргі тіл біліміндегі антропоөзектік бағытқа сәйкес тілдің адамның ойлау жүйесі мен іс-

әрекетіне  ықпалы,  сонымен  қатар  адамның  тілге  әсері,  тілдегі  адам  факторына  ерекше  мән 

берілуде.  Осы  тұрғыдан  қарағанда,  грамматикалық  категориялардың  қалыптасуында  адам 

болмысы,  мінезі,  көзқарасы,  коммуникативті  актіге  қатысушылардың  т.б.  антропоөзекті 

сипатының  объективті  жағдаятқа  қатысы  байқалады.  Соның  нәтижесі  ретінде  грамматикалық 

категориялар  түрлі  формада  тілдік  бірліктер  арқылы  тұрпатталады.  Оған  негіз  болатын 

грамматикалық  қатынастар  санада  мазмұнданып,  осымен  байланысты  морфологиялық 


 

282 


категорияларды  таным  әрекетімен,  концептуалдау  және  категориялау  үдерістерімен  тығыз 

байланыста  қарастыру  қажеттігі  туындайды.  Соған  сәйкес  жүргізілетін  талдау  тілдік 

құбылыстарды  антропоөзектік  тұрғыдан  айқындайды.  Мұнда  адам  екі  түрлі  бағытта 

сипатталады:  1)  адамның  тілдегі  көрінісі;  2)  адамның  тілді  тұтынуы.  Бірінші  бағытқа  сәйкес 

адамның  дүниетанымы  байқалады.  Мысалы,  адамның  соматикалық  бейнесінің  концептуалдау  

нәтижесінде  адамның  физикалық  қабілеті,  зияткерлік  (интеллектуалдық)  қабілеті,  эмоциясы, 

әлеуметтік  «мен»-і  көрінеді,  адам  сөйлеу-ойлау  әрекетіне  қатысушы  тұлға  ретінде  көрінеді. 

Адамның тілдегі көрінісі негізінен лексика мен фразеологияда айқын көрініс тапқан, сондай-ақ 

грамматикалық  категориялардан  да  оның  өзіндік  ерекшеліктерін  байқауға  болады.  Ол  үшін 

грамматикалық  категорияларды  жеке-дара,  оқшау  қарастырмай,  коммуникация  мен  когниция 

талаптарын ескере отырып, тілді когнитивті жүйе ретінде тұтас қарастыру қажеттігі байқалады. 

Концептуалды категориялар жүйесі тілдік және тілдік емес білімдер негізінде құрылып, 

оларды  тілдің  түрлі  деңгейлерінде  репрезентациялайды.  Сөздің  лексикалық  және 

грамматикалық  мағыналары  адамның  ғалам  туралы  түсініктерімен,  концептуалды  жүйемен 

тығыз байланысты болады. Грамматикалық категорияларға (морфологиялық категорияларға 

да)  жекелеген  концептілер  емес,  категориалды  мағыналар  негіз  болады.  Концептуалды 

жүйеден  морфологияның  концептуалды  кеңістігін  құрайтын  бөлігін  айқындауға  болады. 

Алайда  ол  концептуалды  жүйенің  басқа  бөліктерінен  тыс,  дербес  бола  алмайды.  Себебі 

концепті мазмұны біркелкі сипатта емес, оның түрлі бөліктерін объективтендіру үшін тілдің 

бірнеше  деңгейі  қатысады.  Когнитивті  лингвистикада  дәстүрлі  лингвистикада  сараланған 

лексика,  морфология,  синтаксис,  семантика  сияқты  салалар  өзара  бірлікте  қарастырылып, 

тілдік  формаларда  көрініс  тапқан,  адамзаттың  ойлау  жүйесіне  тән  жалпы  ұстанымдар 

айқындалады.  Әрбір  тілдік  бірлік  терең  когнитивті  үдерістерді  айқындап,  мағынаның 

құрылымдалу тәсілін айқындайтын механизм  іспетті. Когнитивті грамматика да, когнитивті 

семантика да – мағынаның қалыптасу негізі ретінде таным нәтижелерін когнитивті тұрғыдан 

үлгілеу тәсілі болып табылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет