Министерство образования и науки республики казахстан



Pdf көрінісі
бет38/90
Дата22.12.2016
өлшемі15,08 Mb.
#127
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   90

Резюме

 

В 

статье 



рассматривается 

чередование 

некоторых 

согласных 

звуков 

как 


морфонологическое явление. 

 

 



 

264 


 

СТУДЕНТТІҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ  ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУДА

 

 СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫҢ ОРНЫ

 

 

Ерназарова З.Ш. ф.ғ.д.,проф.



 

ҚМЭБИ, қазақ тілі бағдарламасы 

Алматы қ., Қазақстан 

 

Қазақстан  Республикасы  білім  беру  жүйесінде  болып  жатқан  өзгерістер  мен 



жаңалықтардан қазақ тілін оқыту мәселесі де тыс қала алмайды. Қазіргі  таңда оқушы немесе 

студентке ұсынылатын білім мазмұны  жеке тұлғаны дамытушы, оның қажеттілігіне барлық 

жағдайда жауап бере алатын прагматикалық әлеуетке ие болуы тиіс. Басқаша айтқанда, білім 

жинақталған ақпараттардың қорына емес, қозғалыстағы, адам өмірімен тығыз байланыстағы, 

оның дұрыс шешім қабылдап, пайдасына асыратын құралына айналуы тиіс. 

Қазіргі  жастар  пайдалы,қажетті  білім  алуды    көздейді.  Бірақ  ол  қалай  берілуі  керек, 

маманның болашағына қажетті іскерлік дағыдаларды қалай қалыптастыру керек деген сұрақ. 

менің  ойымша,  барлық  жоғары  оқу  орындарының  қызметкерлерін  ойландыратыны  анық.. 

Бұл  мәселені    әр  оқу  орны  әртүрлі  шешуде.  Бірақ    барлық  әркеттің  көрінісі  де,  бағыты  да 

оқыту мақсаты мен міндеттерінде анық көрінері  айқын. Белгілі  бір пән бойынша студентке 

ұсынылатын  оқу  мақсаты  мен  одан  туындайтын  міндеттер    әрі    ақпараттық,әрі 

прагматикалық, әрі дамытушы  мазмұнды жинақтауы тиіс. Ал  бұл жалпы алғанда,  болашақ 

маманды ойлануға, ойлана білуге үйретуді мақсат етеді.  Бұл жеке тұлғаның интеллектуалды 

әлеуетін қалыптастырып, оны әрі қарай дамытатындай  құзырет түрлерімен қаруландыруды 

көздейді.  Қазақстанда  белгілі  заңгер  Г.В.Ханның  бұдан  он  шақты  жыл  бұрын  айтқан  мына 

сөздері  әлі  менің  есімде:  “Біз  студенттерді  ойлануға  үйретпейміз.  Оларды  ойлануға  үйрету 

керек.” Бұл ой  бүгінгі күні  айтылған уақытынан да өзекті болып тұр.  

Қазақ  тілін  оқыту  да  тілдік  құзыретті  қалыптастыру    ғана  емес,  жеке  тұлғаның 

интеллектуалды  дүниесін  байытып,  ойлану  дағдысын  қалыптастыратын    үдеріске  айналуы 

тиіс. Ал тілдік білім   прагма - кәсібіи міндеттерді шешудің қажетті бір  бөлшегіне айналуы 

тиіс.Ендігі  мәселе      берілетін  білімнің  жеке  тұлғаның  ойлау  әлеуетіне  айналып,  оның 

интеллектуалды  және  адамгершілік  құндылықтарын  дамытуын  қалай  қадағалауға  болады? 

деген  сұрақпен  байланысты.    Курс  барысында  қандай  тақырыптар  ұсынылуы  тиіс,      оны 

студенттің ізденісін тудыратын жұмыс түріне қалай айналдыруға болады?  

Оқыту мақсатын жоспарлаудың, құрылымын анықтаудың моделі бар. Ол  - Б.Блумның 

таксономиясы. Таксономия оқыту мақсатын  жүйелеуге негіз бола алады.  

 Блум  таксономиясы  оқытушыдан  оқу  әрекетін  түбегейлі  ойластыруды  қажет  етеді. 

Өйткені   оқыту әр  студенттің   жеке  көзқарасын қалыптастыратын интеллектуалды әлеуетін 

дамытуға және шынайы өмірге жақын жағдаяттарға қатысып, жеке ойы мен пікірін білдіруі 

арқылы оның  құзыретіне айналуы тиіс. 

  Тиімді  ұйымдастырылған  білім  беру  жүйесі  мақсаттан  басталады.  Нақты  мақсатқа 

бағыттау  студенттің  интеллектуалды  әлеуетін  ашып,  ойлау  үдерісін  бағыттайды.  Нақты 

мақсаттың  қойылуы  оқытушыға  студенттің    өсуі  мен  дамуын    бақылап  отыруға  немесе 

әрекет  үстінде  туындаған  қиыншылықтарды  шешіп  отыруға  көмектеседі.  Сонымен    оқу 

мақсатының  нақтылануы  интеллектуалды  дамушы  оқудың  мазмұнын  анықтап,  ойлау 

дағдыларын  қалыптастыру  интеллектуалды  дамытушы  оқытудың        ажырамас  құрамдас 

бөліктері  болып  табылады.  Блум  таксономиясы  оқытудың  әр  кезеңдерінде  мақсатты  дұрыс 

қоя білуге көмектеседі. 

 Курс бағдарламасы - Силлабус    «Қалай оқыту керек?», «Неге үйрету керек?»,  «Нені 

үйренуі керек?» деген   сұрақтарға жауап бере отырып құрылады. Оқыту –оқу деген білімнің 

сандық ұлғаюын білдіреді ме, әлде  кейін пайдалануға болатын ақпараттарды жүйелеу, есте 

сақтау сияқты сапалық  толығуды  білдіреді ме? Жеке тұлғаға бағытталған, дамытушы  білім  

беру технологиясы бойынша 


 

265 


 

оқыту  -  қажеттілікке  қарай  пайдаланылатын  адамның  интеллектуалды  дүниесін 



құрайтын айғақтар мен дағдыларды, әдістерді меңгеру; 

 



 оқыту  -    құбылысты  түсіну,  оның  ішкі  құрылымы  мен  мазмұнын  қалыптастырушы 

байланыстарды анықтау, ойдан өткізу 

 

Оқыту - алынған білімді пайдалана отырып, шынайы өмірді түрліше түсіндіре білу 



Қазақ тілі  бағдарламаларының  мазмұны тілдік білім беруге, дайын ақпараттарды есте 

сақтауға  бағытталады.  Бағдарлама    құруда    студент  немесе  оқушының  жеке  тұлғасы,  емес,  

берілетін  материалдардың  мазмұнына  баса  көңіл  бөлінеді.  Бұндай  бағыт    тіл  үйренушінің 

интеллектуалды  дүниесін    ақпараттық  мәліметтермен  толықтырғанмен,    ойланушы  жеке 

тұлғаны қалыптастыра қояр ма екен? Оқыту  - студент белсенділігі мен белгілі бір мәселені 

шешуді мақсат ететін танымдық ізденіс әрекетіне айналуы тиіс. 

Оқыту мақсаты  педагогикалық әдебиеттерде мына тұрғыда  сипатталады. 

Оқыту  мақсаты    курс  соңында  студент  жетуге  тиісті  нәтижесімен  өзара  туындаушы 

байланыста болуы қажет. 

Қазақ  тілі  курстарының  жоғары  деңгейлерінде    линвистикалық  құзырет  түрлерін 

қалыптастыруға    баса  назар  аударылмай,  студенттің  сыни  ойлау    әдістері  мен  дағдыларын 

қалыптастыруға көңіл бөлінуі  керек деп есептейміз.  Ал  курс мақсаты  студентке берілетін 

білімнің    талдау  жасау,  бағалау,  қолдану,  шынайы  өмірмен  байланыстыру  сияқты    таным 

әрекеттерінің жүзеге асуын бейнелеуі тиіс. Оқыту мақсатын анықтауда Блум таксономиясын 

басшылыққа  алу    интеллектуалды  дамытушы  оқыту  үдерісін  ұйымдастыруды  жеңілдетеді. 

Әрине,    студенттің  барлық  әрекетін  жоспарлап,    модель  ретінде  ұсыну  еркін  ойлауға  кері 

әсерін тигізуі мүмкін деген ой да қалыптасуы мүмкін. Ойды басқару, ішкі сана мен сезімнің 

дамуына  ерік  бермеуі  де  мүмкін.  Блум  таксономиясында    кейінгі  сатылары  бұл      күмәнды 

сейілтеді. Өйткені талдау, жинақтау, баға беру кезеңдері студенттің проблеманы  танып, оны 

шешудің  жолдарын  табуға  ерік  береді.  Алғашқы  ойлаудың  қарапайым    әдістерінен  бастап, 

жоғары  деңгейдегі  интеллектуалды    әрекеттерге  көтеріле  отырып,  студент      ойды  дұрыс 

бағытта дамыта білудің әдіс тәсілдерін, жоғары сатыдағы пайымдау  дағдыларын  меңгереді. 

Қазақ  тілінің  бастауыш  деңгейлері  линвистикалық  және  коммуникативті  құзыреттерді 

қалыптастыруды мақсат етеді.   Білімнің алғашқы деңгейлері меңгерілген жағдайда оқытуды 

интеллектуалды ойлау  дағдыларын қалыптастыру мақсатын нақты қою керек. 

Мысалы,    «  Білім  және  бәсеке»  тақырыбы  бойынша  қойылатын  мақсат  түрлері  мен 

соған сай таным үдерісін ұйымдастырудың әдіс тәсілдерін қарастырып көрелік. 

 



білімнің ел дамуына, оның экономикасына  әсерін түсіну 

 



«Болашақ» бағдарламасының мақсаты мен маңызын түсіну 

 



Интеллектуалды байлық  негізделетін   ұлттық құндылықтарға сипаттама беру 

 



Үшінші  деңгейлі  елден  дамушы  елдер  қатарына  енген  мемлекеттердің  тәжірибесіне 

талдау жасау,ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтау (шағын  топтық презентация)  

 

«Білім ақылы болу керек» пікірталасында өз ұстанымын анықтап, оны дәлелдей білу 



( британ форматы бойынша) 

Енді  осы  тақырып  бойынша  ұсынылатын  әзірлемені  Блум  таксономиясы 

бойынша талдап көрелік.

 

 

 1-Есте сақтау кезеңі 

Сөздік

 

1.Сөздерді оқыңыз, суреттермен сәйкестендіріңіз.

 

 Ғалым   ауыл шаруашылғы    денсаулық сақтау саласы     қаржы саласы    әлеуметтік жағдай    

дамыған ел   артта қалған ел     бәсеке   өндіріс   ақпарат тасқыны  өңдеуші кәсіпорын 

2.  Жоғарыдағы сөздерді маңыздылығына қарай орналастырыңыз. 

 

 Қазақстан дамыған ел болу үшін ---------------------------------    дамыту керек. 

Біріншіден, 

Екіншіден 



 

266 


Оқылым

 

3. Төмендегі сөздерді оқыңыз. Олардың құрамында ұқсастық бар ма? 

 Қай сөздердің жасалу жолдарында ұқсастық бар? 

 Қай сөздің  құрамы күрделі? 

әлемдік деңгей 

 бәсекеге қабілетті 

бәсекеге түсу 

мәңгілік 

жасампаздық 

құндылық 

4. Етістіктерді сұрақ түріне қарай кестеге орналастырыңыз

 

дайындау      тағайындау      жетілдіру     қанағат тұту  шыңдау   сәйкестендіру 

сенімге (сеніміне)         ие болу             жоғалту           жол бермеу 

құрау 


 кімді?  Нені?  Немен?  Кімнің?   Неге? 

 

 5. Сөйлемдерді жоғарыдағы етістіктермен толықтырыңыз. 

 

 ҚМЭБИ білікті мамандарды          ........................................................................................... 

 Кез келген маман өз білімін үнемі     ...................................................................................... 

 ҚМЭБИ  білім беру бағдарламаларын халықаралық стандартпен .................................... 

 Қазақ халқы аз нәрсені           ................................................................................................. 

  Адамзат соғысқа       ............................................................................................................... 

 Қазақстан Республикасы Парламенті екі палатаны .............................................................. 

 Жаңа  министр  ........................................................................................................................ 



6. Мына сұрақтар бойынша 4 адамнан топ құрап,  пікірлесіңіз.

 

1.

 



“Болашақ” бағдарламасы қашан ашылды? 

2.

 



“Болашақ” стипендиясы қандай мамандықтар бойынша беріледі? 

3.

 



 “Болашақ стипендиясына қалай тапсырады? 

4.

 



“Болашақ” стипендиясын алған таныстарыңыз бар ма? 

 

2-түсіну кезеңі 

7. Мәтінді оқыңыз. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. 

1.  Қазақстан  елу  елдің  қатарына  ену    үшін  Н.Ә.Назарбаевтың  ойынша,  қандай 

салаларды дамыту керек? Түсіндіріңіз. 

 2.“Интеллектуалды ресурстар бәсекеге түседі” дегенді қалай түсінесіз? 

 

3.  Президент    «Болашақтықтарға»  қандай    талаптар  қояды?  Оларды  мәтіннен  тауып 



оқыңыз.  Талап түрлерін маңыздылығына қарай орналастырыңыз. Олардың арасында себеп - 

салдарлық байланыс бар ма? 

4. “Жастарды жасампаздыққа шыңдау” дегенді қалай түсінесіз? 

5. Рухани құндылықтар деген не? Не  себепті Президент білім алу  туралы  ғана айтып 

қоймай, рухани құндылықтар туралы айтады? 

6. Не себепті Елбасы ел болашағын табиғи ресурстармен байланысттырмайды? 

7. Президент «Болашақ» бағдарламасынан не күтті? 

8. «Болашақ» бағдарламасы өз міндеттерін толық орындады деп ойлайсыз ба? 



 

 «Болашақ» бағдарламасы туралы

 

Қазастан егемендігін алған соң, өз экономикасын дамыта бастады. Бірақ елімізге білікті 

мамандар  жетпеді.  Жаңа,  әлемдік  деңгейде  білім  алған,  жаңаша  ойлайтын  адамдар  керек 

болды.    Сол  себепті  1993  жылы  Президент  Н.Ә.Назарбаев  әлемнің  алдыңғы  қатарлы  оқу 

орындарында  білікті  де  білімді  мамандары  дайындау  үшін  «  Болашақ»  халықаралық 

бағдарламасын тағайындады.  “Болашақ “бағдарламасына 16 жыл болды. Осы жыл ішінде 26 



 

267 


ұлттың өкілінен 3850 талапкерге    стипендия берілді. Олар әлемнің 32 елінде 63 жоғары оқу 

орнында білімдерін жетілдірді.  

 

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  Астанада  2008  жылдың  30  қаңтарында  

«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының  алдында сөйлеген сөзінен.

 

                  

Бәсекенің басы 

-  білім   

1.  Бәсекеге  қабілетті  50  елдің  қатарына  ену  үшін    индустрия  саласын,  қайта  өңдеу 

саласын  және  адам  ресурстарын  дамытуымыз  керек.    Бүгінгі  мемлекет  өзінің 

интеллектуалды  ресурстарымен  бәсекеге  түседі.  Дамыған  елдердің  ұлттық    байлығының  75 

пайызын осы интеллектуалдық байлық құрайды.  Бәсекенің бастысы- білім бәсекесі. 

2.  Мұнай  –газды,  басқа  да  ресурстарды  мәңгілік  пайдалана  алмаймыз.    Біздің 

мақсатымыз  мынадай  басымдықтарға  ие.  Ең  алдымен  ,  басқарудың  тиімді  тетігін  білетін  

патриот  жастарды    қалыптастыру.  Олар  жаңа  идеяларға  бастамашы  болуы  керек, 

менеджменттің  қыры-сырын  білуі  керек.  Менің  әкімшілігімде  қазір  он  шақты 

«болашақтықтар» жұмыс істеп жүр. 

3.    Елді  адам  капиталы  арқылы  бәсекеге  қабілетті  ету  керек..  Бұл  үшін,  біріншіден, 

білім  жүйесінің  инновациялық  дамуына  жол  ашу  керек.  Бізде  әр  жеті-сегіз  жыл  сайын  өз 

ісінің шеберлері көбейіп келе жатыр. Сөйте тұра, осыны қанағат тұтпау керек. Жастарды  тез 

жаңарып  жатқан  ақпарат  тасқынынан  өзіне  қажеттісін  іріктеп  алатын  жасампаздыққа  

шыңдау қажет. Бұл үшін жаңаша оқыта алатын ұстаздар керек. Бұл-  Үкімет пен Білім және 

ғылым  министрлігі  айналысатын  шаруа.  Екіншіден,  электрондық  қызмет  көрсетуді  жаңа 

заманға сәйкестендіру керек..  

4.Үшіншіден,  жастардың  рухани  тәрбиесіне  айрықша  көңіл  бөлу  қажет.  Біз  өз  ұлттық 

құндылықтарымызды, 

мәдениетімізді 

жаһандануға 

қарсы 


тұра 

алатындай 

деңгейде 

шыңдауымыз  керек.  Жастар  өз  ұлтының  алдындағы  перзенттік  парызды  біліп,  адамгершілікке 

тәрбиеленсе, сенімге ие болады. Ал сенімге ие болу  адам баласын бақытты етеді.  

5. Америка туралы бір мысал айтып берейін. Олар өз ішінде кемшіліктерін айтып, бір-

бірін  өлтіре  сынайды,  басқа  елдерге  барғанда  ,отаны  туралы  бір  ауыз  жаман  сөз  айтпайды.  

Өз ұлтын сынау, жамандау -  нигилизм болып табылады.. Мұндай әдетпен ешкім ұзаққа бара 

алмайды.  Біреудің  сеніміне  кіру  тіпті  қиын.  Мен  кейбір  болашақтықтардың  шетелге  оқуға 

барып, өз ұлттық болмысын жоғалтып алып жататынын естіп жүрмін. Біз бәріміз жабылып 

ондай жағдайға жол бермеуіміз керек. 

 

8.  Мәтінді  оқыңыз.Мәтінде    5 абзац  бар. Төменде  7  тақырып берілген.Әр  абзацқа  



сәйкес келетін тақырыпты табыңыз.

 

1.

 



Адам капиталын дамыту 

2.

 



Ұлттық мақтаныш 

3.

 



 Жаманыңды жасыр, жақсыңды асыр 

4.

 



Қазіргі бәсеке-білім бәсекесі 

5.

 



 Жаңа қазақстандықтар 

6.

 



 Отанды сүюдің үлгісі 

7.

 



Рухы бай ұрпақты қалыптастыру 

 

3 - қолдану кезеңі 

 

 9. Мына сызба бойынша  мәтін мазмұнын қорытып айтып шығыңыз. 



« Болашақ» бағдарламасы өз міндетін орындады. 

 

 



 

 


 

268 


  1-дәлел                   2- дәлел        3- дәлел 

 Айғақтар                 айғақтар        айғақтар 

 

4 - талдау кезеңі 

10.  Әр  топ      бәсекеге  қабілетті  ететін  білімнің  мазмұнын,  оны  құрастырушы 

компоненттерді  анықтауы тиіс. Бәсекеге қабілетті маманның моделі қандай болуы керек? 

 Көтерілген  мәселе  әрбір  топ  ақпарат  жинайды,сауалнама  жүргізеді,  алынған 

ақпараттарға талдау жасайды. Оны презентация түрінде  үш сабақтан кейін  қорғайды

 

5-жинақтау кезеңі. 

Үшінші  деңгейлі    елден  дамушы  елдер  қатарына  аз  уақытта  көтерілген  елдің 

құпияларын  анықтап,  жинақтау,  білікті  мамандардың  қалай  дайындалғаны,  бәсеке  ортасын 

қалай қалыптастырғаны туралы мәліметтер жинап  

Талдау жасайды. Н.Ә.Назарбаевтың «болашақтықтарға» қойған талаптары тұрғысынан 

бағалайды. Қазақстан білім беру жүйесін жетілдіру үшін ұсыныстар дайындайды. 



6 - бағалау кезеңі 

« Білікті маман ретінде қалай қалыптасуға болады?» тақырыбына эссе жазу. Бұл 

жазбаша  жұмыс  студенттен  алныған  ақпараттарды  топтастырып,  жүйелеуді,  негізгі 

ақпарат  пен  қосымша  ақпараттарды  ажырата  білуді,  құбылыстар  арасындағы  себеп

-

салдар байланысты тануды талап етеді.

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 

 

1. 


Лазарева 

И.Н.Таксономический 

подход 

в 

проектировании 



личностно 

ориентированного 

интеллектуально-развивающего 

обучения/ 

Известия 

Российского 

государственного  педагогического  университета  имени  А.И.Герцена.-СПб.,  2009.-№94.- 

С.130-136 

2.  Туласынова  Надежда  Ю.  Развитие  критического  мышления  студентов  в  процессе 

обучения иностранному языку. Автореферат кандидатской диссертации. Якутск, 2010. - 



 

 

 

 

 

 

СӨЙЛЕМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МАҒЫНАЛЫҚ

-ЖҰМСАЛЫМДЫҚ ӨРІС 

МӘСЕЛЕCІ

 

 

Ермекова Т.Н.

 

Қазақ мемлекеттік  қыздар педагогикалық университеті 



Алматы қ., Қазақстан ken_tina@mail.ru 

 

Тіл  білімінде  синтаксистік  категория  ұғымы  әлі  толық  анықталып  болған  жоқ.  Бірақ 



морфологиялық  жүйеге  түспеген  грамматикалық  мағыналар  синтаксистік  тіркестер  арқылы 

берілетіндігі  анық.  Олардың  өзі  сөйлем  деңгейінде  парадигма  құрауы  тиіс.  Мәселен 

синтаксистік  шақ  категориясы,  синтаксистік  жақ  категориясы  бір  сөйлеммен  ғана  емес,  әр 

түрлі  құрылымдағы  сөйлемдердің  парадигмасы  арқылы  берілуі  тиіс.  Синтаксистік 

категорияны  анықтаудың  міндеті  фактологиялық  материалдарға  сүйеніп,  сол  тілдегі 

синтаксистік  парадигмалардың  жүйесін  табу  болып  табылады.  Бұл  мәселе  бір  жағынан 

сөйлемдер типологиясымен де тығыз байланысты. 

Синтаксистік  категорияларды  арнайы  қарастырып  жүрген  мамандардың  айтуынша, 

олар  морфологиялық  категориялармен  байланысты  және  байланыссыз  болып  екіге  бөлінеді 


 

269 


[1:118].  Морфологиялық  категориялармен  байланыстыларына  морфология  деңгейінде 

парадигмалық жүйесі қалыптасқан (шақ, жақ, септік, рай, етіс т.б.) категориялар жатады. Бұл 

мағыналар синтаксис деңгейінде тек морфологиялық көрсеткіштер аркылы ғана емес, басқа 

да  сиктаксистік  құралдар  арқылы  нақтылана,  айқындала,  кеңейтіле  беріледі.  Ал 

морфологиялық  категориялармен  байланысы  жоқ  категорияларға  морфология  деңгейінде 

парадигмалық  жүйесі  жоқ  мағыналар  жатады.  Ондай  категорияларға  қазақ  тілінде 

аналитикалық тәсіл арқылы жасалатьн қимылдың өту сипатын жатқызуға болады. 

Семантикалық (ұғымдық) категорияларды тану көп жылдар бойы екі бағытта өрбіді. 

1.  Бұл  категориялар  жүйесі  бөлек  тілдерді  типологиялық  жағынан  салғастыра  зерттеу 

кезінде  жалпы  ортақ  және  әмбебап  үғым  ретінде  қарастырылады.  Әр  тілдің  материалдарын 

типологиялық және салғастыра талдау осы ұғымдық категорияларға негізделді. 

2.  Бір  тілде  бір  мағынаны  беретін  әр  түрлі  деңгейдегі  тілдік  құралдардың  басын 

біріктіре қарайтын ұғым ретінде қарастырылады да, семантикалық категория жұмсалымдық 

мағыналық өріс терминімен аталады [2:136]. 

Екі  бағыт  та  дәстүрлі  грамматикамен  тығыз  байланысты.  Семантикалық  категориялар 

бір  жағынан  шынайы  өмірдің  сипаты  мен  қатынастарын  көрсетсе,  екінші  жағынан  өз 

бастауын  тілден  алады.  Яғни  сол  мағыналар  тіл  жүйесіндегі  әр  түрлі  құралдардың  жұмыла 

жұмсалуыньң  нәтижесінде  беріледі.  Тіл  жүйесі  тұрғысынан  келетін  болсақ,  тіл  құралдары 

(морфологиялық,  синтаксистік,  сөзжасамдық,  лексикалық)  шынайы  өмірді  сипаттайтын 

семантикалық  категориялардың  мағыналық  жүгін  әрқайсысы  өз  шамасына  қарай  бөліп, 

үлесін алып қимылсыз тұрған сияқты.  

Сөйлеу  кезінде  сөйлеушінің  мақсатына  қарай  морфологиялық  парадигмалар, 

синтаксистік  құралдар,  лексикалық  бірліктер  берілетін  мағынаны  айқындау  үшін  жұмыла 

қозғалысқа  түседі  де,  өмірдегі  құбылыстың  бәрі  тілден  өз  көрінісін  табады.  Егер  шынайы 

құбылыс  тілде  әлі  көрініс  таппаған,  бейнеленбеген  болса,  оны  сөйлеуші  енгізеді.                                                  

А.  Байтұрсыновтың  айтуынша,  «Тілдің  міндеті  -  ақылдың  аңдауын  алдағанынша,  қиялдың 

меңзеуін  меңзегенінше,  көңілдің  түрін  түйгенінше  айтуға  жарау.  Мұның  бәріне  жұмсай 

білетін адамы табылса, тіл шама қадырынша жарайды» [3:141]. Сөйтіп белгілі бір мағынаны 

беру  үшін    жеке  адам  жұмсаған,  бірақ  бұрын  тілде  жоқ  элемент жүйеден  өз орнын  табады. 

Тіл  мен  сөйлеудің  біріне  бірі  негізделетіні,  бірінің  дамуына  бірінің  әсер  ететіні  осыдан 

көрінеді.  Сонымен  семантикалық  категория  дегеніміз  -  белгілі  бір  категорияны  (ұғымдық) 

беруге  жұмсалатын  лексикалық  және  грамматикалық  құралдардың  жиынтығы.  Қазақ 

тіліндегі  дәстүрлі  және  жұмсалымды  грамматиканың  зерттеу  обьектісі  бір  болғанымен, 

соңғысының  көпжүйелілік  талдауға  негізделетінін,  тек  белгілі  бір  форма  мен  мағынаға 

сүйенбей, семантикалық категорияларды негіз ететіндігін ғалым Б. Шалабай айқын көрсетеді 

[4;  28-31  бб].  Жұмсалымды  грамматика  теориясы  бойынша  белгілі  бір  семантикалық 

категорияны  беруге  жұмсалатын  тілдік  құралдардың  жүйесі  бір  терминмен  (жұмсалымдық 

мағыналық  өріс)  аталады.  Жұмсалымдық  мағыналық  өріс  ұғымдық  категориялардан  (О. 

Есперсен,  И.  И.  Мещанинов)  бастау  алады.  Мұнда  көтерілген  идеялар  В.Г.  Адмони,  Е.И. 

Шендельс,  В.В.  Виноградов,  А.В.  Бондарко  еңбектерінде  жалғасын  тауып,  қазіргі  кезде 

грамматиканың ең өзекті мәселесіне айналып отыр. 

Жұмсалымдық  мағыналық  өріс  (ЖМӨ)  ішкі  мазмұннан  және  соны  құрайтын  тілдік 

бірліктерден  тұрады.  ЖМӨ-нің  ішкі  мазмұнына  белгілі  бір  семантикалық  категориялар 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет