Министерство образования и науки республики казахстан



жүктеу 15.08 Mb.
Pdf просмотр
бет42/90
Дата22.12.2016
өлшемі15.08 Mb.
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   90

Резюме

 

В статье рассматриваютя  эмотивный потенциал прилагательных. 

 

 

 



 

САН ЕСІМ МЕН ЕТІСТІКТЕН ҚҰРАЛҒАН СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

 

 

Итемирова А. С.,



 Аңламасова А.Б. 

Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті 

Алматы қ., Қазақстан 

 

Біз қарастыратын грамматикалық категориялардың бірі –  сөз тіркестерінің синтаксисі. 



Түркі  тілдерін  зерттеушілерердің  ішінде  Н.К.  Дмитриевтің,  Н.А.  Баскаковтың,  әсіресе           

Е.И. Убрятова мен М.Б. Балақаевтың сөз тіркестері жайында жазғандары елеулі еңбек болып 

есептеледі. 

М. Б. Балақаев сөздердің өзара тіркесу зандылығының қалыптасуына тарихи тұрғыдан 

қарау  керек екендігін көрсетеді.  «Современная система словосочетания представляет собою 

результат  длительного  развития  языка.  Она  создается  в  процессе  исторического  развития 

языка  в  связи  с  историей  употребления  слов.  С  обогащением  лексического  состава  и 

усовершенствованием 

синтаксического 

строя 


языка 

расширяется 

и 

возможности 



сочетаемости  слов.  Чем  больше  слова  выступают  в  контакт  с  другими  словами,  тем  ярче 

выражается их социальная функция» – дейді. 

Осы  пікірдің  дұрыстығын  санды  білдіретін  сөздердің  басқа  сөздермен  тіркесу 

қабілетінің артуынан да байқауға болады. 

Сан  есімдер  заттарға  қатысты  болғандықтан,  олар  -  зат  есімдермен  тіркесетін  сөздер. 

Онда  олар  барлық  зат  есімдермен  емес,  санауға  болатын  заттармен  тіркеседі  де,  санауға 

болмайтын абстракты зат есімдермен жапа тармағай тіркесе бермейтіні белгілі. 


 

291 


Сонда да сан есімнің көбінесе тіркесетін сөзді зат есім деп есептейміз. Өйткені сан есім 

мен  зат  есім  тығыз  мағыналық  байланыста  айтылады.  Бірақ,  жоғарыда  айтылғандай,  тіл 

дамуының  нәтижесінде  оның  байланысы  тек  затпен  шектелтіп  қоймай,  етістікпен  де 

тіркесетін болған. 

Сонда  сан  есім  пысықтауыштық  қатынаста  қимыл  процесін  сандық  сапа  тұрғысынан 

пысықтайды. 

Сан  есімдер  мен  етістіктердің  тіркесі  тіл  ғылымында  бұрында  айтылатын  және ондай 

тіркес  V-VII  ғасырдың  ескерткіштері  Орхон-Енисей  жазуларында  және  Махмуд 

Қашқарийдің «Девони Луғоит турк» сөздігінде кездеседі. 

Бірақ  ол  құбылыс  түрік  тілдерін  зерттеушілердің  арнайы  зерттеуінің  объектісі  болған 

емес.  Сондықтан  бұл  мәселе  қазақ  тіл  білімінде  өз  шешуін  таба  алмай  келеді.  Қазақ  тілі 

синтаксисі жөнінде кітаптар жазған Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, С.Жиенбаев сан есімдердің 

мүшелік  қызметін  тиіп-қашып  айтқанымен,  етістікпен  тіркесу  ерекшеліктерін  ауызға 

алмайды. 

Сан есімдермен етістіктердің тіркесуі туралы  алғашқы мағлұматты М. Б. Балақаевтың 

«Основные  типы  словосочетаний  в  казахском языке»  (1957)  деген  кітабынан  алуға  болады. 

Онда  сан  есімдер  етістікті  сөз  тіркестерінің  құрамында  айтылып,  оның  бірқыдыру 

ерекшеліктері сөз болды және олар байланысу формасына қарай екіге бөліп қарастырылады. 

1.

 

Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері. 



2.

 

Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері. 



Мұндай  сөз  тіркестерінде  сан  есім  оның  бағыныңқы  сыңары  ретінде  пысыктауыш,  не 

толыктауыштық қатынаста жұмсалатыны көрсетіледі. 

Сан есімдер етістіктермен меңгеріле байланысқанда, олар заттық мағынаға ие болады. 

Бірақ  қанша  заттық  мағынаға  ие  болғанымен,  олар  өзінің  сандық  мағынасынан  біржола 

ажырап қалмайды. Оларда әрі заттық, әрі сандық ұғым болады. Сан есім субстантивтенгенде, 

ол  әдетте  өзі  тіркесетін  заттың  орнында  жұмсалатын  болады.  Оның  қандай  зат  екені  сан 

есімнің лексикалық мағынасынан белгілі болып тұрады. 

Шылаулар  белгілі  септік  жалғауындағы  сан  есімді  меңгеріп,  біріншіден,  оның 

грамматикалық  мағынасын  толықтыра,  үстемелей  түседі,  екіншіден,  сан  есімді  етістікпен 

мағыналық және тұлғалық байланыстырушылық қызмет атқарады. 

Шылаулар  барлық  септік  жалғаулы  сан  есімдерге  жалғана  бермей,  тек  барыс,  шығыс 

кейде жатыс септіктеріне ғана тіркеседі. Осыған байланысты олар мынадай топқа бөлінеді:  



1.

 

Дейін,  шейін,  тарта,  жуық,  таман  т.б.  шылаулар  барыс  жалғаулы  сан  есімді 

меңгереді. 

2.

 

Кейін, соң, бұрын, әрі, бері, гөрі, соң, аса т. б. шылаулар шығыс жалғаулы сан есімді 

керек етеді. 

Шылаулар  толық  мағыналы  сөздерге  көмекші  қызмет  атқара  отырып,  жалғанған 

сөздеріне мезгілдік, кеңістік, бағыттық, мақсаттық, себептік, т.б. мағыналық реңктер береді. 

Осыған  байланысты  олар  сөйлемде  әрі  толықтауыштық,  әрі  пысықтауыштық  қатынаста 

қолданылады. 

Сан  есімдер  етістікпен  екі  түрлі  тәсіл  арқылы  байланысады:  аналитикалық  және 

синтетикалық. 

Синтетикалық  жолмен  байланысқан  сан  есімді  сөз  тіркестерінде  бірінші  компонент 

екеу  немесе  одан  да  көп  болған  жағдайда  олардың  әрқайсысы  басыңқы  мүшемен  тікелей 

байланысады.  Байланыстың  бұл  түрін    жарыспалы  байланыс  деуге  болады.  Мысалы:  Ал, 

саған  үшті  беске  айырбастағанша  ойын  жоқ,  бар  үйге  (Ғ.  Мұстафин,  «Миллионер»). 

Осында жарыспалы байланысты схемамен берсек былай болады: 

Үшті айырбастау  

беске 


Сонымен, қорыта айтқанда сан есімдер екі түрлі сөз тіркесінің құрамында айтылады. 1. 

Сан есімдердің зат есімдермен тіркесі. Бұл кезде сан есімдер заттың сандық жағын көрсетіп, 

онымен  қабат  тұрып,  анықтап  қабыса  байланысады.  2.Сан  есімдер  етістікпен  тіркеседі.  Бұл 


 

292 


кезде  сан  есімдер  алшақ  (меңгеріле  байланысқанда),  не  қатар  (әрі  қабыса,  әрі  меңгеріле 

байланықанда) келе береді. 

Енді сан есімдердің етістікпен байланысудағы мағыналарын қарастыралық.  

I.  Қабыса  байланысу.  Сан  есімдердің  етістіктермен  қабыса  байланысуы  өте  мол 

ұшырайды.  Бұл  кезде  сан  есім  бағыныңқы,  ал  етістік  басыңқылық  қызмет  атқарады.  Сан 

есімдер етістікпен екі түрлі жолмен қабыса байланысады. 

1)  Сан  есімдер  етістікпен  тікелей  байланысады.  Мысалы:  екі  алды,  үш  кесті.  2)  сан 

есімдер  түрлі  қосарлы  сөздер  арқылы  барып  тіркеседі.  Ондай  сөздер  мыналар:  дүркін, 



мәртебе, қайтара, шамалы, қабат, есе, рет т. б. 

Кез  келген  етістік  барлық  есімдерге  бірдей  басыңқылық  қызмет  атқара  бермейді. 

Мысалы:  кейбір  жан-жануардың  үндеуін  білдіретін  «шулау»,  «мөңіреу»  т.б.  етістіктері  сан 

есімдермен  тіркеспейді.  Еш  уақытта  қазақ  бес  мөңіреді,  он  шулады  деп  айтпайды.  Сол 

сияқты кісінің, заттың сындық құбылыс күйін білдіретін «ұзару», немесе кісінің көңіл күйін 

білдіретін  «ыңқылдау»  етістіктері  де  сан  есімдермен  тіркесе  бермейді.  Қазақша  жалпы  бес 



ұзарды  демейді.  Көбіне  бес  қарыс,  бес  сүйем  ұзарды  деп  қана  айтуы  мүмкін.  Жалпы  бұл 

көрсетілген  етістік  мағыналарына  қарап,  жан-жануардың  үндеуін,  кісінің  заттық,  сындық 

құбылыс  күйін  немесе  кісінің  көңіл  күйін  білдіретін  етістіктер  сан  есімдермен  мүлдем 

тіркеспейді деген сөз шықпайды. Бұл жоғарыда көрсетілген етістік топтарының ішінде күлу, 



жылау, жоқтау  т.б. сан есімдермен еркін тіркесе береді. Мысалы: Он күлді, он жылады, үш 

тоқтады,  т.б.  Бірақ  мұндай  жағдайлар  қазақ  тілінде  некен-саяқ  кездеседі.  Сондыктан  сан 

есімдер кісінің, заттың күйін білдіретін етістіктермен жалпы тіркеспейді деуге болады. 

Сан  есімдер  мен  етістіктердің  тіркесу  қабілетін  айтумен  бірге,  олардың  бір-бірімен 

мағыналық  тобын  да  ашу  керектігі  айқын.  Олар  (сан  есім  мен  етістіктер)  бір-бірімен 

тіркескен кезде қимылдың шегін, бөлшегін, мөлшерін және қимылдың қайталануын білдіруі 

мүмкін. Енді осыларды мысалдармен көрсетелік. 

      Батырлар сол бетімен он төрт қонып, 

Қара Ертіс жағасына барды жетіп. 

    Осы жерде екі - үш күн тынығысып, 

    Қарауылдан қаламақты тұрды күтіп. 

                                                                                  (И. Байзақов) 

Жималы  төсегін  үш  бүктеді  де,  қабырғаға  сүйей  салып,  далаға  шықты.                          

(С.Шәймерденов, Мінез). Біраз жер жүрген соң, сүрлеу екі айырылды. (XVIII-XIX ғасыр қазақ 

ақындарының  шығармалары).  Аздан  соң  аспанға  бір  қарады  да,  өзінің  қауіпсіз  жерге 

орналасқанына  масаттанғандай  бір  жылмың  етіп,  таяу  жатқан  бір  бұтақты  тізесімен  төрт 



бөліп,  оттың  үстіне  тастай  салды.  (Ә.  Әбішев,  Тандамалы  шығармалары).  Қарға  баласына: 

«Адам  баласы  біздің  дұшпанымыз,  сақ  болындар,  екі  шоқып,  бір  қараңдар,  бір  шоқып  екі 

қарағанда аштан өлеміз  бе?»  деген. (Қазақ ертегілері). Екі сүріндік. Екі сүрінудің керегі не?              

(Ғ.Мұстафин,  Миллионер).  Құлқын  сәріден  әкеліп  байланған  биені  күніне  он  сауамын.       



(М.Әуезов, Абай). 

 

 Бұл-дағы кәдімгіше ышқынады, 



Жұлқынып әлдекімге күш қылады. 

      Шашақтан айырылған соң алжыған ба, 



 

  Үш күліп, минутына үш жылады. 

                                                                                          (Х. Ерғалиев, Құрманғазы

 

Молда  өзін  бір  алдайды,  өзгені  екі  алдайды.  (Қазақтың  мақал-мәтелдері).  Абай  үй-

ішінің сүйсініп тындағанын байқап, әнін үш қайырып айтты. (М. Әуезов, Абай). 

Сол  сияқты,  сан  есімдердің  түрлі  қосарлы  сөздер  арқылы  келген  түрлерінің  де  өзара 

айырмашылықтары  барлығы  байқалады.  Бұлар  да  етістікпен  жапа-тармағай  байланыса 

бермей,  тек  табиғи  мағыналық  жақындығы  бар  сан  есімдер  мен  етістіктер  ғана  тіркеседі. 

Мұндай күрделі сан есімдердің бір өзгешелігі  етістік тіркескенде әртүрлі алшақ және қабат 

тұрып  байланысуында.  Әсіресе  «рет»  сөзімен  келген  сан  есімдердің  етістікпен  тіркесуде 



 

293 


аясы кең. Ал басқалары адамның, не басқа заттың қимыл әрекетіне байланысты хабарлауға, 

кейбір  адамның  көңіл  күйіне  байланысты  етістіктермен  ғана  тіркесе  алады.  Жалпы  олар 

әртүрлі мағынада жұмсалады. 

1.

 



Рет,  дүркін,  мәртебе,  қайтара,  қабат,  сөздері  сан  есімдермен  қосарласып  келіп, 

етістікті сөз тіркесі құрамында қимылдың дүркінділігін білдіреді.  Мысалы: - Тақсыр, менің 

өндірмесіме  қойды  ма?  Жеті  рет  жыртып,  жеті  рет  тырмалап,  әбден  есімді  тандырды. 

(Қазақ ертегілері). Мен санап тұрдым, бастық үш рет есінеді. (Ғ.Мүсірепов. Қазақ солдаты). 

Ақырында екінші дүркін сең де жүріп өтті. (С. Голубов. Ұшқыннан жалын). Сайран мұндай 

сөзді басқалардан күніне мың қабат естісе де, елемеуші еді, дәл Олжайдан естігеніне қатты 

қорланып, түтігіп кетті. (Ә. Әбішев, Таңдамалы шығармалары). 

Ал  сан  есімдер  «есе»  сөзімен  қосарланып,  етістікпен  тіркескенде  қимылдық  сандық 

тұрғыдан  даму  дәрежесін  білдіреді.  Мысалы:  Тұрқы  ұзын,  бойы  биік,  қара  көк  екі  есе 

көркейген (М. Әуезов, Абай).  

II. Меңгеріле байланысу. Сан есімдер етістікпен меңгеріле байланысқанда табыс, барыс, 

шығыс, жатыс және көмектес септіктерінің бірін қабылдайды. 

1. Табыс жалғаулы сан есім. Табыс жалғаулы сан есімдер сабақты етістіктермен тығыз 

байланысты. Олар да мағыналарына қарай әрі толықтауыштық, әрі пысықтауыштық ыңғайда 

қолданылады.   

Пысықтауыштық қатынастағы сан есімдерді кісінің қабылдау әрекетін білдіретін (күлу, 

қусыру), түрлі заттардың қимылын білдіретін етістіктер меңгереді. Ол кезде олар қимылдың 

аралық  шамасын  көрсетеді.  Мысалы:  -  Ендеше,  Шығанақ  60-ты  құсырып  тастады                    

(Ғ.Мұстафин.  Шығанақ).  Қанша  айтқанмен  оның  жасы  сексенді  алқымдаған  шал  емес  пе? 

(Н.Баяндин. Ертістің арғы жағы, бергі жағы ) Сағат таңертеңгі жетіні соқты. (С. Голубов, 

Ұшқыннан жалын). Бұрын сағатына сексен –тоқсанды қойып айдайтын жеңіл машина, қазір 

көп жерде жиырма-отызды да айдай алмайды. (С.Мұқанов. Тыңда туған байлық).  

Сан есімдер толықтауыш мағынада қолданылғанда, кісінің қимыл-әрекетін, көңіл-күйін 

т.б.  білдіретін  етістіктерді  меңгеріп  қимылдың  жиынтығын  білдіреді.  Мысалы:  Басшысы 

бастай  білсе,  он  кісі  жүзді  жеңеді.  (Қазақтың  мақал-мәтелдері).  Бірді  күлдіріп,  бірді 



жұлдырып айтады десек те, табатынды таппаппыз да. (М. Әуезов, Абай жолы). 

2.  Барыс  жалғаулы  сан  есім.  Барыс жалғаулы  сан  есімді  және етістік  меңгереді. Бірақ 

есім  меңгеруі  аз  кездеседі.  Барыс  жалғаулы  сан  есімдер  әрі  пысықтауыштық,  әрі 

толықтауыштық  қатынаста  жұмсалады.  Барыс  жалғаулы  сан  есімдерді  адамның  қимыл-

күйін,  жуықтау,  кейбір  психикалық  құбылысты  білдіретін,  айуанаттардың  өсу  қалпын,  сол 

сияқты түрлі заттарға байланысты үміттену, талпыну, аяқтау, тұжырымдауды білдіретін т. б. 

көптеген етістіктер меңгере алады. 

Ол  кезде  олар  қимылдық  бағытын,  мақсатын,  орнын  біреуге  арналуын,  мезгілін, 

жылдамдығын  т.  б.  айқындайды.  Мысалы:  Биыл  Абайдың  жасы  он  үшке  толған  еді.                   

(М.Әуезов. Абай). Нешедесің ол да келіншек? - Отызға шығамын. (Ғ. Мұстафин. Шығанақ). 

Бұл  үшеуі  еншілерін  бір-бірінен  алып,  бөлек  тұрайын  десе,  жалғыз  өгізді  үшке  бөле 

алмайды. (Қазақ ертегілері). 

 

 



   Ханбибі сұлу қыз шаш тарап, 

  Ажарын бір өзінің мыңға балап 

                                      (Батырлар жыры) 

 

Өйткені кегендіктер 1965 жылы қой басын үш жүз мыңға жеткіземіз деген міндеттеме 



алып отыр (С. Шаймерденов. Мінез). Бастауыш кластардағы 136 баладан оқу жылын 54 бала 

тек  «5»  пен  «4»  ке  бітіріпті.  («Қазақстан  мұғалімі»).  Он  айдан  бері  артта  келе  жатқан 

участкені  жүз  елуге  бір  шығардым.  (Ә.  Әбішев.  Таңдамалы  шығармалары).  Екі  оқтан  аман 

сақтаймын, үшіншіге келгенде сыртынан баққан бабаң бар. (Батырлар жыры). 

Сол  сияқты,  жатыс  жалғаулы  сөздер  кейде  барыс  жалғауы  арқылы  да  беріле  беретін 

жағдайлар бар. Мысалы: Жарғақ құлағымыз жастыққа тимей, таңғы сегізде тұрып, тоғызға 

қызметке  кетіп,  содан  кешке  мұзды  аяқ  болып  бір-ақ  оралып  жүргенімді  өзіңіз  көрмедіңіз 


 

294 


бе? (С.Шәймерденов, Мінез). Бұл жерде «тоғызға» барыс жалғаулы сан есімі негізінде жатыс 

жалғауындағы сөздің мағынасын білдіріп тұр.  

3.Жатыс жалғаулы сан есімдер. Жатыс жалғаулы сан есімдер етістіктермен жай және 

тәуелді  күйінде  де  келіп  тіркеседі.  Бұлар  да  мағыналарына  қарай  толықтауыштық  және 

пысықтауыштық қызметте қолданылады. 

Жатыс  жалғаулы  сан  есімдерді  қимыл  әрекетке,  кісінің  көңіл  күйіне,  кездесуге, 

қабылдауға  т.  б.  мағыналарға  байланысты  етістіктер  меңгеріп,  олар  қимылдың  басталу, 

аяқталу  мезгілдерін,  қимылдың  мекенін  т.б.  мағыналарды  білдіреді.  Мысалдар:Түскі  сағат 



екі де Тривандрумға жеттік. (М. Әуезов. Индия очерктері).  

    Не керек қайраты жоқ қолдан келер, 

Қоңсылы күл секілді дөңгеленер. 

 

 Отызда ойнақтаған бозбала әні, 



           Дейтін жұрт күн бар ма екен өлім берер. 

                                                                    (И. Байзақов) 

Тоғызымда толғанмын, ат секілді болғанмен. (Батырлар жыры).  

 4. Шығыс жалғаулы сан есімдер. Шығыс жалғаулы сан есімдерді де сабақты етістіктер 

меңгереді.  Олар  қимылдың  шыққан  орнын,  мөлшерін,  үлес  мөлшерін,  көлемін,  қимылдың 

басталу, аяқталу мерзімін, шегін т.б. қолданылады. 

Шығыс  жалғаулы  сан  есімді  айуанаттарға  байланысты  иемдену,  таныту,  жан-

жануардың  үндеуін  сол  сияқты  топтау,  қабылдау,  бірігу,  даралау,  қарау  т.б.  мағынадағы 

етістіктерді  меңгереді.  Мысалы:  Көкек  еліне,  Тобықтының  он  бес  кісі  жуандары,  түйе 

бастатқан тоғыз-тоғыздан айып тартады. (М. Әуезов. Абай жолы). Үш мыңнан отырғызып 

кемеге екі, теңізбен «тәуекел» деп кетіп қалды. («Рүстем-Дастан»).  

  Мен шолақ атқа мініп жалындадым, 

Орысқа, қазақ түгіл, жалынбадым. 

Мәстекті мен отыздан айдасам да, 

Бір тиын ақша салып жарымадым. 

                                                (XX  ғасыр басындағы қазақ ақындарының шығармалары). 

 

Өйткені  биік  кеуде  тұсында  шоқпарланып  жүз-жүзден  үйілісіп  өсіп  тұрған  көкшіл, 



жылтыр  жаңғақтары  бар.  (М.Әуезов.  Индия  очерктері).  Сағат  тоғыз  болмаса  да,  айтулы 

сегізден асты. (Ә. Әбішев. Таңдамалы шығармалары). - Екі айтқанды ұнатпайтын едім, - деп 

Шығанақ  жымыңдап  қойды.  Осы  шіркін  жүзден  асып  кеткен  сияқты.  (Ғ.Мұстафин. 

Шығанақ).  

5.Көмектес  жалғаулы  сан  есімдер  тек  салт  етістікпен  ғана  тіркесіп  қоймай,  кейде 

сабақты  етістіктермен  де  тіркесе  береді.  Мысалы:  «алысу»  етістігі  тек  салттық  қызмет 

атқарса, «бітіру» етістігі әрі салттық, әрі сабақтық қызметті атқара береді. Сондықтан беспен 

бітірдім, бесті бітірдім болып қолдана береді. Жалпы көмектес жалғауындағы сан есімдер 

басқаларына  қарағанда  аз  кездеседі.  Олар  көбіне  бірлестік,  құралдық  т.б.  мағыналарда 

қолданылады.  Бұларды  біріктіру,  аяқтау  сияқты  кісінің  қимыл  әрекетіне  байланысты 

етістіктер меңгереді. Мысалы: 

 

Жүрегіңнің түбіне терең бойла, 



                                             Мен бір жұмбақпын оны да ойла, 

Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім, 



  Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма  

                                                                          (Абай). 

        «Батыр кұны бір оқтық» бұрынғы айтқан, 

 

  Аянбай алпысымен салысалық 



                                                                     (Батырлар жыры). 

                                Міне жеті жылдығыңыз саңлауы жоқ беспен бітірдім. 

                                                                                              (Ғ. Мұстафин. «Қазақ солдаты»). 

 


 

295 


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 

 

1.  М.  Б.  Балақаев,  Структурные  особенности  словосочетания  в  тюркских  языках,                 



(Казахский  Государственный  Университет  им.  С.  М.  Кирова  к  сороколетию  республики,               

Сб. статей,  Алма-Ата, 1961, 407 стр.) 

2. Н. Сауранбаев, Қазақ тілі Педучилищеге арналған, Алматы, 1944 ж:  

3. С. Аманжолов, Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы, Алматы, 1940 ж. 

4. С. Жиенбаев, Синатаксис мәселелері, Алматы, 1939 ж. 

5. М. Б. Балақаев, Қазақ тілі грамматикасы, 1949, 7-14 беттер. 

6. С. Аманжолов, А.Әбілқаев, И.Ұйықбаев. Қазақ тілі грамматикасы, 2 бөлім, 1962 ж.  

 

Резюме 



 

В этой статье говорится о словосочетаниях, которые состоят из числительного и глагола. 



 

Summary 

   This text is about the construction of phrase of numeral and verb. 

 

 

 



ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ФРАНЦУЗ ТІЛДЕРІНДЕГІ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІНІҢ 

 

МАҒЫНАЛЫҚ СИПАТЫ

 

 

Калбирова Т.Н.

 

Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университет 

Алматы қ., Қазақстан 

                                                                            

Әр тілдің өзіне лайық ұлттық қасиеті тиянақты сөз тіркестерінен, мақал-мәтелдерінен, 

қанатты  сөздерінен  анық  көрінеді.  Мақал-мәтелдер  сияқты  қанатты  сөздерде    халықтың 

өмірі,  тұрмыс  тіршілігі,  ұлттық-мәдени  сипаты,  ой-санасы  т.б.  кеңінен    кіреді.  Себебі,  ең 

бірінші  қанатты сөз болып бір тұлғаның аузынан шығып, айтыла келе, қолданысқа түсіп өз 

авторын жоғалтып мақал-мәтелге айналған. Олардың шығу төркіні, дерек көздері белгілі бір 

жағдаятпен,  тарихи  оқиғамен,  тарихи  тұлғалардың,  саяси  және  шығармашылық  өмірінен, 

халықтың  әдет  –  ғұрпы,  наным  -  сенімі  мен  сабақтас  болып  келеді.  Әр  қанатты  сөзден 

үлттық-мәдени  ақпарат  беретін  дағдылы  қалыптасқан  дүниетаным,  ұлт  ерекшелігі 

аңғарылады.  Себебі  оларда  әр  халықтың  ғасырлар  бойы  өмірден  түйген  өзіндік  ақыл-ойы, 

парасат танымы, өмірлік түрлі қағидалары жатқанын көреміз.  

Қанатты  сөздер  халық  өмірінен,  оның  рухани  мәдениетінен    туындап,  тілде  көрініс 

тапқан  құбылыстар  болғандықтан,  оларды  этнолингвистикалық  тұрғыдан  зерттеудің  мәні 

ерекше.  Өйткені  қанатты  сөздерді  осы  тұрғыдан  зерттеу  олардың  шығу  көзін, 

мағыналарының  даму,  бейнелеу  түрлерімен  қалыптасу  заңдылықтарын  ашуда,  олардың  тіл 

байлығын  дамытудағы  қызметін  анықтауда  теңдесі  жоқ    мәні  бар.  Қазақ  қанатты  сөздері 

түркі  халықтарының  қанатты  сөздермен  үндесіп  келсе,  француз  қанатты  сөздері  роман-

герман  тобына  жататын  тілдердің  қанатты  сөздерімен  үндеседі.  Қанатты  сөдердің  тілдерде 

пайда болуы бірнеше жолдармен жүзеге асқан. 

Әр ұлттың өзінің өмір сүрген дәуіріне қарай, күн-көріс, түрмыс-тіршілігі, сол ұлтқа тән 

әдет-ғұрыптарымен    салт-дәстүрлері,  мәдениеті,  тарихы  бар.  Оның  бәрі  әр  халықтың 

ғасырлар бойы өзімен бірге жасаған тілмен көрінеді. Сондықтан да тілдегі қанатты сөздердің 

этнолигвистикалық  сыр-сипатын  ашу  ұлттық  дүниетанымның  сыры  мен  ерекшеліктерін 

танып білуге септігін тигізеді.  

Қанатты  сөздердің  этнолингвистикалық  сипатын  тек  олардың  қалыптасу  және  шығу 

дерек көздерін, жалпы мағынасын анықтау ғана емес, сонымен бірге олардың құрамындағы 

ұлттық-мәдени  компоненттердің,  қанатты  сөздер  мен  фразеологизмдердің  ара  қатынасын 


 

296 


анықтау  т.б.  мағыналары  мен  мағына  өзгеру  жолдарын  талдау  арқылы  да  айқындауға 

болады.  

Қанатты сөздерді мағынасына қарай әр түрлі жолмен қалыптастыруға болады: алфавит 

бойынша,  шығу  тегіне  қарай,  тақырып  бойынша,  құрамындағы  ұйытқы  сөздің  мағынасына 

қарай т.б.  

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін бірақ айтатын қанатты сөздер аз сөзден жасалғаны 

мен  көп  мағынаны  білдіреді.  Киелі  ойды,  кең  мазмұнды  данышпандық  ақыл  өсиет  түрінде 

салмақты  айтатын,  айтқанда  да  соншама  дәл,  әрі  ащы  мысқыл,  әдемі  әжуасы  аралас  келіп, 

тапшылмай мақұлдататын қанатты сөздерді пайдаланудың да мәні ерекше.  

Қазақ  және  француз  тілдеріндегі  қанатты  сөздердің  этнолингвистикалық  сипатын 

анықтауда  “қазақ” және   “француз” лексемалармен келетін қанатты сөздердің орны өзгеше. 

Осындай  ұлттық-мәдени  компонентерді  пайдаланып  жүргізген  этнолингвистикалық 

зерттеулердің негізгі бағыты – лингвистикалық, этномәдени, этнопсихологиялық әлеуметтік 

мәдени  т.б.  факторлардың  тілдің  дамуына  тигізетін  әсері,  яғни  ұлт  тілі  арқылы  ұлтты  тану, 

оның болмысын, ойлай жүйесінің ерекшелігін анықтау болып табылады.  

Ғалымдардың  белгілі  бір  ұлт туралы  айтылған мақал-мәтелдерге  көптен  назар  аударғанын 



Русский  ни  с  мечем,  ни  с  калачем  не  шутит,  Француз  боек,  да  русский  стоек,  Русский  задора 

ждет т.б. мақал-мәтелдерді қарастырған “Русские в своих пословицах” (1;35).  

Этностың  танымынан  туындаған  қанатты  сөздер  –  мақал-мәтелдер  сияқты  тілдердің 

сөздік  қорында  ғасырлар  бойы  қордаланып  шоғырланған  лексикалық  қазына  болып 

табылады.  Олар  этнос  болмысына  қатысты  бағалы  мағлұматтар  мен  құнды  деректерді 

сөйлетеді.  Ә.Қайдар  ұсынған  “індете  зерттеу”  принципін  қолдана  отырып  қазақ  және 

француз  халықтарын  өзі  туралы  қанатты  сөздерінің  тілде  пайда  болу  уәждері  мен  ауыс 

мағыналарын  қарастырғанда  сол  халықтардың  ұлттық  ділін  түсінуге  болады.    Тіл  арқылы, 

тілдердегі қанатты сөздер арқылы халықтардың ұлттық түсінігімен, ұлттық дүниетанымымен 

таныс  боламыз.  Әр  халықтың  өзі  туралы  айтылған  мақал-мәтелдерінде,  қанатты  сөздерінде 

халық  өмірінің  сипаты,  ұлттық  психологиясы көрініс  табады.  Қазақ  халқы  өзі  туралы:  Түбі 



бір  түркіміз,  ұраны  бір  қазақпыз;  Киіз  туырлықты  қазақпыз;  Ұранымыз  Алаш,  керегеміз 

ағаш;  Атамыз  алаш,  кеергеміз  ағаш,  үш  жүздің  ұрпағымыз  –  деп  кейінгі  ұрпаққа  өз 

тарихымен, тұрмысынан мағлұмат береді. Осы өсиет сөздердің мазмұнына теріңірек үңілсек, 

түбі бір түркі жұрты бір одаққа біріккенде ортақ ұраны Алаш болғанын, түркі әлемінің ата-

жұртында қалыптасқан қазақ халқының ортақ ұранына айналғанын көреміз. Керегеміз ағаш 

дегенді  меңзеп  отырғаны  киіз  үйдің  біздің  заманымыздан  көп  бұрын  болғандығын 

дәлелдейді.  Ал  атамыз  Алаш  –  сөзіне  келсек  ,  Шохан  Уалиханов  зерттеулерінде  Алаш  ескі 

дәуірдегі қазақ тайпаларының жиынтық аты дейді.(2;111) Қазақтың байырғы шежілелерінде 

де Алаш сөзі Қазақ атауының синонимі ретінде қолданылған.  



Алаш алаш болғанда, 

ала тай ат болғанда, 

таңбасыз тай, енсіз қой болғанда,  

Алаша  хан  болғанда  –  дейтін  сөздер  Алаш  жайындағы  аңыздың  меншікті  мүлік 

қалыптаспаған, (малға ен мен таңба салынбаған дәуір)  бейқуат тірлік  болған заманнан келе 

жатқанын  аңғартады.  Алаш  хан  туралы  көптеген  аңыз  ертегілер  оның  ежелгі  көшпелі 

тайпалардың  басын  біріктіріп,  қара  халықты  соңынан  ерткен,  айбарының  асқан  адам 

болғандығын айтады.  

“Қазақ” атауының этимолгиясын анықтауға арналған көптеген ғалымдардың еңбектері 

бар. “Қазақ” деген сөздің өзі жазба деректерде Х ғасырдан бастап кездеседі екен.(3;12) 

Қарға  тамырлы  қазақпыз  – мақалы  қазақ  халқының  наным  сенімі  мен  салт-дәстүрінде 

қарғаны  аққу,  қаз,  қарлығаш  секілді  құстармен  қатар  кие  тұтылған  деген  ой  келеді.  Бұл 

сұраққа  жауап  ретінде  жыл  құстарының  ішінде  ұзақ  қарға  ерте  көктемде  алғаш  келетінін 

айтқан  жөн.  Яғни  қарға  көктем  хабаршысы.  Демек  тәңірге  табынып,  барша  өмір  тіршілігін 

табиғат  құбылыстарымен  үйлестірген  көшпенділер  үшін  қарға  тәңірдің  елшісіне  баланған. 

Туба - кіжілері арасындағы ертегілердің бірінде Көктің ұлы Чахыр – Саянның елшісі ақ қарға 



 

297 


еді  деп  баяндалады.  Ал  башқұрттар  көктемнің  шүйгін  болу  үшін  “қарға  тойын  өткізсе”, 

бұйраттың  мифінде  адамзаттың  жаратушысы  Бұрқан  бақсының  емшісі  қарға  мәңгілік 

өмірдің жауынын жаудырады. Қазақ тілінде бүгінге дейін жақсы көретін перзентін “қарғам” 

дейді, халық әндерінде ‘қарғам-ау” арнайы сөздері бар. Сондай-ақ Біздің қолымызға да қарға 



тышар  –  бізде  байырмыз  деген  мағынадағы,  Қарға  қарғаның  көзін  шұқымас  –  іс-әрекеті, 

лауазымы  бірдей  адамдар  бірін  –  бірі  сатпас  деген  мағынадағы  қанатты  сөздер  көптеп 

кездеседі. Ал қарға тамырлы қазақпыз  - қанатты сөзі түпкі тамырымыз, арғы тегіміз ортақ 

деп халықты бас біріктіруге, жұмыла іске кірісуге шақырады.  



Киіз  туырлықты  қазақпыз  –  қанатты  сөзі  қазақтың  тұрмыс  салтынан  туған.  Қойдың 

жүнінен  қалың  етіп  басылып  киіз  үйдің  керегесіне  тағылған  қалың  киіз  –  туырлық  жазда 

ыстықты, қыста суықты өткізбейді. Баспанасы киіз үй болғандықтан осы қанатты сөз мақал 

болып қалыптасып, туырлықтай шыдамдымыз деген ойды білдірсе керек.  

Жоғарыда  келтірілген  қанатты  сөздер  қазақ  жік-жікке,  ру-руға  бөлініп  тіл  табыса 

алмаған жағдайда ақыл берер, жол көрсетер ел ағаларын ынтымаққа, ел болып ту  көтеруге, 

бір-бірін  қолдап,  қорғап  көтермелеуге  шақырады.  Түбіміз  бір  деп  ой  салады,  ағайын 

ағайынмен араздаспаса деп, шыққан тегін есіне салып, ақыл өсиет айтады. Осындай қанатты 

сөздер бүгінгі күні де өз өзектілігін жоғалтпағаны анық.  

Сол сияқты Қазақ байыса қатын алады, өзбек байыса там салады; Қазақ қырғыз бір 



туған, өзбек сартты кім туған; Қазақ – жүрген жерің азап; Түйе мінген қазақ төрт ауыз 

өлең  біледі;  Абайға  тоқтамаған  қазақ,  құдайға  да  тоқтамас;  Қазақ  жаманы  сарт  болар, 

сарт  жаманы  порт  болар;  Қазақ  жаманы  орыс  болмас;  Қазақтың  айраны  көп,орыстың 

мейрамы көп; Қарқалпақты деңгене құртады, қазақты мен сенен кем бе құртады (деңгене – 

ортақтасып  мал  сойып  жейтін  дәстүр);  Мың  өліп,  мың  тірілген  қазақ;  Қазақтан  көңіл 

сұрасан, көйлегіне жамау сұрайды; Қоссыз қазақ болса , доссыз қазақ болмаған; Қазақтың 

өлгенінің жаманы жоқ, тірісінің өсектен аманы жоқ; Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ 

домбыра т.б толып жатқан қазақ халқының өзі жайлы қалжыңдап, күйініп, мақтанып айтқан 

мақал-мәтелдерінің, қанатты сөздерінің астарында халық пен бірге жасасып келе жатқан мол 

этнолингвистикалық мағлұматтар жатыр.  

Француз  халқының  өзі  туралы  айтылған  қанатты  сөздері  де  оның  шаруашылығына 

салт-дәстүріне, мінез - құлқына, тарихи оқиғаларға т.б. сол сияқты жағдайларға байланысты 

тулайды.  Әр  халықтың  ұлттық  мақтанышы  бар.  Француз  халқы  да  ол  сезімнен  кенде  емес. 

Ұлттық  мақтаныш  сезімі  бұл  халықтың  қанатты  сөздерінде  көптеп  көрініс  табады. 

Француздар өздерін шыншыл, турашыл, сезімтал халықпыз деп мақтанады.  

Француз халқы кейбір деректерге жүгінсек, бақыты оңынан туған делінеді. Өмір сүріп 

отырған  басқа  мемлекеттер  үшін,  француздар  ғажайып,  таңғажайып  әлемде  өмір  сүріп 

жатқан халық, яғни төрт түлігі сай, ерекше өмір сүру өнерімен көзге түседі. Француз халқы 

өте  мәдениетті,  ойы  ұшқыр,  тапқырлығы  жоғары  және  өмір  сүру  деңгейінің  жоғары  екенін 

көрсетеді. Кейбір кезде, нағыз жаратушы Құдай Францияда тұрады деген пайымдауларды да 

кездестіруге  болады.  Әрине  ана  халық  анандай  екен,  ана  халыққа  мынадай  менталитет  тән 

екен деген тұжырымдар жасау үшін, алдымен сол халықтың тарихымен, мәдениетімен жан-

жақты танысу қажет. 

Француз халқының ұлттық ерекшелігін анықтау мақсатында француз тіліндегі қанатты 

сөздерді, мақал-мәтелдерді талдай келе бірнеше ерекшеліктерді көруге болады: 

Елтану  материалдарын  және  тұрақты  тіркестер  мен  қанатты  сөздермен  танысу 

барысында  француздардың  ұлттық  асханасы  сөз  болады.  Мәселен,  «Entre  le  fromage  et  la 

poire, chacun dit sa  chanson a  boire»,   “Celui qui  laboure  le champ  le  mange”,   “Chacun  vin a  sa 

lie”  т.б.  деген  қанатты  сөздерден  француздардың  ұлттық  азық-түлігі  мен  тамақтары  туралы 

ақпараттарды  алуға  болады.  Міне,  осындай  мысалдардан  француздардың  ұлттық-мәдени 

өміріне аспаздық өнердің тән екендігін көруге болады.  

Ю.И.  Рубинскийдің  француздар  туралы  жазған  еңбегінің  бір  тарауы  француздардың 

сәнді киіну үлгісіне арналған. Француздар үшін «Мен қандай түрде боламын?» деген сұрақ 

бірінші  орында  тұрады.  «Le  savoir  s’habiller  est  une  piece  maitresse  du  savoir  vivre  francais», 


 

298 


«Savoir  s’habiller  fait  partie  de  l’art  de  vivre  francais»  және  т.б.  Сырт  адамдардың  сөз  қылып, 

мазаққа ие болмау үшін, француздар сыртқы бейнесін дұрыстап, жөндеп жүруге тырысады. 

Осындай  ұлттық  ерекшеліктерді  «Chacun  en  sa  beaute  se  mire»,    «Chacun  vit  a  sa  mode»  т.б. 

деген қанатты сөздер арасынан көруге болады. 

Сонымен  қай  тілде  болса  да  көкейге  қонымды,  ықшам,  ұтқыр  да  ұтымды,  бейнелі, 

өзіндік  ұлттық  қасиеті  бар  тұрақты  сөз  тіркестері  молынан  кездеседі.  Солардың  ішінде 

құрылымы жағынан да, компоненттерінің байланысу тұрғысынан да әр түрлі болып келетін 

аз сөзбен көп мағынаны білдіре алатын қанатты сөздердің орны ерекше.  

Қай тілде болмасын қанатты сөздер өзіндік қайнар көзі, тарихы, даму жолы бар, сыры 

мол тілдік қазынаға жалпы-халықтық ұлттық рухани байлыққа жатады.  

Олардың  шығу  тарихы,  қалыптасу  кезеңі,  көмескі  тапқан  іздері,  қыры  мен  сыры  тек 

халық өмірімен байланыстыра қарастырғанда ғана айқын айғарылады. Сондықтан да қанатты 

сөздерді  этнолингвистикалық  тұрғысынан  зерделеудің  ғылыми-танымдық  әрі  практикалық 

мәні зор.  

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 



 

1.

 



Снегиров С. Русские в своих пословицах. – Москва, ІІ том, 1751.-35 б. 

2.

 



Уәлиханов Ш. Таңдамалы шығармалары.2 басылым.- Алматы: Жазушы, 1985.-560 б. 

3.

 



Снегиров С. Русские в своих пословицах. – Москва, ІІ том, 1751.-12 б 

 


Каталог: files -> colconf
files -> Литература по физико-математическим наукам
colconf -> Г. Д. Рыскелдиева Жинақта «Жаратылыстану гуманитарлық ғылымдары жəне олардың Қазақстан Республикасының индустриалды нновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі» атты
files -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Хіх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиетінің тарихы
files -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
colconf -> «геология жəне тұРАҚты даму» Ғылыми-теориялық конференциясы еңбектері
colconf -> I ші халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференцияның ЕҢбектері


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   90


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет