Министерство образования и науки республики казахстан



Pdf көрінісі
бет41/90
Дата22.12.2016
өлшемі15,08 Mb.
#127
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   90

Лексика  санада  көрініс  тапқан  заттар  мен  құбылыстардың  ерекшелігін  зерделеп, 

белгілі  бір  тілде  сөйлейтін,  нақты  тілдік  ұжым  танып,  игерген  ғалам  бейнесін 

репрезентациялайды.  Ғалам  бейнесі  жекелеген  құрауыштарын  (заттар  мен  құбылыстарды) 

ғана  емес,  сонымен  қатар  олардың  арасындағы  байланысты  да  түйсінуді  қажет  етеді. 



Синтаксис

 

ғаламның 



бөлшектенетін 

құрауыштарының 

байланыстарын 

тексереді. 



Морфология

 – тілдік білімді объективтендіретін, ғалам туралы білімді құрайтын сала болып 

табылады. 

Онда 


морфологиялық 

категориялар 

мен 

тұлғалардың 



тілде 

қалай 


концептуалданатыны  туралы  білім  қоры  жинақталып,  адамның  концептуалды  жүйесін 

құруда  маңызды  орын  алатын,  ғалам  бейнесін  қалыптастыратын  «уақыт»,  «сан-мөлшер», 

«персоналдылық»,  «модальділік»  т.с.с.  негізгі  концептілердің  тіл  туралы  білімді  құраудағы 

орны  сипатталады.  Тілдік  білім  морфологияның  концептуалды  кеңістігінде  сақталып,  

репрезентацияланады.  Онда  тілдік  мағына,  категориялар  мен  тұлғалар  туралы  білімдер 

сақталып,  ғаламның  тілде  қалай  концептуалданатыны  көрінеді.  Тілдік  емес  бірліктермен 

қатар  болмыс  нысандарының  бірі  ретінде  тіл  де  концептуалданады.  Тілдік  білімнің 

концептуалдану  жолдарының  бірі  –  морфология.  Морфология  деңгейіндегі  концептуалдау 

ерекшелігі  –  ол  білімді  құрылымдай  отырып,  лексикалық  жолмен  берілген  концептуалды 

материал үшін қабат, тор түзіп, белгілі бір деңгейде лексиканың қажетін өтейді.  

Когнитивті  тұрғыдан  алғанда,  морфологияның  негізгі  бірлігі  –  морфологиялық 

категория  болып  табылады,  ол  сөз  тұлғаларында  көрініс  тауып,  парадигмаға  бірігеді. 

Морфологияны  морфема  деңгейіне  қатысты  ғана  емес,  сөздердің  түрлі  топтарын 

репрезентациялайтын  тұтас  морфологиялық  құрылымдар  деңгейінде  қарастыру  қажет. 

Морфологиялық  категориялар  мен  тұлғалар  концептуалды  деңгейде,  негізгі  танымдық 

үдерістер  қатарында  сипатталады.  Морфологияның  ғалам  туралы  білімді  тіркеп,  жіктеуі, 

категорияларға 

бөлуі 

осыған 


байланысты 

болады. 


Морфологияның 

категориялау 

үдерістерімен  байланысы  морфологияның  ғалам  туралы  білімді  қалай  объективтендіріп, 

топтастыратынын да көрсете алады. Морфологиялық бірліктердің когнитивті қызметі ойлау 



 

283 


үдерісімен,  адамның  интеллектуалды  және  ментальді  қызметімен,  ақпаратты  өңдеу,  сақтау, 

жіктеуімен  байланысты  болады.  Морфологияда  концептуалды  жүйенің  маңызды  бөліктері 

категорияланады.  Сол  себепті  морфологиялық  категориялар  мен  тұлғалар  категориалды 

мағынаның  ерекше  деңгейінің  жалпылану,  репрезентациялану  жолы  болып  табылады. 

Концептуалды  жүйенің  категориалды  бөлігі  морфологиялық  жолмен  берілетін  концептілер 

түрінде  көрініс  тауып,  морфологияның  концептуалды  кеңістігін  құрайды,  морфологиялық 

репрезентацияның тілдегі когнитивті негізін түзеді.  

Морфологиялық репрезентация – жіктелген білімдер жүйесіне енетін, тілдік (вербалды) 

репрезентациялардың  бір  түрі.  Ол  конвенционалды  сипатта  болатындықтан,  тілдегі 

концептуалды  мазмұнның  берілу  жолдарының  бірі  болып  табылады.  Морфологиялық 



репрезентация  дегеніміз  –  морфологиялық  категориялар  мен  көрсеткіштердің  көмегімен 

концептуалды  мазмұн  құрылымының  категориалдану  тәсілі.  Ол  тілдік  білімге  негізделеді. 

Морфологиялық  репрезентация  –  өте  күрделі  үдеріс.  Онда  тілдік  және  концептуалды 

деңгейлер  қатысады.  Сөйлеушінің  тілдік  санасында  ақиқат  болмыстағы  нақты  құбылыстар 

туралы  түсінікпен  қатар  тілдің  құрылымындағы  грамматикалық  құбылыстар  туралы  да 

жалпыланған түсініктер болады. Болмыстағы категориялар, олардың өзара байланыстары сөз 

таптары  ретінде  жүйеленген.  Нақты  құбылыстар  тілдік  санада  заттың  атауы,  күйі,  қалпы, 

сапасы  түрінде  көрініс  табады.  Яғни  грамматикалық  ұғымдар  концептосфера  түзіп,  оның 

ерекше деңгейін құрайды.  

Морфологиялық репрезентацияда морфологиялық көрсеткіштер арқылы мағынаның 

негізгі,  басты  бөліктері  кодталады.  Морфологиялық  репрезентация  концептуалды 

мазмұнның 

дерексізденуі, 

жалпылануы, 

саралануына 

негізделіп, 

морфологиялық 

категориялар мен тұлғалар арқылы көрініс табады. Морфологиялық репрезентацияның тілдік 

механизмдері  ретінде  әмбебап  сипаттағы  негізгі  концептілер  негізінде  морфологиялық 

категорияға  бірігетін  морфологиялық  тұлғалар  қолданылады.  Әмбебап  сипаттағы  негізгі 

концептілер  морфологиялық  репрезентацияның  тілдегі  когнитивті  негізін  құрайды. 

Морфологиялық 

категориялар 

арасындағы 

өзгешеліктер 

концептіге 

негіз 

болған 


айырмашылықтарға,  морфологияда  концептуалдаудың  түрлі  деңгейлерінің  қолданылуына 

байланысты болады.  

Әмбебап  сипаттағы  негізгі  концепт  –  мазмұн  және  тұрпат  межесі  бар  тілдің 

грамматикалық  жүйесінің  екі  жақты  бірлігі.  Мазмұн  межесі  сөйленістегі  сөздердің  түрлі 

коммуникативті  қызметімен,  сондай-ақ  тілдік  ойлаудың  түрлі  формаларына  байланысты 

болады,  ал  тұрпат  межесі  –  грамматикалық  көрсеткіштермен  берілуі.  Грамматикалық 

концепт  семиотикалық  түзілім  болып  табылады, оның мазмұны  логикалық,  антропоөзектік, 

коммуникативті және мәдени аспектілерде айқындалады. 

Концептуалды  және  семантикалық  деңгейлердің  өзара  байланысы  нәтижесінде 

концептуалды  жүйеде  тілдік  бірліктер  қолданылады.  Концептуалды  ақпараттың  маңызды 

бөлігі,  тіл  үшін  маңызды  болатын  мағыналар  тілдің  грамматикасында,  әсіресе 

морфологиясында көрініс табады. Бұл табиғи, логикалық сұрыптау негізінде жүзеге асады. 

Алайда  алдымен  барлық  мағыналар  лексика  деңгейінде  көрініс  тауып,  кейін  олардың 

ішіндегі  ең  маңыздылары  ғана  морфология,  грамматика  деңгейіне  өтеді.  Морфология 

концептуалды  жүйенің  ең  негізгі  концептілерін,  яғни  концептуалды  кеңістік  құрайтын 



концептілерді репрезентациялайды, сол себепті олар әмбебап сипатта болады.  

Грамматикалық  концепт  –  ең  жоғарғы  деңгейдегі  жалпылау  нәтижесі  болып 

табылады.  Тілдің  лексикалық  жүйесінде  грамматикалық  топтар,  яғни  сөз  таптары,  лексика-

грамматикалық топтар,  жіктер  түзіледі.  Грамматикада  көрініс  тапқан  категориялар  міндетті 

болатындықтан, морфологияны когнитивті тұрғыдан зерттеуде белгілі бір тіл үшін маңызды 

болатынын,  сөйлеуші  назарынан  тыс  қала  алмайтынын,  адамзат  тәжірибесінің  қай 

бөлшектері  ғаламның  тілдік  бейнесінде  көрініс  тауып,  жіктелгенін  анықтауға  болады. 

Грамматикалық 

концептіде 

ұғымдық, 

когнитивті, 

мәдени, 


коммуникативті 

және 


грамматиканың  тұрпаттық  параметрлері  түйіседі.  Грамматикалық  абстракциялар  адамның 

бейсаналы  сезімінде  жүзеге  асады,  сол  себепті  грамматикалық  мағына  актуалды  санаға  тән 



 

284 


емес,    оны  сипаттау  үшін  арнайы  әдіснамалық  негіз  қажет.  Грамматикалық  ұғымдар 

бейсаналы  сезімде  болатындықтан,  жаңа  сөз,  лексема  тілдің  заңдары  бойынша  түзіледі. 

Грамматикалық  ұғымдар  лексикалық  концептосфераға  үстеледі.  Сол  себепті  қандай  да 

бір  сөз  табына  қатысты  болмайтын  сөз  жоқ

.  Әр  сөз  не  зат  есім,  не  сын  есім,  не  етістік 

ретінде  танылады.  Ендеше,  тілдің  грамматикалық  құрамының  концептосферасы  адамның 

тілдік  санасының  ажырамас  бөлшегі  болып  табылады.  Әр  тілдің  жүйесі  грамматикалық 

ойлаудың  ерекше  түрімен  сәйкес  келеді,  ол  грамматикалық  концептілерге  байланысты 

болады.  

Бүгінде  лексикалық  мағынасы  түсініксіз,  көнерген  сөздерге  этимологиялық  талдау 

жасауда  грамматикалық  концептосфера  тұрғысынан  морфологиялық  концептілер  жүйесі 

арқылы  сөз  мағынасын  айқындауға  болады:  сөздің  қай  тұлғада,  қандай  сөз  табы  ретінде 

қолданылуына  байланысты  морфологиялық  концептілер  де,  лексикалық  бірліктер  сияқты, 

сөз мағынасын айқындауда маңызды қызмет атқарады. Мәселен, бүгінде еңгезердей, дардай, 

мұнтаздай,  жұрдай  т.с.с.  сөздердің  құрамындағы  жеке  тұрғандағы  мағынасы  түсініксіз 

еңгезер,  дар,  мұнтаз,  жұр  сөздерінің  зат  есім  екенін,  -дай/-дей  жұрнағы  жалғану  арқылы 

салыстыру  мәні  туып  тұрғанын  аңғаруға  болады.  Бұл  –  -дай/-дей  жұрнағының 

консервациялау қызметіне байланысты.  

Тіл  мен  сөйлесім  әрекетін  толық  түсіну  үшін  лексикалық  және  грамматикалық 

концептілер    бірлікте  сипатталуы  керек.  Морфологиялық  концептілер  ментальді  түзілім 

ретінде  тіл  құрылымында  грамматикалық  құралдар  арқылы  көрінеді.  Бір  концепт  бірнеше 

морфологиялық  категориямен  репрезентациялануы  мүмкін.  Бұл  тілдегі  когнитивті 

құрылымдардың алуан түрлілігіне байланысты. Мысалы, «уақыт» концепті шақ және сыпат 

сияқты  морфологиялық  категорияларда  репрезентацияланады.  Алайда  «уақыт»  концептінің 

тілдің түрлі деңгейлерінде түрліше беріледі.  

Морфологиялық  категориялар  концептуалды  жүйенің  негізгі  концептілерін  ғана 

репрезентациялайды.  Сол  себепті  уақыт,  сан,  сапа  т.с.с.  белгілер  міндетті  түрде 

морфологиялық  тұрғыдан  репрезентацияланады.  Яғни  тілдік  жүйе  үшін  маңызды 

болатын,  ғаламның  концептуалды  бейнесін  репрезентациялайтын  концептілер 

морфологияда  көрініс  табады.  Сондықтан  негізгі  сипаттамалар  морфологиялық  тұлғалар 

арқылы,  басқа  қосымша  құралдардың  көмегінсіз-ақ  көрініс  табады.  Ал  негізгі  емес 

сипаттамалар  тілдік  репрезентацияның  басқа  деңгейлерін  де  қажет  етеді.  Морфологиялық 

категориялар  мен  әмбебап  сипаттағы  негізгі  концептілер  арасындағы  қатынастар 

грамматикалық  мағына  мен  тұлғалардың  алуан  түрлі  болуына,  сондай-ақ  категориалды 

мағыналар үстеліп, күрделі грамматикалық тұлғалардың қалыптасуына ықпал етеді.  

Тіл  жүйесіне  бағытталып,  ғалам  туралы  білімдердің  тілде  көріну  тәсілдерін 

бейнелейтін  грамматикалық  концептілер  лексикалық  жолмен  берілетін  концептілерге 

қарағанда,  біршама  тұрақты  болып  келеді.  Сол  себепті  грамматикалық  концептілер 

жалпыұлттық  деңгейде  стандарттауға  бейім  болады.  Грамматикалық  концептілердің 

тұрақтылығы  олардың  ғаламның  концептуалды  бейнесінің  категориалды  бөлігімен 

байланысты  болуымен  де  сипатталады.  Морфологиялық  категориялардың  бұл  ерекшелігін 

Қ.Жұбанов  та  атап  көрсетеді:  «Тіл  өзгереді,  бірақ  барлық  саласы  бір  қалыпта  өзгермейді. 

Грамматика  құрылысы  өте  шабан  өзгереді.  Тоқтамай  калейдоскоп  сияқты  өзгерсе, 

грамматика  да  болмас  еді.  Демек,  грамматикада  дегеніміз  –  тілдің  бір  қалпының  белгілі 

уақыт ішінде тұрақтауы, орнығуы. Осы арқылы ол дыбыс құрылысының өзгеруіне де кедергі 

болады.  Сондықтан  сөздер  ұзақ  замандар  бойы  дыбыс  құрылысы  жағынан  бір-бірінен 

алыстап кетпейді.  Бұдан олардың ұластығы байқалады» [4, 258 б.]. 

Лексика  мен  грамматикалық  жүйе  өзара  байланысты.  Грамматика  тілдегі  құбылысты 

бейнелейді,  ал  лексикаға  атауыштық,  бейнелеуіштік  қызмет  тән.  Бала  бастапқыда  нақты 

болмыс  категориялармен  таныса  отырып,  тілдік  категориямен  танысады.  Грамматика 

болмыспен  тікелей  байланысты  болмайды,  сан,  шақ  грамматиканың  категориялары  нақты 

категориялармен сәйкес келмейді, грамматика тілдің  ішкі  құрылымына қатысты болады, ол 

реляциялық  сипатта.  Морфологияда  морфологиялық  категориялар  мен  тұлғаларда  көрініс 



 

285 


алған  концептуалдау  тәсілдері  мен  жолдары  айқындалады.  Морфологиялық  концептуалдау 

жолдары мен тәсілдері тілдің онтологиясына байланысты болады. Себебі морфология тілдік 

репрезентация заңдылықтарының концептуалдану құралы болып табылады, ол синтаксиспен 

бірлікте  тілдің  ішкі  мәні  мен  қолданыс  ерекшеліктерін  айқындайды.  Яғни  морфологиялық 

тұлға синтаксистік құрылымның элементі ретінде мағына түзуге қатысады.  

Грамматикалық  концептілердің  мазмұны  өте  жалпы  (абстрактілі)  болады.  Тілде 

морфологиялық  тұлғалар  арқылы  берілетін  грамматикалық  мағыналар  дерексіз  сипатта 

болады.  Грамматикалық  концепт  дегеніміз  –  қауымдастық  санасында  қалыптасқан, 

морфологиялық 

құралдар 

арқылы 

берілетін 



қарапайым 

түсінік, 

ментальді 

мән. 


Грамматикалық  концептілер  –  мазмұн  және  тұрпат  межесі  бар  грамматикалық  жүйе  бірлігі 

болып  табылады.  Мазмұн  межесі  ойлаудың  түрлі  формаларына,  концептуалдауға,    сондай-ақ 

сөйленістегі  сөздердің  түрлі  коммуникативті  қызметіне  байланысты  болады,  ал  тұрпат  межесі 

грамматикалық  категориялар,  көрсеткіштер  арқылы  көрініс  табады.  Морфологиялық 

категориялар мен көрсеткіштер концептуалды мазмұнның құрылымдалу тәсілі болып табылады. 

Морфологиялық  репрезентация  концепт  қалыптастыратын  тұрақты  элементтерді,  маңызды 

бөлшектерді айқындауға мүмкіндік береді. Грамматикалық  концептілер концептуалды мазмұн 

мен  репрезентацияланатын  тұлғалардың  бірлігінен  құралады.  Грамматикалық    концептілер 

жеке,  дербес  қолданылмайды,  ол  дайындықсыз  сезімде  орналасқан,  санада  ғана 

жалпыланады. 

Грамматикалық 

концептілер 

тілдің 

грамматикалық 



құрылымында 

объективтеніп, осы тілдегі шығармаларда көрінеді.  

Қазақ  тіл  білімінде  грамматикалық  концептілер  арнайы  зерттеу  нысаны  бола  қойған 

жоқ. Алайда қазақ тіл білімінің қалыптасып, дамуына үлес қосқан ғалымдардың еңбектерін 

саралай 

келіп, 


когнитивті 

грамматиканың 

алғашқы 

нышандары 

Ы.Алтынсарин, 

А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Қ.Кемеңгерұлы т.с.с. зерттеуші-ғалымдардың еңбектерінде сөз 

болғанын байқаймыз. А.Байтұрсынұлы еңбектерінде тіл мен сана, тілдік сана, тіл мен таным, 

ұғым,  концептуалдау  және  категориялау,  сөздің  лексикалық  және  грамматикалық 

мағыналары,  грамматикалық  мағынаның  сипаты  т.с.с.  мәселелер  жан-жақты  сөз  болған. 

А.Байтұрсынұлы  лексикалық  бірліктердің  белгілері  мен  өзара  байланысын  ескере  отырып, 

сөз  таптарын  белгілі  бір  грамматикалық  топқа  жатқызған.  Ғалым  еңбектерінде  «зат  есім» 

метаконцепті  «нәрсе»  концепті  тұрғысынан  айқындалған.  Зат  есімге  берген  анықтамасында 

ғалым былай дейді: «Сөздердің кейбіреуі нәрсенің өзін атайды» [5, 160 б.]. А.Байтұрсынұлы 

зат  есім  мен  сын  есімнің  айырмашылығы  ретінде  зат  есім  нәрсені  атаса,  сын  есім  нәрсенің 

сынын  білдіретінін  айтады.  Ғалым  зат  есім  мен  сын  есімді  жіктеуде  жалпы  грамматика, 

түсінік, ұғым сияқты логикалық категориялар қағидаттарын негізге алған. Бұл ғалымның сан 

есім,  есімдік,  етістіктерге  берілген  анықтамаларында  да  айқын  көрініс  тапқан.  Еңбектерін 

шәкірт  балаларға  арнағандықтан,  ғалым  тіл  білімінің  негізгі  ұғымдарын  түсінікті  тілмен 

жеткізуге  тырысқан.  «Тіл  –  құралы»  (қазақ  тілінің  сарфы)  деген  жалпы  атауы  болғанмен, 

оларды  тарауларға  жіктеуде  фонетика  дыбыс  жүйесі  мен  түрлері  –  морфология  сөз 

жүйесімен  түрлері  –  синтаксис  сөйлем  жүйесі  мен  түрлері  деп  берілген.  Яғни,  тұтастай 

алғанда,  тіл  –  жүйе  ретінде  сипатталып,  әрқайсысының  өзіндік  ерекшелігі  айқындалған. 

Ғалым оқулық түзуде әдістер ретінде жекеден жалпыға қарай ойыса отырып, оқушылардың 

материалды оңай меңгеруін ескерген. Ғалымның ұстанымдарын кейінгі оқулық авторлары да 

(Қ.Жұбанов,  Т.Шонанов,  Қ.Кемеңгерұлы  т.с.с.)  басшылыққа  алып,  сөз  таптарын  ажыратуда 

меже етеді.   

Сонымен,  концептуалды  жүйенің  морфология  деңгейіндегі  категориалды  бөлігі 

әмбебап  сипаттағы  негізгі  концептілер  арқылы  көрініс  табады.  Әмбебап  сипаттағы  негізгі 

концептілер,  бір  жағынан  морфологиялық  категориялар  мен  тұлғалар  арқылы  берілетін 

білімдер  бірлігі  («уақыт»,  «сан-мөлшер»)  болса,  екінші  жағынан,  морфологиялық 

категорияларға негіз болатын, нақты грамматикалық мағыналар (грамматикалық шақ, көптік, 

рай, шырай) берілетін концептілер болып табылады. Осыған орай  әмбебап сипаттағы негізгі 

концептілер  тілдегі  ғалам  туралы  білімнің  морфология  деңгейіндегі  бірлігі  болып 

табылады,  яғни  тілде  энциклопедиялық  білімнің  берілу  жолы,  тілдік  білімнің  бірлігі  болып 



 

286 


табылады. Ендеше, морфологиялық категорияларды ғаламның концептуалдануы тұрғысынан 

қарастырудың  мәні  зор.  Бұл  морфологиялық  категориялардың  ерекшелігі  мен  қолданысын 

сипаттап,  оған  негіз  болған  концептуалды  құрылымдарды  анықтауға,  сол  арқылы 

морфологиялық  жолмен  берілген,  яғни  морфологияның  концептуалды  кеңістігі  арқылы 

көрініс тапқан тілдің бүкіл концептуалды жүйесін сипаттауға мүмкіндік береді.  

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 



 

1

 



Сыздықова Р. Сөзді орнымен қолдана білсек // Сөз өнері. – Алматы: Ғылым, 1978. – 184 б. 

2

 



Уәли  Н.  Қазақ  сөз  мәдениетінің  теориялық  негіздері:  филол.  ғыл.  докт...  дис.: 

10.02.02. – Алматы, 2007. – 329 б.  

3

 

Исаев  С.,  Назарғалиева  К.,  Дәулетбекова  Ж.  Қазақ  тілі.  Жалпы  білім  беретін 



мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2002. – 208 б. 

4

 



Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы:  Ғылым, 1999.– 581 б. 

5

 



Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 448 б. 

 

Резюме 



 

В  концептуальной  системе  языковые  единицы  используются  в  результате 

взаимодействия концептуальных и сематических уровней. 

 

Summary 

In conceptual system language units are used as a result interaction conceptual and samatical 

levels. 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



СЫН ЕСІМДЕРДІҢ ЭМОТИВТІ  МҮМКІНДІКТЕРІ

 

 

Иманалиева Ғ.Қ.

 

әл-Фараби   атындағы Қазақ ұлттық университеті 

Алматы қ., Қазақстан 

  

Сын  есімдер  –  заттың,  құбылыстың  түрлі  сапасын,  белгісін,  түсін,  көлемін,  затқа, 

құбылысқа іс-әрекетке қатысын білдіретін сөз табы.  Қазақ тіліндегі туынды сын есімдердің 

бір  тобы  лы,-лі,-ды,  -ді,  -ты,  -ті  жұрнақтарының  жалғануы  арқылы  жасалады.  Аталған 

жұрнақтар арқылы жасалған сын есімдер өздерінің білдіретін мағыналары жағынан біркелкі 

емес. Қазақ тіліндегі сөз таптарына, сөзжасамға қатысты жазылған еңбектерде олардың түрлі 

мағына  ортақтығына  қарай  топтастырылған  түрлері  көрсетіледі.    Бұндай  туынды  сын 

есімдердің  ортақ  ерекшелігі  негізінен  нақты  зат  атауларына  жиірек  жалғанатындығында. 

Аталған  жұрнақтар  қазақ  тіліндегі  абстракт  лексемалардың  бір  тобы  ашу,  ыза,  сор,  мұң, 

көңіл,  кекесін,  қорқыныш,  реніш,  жиіркеніш,  жиреніш  сияқты  эмотив-номинативтерге 

жалғанып,  туынды  сын  есім  жасайды.  Бұл  қатарда  ашулы,  ызалы,  сорлы,  мұңлы,  мұңды, 



көңілді,  кекесінді,  қорқынышты,  ренішті,  жиіркенішті,  жиренішті  т.б.  сөздерді  атауға 

болады. Бұл туынды сын есімдердің жұмсалу мақсаты, атқаратын қызметтері әр алуан.   

Адамның көңіл күйін сипаттау қызметінде. Мысалы,  

Көкбай болса ашулы (С. Мұратбеков). 


 

287 


Эмоцияның сипатын білдіру қызметінде. Мысалы, 

Егер  аузын  ашар  болса  ызалы  айқай  мен  боқтық  сөздер  ғана  шығатын  сияқты            

(С. Мұратбеков). 

Мені  сол  сәт  мұңды  бір  ойлар  билеп  алды.  Не  ішіп,  не  қойғаным  есімде  жоқ                       

(Ж. Түменбаев). 

 Адам  эмоциясының  бет  әлпетіндегі,  кескініндегі  сипатын  көрсету  қызметінде. 

Мысалы, 

Сәмбет мұны ренішті кескінмен қарсы алды (С. Мұратбеков).  

Түтіге  тершіген  бет-аузы,  тарбия  делдиген  танауы,  шешек  шалған  қарашұбар  өңі 

соншалықты жиренішті еді (М. Мағауин). 

Бақыт  пен  Қарашаш  суланған  маңдай  шаштары  беттеріне  жабысып,  флягтарды 

қораның аузына апарып тізіп қойып жүр. Жүздері көңілді    (С. Мұратбеков). 

Сөз  қуаттылығы оның  өз  бойындағы  мән  мен мағынасына  ғана  емес,  қолданысына  да 

байланысты. Сөздердің бір қолданысы құбылысты, болған оқиғаны атап қана қойса, енді бір 

қолданысы    ақпараттық  қызметпен  бірге  сол  құбылысқа  қатысты  эмоцияны  да  айқын 

жеткізеді,  оқып  отырған  немесе  тыңдап  отырған    адамның  көңіл  күйіне  де  әсер  етеді. 

Мысалы,  



Бердібектің жиренішті құшағынан әрең құтылды  (М. Мағауин). 

Сөйлемдегі жиренішті сөзінің қолданысындағы ерекшелік сол сәттегі екінші адамның 

(құшақтан әрең құтылған) эмоциясынан да, автордың жағымсыз бағасынан да хабар беріп 

тұр. Әдетте жағымды эмоциядан хабар беретін ыстық, отты, жалынды, сағынышты 

сияқты сын есімдерімен тіркесетін құшақ сөзінің жиренішті сөзімен тіркесуі де сөйлемнің 

эмоционалдылығын күшейтіп тұр.   

Зерттеушілердің пікірінше -лы және -лық жұрнақтары бірінің орнына бірі қолданылады, 

яғни семантикалық жақтан өзара сәйкестікте жұмсалады [1, 343].  Бұл пікірдің дәлдігіне  мұң 

эмотив-номинативінен  жасалған  туынды  сын есімдердің  қолданысын  талдау  арқылы  да  көз 

жеткізуге  болады.  Тілімізде  мұңды  және  мұңлы  түрінде  кездесетін  туынды  сын  есімдердің 



мұңдық  және  мұңлық  тұлғалары  да  бар.  «...яғни  сын  атауы  жұрнағы  қызметін  -ды/-лы  да,  -

дық/-лық  та  атқара  алады»  [1,  343].  Бұл  екі  жұрнақтың  бірінің  орнына  бірі 

қолданылатындығына көркем шығармалардан алынған тілдік деректер де дәлел бола алады. 

Мысалы, 


 «Оң жақта күйеу мұңдық, байлаулы бұзау мұңдық» – жеңгесінің қолында Қартқожа 

мұңдық.  ...Жеңгесін  «қатыным»  деп  айтуға  батылы  бармайды,  көпке  дейін  «жеңгей»  деп 

жүреді.  Қартқожа  үйде  отырғысы  келмейді.  Жоқты  сылтауратып  ел  кезіп  кетеді  (Ж. 

Аймауытов). 

Бұл  микромәтіндегі  мұңдық  сөзі  сорлы,  шерлі,  қайғылы,  мұңды  мағыналарын  беріп, 

ағасынан  қалған  балалардың,  кәрі  шешесінің  қамын  ойлап,  қайтыс  болған  туған  ағасының 

әйелін  амалсыз  алған  Қартқожаның  ішкі  жан  дүниесіндегі  күйзелісті  суреттеу  үшін 

қолданылған. 

Туынды  сын  есім  жасаушы  -сыз,  -сіз  жұрнақтары  арқылы  туған  сөздердің  бірқатары 

эмоциялық  процестің  сипатын,  қалай  жасалғандығын  білдіру  үшін  де  қолданылады. 

Мысалы, Бақыт дамылсыз күле берді (С. Мұратбеков).  

Туынды сын есім жасаушы -дақ, -дек, -тақ, -тек жұрнақтары есім, етістік негіздермен 

қатар еліктеуіш сөздерге жалғанып жаңа сын атауын білдіре алады. Бұл жұрнақтар еліктеуіш 

сөздерге -ыл, -іл жұрнақтарына кейін де, тікелей де жалғанады.  

– Ә! Бәсе! Әйтпесе, о шіркін сүйінші сұрап өзі жетіп келер еді, ендігі, – деп Кәмен мәз 

боп  күлді.  –  Ол  шіркіннің  мінезі  сондай,  аңқылдақ  (С.  Мұратбеков).  Бұл  сөйлемде  айтушы 

мінезінің  аңқылдақтығын  айту  арқылы  күйеу  баласына  риза  екендігін  білдіріп,  әрі  үйге 

келген адамға оны мақтап та, өзі ол үшін мақтанып та тұр. Мұндағы аңқылдақ туынды сын 

есімінің  морфологиялық  құрылымын  мүшелейтін  болсақ  аңқ  (еліктеуіш)  +  -ыл  (зат  есім 

тудырушы  жұрнақ)  +  -дақ  (сын  есім  тудырушы  жұрнақ)  болып  шығады.  Б.  Жонкешов 

зерттеу жұмысында еліктеуіштерді әдеттегі дыбыстық және бейнелеуіш деп бөлуден өзгеше 



 

288 


топтастыруды  ұсынады.  Зерттеушінің  пікірінше  еліктеуіш  сөздер  адамның  сырттағы 

ақпаратты  қабылдауында  барлық  қабылдау  мүшелерінің  (психологиялық  түрде  түйсік) 

қатысуы  арқылы  жасалады,  сондықтан  оларды  топтастыруда  да  адамның  қабылдау 

мүшелерінің  барлығы ескерілуі  керек.  Ал дыбыстық және бейнелеуіш  деп бөлген кезде  көз 

бен  құлақ  қана  қамтылып,  иіс  сезу  мүшесі  арқылы    қабылданған  мүңк,  аңқ  сияқты,  дене 

сезімі  арқылы  қабылданған  дір,  шым  сөздері  еліктеуіштің  шеңберінен  шығып  қалады, 

сондықтан  еліктеуіш  сөздердің  қалыптасуында  эмоцияның  әсері  жоғары  болғандықтан 

оларды  төрт  топқа  бөлуді  ұсынады.  Олар:  1)  дыбыс  еліктеуіш  (топ,  ыр  т.б.);  2)  бейне 

еліктеуіш  (жыбыр,  жалт  т.б.);  3)  иіс  бейнелеуіш  (мүңк,  аңқ  т.б.);  4)  дене  бейнелеуіш  (дір, 

шым  т.б.)  [2,  53].  Б.  Жонкешовтың  пікірін  негізге  алатын  болсақ,  жоғарыда  талданған 

аңқылдақ туынды сын есімінің түбірі иіс бейнелеуіш сөз болып шығады. 

Сын  есім  тудырушы  өнімді  жұрнақтардың  бір  тобы  –  -ақ,  -ек,  -ық,  -ік,  -қ,  -к.  Бұл 

жұрнақтар эмоциялық құбылыстың атын, эмоция әсерінен жасалатын түрлі іс-әркеттің атын 

(қимыл есім) білдіруші жылау, тырнау, қорқу, есіру сияқты тілдік бірліктерге қосылып сын 

атауын  жасайды.  Бұл  қатарға  жылау-ық,  тырнау-ық,  қорқ-ақ,  есір-ік  сөздерін  жатқызуға 

болады.  Аталған  жұрнақтар  -ғақ,  -гек,  -қақ,    -кек  жұрнақтарымен  генетикалық  байланыста 

қарастырылады.    Эмоциялық  құбылыстың  атын  немесе  эмоция  әсерінен  жасалатын  іс-

әркеттің  атын  білдіруші  етістіктерге  қосылған  бұл  жұрнақтардан  жасалған  туынды  сын 

есімдердің ортақ сипаты – сол эмоцияға немесе сол әрекетке бейімділік сапасы. Яғни, қорқақ 

қорқуға  бейім  тұратын  адамның  сипатын,  тырнауық  тырнауға  бейім  тұратын  адамның 

сипатын, жылауық  жылауға  бейім  тұратын  адамның  сипатын,  есірік  есіруге  бейім  тұратын 

адамның сипатын білдіріп тұр. Мысалы,   



Қосым  төбелескенде  ылғи  баж  етіп  кеп  бетті  тырнайтын,  сондықтан  оны 

тырнауық дейтінбіз, өзінен көп балалар қорқатын (С. Мұртабеков).

 

Кәдімгі ұрысқақ Мәлике (С. Мұратбеков). 



Осы  кеткеніміз  кеткен  ғой:  біріміз  боқтампаз,  біріміз  арызқой,  біріміз  қорқақ...                

(С. Мұратбеков).  

Аталған  жұрнақтар  туынды  сын  атауын  тек  етістікке  жалғанып  қана  жасай  алады. 

Яғни,  мұндай  сын  есімдер  субъектінің  белгілі  бір  әрекетке  бейімділігін  білдіреді.  Осы 

сипаттағы мағына тудырушы жұрнақтардың қатарына -сақ, -сек, -шақ, -шек қосымшаларын 

да  қосуға  болады.  Бұл  жұрнақтар  да  эмоциялық  құбылыстың  атын  немесе  эмоция  әсерінен 

жасалатын іс-әркеттің атын білдіруші етістіктерге  жалғанады, мақтану – мақтаншақ, ұялу – 



ұялшақ, қызғану – қызғаншақ, ашулану – ашуланшақ, ұрыну – ұрыншақ т.б. Мысалы.  

Қатты айта алмайды, айтуға бата алмайды. Беті ашылған сақа қатын мен нәресте 

жанды, ұялшақ Қартқожа қалай ұрысар?(Ж. Аймауытов). 

– Мақтаншақ! Үлкен болғаныңа мақтанасың ғой, брр... – деп мазақтап сыртқа қаша 

жөнелетін (С. Мұратбеков). 

Сын  есімдердің  эмоция  білдірушілік  қызметін  сөз  еткенде  қатты,  жаман,  шексіз, 



ауыр,  көп  сын  есімдерінің  қызметіне  тоқтала  кеткен  орынды.  Қатты  сын  есімі  үстеу 

мағынасында жұмсалғанда өз бойына өте, аса сияқты сөздердің мағыналарын үстей отырып 

эмоцияның күштілігін білдіреді. Мысалы,  

Қалаға алғаш барған жылы ол ауылды қатты сағынатын; сәл сылтау табылса бір-

екі күнге болса да шауып жетіп келетін де тұратын   (С. Мұртабеков).  

Жүрегі  дүрс-дүрс  соғып,  елдің  бәрі  өзіне  қарап  тұрғандай  қатты  қуыстанды                           

(С. Мұратбеков).  

«Шіркін-ай, –  деп мен оған іштей қатты риза болдым, – шіркін-ай, күнінде болған-ақ 

азаматсың-ау» (Ж. Түменбаев).  

Әбілда періуатшіктің стражнікті жеңіп кеткеніне Қартқожа қатты сүйсінген (Ж. 

Аймауытов)

Негізгі  мағынасы  ұшы-қиыры  жоқ,  кең-байтақ  сөздерінің  синонимі  болып  табылатын 



шексіз сын есімі де эмоцияның күштілігін білдіреді. Жігіттердің осында қалғанына, қардың 

 

289 


жауғанына  шексіз  қуанышты  (С.  Мұратбеков).  Бұл  қолданыстағы  шексіз  сын  есімі 

өлшеусіз, өте көп, асыра мағыналарын білдіріп тұр. 

Эмоцияның күштілігін білдіру үшін сапасы төмен, құнсыз мағыналарын беретін жаман 

сын есімі де  жұмсалады. Мысалы,  



– Мен сені күтпей кетіп қалар ма екен деп жаман қорықтым, – деді Бақыт алқынған 

демін баса алмай (С. Мұратбеков). 

Қорыққанымнан  столдың  астына  басымды  тығып  алдым.  Жаман  зәрем  ұшты                    

(С. Мұратбеков). 

Соны айтқанда, жаңа апасы: 

– Келе ғой, – деп алақанын жайып еді, Сара онан жаман үрейленіп, Ақбілекке тығыла 

түсті (Ж. Аймауытов). 

Бұл келтірілген мысалдардағы жаман сын есімі өте мағынасын білдіріп тұр. 

Салмақтық  өлшемді  білдіретін  ауыр  сын  есімі  де  эмоцияның  күштілігін  білдіру 

қызметін  атқарады.  Ауыр  сын  есімі  эмоцияның  күштілігін  көбінесе  күрсіну,  дем  алу  тілдік 

бірліктерімен тіркесіп келіп білдіреді. Мысалы, 

Теріс  айналып,  жаулығының  шетімен  көзін  сүртіп  жатқан  кемпіріне  қарады  да 

Жұмағұл ауыр күрсінді (М. Мағауин). Бұл қолданыс ауыр сын есімінің қиыншылығы, азабы 

мол, мехнаты көп, қайғылы, мұңды, қатал, төзуге болмайтын сияқты мағыналарды беру үшін 

ауыспалы қызмет атқаратындығына да байланысты. Мысалы, ауыр қайғы, ауыр хабар,  ауыр 

іс, ауыр ой, ауыр жаза  т.б. 

Қазақ  тіліндегі  мол,  қыруар  мағынасын  беретін  көп  сын  есімі  сөйлемде  эмотивтермен 

қатар қолданылып, эмоцияның ұзаққа созылғандығын білдіреді.   

Ақбілек бұл қайғысын тірі жанға сездірмей көп жүрді, көп күтті, көп дәмеленді (Ж. 

Аймауытов). 

Сөйлемде  қайталау  амылының  қолданылуы  арқылы  бірнеше  коммуникативтік  мақсат 

жүзеге  асырылып  тұр.  Көп  сөзін  бірнеше  рет  қайталау  арқылы  айтушы  тыңдаушының 

назарын  Ақбілектің  ішкі  жан-дүниесіндегі  құбылысқа  аудартып  отыр,    сөйлемге  ырғақ 

беріліп,  ерекше  экспрессивтілік  туып  отыр.  Мұндай  сөйлемдер  ерекше  интонациямен 

айтылатындықтан,  көп  сөзіне  екпін  түсіріліп,  Ақбілектің  қайғысын  сездірмей  көп  жүргені, 



көп күткені, көп дәмеленгені құлаққа ажырап, анық естіледі.  

Қатты, ауыр, жаман, шексіз, көп сын есімдері эмоцияның күштілігін білдірсе, сәл сын 

есімі  азғана,  сәл,  болмашы  мағыналарында  қолданылып,  эмоцияның  әлсіздігін  білдіреді. 

Мысалы, 

Мені сәл таңдандырған – отын бұтап жүрген адам болды. Әдетте мұндай шаруаны 

ең  жақын  туыс-туғаның  атқаруы  тиіс,  ал  біздің  үйдің  отынын  Тоқтар  жарып  жүр                     

(С. Мұратбеков). 

Кез  келген  нәрсенің  ішіндегі  заттың  кемеріне  келіп  тұрғанын,  лықылдап  тұрғанын 

білдіретін  толы  сын  есімі  де  эмоцияға,  оның  деңгейіне  қатысты  қолданылады.  Мысалы, 

Өмірдің өшуінің өзінде мұңға толы, мәңгі жасар поэзия бар ғой (М. Мағауин).  

Сөз таптары арасында бір-біріне алмасу  үрдісі болып тұрады. Сондай  үрдістердің бірі 

сындық  белгіні  білдіретін  эмосемалы  сын  есімдердің  заттық  ұғымда  қолданылуы.  «Сын 

есімнің  көптеліп,  септеліп,  тәуелденіп  келіп,  зат  есімге  ауысып,  заттанып  қолданылуы  – 

субстантивтену  процесі  деп  аталады»  [1,  467].    Сын  есімнің  негізгі  қызметі  заттың  сынын, 

сипатын, сапасын, белгісін білдіру болғандықтан, ол жеке қолданылмай, әдетте өзі анықтап 

тұратын  зат  есіммен  тіркесе  жұмсалады.  Ал  сын  есімдер  субстантивтенген  кезде    зат  есім 

түсіріледі де, сын есім сол түсірілген зат есімнің қызметін де қоса атқарады. Мысалы,  



Жұмыс  аяғы  тақаған  сайын  жұрт  сағатына  қарағыштай  береді.  Батылдары  бес 

минут,  именшектері  тым  құрыса  екі-үш  минут  ерте  кетуге  тырысады.  Тұлымхан 

батылдардың  да,

  именшектердің  де  тобына  жатпайды.  Ол  дәлдікті  сүйетін.  Алты  да 

нөл-нөл  (М.  Мағауин).  Бұл  келтірілген  мысалдардан  батыл,  именшек  деген  эмосемалы  сын 

есімдерден  кейін  қолданылуы  тиіс  адам  немесе  қызметкер  сөздерінің  түсіріліп,  батыл, 



именшек  сын  есімдерінің  субстантивтеніп  тұрғандығын  байқауға  болады.  Бұл  жерде 

 

290 


субстантивтенген  эмосемалы  сын  есімдердің  мағыналары  кеңейіп,    олардың  сындық 

мағыналарының үстіне заттық мағына үстеліп тұр. Егер бұл мысалдардағы субстантивтеніп 

тұрған эмосемалы сын есімдердің қасына анықталушы сөздерді қоятын болсақ (адам немесе 

қызметкер) олар қайтадан сындық сипатқа ие болып, анықтауыштық қызмет атқара алады. 

Сын  есімдердің  сөйлеу  стиліндегі    қолданысын  сөз  ете  отырып    Д.  Әлкебаева:  «Сын 

есімдердің  сөйлеу  стиліндегі  қарапайым  формасы  да  кездеседі.  Мысалы,  сұлу  –  көркемдік 

бейнемен айтылады, ал сұлусымақ деген кекесінді түрде айтылады. Сұлу – сөзі сын есім, ол 

өзі  анықтайтын  сөзбен  тіркесіп  сұлу  қыз,  сұлу  жігіт  деп  нақты  адамның  кескін-кейпін 

анықтайтын  сөз  ретінде  алынады,  бір  қарағанда  сұлу  қыз,  сұлу  жігіт  сын  есімдері 

эмоционалдық  қызметімен  жігіт  пен  қыздың  бейнесін  ажарландырып  тұр.  Ал  осы  сөз  таза 

стильдік  айшыққа  айналып  эстетикалық  бейнелілікке  көтеріле  алады,  онда  сұлу  сөзі 

стилистикалық  басқа  мағыналық  тіркеске  еніп  стилистикалық  образға  айналады»,  –  деп 

жазады [3, 150].  

Қорыта  айтқанда      адам  эмоциясының  түрлі  реңктерін  береуде  сын  есімдердің  эмотивті 

мүмкіндіктері мол. Сондықтан да сын есімдерді эмоционалды тұрғыдан талдаудың маңызы зор.   

  

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 



 

1.

 



Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. – 784 б. 

2.

 



Жонкешов Б.С.  Эмоционалды бірліктердің тілдік табиғаты (семантика, сөзжасам, 

фоносемантика): Филол. ғыл. канд. дис. – Алматы, 2006. – 130 б. 

3.

 

Әлкебаева Д. Қазақ тілінің прагмастилистикасы. – Алматы: Қазақ университеті, 



2008. – 255 б. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет