Түйін
Мақалада шетел тілін қазіргі ғылымның дамуы кезеңіндегі әдістемесінің шетелдік
бағыттары қарастырылады. Шетел тілін оқыту әдістемесіндегі жаңа тенденцияларды білу
мен қолдану (cooperative learning) оқытушыға өз жұмысын қызықты әрі жан-жақты
ұйымдастыруда көмек береді.
The article under consideration points out a close link between cooperative learning and the
communicative language teaching and, at the same time, propose guidelines for EFL teachers who
wish to implement cooperative learning to enhance their students’ proficiency in English as well as
motivation toward learning English.
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК
-МӘДЕНИ
ҚҰЗЫРЛЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Жантілеуова Г. Қ.
419
І. Жансүгүров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті,
Талдықорған қ-сы, Қазақстан gulmira16071968@mail.ru
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының шет елдермен жан - жақты тығыз байланысы
саяси, идеологиялық және мәдени шекаралардың жойылуын болжайды. Атап айтқанда, шетел
тілін, әсіресе ағылшын тілін қарқынды түрде оқып үйрену қажеттілігі туып отыр.
«Тіл - мәдениеттің қаруы, құралы. Ол тұлғаны, тіл тасушыны қалыптастырады, тілде
оның әлемге деген көзқарасы, ділі, адамдарға деген қатынасы жатыр, яғни тіл арқылы сол
халықтың болмысын көре аламыз» деп С.Г.Тер-Минасова өз еңбегінде атап өткендей [1,15],
ағылшын тілін оқытудың негізгі міндеті, әрбір шетел тілін оқытудың негізгі міндеті секілді–
тілді шынайы және толыққанды қарым-қатынас құралы ретінде меңгерту және сол тілде
еркін қарым-қатынас жасауға бейімдеу. Ағылшын тілінің әрбір сабағы мәдениеттер тоғысуы,
мәдениетаралық қарым-қатынас тәжірибесі деп танимыз, себебі ағылшын тілінің әрбір сөзі
ел жайлы мол түсінік береді. Ағылшын тілі сол ұлтқа тән өзіндік ерекшелік пен өмір жөнінде
мағлұматқа толы екенін ескере отырып ағылшындардың мәдениетін кең этнографиялық
мағынада, ұлттық мінезін терең және мұқият оқып үйрену керек.
Ағылшын тіліне оқытудың негізгі мақсатына жету үшін тіл үйренушілердің бойында
мәдениетаралық қарым-қатынасты да қалыптастыра білу керек. Ағылшын тілін білу сол
елдің тілін иеленушісімен дұрыс қарым-қатынас жасауға болады деген түсінікті бермейді,
себебі, ол елдің мәдениеті, қарым-қатынас жасау әрекеті өзгеше. Ағылшын тілін үйрену
барысында тіл үйренушілер тілді тек қана лингвистикалық тұрғыдан ғана емес, сондай-ақ
тілін оқып отырған елдің мәдениетінің үлкен ерекшеліктерін, өзгешеліктерін қамти білуі
керек.
Мәдениетаралық қарым-қатынас ұлттар мен мәдениеттер арасындағы түсінісу құралы.
Бұл қарым-қатынасқа үйрету - жат мәдениетті түсініп, өз мәдениетін меңгеру, басқа
мәдениет өкілдерінің әрекеттері мен сөздерін түсіне білу деген сөз.
Бүгінгі күні мәдениетаралық қарым-қатынасқа баса назар аударуға, тілдік орта
жоқтығына қарамай қарым-қатынасқа түсу тәжірибесін қалыптастыруға, әр түрлі мәдениетті
айыруға баса назар аударылып отырғана белгілі.
Атақты лингвист ғалым И.И. Халеева: «мәдениетаралық қарым-қатынас – әртүрлі
тілдер мен мәдениетке жататын адамдар іс-әрекетінің ерекше жемісі. Бұл тек қана әртүрлі
мәдениет пен тілге жататын адамдар арасындағы іс-әрекет емес, сонымен қатар олардың бір-
бірін «жат» ретінде қабылдайтындықтарынан да байқалады» деген [2,8].
Яғни, басты назар мәдениетке аударылуы тиіс. Мәдениеттерді өзара салыстыру арқылы
белгілі бір тілде сөйлейтін белгілі бір мәдениеттің өкілі басқа тіл мен басқа мәдениет
өкілдерінің арасында белгілі дәрежеде қиындықтарға душар болатынын көруге болады. Бұл
қиындықтар тілдердің айырмашылықтарымен қатар мәдениеттердің де ерекшеліктеріне
байланысты.
Осыған бір мысал келтіре кетсек: ана тілін меңгеру кезінде ағылшын тілді студент
«arm» және «hand» сөздерінен екі затты көрсе, қазақ тілді студент тек бір затты ғана «қол»
деген мағынаны түсінеді. Студент ағылшын тілін өз санасына қабылдау барысында жат
өмірдің бір бөлігін қабылдай отырып, өзге ел өмірі мен мәдениеті жөнінде де түсінік
қалыптастырады.
Мәдениетаралық қарым-қатынас барысындағы кейбір түсінбеушіліктер адамдар
арасында келіспеушіліктерге алып келіп жатады. Кейбір жайттар трагедияға да алып келуі
мүмкін, себебі «мәдени» қателіктер тілдік қателіктерге қарағанда ауыр қабылданады,
кешіруге қиын болады. Ал тілдік қателіктер жеңіл қабылданып, оларды көбінесе әзілмен
жеңіл қабылдайды.
Сонымен ағылшын тіліне оқыту барысында басты назар тілін үйреніп отырған елдің
мәдениетінде қоса оқып үйренуге бағытталуы тиіс.
Мәдениет компонентіне өзіне тән ұлттық бояуға ие төменгі ұғымдарды жатқызуға
болады:
420
1.
Салт-дәстүрлер, яғни мәдениеттің тұрақты элементтері; әдеттер, яғни әлеуметтік
нормативтік элементтер; тұрыптар – сол мәдениетке бағынатын, орындауға тиісті
нормативтік шарттар жүйесі.
2.
Тұрмыстық мәдениет. Ол салт-дәстүрмен тығыз байланысты болғандықтан, оны жиі
тұрмыстық салт-дәстүрлер деп те атайды.
3.
Күнделікті жүріс-тұрыс, яғни белгілі бір әлеуметте қабылданған сол мәдениет
өкілінің қарым-қатынас нормасы мен әдеті. Бұған мимикалық және пантомимикалық, яғни
лингвомәдени топтар өкілдері қолданатын кодтарды енгізуге болады, ол вербалды емес код
деп аталады.
4.
Этностың мәдени салт-дәстүрін білдіретін көркем мәдениет.
5.
«Әлемнің ұлттық суреті». Қоршаған әлемді қабылдаудың ерекшелігін, өз және өзге
өкілдерінің ойлау ерекшеліктерін, олардың эмоционалды мінез-құлықтары мен өзіне тән
мінез-құлық ерекшеліктерін білдіреді [3,18].
Яғни, тілін үйреніп жатқан елдің әлемін терең және тиянақты зерттей отырып оның
мәдениетін, өмір сүру жағдайы мен деңгейін, ұлттық мінез-құлқын, менталитетін және
басқаларын оқып үйренген жөн. Ол үшін өз мәдениетіңмен салыстыра отырып оқуың керек.
Ағылшын тілін оқып үйрену барысында мәдениеттерді салыстыру, олардың
ұқсастықтары мен ерекшеліктерін анықтау тілді, сол тілде сөйлейтін елдің мәдениетін,
әдебиетін, салт-дәстүрін білуге, оны меңгеруге қол жеткізеді.
Сонымен мәдениетаралық қарым-қатынас концепциясы негізінде құрылған шетел
тілдерін оқыту мынандай талаптарға сай болуы тиіс:
1.
Мәдениетаралық қарым-қатынасты үйрету барысында оқылатын тақыраптар
студенттердің өмір тәжірибесіне сай іріктеліп, жат елдегі өз құрбыларының ұқсас өмір
тәжірибесімен байланысты болуы шарт.
2.
Тілін оқып жүрген ел оны қоршап тұрған жоқ. Ол бұл әлеммен тек мұғалімнің
айтуымен, оқу құралдары арқылы байланыса алады. Сондықтан сол елдің мәдениетін, тілін
түсініп, қарым-қатынасқа түсу үшін ықпал ететін әдіс-тәсілдерді қолданған жөн.
3.
Мәдениетаралық қарым-қатынасқа үйрету болғандықтан, тек күнделікті тұрмысқа
қатысты емес, басқа да мәдени, әдеби мәтіндерді оқып, салыстырып, саралап, талқылауға көп
көңіл бөлген жөн.
4.
Тілді үйренуде мәдени құбылыстарға көңіл аудармау қателік болып табылады, және
ол фонетикалық, лексикалық, грамматикалық құбылыстарға тәуелді. Сондықтан тілдік
механизмдерді үйреніп, меңгеру мен тілдік модельдерге жаттығулар жасауға баса назар
аударған жөн.
5.
Мәдениетаралық қарым-қатынасқа үйретудің негізгі тәсілі өз мәдениетінің
элементтері мен бірліктерін, тілін оқып жатқан елдің мәдениетімен салыстыру болып
табылады. Бұл сонымен қатар тілдерді де бір-бірімен салыстыруға көмектеседі [4,13].
Тілден тыс факторлардың жиынтығын, яғни әлеуметтік-мәдени білімдерді зерттеу
мәдениетаралық қарым-қатынасқа үйретудің негізінде жатыр.
Тіл мен мәдениет арасындағы өзара байланыс мәселесі өте күрделі болып табылады
және бүгінде көптеген ғалымдармен зерттелуде. Атап айтсақ П.В.Сысоев, Г.А.Воробьев,
С.Г. Тер-Минасова, Н.Д.Гальскова және т.б.
Мысалы, П.В.Сысоевтың пікірінше, «мәдениеттанымдық хабардарлық өзге мәдени
ортада нақты жағдайда не болып жатқандығын дұрыс түсіндіру үшін қажет. Әлеуметтік-
мәдени контексті білмеу және ақпараттық ақаулардың орнын толтыру стратегиясының
болмауы тіл мен мәдениет тасушыларымен қарым-қатынас жасауда шешуші фактор болуы
мүмкін» [5,12].
П.В. Сысоев бұл ұғымды былай деп анықтайды: «әлеуметтік-мәдени құзырлылық деп,
біз шет тілдерді қолданудың әлеуметтік-мәдени контексінің білім деңгейін, сонымен қатар
қарым-қатынас тәжірибесі мен тілді түрлі әлеуметтік-мәдени жағдайларда қолдану
тәжірибесін айтамыз» [5,13].
421
Бұл анықтамадан әлеуметтік-мәдени құзырлылықтың кешенді құбылыс екендігі және
оның түрлі категорияларға қатысты компоненттердің жиынтығын қамтитыны байқалады.
«Оқытылатын тіл елінің мәдениетіне үйрету коммуниканттарды тануға, түсінуге,
бағалауға, тілдің көмегімен басқа халықтарды танып білуге үйретуді білдіреді, осының
нәтижесінде біз өзімізді де жақсырақ біле бастаймыз» [6,37].
Бүгінде мәдениеттер мен менталитеттердің тіл (туған және оқытылатын шет тілдері)
арқылы әрекеттесуі туған тіл мен мәдениетті меңгерудің жеткілікті деңгейімен қамтамасыз
етілетіні белгілі жағдай.
«Шетел мәдениетін тіл арқылы оқыту тек туған тілдің ұлттық мәдени қалыптасқан негізінде
ғана мүмкін болып отыр, себебі өздікті тану өзгелікті танып білумен ұштасады» [4,42].
Демек, туған мәдениет жеке тұлғаның басқа халықтың мәдениетіне ортақтасуын, оны
тілдің көмегімен оқып, білуін мүмкін етеді.
Тіл үйренушіге алған білімінің негізінде өмірдің өзгермелі жағдайларын еркін
бағдарлауға, білімін толықтырып, дамытуға, сол арқылы өз мүмкіндіктерін іске асыруға және
адамгершілік тұрғыда өз бетінше дұрыс жауапкершілікпен шешім қабылдауға бағыт
беретіндей болуы тиіс. Білім берудің бұл тұжырымдары бүгінгі таңда жаңа «компетентілік
тәсіл», «компетенция», «компетентілік», яғни соңғы уақыттары «біліктілік» (кейбір
әдебиеттерде құзырлылық) ұғымдары арқылы беріліп келеді.
«Құзырлылық» - тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберіне қатысты мәселелерді меңгеруі,
білуі, немесе «тұлғаның белгілі бір мәселер шеңберінде таным мен тәжірибеге ие болуы» деп
талқыланып, Е.М.Верещагин, В.Г.Костомаров, И.Л.Бим, Н.Д.Гальскова сияқты авторлар мен
зерттеушілердің лингводидактикасында кеңінен қолданылады.
Құзырлылық тұлғаның қарым-қатынас жасау және өзара әрекеттестік барысында
қалыптасады. Осы кезде құзырлылыққа жататын қасиеттер мынадай:
1.
әлеуметтік жағдайларға бейімделе білу қабілеті;
2.
өзге адамдардың тұлғалық жеке ерекшеліктерін және эмоционалды күйін анықтай
білу қабілеті;
3.
қарым-қатынас жасау барысында дұрыс тақырыптарды таңдай білу және оларды
әңгіме барысында орынды қолдана алу қабілеті [7,163].
Шет тілдік коммуникативті құзырлылық – тілді, сөйлеуді және әлеуметтік-мәдени
білімдерді, дағдыларды, қабілеттерді тіл үйренушіге коммуникативті-беймәдени дамуына
негіз тудыратын коммуникативті-ұқсатымды және мақсатты сөйлеу әрекетін басқа тілдік
қарым-қатынастың функционалдық факторына байланысты құбылтуына мүмкіндік береді.
Шет тілдегі
қарым-қатынас құзырлылығы лингвистикалық, коммуникативтік,
әлеуметтік-мәдени құзырлылықтардан тұрады.
Лингвистикалық құзырлылық дегеніміз - тілдік құрылымды жетік меңгеріп, тілдік
бірлікті сөйлеу барысында дұрыс қолданып, оны ұлттық мәдениетте қолданылатын
семантикалық мағынасымен салыстыра білу қабілеті.
Коммуникативтік құзырлылық дегеніміз – тілдік болмыс ережесін біліп, оларды
өмірлік түрлі жағдайға сәйкес сөйлеу барысында қолданып, өзге тілде айтылғандарды
түсініп, қабылдай алу қабілеті.
Әлеуметтік-мәдени құзырлылық дегеніміз - әлеуметтік және мәдени өмір туралы білім, өз
ұлтының ғана емес, өзге ұлттың да мәдениеті жайлы білім мен тәжірибені түсініп қабылдау, өз
тілін ғана емес, өзге тілді де меңгеру, түрлі ситуациялық жағдаятты түсініп, оған сыни көзқараспен
қарап, талдап, шешімін тауып, қойылған мақсаттарға жету қабілеті [8,59].
Бұл дегеніміз оқушылар бойына өзге мәдениет туралы объективті фактілерді,
түсініктер жинағын және де ақиқат ақпараттарды нақты, ұғынықты түрде сіңірілуін
қадағалау. Бұл тек оқушы миында өзге мәдениет туралы белгілі бір ұғымдар, не болмаса
түсінік бейнесі болған жағдайда ғана ол белгілі бір іс-әрекетке кері реакция бере алады. Тек
осындай принцип негізінде біз «мәдениетаралық қарым-қатынас субъектісін» қалыптастыра
аламыз.
422
Әлеуметтік-мәдени құзырлылықты қалыптастырудың маңыздылығы оқушылардың
басқа мәдениеттер диалогына түскенде өзін ұстау әдебіне үйретуде жатыр, яғни, өзге ұлттың
әлеуметтік ортасында бір-бірімен қалай араласатыны, жүріс-тұрысы сияқты ерекшеліктерді
де ескеру керек.
Ағылшын тілін мәдениеттер диалогы контекстінде оқытуды мақсатқа бағытталған
тұлғалық-бағдарлық жолмен ұйымдастыру қажет, бұл оқушылардың өз бетімен жұмыс істеп,
өздігінен дамуына жағдай тудырады, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырып, сабақта
мәдениетаралық қарым-қатынасқа түсе алатындай жағдай жасайды.
Қорыта келе, әлеуметтік-мәдени білім оқушының өзін мәдени тұлға ретінде сезінуіне
мүмкіндік береді, яғни, өзіндік ұлттық-мәдени құндылықтарының негізінде басқа ұлттармен
өзара түсіністік пен өзара қатынасқа қол жеткізу қажеттігін аңғартуға жағдай жасайды.
Мәдени түрлілікті ескеріп, соған дайын болған оқушы әлеуметтік-мәдени құзырлылықты
болып, мәдениетаралық қарым-қатынасқа да жеңіл түсе алады. Сол себепті, ағылшын тілін
оқытудың мақсаты – мәдениетаралық қарым-қатынасқа дайын, әлеуметтік-мәдени
құзырлылығы жоғары оқушыларды дайындау болып табылады деп есептейміз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.
Тер-Минасова С.Г. Язык и межкультурная коммуникация. – М.: Издательство
Московского университета, 2004. – 243с.
2.
Смағұлова А.С. Шетел тілі сабақтарында мәдениетаралық қарым-
қатынасты дамыту
және лингвоелтанымдық ақпараттар негізінде мәдениетаралық қарым-қатынасты үйрету әдістемесі:
/магистрлік дис./. – Алматы, 2010. – 180б
.
3.
Рахымжанова С.Қ. Мәдениетаралық коммуникацияға үйретудің негізі ретіндегі
мәдениеттің тәлімдік аспектісі: /магистрлік дис./. – Алматы, 2007. – 187б.
4.
Саймкулова Ш.О. Тілдік жоғары орны 3 курс студенттерінің мәдениетаралық
қатысымдық біліктілігін қалыптастыруда жеке тұлғаға бағытталған тәсілді қолдану:
/магистрлік дис./. – Алматы, 2009. – 212б.
5.
Сысоев П.В. Язык и культура в поисках нового направления в преподовании
культуры страны изучаемого языка // ИЯШ. – 2001, № 4. – 12-14 с.
6.
Сафонова В.В. Социокультурный подход к обучению иностранному языку как
специальности: /дис. д.п.н./. – М., 1991. – 363с.
7.
Словарь психолога-практика. – М.: Харвест АСТ, 2001. – 310 с.
8.
Лупач И.Я. Социокультурный подход в обучении иностранным языкам в
техническом ВУЗе: /дис. на соискание уч.степени к.п.н./. – ТаганРОГ, 2000. – 183с.
Резюме
В данной статье рассматривается важность формирования социо-культурной компетенции
на уроках английского языка.
The article deals with formation of socio-cultural competence on English lesson and its
importance.
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІ МАТЕРИАЛДАРЫН
МЕҢГЕРТУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жұмабаева Ә.Е.
Абай атындағы ҚазҰПУ доценті, п.ғ.д., Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру
теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі
423
Бастауыш сынып оқушыларының синтаксистік ұғымдарды меңгеруі – осы мақсатқа
лайықталынып құрылған дамыта оқыту жүйесінің көздейтін түпкі нәтижесі болып саналады.
Бастауыш сыныпта меңгерілетін синтаксистік ұғымдар:
Сөз (синтаксема ретінде – Г.Золотова терминімен айтқанда);
Сөз тіркесі;
Сөйлем мүшелері;
Жай сөйлем;
Хабарлы сөйлем;
Сұраулы сөйлем;
Хабарлы сөйлем;
Лепті сөйлем;
Құрмалас сөйлем;
Мәтін.
Осы ұғымдардың әрқайсысын меңгерту барысын біз П.Я.Гальпериннің ақыл-ой
әрекетін кезеңдік қалыптастыру теориясына сай етіп модельдедік. Ол кезеңдер мынадай
құрылымда келеді:
1.
Бірінші кезең – мотивациялық (ниет қою) негізді қалыптастыру кезеңі.
2.
Ұғымдарды қалыптастыру әрекетін бағдарлау негіздерінің сызбасын құру кезеңі.
3.
Құрылған
сызбаның
үлгісінде
алдын
ала
даярланған
жаттығулар
мен
тапсырмаларды орындау кезеңі.
4.
Сыртқы орындалған жаттығулар мен тапсырмалардың ерекшеліктерін анықтау және
сол оқу дағдыларын ішкі әрекет ету, яғни санаға қарай аудару кезеңі. Бұл кезең - білім
алудың саналылық кезеңінің бастапқы сатысын білдіреді.
5.
Оқушы өзінің орындаған жаттығулары мен тапсырмаларын «ішкі көзбен» көрген
сияқты, жадысына тұтып, енді соның белгілерін анықтауға кірісуі кезеңі.
6.
Оқушыға тапсырма беріп, осы тапсырманың түпкі нәтижесін бірден табуға
дағдыландыру кезеңі.
Енді қазақ тілін оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларына осы кезеңдер
бойынша синтаксистік ұғымдарды қалыптастыру үдерісін талдауға кірісеміз.
Бірінші кезең
– мотивациялық (ниет қою) негізді қалыптастыру кезеңі.
Сөздің синтаксистік қызметін таныту дегеніміз – сөздердің өзара мағыналық және
тұлғалық байланысқа түсе алу қабілетін таныту және сөйлем мүшелері қызметін атқару
ерекшелігін меңгерту екені белгілі. Ал сөздің бір өзі тұрып сөйлем болуы – атаулы сөйлем
деп аталатыны туралы бастауыш сыныпта арнайы оқытылмаса да, диалогтардағы
«- Иә.»
«- Жоқ.»
«- Қайдасың?»
«-Ауылдан» т.б. сияқты мысалдарға мұғалім міндетті түрде оқушылардың назарын
аударып, сөздің жалғыз тұрып та сөйлем бола алу мүмкіндігін көрсетеді.
Сонда «сөз» деген ұғымның бойында синтаксистің «сөз тіркесі», «сөйлем мүшелері»,
«сөйлем» деген синтаксистік ұғымдар табылып тұрғанына мұғалім бірден назар аудартуы
керек болатынын осылай көреміз.
Енді оқушылардың санасы үшін үшін «СӨЗ» деген ұғымның бейнесі - ішкі
мүмкіндігінде сөз тіркесі де бола алатын, сөйлем мүшесі де бола алатын, сөйлем де бола
алатын ерекше тіл бірлігі деген мазмұнмен таңбалана бастайды.
Оқушылар сөздің синтаксисік қабілеті мен қасиеті өте үлкен екенін түсінуі арқылы сол
қасиеттерді енді танып-білуге қызығушылығы оянады.
Бұл – синтаксистік ұғымдарды танып-білуге деген оқу-танымдық қызығушылықтың
енді мотивациялық дәрежеге ие болуы деп саналады.
Синтаксистік ұғымдардың, яғни «сөз тіркесі», «сөйлем мүшелері» (бастауыш,
баяндауыш, толықтауыш., анықтауыш, пысықтауыш), сөйлем, хабарлы сөйлем, сұраулы
424
сөйлем, лепті сөйлем, бұйрықты сөйлем, құрмалас сөйлем, мәтін деген ұғымдардың енді
«СӨЗ» деген бір орталық ұғымның айналасына шоғырлануы арқылы тіл жүйесінің де
тұтастық табиғаты оқушыларға біртіндеп таныла бастайды. Яғни тіл жүйесіндегі бірліктер
бөлек-бөлек элементтер емес, бір тұтас нәрсенің түрлі тілдік қызмет нәтижесінде байқалатын
көптеген қыры екендігі туралы ұғым туындай бастайды.
Бұл кезеңде мұғалім көрнекіліктің түрін, ғылыми қызықтыратын әңгімелер, ғалымдар
мен олардың өмірлері туралы мол мәліметтер берсе, оқушының синтаксистік ұғымдарды
танып-білсем деген қызығушылығы табиғи түрде өркендей түседі. Тіл бірлігінің алғашқы
ғылыми бейнесі оқушыда қалыптасуы туралы П.Я.Гальпериннің мына сөзімен айтуға
болады: «...образ есть такое начало психики, без которого все остальные компоненты
психической жизни теряют свой смысл».
Синтаксистік ұғымдардың бейнесі дегеніміз – алдағы орындалатын оқу-таным
әрекеттерінің негізінде кеңірек ашылып танылатын синтаксистік білім мазмұны. Нақты тіл
бірлігінің обьектісінде бар белгілер енді субъект, яғни оқушының санасында алғашқы,
сыртқы болса да тұтастықпен қабылданған белгілер негізіндегі тіл бірліктері туралы оқу
материалы, білім мазмұны.
Сөз тіркесінің ерекше белгілері, сөйлемнің ерекше белгілері, сөйлемнің, оның ішінде
жай сөйлемнің, оның түрлерінің әрбіріне арналған сабақтарда оқушылардың алдына
мотивациялық кезеңді орындату арқылы оқу-танымдық әрекетті дұрыс қалыптастыру –
оқушының ғылыми ұғымдарды өз деңгейінде болса да дұрыс тануына жасалынған үлкен
тірек болып табылады.
Осы алғашқы кезеңде мұғалім жаттығулар орындатып, төмендегідей көрнекіліктер
қолдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |