Министерство образования и науки республики казахстан



Pdf көрінісі
бет62/90
Дата22.12.2016
өлшемі15,08 Mb.
#127
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   90

Ы,І  дауыстыларынан  басталған  қосымшалар  жалғанғанда  кейде  ұяңданады»  дейміз  де, 

төмендегідей үлгі береміз: 

          Ұяңдану үлгісі:                                      Ұяңданбау үлгісі: 

 көрік- көрігі / ұстаның құралы /,           көрік – көркі / адамның келбеті /, 

 құлық – құлығы / құлақтағы /.               құлық – құлқы / ниет /. 

 

Айтылуы  мен  жазылуы  бірдей  сөздердің  бұлай  өзгеру  себебінің  сырын  әдістемелік 



жолмен  ғана,  яғни  сөздің  соңғы  буынындағы  дауыстылардың  тұрақтылығымен  сипаттай 

аламыз.  Кейбір  біріккен  сөздердің  емлесі  туралы  да  кейде  ала  –  құлалыққа  жол  береміз. 

Құрамындағы қатар келген дауыстылардың бір сыңарын түсіріп, ал кейде екеуін де жазамыз : 

                       1-ші үлгі:                                       2-ші үлгі: 

              Сарыөзек, Сарыағаш,                      Жанұзақ, Дәметкен, 

              Сарыарқа, Қандыағаш.                    Ұлмекен, Жұмекен. 

 

Бұлардың  жазылуындағы  ерекшелікті  ережемен  түсіндіріп  беру  мүмкін  емес. 



Сондықтан,  қатар  келген  дауыстылардың  жақтың  қатысына  қарай    түрленуіне  назар 

аударамыз.  Фонетиканы  оқыту  үдерісіндегі  күрделі  тақырыптар  қатарына  жататындарын 

іріктеп,  оларды  меңгертудің  тиімді  тәсілдерін  бір  жүйеге  келтірсе,  «мына  әріптің 

алфавиттегі  реттік  санын  ата;      у  дыбысының  қай  сөзде  дауысты  екенін  тап» 

мазмұнындағы тапсырмалардан арылар едік. 

Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесіне  арналған  еңбектердің  бәрі  дидактикалық  материалдар 

ұсыну, тақырыптарды пысықтайтын жаттығулар орындату немесе шағын көлемдегі ұсыныс-

пікірге  тест  түріндегі  көлемді  тапсырмалар  берумен  шектеліп  келді.  Әдістеме  қарсы  сұрақ 

қою  арқылы  жетіледі.  Қарсы  сұрақ  қою  арқылы  тақырыптың меңгерілуі  жеңілдейді.  Тосын 

сұрақтың  жауабын  тапқан  оқытушының  біліктілігі  шыңдала  түседі.  Әсіресе,  морфология 

саласындағы  тіл  бірліктерін  меңгерту  жоғары  ізденісті,  өзіндік  амал-тәсілге  жүгінуді  талап 

етеді. Бір ғана етістіктің етіс категориясын өту барысында оқулық пен қолданыс арасындағы 

қарама-қайшылықтың  тәжірибелі  оқытушының  өзін  ойлануға  мәжбүрлейді.Себебі,  қарсы 

сұрақ  оқулық  авторына  емес,  оқытушыға  қойылады.  Оқытушы  өзін  де,  оқулық  авторын  да 

қорғауға әрекет жасайды. Мысалы, оқулықта өздік етістің сипаттамасы « іс-қимыл әрекеттің  



сол істі істеушіге (субъектіге) жұмсалатынын білдіру. Арнайы жұрнақтары – н,-ын, - ін » 

делінген.Оқытушы  ереже  бойынша  сабақты  етістіктерге  аталмыш  жұрнақтарды  жалғап, 

өздік  етіс  формасын  түсіндіре  алады.Келтіретін  мысалдары  да  жарты ғасырлық  тарихы  бар 

киіндім, тарандым,  жуындым  секілді  үлгіден  аспайды.  Ал  тосыннан  жазылдым  /газетке/, 

түйілдім

  /тамаққа/,  тартылдым  /белтемірге/  етістіктерінің  қай  етіс  түріне  жататындығы 

туралы сұрақ қойылса ше? Автор үшін жауап беретін кез – осы тұс. Сұрақ орынды қойылды. 

ЫЛ, 

-ІЛ  жұрнағымен  жасалған  етістіктер  өздік  етіс  формасында  тұр.  Оқулықта  бұл  нұсқа 

қарастырылмаған.  Ырықсыз  етіс  түріндегі  ережеге  қолданыстағы  мысалдар  мағыналық 

жағынан  қайшы  келеді.  Оқытушы  өзгені  кінәлай  алмайды.  Қалай  да  қанағаттандыратын 

жауап  беруге  тиіс.  Яғни,  мәселенің  жұрнақта  емес,  істі  кімнің  орындауында  екенін 

түсіндіреді.  Өйткені,  қарсы  сұрақ  етістің  келесі  түрін  өткенде  де  қайталанып  отырады. 

«Кілемді далаға шығар» десең , етіс категориясы жоқ та, «Оқушыны сыныптан шығар» десең 

- өзгелік етіс. Әдістемені ғылым ретінде қарастырмай, ғылыми тұжырымды жүзеге асыратын 


 

440 


сарапшы  ретінде  саралағанымыз  орынды  болар  еді.  Әдіскер  де  сол  секілді.  Қазақ  тілінің 

түрлі  саласы  бойынша  түрлі  авторлар  жазған  оқулықтардың  бәрін  бір  оқытушы  барлық 

деңгейдегі  сыныптар  алдында  сарапқа  салады.  Ал  сол  оқулықтардың  бәрін  бір  немесе 

бірлескен  бірнеше  автор  жаза  алмайды.Біздің  әдістемелік  еңбектеріміз  «Қазақ  тілінің 



тұңғыш  оқулығы;  синтаксисті  оқытуды  зерттеген  ғалымдар;  марфологияны  оқытуды 

зерттеген  ғалымдар;  дидактикалық  материалдарды  атаңыз»  секілді  мазмұндағы 

оқытудың  амал-тәсілдеріне  көбірек  көңіл  бөледі  /  4  /.  Оқулықтың  мазмұнынан  шығу, 

ереженің  күмәнді  тұстарына  өзгерту  енгізу  әрекеттеріне  бару  әдістемелік  нұсқаулықтың 

басты мақсаты саналмай, қазақ тілін оқытудағы түйткілді мәселелерді шеше алмаймыз. Жаңа 

технологиялардың  барлық  түрін  жете  меңгеріп,  бәрін  де  оқу  үдерісіне  қоссақ  та,  олар 

әдістемелік  жолдың  бір  құралы  болып  қала  береді.Жаңа  технологияны  қолдану  –  дұрыс 

оқытсаң  да  құрал,  бұрыс  оқытсаң  да  құрал.  Сондықтан,  қазақ  тілінің  әдістемелік  сипаты 

түрлі  тиімді  тәсілдерді  /  әдістемелерді  емес  /  пайдалана  отырып,  берілген  тақырыбыңды 

дұрыс оқыта білумен айқындалады. Оқытушы тосын сұраққа мүдірмесе, қазақ тілінің барлық 

саласын  ғылыми  тұрғыда  меңгерсе,  оқулық  авторларының  көзқарасына  орынды  өзгерістер 

енгізе  алса,  өз  тұжырымын  әдістемелік  деңгейде  үлгі  ете  білсе,  қазақ  тілін  оқытуда 

көкейкесті мәселелер болмайтындығына сене беріңіз. 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 



 

1. Шаяхметұлы Қ, Қазақ тілі бойынша ұстаздыққа мамандандыру және оқулықтар  

инновациясы.СДУ, материалдар жинағы, Алматы – сәуір,2009 ж. 

2. Исаев С, Қазақ тілі.Алматы- 1996, - 236 б. 

3. Орфографиялық сөздік, Алматы – 2007 , - 480 б. 

4. Оразбаева Ф., Рахметова Р, Қазақ тілін оқыту әдістемесі.Алматы – 2005, 172 б. 

 

Резюме

 

В  статье  освещены  некоторые  принципиальные    вопросы  методики    обучения  по 

казахскому языку. 

 

The  article is devoted  to some principal points of  Kazakh language teashing  methods. 



 

 

 

ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІҢ ТИІМДІ ЖАҚТАРЫ

 

 

Қалықова Әлия Жұманқызы

 

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ 

 

  Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев қазақстандықтарға арналған Жолдауында оқу-



тәрбие  үрдісін  ақпараттық  технологиялармен  барынша  қамтамасыз  ету  міндетін  білім  беру 

жүйесінің  басты  мақсатының  бірі  және  оның  болашағы  үшін  маңызды  фактор  екенін  атап 

көрсеткен  болатын.  Жолдауда  техникалық  және  кәсіптік  білімінің  рөліне,  қазақша  кәсіптік 

техника тілін қалыптастырып, дамыту мәселесін де басты назар аударылғаны белгілі. 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңының  8-тарауында  көрсетілгендей, 

білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, 

халықаралық байланысқа шығу, білім беруді ақпараттандыру болып табылады. Бүгінгі таңда 

жаңа  білім  беру  технологиялары  кең  тарала  бастады.  Бұл  технологиялар  қоғамдық 

сұраныстарды жоғары деңгейде қанағаттандыруға бағытталған.  

Айталық,  мысалға  қазақ  тілін  оқыту  барысында  туған  тілінің  қыр-сырын,  табиғатын 

таныта отырып ертеңгі өмірден орын таба алатын, өзіне сенімді нағыз ұлтжанды, парасатты 


 

441 


ұрпақ  тәрбиелеу  үшінпедагогиканың  озық  үлгілерін  жаңашылдықпен  пайдаланып, 

тәжірибені өсіре түсуіміз қажет. 

Қазіргі  заманғы  оқыту  технологияларын  меңгеру  -  өте  күрделі  де  ұзақ  үрдіс.  Кейде  

оқытушыдан  оқытудың үйреншікті әдіс-тәсілдерінен арылуды талап етеді. 

Мәселен,  қазіргі  кезде  білім  беру  үрдісінде  50-ден  астам  жаңа  технология  қолданады. 

Солардың бірі – деңгейлеп оқыту технологиясы. 

Деңгейлеп  оқытудың  ерекшелігі  студенттердің  сабақ  барысында  бірнеше  жұмыс 

алатындығында.  Деңгейлеп  бөліп  оқыту  кезінде  студенттердің  тәжірибелік-теориялық 

дайындығын,  оқуға  деген  ынтасы,  дара  қасиетін,  әлеуметтік-психологиялық  танымын, 

сұранымын ескеру талап етіледі. Студенттерге деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі 

жұмыстар  жүргізіледі.  Алған  білімі  жүзеге  асатындығы  ескеріледі.  Өз  бетімен  жұмыс 

орындауға бейімділігі бақылауға алынады. Нәтижесінде студенттің белсенділігінен іскерлігі 

артып,  ғылыми  ізденістерге  ұмтылады,  біліктілікке  жетеді.  Қойылатын  талаптардың  әр 

түрлілігі арқылы студенттердің қызығушылығы арта түседі. 

Дұрыс таңдаған  технология студент пен оқытушыға бірдей қолайлы жағдай туғызады.  

Сонымен  қатар  Жоғары  оқу  орындарында  мамандар  дайындауда  ерекше  оқу  ортасы 

ретінде зерттеушілер әр түрлі оқу технологияларын ұсынады: 

-

 



ойын технологиясы (В.Г.Денисова, М.С. Каган және т.б.); 

-

 



тапсырмалар технологиясы (В.И. Андреев, Я.А. Пономарев, А.Ф.Эсаулов және т.б.); 

-

 



программалық оқыту технологиясы (Е.А. Машбиц, И.В. Роберт және т.б.); 

-

 



моделдеу технологиясы (В.П. Беспалько, Б.С. Гершунский  және т.б.); 

-

 



жобалап оқыту технологиясы ( Г.Л. Ильин, Е.А. Крюкова, Н.Ю. Пахомова және т.б.); 

-

 



проблемалық оқыту технологиясы ( А.М. Матюшкин, М.И. Махмутов және т.б.); 

Осылардың  ішінен  техникалық  жоғары  оқу  орындарының  студенттерінің  жобалау 

құзреттілігін  қалыптастыру  үшін  қолданылатын  оқыту  технологиясын  іріктеудің  басты 

критерийі, ғалым М.А. Смирнованың пікірінше, студенттердің өз бетімен білім алуы болып 

табылады 

Егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін оқытудың әр түрлі 

әдіс-тәсілдерін  қолдана  отырып  терең  білімді,  ізденімпаз,  барлық  іс-әрекеттерінде 

шығармашылық  бағыт  ұстанатын,  сол  тұрғыда  өз  болмысын  таныта  алатын  жеке  тұлға 

тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. 

Бүгінде  Қазақстанда  Ж.Қараевтың,  Ә.Жүнісбектің  және  тағы  басқа  да  ғалымдардың 

оқыту  технологиялары  кеңінен  танымал.  Осы  әдістердің  ішінде  қазақ  тілі  сабақтарында 

қолданып,  қолдау  тауып  жүрген  әдістердің  бірі  –  модулдік  әдіс  болып  табылады.  Бұл  әдіс 

студенттердің  теориялық  білімді  аз  уақытта  меңгеріп,  шығармашылық  жұмыстарға  баулуға 

мүмкіндік береді. 

Ал сын тұрғысынан ойлау, студенттерді қазақ тілінде еркін сөйлеуге, пікір таластыруға 

өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып қиындықты жеңуге көмектесетін технология. 

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасын терең түсініп, әдістерін өте тиімді пайдаланған 

кездегі жеткен жетістіктермен бағаланады. 

- студенттер өз бетінше ізденуге үйренеді; 

- мәселенің негізгі  түйінін шешуге машықтанады; 

- ақпаратты жүйелеуге дағдыланады, шығармашылық деңгейі жоғарлайды. 

Демек, сын тұрғысынан ойлау технологиясының тәсілдері студенттерді  іздемпаздыққа 

баулиды. Яғни студенттің  еркін ойлануына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. 

Тәуелсіз  мемлекетіміздің  ертеңі  ұрпақтың  рухани  байлығы,  мәдениеті,  саналы  ұлттың 

ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. 

Бүгінгі  таңда  талап  етіліп  отырған  үрдіс  –  жаңа  оқыту  технологиялар  негізінде 

инновациялық  іс-әрекеттерді  тиімді  пайдалану.  Жаңа  технология  әдістері    өз  бетімен  оқып 

үйренуге, қортынды жасай алуына ықпал етеді, яғни білім сапасын арттырады. 

Демек,  оқыту  технологияларын  сабақта  тиімді  қолдану  студенттердің  білім  сапасын 

арттырып  қана  қоймайды,  оларды  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуына  үлкен  әсерін  тигізеді. 



 

442 


Сондықтанда  жаңа  әдіс-тәсілдерді  қолдана  білсек,  студентке  білім  беруде  үлкен  жетістікке 

жетеріміз анық. 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 



 

1.

 



Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. Астана 2007ж. 

2.

 



Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2005-2010жылдарға  арналған 

мемлекеттік бағдарламасы. «Егемен Қазақстан» газеті. 16қазан,2004ж. 

3.

 

Ж.Оразханова  Дамыта оқыту технологиялары. Алматы.Білім 2003ж. 



4.

 

«Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. №7;  2003ж. 



5.

 

«Қос  және  көптілдік  жағдайында  тілдерді  үйретудің  өзекті  мәселелері: 



Инновациялар,  болжамдар»  атты  халықаралық  ғылыми-практикалық  конференцияның 

материалдары  



 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІН ТЕХНОЛОГИЯ НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУ

 

 

Мақанова А.О

.  

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті 

Алматы қ., Қазақстан 

 

«Педагогика» еңбегінің авторы Мағжан Жұмабаев өзінің еңбектерін жазу үстінде өзіне 



дейінгі  орыс  және  шет  елдің  ұлы  педагогтарының  еңбектері  мен  жоғары  және  орта 

мектептегі  педагогикалық  тәжірибелеріне  сүйенді,  сонымен  қатар  ол  қабілетті-білікті  ғана 

емес, білімді педагог болды.  

Қазіргі  кезеңде  қазақ  тілін  орыс  аудиторияларында  дұрыс  әрі  тиімді  оқыту  үшін  оны 

мынандай үш бағытта ұйымдастырып, жүргізудің тиімді екенін байқауға болады.  

Практикалық    сабақтың  сапалылығы,  оның  әдіс-тәсілдері,  ұйымдастыру  мәселелері 

жан-жақты  іске  асқанда  ғана  оқыту,  үйрету  мәселесін  дұрыс  жолға  қоюға  болады.  Ең 

алдымен,  қазақ  тілі  пәнінің  ғылыми-теориялық,  практикалық,  әрі  методикалық  дәрежесін 

көтеру  қажет. Демек, қазақ тілін үйренуге  деген студенттердің ықыласын, қызығушылығын 

арттыруда  оқытудың  жаңа  педагогикалық  технологиясын,  лекция-семинарлық  формаларын 

пайдаланудың, оқытушының сабақ өтудегі шығармашылық әдіс-тәсілдерінің үлкен мәні бар.   

Жалпы  қазақ  тілінің  құдіретін,  байлығын,  әсемдігін,  терең  мағыналығын  жастарға 

түсіндіруге,  жаны  мен  қанына  сіңіруге  көп  еңбек  етпей,  келешек  ұрпағымызды  қазақ  ете 

алмаймыз.  Ана  тілімізді  көркейтудің,  оның  мәртебесін  көтере  түсудің  бір  жолы  –  сөйлеу 

өнерін жетілдіру.  

Жоғары  оқу  орындарында  білім  алып  жатқан  студенттеріміз  өзі  таңдап  алған 

мамандығының  қыры  мен  сырын  меңгере  отырып,  қазақ  тілі  сабағында  өз  мамандықтары 

бойынша  әр  түрлі  мәселелер  төңірегінде  сөйлесуге  және  жазуға  дағдыланады.  Біздің 

мақсатымыз  –  өзінің  қалап  алған  мамандығы  бойынша  мемлекеттік  тілде  сөйлеудің 

маңызының зор екендігін түсіндіру.  

Өзге тілді аудиторияда қазақ тілін оқыту барысында біздің алдымыздағы басты міндет 

–  тілді  үйретудің  ең  қолайлы  амалдары  мен  тәсілдерін  таңдап  алу.  Өйткені  жоғары  оқу 

орнында  тілді  үйрету  үрдісін  (процесін)  тиімді  ұйымдастырудың  бір  өзегі  осыған 

байланысты. Оқытудың қандай да болмасын амал-тәсілін ұтымды, нәтижелі пайдалану әрбір 

оқытушының іскерлігіне байланысты.  

Университеттік  білім  беру  жүйесі  студенттердің  ғылыми шығармашылық  дағдыларын 

дамытатын  іргелі  жалпы  ғылыми  даярлаумен  сипатталатыны  жалпыға  мәлім.  Яғни, 

техникалық  университетте  да  ғылыми-зерттеу  мәдениетін  қалыптастыруға  қажетті  базистік 

негіз  бар  деген  сөз.  Осыдан  студенттердің  оқу  және  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын 

біріктіретін университеттер жүйесіндегі оқу процесін ұйымдастыратын процестің ерекшелігі 



 

443 


туындайды.  Нәтижесінде  студенттердің  барлығы  дерлік  ғылыми-зерттеу  дағдыларын 

игереді,  жеке  бастың  шығармашылыққа  деген  көзқарасы  қалыптасады.  Болашақ 

инженерлерге қажетті сапалар жүйесі инженер мәдениеті ретінде  қалыптасуы керек. Ұлтын 

шын  сүю    -  ана  тілінде  сөйлеуден  басталуы  керек.  Ана  тілінде  сөйлету  үшін  алдымен, 

студенттердің  бойында  ұлттық  сананы,  ұлттық  намысты  оятуымыз  керек.  Ал  ұлттық  ояну 

үшін  ол  өз  халқының  салт-дәстүрін,  әдет-ғұрпын,  тарихын,  мәдениетін,  әдебиетін  жақсы 

білуі керек.  

Педагогикалық  және  психологиялық  ғылыми  зерттеуде    тілді  оқыту  проблемасы  екі 

қарама-қарсы  бағытта  қарала  бастады.  Бірінші  бағыт  бойынша  оқу  процесі  бір  жүйеде 

қаралса,  екінші  оқу  процесінің  проблемаларын  жеке-жеке  зерттеуге  бағытталғанын 

байқаймыз.  

Өткен  ХХ  ғасырдың  70-80  жылдарында  жаңа  термин  «оқыту  педагогикасының 

технологиясы»  кеңінен  қолданысқа  ие  болды.  Педагогикалық  технология  бойынша 

жүргізілген ғылыми зерттелуіне көңіл аударылады.  

Педагогика технологиясына ғылыми-педагогикалық зерттеулер өте қажетті екенін В. П. 

Беспальконың  кітабында  ерекше  айтылады.  Әсіресе  педагогикалық  жүйенің  құрамына,  сол 

жүйелерді құрастыратын, байланыстыратын элементтерге толық сипаттама береді: қоғамдық 

–  мемлекеттік  тапсырыс;  дидактикалық  мақсаттар  -  1.  оқушылар;  2.  оқу  мақсаттары;  3.  оқу 

мен тәрбиенің мазмұны; оқыту технологиясы; 4. дидактикалық процестер; 5. мұғалім немесе 

техникалық  оқыту  құралдары  (ТСО  –  технические  средства  обучения);  6.  ұйымдастыру 

түрлері (формалары). 

Дидактиканың  мақсаты,  В.  П.  Баспальконың  ойынша,  тұлғаның  бір  қасиетте 

қалыптасуы, оған керекті жағдай, ал керекті ақпарат – оқу пәнінің  және тәрбиенің әсерінің 

мағыналылығы.  Егер  оқу  технологиясы  үш  мәселеге  толық  көңіл  аударылатын  болса, 

дидактикалық мақсатқа сай келетін оқу технологиясы арқылы іске асады, яғни ұйымдастыру 

(формаларына),  дидактикалық    (немесе  процеске  және  мұғалімнің  біліктілігіне,  немесе 

техникалық  оқыту  құралдарының  өз  функцияларын  толық  атқаруына)  бір  нәтижеге  жете 

алады.  


Оқу  технологиясы  дегеніміз  –  «дидактикалық  процестердің»,  «ұйымдастыру 

түрлерінің», «мұғалімнің және техникалық оқыту құралдарының -ТСО» негізге ала отырып, 

оқу процесінде жетістіктерге жету.  

Ғылыми 


педагогикада 

қазіргі 


жағдайларды 

ескере 


отырып, 

педагогикалық 

процестердің  сапасын  арттыруға,  жалпы  орта  білім  беретін  мектептердегі  оқудың  күрделі 

мәселелерін  бөлшектерге  бөлуді  (дифференциация  обучения),  оқуды  мамандыққа 

бағыттауды, келешекте мектеп бітіретін оқушыларға өте жоғары деңгейде талап қоя білуді, 

оқушыларды  тұлға  ретінде  қалыптастырады.  Жаңа  педагогикалық  технология  арқылы 

зерттеу  жұмыстарын  жүргізудегі  В.  П.  Беспальконың  бұл  ойы  –  өте  құптарлық,  бірақ  осы 

ойлар  тегіс  оқу  процесін  ұйымдастыруға  арналған,  себебі  тіл  үйретуге,  тіл  үйретудің 

педагогикалық  технологиясына  қатысты  ешқандай  ой  айтпайды.  Сондықтан,  В.  П. 

Беспальконың педагогикалық технологиясының негізгі мақсаты – 1) оқу процесін алдын-ала 

жобалау;  2)  оқушының  оқу-таным  іс-әрекетінің  мағынасын  арттыру  үшін  әр  сабақтың 

жобалаған әдістері мен тәсілдері болуы міндеттілігі; 3) педагогикалық технологиялық негізі 

– 

оқыту 


процесін 

мақсаттандыру, 

сондықтан 

диагностикалық 

мақсаттандыруға, 

оқушылардың  оқу  материалдарын  үлгеру  сапасын  бақылау,  4)  тұлғаның  жалпы  өсіп-

жетілуіне; 5) оқу процесінің тұтастығына көңіл аудару.  

Ғалымның  пікірінше,  ғылыми  педагогикалық зерттейтін  мәселесі  педагогикалық жүйе 

(ПЖ)және тәрбиелік процесс.  

Педагогикалық  технологияны  жан-жақты  зерттеудің  бастауы,  В.  П.  Беспальконың 

ойынша, 

диагностикалық 

методиканы 

мақсаттандыру 

(целеобразование) 

әрине, 


диагностикалық  мақсаттандыру  методикасы  оқу  ісін  ұйымдастыруда  ерекше  орын 

алатынына дау жоқ.  



 

444 


Педагогикалық технологияның негізі –  дидактикалық процесс екеніне В. П. Беспальконың 

ерекше көңіл аударады, себебі дидактикалық процесс бір-бірімен тікелей байланысқан, бірін-

бірі  толықтыратын  үш  компоненттерден  тұрады.  Олар:  себеп  (мотивация),  оқушының  іс-

әрекетіндегі  танымдық  және  басқару.  «Себеп»(  мотив)  терминінің  мәніне  қажеттілік, 

талаптану,  іздену,  ниеттену,  құштарлық,  бейімділік,  ұмтылу,  т.б.  түсініктер  кіреді.  Себеп 

(мотивация) дегеніміз – тұлғаның ішкі  дүниесінің  іс-қимылына, қылығына әсер ететін  күш, 

ал мұғалім сол күшті қозғауға, тұлғаның ішкі сезіміне әсер етуге, ықпал жасауға тырысады. 

Солар арқылы тұлғаның іс-әрекетін қызығуын, құштарлығын басқаруға тырысады, сонымен 

қатар  оқу  процесінің  құрылымына  сол  күштің  әсерімен  санасуға  тура  келеді,  тіпті  мәжбүр 

болады.  Қандайда  болмасын,  іс-әрекетін  толық  психология  жағынан  алғанда  өте  күрделі 

психикалық  құбылыс,  процесс.  Сондықтан,  оқушының  іс-әрекетін  ұтымды  басқару  үшін 

мұғалімге  творчестволық  сапа  қасиет  керек.  Кез  келген  мұғалім  оқушының  іс-әрекетін 

басқара алмайды. Себебі – оқушының іс-әрекеті кезінде оқу таным әрекеті өз бетімен пайда 

болмайды,  оған  мұғалімнің  творчестволық,  әсіресе  шеберлік  әрекеті  керек.  Дидактикалық 

процестің  себептілік  кезеңнің  дұрыс  игерген,   анық  аңғара  білген  мұғалім  –  оқушының  тез 

іске  кірісуін  және  нәтижеге  жетуін  тиімділігін  қамтамасыз  ете  алады.  Әрине,  оқу 

танымдылықтың тек себебін білу аз, оған қоса оқушының жас ерекшеліктері себебі мен қоса  

мұғалім  оқу  процесінің  тиімділігін,  нәтижелігін  арттыру  үшін  оқушының  алдына  күрделі 

мәселелердің  себебіне  жете  алатын  жағдай  туғыза  алуы  тиіс.  Мұғалім  неғұрлым  күрделі 

проблемаларды  шешуге  керекті  жағдай  жасағанда  ғана,  оқушылардың  оқу  процесіндегі 

еңбегін,  оқу  материалын  ұғымы,  түсінуі,  оны  игеруі  жоғары  болатынын  мұғалімнің 

тәжірибесі дәлелдей алады.  

Оқушының  педагогикалық  процесінде  білімді  меңгерудің  нәтижесі  педагогикалық 

технологияның  бірінші  бөлігінен  ажыратуға  болмайтынын  екінші  бөлігінде  –  танымдылық 

іс-әрекетіне  тікелей  байланысты.  Оқу  процесінде  дәлелді  себеп  пен  -  оқу  танымдық    іс-

әрекеттің  оқыту  мақсаттарына  (кепіл)  бола  алады.  Басқаша  айтқанда,  оқу  процесін  дұрыс 

жоспарлағанда  ғана,  оқушы  білімінің  нәтижесінің  кепілдігі  бола  алады.  Адам  тәжірибесі 

(табиғи тұрғыдан алғандағы іс нәтижесі)  оқу  процесін дұрыс ұйымдастыру және басқару  – 

оқу нәтижелі аяқталуы деген сөз.  

Оқу  процесін  басқару  дегеніміз  –  оқушының  оқу  материалын  тиянақты  түсінуінің 

сапасын мезгіл-мезгіл бақылап тұру.  

 Жоғарыда  аталған педагогикалық  технологияның  негіздері  –  оқу-тәрбие  жұмыстарын  

қазіргі  таңдағы  психологиялық  -педагогикалық  ғылымдағы  теорияны меңгермей  іске  асыру 

мүмкін емес.  Бұл теория – ой-әрекетінің сатылай қалыптасатын теориясы деп аталады. Бұл 

теориядан  оқу  материалын  меңгеру  бойынша  қандай  іс-қимыл  түрлері  мен  сатыларының 

(этапы) нәтижесінде практикалық көрнектілік және сөйлесім оқу-танылым іс-әрекет бірінен-

бірі жүйелі түрде орындалар, нәтижелі қорытындыға жету үшін, оқу танылым  іс-әрекетінің 

функционалдық алгоритмін білу керек.  

Оқу-танымдылық  іс-әрекетінің  психологиялық  ғылыми  концепциясын  ұсынғандар    -             

П.  Я.  Гальперин,  Н.  Ф.  Талызина,  Э.  Торндайн,  Б.  Ф.  Скинер,  Дж.  Миллер,  Е.  Галантер,                

М.  Прибрам.  Осы  аталған  ғалымдардың  ғылыми  зерттеу  жұмыстарының  нәтижесінде  ой-

әрекетін сатылай қалыптастыратын теория өмірге келді. Бұл теорияны іске асыру үшін оқу-

танымдылық  іс-әрекетінің  функциясы  мен  алгоритмі  арқылы  басқаруды  толық  біліп,  игрг 

керек  екендігін    В.  П.  Беспальконың  жоғарыда  атаған  еңбегінде  толық  дәлелдейді.  Бізде 

оның осы дәлеліне толық қосыламыз, себебі оқу танымдылық іс-әрекеті нәтижелі іске асыру 

үшін, шынында да алгоритмдік функцияларымен алгоритм басқару әдісін игеру керек.  

Оқыту  педагогикалық  технологияның  жүйесіне  кіретін  компаненттерін  жеке-жеке 

зерттеуге  көңіл  аударылады.  Ж. Т.  Дәулетбекованың,  М. в.  Матюхинаның,  М.  Мұқановтың 

ғылыми-зерттеу  жұмыстарында  тек  «мотивация»  проблемасы  зерттеледі  де,  оқыту 

педагогикалық  технологияның  жүйесіне  кіретін  компоненттерін  жеке-жеке  зерттеуге  көңіл 

аударылады. Ж. Т. Дәулетбекованың, М. В. Матюхинаның, М. Мұқановтың ғылыми-зерттеу 

жұмыстарында  тек  «мотивация»  проблемасы  зерттеледі  де,  оқыту  педагогикалық 



 

445 


технологияның  жүйесін  құрайтын  компоненттеріне  көңіл  аударылмайды.  Оқу-процесі 

педагогикалық  технологияның  барлық  компоненттерімен  бірге  қаралмаса,  онда  ол  толық 

ұтымды  нәтижеге  жете  алмайды.  Мысалы,  «Асан  қызық  кітапты  оқып  отыр»  деген 

сөйлемнің  бір  мүшесін  жеке  дара  алып,  жан-жақты  зерттейтін  болсақ,  онда  оқушылар  мен 

студенттер  сөйлем  туралы  толық  білімді  алды  деуге  болады  ма?  Оқу  педагогикасы 

технологиясының басқа компоненттерінен ажыратып тек «мотивация» компоненті бойынша 

ғылыми-педагогикалық  және  психологиялық  зерттеу  жұмысында  Ж.  Т.    Дәулетбекова 

мынандай 

қорытынды 

жасайды: 

«сапалы 

білімнің 

негізі 

– 

оқу 



мотивтері».                                   

Ж.  Т.  Дәулетбекованың  және  басқа  ғалымдардың  ғылыми-зерттеу  еңбектері  оқу 

педагогикасы  технологиясын  жүйелі  түрде  қарастыратын  болса,  тек  жеке-жеке  зерттелмес, 

оқу процесін ғылыми зерттеу жүргізетіндерге тигізер әсері болған еді.   

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 



 

1.

 



Мұхамбетқалиева  Ә.  Ә.  Оқу  мәтіндері  арқылы  қазақ  тілін  үйрету  әдістемесі.             

Канд. Дисс. Автореф. Алматы, 2001, 22 б.  

2.

 

Доскеева  Б.  Ж.  Қазақ  тілі.  Жоғары  оқу  орындарының  1-курсына  арналған 



(жалғастырушы топ), Алматы, 2000, 190 б.  

3.

 



Күзекова З., Құрманбайұлы Ш. Жусанбаева. Қазақ тілі, Алматы, 1998, 160 б.  

4.

 



Жұмабаев М. Педагогика, Алматы, 1992, 160 б.   



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет