Министерство образования и науки республики казахстан



Pdf көрінісі
бет67/90
Дата22.12.2016
өлшемі15,08 Mb.
#127
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   90

 

1. Е.М.Абақан Тілдің  мәдени философиясы: Монография.-Алматы: «Айкос». 

2.  Т.  Х.  Габитов    -  Мәдениеттану  [Текст]  :  окулык  /  толыктырылган  4-шi  басылым.                      

– Алматы : "Раритет", 2005 

3. Г. Есім.  « Ислам және өркениет» (№17. 11-20 маусым, 2009 ж., 8-9 бет) 

Түйін

 

Мақалада  тіл  мен  мәдениет  сабақтастығы,  ұлттың  салт-дәстүрінің,  жалпы 

дүниетанымының ұлт тіліне тигізер әсері    қарастырылған.   

 

 

 

КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ПОРТФОЛИО ТЕХНОЛОГИЯСЫН

 

 ПАЙДАЛАНУ ТӘЖІРИБЕСІНЕН

 

 

Сүйінкина Пиалаш Балтақызы

 

Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі 



Қостанай облысы, Рудный қаласы, Қазақстан 

 

472 


SRGK1940@mail.ru

 

 

Болашақ 



мамандардың 

колледж 


қабырғасынан 

қандай 


деңгейде 

шығатыны 

оқытушылардың  кәсіби  шеберлігіне  тәуелді  болмақ.  Елбасы  Н.  Назарбаев  атап 

көрсеткеніндей, «Тек жоғары сауатты, дарынды, дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты 

ұрпақ тәрбиелеп шығара алады. Бүгінде мұғалім балаларға білімдер жиынтығын беріп  қана 

қоймай, сонымен бірге, ең бастысы – оларды өмір бойы үйренуге үйретулері керек». 

 

Кәсіптік  білім  беретін  оқу  орындарында  мемлекеттік  тілді  студентердің  болашақ 



мамандығына  бейімдей  оқыту  бүгінде  қалыпты  жағдайға  айналды.Аталған  пән  білім 

алушылардың  қазақша  тілің  дамытуда  ғана  емес,таңдаған  кәсібіне  қатысты  жан-жақты 

мәлімет  беруді  көздейді.Яғни  кәсіби  тіл  дамыту  мен  тұлғаны  кәсіби  тұрғыдан  жетілдіру 

бірлікте 

қарастырылады. 

Әрине, 


бұл 

тұрғыда 


оқу 

бағдарламасымен 

шектеліп 

қалмай,білімгерлердің  өз  бетінше  ізденуіне  жетелейтіндей  технологоияларды  пайдаланған 

тиімді.Солардың  бірі  –  портфолио  әдісі.Қазіргі  жаһандану  дәуіріндегі  «өмір  бойы  оқып 

үйрену»  қағидасымен  үйлесетін,белгілі  бір  тақырыптар  төңірегінде  мәлімет,материал 

жинауды міндеттейтін портфолио туралы аз-кем түсінік беріп өтейік. 

«Портфолио»  термині  (portfolio-ағылшын  сөзі)  маңызды  істерге  немесе  құжаттарға 

арналған портфель, папка дегенді білдіреді. Ал итальян тілінен «құжаттар салынған папка», 

«маманның  папкасы»  деп  аударылады.  Бұл  сөз  педагогикаға  «министр  портфелі», 

«инвестициялар  портфелі»,  деген  тіркестер  қолданылатын  саясат  және  экономика 

салаларынан  енген.Портфолиоға  берілетін  анықтаманың  қалыптасқан,  көп  тараған  түрін 

келтірейік. Ол былайша түйінделген: «Портфолио – тұлғаның жеке жетістіктерін өз бетінше 

тіркеу, жинақтау және бағалау тәсілі». 

Болашақ  мамандар  үшін  кәсіби  қазақ  тілін  меңгеру  –  ол  кәсібіне  байланысты  білімді 

жинау,жүйелеу,жеткен жетістіктерін бағалау деген сөз. Бұл әрекет портфолио түрінде жүзеге 

асырылса,  тіл  үйренушінің  ұтылмасы  хақ.Портфолиомен  жұмыс  студенттің  бойында 

шығармашылық  ізденіс,  ақпаратпен  жұмыс  істеу,  қажетті  материалды  таңдай  білу  секілді 

қабілеттерді  дамытып,оны  ұқыптылыққа,табандылыққа  баулиды.Болашақ  маман  үшін 

портфолионың  пайдасы:  қажетті  мәліметтер  бір  жерден  табылады,  уақытты  үнемдейді, 

кәсіби  туралы  түсінігі  кеңейеді,  яғни  кәсіптік  білімі  тереңдейді,  кәсібінің  қыр-сырына 

қанығады. Студенттің танымдық қызметі жанданып, кәсіптік білім алуға деген белсенділігі, 

білім  сапасы,  тілді  үйрену  деңгейі  артады.Колледжде  білім  алушы  болашақ  мұғалімдердің 

тілдік  портфолиомен  жұмысы  туралы  аз-кем  тәжірибемізбен  бөлісіп  көрейік.  Ұлы  орыс 

педагогі  К.Д.  Ушинскийдің:  «Мұғалім  өмір  бойы  оқып-үйренуі  тиіс,  ол  ізденуін  тоқтатқан 

күні  мұғалім  болудан  қалады»  деген  өсиетінің  өзектілігі  бүгінде  арта  түскендей.  Ұлы 

тұлғаның  осы  бір  ұлағатты  сөзімен  таныс  болған  студент  өмір  бойы  оқып-үйрену,  әсіресе 

мұғалімге қажет екенін көңілге түйсе, екіншіден, оқып-үйрену үдерісінде портфолионың зор 

пайдасын сезінеді.  

Портфолионы  иесі,мамандығы  кім  екенін  көрсететін  сыртқы  беттен  өзге  мынадый 

бөлімдерге  бөлуді  жөн  санадық:  «Кәсіби  сөздер  әлемінде»,  «Ұстаздық  –  ұлы  сезім»,  «Жаңа 

педагогикалық технологиялар», «Жаңа дәуір мұғалімі атанғың келсе», «Ұлағатты ұстаздар». 

Әр  бөлімнің  атауынан  жинақталған  материалдың  ортақ  мазмұнын  аңғару  қиын  емес. 

Мәселен,  «Жаңа  дәуір  мұғалімі  атанғың  келсе»  бөлімінде  осы  тақырыппен  жарияланған 

түрлі  материалдар,  қазіргі  формация  мұғаліміне  қойылатын  талаптар  және  т.б. 

топтастырылса,  «Ұлағатты  ұсатаздарда»  елімізге  танымал  Р.Нұртазина,  Қ.Бітібаева, 

А.Миразова  сынды  тамаша  педагогтер  тағылымы  туралы  материалдар  жинақталған.Барлық 

бөлімді  сипаттап,  толық  жазу  мүмкін  де,  қажет  те  емес,  әйтсе  де    портфолионың  «Кәсіби  

сөздер әлемінде», «Ұстаздық-ұлы ұғым» бөлімдеріне қатысты ой-пікірімізді келтірейік.  

Кәсіби тілде сөйлеу үшін,алдымен болшақ маманның кәсіби сөздер қоры болуы тиіс. 

Оқытушы сөздік жұмысты болашақ маман қызығатындай, білімді өз бетінше меңгеруге 

жетелейтіндей етіп ұйымдастыра білгені абзал. 

Колледждердің  орыс  бөлімдерінде  оқытылатын  кәсіптік  қазақ  тілі  пәнінің  мақсаты  – 



 

473 


болашақ  мамандардың  білім,  біліктерін  өмір  қажетіне  жаратуын  көздеп,  тіл  дамыту  мен 

кәсіби  даярлықтың  тығыз  сабақтасуын  қамтамасыз  ету.  Болашақ  мұғалім  өзінің  кәсіби 

шеберлігінің  басты  компонентін  әдістемеге  қатысты  біліктілігі  құрайтынын  естен 

шығармаған  жөн.  Ол  үшін  оқушыларға,  мысалы,  «әдіскерлік»,  «әдістемелік»  сөздерімен 

тіркесіп,  оқу-тәрбие  үдерісінде  қалыптасып,  жалпы  қолданысқа  айналған  сөз  тіркестерін 

жинақтау жұмысы тапсырылады. Мысалы: 

                                    кабинет                                                          жұмыс 

әдіскерлік                   кеңес                      әдістемелік                   қоржын 

                                    шеберлік                                                       құрал 

Аталған  сөз  тіркестері  құрамындағы  әр  сөздің  мағынасы  студентке  түсінікті  болуы 

шарт,  әйтпесе  оны  кәсіби  тілдесімде  қолдана  алмайды.  Бұл  тұрғыда  орыс  ғалымы                           

Н. И. Жинкин былай дейді: «Слова – это имена вещей, явлений, событий, имена всего того, 

что есть и может быть в действительности... Если имя непонятно для слушающего, оно пусто 

– такого предмета нет. Любая вещь, даже воображаемая, к какой бы области сенсорики она 

не относилась, может стать заметной, если имеет имя». 

Шынында  да,  егер  заттың,  я  сынның  немесе  қимылдың  атын  білмесең,  ол  жайында 

мардымды  бірдеңе  айту  мүмкін  емес.  Сондықтан  студенттің  кәсіби  сөздер  мен  сөз 

тіркестеріне қатысты түсінігі кең, жан-жақты болуы шарт. 

Кәсіби  лексиканы  меңгертуде  жеңілден  ауырға  деген  дидактикалық  ұстанымды 

басшылыққа ала отырып, ұғымды тереңірек түсінудің бір жолы – сөздің толық сипаттамасын 

беру. Мысалы: 

Әдіскер  (методист)  –  оқу-тәрбие  әдісін  жетік  меңгерген  ұстаз.  Оның  міндеті  –  пәннің 

оқытылу  жағдайын  бақылау,  озат  мұғалім  мен  мектеп  тәжірибесін  жинақтап  тарату, 

өзгелерге әдістемелік көмек көрсету. 

Әдістеме (методика) – 1) әдістер жиынтығы; 2) оқыту немесе ғылымды зерттеу әдістері 

туралы  ілім;  3)  педагогиканың  жеке  пәндерден  берілетін  білім  көлемі  мен  мазмұнын 

негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін саласы. 

Әрине,  сөз  қолданысқа  жеке-дара  түспейді,  ол  сөз  тіркесі  құрамында,  сөйлем  ішінде 

жұмсалады.  Сондықтан  «әдіс»,  «әдістеме»,  «әдістемелік»  сөздерімен  сөз  тіркестерін, 

сөйлемдер  құрату  студенттің  белсенді  сөздігінің  молаюына  септігін  тигізеді.  Мысалы,  әдіс 

түрлерінің кластерін былайша бейнелеу әр тиімді, әрі көрнекі. 

 

 



 

 



Енді  «әдіс»,  «тәсіл» ұғымдарына қатысты студенттер жинақтаған бірқатар тұжырым, 

пайымдауларды  келтірейікӘдіс  –  оқыту  процесінің  өзегі,  ол  жобаланған  мақсат  пен  түпкі 

нәтиженің  арасын  қосатын  дәнекер.  «Оқыту  мақсаты  –  мазмұны  -  әдістері  –  формалары  – 

құралдары» жүйесінде оның орны негізгі, айқындаушы мәнге ие. 

(И. П. Подласый).  

б

а



я

н

д



а

у 

ә



ң

г 

і 



м

е

л



е

с

у 



ж

а

л



қ

ы

л



а

у 

ж



а

л

п



ы

л

а



у 

о

й



л

а

н



д

ы

р



у 

к               

ө

р

н



е

кі

лі



к 

с

а



л

ы

с



т

ы

р



у 

ж

а



т

т

ы



ғ

у 

т  



ү

с  


і   

н

ді



р

у 

    Әдіс-тәсілдер 



 

474 


 

Метод  –  это  обобщенная  модель  реализации  основных  компонентов  учебного 



процесса по иностранному языку, в основе которой лежит определенная доминирующая идея 

решения главной методической задачи. (М. В. Ляховицкий). 

 

методы  указывают  на  деятельность,  организуемую  учителем  и  осуществляемую 



учащимся в обучении иностранному языку. Приемы – это конкретное содержание действий с 

учебным материалом.(Г. В. Рогова, И. И. Верещагин). 

 

Оқыту тәсілі, әдетте, әдістің құрамдас бөлігі немесе жекелеген бір қыры болып  келеді 



 (Ш. Әбдиева).     (Педагогика және психология сөздігінен). 

Әдіс,  тәсіл  туралы  осы  және  тағы  басқа  анықтамалар  студент  жұмыс  істейтін  әр 

компьютерде  жинақталып  тұрса,  құба-құп.  Онда  оқушы  бірнеше  мәрте  қайталап  оқып,  бұл 

ұғымдардың  негізгі  мәнін  ойша  топшылап,  өз  түсінігін  дәлдей,  нақтылай,  айқындай  түседі. 

Әркім өз пікірін ортаға салып, қай тұжырымды мақұлдайтынын білдіреді. 

Жасыратыны  жоқ,  кәсіби  білім  ордасына  түскен  жастардың  көпшілігінің  өздігінен 

білім  алу  дағдысы  қалыптаспаған.  Сондықтан  болашақ  маманға  колледж  қабырғасында 

қазіргі дәуір педагогіне тән болуы тиіс қасиеттерді сіңіруіміз қажет. Бұл міндет кәсіби тілді 

дамытудың  барлық  мәселесіне,  оның  ішінде  студенттің  сөздік  қорын  байытуға  да  қатысты 

жүзеге асырылады. Сөздік қорды үнемі байытып отыру – тіл дамытудың негізгі мәселесі. 

Белгілі  әдіскер-ғалымдар  Н.  Оралбаева  мен  К.  Жақсылықова  жаңа  сөздерді  меңгерту 

үшін, келесі міндеттерді орындау шарт деп санайды: «...біріншіден, жаңа сөздер мағынасын 

оқушыға  анық  түсіндіру;  екіншіден,  жаңа  сөздің  оқушы  есінде  сақталуын  қамтамасыз  ету; 

үшіншіден,  жаңа  сөзді  қолданыста  меңгеру,  яғни  жаңа  сөзді  қолдану  дағдысын 

қалыптастыру,  төртіншіден,  жаңа  сөздің  айтылуы  мен  жазылуын  меңгеру;  бесіншіден, 

сөздікпен жұмысқа үйрету». 

Кәсіптік  қазақ  тілі  сабақтарында  атқарылатын  түрлі  жұмыс  барысында  студент 

жастардың болашақ мамандығына байланысты жиі қолданылатын кәсіби терминдер мен сөз 

тіркестері  ұшырасады,  алайда  олардың  көпшілігі  оқушыларға  таныс  емес.  Ол  үшін 

студенттерге  педагогикалық  терминдердің  қысқаша  түсіндірме  сөздігін  жасатқан  пайдалы 

мұнда болашақ мұғалімдер міндетті түрде білуі тиіс мынадай сөз тіркестері жинақталуы тиіс: 

-  Әдістемелік  әзірлеме  (методическая  разработка)  –  сабақ  өткізуді  қамтамасыз  ететін 

барлық  материалдардың  кешені.  Ә.  ә.  Сабақ  жоспарын  не  сабақтың  қысқаша  жазбаша 

жоспарын  қамтиды.  Мұнда  берілген  сабақ  немесе  сабақтар  сериясын  әдістемелік  тұрғыдан 

қамтамасыз ету көзделеді. 

-    Әдіскерлік  кеңес  (методический  совет)  –  белгілі  бір  оқу  орны  бойынша  пән 

бірлестіктерінің  жұмысын  басқарушы  орган.  Ә.  к.  Ұйымдағы  пәндік  жұмыс  бағдарламаларын, 

жұмыс жоспарын және т. б. мәселелерді қарап, ғылыми кеңеске ұсыныс береді. 

  Мұндай  сөздікті  оқушылар  үнемі  толықтырып,  әрі  әлсін-әлсін  онымен  жұмыс  істеп 

(оқып, қайталап, сөйлеуде пайдаланып) отыруы тиіс. Оқытушы да өз тарапынан тапсырмалар 

беріп,  бұл  сөздер  мен  сөз  тіркестерінің  студенттердің  белсенді  сөздігіне  айналуына  жағдай 

жасауы, бағыт-бағдарлық тапсырмалар, іздендіру сұрақтарын беруі шарт.  

  Мысалы,  студенттер  өздері  үйренген  кәсіби  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  қолданып, 

түрлі жағдаятта ой өрбітуі үшін, мынадай тапсырмалар беруге болады. 

1  –  жағдаят.  Сіз  педагогикалық  практиканы  өтуге  қаладағы  №10  мектепке  барасыз. 

Әдіскеріңіз  сізге  практика  соңында  әдістемелік  қоржын  (методическая  копилка)  тапсыру 

қажеттігін айтты. Әдістемелік қоржын дегеніміз не? Оған не саласыз? 

2  –  жағдаят.  Сізге  педпрактика  кезінде  ашық  сабақ  өткізу  сеніп  тапсырылды.  Әрі  ол 

дәстүрсіз  (үйреншікті  емес)  сабақ  түрі  болуы  керектігі  айтылды.  Сіз  не  істейсіз?  Өз 

жауабыңызда  «әдіскерлік  кабинет»,  «әдістеме  бірлестігі  мұғалімдерінің  жетекшісі», 

«ғылыми-әдістемелік  журнал»,  «жаңа  педагогикалық  технологиялар»  секілді  тіркестерді 

пайдаланыңыз. 

3  –  жағдаят.  Педпрактика  қорытындыларына  арналған  конференцияда  сізге  сабақ 

фрагментін  көрсету  қажет  болды.  Сабақтың  қай  кезеңін  көрсетесіз  және  онда  қолданылған 

әдіс-тәсілдерді неліктен тиімді санайсыз? 


 

475 


Студенттердің  болашақ  мамандығы  төңірегінде  жүргізілетін  қатысымдық  бағыттағы 

осындай  жұмыстар  олардың  сөздік  қорын  бекітіп,  белсенділігін  арттырады,  өз  бетінше 

ізденуге  ұмтылдырады.  «...Білім  беру,  біріншіден,  елжанды  азамат  тәрбиелеуге  ықпал  етуі 

тиіс,  екіншіден,  білім  беру  бәсекеге  қабілетті  және  ұдайы  ізденісте  болатын  адамды 

тәрбиелеуге ықпал етуі керек»,- дейді ғалым Т.Қожамқұлұлы. 

 

Кәсіби тілдің дамытудың тиімді бір жолы – кәсіпке қатысты мақал-мәтелдермен жұмыс 



жүргізу. Мақал-мәтелдер студенттерді сөз қадірін білуге, тілді саналы меңгеруге баулып, ой 

өткірлігін арттырады, тіл байлығын молайтады.  

Тәлім-тәрбиелік, әрі кәсіптанымдық маңызы зор, болашақ мамандығы үшін мақтаныш 

сезімін  ұштайтын  мақал-мәтелдерді  жинастырып,  компьютер  арқылы  көрнекі  етіп  басып 

шығарып,  қажет  кезінде  тәжірибеде  пайдалануына  кеңес  беру  оқушыны,  сонымен  қатар, 

ұқыптылыққа, кәсібіне қатысты құнды мәліметтерді жинастырып жүру дағдысына ие болуға 

баулиды.  Студенттердің  «Қазақтың  мақал-мәтелі»  кітабынан,  мерзімдік  педагогикалық 

басылымдардан тауып, жинақтаған бірнеше мақал-мәтелін келтірейік, олар: «Кітап – ғалым, 

тілсіз мұғалім», «Білім берген мұғалім - өмірдегі зор ғалым», «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы», 

«Шәкірті  келеді  зейінді,  ұстазы  болса  бейілді»,  «Қыран  түлегіне  қайтпас  қанат  сыйлайды,  ұстаз 

шәкіртіне  талмас  талап  сыйлайды»,  «Ұққаның  жақсы  болса,  жақының  көбейеді,  ұстазың жақсы 

болса, ақылың көбейеді», «Шәкірт болмаған ұстаз да болмас» және т. б.  

Cтуденттер  осы  нақыл  сөздердің  мағынасын  ашып,  ұстаздықтың  мәнісіне  үңіледі. 

Кейін  тәжірибеде:  сөйлеу  барысында,  шығарма  жазғанда,  мәтіннің  мазмұнын  айтқанда, 

мақал-мәтел  сайысында  т.  б.  с.  с.  жағдайларда  -  пайдаланады.    Әйтеуір,  білгеннің  артығы 

болмайды.  Сондай-ақ  ұлы  тұлғалардың  мұғалімге,  ұстазға  қатысты  аталы  сөздері  де 

студентке  ой  салады,  оның  маман  ретінде  қалыптасуына  игі  әсерін  тигізеді,  мұғалімнің 

шынайы  образының  сомдалып,  жас  толқынның  соған  еліктеуіне  жетелейді.  Сонымен  бірге 

келешекте  өздеріне  жүктелер  жауапкершілікті,  сенімді  сезінуіне,  қойылар  талапты  осы 

бастан ұғынуына жол ашады.  

Студенттердің кәсіби сөздік қорын байыту, мамандығына байланысты қанатты сөздерді 

жадында  сақтап,  біліп  жүруі  үшін,  атақты  адамдардың  афоризмге  айналған  өсиет  сөздерін 

«Ұстаздан  –  ұлағат»  айдарымен  топтастырып,  кабинеттің  көрнекі  жеріне  іліп  қойып,  қажет 

кезінде  пайдалануға  болады.  Мамандықтың  қыр-сырын,  қадір-қасиетін,  мәртебесін 

бейнелейтін,  мұғалім  туралы  айтылған  салиқалы  ой-пікірлерді  болашақ  мамандар  колледж 

қабырғасында  біліп  жүргені  абзал.  Тағылымы  мол,  мәңгілік  мәнін  жоймайтын  нақыл 

сөздердің  бірқатары  мыналар:  «Ұстазды  еткен  жалықпас  үйретуден  балаға»,  «Шәкіртсіз 

ұстаз  –  тұл»  (Абай),  «Ұстаздық  –  ұлы  ұғым»  (М.  Әуезов),  «Қазақтың  қаны  бір,  жаны  бір 

жолбасшысы  –  мұғалім.  Еліміздің  аз  ғана  жылдық  ояну  дәуіріне  баға  беру  үшін,  алты 

алаштың  баласы  бас  қосса,  қадірлі  орын  –  мұғалімдердікі»  (М.  Жұмабаев),  «Мұғалім  –  зор 

тұлға,  ол  күннің  құдіретті  сәулесі  сияқты»  (К.  Ушинский),  «Ұстаз  білімді,  өмірге  құштар, 

әділ, қажет десең, ержүрек  болуы керек».(Әл-Фараби), «Сен ешбір жаңа нәрсе меңгермеген 

және  біліміңе  ештеңе  қоспаған  осынау  күнді  немесе  сағатты  бақытсыз  сана»  (Я.  А. 

Коменский), «Маған жақсы мұғалім бәрінен  де қымбат, өйткені ол – мектептің жүрегі» (Ы. 

Алтынсарин), «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді» (А. Байтұрсынұлы), «Мұғалім өзінің 

білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті, сырт пішінімен, киген киімімен 

де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді» (М. Ғабдуллин) және т. б.  

Қоғамда  «орындаушы»  адамнан  гөрі  «шығармашыл»  адамға  деген  сұраныстың  көп 

екендігін қазіргі өмір талабы дәлелдеп отыр. Ж. Баласағұн, Әл-Фараби, Абай өз еңбектерінде 

адамның жеке басын, қабілетін дамыту қажеттігін атап көрсеткен. 

Портфолионың 

бөлімдерін 

толықтырып, 

жаңғыртып 

отырған 

жөн. 


Алайда 

материалдардың 

басымы 

ғылымға 


негізделген, 

нақтыланған 

мәліметтердерден 

тұратындықтан,  оларды  тұрақты  пайдалануға  болады.  Оқытушы  студенттер  портфолиосын 

жинап  алып,  қарап  шығады.  Таңдауларын  іріктеп,  атап  өтеді.  Портфолионы  қорғау  кезінде 

оның  иесіне  сұарақтар  қойылып,  оның  берген  жауаптары  тыңдалады.  Мәселе  бойынша 



 

476 


өзгелерге  толықтыруға,  пікір  айтуға  болады.Кейін  оқу  бітіргенде,жас  маман  осы 

портфолионы кәсіби қызметінде пайдалана алады. 

   

             



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 

 

1.  Н.  Назарбаев.  «Қазақстан  экономикалық,әлеуметтік  және  саяси  жедел  жаңару 

жолында» Жолдауы – Астана,2005, 18-21-бб. 

2. Н.И. Жинкин Речь как проводник информации- Москва, 1992, стр.92. 

3.  Л.С.  Колодкина.  Портфолио  студентов  в  условиях  педагогической  практики. 

«Школьные технологии», №3, 2008 стр.129 

4.    Ж.А.  Караев.  А.К.Калмагамбетова,  Портфолио  учебных  достижений  учащихся  как 

средство повышения качества обучения. «Білім. Образование». №1, 2008, стр.79-82 

5.  Т. Новикова, Е.Федотова, Портфолио и изменение концепции деятельности школы,  

содержания и методов обучения. «Народное образование». №8, 2009, стр.178-183 

6.  Оралбаева,  К.  Жақсылықова.  Орыс  тіліндегі  мектептерде  қазақ  тілін  оқыту 

әдістемесі:    А., 1996 

7.  Т. Қожамқұлов. Ректор лекциясы.- «Егемен Қазақстан» газеті, 29.12.2006 

 

Резюме



 

Автор  в  своем  докладе  делится  опытом  применения  технологии  портфолио  для 

развития  профессионального  казахского  языка  студентов-  будущих  учителей  русского 

отделения колледжа. 

 

The author in her report shares her experience of using the portfolio methodology in teaching 



professionally – oriented Kazakh to the students of Russian department  

 

 



 

 

 



 

 

ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІНІҢ 



 

ҚАРЫМ

-ҚАТЫНАС ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ 

 

Төлегенова Р.Т.

 

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ 

Алматы, Қазақстан 

 

Қазақстанда  қоғамдық  қатынастардың  жаңа  қатынастарға  көшу  жағдайында  жоғары 

оқу  орындары  студенттерін  даярлау  мәселесі  барынша  маңызды  бола  түседі.  Осы  мәселені 

шешудің  тиімді  шешімі  болашақ  инженерлерді  өндірістік  технологиялар  мен  осы  заманғы 

техника  мен  жұмысқа  ғана,  оқытуға  ғана  емес,  сондай-ақ  техника  сала  мамандарының 

қарым-қатынас әлеуетінің дамуына да байланысты. 

Қазақстандағы 

әлеуметтік-экономикалық 

жағдайлар 

инженерлерден, 

өндірісті 

ұйымдастырушылар мен басшылардан тіл табысу, жұмыстың жаңа жағдайларына бейімделе 

білу мен бірлескен қызмет үрдісінде адамдар арасындағы қатынастарды реттей білуді талап 

етеді. Өндірістегі маманға үлкен ақпарат ағынымен жұмыс істеуге тура келеді, маман оларды 

дұрыс  қабылдай,  өңдей  бере  білуі  керек,  мұнсыз  бұны  жеке  қарым-қатынас  резервтерінсіз 

жасау мүмкін емес. 

Өзіміз жүргізген зерттеулер техникалық университетке түскен сәтте де, сонымен қатар 

оны  бітірген  сәтте  де  қарым-қатынас  әлеуеті  дамуының  деңгейі  жеткілікті  төмен  екендігін 



 

477 


көрсетті.  Көптеген  студенттердің  ақпарат  пен  жұмыс  дағдылары  жоқ,  үздіксіз  өзін-өзі 

дамыту мен өзін-өзі жетілдіруге мұқтаждықты сезінбейді. 

Мамандардың  ашылмаған  қарым-қатынас  әлеуеті  олардың  кәсіби  қарым-қатынас 

дағдылары 

мен 

шеберліктерін 



жетілдіру 

қажеттігін 

туғызды. 

Техникалық 

сала 

мамандарының  көптігіне  байланыс  қоғамдық  емес  ЖОО-да  бұл  мәселе  ерекше 



көкейкестілікке  айналып,  кәсіби  қарым-қатынастық  даярлық  қажет  болып  табылады.  Оның 

негізі қоғамдық пәндерді оқыту үдерісінде бастапқы курстарда қаланады. Техникалық білім 

беруді  ізгіліктендіру  туралы  мәселе  бүгінгі  күндері  аса  көкейкесті  болып  табылады. 

Мәдениеттің техногендік үлгісін туғызу жеке  адамның рухани жұтауына алып келеді,  білім 

беруді  ізгіліксіздендіру  өтеді,  ол  болашақ  инженерлерде  тек  кәсіби  шеберліктер  мен 

дағдыларда  ғана  орнықтырады.  Осыған  байланысты  техникалық  сала  мамандарының  жеке 

басын  дамыту  туралы  мәселе  өте  өткір  қойылып,  оған  жоғары  кәсібилік  жемісті  қарым-

қатынасты жүргізе білумен орайласады. 

Болашақ инженердің жеке басының дамуын табысты жүзеге асыру үшін әрі оқылатын 

қоғамдық  тұрғыдағы  пән  студенттің  қарым-қатынас  резервін  дамытатында,  сол  арқылы 

техникалық  білімге  «қоғамдық»  негізді  қалауы  және  алдағы  қызметке  маманды  даярлауы 

қажет. Нақ қоғамдық пәнде, оның ішінде шет тілі инженерлік білімнің ажырамас бөлігі бола 

отыра, жеке адамның әлеуеттік мүмкіндігін ашуға қызмет етеді, инженерлік шығармашылық 

шегін  кеңейтеді.  Болашақ  маманның  қарым-қатынастық  және  өзге  де  «маңызды»  қасиетін 

қалыптастырады  және  дамытады.  Халықаралық  қарым-қатынастың  орнауы,  сөз  жоқ, 

халықаралық  қарым-қатынаста,  мәдени  және  ақпараттық  алмауға  алып  келеді,  сондықтан 

ЖОО-да  шет  тілдерін  оқу  үлкен  маңызға  ие  болады.  Халықаралық  байланыстар  мен 

компьютерлік  технологияның  дамуына  шет  тілін  білетін  маман  өндірісте  барынша  бағалы 

бола  түседі,  өз  мамандығының  беделін  арттырады,  сондай-ақ  жеке  кәсіби  көзқарасын 

кеңейтеді.  Білім  берудің  жаңа  доктринасының  арқасында  болашақ  инженерлерді  даярлау 

үшін жаңа мүмкіндіктер пайда болады. 

Болашақ  инженерлерді  қарым-қатынас  шеберліктерін  дамыту  мәселесін  көптеген 

педагогикалық зерттеушілер көрсеткен болатын (Е.Е.Боровкова, В.И.Загвязинский, Э.Ф.Зеер, 

Н.Б.Кузьмина,  М.Б.Семышев  және  басқалар)  және  жеке  адам  қарым-қатынасының  қандай 

болу  тиістілігі  туралы  мәселе  де  кеңінен  талқылау  нысанасы  болып  табылады.  Алайда, 

«қарым-қатынас  әлеуеті»  түсінігі  педагогикалық  айналымға  салыстырмалы  жақын  уақытта 

ғана кірді, ал сол уақыттарда шығармашылық, акциологиялық, ізгіліктік әуелеттерге біршама 

жұмыстар арналды (М.В.Колосова, С.Г.Кулагина, Л.В.Моисеева, В.Г.Рындак, Н.Д.Ряховских 

және  т.б.).  Қарым-қатынас  әлеуетінің  мәнін  кейбір  зерттеушілер  ғана  анықтайды 

(А.А.Кидрон,  Р.А.Максимова,  В.В.Рыжов),  ал  ЖОО  техникалық  студенттерінде  қарым-

қатынас әлеуетін дамыту жалпы аз зерттелген сала болып табылады. 

Техникалық  ЖОО  студенттерінде  қарым-қатынас  әлеуетін  дамытудың  жай-күйін 

талдау,  олар  өндіріс  үдерісіндегі  қатынастарды  құра  алатын  қоғамның  қарым-қатынас 

әлеуетін  дамытудың  жоғары  деңгейі  бар  мамандарға  қоғам  мұқтаждығы  мен  техникалық 

ЖОО-да оқу уақытында оның дамуын аша түсетін мәселелердің жеткіліксіз теориялық және 

практикалық  әзірленбеген  мәселелер  арасындағы  қарама-қайшылықты  анықтауға  мүмкіндік 

берді. 

Осы  қарама-қайшылық  зерттеу  мәселесін  анықтауға  мүмкіндік  берді,  олар  мынандай 



ретпен  тұжырымдалуы  мүмкін:  техникалық  ЖОО  студенттерінің  қарым-қатынас  әлеуетінің 

тиімді дамуын қамтамасыз ететін педагогикалық шарттар қандай болуға тиіс? 

Теориялық,  сондай-ақ  практикалық  тұрғыдағы  көрсетілген  қарама-қайшылықтардың 

шешілуін іздеу, зерттелетін мәселенің көкейкестілігі, педагогика оны ашудың жеткіліксіздігі, 

зерттеу  тақырыбын  таңдауды  анықтады:  «Техникалық  университет  студенттерінің  қарым-

қатынас әлеуетін дамыту». 

Жоғары  мектепте  қоғамдық  пәндерді  беру  тәжірибесін  зерттеу,  философиялық  және 

психологиялық,  педагогикалық  әдебиетті  талдау  негізінде  зерттеу  объектісі,  пәні,  мақсаты 

мен міндеттері тұжырымдалды. 


 

478 


Зерттеу объектісі – болашақ инженерлерді кәсіби даярлау үдерісі. 

Зерттеу  пәні  –  қоғамдық  сала  пәндерін  оқу  кезінде  техникалық  университет 

студенттерінің қарым-қатынас әлеуетін дамыту. 

Зерттеу  мақсаты  –  техникалық  ЖОО  студенттерінде  қарым-қатынас  әлеуетін  дамыту 

үлгісін әзірлеу және сынақтық тексеру. 

Белгіленген  мақсатқа  сәйкес  зерттеу  болжамы  болашақ  инженерді  кәсіби  даярлау 

үдерісінде  қоғамдық  пәндерді  оқыту  кезінде  болашақ  инженердің  қарым-қатынас  әлеуетін 

дамыту,  егер  ол  төмендегі  педагогикалық  шарттармен  қамтамасыз  етілетін  тиімді  жұмыс 

істеу үлгісінің шегінде өтетін болса, барынша жемісті болады дейтін қорытындыға сүйенеді: 

―  студенттердің  танымдық  дербестігі  мен  белсенділігін  танытатын  жеке  қарым-

қатынас тапсырмаларын орындаумен; 

― білім беру үдерісінде әлеуеттік ықпал ахуалын дамытумен; 

―  пікірсайыс  клубының  сабақтарында  ақпарат  пен  негізгі  алгоритмдік  іс-әрекетті 

пысықтаумен. 

Болжамның ұсынылуына ерекшеленген объектіге, зерттеу пәніне, жұмыстағы қойылған 

мақсатқа сәйкес мынандай міндеттер қойылып шешілді: 

―  студенттерде  қарым-қатынас  әлеуеті  құрылымын,  мазмұнын  мәселесін  шешуге 

қазіргі ұстанымдарды талдау негізінде нақтылау мен анықтау; 

―  техникалық  университет  студенттерінде  қарым-қатынас  әлеуетін  дамытудың 

компоненттерін, байланысы мен мазмұнын теориялық әзірлеу және сынақтық тексеру; 

―  осы  үлгінің  өмір  сүруі  мен  тиімді  жұмыс  істеуінің  педагогикалық  шарттарының 

кешенін негіздеу және сынақтық тексеру; 

― студенттер мен оқытушылар үшін оларды қарым-қатынас қызметіне, студенттердің 

қарым-қатынас әлеуетін дамыту жөніндегі оқу-әдістемелік құралдарға тарту. 

Шынайы  әлемнің  жалпы  байланыстары  мен  құбылыстарының  тұтастығы  туралы 

диалектиканың  негізгі  ережелері  зерттеудің  методологиялық  негізін  адамның  психикалық 

қызметінің,  оны  қалыптастыру  мен  дамыту  үдірісінде  жеке  адамның  белсенділігі  мен 

жетекші  рөлінің  әлеуметтік  табиғаты  туралы  философиялық  ережелер,  қызмет  үдерісінде 

адамның кәсіби қабілетін дамыту туралы ережелер құрайды. 

Екінші  кезеңде  (1999-2000жж.)  педагогикалық  сынақ  өткізілді,  оның  барысында 

болашақ мамандарды қарым-қатынас әлеуетін дамытуды қамтамасыз ететін теориялық және 

практикалық  даярлау  шарттары  зерттеліп,  жүзеге  асырылды.  Зерттеудің  негізгі  әдістері: 

теориялық  –  педагогикалық  үлгілеу;  әлеуметтік  –  сұхбат,  сауалнама,  тест,  сұхбат  алу; 

эмпирикалық – педагогикалық сынақ. 

Үшінші кезеңде (2000-2002жж.) зерттеу нәтижелерін өңдеу, талдау жүзеге асырылады. 

Сынақ  жұмысы  мәліметтері  қорытындыланып  жүйеленді.  Жекелеген  теориялық  ережелер 

нақтыланды,  практикаға  шет  тілі  сабақтарында  студенттердің  қарым-қатынас  әлеуетін 

дамыту әдістері мен тәсілдері практикаға енгізілді. Зерттеу нәтижелерін рәсімдеу аяқталды, 

оқытушылар мен студенттерге ғылыми-әдістемелік ұсыныстар әзірленді. 

Зерттеудің  осы  кезеңдегі  негізгі  әдістері  жиналған  материалдарды  өңдеу  мен 

түсіндірудің  мынандай  әдістері  болды:  статистикалық  әдістер  –  (пысықтау)  ранжирлеу; 

графикалық әдістер – коэффициенттерді есептеу, кестелерді толтыру. 

Зерттеудің  ғылыми  жаңашылдығы  техникалық  университет  студенттерінің  қарым-

қатынас әлеуетін дамытудың үлгісін теориялық әзірлеуде; оның өмір сүру мен тиімді жұмыс 

істеуін  қамтамасыз  ететін  педагогикалық  шарттарын  негіздеу  мен  сынақтық  тексеруде 

жатыр. 


Жұмыстың теориялық маңыздылығы мыналарда: 

1) «студенттің қарым-қатынас әлеуеті» құрылымын, мазмұнын нақтылау және түсінігін 

анықтау; 

2)  қоғамдық  пәндерді  оқыту  кезінде  студенттер  үшін  жеке  қарым-қатынастық 

тапсырмаларды жүйелеу. 


 

479 


Зерттеудің  практикалық  маңызы  «қарым-қатынастық  ел  тану»  оқу  құралына,  арнайы 

курс  бағдарламасына  тапсырмалар  мен  әдістемелік  нұсқауларды  қамтитын  қарым-қатынас 

әлеуетін дамыту бойынша ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу болып табылады. 

Қорғауға төмендегі ережелер енгізілді: 

1. техникалық ЖОО студенттерінің  қарым-қатынас әлеуетін дамытудың жүйе құрушы 

компоненттері ретінде көрінетіндер: 

–  дәлелдемелік топтама; 

 



қарым-қатынас қызметіндегі субъектілік тәжірибе топтамасы; 

2.  қарым-қатынас  әлеуетін  дамыту  үлгісінің  тиімді  жұмыс  істеуінің  педагогикалық 

шарттарының кешенін мыналарды қамтиды: 

–  студенттердің  танымдық  дербестігі  мен  белсенділігін  дамытатын  жеке  қарым-

қатынас тапсырмаларын орындау; 

– білім беру үдерісінде әлеуметтік ықпалдастық ахуалын дамыту; 

–  пікірсайыс  клубының  сабақтарында  ақпарат  пен  жұмыстың  негізгі  алгоритмдік  іс-

әрекетін пысықтау. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет