Министерство образования и науки республики казахстан



жүктеу 15.08 Mb.
Pdf просмотр
бет63/90
Дата22.12.2016
өлшемі15.08 Mb.
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   90

 

Резюме

 

Современный  уровень  социально-экономического  развития  общества  диктует 

необходимость 

осуществления 

специалистами 

коммуникативной 

деятельности 

на 


государственном  языке  во  всех  сферах  промышленности,  совершенствования  и  развития 

своей  языковой  и  профессиональной  подготовки,  использования  связанной  с  профессией 

литературы на казахском языке. 

 

 

Therefore the Kazakh  language teachers^ main objective is to enlarge students^ professional 

vocabulary to provide professional training as well as communicative activity in the state language. 

 

 



 

"ҚОЗЫ КӨРПЕШ-БАЯН СҰЛУ" ЖЫРЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ 

                                                                                                                                                                              



Мамекеева  Ырыскүл Құсайынқызы

 

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ 

 

Махаббат  -  адам  өмірінің  негізгі  тірегі,  марқауы.  Әуелі  жалғыз  адам  ғана  емес,бүкіл 



тіршілік  дүниесінің,барлық  тәңірі  жаратқан  он  сегіз  мың  ғаламның  негізінде  жаратқан  ең 

қуатты да қозғаушы күш-махаббат. 

 Адал махаббатың тірегі-имандылық,таза жүрек, үлкен рух. Шынайы сезімсіз махаббат жоқ.   

 Махаббат, достық, адамгершілік адам өмірінің бар кезеңдерінде,адамзат басынан келіп 

өткен  бір  замандарда  адамға  мықты  тірек  болып  келеді.  Қазақ  халқы  ертеден  жақсылық 

атаулыны  дәріптеп,ұрпақтан-ұрпаққа  мұра  етіп  отырған  ауыз  адебиетінің  кейбір  жанырын 

алсақ,одан  халық  арманын  көреміз.  Халық  қиялынан  туындаған  осындай    мұралардың 

астарынан  терең  сырды  байқауға  болады.Жырды  оқи  отыра  біз  өмірдің  бір  әдемі  жан 

сүйсінерлік  жағына  қуана  қарасақ,енді  бірде  керісінше  зұлымдық,теңсіздік  сияқты  келеңсіз 

жағынан  жиіркенішпен  қараймыз.  Ескілік  дәуірде  тағдыр  тәлкегіне  ұшыраған  күресі  қоғам 

өмірінен  тыс  суреттелмейді.Жастар  өмір  сүріп  отырған  ортадағы  бір-біріне  қарама-қайшы 

екі  топтың  күресі  арқасында  жаңа  қоғамға  сапар  шегу  басталмақ.  Яғни,осы  жерде  өткені 



 

446 


болмай,келешек болуы мүмкін емес деген қарапайым қағиданың пердесі ашылады. 

Қазақ  халқының  ғашықтық  жыры  -"Қозы  Көрпеш-Баян  сұлудың"  шығу  тегі,тарихы 

және  көркемділік  шындығы,  айтушылары,  вариант-нұсқаулары,  жинаушылар,  поэтикалық 

ерекшеліктер т.б.жөнінде зеріттеулер бірнеше ғасырлар бойында жүргізіліп келеді. 

Бұл  дастан  орта,жоғары  мектеп  бағдарламаларына  енген.  Атақты  суреткер 

Ғ.Мүсіреповтың  жыр  сарынымен  жазылған  трагедиясына  жұртшылық  театр  сахналарынан 

да,кино  экрандарынан  да  қанықты."Қозы  Көпеш-Баян  сұлу"  жырының  мәтіні  және  кітап 

болып әденеше рет басылып шыққаны да бәрімізге белгілі. 

  Енді осы жырды студенттерге сабақ барысында оларға өнеге ете отырып жырға деген 

қызығушылықтарын,танымдық  белсенділігін,сүіспеншілік  ынтасын  арттыру  үшін  "Қозы 

Көрпеш-Баян  сұлу"  жайлы  "Махаббатсыз  -  дүниеге  бос"  атты  тақырыпта  пікір-сайысты 

ұсынуға болады.Студенттерді екі топқа даттаушы "Достық" және жақтаушы "Махаббат" деп 

бөлеміз.  

Бұл  екі  топ,  даттаушы  «Достық»тобы,  қазіргі  кезде  «Қозы  мен  Баянның  махаббаты 

жоқ»деген контррезалюциясын, ал жақтаушы «Махаббат» тобы «Қозы Көрпеш-Баян сұлуды 

махаббаты  бар»  дегенді  ұсынады.  Ал,  енді  екі  топ  өздерінің  пікірлерін  нақты  дәлелдермен 

қорғап шығуы керек. 

1.Даттаушы топ «Достық»: 

1.-пікір: Қазіргі кезде «Қозы мен Баянның» махаббатындай сүйіспеншілік, махаббат жоқ.  

1.-дәлел:  «Қозы  Көрпеш  Баян  сұлу»поэмасы  қазақ  лира-эпостарының  ішіндегі  ең 

көнесі. Ол 13-14 ғасырдан бастап жырланған. Ал біз 21 ғасырда өмір сүріп отырмыз. Қазіргі 

жастарда  махаббат  жоқ.  Көбісі  заман  ағысымен,  өзіне  жағдай  жасау  үшін  қосылады.  Сол 

себепті, бұл жұптардың көбісі ұзаққа бармайды. Ажырасып тынады. 

2. Жақтаушы топ «Махаббат» 

1 .-пікір: Қазіргі кезде неге «Қозы мен Баянның» махаббаттары жоқ дейміз,бар. Себебі 

олар  өмір  сүрген  заманда  халық  «Қозы мен Баяндай  бір  моллада  өлсем-ай»  деп,  өмір  сүріп 

жатыр емес пе? 

3. Даттаушы топ «Достық» 

2.-пікір: «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында жастардың бас бостандығы. Бұл халықты 

ғасырлар  бойғы  арманы.Қозы  мен  Баянның  сүйіспеншілігі  халықтың  осы  ежелгі  арман-

мүддесі. 

2.-дәлел:  Сондықтан  қазіргі  кезде  халықта  ондай  арман  жоқ.  Себебі  барлығы  да 

жастардың  билігінде.Бірақ  жастарда  шын  сүйіспеншілік  жоқ.  Жастар  барлығына  жеңіл 

қарайды.  «Қозы  мен  Баянның»  сүіспеншілігін  романтика  деп  біледі.  Ескіліктің  қалдығы 

деген көзқарас қалыптасқан. 

3. Жақтаушы топ «Махаббат» 

3.-пікір:  Халық  Қозы  мен  Баянды  бір  ағаштың  қос  шынары  сияқты  көреді.  Екеуінің 

есімі бірдей аталады. 

2.-дәлел:Өйткені екуі де еркін махаббатты аңсаған халық арманының көрінісі. Көрпеш 

қазақтың  ақ  махаббатын,  асыл  жарын  іздеген  ұлы  болса,  Баян  алтын  айдар,шоқ  белбеу 

сүйген жігітіне өзеркімен қосылуды аңсаған қыз бейнесі. Қазіргі кезде Баяндай қыздарымыз, 

Қозыдай  ұлдарымыз  бар.  Себебі  өздеріңіз  қараңдаршы,  біздің  елде  сүйіп  қосылған  адамдар 

болмаса, еліміз бақытты болар ма еді? Біздер сол сүйіспеншіліктің ұл қыздары емеспіз бе? 

4. Ақтаушы топ «Достық» 

4.-пікір:  Екі  жастың  қосылуына  бірінші  кедергі  болған  да  тас  бауыр,  мал  құмар  әке  –

Қарбай. 


4.-дәлел:Біздің пікірімізше де қазіргі кезде Қарабайлар әлемі бар. Себебі бұрынғы салт- 

дәстүріміз  деп,  құда  түсу  салт  жалғасады.  Әкесі  жастардың  сүйіспеншілігіне  қарап  жатқан 

жоқ.  Екі  жақ  бір-бірінің  сыйластығы,  лауазымыны  қарай  балаларын  қосып  жатыр.  Ол 

Қарабай сияқты өз басын ойлаған әкелер. Одан екі жастың отау тігіп  кетуі  екі талай болып 

жатыр емес пе? Сондықтан ажырасу басым.Бірін-бірі сүймеген жастардың аяғы ажырасумен  

аяқталады. 



 

447 


5. Жақтаушы топ «Махаббат»  

5.-пікір: Қарабай мен Сарыбай аң аулап жүріп дос болды,құдалыққа серттеседі.  

5.-дәлел:  Жырда  Қозы  мен  Баянның  әкелері  құда  болады.  Ол  кезде  Баян  да,  Қозы  да 

туылмаған.  Кейін  Қозы,  Баян  бір-бірін  көрген  соң  сүйіспеншілік,  махаббаттары  оянады. 

Қазіргі  кезде  құда  түсу  де  артық  емес.  Екі  жас  бірін-бірі  көріп,  біліп  сүйіспеншіліктері 

махаббаттары  оянады  деп  ойлаймыз.  Ғашықтардын  шынайы  сезімін  қай  заман  жастары 

болсын үлгі тұтады.  

Міне  бүгінгі  пікір-сайыста  екі  жақтын  топ  мүшелері  пікірлерін  дәлелдеді.  Пікір-

сайыстағы  мәселе  жастардың  бас  бостандығын,  еркін  махаббатты  аңсаған  халықтын  арман 

тілегі тамаша көрініс тапқан. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»  адал  достықтың,асыл махаббаттың 

биік үлгі-өнегесі,ән ұранындай естіледі. 

   «Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу»  қазақтың  лиро-эпостық    жыры  шамамен  13-14  ғасырдан 

бастап  жырланған. Жырды  Сабынбай,  Бекбау,  Жанақ,  Шөже  сынды  жыраулар  жырлап  осы 

ғасырға  дейін  тарихи  мұра  ретінде  жеткізді.  Ғашықтар  қай  ғасырда  өмір  сүрді,ол  бізге 

жұмбақ.Біздің  біліуімізде  16  -18  ғасырда  «Қозы  Көрпеш  –  Баян  сұлу»  ескерткіші 

тұрғызылған.  Ғасырлар  өтсе  де  жадымызда  сақтап  қаламыз  Қозы  Көрпеш  пен  Баянға 

соғылған ескеркіш олар жөніндегі халық аузындағы ән сүйіспеншілікке байланысты. 

Қазақтың ғашықтық жыры әсемдікті көбіне лирикалық тәсілде суреттейді. Жыр ойлы, 

нақыштық  нәзік  сазбен  аса  көркем  биік  талғамды  жанрға  арналады.  Жағымды  кейіпкерлер 

арқылы да тапқыр, жаужүрек әрі  асқан  көрікті болып келеді.  Мұндағы негізгі сарыны адам 

өміріндегі  әсем  сезімді  аялау,  кіршіксіз  таза  күйінде  өмірден  өту  болып  саналады. 

Кейіпкерлер өмірдің қиын-қыстау шатқалынан жасқанбастан өз көңілі сүйіп ұнатқан ғашық 

жар іздейді. Ғашықтық жырлар өзінің тақырыбы жағыннан өтке дәуірдің күрделі әлеуметтік 

проблемасына құрылған мзмұнды шыншыл эпостың бірі-адам еркіндігі, әйел теңдігі мәселесі 

туралы айтылатын жырлар. 

Болашақ тірегі жастар. Екі жас бірін-бірі білсе, түсінсе жастардың өмір сүруіне кедергі 

болмайды.  Қазақта  мақал  бар  емес  пе  «Ата  көрген  оқ  жонар,  ана  көрген  тон  пішер».  Осы 

үлгіде жастарымыз тәрбиеленсе  достық махаббатқа ұласады.  Сондықтан да ата салтымызды 

жалғастыруға болады.                                    

Резюме

 

В статье «Козы Корпеш-Баян сулу» рассматривалась воспитателная часть. 

 

Educational partwas viewed «Kozy Korpesh-Bayan Sulu» s article.    



 

ЕҢ ҮЛКЕН САЯСАТ 

– ТӘРБИЕ 

 

Монтаева А.М.

 

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, 

Алматы қ., Қазақстан 

 

Тәуелсіздік – адамзаттың өмір сүру еркіндігі. 

Демократия – қоғамдағы әлеуметтік әділеттілік. 

Дін – адам жанының әміршісі. 

Тіл – ұлттың ұлы нышаны. 

Қазақ  ел  жаңаруын  елу  –  қазан  жаңаруын  жүз  жылмен  өлшейді.  Ал  біз  бұған  небәрі 

жиырма  жыл  жұмсадық.  Көз  ілеспес  осы  кезеңде  ұлтымыздың  арқасында  сол  ғасырдың 

салмағын аударып тастап, тұтастай саналылық-сапалылық жаңаруға жеттік.  

Тәуелсіздіктің  негізін  қалап,  егеменділікті  нығайтқан  әр  адам  -  жиырма  жылдық 

тәуелсіз тарихымыздың сөзсіз кейіпкері. Оның қайсысы тұлға, қайсысы тарихта қалатынына 

баға беріп, шешім шығаратын халықтың өзі және тарих пен тарихшылар. Десекте, тарих пен 

құдіреттің  өзі  таңдағандай  жиырма  жылдық  тәуелсіз  тарихымызда  талас  тудырмайтын 



 

448 


тұлғаның бірі – еліміздің көшбашысы, ұлт көсемі, Қазақстанның тұңғыш Президенті атағына 

ие болған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.  

Елбасы  Қазақстан  Республикасының  егемендік  алған  алғашқы  жылдарынан  бастап 

білім  беру  ісіне  баса  назар  аударды.  Білім  беру  барысында,  жеке  тұлғаны  қалыптастыруда, 

жан-жақты  жетілдіруге,  олардың  танымдық  әрекетін  дамытуға,  ой-санасын  қалыптастыруға 

ерекше көңіл бөле отырып, Республикада білім беру заңы қабылданды.  

Президент  Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстан-2030»  Қазақстан  халқына  жолдауында  болашақ 

қоғам мүшелері жастардың қандай болатынын айта келіп «Біздің балаларымыз білімі жоғары 

жұмысшылар  мен  фермерлер,  инженерлер,  банкирлер  және  өнер  қайраткерлері,  мұғалімдер 

мен дәрігерлер, зауыттар мен фабрика иелері, биржа делдалдары және спортшылар болады». 

Жоғарыда  көрсетілген  адам  бойындағы  асыл  қасиеттердің  көзін  ашып,  оның  белсенді 

мүшесі етіп дайындау, білім мен тәрбиені дамыту, қатар жүргізілгенде өз дәрежесінде жүзеге 

асып  отырды.  Қоғамның  қарқынды  дамуы  -    ғылым  мен  техниканың,  ұлттың  рухани 

мәдениетінің  өркендеуі  білім  саласына  үлкен  өзгерістер  әкелді.  «Әрбір  мемлекеттің 

интелектуалдық,  экономикалық,  парасаттылық  және  мәдени  қадамы  білім  саласының 

прогрессивті даму мүмкіндіктеріне тікелей байланысты.»  

Жалпы  білім  берудің  мазмұны  қайта  қаралып,  халықтың  ұлттық  тарихы,  дәстүрі, 

жалпы  адамзат  мәдениетімен  диалектикалық  бірлігі  –  барлық  оқыту  мен  тәрбилелеу  ісінің 

бастау  бұлағы  болды.  Қазақ  ұлтының  басты  тарихи  жетістігінің  бірі  -  Тіл  десе,  екіншісі  -  

біртұтас қазақ халқының өзінің салт-санасы, дәстүрі, мінез-құлық қалыптасу болса, үшіншісі 

–  атамекен  ата  тегімізді  сақтап,  қастерлеу.  Өйткені  бәріміз  ежелгі  қазақ  топырағында  өмір 

сүрудеміз.  Сондықтан,  қазақтардың  ата-дәстүрін,  дала  заңын,  саяси  мәдениетін,  шежіре 

тарихын  білетін  Қазақстан  халқының  жаңа  демократиялық  санасын  қалыптастыру  қажет 

болды. Осыған орай «Мәдени мұра» стратегиялы ұлттық жобасының бәсекеге қабілетті қазақ 

ұлтын,  Қазақстан  халқын  қалыптастырудағы  маңызы  зор  жоба  болды.  Осы  жиырма  жыл 

ішінде  өзіне  тән  барлық  институттары  бар,  түбірінен  жаңа  демократиялық  жаңа  мемлекет 

құрылды.  Сөйтіп  егеменді  Қазақстан  әлемдік  қауымдастықта  дербес  даму  жолымен  нық 

жүріп келеді. Ұлттық идеяны ту етіп, дербес мемлекет орнатып, жиырма жыл ішінде төрткіл 

дүниеге танылуына жеткізген қандай ұлы күш еді – деп таңғалғандар болса, сол ұлы күш – 

осы ғасырлар бойы халқымыздың көкірегінен өшпеген ұлттық намыс пен азаттық рухы. 

Тәуелсіздік  идеясын  баянды  ету  үшін,  сол  идеяны  жүрегімен  сүйетін  жастарды 

отаншылдыққа жүйелі түрде тәрбиелеу өте маңызды болды. «Ел болам десең бесігіңді түзе» 

демекші  сол  тоқсаныншы  жылдары  қазақ  мектептерін,  қазақ  балабақшаларын  ашуға  бүкіл 

күш-жігерін  салған  қаншама  қайраткерлердің,  зиялы  қауымдардың  еңбегі  бүгінгі  күні 

жалғасын  тауып,  нәтижесін  көріп  отырмыз.  Солардың  бірі    Шона  Смаханұлы  еді.  Ол 

Алматыдағы  көптеген  орыс  мектептерінің  жанынан  қазақ  мектептерін  ашуға  үлесін  қосты. 

Заманбек  Нұрқаділов  қала  басшылығында отырғанда  да  осы  жолда  үлкен  еңбек  сіңіргеніне 

өзіміз куә болдық. Осындай ұлттың патриоттық рухы күшті адамдар құрайтын қоғамда іштей 

топтасқан, ынтымағы жарасқан елде халқының тағдырына терең жауапкершілік сезіну, елдің 

ішкі өмірінде үлкен табыстарға жетуге үлес қосты. 

Қазіргі  таңда  біз  бүкіл  халқымызды  іштей  біріктіретін  ұлттық  идея  туралы  жиі  айтып 

жүрміз. Ғалымдар мен мемлекет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері өз ойларын білдіруде. 

Өскелең  ұрпаққа  ата-бабамыздың  отаншылдық,  ұлттық  рухын  бойына  сіңіріп,  тәрбиелеу 

керек. Отаншылдық сезім жас ұрпақтың бойында өз елінің тарихымен, бүгінгі келбеті саяси 

және  құқықтық  жүйесі  үшін  мақтаныш  сезім  арқылы  қалыптастыру.  Ұлттық  идея  адамның 

ақылымен  емес,  оның  танымы,  сенімі  және  қоғамдық  пікірлері    арқылы  қалыптасады. 

Патриотизм  ұлттық  идеяға  негізделеді.  Дәл  қазіргі  кезеңдегі  ұлттық  патриотизмге  зиян 

тигізетін  нәрселер  олар:  телеарналар  арқылы  жүргізіліп  жатқан  батыстың  экпенсиясы. 

Мұның бәрі жас ұрпақтың санасын улап жатыр. Ұлтқа қауіп төндіріп тұрған дін мәселесінен 

туындаған  діни  секталар  мен  діни  ағымдар.  Біздің  ата-бабаларымыз  ислам  дінін  қазақтың 

тұрмыс салты мен салт-дәстүрі негізінде ұстанған. Қазіргі қауға сақал өсіріп, қара жамылған 

қыздарымыздың  киім  үлгісінен,  қысқа  дамбал  кигендерденде  жақсылық  күтуге  болмайды. 



 

449 


Сондықтан,  жастарды  осындай  келеңсіз  әрекеттерден  қорғап,  қоғамдық  үйлесімділік  пен 

ұлттық тұтастыққа кері әсер ететін үлкен мәселеге мән беру керектігі бүгінгі күннің талабы. 

Студенттер  мен  жастардың  діни  көзқарасын,  сауатын  ашатын  танымдық  сабақтар  мен 

кездесулерді жиі өткізу керек. 

Жылдан жылға әлемде жаһандану процесі қарқын алып келеді. Бүгінгі жас ұрпақ күні 

ертең сол процестің қазанында қайнайтын азаматқа айналады. Ол азамат өз ұлтының рухани 

адамгершілік  дәстүрлері  рухында  тәрбие  алып,  халықтың  бай  мәдени  мұрасын  бойына 

сіңіріп өскенде ғана болашақта бәсекеге қабілетті, білім мен білігі мықты ел тәуелсіздігі мен 

елдігін сақтайтын азамат болып қалыптасады. Тәуелсіздік деген ұғым кез келген халық үшін 

өте  қадірлі  болып  табылады.  Қазақстанның  мемлекеттік  тәуелсіздігінің  жиырма  жылдығы 

еліміздің ұлттық тарихындағы айрықша тарихи дата.  

Қоғамның қазіргі даму кезеңінде әлеуметтік,саяси және жаңа технологиялық өзгерістер 

білім  мен  тәрбие  жүйелерінің  ісін  жаңа  сатыға  көтеруде.  Еліміздің  болашағы  оның 

матерялдық және рухани дамуы жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесінің деңгейіне байланысты 

әр  жас  өспірім  қалыптасуына,  дамуына  күнделікті  өмірден  сезетін,  еститін,  көретін  заттар 

мен  құбылыстар,  оқиғалар  үлкен  өріс    алады.  Қазақтың  көрнекті  қайраткері  

А.Байтұрсынұлы:  «Кемшілік  болмас  үшін  әр  ұлт  баласын,  әуелі  өз  тілінде  оқытып,  өз  тілін 

білдірудің жолын танытып, әбден дағдыланғаннан кейін, өзге тілді оқыта бастайды» - деген 

еді.  Демек,  жас  ұрпақтың  ұлттық  ерекшеліктеріндегі  әдеп,  салт-дәстүрлері  мен  тәрбие 

алуына  негіз  болдатын  –  Ана  тілі.    Әрбір  ұлт  перзентінің  өз  ана  тілін  терең  біліп,  ана  тілді 

көркейтуге  үлес  қосқан,  әрбір  ақын  жазушылар  мен  қоғам  қайраткерлерді  оқып  білуі  оның 

басты парызы. 

Тәуелсіздігіміздің  екінші  бір  қыры  кешегі  кеңес  заманында  аты  өшуге  айналған  небір 

батырларымыз  бен  ғұлама  данышпан  бабаларымыздың  рухын  оятып,  өмірге  қайта  оралды. 

Туған  тілдің  беделін  көтеріп,  қолдану  аясын  кеңейтуге  үлкен  әрекет  жасалынды.  Жылдар 

бойы «Батпандап кірген аурудың беті мысқылдап қана бері қарады». Ана тілімізді басқа ұлт 

оқушыларына уйрету оңай жұмыс емес. Сондықтан, басты мақсат ана тілімізді студенттерге 

ертеңгі  күні  үлкен  өмірге  араласқанда  оны  қоғамдағы  қызметіне  көмегін  тигізіп,  жұмысқа, 

күнделікті өмірде қажетіне жарайтындай білім беру. 

Жиырма  жылдық  тарихымызды  Қ.И.Сәтпаев  атындағы  Қазақ  ұлттық  техникалық 

университетінің  жанынан  құрылған  қазақ  тілі  кафедрасы  жас  ұрпаққа  сапалы  білім,  саналы 

тәрбие  беруде  үлкен  жұмымстар  атқарып  келеді.  Еліміз  жиырма  жылда  әр  түрлі  тарихи 

кезеңдерді басынан өткізсе, кафедра ұжымыда сондай үлкен кезеңдерден өтіп келеді. Кешегі 

күн  мен  бүгінгі  күнді  салыстыруға  келмейді.  «Жұмыла  көтерген  жүк  жеңіл  »  демекші 

университет  басшыларының  көмегімен,  кафедра  меңгерушілерінің  қажырлы  еңбегінің 

арқасында  оқу  бағдарламаларында  жүйелі  оқыту  мен  тәрбие  жұмыстары  бірге  атқарылды. 

Кафедра оқу тәрбие жұмысын және кәсіби білім беру бағдарламасын үнемі жаңартып, уақыт 

талабына  сай  дамытып  отыру  оқу  үрдісінде  әр  кезеңде  ұйымдастырылып,  бағытталып 

отырады.  Кафедрада  оқу  тәрбие  жұмыстары  және  тұлғалардың  жан-жақты  дамуына  әрбір 

студенттің  рухани  өсуіне  арналған.  Осы  мақсатта  ғылыми  танымдық,  тақырыптық  кештер, 

әртүрлі  кездесулер  өткізіледі.  Оқытудың  жаңа  технологиясын  енгізе  отырып,  өзін  өзі  үнемі 

жетілдіру  арқылы,  өз  бағыт-бағдарын  айқындай  алатын  студент  тұлғасын  қалыптастыру 

мақсатында  кафедра  ұжымы  Қазақстанның  білім  беру  нарығында  өз  беделін  дәлелдей 

түскендей.  Келешек  азамат  тулғасы  оқытудан,  тәрбие  беруден  қалыптасады    десек,  білім  - 

ұлттың ақыл ойы мен ерік жігерін  қалыптастыру керек. Қазақ  халқы тәлім  сөзін тәрбиемен 

байланыстырады. Өйткені, елдің болмысы, ұрпақтың өсіп өніп, өркен жаюы солардың өмір 

сүру  заманына,  тәліміне  байланысты.  Ең  алдымен  тәуелсіздіктің  жирма  жылында  дүниеге 

жаңа  көзқарастағы  жаңа  ұрпақ  дүниеге  келді.  Өз  ойларын  ашық  айтатын,  еркін  өскен  жаңа 

Қазақстанның  жаңа  азаматтары  жетілді.  Қазіргі  тәуелсіздік  кезеңінде  туылған  балалар 

қоғамның ғылым, білім, билік саласына араласқанда үлкен өзгерістер болады деп күтеміз. 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 



 

450 


 

1.

 



Назарбаев  Н.Ә.  Қазақстан  –  2030.  Барлық  қазақстандықтардың  өсіп-өркендеуі, 

қауіпсіздігі  және  әл-ауқатының  артуы.  Ел  Президентінің  Қазақстан  халқына  Жолдауы. 

Алматы. Білім,1998. 7 б. 

2.

 



Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.  Ә.  Назарбаевтың  Дүние  жүзі 

қазақтарының салтанатты мәжілісіндегі сөзі. «Жетісу», 1992, 3 қазан 1 б. 

3.

 

 «Білім  беру  туралы».  Қазақстан  Республикасының  Заңы.  Егеменді  Қазақстан,  18 



қаңтар, 1992. 

4.

 



Байтұрсынов А. Шығармалары. Алматы. Жазушы, 1989. 318 б. 

5.

 



Досмұхамедұлы Халел. Ақылнама. Ташкент, 1927. 

6.

 



 «Егеменді Қазақстан» № 23 (3239) 2011. 

 

Резюме



 

Основная мысль в этой статье: изменения в области науки и знания,произошедшие за 

20  лет  независимости  нашей  страны,сформировать  в  будущем  духовно  богатую, 

конкурентноспособную,научноспособную молодежь. 



                                                   

The main ideas in this article are: changes in knowledge and science, which have done since 

20  years  of  our  country’s  independence,  to  create  spiritually  rich,  competitor,  scientific  young 

people in the future. 

                    

 

            



МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ 

ҰТЫМДЫ ҚОЛДАНУ

 

 

Мұнара М.

, Үскенбаева Р. 

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ 

Алматы қ., Қазақстан 

 

Қазіргі  уақытта    жоғары  оқу  орындарындағы  оқу  үрдісінде    ақпараттық  оқыту 

технологияларын қолдану  бірнеше бағытта қарқынмен дамып келеді: 

1) әмбебап ақпараттық технологиялар (мәтін редакторы, графикалық пакеттер, берілген 

мәліметтер  базасын  басқару  жүйесі,  электрондық  сызбалардың  процессоры,  модельдеу 

жүйесі, эксперттік жүйе т.б.); 

2) телекоммуникацияның компьютерлік құралдары; 

3) электрондық оқулықтар мен түрлі оқу құралдары; 

4) мультимедиалық программалық қамтамасыз етулер. 

Ақпараттық-  коммуникациялық  оқыту  технологиясы  дегеніміз  -  ақпаратпен  жұмыс 

істеуге  арналған  арнайы  амал-тәсілдерді,  бағдарламалық  және  техникалық  құралдарды  

қолдану арқылы білім беру мен білім алудың сандық технологиясына негізделген оқытудың 

кең спектрлі жүйесі. 

Ақпараттық-коммуникациялық оқыту технологияларына:  

компьютерлік  құралдар,  бағдарламалық  қамтамасыз  ету  жүйелері,  электронды 

пошталар,  ұялы  және  спутниктік  технологиялар,  желісіз  және  кабельді  байланыстар, 

мультимедиалық құралдар  мен Интернет жатады.  

Ақпараттық-коммуникациялық оқыту технологияларына:  

компьютерлік  құралдар,  бағдарламалық  қамтамасыз  ету  жүйелері,  электронды 

пошталар,  ұялы  және  спутниктік  технологиялар,  желісіз  және  кабельді  байланыстар, 

мультимедиалық құралдар  мен Интернет жатады.  

Ақпараттық-коммуникациялық оқыту технологияларына мүмкіншіліктері: 



 

451 


Қазіргі  кездегі  білім  беру  мен  тілді  оқытуда  ақпараттық  технологиялардың  мына 

мүмкіншіліктерін толығымен енгізіп, қолдануға болады: 

  1. Қажетті әдебиетті, дереккөздерді іздестіру үшін:  

а) оқу орнындағы кітапханалардағы электрондық каталогтар; 

ә)  Internet  Explorer,  Mozilla  Firefox  браузелерін  және  өзге  де  іздестіру    машиналарын  

(Yandex.ru,  Rambler.ru,  Mail.ru,  Aport.ru,  Google.ru,  Metabot.ru,  Search.com,  Yahoo.com, 

Lycos.com) пайдалану арқылы Интернет желісіне шығу. 

       2.  Аудармашы    бағдарламалар  көмегімен  мәтіндерді  автоматты  түрде  аудару 

(PROMT XT),  электронды сөздіктерді қолдану (Abby Lingvo 7.0.). 

Ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы оқыту үдерісін ұйымдастырудың 

негізгі шарттары: 

Ол үшін: 

 

мекемеде  білім  алушылар  үшін  дайындалған  оқу  әдістемелік  және  оқу  әкімшілік 



ақпараттары берілген Интернет-порталдың болуы керек; 

 



телекоммуникациялық  желіге  (Интернетке,  спутниктік  теледидарға)  шыға  алатын 

құрылғылар болуы тиіс; 

 

түрлі  терминалдардың:  мультимедиалық  дәрісханалар,  электронды  оқу  залдары 



болуы керек; 

 



 CD, DVD таспаларындағы оқу контенттері болуы керек; 

 



 желілік оқудың  мультимедиалық  контенттері болуы тиіс; 

 



сәйкес 

дайындықтан 

өткен 

оқытушылық, 



оқу-көмекші  және 

техникалық 

қызметкерлер болуы керек; 

 



оқытушылар  өздерінің  жеке  контенттерін  (жергілікті  және  желілік)  жасауға 

арналған мультимедиалық лабораториялардың болуы қажет; 

 

 желілік тестілеу кешендерінің болуы тиіс; 



 

оқытуды басқарудың желілік жүйесінің (Learning ManagementSystems - LMS) болуы тиіс;  



 

оқу  контенттерін  басқару  жүйесі  (Learning  Content  Management  Systems  -  LCMS) 



болуы керек. 

Ақпараттық  үдерістерге  қатысты  ақпараттық  технология  қазіргі  компьютерлік  және 

басқа  да  техникалық  құралдардың  негізінде  ақпаратты  жинақтау,  тарату,  жинау,  өңдеу, 

сақтау,беру мен қолданудың әдістері мен тәсілдерінің жүйесі болып табылады. 

Интернеттің  қазіргі  телекоммуникациялық  желілерінде  оқыту  үдерісінде  адамдардың 

бір-бірімен  қарым-қатынас  жасауына,  қажет  ақпараттармен  алмасуына  мүмкіндік  беретін 

кеңінен таралған қызмет көрсету түрлерін пайдалануға болады. Олар түрлі байланыс түрлері 

электронды  пошта,  mail.ru,  rambler,  yandex  т.б  агенттер,  эл.кітапхана,  хат  салу  тізімдері, 

жаңалықтар тобы, чат, форум т.б.  

Сондай-ақ шынайы уақыт режимінде қарым-қатынас жасауға арналған қызмет түрлері 

де  көп.  Бүгінгі  күні  байланыстың  мұндай  түрлері  қашықтық  оқытуда  қарқынды  қолданыс 

тауып отыр. Олар арнайы бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады.  

Қазіргі 

жоғары 


білім 

беру 


дидактикасында 

ақпараттық 

коммуникациялық 

технологиялардың негізгі құралдарына перифериялық құрылғылармен жабдықталған дербес 

компьютерлер жатқызылады.  

Ал  компьютердің  мүмкіншіліктері  оларға  орнатылған  бағдарламалық  қамтамасыз 

етілуімен  анықталады.  Бағдарламалық  құралдардың  негізгі  категориялары  жүйелік  және 

қолданбалы бағдарламалар болып табылады 

Ақпараттық  коммуникациялық  технологиялар  арқылы  оқу  үрдісін  ұйымдастыру 

Ақпараттық-коммуникациялық технология саласындағы жетістіктер білім беру мен оқытуды 

ұйымдастыру мәселесін қайта қарауды талап етеді. 

Ақпараттық-  коммуникациялық  технология  арқылы  оқыту  үдерісін  ұйымдастыру 

келесідей іске асырылады: 


 

452 


–  желілік  технология  (Интернетті  пайдаланушы  автономды  желілік  курстар  немесе 

виртуальды кафедралар, университеттер); 

– кейс-технология негізінде оқытылатын оқыту; 

– ТV-технологиялар негізіндегі оқыту. 

Еліміздегі жоғары оқу орындарында  желілік технология қолданылады. 

Ақпараттық 

коммуникациялық 

технологиялар 

арқылы 

қазақ 


тілін 

оқытуды 


ұйымдастыру 

Жоғары оқу орындарында оқылатын қазақ тілі – көпфункциялы пән: бір жағынан, ол – 

мемлекеттік  тіл,  екінші  жағынан  –  жоғары  оқу  орындарында  оқылатын  жалпы  пәндер 

жүйесіне енетін пән. Жоғарыда аталып көрсетілген ақпараттық технологиялар жетістіктерін 

жоғары  оқу  орындарында  қазақ  тілі  пәнін  оқыту  үдерісінде  пайдалануға  толық  болады.  

Әсіресе,    кредиттік  оқыту  технологиясына  негізделген  университет  порталын,    қашықтан 

оқытуға  арналған  контент  материалдарын,  электрондық-мультимедиалық  оқу  құралдарын 

атауға болады. 

 


Каталог: files -> colconf
files -> Литература по физико-математическим наукам
colconf -> Г. Д. Рыскелдиева Жинақта «Жаратылыстану гуманитарлық ғылымдары жəне олардың Қазақстан Республикасының индустриалды нновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі» атты
files -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Хіх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиетінің тарихы
files -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
colconf -> «геология жəне тұРАҚты даму» Ғылыми-теориялық конференциясы еңбектері
colconf -> I ші халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференцияның ЕҢбектері


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   90


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет