1.
Хуторский А.В. Ключевые компетенции и образовательные стнадарты. // Инернет
журнал «Эйдос» 2002.
2.
Н.Г. Комлев. Словарь иностранных слов. М., 2008 – 672 с.
3.
Н.А. Мещерякова. Формирование информационной компетентности студенов
экономических специальностей ВУЗ-ов при обучении объектно-ориентированному
программированию. Омск, 2005. (Дисс.к.п.н.).
4.
Леднев В.С. Никандров Н.Д. Рыжаков М.В. Государственные образовательные
стандарты в системе общего образования: теория и практика. М., 2002.
5.
Жарықбаев Қ. Психология негіздері. А.: 2005 – 153 б.
ЖОБАЛАР ӘДІСІ
– XXI ҒАСЫРДЫҢ БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Омарова Бану Аманбайқызы, ф.ғ.к., доцент
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекеттік тіл кафедрасы
Алматы қ., Қазақстан
Жалпы «оқыту технологиялары» термині немесе (педагогикалық технологиялар)
оқытушының жұмыс тәсілдерінің жиынтығы дегенді білдіреді, оның көмегімен оқытушы
сабақ мақсатына үлкен тиімділікпен өте аз уақыт аралығында қол жеткізеді. Бұл термин
өткен ғасырдың 60-жылдары техникалық құралдардың көмегімен оқытуға байланысты
өмірге келіп еді. 70-жылдары оның қолдану аясы кеңейіп, рационалды-ұйымдасқан оқыту
деген мағынаға ие бола бастады. Сөйтіп, «оқыту технологиясы» дидактиканың ең негізгі
мәселелерін қамтушы ұғымға айналды.
А.Н. Щукиннің пікірінше, оқыту технологияларын сипаттайтын ең негізгі белгілер
мыналар:
459
а) нәтижелілік (үйренушінің оқу мақсаттарына жетуінің жоғары деңгейі);
ә) үнемділік (оқу материалын меңгеруге аз күш жұмсала отырып, үлкен көлемдегі
материал игеріледі);
б) оқыту бірлесіп әрекеттену арқылы, жағымды эмоциялық ортада, мөлшерден тыс
жұмысбастылық пен шаршаусыз жүзеге асады;
в) үйренушінің сабаққа деген қызығушылығын оятатын, оның тұлғалық қасиеттері мен
қабілеттерін ашуға көмектесетін жоғары мотивация[1].
Көптеген зерттеушілер оқыту технологияларын оқушыны тұлға ретінде, оқу әрекетінің
белсенді шығармашылық субъектісі ретінде қалыптастыратын бірден-бір тәсіл деп
қарастырады (И.А. Зимняя, Е.С. Полат, И.Л. Бим және т.б.).
Тілдерді оқыту әдістемесінде оқытудың заманауи технологияларына бірлесе жұмыс
істеу, жобалар әдісі, қашықтан оқыту әдісі, тілдік портфельді қолдану, тандем әдісі және
интенсивті оқытудың әдістемелік жүйесі жатқызылып жүр. Ал енді жобалар әдісіне арнайы
тоқталайық.
Жобалар әдісінің тарихына көз жүгіртсек, оның әлемдік педагогикада жаңа құбылыс
емес екендігін байқаймыз. Аталмыш жүйе өткен ғасырдың басында АҚШ-та пайда болған.
Алғашында бұл әдіс проблемалар әдісі деп аталып, гуманистік философия мен білім беру
саласында дүниеге келді. Оның негізін қалаушылар америкалық философ әрі педагог Дж.
Дьюи және оның шәкірті У.Х. Килпатрик. Дьюидің идеясы белсенді негізде оқытуды,
оқушының алған білімін өмірде қолданып, нақты проблемаларды шешуге үйретуді ұсынды.
Яғни, академиялық білім мен прагматикалық шеберлікті байланыстыра отырып, теориядан –
практикаға ауыса білуді оқытудың әрбір кезеңінде жүзеге асырып отыру. Бұл идея орыс
педагогтарының да кең қолдауына ие болды. Алайда Кеңес үкіметі жобалар әдісін қатаң
сынға алып, оның мектептерде қолданылуына тыйым салды.
Бүгінгі таңда оқу жобалары әдісін XXI ғасырдың білім беру технологиясы деп батыл
айта аламыз. Өйткені бұл жүйе «білім алу» емес, «білім игеру» үдерісінің жаңашыл
тұжырымдамалары талаптарына толық жауап бере алады. Білімім маған не үшін керек, мен
оны қайда және қалай қолдана аламын – жобалар әдісінің ең негізгі тезисін құрайтын
мәселелер, міне, осылар. Бұл әдістің негізінде үйренушілердің танымдық дағдысын дамыту,
өз бетінше өз білімін құрастыру, ақпараттық кеңістікте өз бағдарын белгілеу және сыни
ойлауды дамыту жатыр. Үйренушілер оқу үдерісінде әртүрлі әлеуметтік рөлдерге енеді.
Оларды проблемалық мәселелерді шындық өмірмен байланыстыра отырып, шешу
барысында барынша орындауға тырысады. Осы орайда, жобалық технологиялардың айта
кетерлік бір ерекшелігі – жобалық тапсырмалардың тілді меңгеру үдерісін белгілі бір пәндік
білімді игеруімен тікелей байланыстыра алуында. Сондықтан да екінші тіл ретіндегі қазақ
тілін оқытуда аталмыш технологияның таптырмайтын әдіс бола алатыны сөзсіз. Жалпы,
жобалық әдіс, негізінен, дайындығы жоғары, білімі терең топтармен жұмыс істеуге
бағытталған. Осы тұрғыдан келгенде, оны қазақ тілін жалғастырушы топтарда оқыту
үдерісінде пайдаланған әлдеқайда тиімді. Қазақ тілін жоғары дәрежеде білетін студенттер
үшін бұл әдістің мотивациялық маңызы өте зор.
Кез келген білім беру технологиясының қолданысқа енуінің бірден-бір шарты – оған
қойылатын талаптарға жауап бере алуында. Қандай да бір жобалар әдісін қолдану үшін
шығармашылық ізденіс пен белгілі бір білімді қажет ететін, қоғамда орын алған өзекті
проблема болуы шарт. Қазақ тілі сабақтарында орындалатын жобалар тіл мәселесімен,
нақтырақ айтсақ, мемлекеттік тіл мәселесімен тікелей байланысты болуы аса маңызды.
Студенттердің тіл проблемаларын анықтауға, оны шешу жолдарының бағыт-бағдарын
белгілеуге тікелей араласуы, ең алдымен, олардың тілге, пәнге деген құрмет сезімін оятуға,
жалпы шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлкен септігін тигізері анық. Осы орайда,
оларға төмендегідей жұмыс түрлерін ұсынуға болады:
-
әр факультеттің студенттері арасында тіл проблемасына қатысты сауалнамалар
жүргізу (мәселен, мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау, қарым-қатынас тілі ретінде
460
мемлекеттік тілдің қолданылу дәрежесі, элективті модульға кіретін қазақ тілі пәндерінің
таңдалу дәрежесі және т.б.);
-
тіл туралы заңның орындалу барысын бақылауға алу, оның нәтижелерін тиісті
органдарға хабарлап отыру (мәселен, жарнама тілін, дүкен, мекемелер мен кәсіпорындар
маңдайшаларының тілін зерттеп, оның заң талаптарына сәйкестігін анықтау; оқиға
орындарынан репортаждар жүргізу);
-
жоба жұмысын кезең-кезеңімен қорытындылау (мәселен, көтерілген проблеманы
шешу жолдарын ұсыну, оны топта талқылау, жиналған мәліметтерді дөңгелек үстелде
талдау, жұмыс қорытындысын шығармашылық есеп формасында, яғни, қабырға газеті,
альманах, мақала, тіпті видеофильм ретінде де көрсетуге болады);
-
жобалық жұмысты орындау жеке және бірлесе әрекет ету форматында өтеді.
Сонымен, жобалық технологияда ең негізгі тұлға, ол – студент, оның шығармашылық
қабілеттері. Мұнда басты назар оқу пәндеріне емес, студенттің іс-әрекетіне аударылады. Әр
студент жеке тұлға ретінде әрекет ететіндіктен, өзіндік жаңа қырынан көрінуге мүмкіндік
алады. Аудиторияда өзін көрсете алмай жүрген студент жобалық әдіс арқылы үлкен
жетістіктерге жетуі әбден мүмкін. Бұл жағдайдың студент тарапынан жоғары мотивация
тудырары сөзсіз. Жобада кешенді жұмыс істеу барысында студенттің физиологиялық және
психикалық қабілеттері де дамиды. Алған білімін ақиқат өмірдің әртүрлі жағдайларында
қолдана отырып, оны жан-жақты дамытуға, тілін дамытуға зор мүмкіндік алады. Сөйтіп,
алуан түрлі топтарда жұмыс істей отырып, коммуникативтік дағдысы қалыптасады.
Жобалар әдісінің тағы бір негізгі ерекшелігі – студенттің бойында зерттеу шеберлігін
шыңдауында. Студент қандай да бір мәселені зерттеу барысында проблеманы анықтау,
ақпарат жинау, бақылау, тәжірибе жүргізу, талдау және болжам жасау, жинақтау сияқты
білік-дағдыларға ие бола алады. Соның нәтижесінде жүйелі түрде ойлау қабілетін дамытады.
Бүгінде ғылыми кадрларды көптеп тәрбиелеп шығару университетіміздің стратегиялық
міндеттерінің бірі болып отыр. Ғылыми-зерттеу университеті мәртебесін алудан үміткер
білім ордасы – ҚазҰУ-ға қазір де, болашақта да білікті ғалымдар аса қажет. Осы тұрғыдан
келгенде, жобалық технологияның бізге берері мол.
Жалпы дидактика ғылымында жобалар әдісінің бірнеше түрі бар. Кей авторлар
олардың кеңінен қолданылатын түрлеріне рөлдік, ақпараттық және бағдарлы жобаларды ғана
жатқызса[1], ал енді біреулері бұл қатарды зерттеу және шығармашылық жобаларымен
толықтырады[2]. Екінші тіл ретіндегі қазақ тілін үйрету сабақтарында қай жобаны
пайдаланған тиімді?
Тіл үйретуде, тіл дамытуда, біздіңше, ақпараттық, шығармашылық және рөлдік-
ойындық жобалар аса маңызды қызмет атқарады. Бұл жобалардың негізгі мақсаты –
студенттің сөздік қорын байыту, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін әртүрлі жағдаяттарда дұрыс
қолдана білу, өз ойын еркін жеткізу және еркін сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Ақпараттық жоба жұмысы белгілі бір проблема төңірегінде ақпаратты жинап және
өңдеп, оны аудитория назарына ұсынуға негізделген. Ол ауызша да (мәселен, ақпарат тізімін
презентациялау, пресс-конференция), жазбаша да (мәселен, БАҚ беттерінде жарияланған
мақала) баяндалуы мүмкін.
Ал шығармашылық жобада студент жеке автор ретінде үлкен еркіндікке ие болады.
Жұмысты өз бетінше орындау барысында ол жаңа, мүлдем басқа қырынан танылуы мүмкін.
Мұнда оқытушы тарапынан қандай да бір қысымға немесе шектеуге жол берілмеуі тиіс.
Нәтижесінде
презентациялар,
видеофильмдер,
радио
немесе
телебағдарлама,
театрландырылған көріністер, жарнама, жазбаша формада шығармалар мен эсселер пайда
болады.
Студенттердің сүйіп айналысатын істерінің бірі – рөлдік ойындар. Сондықтан да
рөлдік ойын форматында қандай да бір жоба ұйымдастыру екі жаққа да тиімді. Әсіресе
мотивациялық тұрғыдан келгенде, рөлдік жобалардың маңызы өте зор. Осы орайда,
Н.Коряковцева жағдаяттарды ойлап табу, мәтінді драмаландыру сияқты жоба түрлерін
ұсынады [3]. Екінші тіл ретіндегі қазақ тілі сабақтарында рөлдік жобаны іскерлік оқу
461
ойындары мен рөлдік ойындар арқылы жүзеге асыруға болады. Олардың қатарына
«Дебаттар» интеллектуалды оқу ойыны мен «Данышпан үкілер», «Алты қалпақ» рөлдік
ойындары жатқызылады. Мұнда әрбір студент немесе студенттердің белгілі бір топтары
өздеріне берілген рөлдерді ойнайды. Олар жобаның мазмұнына сәйкес, өз рөлдерінің
ерекшеліктеріне қарай әртүрлі іс-әрекеттер атқарады. Ойын барысында олар еліктейді,
әртүрлі жағдаяттар тудырады, оның мазмұнын өзіндік әрекеттермен байытады. Мұндай
жағдайда олардан қиял жүйріктігі де талап етіледі. Әдетте рөлдік жоба тақырыптары
берілген мәтін мазмұнымен қабысып жатады, ал рөлдік ойындар сол мәтін мазмұнын
тереңдете отырып, басқа салалармен тығыз байланыстырады. Сондықтан да студенттерге
еркін сөйлей білумен қатар, әртүрлі саладағы білімдерін ортаға салу жауапкершілігі де
жүктеледі. Негізінен, рөлдік жобалар бір сабақ (50 мин.) немесе сабақтың бір бөлігі
көлемінде орындалады да, минижобаны құрайды.
Сондай-ақ орындалу мерзімінің ұзақтығына қарай жобалар қысқа мерзімді (4-6 сабақ)
және ұзақ мерзімді (семестрлік жұмыс) болып бөлінеді. Ақпарат тізімін презентациялау,
эссе, театрландырылған көріністер, қабырға газетін дайындау, т.б. жобалар қысқа мерзім
аралығында аудиторияда және аудиториядан тыс та орындала алады. Ал репортаж, мақала,
видеофильм сияқты ұзақ мерзімді жобалар аудиториядан, университеттен тыс, тіпті
аймақтық, халықаралық деңгейлерде жүзеге асуы мүмкін. Әрине мұнда ғаламтор мен қазіргі
заманғы компьютерлік технологиялар құралдарының көмегіне жүгіну қажет.
Сонымен, жобалар әртүрлі болып бөлінгенімен, олардың бәріне ортақ өзіндік
ерекшеліктері бар. Олар дидактикалық әдебиеттерде төмендегідей жіктеліп жүр:
-
біріншіден, оқыту технологияларының бірі емес, бірегейі;
-
нақты мақсаттарды орындауға бағытталған;
-
орындалу мерзімі белгіленген;
-
өзара байланысты әрекеттерді үйлестірмелі түрде орындауды талап етеді[2].
Кез келген жұмыс бағалануға тиіс, сол сияқты студенттердің жобалық жұмыстары да
өзінің әділ бағасын алуға лайықты. Осы орайда, зерттеушілер жобаны бағалау критерийлері
нақты әрі түсінікті болуы тиіс дей келе, олардың саны 7-10-нан аспағаны жөн дейді.
Біздіңше, қазақ тілі сабақтарында орындалатын жобалық жұмыстар мынадай бағыттар
бойынша бағалануы керек: идеясы, тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мазмұны, нақты
көздерге жасалған сілтемесі, жұмысты қорғауы.
Ал енді жобалық жұмысты орындатуда оқытушының рөлі қандай болмақ?
Әрине, ол, ең алдымен, - басқарушы, жетекші. Жұмыстың орындалу барысын бақылап,
оған жөн сілтеп, бағыт-бағдар беріп отырады. Сондай-ақ ол – маман әрі кеңесші, өз
мамандығы бойынша студентке кәсіби кеңес береді. Кез келген жұмыстың алға басуы үшін
ынталандыру қажет, бұл рөл де оқытушы мойнына жүктеледі. Нәтижесінде жобалық
жұмысты бағалау үшін ол сараптау қызметін де атқарады. Бірақ осы қызметтердің бәрін
атқара жүріп, оқытушы студенттің өз бетінше жұмыс істеуіне кедергі жасамауы керек. Оның
әрдайым бейтараптықты басшылыққа алғаны жөн. Жұмысты бағалау барысында студенттің
ерік-жігері, жұмысқа деген ынтасы, шабыты оқытушы тарапынан ескерілсе, құба-құп болар
еді. Жалпы оқытушының назары жобалық жұмыста қол жеткізген нәтижеге емес, студент
сол нәтижеге қалай жетті, қандай жолдармен келді деген мәселеге ауғаны жөн.
Қорыта келе, жобалар әдісінің білім беру жүйесін жетілдіре түсуде маңызы өте зор.
Жаңашыл өмір талаптары жаңашыл көзқарастарды, әрбір оқытушыдан озық әдістемелерді
қажет ететіні сөзсіз. Постиндустриалды қоғамның нағыз азаматын тәрбиелеп шығаруға зор
үлесін қосатын жобалық технология XXI ғасыр технологияларына бекерден-бекер
жатқызылмаса керек.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
o
Щукин А.Н. Обучение иностранным языкам. Теория и практика. Москва, 2006.
o
Stmsx.mylivepage.ru/…/617_ «Проектная_ технология_ обучения»
462
o
Коряковцева Н.Ф. Современная методика организации самостоятельной работы
изучающих иностранный язык. Пособие для учителей. Москва, 2002.
Резюме
В статье автор рассказывает об использовании проектной технологии обучения в
методике преподавания казахского языка.
The author explains how to use learning technologies in the design methodology of teaching
the Kazakh language.
ЖЕКЕ АДАМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА САБАҚ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
Рысқұлбекова К.С.
Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ
Адамзат қоғамының мәңгі өмір сүретін қызметін орындау, жаңа ұрпақтарға әлеуметтік
тәжірибені жеткізе білу, тұлғаға ізгілік, адамгершілік қасиеттерін сіңіру- педагогтың
мақсаттары. Мақсат- дегеніміз әрекет нәтижесі туралы түсінік. Бүгінгі білім берудегі мақсат
адамдардың әлеуметтік тәжірибесін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыру. Бұл тәжірибе
адамдардың іскерлік дағдыларды меңгеру нәтижесінде білімге айналатын құндылықтардан
тұрады. Бұл үшін бүкіл білім беру жүйесінің және педагогтың ,оқушы, студенттердің өз
бетінше жұмыс істеу және өзін-өзі ұйымдастыру қабілетін дамытуға күш-жігері бағытталған
болуы керек.Өз бетінше оқу қызметін болдыру дегеніміз- студент мақсат қоя білуі,
жоспарлай білуі, сол жоспарын болдыра білуі сияқты әрекеттері болуы керек. Бұл жағдайға
жеткізу үшін баланың әртүрлі тапсырмаларды орындауы барысында жаңалықтарды
іздеуге,білуге мүмкіндігі туады.Ол туралы К.Д. Ушинский, балаларға белгілі білімді беріп
қана қоймай, сонымен қатар оларда ықылас пен алғырлықты дамытуы қажет екенін айтқан.
Және мұғалімсіз жаңа танымды игеруі өзіне қажетті білімді оқулықтан ғана емес өзін
қоршаған ортадан, өмірдегі оқиғадан ала білуге үйрету керектігін, мұндай дәрежедегі
баланың өмір бойы оқитынын өз нанын өзі тауып жей алатын жағдайға жететінін,білім
берудегі ең негізгі мақсат осындай болуы керектігін ескерткен. Яғни оқу орнын бітіруші
өзінің қызметін жақсы орындаушы ғана емес, өз бетінше әрекеттене алатын болуы керек.
Біздің дәуіріміз “ақпараттың жарылыспен”, яғни ғылыми, техникалық, мәдени ақпарат
санының өсуімен байланысты білім беру үрдісі қазіргі қоғамда ақпараттандыру үрдісінің бір
бөлігі болып отыр. Бүкіл дүние жүзіндегі білім жүйесін ақпараттық өнімдермен,
құралдармен, техналогиялармен қамтамасыз етуді қажет етіп отыр. Ақпараттандыру
ұстанымын жүзеге асыру үшін оқыту қызметін атқаратын ақпараттық кеңістік құрылып,
информатика мен есептеуіш техника оқытылып жатыр. Ақпараттандыру оқытушы мен
шәкірт арасындағы байланысқа кедергі тудырмауы керек. Әрине қоғамның даму
тенденцияларының, өмір жағдайының өзгеруі, идеялогиялық бағдарлардың ауысуына
байланысты білім беру мақсаттары да өзегереді. Білім берудің әдістері де, ғылыми таңдау
объектілері де өзгеріп, қоғамның әсерімен педагог- практиктердің де уақыт талабына сай
өзгеріп ғылыми өмірден қалмауын қажет етеді. Педагог- оқу мен тәрбиенің иесі. Білім беру
үрдісін тікелей жасаушы да. Бүгінгі жаңашыл педагог қоғамдық демократияландыру-
мектепті демократиландыруға себеп болып табылатындықтан оқу орындарының барлық
жақтарын қайта құруға дайын болуы керек. Демократияландыру- бұл оқушы деген атқа ие
адамға бұрылыс. Балалар мен үлкендер арасындағы қарым-қатынасты жандандыру,
түсінушілік туғызу,түсінушілік негізінде бір-бірінің жан дүниесіне үңілу, баланың танымдық
қажеттіліктері мен рухани қажеттіліктерін толық қанағаттандыру. Оқу орнының бүкіл
өмірлік
қызметі,
оқытушы
мен оқушы,
студенттің
әрекетінің
толық
мазмұны
463
оқушы,студентке қызмет етуі тиіс. Тұлғаның үйлесімді дамуына жақсы жағдайлар
жасалғанда ғана әркімнің өз міндеттемелеріне деген талаптары жоғарылап оқуға деген
ұмтылысы дамып, білім алудағы жауапкершілігі артады.Педагогте өз еңбегінің нәтижесі
үшін қуаныш сезімі туады. Бүгінгі тәуелсіз қоғамда шығармашылық ойы бар, сыншыл
тәуелсіз адам тәрбиелеп шығу үшін педагогтер қызмет етуі қажет. Бұған жету үшін сабақ бір
сипатта яғни жаңа сабақ өту, өткен сабақты сұраумен шектеліп отырмауы керек, ол
пікірталас, дөңгелек үстелдер кері байланыс, біріккен ұжымдық ортақ істермен
алмастырылуы тиіс. Біріккен ұжымдық жұмыс тәжірибесіне жету үшін педагогтің
шыдамдылығы және жұмысты ұйымдастыра білу қабілетінің жоғары деңгейі қажет. Біріккен
еңбек ету үрдісінде жүретін ұжымдық әрекетте пікір алмаса отырып, өмірде өз орнын таба
білуге, өзін бағалай білуге, шындықтың көзін аша білуге қол жеткізеді.Сөйлей алу,өз пікірін
дәлелдеп жеткізе алумен қатар және іздену жұмыстары нәтижесінде ақпаратты немесе әрекет
тәсілдерін іздестіру жағдайында қоғамдық мәдениетті игеру барысындағы болмысты тану
тетігінде қалыптастырады. Пікірталас кез-келген жағдайдан шыға білу жолдарын да үйретеді
және ішкі сөйлеуді сыртқа шығару, ақыл-ой әрекетіне де жетелейді. Ұжымдық ойлауда бала
өз пікірінің қажеттілігін сезеді де оны көп оқуға, көп білуге, өзіндік жұмыс істеп іздене
білуге жетелейді. Балада өзіне деген сенімділік, зейінділік, кішіпейілділік сияқты қасиеттер
пайда болады. Бұл жұмыс педагогтің сабақты дұрыс ұйымдастыра білу нәтижесінде ғана іске
асады. Педагог- ақылшы, кеңесші, ересек дос, көмекші, шеберлікке үйретуші болуы тиіс.Ол
оқушысының белсенділігін арттыру үшін барлық керекті жағдайларды жасап оны бағыттап
отырады, қадағалайды және оның сәтті орындалуы үшін керекті ақпарат құралдар береді.
Білім берудің негізгі мақсаты – жас жеткіншекке жеке тұлға ретінде қоғамдық өмірде білім
мазмұнын жеткілікті деңгейде меңгерту. Білім беру қызметі жас ұрпаққа керекті білім,дағды
және тәжірибе қалыптастыруға бағытталған.Жас ұрпақтың оқу материалын ұғынуы,оны
қорыта білуі,алған білімін әр қилы жағдайда пайдалана білуі,оның жан-жақты білгір маман
болып қалыптасуына септігін тигізеді.Оқудың мәні пәндік білімдер мен біліктерді меңгеруде
ғана емес, қабылдаған пәндік мазмұнға қатынасындағы іс-әрекеттер әдістерін меңгеруінде
де. Сондықтан сабақ жобасын жасағанда ұстаз оқудың ерекшелігі әрекет әдістерін оның
құрылуынан бастап қабылдауға бағытталған ұйымдасқандық пен бағытталғандық болуы
тиіс. Бұған қол жеткізу үшін нақты әдістерді жоспарлай білу керек, әрекет ұстанымдарын
негіздеу іс-әрекет жолдарын болжау, шешім қабылдау, бастапқы жоспарға қажетті түзетулер
енгізе білуі тиіс. Оқытушының оқытуды ұйымдастыратын негізгі талаптарының бірі
сабақтың құрылымы болып табылады. Оқытудың ұйымдастыру формасы ретінде сабақ
ерекшелігі мақсатқа шартталады және оқу үрдісінде әр сабақтың жеке алғандағы орнына
байланысты.
Сабақ
–
педагогикалық
шығармашылық,
сондықтан
ол
өзінің
біртұтастылығымен,бөліктерінің ішкі өзара байланысымен ерекшеленеді. Әрбір сабақтың
нәтижесі ұстаздың сабаққа қойған мақсатын айқын анықтаудан, оны түсінуден басталады.
Сабақтың құрылымы мен түрлерін жоспарлау кезінде балалардың дара қабілеттерін де
есепке алған дұрыс. Сабақ құрылымы “оқу үрдісінің заңдылықтарын, шынайы оқу үрдісі
қисыны, білімді меңгеру үрдісінің заңдылықтарын, ішкі психалогиялық құбылыс ретіндегі
жаңа білімді меңгеру қисынын, жеке таным тәсілдері ретіндегі оқушының өзіндік танымдық
әрекетінің заңдылықтарын, педагогикалық үрдістің мәнінің сыртқы көрінісі мұғалім мен
оқушының әрекет түрлерін көрсетіп тұруы қажет”. Сабаққа оқытушы дайындалғанда оқу
материялын талдап, құрылымын анықтап қана қоймай оқушысының осы материялды
қаншалықты қабылдай алатындығын, ойлау, талдау қабілетінің қаншалықты дәрежеде екенін
ескеруі керек.Сабақтың құрылымдық бөліктері – ақиқат нәрсе. Ұстаз әрбір бөлікті жеке
алғанда және сабақтың басқа бөліктерімен өзара әрекеттесу қызметінің бірлігін түсінгенде
ғана тиімді болады. Жаңа білімді қалыптастыруға тек бұрыңғы бар білімге сүйене отырып
қана жетуге болатыны анық. Ұстаз бір сабақтың үстінде жаңа сабақты түсіндіріп те, өткен
сабақты сұрап та, оқушыларды бағалап та үлгеруі керек. Сабақтың әдістемелік құрылымы
жаттығу орындау, оқушылар жауаптары, сәйкес әдістер мен құралдарды пайдаланып
материялдарды түсіндіру, оқытушының басшылығымен немесе өз бетінше практикалық оқу
464
міндеттерін шешу сияқты әрекеттерден тұруы керек. Оқытушы еңбегінің жемісті болуы
оқытушының сабақта қолданатын әдісіне байланысты екенін ғалымдар дәлелдеп отыр.
Оқыту әдістерінің пайда болуы мен даму дәрежесінің өзіндік ерекшеліктері бар. Педагог-
ғалымдар өздерінің зерттеу жұмыстарында мұғалім мен оқушы қызметінің әр түрлілігіне
назар аударған. Бұл әдісті олар оқыту әдістері деп атаған. Мұғалім жаңа материалды
түсіндіреді- ол түсіндіру әдісін қолданады, ал оқушылар материалды өз бетінше оқып
үйренеді- бұл өздік жұмыс әдісі, оқушы практикалық тапсырманы орындайды- бұл
практикалық жұмыс әдісі,мұғалім сабаққа көрнекілік материалдар қолданады , бұл
иллюстрация әдісі т.с.с. Әрбір жеке алынған оқыту әдісі белгілі бір логикалық құрылымға
ие. Оқыту әдісінің логикалық құрылымы оқу материалының мазмұнын және оқушылардың
оқу әрекетін құруға бағынышты. Жас ұрпақтың білім алуына қарай оқу әдістерін
төмендегідей жіктеуге болады:
а) сөздік әдіс
ә) көрнекілік әдіс
б) практикалық әдіс
Оқыту әдістері жүйесінде жетекші орын алатыны- оқытудың сөздік әдісі. Сөз арқылы
адамзаттың өткені мен келешегі туралы айқын бейнелер арқылы бала санасына әсер ету. Сөз
баланың ойын, есте сақтау қабілетін дамытып, сезімін жандандырады. Сөздік әдістің
мынадай түрлері бар: әңгімелеу, түсіндіру,пікірталас, дәріс, оқулықпен жұмыс,әңгіме.
Әңгіме әдісі оқыту үрдісінің барлық кезеңдерінде қолданылады,бұл әдіс арқылы оқу
материалының мазмұнын ауызша жеткізуге дағдыланады. Түсіндіру әдісі әр түрлі
ғылымдардың теориялық материалын игеруге, табиғат пен қоғам өміріндегі құбылыстардың
себептері мен салдарын ашуда қолданады.Әңгіме әдісі арқылы оқушының өткен материалды
қаншалықты игергендігін анықтауға болады. Әңгіме барысында бір оқушыға жеке немесе
барлық сынып оқушыларына сұрақ қойылуы мүмкін. Әңгіменің тағы бір түрі- әңгімелесу.
Әңгімелесуді тұтас сыныппен немесе жеке топпен өткізуге болады. Әңгімелесу әдісі
сұрақтың дұрыс қойылуына байланысты жауап табуға итермелейді, өз ойларын айта білуге,
пікірталастыра алуға жетелейді. Қазіргі заманғы оқу орындарында көп қолданыс тауып
жүрген оқытудың сөздік әдістерінің ішіндегі- дискуссиялық әдіс. Оқыту үрдісіндегі басты
бағыт- танымдық қызығушылықтарын ынталандыру арқылы қоғамдағы өзгерістерді нақты
және белсенді талқылауға оған өз көзқарастарын тудыруға үйрету. Талқыланып отырған
мәселеге оқытушы да кірісе алатындай дәрежеде болуы керек. Бұл жерде оқытушы өзін үлгі
ете білуі керек. Пікірталаспен оқытудың тәрбиелік және білімділік мәні өте зор, жас
ұрпақтың мәселені терең ойлай алуына, өз пікірі болуымен қатар өзгенің де пікіріне тоқтай
алу ерекшеліктерін дамытады . Сабақтың көрнекілік әдістері иллюстрация әдісі және
демонстарция әдісі болып екіге бөлінеді.Иллюстрация әдісі – иллюстративті көрнекіліктерді,
плакаттарды, кестелерді, майлы бояу суреттерді, карталарды көрсетуді ұсынады.
Демонстрация
әдісі-
құралдарды,
техникалық
қондырғыларды,
кинофильмдерді,
диафильмдерді т.б.демонстрациялаумен байланысты. Қорыта айтқанда бұл әдіске оқу
материалын игерудегі техника мен құралдарды пайдалану жатады. Оқыту әдісінің ең көп
қолданатын бір түрі -жаттығулар. Жаттығулар барлық пәндерді игеруде және оқу үрдісінің
әртүрлі кезеңдерінде қолданылады. Ол сабақ барысында бірнеше рет қайталанатын іс-әрекет,
білік пен дағдыны игеруде және олардың сапасын көтеру үшін орындалатын оқыту үрдісі.
Оқу іс-әрекетін ойынмен жалғастыру ХХ-ғасырдың 60-жылдарында білім беруде ерекше
орын ала бастады. Білім алушылардың өздері шешімдерін табатын, моделдейтін, арнайы
жағдаяттар құруы үшін дидактикалық ойындар ұйымдастыруы – танымдық іс-әрекетке ие
және ақпарат іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады. Дидактикалық ойындар оқытудың әдісі
ретінде оқытудың белсенділігін арттырудың үлкен мүмкіндіктеріне ие. Әрбір ұстаз сабақ
жоспарын жасағанда тек оқу материалын мұқият талдап, құрылымын анықтауымен
шектелмей, жас жеткіншектің осы материалды қаншалықты игере алатындығына ойлау,
талқылай алу қабілетінің ерекшелігін ескеріп дарындылықтың іргетасын қалай білсе сабақ өз
нәтижесін береді.
465
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Достарыңызбен бөлісу: |