Резюме
В статье рассматриваются вопросы оптимального использования информационно-
коммуникационных технологии в учебном процессе вузов.
In article questions of optimum use information-communication technologies in educational
process of high schools are considered
СТУДЕНТТЕРДІҢ АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мұстафина Майгүл Әділбекқызы, п.ғ.к., доцент
Халықаралық бизнес университеті, Тілдер кафедрасы
Кез келген пәнді оқытудың өзіндік әдістемесі бар, оны іске асырудың тиімді әдістері
бар. Ол әдістерді пайдалана отырып, сабақты қызықты етіп те өткізуге болады. Бірақ сол
өткен сабақтың нәтижесі қандай? Біз сабақты жоспарлауда міндетті түрде мақсат қоямыз. Ал
мақсат оқытуды ұйымдастыру мен басқарудың негізгі функциялары құрылымында жүйе
құрайтын фактор рөлін атқарады. Сабаққа мақсат қою үшін ұстаз оның құрылысы мен
әдістемесін білуі қажет. Мақсат қоюдың мәні мынады: белгілі бір ақпаратты жүйелеу,
қорыту, салыстыру, талдау жасау; олардың ішіндегі маңызды деген ақпаратты іріктеп алу;
соның негізінде - тәрбиелеу, білім беру, дамыту - үш бірлікті қалыптастыру; мақсатқа қол
жеткізу туралы шешім жасау. Білім беру технологиясының өзі мақсат жүзеге асатын және
орындалуын болжай алатындай, яғни соңғы нәтижелерді тексере алатындай болуы тиіс.
Н.В. Бочкина жоғары оқу орындарындағы оқу үдерісін екі тұрғыда қарастырады [1].
Бірінші тұрғыда, құрылымдық–міндет атқарушылық және «оқыту-үйрену» жүйесін дамыту
үдерісі түрінде көрінеді. Бұл жағдайда оқыту мақсаттары студент тұлғасының белгілі
бағытпен өзгеруінің күтілетін соңғы нәтижесі және оны қадағалау ретінде анықталады.
Оқыту үдерісінің ондай моделінде оқытушы және студенттің өзара байланысы және өзара
қатынасының сипаты мен мақсатқа жетудегі түсіністік деңгейіндегі қасиетті иеленеді.
Екінші тұрғыда жоғары оқу орындарында оқыту үдерісі «ішкіден сыртқыға және сыртқыдан
ішкіге» арқылы өтетін бір өлшемді акт ретінде қарастырады. Бұл жағдайда оқыту мақсаты әр
уақытта күтілетін соңғы нәтиже ретінде оқыту үдерісін осылайша құруда оқытушының
студентке біржақты әсер етуі басымдылық танытады. Автор оны студенттің мінез-құлқына,
іс-әрекетіне педагогикалық басшылық деп түсінеді. Педагогикалық мақсат туралы айтқанда,
оның маңызына көңіл бөлу қажет.
453
Мақсатқа қол жеткізу оқу біліктілігі және нақты іс-әрекет түрлерінің қалыптасуымен
қамтамасыз етіледі. Оқытушының мақсаты – оқыту, ал студенттің мақсаты – оқып-үйрену
екені белгілі нәрсе. Сабақ барысында әр студенттің жеке қабілетін ескере отырып, орындаған
жұмысын тексеру, оны бағалау, оның кемшіліктерінен гөрі жетістіктеріне көңіл бөліп отыру
үлкен рөл атқарады. Өйткені өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуде жүргізілетін
жұмыстардың түрлерін айқындау, сол арқылы тілді үйретуге байланысты қандай бағыт-
бағдар таңдап алу керектігі маңызды. Сол сияқты оған қатысты орындалатын тапсырмалар
мен жаттығулардың деңгейі мен сапасын қандай болатындығын анықтамай тұрып,
белгіленген мақсатқа қол жеткізу мүмкін емес. Жұмыс түрлерін айқындау ұстанымы
оқытушының жан-жақты ізденуін талап етеді. Осы негізде берілетін тапсырмалардың
қарапайымнан күрделіге, аздан көпке қарай шамалап өсіп отыру керектігін ұмытпаймыз.
Кешегі мектеп оқушысы, бүгінгі жоғары оқу орнының студенті, ертеңгі маманға өзі
өмір сүріп жатқан елдің тілін үйретудегі негізгі әрекет – қазақ тілінде сөйлесе білу, өз ойын
жеткізе білуге үйрету. Ол әр сабақта белгілі бір тақырыпта тілдесе білуден басталып, бір-
бірімен қарым-қатынас жасай білуге жеткізеді. Сондықтан да басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін
үйретуде бүгінгі күні кеңінен тараған қатысымдық бағытты ұстанамыз. Ғалым
Ф.Ш.Оразбаева бұл турасында былай деп жазады: «Сөйлесім әрекетінің түрлері тілдік
қатынаспен тығыз байланыста бола келіп, қатысымдық қызметтің жүзеге асуын қамтамасыз
етеді. Осы тұрғыдан келгенде, оқушылардың алдына қойылатын мақсаттар тілдік
қатынастың қағидаларына сүйенеді: тіл үйренуші айтылған сөзді түсінуі қажет; адамдар бір-
бірімен сөйлесіп, пікір алысуға мүмкіндік алуы керек; сол сияқты қазақ тілінде қысқаша
баяндама жасай білу, түсініктеме, хат, пікір жаза білу де осындай мақсаттардың қатарына
жатады» [2].
Студенттердің ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту мақсатында оқи білу, таңдай білу, айта
білу, жаза білу және сұхбаттаса білуіне қол жеткізу қажет. Белгілі бір тақырып бойынша
қатысымдық бағытта жұмыс жүргізумен қатар грамматикалық тақырыптар да игерілуі
керек. Лексикалық тақырып пен грамматикалық тақырыптың өзара ішкі байланысы болғанда
және орындалатын тапсырмалардың қызықты да жүйелі болуы белгілі нәтижеге жеткізеді.
Тіл үйренуде қажетті сөздер мен сөздік құрамды игеру лексикалық материалдарды оқыту
барысында орын алатын сөздік минимумды ескеруді талап етеді. Күнделікті сабақта
үйренген сөздерді қайталап, ауызекі сөйлеу тілінде қолданып жүрсе ғана, тиімділігі артады.
Белгілі бір тақырып бойынша жоспарланған сабақтағы жүргізілетін жұмыстың барлық
түрі, сұрақ-жауап, тексеру мен бақылау, тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым
кезеңдерінде орындалатын тапсырмалар да сол тақырып төңірегінде болуы тиіс. Мысалы,
«Жыл мезгілдері» тақырыбы бойынша қажетті тірек сөздер, құралатын сөз тіркестері мен
сөйлемдер, басқа да тапсырмалар осы төңіректен ауытқымауы қажет. Тақырыпқа қатысты
сөздерді өздерінің тауып жазуын тапсырамыз. Ол сөздерден қанша сөз тіркесін құруға
болатынын анықтау жұмысы да өз үлестерінде болады /мезгіл – жылы мезгіл, суық мезгіл,
қараңғы мезгіл, жақсы мезгіл, көңілді мезгіл, тамаша мезгіл, керемет мезгіл, бір мезгіл, төрт
мезгіл және т.б./. Сол сияқты қыс, көктем, жаз, күз атауларынан да ассоциация жасатуға
болады; бұл жерде қазақ тілін меңгеруге құлқы жоқ студенттерді тартуға болады.
Тілді үйренуде жұптық тапсырма ретінде өзара диалог құру, сұхбаттасу өз тиімділігін
көрсетіп жүр. Студенттер білетін сөздерін пайдаланып, ал білмейтін сөздерді бірлесіп іздеу
арқылы сөздік қорларын толықтыратын болады. Әрине жоғарыда айтқандай, бұл жерде
грамматикадан өткен тақырыптарын қайталап, еске түсіріп отырулары қажет болады. Тілді
үйрену сол тілдің сөздік құрамындағы лексиканы түгел білумен өлшенбейді. Сондықтан ол
сөздік қордан сөйлеу үшін қажетті лексикалық минимумды іріктеп, таңдап ала білу керек.
Студенттің сөздік минимумына кіретін сөздер айтушының да, тыңдаушының да тілдік
қарым-қатынасына сәйкес, қолайлы болуы тиіс. Ондай болмаса, тілдік қатынас жүзеге
аспайды. Мысалы, өзара жұптық тапсырма орындауда мынадай үлгілерді ұсынуға болады.
1)
Маған көктем мезгілі ұнайды. Ал саған ше? /көршіңізбен сұхбат құрыңыз/.
454
2)
Қыста тауға барып, шаңғы тебу жөнінде досыңызға ұсыныс айтыңыз /көршіңізбен
сөйлесіңіз/.
3)
Жаз мезгілінде демалуға баруға жиналдыңыз. Қайда барасыз және кіммен
бармақшысыз? /көршіңізбен ақылдасыңыз/.
4)
Күз мезгілінің ерекшелігі неде деп ойлайсыз /өз ойыңызды айтыңыз/.
«Менің сүйетін жыл мезгілім», «Қаһарлы қыс», «Көгілдір көктем», «Жайдары жаз»,
Алтын күз» сияқты тақырыптарға монолог құратса, сөйлемдер құрса, сөйлесім және
жазылым әрекеті іске асатын болады.
Әр жыл мезгіліне қатысты киім атауларын жазу, мақал-мәтелдерді тауып жазу, жыл
мезгілдерінің ауа-райына қатысты ертеден келе жатқан халықтың /оның ішінде қазақ
халқының/ болжамдары туралы тапсырмалар топ бойынша өздік жұмыс есебінде беріледі.
Әрине орыс тілді аудитория болғандықтан, олардан толыққанды жауап алмасақ та,
құрылған сөйлемдердің дұрыс болуына баса көңіл бөліп отырамыз. Әр студенттің неғұрлым
көбірек сөйлеуіне, сөйтіп сөздік қорының жаңа сөздермен толығып отыруын естен шығармау
керек. Сонымен бірге үнтаспадан, бейнетаспадан тыңдау, көру оқу материалын біртіндеп
қабылдауға мүмкіндік береді. Арнайы тақырыптар бойынша сөйлеуге үйрету, біріншіден,
студенттерге не туралы айту керек екенін аңғартса, екіншіден, қалай айту керек, қандай
сөздерді білу керектігіне назар аудартады.
«Сөйлеуді меңгерту дегеніміз – тіл үйренушінің айтайын деген ойын ауызша және
жазбаша екінші адамға түсінікті етіп жеткізуіне мүмкіндік жасау. Сөйлеуді үйрету –
күнделікті өмірдегі жағдайларға байланысты адам өз ойы мен пікірін тұжырымдау. Сол ойды
сөзбен бейнелеудің өзі сөйлем арқылы түсінікті түрде жеткізудің амалдарын игерту» [3].
Белгілі бір тілде сөйлеу үшін, сөздіктен қаншама сөзді жаттағанымен, оны дұрыс
қолдануды білмесең, ойыңды түсінікті етіп жеткізу мүмкін емес.
Тіл үйренуде қажетті сөздер мен сөздік құрамды игеру лексикалық материалдарды
оқыту барысында орын алатын сөздік минимумды ескеруді талап етеді. Оқу кезеңінде жаңа
сөздер күн сайын толығып отырады. Алғаш үйренген сөздерге жаттаған лексика қосылып,
бірін-бірі толықтырып отырады.
Сөздік минимум сөйлеу әрекетіне тікелей қажетті, іріктелген шағын лексикалық
тұлғалардан тұрады.
Лексикалық материалдарды оқыту барысында оқытушыларға қойылатын негізгі
талаптар: сөздік қорды іріктеп алып, лексикалық қорды үнемі жетілдіріп отыру; Сөйлемдегі
сөздердің орын тәртібіне мән беріп отыру; ауызша және жазбаша жаттығуларды түрлі әдіс-
тәсілдерді пайдалана отырып орындату және есте сақтау қабілеттерін дамытып отыру;
лесикалық материалға қатысты бақылау жұмыстарын, диктант және т.б. жиі өткізіп отыру;
сөздердің бір-бірімен байланыс амалы мен байланыс тұлғаларын іс жүзінде қолдана білу
заңдылығын үздіксіз үйретіп отыру;
Қорыта келгенде басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілінде сөйлеуге үйрету үшін сөздік
қордың жиынтығын ғана емес, ондағы сөздерді дұрыс қолдана білуді үйрету қажет. Мұның
өзі сөздерді тілдік қарым-қатынаста қолдану үшін, грамматикамен бірге лексикалық
ережелердің де айрықша орын алатынын көрсетеді. Студенттердің ауызекі сөйлеу тілінде
еркін сөйлей алуына қол жеткізуге сонда ғана мүмкін болады деп ойлаймыз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Бочкина Н.В. Сущность педагогических технологии. // Педагогические системы в
школе и в ВУЗе: технологии и управление. Тез. науч. конф. 1993.
2. Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. Алматы 2000.53б.
3. Маселова К. Қолданбалы механика лексикасын сөйлесім әрекеттері арқылы
меңгерту. // Ұлт тағылымы. №3. 2007. 72б.
Резюме
455
В этой статье рассматриваются методы развития устной речи у студентов в казахском
языке.
ТІЛ ҮЙРЕТУ ҮРДІСІНДЕ
ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРДІ
ЖЕТІЛДІРУДІҢ МАҢЫЗЫ
Мұқамбетқалиева М., п.ғ.к.,
доцент
Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ
Жаңа ғасырды аттаған бүгінгі қоғамның барлық салаларында (ғылым, мәдениет,
әдебиет,өнер, тарих, білім беру, техника) айтарлықтай өзгерістер болуда. Бүкіл әлем
халқының өміріне жаhандану үрдісі ене бастауына орай, ақпараттарға толы жаңалықтар легі
үлкен өзгерістердің негізі бола бастады. Сондықтан бүгінгі жаhандану үрдісі деп еніп жатқан
мына өмірде студенттерге білім беруді әлемдік стандаттарға жақындату, оқытудың мазмұны
мен әдіс-тәсілдерін жаңаша жаңғыртып оқытуға лайықтау күн тәртібіндегі басты
мәселелердің бірі болып отыр.
«Қазақстан – 2030» бағдарламасында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – жеке
тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері
негізінде қалыптасуы, дамуы және кәсіби тұрғыда жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау» -
деп көрсетілген.
Жаңа ғасырдағы өркениетті қоғамның алдыңғы қатарда болып гүлдене түсуі жас
ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетінің, білімінің, шығармашылығының, кәсіби
біліктілігінің, тәуекелділігінің іздемпаздығының болуын талап ететіндігі өмір талабы болып
отыр. Осыған орай тез өзгеретін жаңа талаптарға сай бейімделген жаңа дара тұлғаны
дайындау қажеттілігі туындап отыр.
Қазіргі қоғамның отбасылық, әлеуметтік, саяси, ұлттық қатынастарға бағытталған
пікірлесімдер жүргізе алатын дара тұлғаға зәрулігі байқалып отырғаны мәлім. Бүгінгі күннің
негізгі талабы – білімді адамды әлемнің барлық жағынан қамтыған тұтас қалпында қабылдай
алған жеке шығармашылық ойлау қабілеті дамыған тұлғаны тәрбиелеу болып отыр.
Қазіргі кезде жас ұрпақтың жаңаша ойлануына олардың біртұтас дүниетанымын білім
беру арқылы қалыптастыру әлеуметтік сапа деңгейіндегі әлемдік жаңа талаптарға сай
берілетін білім, білік, дағды болып саналады. Осыларды өскелең ұрпақтың жаңаша мазмұнда
меңгеруіне ықпал жасау білім беру жүйесінде келесі мәселелердің бірі ретінде тұрғаны
мәлім. Бұл қазіргі білім беру жүйесін ізгілендіру, яғни білімді гуманистік принциптегі
бағытта дамыту идеясымен ұштасып жатыр.
Білім беруді ұлттық тұрғыда жаңғыртуда «құзырет», «құзыреттілік» ұғымдарына
мағыналық интерпретация жасап алу қажеттілігі тұрады. Бұл категорялар әуелі кезде
экономикада, өндірісте жиі қолданылған, кейіннен білім беру саласына да кірігіп кетті.
Алайда бұлар күнделікті қолданыста да, кәсіби тілде қарым-қатынас жасауда да жиі
қолданылып келеді.
Ғалымдардың пікірінше, «құзыреттілік» ұғымы бүгінгі күнде білім беру практикасында
негізгі орталық болып саналады. Сонымен қатар білім берудің приоритетті мақсаттарының
бірі саналып, жеке тұлғаның өз бетінше дамуына, жеке дара өсуіне, өздігінен
ұйымдастырушылығы ретінде қарастырылады.
Қазіргі заманғы білім беру жүйесіндегі жаңа бағыт – құзыретті білім беру болып
табылады. Ол білім беру стандарттары мен өмір талаптарының басын қосуға негізделеді.
Құзыретті білім беру студенттің ақпараттылығын қамтамасыз етеді, өмірде кездескен
жағдаяттық проблемаларды шешу икемділіктерін білдіреді. Құзыретті білім беру
теориясында 2 базалық ұғым бар. Олар - «құзырет» және «құзыреттілік». Оның біріншісі
тұлғаның өзін қоршаған ортада белгілі бір нәрселерге және үрдістерге қатысы бойынша
456
өзара байланысқан сапаларының жиынтығы, ал екіншісі өзіне тиісті құзыреттерді адамның
меңгеруі, игеруі және әрекет етуші нәрселерге өзінің жеке қатысы.
Қазіргі әдістеме ғылымында білім мазмұнын сипаттауда «компетенция» («құзырет»)
термині жиі қолданылады. Көпшілік ғалымдар арасында білім беру үрдісінің интегралды
нәтижесін сипаттауға «білім – білік - дағды» триадасының жеткіліксіз екендігі айқындалды.
Алғаш рет Болонья мағлұмдамасының мемлекеттік білім беру стандарттарының
жобаларында «құзырет» терминдері қолданыла бастады.
Құзыреттілік (лат.competentіs) – 1) құқығына тиістілік, бір саладан хабардар
болушылық; 2) тұлғаның міндеттерінің аясы, шегі; 3) лингвистикада: тіл туралы
интуициялық білімнің болуы; сөйлеушінің ана тілінде өз ойын тиянақты жеткізуге
мүмкіншілігінің болуы, сөйлемдерді ажырата білу қабілеті.
Н.А.Мещерякова құзыреттіліктерге берілген анықтамаларды зерттей келе былайша
тұжырым жасайды: «Дидактикада бұл ұғымға нақты анықтама жоқ. Алайда көптеген
зерттеушілер мына пікірге қосылады: құзыреттіліктің басты белгісі жеке тұлғаның
сипаттамасы ретінде адамның тиісті қызмет саласында нақты міндеттерді табысты шеше
білу білігі».
Ғалымдар Н.Д.Никандров, М.В.Рыжаков, В.С.Ледневтердің пікірінше, «құзырет»
термині білім, білік, дағдыға ие болу т.б. ұғымдардың орнына қолданылады. Олар:
«Компетенция является, таким образом, сферой отношений существующих между знанием и
действием в человеческой практике».
Құзырет кез-келген жағдаяттарда дербес тұлғаның өзінің кәсіби қызметін іске асыру
үшін қажетті білім, білік, дағды, әрекет тәсілдерінің жиынтығы. Ал құзыреттілік болса, бұл
қай салада болмасын маманның кәсіпқойлық қызметін құрайтын қалыптасқан құзыреттер
жиынтығы. Сонымен қатар қолайсыз жағдаяттарда адамның нәтижелі әрекет ету
қабілеттілігі және ол интегративті сипаттама болып саналады. Мысалы: екі студент бір
проблеманы бір уақытта нәтижелі шешуі мүмкін.
Қай қоғамда болмасын білім әлеуметтік құбылыс деп аталып, адам баласының
ажырамас серігі болып келеді. Оқу мен тәрбие, мәдени құндылықтар ұрпақтан-ұрпаққа
ұштасып келеді. Қай білім саласы болмасын, ол қоғам өмірінен алыстамай, оның ажырамас
бірлігі болып саналады.
Білім деп жеке тұлғаның физикалық және рухани қалыптасуының біркелкі үрдісі,
жалпы қоғамның, халықтың есінде қалған тарихи жеке эталондары (Мысалы: жан-жақты
дамыған жеке тұлға, энергиясы көп кәсіпкер). Осындай ұғымда білім барлық қоғамның
ажыратылмас бір қыры. Сондықтан бұл әлеуметтік құбылыс болып саналып, оқыту-
тәрбиенің және мемлекеттің, қоғамның, адам баласының мүддесін жасаушы күш болып
табылады.
Білімге анықтама беретін болсақ, білім – әлеуметтік құбылыс, әлеуметтік қажеттілік,
қоғамдық қажеттілік. Білім - адамның белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен
пайымдарының т.б. жиынтығы. Білім адамзат мәдениетінің ауқымды ұғымдарының бірі
болып табылып, ол сана, таным, ойлау, ақиқат, ғылым, т.б. күрделі де терең ұғымдармен
тығыз байланысты. Білім – бұл деректер, мәлімет, ұғымдар, ережелер, заңдар, теориялар,
формулалармен сипатталады.
Қазақ халқы ежелден білімді қатты бағалаған. «Білім дүниеден жақсы, өйткені білім
сені сақтайды, дүниені сен сақтайсың», «Тәжірибе негізі – ғылым, даналық негізі – білім»,
«Оқусыз – білім жоқ, білімсіз – күнің жоқ», «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»
деп ертеден білімге қатты көңіл бөлген. Қазіргі заманда білім аламын деген жас ұрпаққа
төрткүл дүниенің есігі ашық.
Адамның білімді болуы дегеніміз – әлемнің моделі мен өмір сүру тәртібінің белгілі бір
жүйесі. Ол жүйе білім, білік, дағдылармен ерекшеленеді.
Біліктілік – білім туралы құжаттарда көрсетілетін бітірушілердің кәсіптік қызметін
орындауға немесе білімін жалғастыруға кәсіптік даярлықтың түрі мен деңгейі.
457
Дағды мен білік ұқсас нәрселер. Білік дегеніміз - адамның қандай нәрсені болмасын
орындай білу қабілеті. Білік білім мен тәжірибеге негізделеді. Білік – белгілі бір дағдылар
мен білім жүйесін практикада пайдалана алудың көрінісі болып табылады. Білік пен білім
тығыз байланысты. Сонымен бірге білік білімнің амалға айналуын және амалдың жүзеге асу
тәсілін де білдіреді.
Тіл үйрету үрдісінде көптеген ғалымдар білім, білік, дағдыларды зерттеп, құнды
пікірлер айтқан. Дағды адам әрекетінің қай-қайсысында да ерекше маңыз алады.
Алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап
жаттығудың нәтижесінде автоматталынуын дағды деп атайды.
Дағдының арқасында біздің санамыз қызметтің түпкілікті, шешуші кезеңдерінде
жұмылдырлады. Адам өзінің негізгі мамандығында қажет нәрсесіне дағдыланса, ақыл-ой
жұмысын меңгеруде табыстарға жетеді.
Дағдылар бірнеше түрге топтастырылады. Олар: мектептік (оқу, жазу, есептеу, т.б.),
спорт (футбол ойнау, жүгіру, күрес, т.б.), еңбек (түрлі мамандық, токарь, слесарь, мұғалім,
дәрігер, т.б.) Спорттық дағдыларды қозғалыс, мектептік дағдыларды сенсорлық (тікелей
қабылдау) және интеллектік дағдылар деп атайды.
Дағды адам әрекетінің қайсысында болмасын ерекше маңызға ие болады. Дағдының
арқасында біздің санамыз қызметтің ең маңызды кезеңдеріне жұмсалады.
Тіл үйрету үрдісінде ақпараттық және танымдық құзыреттіліктерді жетілдірудің
маңызы зор. Ол студенттің қайнаған өмірге араласып кетуіне, алған білімдерін өмірде
қолдануына зор әсер етеді. Тіл үйретуде жетілдірілетін құзыреттіліктер – коммуникативтік,
ақпараттық, танымдық т.б. Осы құзыреттіліктерді жетілдірудің арқасында студенттің еркін
сөйлеуіне қол жеткізуге болады.
Қазіргі заманғы ақпараттық рөлінің өсуіне байланысты базалық сапа ретінде
ерекшеленіп жатқан ақпараттық құзыреттілік кәсіби қызмет аясында әртүрлі ақпараттық
технологияларды қолдануға зор ықпалын тигізіп отыр. Қазіргі ақпараттық қоғамда болашақ
мамандардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі күннен күнге зәрулік
тудыратын мәселелердің қатарында тұр.
Құбылмалы қазіргі заманда жеке тұлғаның проблемалары, оның ақпараттық өркениетке
енуі және ақпараттық құзыреттілікті меңгерген мамандарды дайындау мәселелері күн
тәртібінде тұрған басты мәселелер. Бұл ретте К.К.Колин, Н.В.Макарова, О.Г.Смолянинова,
В.Е.Фортова, М.С.Чвановалардың зерттеу еңбектерін атап өтуге болады.
Ақпараттық
құзыреттілік
туралы
А.Н.Завьялов,
О.Б.Зайцева,
Е.В.Иванова,
С.Д.Каракозов, Н.В.Кисель т.б ғалымдар зерттеу еңбектерін жазды. Ғылымда ақпараттың
сапасын бағалау және оны қабылдау біліктерін дамыту, оны қолдануға таңдай білу, нақты
мәселелерді шешуде әртүрлі ақпараттар көздерін таба білу, бұл қасиеттердің жеке тұлғаның
бойынан табылуы ақпараттық құзыреттіліктің қалыптасуы болып саналады.
Ақпараттық құзыреттілік маңызды құзыреттіліктердің бірі. Өйткені ақпарат адамның
өмір сүруіне материалдық ортаны қалыптастырып, оның социомәдени өмірін анықтап,
тұлғааралық қатынастарды іске асырудың негізгі тәсілі болып саналады.
Ақпараттық құзыреттілік дегеніміз – бұл жеке тұлғаның интегральдық сапасы. Бұл
өмірде болатын түрлі жағдаяттар кезінде туындайтын типтік мәселелер мен проблемаларды
шеше білу біліктілігімен сипатталады. Бұған мына компоненттер кіреді: компьютерлік
сауаттылық,
жеке
немесе
ұжымдық
қызметтердің
қазіргі
заманғы
ақпараттық
технологияларды пайдалану кезінде пайда болатын тәжірибесі, біліктілікті үнемі жетілдіру
үшін қажетті ақпараттық технологияларды қолдану саласында өз бетінше оқып үйренуге
дайындық, өзін кәсіпқойлық еңбекте көрсете білу білігі т.б.
Ақпараттық құзыреттілікте ақпараттық технологияларды меңгерту басты орында
тұрады. Ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру танымдық әрекеттерге де байланысты
болады. Біздің зерттейтін саламыз – болашақ экономистерге тіл үйрету барысында қазақ
халқының мәдениеті, әдебиеті, әдет-ғұрып, салт-саналары, тарихы, т.б. мағлұматтар беру
арқылы ақпараттық, танымдық құзыреттілікті қалыптастыру.
458
Ғалымдардың пікірінше, «ақпараттық құзыреттілік» ақпарат ағынында еркін
бейімделуді болжайды және компьютердің көмегімен субъектінің өз бетінше ақпараттар
алуына, оны өңдеуде, субъектінің алға қойған мақсатқа жетуде түрлі шешімдер қабылдауына
көмектеседі. Біздің түсінігімізше – ақпараттық құзыреттілік субъектінің жеке басының
әлеуметтік-психологиялық сапасы.
Ақпараттық құзыреттілік «танымдық құзыреттіліктің» негізі ретінде қарастырылады.
Кез келген танымдық қызметтің мазмұнында семантикалық ақпарат алмасу үрдістері болады
(қабылдау, қайта өңдеу, мағыналық ақпараттардың берілуі).
Танымдық құзыреттілікті қалыптастыру дегеніміз – студенттің дүниетанымын
жетілдіруін, ғылым мен білімді, қоршаған ортадағы құбылыстар мен оқиғаларды
қабылдауын, олардың адам санасындағы бейнеленуін, ойлау қабілетінің жетілуін дамыту
және ықылас, түсінік, жігер, зейін, жеке бас қасиеттерінің жиынтығы болып табылады.
Танымдық әрекеттің негізінде типтік жағдаяттар жатады. Олар: іскерлік қарым-
қатынастар жасау, іскерлік хаттар жазу, телефон арқылы әңгімелесу, келісімшарттар жүргізу,
түрлі пікірлесімдер жүргізу және т.б.
Тіл үйретуде танымдық құзыреттілікті қалыптастыру танымдық әрекетке негізделеді.
Сондықтан оқытушы танымдық әрекет түрлерін студенттер бойында қалыптастырып, әр
сабақта шығармашылықпен жұмыс істеуі қажет. Ол үшін оқытушы танымдық маңызы бар
мәтіндерді, тапсырмалар топтамасын, жаттығуларды алдын-ала дайындап келеді.
Жалпы тіл үйрету үрдісінде күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін құзыреттіліктерді
қалыптастырудың маңызы зор.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Достарыңызбен бөлісу: |