Министерство сельского хозяйства республики казахстан



Pdf көрінісі
бет4/42
Дата07.04.2017
өлшемі8,12 Mb.
#11299
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

1
Кеишилов Ж.С., 
2
Кохметова А.М., 
 3
Канафин Б.К., 
4
Чудинов В. 
 
МОНИТОРИНГ УСТОЙЧИВОСТИ К ПИРЕНОФОРОЗУ (PYRENOPHORA TRITICI-
REPENTIS) ЯРОВОЙ ПШЕНИЦЫ В УСЛОВИЯХ СЕВЕРНОГО КАЗАХСТАНА 
 
Желтая пятнистость (Pyrenophora tritici-repentis) широко распространенной болезнь 
пшеницы.  Встречается  во  всех  регионах  возделования  пшеницы  земного  шара.  В  годы 
эпифитотии уражайность пшеницы снижается до 65%. В 2015 году проведен мониторинг 
заражения  и  распространения  пиренофорозом  посевов  яровой  пшеницы  в  регионах 
Северного Казахстана. В Акмолинской области в селском округе Астраханское наиболь-
шее  заражение 2,60% отмечено  на  посевах  сорта  Акмола 2. В  Северо  Казахстанской 
облости в селском округе Шагалалы наиболее восприимчивым к пиренофорозу оказался 
сорт Астана. Распространение болезни достигло 74%. 
Ключевые слова: пшеница, сорт, образец, патоген, пиренофороз, устойчивость. 
 
1
Keishilov J.S., 
2
Kokhmetov A.M., 
3
Kanafin B.K., 
4
Chudinov B. 
 
MONITORING RESISTANCE PIRENOFOROZU (PYRENOPHORA TRITICI-REPENTIS) OF 
SPRING WHEAT IN THE CONDITIONS OF NORTHERN KAZAKHSTAN 
 
Tan spot (Pyrenophora tritici-repentis) is a widespread disease of wheat. It occurs in all 
regions of the wheat growing areas. During epiphytotic period productivity of wheat reduced up 
to 65%. Monitoring of contracting and spreading by tan spot on spring wheat in the northern 
regions of Kazakhstan in 2015 was carried. Infection of tan spot in the Akmola oblast, including 
the Astrakhan region was 2.60% on cultivar Akmola 2. In the North Kazakhstan oblast in 
Shagalaly region cultivar Astana was susceptible to tan spot. The spread of P. repentis was 
around 74%. 
Keywords: wheat, cultivar, design, pathogen, pyrenophora, resistance. 
 
 
ƏОЖ 631.445.24 
 
Кубенкулов Қ.К., Наушабаев А.Х., Хоханбаева Н.А., Базарбаев С.О. 
 
Қазақ ұлттық аграрлық университеті 
 
АШЫҚ-СҰР ТОПЫРАҚТАР АЙМАҒЫНЫҢ ЖАРТЫЛАЙ ГИДРАМОРФТЫ СОДАЛЫ-
СОРТАҢДАНҒАН КЕБІРДІҢ МЕЛИОРАТИВТІК ЖАҒДАЙЫ 
 
Аңдатпа  
«Амиран  Агро»  ЖШС  шаруа  қожалығының  ашықсұр  топырақтар  аймағының 
жартылай гидраморфты содалы-сортаңданған кебірдің құрылысы, химиялық құрамы жəне 
физика-химиялық қасиеттері зерттелінді. 
Кілт сөздер: сортаңданған, кескін,  кебірленген, сілтілі, тұздылық химизмі. 
 
Кіріспе 
Қазақстанда кебірлермен олардың кешендері кең таралған. Олардың жалпы ауданы 
58,9  млн.га.  Олар  көбінесе  Солтүстік,  Орталық  жəне  Батыс  Қазақстан  өңірлерінде 
таралған. Олар республикамыздың Оңтүстік жəне Оңтүстік-Шығыс өңірлеріндегі аумағы 
7,095  млн.га [1], оның  ішінде  айқын  көрінетін  кебірленген  "В"  қабаттыларының  аумағы 

33
 
3693  мың  га  немесе 52% құрайды.  Соңғылар  əлбетте  содалы  сортаңданған,  сондықтан 
жоғары сілтілі болып келеді. Бұндай топырақтар Алматы облысында тауалды жазықтық-
тарындағы  егістіктерде,  шабындықтарда  жəне  жайылымдарда  жиі  кездеседі.  Олардың 
жалпы аумағы 25,4 мың га. Олар Іле ойысының орта шенінде көптеп кездеседі. Мысалы, 
Талғар  ауданының  Нұра  ауылдық  округінің  "Амиран  Агро"  ЖШС  егістіктерінің 80% 
жуығын алып жатыр.  
Ежелде  шаруашылық  территориясында  негізінен  гидроморфты  топырақтар  қалып-
тасқан.  Бірақ  оны  батысымен  шығысынан  қоршай  ағатын  Леп  жəне  Есік  өзендері 
арналарының біртіндеп тереңдеуі олардағы сулардың азайуы, осы қосөзен аралығындағы 
ыза  суларының жату деңгейін қазіргі кезеңде 4-7 м дейін төмендеткен, соның салдарынан 
бастапқы  гидраморфты  топырақтар  жартылай  гидраморфты  топырақтарға  айналған. 
Айтылған  жағдайлардың  жүруі  барысында,  шөлейттік  климаттық  ортада,  сульфатты 
сортаңданған  гидраморфты  топырақ  кескіні  бойында,  баяу  болсада,  сортаңсыздану 
үрдісінің жүруі қалыптасқан, ал ол соданың түзілуіне əкеліп, соның салдарынан кебірлену 
үрдісі қарқынды жүре бастаған. Қазіргі кезеңде ыза суларының тереңдігі 6 м төмен жатқан 
жерлердегі  жартылай  гидраморфты  топырақтар  біртіндеп  афтоморфтыларға  ауысуда. 
Осылардың нəтижесінде шаруашылықта əртүрлі деңгейлерде жəне əртүрлі тереңдіктерде 
содалы  сортаңданған  жəне  кебірленген  шалғынданыңқыраған  солтүстіктік  ашық  жəне 
кəдімгі сұр топырақтар қалыптасқан. 
Зерттеу нəтижелері жəне оларды талқылау 
Далалық тəжірибе шаруашылықта кең таралған содалы сортаңданған жəне кебірлен-
ген  топырақта  жүргізілді.  Олар  өздеріне  тəн  құрам  жəне  қасиеттерімен  ерекшеленеді. 
Оларды  сипаттау  үшін  тың (1 кескін)  жəне  жыртылыстағы (2 кескін)  топырақтарында 
шұңқырлар  қазылып  олардың  кескіндерінің  құрылысы  зерттелінді (30.07.2015ж).  Тың 
учаскесінің  өсімдік  жамылғысы - ақ  жусан.  Онымен  топырақ  бетінің  күн  сəулесінен 
көлеңкеленуі 80%. Төменде 1 кескіннің морфо-генетикалық сипатын келтіреміз. 
А
0
18
18
 
Сұр, құрғақ, тығыздалған, жоғарғы 0-3см бөлігі қабыршақтанған, басқа 
бөлігі кесекті, орташа құмбалшықты, тамырлармен күшті кескінделген,
келесі қабатқа ауысу түсі мен құрылымы бойынша біртіндеп тегіс емес; 
В
18
33
15
 
Сұрғылттау  ашық  күрең,  сəл  ылғалды,  тығыз,  кеуексіз,  ірі  кесекті, 
олардың арасы тамырлармен кескінделген, орташа құмбалшықты, келесі
қабатқа ауысу түсі бойынша айқын; 
В
33
48
15
 
Жоғарғыға  қарағанда  күңгірттеу,  күңгірт  күрең,  сəл  ылғалды,  тығыз, 
кесекті-жаңғақты,  ауыр  құмбалшықты,  ұсақ  кеуекті,  ұсақ  жəне  орташа
тамырлармен  кескінделген,  бунақденелілердің  жолдары  байқалады, 
көзге  көрінетін  суда  ерігіш  тұздар  байқалмайды,  бірақ  дəмі  тұзды, 
келесі қабатқа ауысу түсі бойынша айқын; 
С
48
64
16
 
Ашық-сұрлау күреңді, сəл ылғалды, тығыздалған, кесекті, ұсақ кеуекті, 
көзге  көрінетін  тұздар  байқалмайды,  бірақ  дəмі  аздап  тұзды,
тамырлармен  сəл  кескінделген,  орташа  құмбалшықты,  келесі  қабатқа 
ауысу  мүсінсіз  қатты  карбонатты  жарандылардың  кездесуі  бойынша 
біртіндеп; 
С
Са
64
105
41
 
Түсі  жоғарғы  С
1
  қабатына  ұқсас  бірақ  одан  ашықтау  ақшыл  сұр, 
ылғалды,  тығыз,  орташа  құмбалшықты,  қатты  мүсінсіз  карбонатты
жарандылар  өте  көп,  кескінді  ары  қарай  күреңнен  тереңдету  мүмкін 
емес. 
Кескін  сипатынан  топырақтың  гумус  қабатының  жұқа (0-18 см),  оған  керісінше 
кебірленген  қабаттың (18-33, 33-48 см)  қалың (30 см)  екендігін,  ал  топырақты  астынан 

34
 
 
ақшыл  сұр  өте  көп,  бір-біріне  əлі  біріге  қоймаған,  мүсінсіз  қатты  карбонатты 
жарандылармен көмкеріп жатқандығын оңай байқауға болады. 
Топықтың  генетикалық  қабаттарының  құрамы  мен  қасиеттері  де  бір-бірінен  едəуір 
алшақ (1 кесте). 
 
Кесте 1 – Ашықсұр топырақтар аймағының жартылай орташа содалы-сортаңданған 
гидраморфты  көпнатрийлі  орташа  кебірдің  химиялық  құрамы  мен  физика-химиялық 
қасиеттері. 
 
Генетикалық
 қабат
 индексі
 жəне
 
он
ың
 жату
 те
реңдігі
, см
 
Үлгі
 те
реңдігі
, см
 
Гу
м
ус
, %
 
Жалпы % 
 
Жыл-
жымалы, 
мг/кг 
СО
2
 
кар-
бонат-
тары,
 % 
Су 
сүз. 
рН 
Сіңірілген катиондар 
құрамы, 
мг экв
%
 
Жиынтығы
,мг
-экв
 
10

г 
то
пыр
ақт
а  
Азот 
Фосф
ор
 
Калий
 
Р
2
О

К
2
О Ca
2+
 Mg
2+
 Na
+
 
K
+
 
А  
0-18 
0-18 1,69 0,126 0,144 1,84 5  910  11,3 8,20 
7,50 3,50 1,79 1,08 
13,87 
54,07 25,23 12,91 7,78 
В
1  
18-33 
20-30 1,25 0,098 0,124 1,75 6  930  12,7  8,77 
3,25 3,25 5,86 1,28 
13,64 
23,83 23,82 42,96 9,38 
В
2  
33-48
 
35-45 0,81 0,070 0,100 1,56 - 
-  16,6  8,87 
2.50 6,0 6,13 
0,88 
15,51 
16,12 38,6 39,52 5,67 
С
1  
48-64 
52-62 -  -  -  -  -  -  19,0 9,04 
1,0 6,5 2,32 
0,58 
10,4 
9,62 62,5 22,31 
5,57 
С
2Са  
64-105 
80-90 
-  -  - - - - 16,8 
9,25 -  -  -  -  - 
 
Кесте мəліметтері бойынша топырақ құрамындағы гумус мөлшері төмен, жалпы азот 
пен  фосфор  мөлшерлері  оған  сəйкес  (кесте 1). Олардың  мөлшері  төменгі  кебірленген 
иллювиальды  В
1
  жəне  кебірленгенасты  В

  қабаттарында  күрт  азайған.  Бірақ  калий 
мөлшері  фосфорға  қарағанда 15 есе  жоғары.  Топырақ  өте  карбонатты.  Топырақ  түзілу 
үрдісі  сілтілі  ортада  жүреді.  Топырақ  ортасының  сілтілігі  А  қабатында  орташа, 
кебірленген  иллювиальды  В
1
  жəне  оның  астындағы  В

қабаттарында  жоғары,  ал  аналық 
жыныс С
1  
жəне С
2Са 
қабаттарында өте күшті. 
Топырақта  сіңірілген  катиондардың  жиынтығы  төмен (13-15 мг-экв),  алоның 
құрамына келетін болсақ əр қабат өздеріне тəн құрамымен ерекшеленеді. Егер жоғары А 
қабатында  Са
2+ 
катионы  басым  болса,  кебірленген  иллювиальды  В

қабатымен  оның 
астындағы  В

қабаттарында Na

мен Mg
2+
  катиондары  басым,  сəйкесінше,  олардың 
мөлшері  кебірленген  иллювиальды  В

қабатында 42,9 жəне 23,8 % құраса, 
кебірленгенасты  В

қабатында 39,5 жəне 38,6 % құрады.  Аналық  жыныс  С

қабатында 
сіңірілген  катиондар  құрамында Mg
2+
  катиондары  өзінің  ең  жоғары  мəніне  жетіп Na
+
 
катионынан 3 есеге  дейін  артып  түскен,  сəйкесінше,  олардың  мөлшері 62,5 жəне 22,3 % 
құраған.  Жоғарыда  көрсетілген  мəліметтерден  учаске  топырағының  B

қабатының  өте 
жоғарғы деңгейде Na
+
-мен кебірленгендігін, ал оның астындағы қабаттарының (В

 жəне 
С
1
) натриймен қоса магниймен де кебірленгендігін көруге болады. 
Топырақтың  су  сүзіндісін  талдау  мəліметтерінен  кескініндегі  тұздар  натрий 
карбонаттары  жəне  сульфатымен  берілгендігі  жəне  олармен  А  жəне  В
1
  қабаттарының 
орташа  сортаңданғандығын  көруге  болады  (кесте 2). Кескін  бойы 100 г  топырақтағы 
бикарбонат  ионының  концентрациясы 1 мг-экв-тен  жоғары,  əсіресе  ол  кебірленген  В
1
 

35
 
қабатында  ең  жоғарғы  деңгейде (1,88 мг-экв).  Топырақтағы  қалыпты  карбонаттар 
концентрациясы оның өсімдікке улы деңгейінен 15-20 есе артық, (0,50-0,60 мг-экв) болса, 
хлор  ионынікі  төмен (<0,35 мг-экв).  Соңғының  кескіннің  жоғарғы  қабатында  аз  болып 
оның ортаңғы қабатында ең жоғары көрсеткішке ие болуы топырақтың су құбылымында 
сəл  де  болса  шайылу  үрдісінің  орын  алғандығын  көрсетеді.  Топырақтағы  тұздардың 
сульфаттармен берілгендігін оның су сүзіндісіндегі жоғарғы концентрациясы (2-7 мг-экв) 
көрсетіп тұр.  
Кесте 2 - Ашықсұр топырақтар аймағының содалы-сульфатты орташа сортаңданған 
жартылай гидраморфты көп натрийлі орташа кебірінің су сүзіндісінің иондық құрамы мен 
тұздар жиынтығы,
мг/экв
%
 
Катиондар  құрамында  натрийдің  концентрациясының  кальций  мен  магийдің 
əрқайсысының 5-14 есе артық болуы топырақ ертіндісінің құрамында натрийдің мейлінше 
басым болуына əкелген. Сөйтіп топырақ ертіндісіндегі тұздар негізінен натрий сульфаты-
мен,  біраз  мөлшерде  гидрокарбонатымен  жəне  аздаған  оның  карбонаты – содамен 
берілгендігі айқындалды. 
Далалық  тəжірибе  учаскесінде  жыртылыстағы  топырақтың  құрылысын  анықтау 
үшін  кескін  қазылып  оның  генетикалық  қабаттарының  морфологиялық  белгілері 
сипатталынды.  
А
жыр
0
29
29
Күреңдеу  ашық-сұр,  құрғақ,  борпылдақ,  боскесекті-ұсақдəнді,  ауыр
құмбалшықты, келесі қабатқа өту түсі жəне құрылысы бойынша күрт;   
В
29
46
17
Күңгірт-күрең 
ылғалды, 
тығыздалған, 
жаңғақты-кесекті, 
ауыр
құмбалшықты, ірі тамырлы, суда еритін тұздар байқалмайды, бірақ дəмі 
тұзды, келесі қабатқа өту түсіне қарай біртіндеп; 
В
Са
46
59
13
Күрең, ылғалды, сəл тығыздалған, ауыр құмбалшықты, диаметрі 1-2см ге 
дейінгі карбонатты қатты сирек кездесетін жаңа жарандылар, суда еритін 
тұздар  байқалмайды,  бірақ  дəмі  тұзды,  келесі  қабатқа  ауысу  түсі 
бойынша біртіндеп;   
ВС
59
75
16
Ашық-күрең, 
ылғалды, 
пластелин 
тəрізді 
қоймалжың, 
ауыр
құмбалшықты,  аздаған  ірі  тамырлар  кездеседі,  келесі  қабатқа  ауысуы 
карбонатты жаңа жарандылардың болуына байланысты біртіндеп; 
С
Са
75
105
30
Сарғыштау  ақшыл  күрең,  ылғылды,  орташа құмбалшықты 105 см 
тереңдіктен  бастап  мүсінсіз  қатты  карбонатты  жарандылардың  көп 
болуын кескінді күрекпен ары қарай тереңдету мүмкін емес. 
Үлгі 
тереңді
гі, см 
Сілтілілік Cl

SO
 
Ca
2+
Mg
2+
Na
+
K
+
Тұз
дар 
жиын-
тығы, 

Тұздылық  типі 
(химизм) 
Тұздану 
дəрежесі
Жалпы 
HCO
CO
 
тен
 
Аниондар 
бойынша 
Катион 
дар бо-
йынша 
0-18 1,16 0,07 0,008 2,91 0,50
0,49 2,83
0,33
0,308
содалы-
сульфатты 
натрийлі  орташа
0,071 0,002 0,003 0,140 0,010 0,006 0,065 0,013
20-30 1,88 0,53 0,28 4,11 0,50
0,49 5,00
0,28
0,464
содалы-
сульфатты 
натрийлі  орташа
0,115 0,016 0,010 0,197 0,010 0,006 0,115 0,011
35-45 1,39 0,60 0,37 6,76 0,50
0,49 7,17
0,36
0,617
содалы-
сульфатты 
натрийлі  күшті
0,085 0,018 0,013 0,324 0,010 0,006 0,165 0,014
52-62 1,36 0,40 0,28 5,50 0,50
0,49 5,87
0,28
0,519
содалы-
сульфатты 
натрийлі  күшті
0,083 0,012 0,010  0,26 0,010 0,006 0,135 0,011
80-90 1,00 0,17 0,25 1,09 0,20
0,74 1,30
0,10
0,169
содалы-
сульфатты 
натрийлі 
сəл
0,061 0,005 0,009 0,052 0,004 0,009 0,030 0,004

36
 
 
Кескін  сипатынан  топырақтың  беткі  гумустік  қабатымен  бірге  оның  астындағы 
кебірленген  қабаттың  біраз  бөлігі  қоса  жыртылған.  Дегенмен  жыртылыс  қабатының 
астында  əлі  айтарлықтай  қалың (17 см)  күңгірт  күрең  иллювиальды  кебірленген  қабат 
айқын  байқалады.  Бұл  қабат  өсімдік  тамырлары  жайғасатын  тереңдікте  бола  тұра  өзінің 
тығыздығымен,  кеуексіз  жаңғақты-кесекті  түйіртпектілігімен,  дымқылданса  ісініп  су 
өткізбейтіндігімен,  құрғаса  көлемі  кішірейіп  қақырап  айырылып  саңылаулар 
түзетіндігімен ерекшеленеді. Сондықтан бұндай топырақты мелиорациялауда, басқа теріс 
қасиеттерімен  қоса,  жоғарыда  аталған  құрылым-қасиеттерін  "қалыпты"  деңгейлерге 
жеткізуі қарастырылуы қажет. 
Кескіннің  В
Са
  қабатының  ерекшелігіне  кішігірім  сирек  қатты  карбонатты 
жарандылардың  қалыптасқанын  жатқызуға  болады.  Олардың  түзілуін  кальцийлі-
гидрокарбонатты  тұщщы  ыза  суларының  көтеріліп  жылынған  ерітіндідегі  кальций 
бикарбонатының  оның  карбонатын  түзіп  топырақтың  қатты  фазасына  айналуымен 
түсіндіріледі. 
Кескіннің  қоймалжың  ВС  қабаты  арқылы  ашықкүрең  түсті  мүсінсіз,  төменгі  жағы 
ылғалды,  əлі  бір-бірімен  біріге  қоймаған,  қатты  кабонатты  жарандылары  көп,  өсімдік 
тамырлары ене алмайтын С
Са
 қабатына ауысқан. 
Сөйтіп,  шаруашылық  территориясының  барлық  аймақтарында  кеңінен  таралған 
кебірленген  топырақтар  жұқа  А,  айқынды  кебірленген  тығыз  В
1
,  В
2Са
  жəне  кескін 
тереңдігін тосқаушы С
Са
 қабаттарынан тұратындығы айқындалды. 
Тəжірибе  учаскесі  топырағы  химиялық  құрамы  жағынан  тың  топырағында 
айтарлықтай  алшақтамайды.  Жалпы  топырақтар  аз  гумусті,  қоректік  заттар  жеткіліксіз, 
(калийден  басқасы),  жоғары  карбонатты.  Топырақ  ортасы  жоғарыдан  төмен  қарай 
біртіндеп орташа, күшті жəне өте күшті сілтілігіне дейін өскен. Бұндай топырақ орталарда 
мəдени  ауылшаруашылық  дақылдарының  өсіп-өнуі  күрт  төмендейді,  ал  соңғы  жағдайда 
мүлдем өсе алмайды. 
2 кескін жыртылыстағы тəжірибе учаскесі топырағында 31.07.2015 ж. қазылған. 
 
Кесте 3 – Ашық-сұр  топырақтар  аймағының  жартылай  гидроморфты  содалы-
тұзданған кебірдің химиялық құрамы мен физика-химиялық қасиеттері. 
 
Генетикалық
 қабат
 индексі
жəне
 оның
 жату
 
тереңдігі
,см
 
Үлгі
 тереңдігі
, см
 
Гумус
, % 
Жалпы, 

Жылжы-
малы, 
мг/кг 
СО
2
 карбонаттары
, % 
рН 
су 
сүз.
Сіңірілген катиондар 
құрамы, 
мг экв
%
 
Жиынтығ
ы
, мг
-экв
 
100 
г 
топыр
ақта
  
Азот
 
Фосфор
 
Калий
 
Р
2
О

К
2
О Ca
2+
 Mg
2+
 Na
+
  K
+
 
А
жыр
 
0-29 
0-29 2,03 0,168 0,144 1,81  13  620  10,1  8,07 
8,5 5,5 
2,08 
0,65 
16,73 
50.81 32.87 12.43 3.88 
В
1  
29-46 
33-43 1,08  0,098  0,128  1,75  6 
560 
12,1  8,80 
4,0 6,5 
4,53 
0,76 
15,79 
25.33 41.16 28.69 4.8 
В
2Са  
46-59
 
47-57 0,20  0,042  0,080  1,75  5 
290 
16,3  9,20 
1.5 3,5 
1,55 
1,08 
7,63 
19.66 45.87 20.31 
14.15 
ВС
 
59-75 
60-70 
- - - - 
- - 17,0 
9,11 
1,5 4,0 
2,60 
0,40 
8,5 
17.65 47.05 30.59 4.70 
С
Са  
75-105 
95-
105 
- - - - 
- - 11,8 
8,02 -  -  - -  - 
 

37
 
Кесте  мəліметтері  бойынша  топырақ  құрамындағы  А
жыр 
қабатында  гумус  мөлшері 
орташа  болса (2,03%), оның  кебірленген  иллювиальды  В

қабатында  оның  мөлшері  екі 
есеге  төмендеген,  ал  В

  қабаттарында  гумус  жоқтың  қасы.  Топырақтың  жыртылыс 
қабаттарында жалпы азот пен фосфор мөлшерлері орташа, ал төменгі қабаттарына қарай 
күрт  кеміген.  Калий  мөлшері  фосфорға  қарағанда 15 есе  жоғары.  Топырақ  жоғары 
карбонатты, оның ортасы А
жыр
 қабатында орташа сілтілі болса, кебірленген иллювиальды 
В

қабатында    жоғары,  ал  кебірленген  қабаттың  астындағы    В
2Са 
жəне  ВС  қабаттарында 
өте жоғары сілтілі орта қалыптасқан. Аналық жыныс (С
Са
) ортасында оның мəні қайтадан 
азайып,  орташа  сілтіліккедейін  түскен.  Осылардан  учаске  топырағы  жартылай 
гидраморфты кебір өзі қалыптасқан аймақтың ашық сұр топырақтарына сай гумустенген, 
осыған  сəйкесті  негізгі  қоректік  элементтер  мөлшері  орташа,  бірақ  кескін  бойы 
төмендеген  сайын  олар  күрт  азайған.  Қоректік  элементтер  ішінен  калийдің  жалпы  жəне 
жылжымалы түрлері жоғарғы деңгейде. Дегенмен, топырақтың жоғарғы карбонаттылығы, 
əсіресе  топырақ  ортасының  жоғары  сілтілі  болуы,  өсімдіктің  өсуін  тежейтін  бірінші 
орындағы мəселеге əкелген. Өте жоғары сілтілік (рН>9,0) ортада мəдени дақылдар мүлдем 
өмір сүре алмайтынын ескерген жөн. 
Сіңірілген  негіздердің  жиынтығы  жыртылыс  А
жыр   
жəне  кебірленген  қабаттарында 
орташа көрсеткішке ие (16 мг-экв 100 г топырақта). Бұл көрсеткіш төменгі қабаттарда екі 
есеге азайған (8 мг-экв 100 г топырақта). Ал енді олардың құрамына келетін болсақ, А
жыр
 
қабатында  Са
2+ 
катионының  еншісі  барлық  сіңірілген  катиондар  жиынтығының 
жартысына  тең.  Мұнда  сіңірілген Mg
+
-дың  еншілік  деңгейі (32,9%) топыраққа  кебірлік 
қасиетін беретін шектемеден (30%) жоғары. Сіңірілген натрийдің еншісі 12,4%, бұл қабат 
топырағының орташа кебірленгендігін көрсетеді. 
Келесі  кебірленген  иллювиальды  В

жəне  В
2Са 
қабаттарында  сіңірілген  катиондар 
құрамында Na
+
-дың  əсіресе Mg
2+
-дың  еншісі  басым,  олардың  салыстырмалы  мөлшері 
сəйкесінше, В

қабатында 28,6 жəне 41,1 %, ал кебірасты В
2Са 
қабатында 20,3 жəне 45,9 % 
тең, яғни бұл қабаттарда кебірлену үрдісі натриймен қосарласа магнийдің қатысуымен де 
жүрген.  ВС  қабатында  сіңірілген  катиондар  мөлшерінің  арақатынасы  В
2Са
қабатындағыдай.  Сөйтіп  жоғарыдағы  көрсетілген  мəліметтерден  далалық  тəжірибе 
учаскесі топырағының мəдени өсімдік өсіруге мүлдем жарамайды деуге əбден болады.  
Кесте 4 - Ашықсұр  топырақтар  аймағындағы  содалы-сульфатты  орташа 
сортаңданған жартылай гидраморфты кебірдің су сүзіндісінің иондық құрамы мен тұздар 
жиынтығы, 
мг/экв
%
 
Тəжірибе  учаскесіндегі  содалы-сульфатты  орташа  сортаңданған  жартылай 
гидраморфты  кебірдің  А
жыр 
қабатының  топырақ  су  сүзіндісінің  иондық  құрамында 
бикарбонат  ионының  концентрациясы  оның  өсімдікке  улылық  деңгейінен (0,8 мг-экв) 
Үлгі 
терең 
дігі,  
см 
Сілтілік 
Cl

SO
 
Ca
2+ 
Mg
2+ 
Na

K

Тұз 
дар 
жиын-
тығы, 

Тұздылық  типі 
(химизм)  
Тұздану 
дəрежесі
Жал-
пы 
HCO
CO
 
тен 
аниондар 
бойынша 
Катиондар 
бойынша 
0-29 
0,61  жоқ  0,37 
7,15 1,00 2,47 4,35 0,31 
0,555  сульфатты  натрийлі 
орташа
0,037   0,013 
0,343 
0,020 0,030 0,100 0,012 
33-43 
2,08 0,53  0,34 4,25  1,00 0,49 5,00  0,18 
0,491 
содалы-
сульфатты 
натрийлі 
орташа
0,127 0,016  0,012 0,204  0,020 0,006 0,115 0,007 
60-70 
2,64 0,27  0,34 3,35  0,50 2,47 3,26  0,10 
0,453 
содалы-
сульфатты 
натрийлі 
орташа
0,161 0,08  0,012 0,161 0,010 0,030 0,075 0,004 
95-105 
0,56  жоқ  0,11 
9,85 1,25 6,25 2,61 0,41 
0,688  сульфатты  магнийлі 
күшті
0,034   0,005 
0,473 
0,025 0,076 0,060 0,016 

38
 
 
төмен,  ал  қалыпты  карбонаттар  мүлдем  жоқ,  керісінше  сульфат  ионы  өте  жоғары. 
Ерітіндіде  катиондардың Na
+
  басым, (100 г  топырақта 4,35 мг-экв),  яғни  қабат 
топырағының  тұз  құрамы  негізінен  натрий  сульфатымен  берілген.  Кескіннің  жыртылыс 
қабатының астындағы кебірленген иллювиальды В
1
 қабатының су сүзіндісінде бикарбонат 
ионының  концентрациясы  өте  жоғары (2,08 мг-экв).  Бұл  оның  өсімдіктерге  улылық 
деңгейінен 2,6 есе  жоғары,  ал  қалыпты  карбонат  ионының  концентрациясы 15 еседей 
артық. Қабатта сульфат-ионының концентрациясы жоғарғы қабатқа қарағанда едəуір (1,7 
есе немесе 2,90 мг-экв-ке) кеміген. Дегенмен, оның концентрациясы əлі улылық деңгейде. 
Осында  ерекше  айта  кететін  жағдай,  топырақтағы  хлор-ионының  концентрациясы 
кескіннің  барлық  қабаттарында,  оның  өсімдікке  тигізетін  улылық  деңгейінен (0,014%) 
төмен.  Қабаттың  су  сүзіндісінің  катиондық  құрам  мөлшерлерінің  мəндері  жыртылыс 
қабаты деңгейінде, мұнда тек магнийдің күрт кемігендігімен (2,47 мг-экв-тен 0,49 мг-экв-
ке  дейін)  ерекшеленеді.  Сөйтіп,  кебірленген  қабаттағы  тұздар  құрамы  негізінен  натрий 
бикарбонатымен  карбонаты  жəне  натрий  сульфатымен  берілгендігі  жəне  олармен  қатар, 
аздаған мөлшерде гипстің бар екендігі айқындалды. Мұндай құрамды тұздар мөлшерінің 
0,49% болуы топырақ ортасының жоғары сілтілігін қалыптастырған. 
Кескіннің  ВС  қабатында  бикарбонат-ионы  өзінің  ең  жоғарғы  концентрациясына 
дейін (2,64 мг-экв)  көтерілген.  Сульфат-ионының  біршама  азайып  қабат  топырағының 
ертіндісінде  натрий  мен  кальций  мөлшері  аздап  кеміп,  керісінше  магний  күрт  көбейген. 
Бұл жағдай қабаттағы сіңірілген магнийдің артуымен қатарласа жүрген. Сөйтіп қабаттағы 
тұздар  құрамымен  олардың  жиынтығы  топырақтың  бұл  қабатында  орташа 
тұзданғандығын  олардың  негізінен  суда  жақсы  еритін  натрий  бикарбонаты  мен 
карбонатынан  жəне  магний  сульфатынан  тұратындығын  көрсетеді.  Бұндай  тұз  құрамы 
топырақ ортасының өте жоғарғы сілтілігін қалыптастырған, ал ол ерітіндідегі кальцийдің 
бикарбонатын  шөгіндіге  түсіріп  топырақ  қабатында  оның  карбонатының  жинақталуына 
əкелген. Оған карбонаттар СО
2
-нің ең жоғарғы мəні (19%) дəлел. 
Тəжірибе  учаске  топырағының  аналық  қабаты  да  тұзданған.  Бірақ  оның  тұз 
құрамында бикарбонат ионы күрт азайып (0,56 мг-экв дейін), қалыпты карбонат ионының 
болмаған.  Оларға  керісінше  сульфат-ионы  күрт  өсіп (9,8 мг-экв  дейін)  кескін  бойы  ең 
жоғарғы  деңгейіне  жеткен.  Катиондар  құрамы  кальцийдің  ең  жоғарғы  мəніне  жетуі, 
натрийдің  азайуы,  бірақ  магнийдің  күрт  көбейіп  олардың  жиынтығынан  еке  есеге  жуық 
артық  болғандығымен  ерекшеленеді.  Топырақ  су  сүзіндісінің  бұндай  иондық  құрамы 
ондағы тұздар негізінен магний сульфатынан тұратындығын көрсетеді. Ерітіндіде натрий 
сульфаты екінші орында. Бұлар қабаттың тұздану химизмінің сульфаты екенін көрсетеді. 
Осындай құрамды тұздар жиынтығының едəуірлігіне (0,688%) қарамастан қабат топырағы 
орташа деңгейде тұзданған. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет