6
- Қазақстан тарихы, т. 1
161
адан зерттеу және аудару Бехистун жазбасының V бағанасын басқаша қарап,
басқаша түсіндіруге әкеп соқты. Қазіргі уақытта парадрайа-сақтарды Қара
теңіздің солтүстік төңірегіне орналасты деу дұрысырақ деп саналады10.
Орта Азия мен Қазақстан сақтарының басқа екі тобы (хаумаварга мен
тиграхауда) Таяу Шығыстың халықтарына көбірек мәлім болған. Кир мен
Дарий жорықтар жасаған тиграхауда-сактар Ахеменид бедерлері мен
мөрлерінде бірнеше рет бейнеленген. Олардын, Скунха деп аталатын
кесемінің тұлғасы баска да бағындырылған халыктардың патшаларымен
бірге Дарийдің бұйрығы бойынша Ирандағы Бехистун деген жердегі жарта-
сқа қашап салынған.
Ежелгі Шығыстың ең көне және аса маңызды саяси қүжаттарының бірі
деп әбден орынды саналатын Бехистун жазбасының сақ көсемін тұтқынға
алумен байланысты окиғаларға арналған V бағанасының 20—30-жолында
былай делінген:
«Дарий патша былай дейді: содан кейін мен әскеріммен Сақтарға аттан-
дым. Шошақбөрік киетін сақтар шайкасқа шықты. Мен теңізге жеттім де,
бүкіл әскеріммен арғы бетке етгім. Сейтіп мен сақтардың бір бөлігін ойсы-
рата талқандадым да, екінші бөлігін тұтқынға алдым...
Скунха деген кәсемін қолға түсіріп, маған әкелді. Сол жерде мен ез де-
геніммен екінші біреуін (олардың) көсемі қылыптағайындадым. Бұдан кейін
ел маған карады»11.
Бүл текст шошақ бөрік киетін тиграхауда-сақтар туралы ақпарат беретін,
сақталып калған бірден-бір жазбаша кұжат болып табылады. Онда тигра
хауда-сактар жері басталатын бір судың бар екендігі де айтылады.
Сақтар мен массагетгер еліне Ахеменид патшалары Дарий мен одан бұры-
нғы II Кирдің жорықтары тарихи анықталған фактілер қатарына жатады.
Осы оқиғалар туралы егжей-тегжейлі әңгімелейтін Геродот массагеттер
жерін Каспий теңізінен шығысқа таман, «Аракс өзінінің арғы жағындағы
күннің шығу бағыты бойынша орналастырады (Геродот, I, 201, 204). II Кир
мен Дарий жорықтарының жолдары талас туғызады Біреулер Дарий өзінің
ізашарының жүрген жолын қайталай отырып, сақгармен Әмударияның арғы
жағында Арал теңізі маңында кездесті деп санайды, екінші біреулер II Кир
массагетгермен Үзбой езені арғы жағында (Әмударияның бүгінде тарты-
лып қалған батыс саласы) шайқасты, ал Дарий сақгар жеріне Әмударияның
орта тұсынан өтті деп санайды. Бір нәрсе айқын: пікірлердің қайшылықт-
арына қарамастан, екі жорық та массагет-сақтар тайпаларына қарсы бағыт-
талған; бұлардың жері Геродоттың ортокарибантийлерінің (Геродот, I, 92)
немесе Бехистун жазбасындағы тиграхауда-сақтардың жерімен толық не
месе ішінара сәйкес келеді деп топшылау керек. Географиялык жағынан
алғанда, бұл — Каспийдің шығыс төңірегі мен Үзбойдан Сырдария өзеніне
дейін қоса алғандағы Арал өңірінің аймағы12. Массагет одағы, сірә, дербик-
тер, абийлер, апасиактар сиякты тайпаларды да біріктірсе керек.
Сондай-ақтиграхауда-сақгар Шашты, Тянь-Шаньді және Жетісуды ме-
кендеген деген пікір де бар13.
Страбонның айтуы бойынша, массагеттерден солтүстікке таман, «Мео-
тидадан жоғары» (Страбон, XI, 9, 2) жерлерде дай тайпалары қоныстанған.
Сырдарияның арғы жағындағы олар Александр Македонскийдің замандас-
тарына да мәлім болды (Арриан. Анабасис. Ill, 28, 8, 10). Антик авторлар
оларды, бұрынырақта Геродоттың жазғанындай, массагеттердің иелігіндегі
162
жерлерде орналастырады. «Дах» атауы неғұрлым ертеректегі деректемелер
- «Авеста» мен Ксеркстің «дэвтер» туралы жазбасында да мәлім. Мұның
бәрі дахтардың (дайлардын) әуелде массагеттердің солтүстігіне таман аймақ-
ты мекендегенін, не массагеттердің бірлестігіне кіргенін көрсетеді. Б. з. б.
III ғасырдың орта шенінде дайлар тарих өресінде массагеттердің орнын алып,
Каспий маңының оңтүстік-шығысынан, Парфия шекарасынан келіп шыға-
ды14. Осы уакыттан бері «көптеген скифтер, Каспий теңізінен бастап, дай
лар деп аталады» (Страбон, XI, 8, 2).
Парсы сына жазуларының хаумаварга-сактары ең ірі тайпа немесе тай
палар тобы болды, олар грек деректемелерінде амюргий-сақтар деп атала
ды. Көптеген зерттеушілер амюргий-сақтарды ежелгі Бактрия жэне Мар-
гиана аймақгарына (Эмудария мен Мұрғаб өзендерінің жағалауы)15 орна
ластырады. Бұлар ертедегі парсылар танысқан алғашқы сақ тайпалары еді.
Геродот былай деп жазды: «Бүл — амюргийлік сақтар деп аталған тайпа (ол
шын мәнінде, скифтік тайпа). Өйткені парсылар скифтердің бәрін сақтар
деп атайды» (Геродот, VII, 64)16.
Бірақ хаумаварга-сактардың қоныстанған аумағы Бактрия мен Маргиа-
надеңгейімен шектеліп қалмайды. Амюргийлік сақтар бірлестігінің құрамы-
на сына жазуы деректемелерінің «Соғдының ар жағындағы» сақтары да
кірген деп топшылауға негіз бар. Олар Сырдарияның арғы бетінде, осы күнгі
Ташкент облысы аудандарында және ішінара Ферғана алқабында тұрған17.
Кене парсы сына жазулары текстерінде сақгардан солтүс гікке таман емір
сүрген тайпалар мен халықтар туралы ештеңе айтылмайды. Тек Авестада
ғана сайрим деген атау айтылады, бірақ бұл халықгың кай жерді мекендейтіні
туралы ешқандай мәлімет жоқ. Ежелгі грек деректемелеріндегі мәліметтер
кебірек, оларда Авестаның сайримдерімен салғастыруға болатын савромат-
тар тайпасы туралы айтылады. Савроматтар туралы алғашқы деректер Геро-
дотта бар: «Танаис өзенінің (қазіргі Дон өзенінің) арғы жағы енді скиф елкесі
емес, бірақ ондағы алғашқы жер иеліктері савроматтардын қолында. Сав
роматтар Меотия көлі ойпатынан бастап солтүстікке карай он бес күнде
жүріп өтуге болатын жерді мекендейді...» (Геродот, IV, 21). Мүның өзі Дон-
ның құйылысынан Еділдің сағасына дейінгі аумаққа сәйкес келеді18.
Алайда, «сақтар», «скифтер», кейініректегі «түріктер» терминдері сияк
ты, «савроматтар» терминін де авторлар көбіне екі мағынада: тайпалардың
өз атаулары ретінде және тілі мен мәдениеті жағынан туыстас тайпалардың
үлкен тобын біріктіретін термин ретінде қолданған. Грек-латын деректе
мелер] көбіне бұл этнонимді жиынтық мағынада, савромат бірлестігінің әр
түрлі тайпалар құрамын тікелей көрсете отырып (Үлкен Плиний, Эфор,
Псевдо-Скилак, Эвдокс) қолданады.
Савромат бірлестігініңосындайтайпаларының бірі аорстар болды, олар-
дың аты кейініректе, б. з. б. II ғасырда грек-рим жазушыларына белгілі бо-
лған. Олар Оңтүстік Жайық еңірінен және Қазақстан жерінің шектес
солтүстік-батыс аймақтарынан шыққан болуы керек19. Мұндай қорытынды
Жайық-Елек өзендері аралығы мен Еділ-Дон арасындағы ескерткіштер то-
бьшың тығыз этникалық-мәдени байланыстарын көрсететін археологиялык
Деректермен сәйкес келеді.
Геродоттың жазуы бойынша, савроматгардың сыртында жерін «ағаштың
түр-түрі бар қалың орман баскан» будиндер (Геродот, IV, 21), ал олардан
гөрі солтүстікке таман аңшылықпен айналыскан фиссагеттер мен иирктер
163
мсксндсйді (IV, 22). Од<ін әрі «биік тзулзрдың стсгіндс» мекендеген а.грип~
пей тайпасы аталады (IV, 23), бұл арада, сірә, оңтүстік-шығыс Жайық өңірі
айтылып отырса керек.
Геродотқа аты мен таралу аймағы «анык мәлім» исседондар тайпалары
аргиппейлерден шығыска таман орналаскан (IV, 25). Исседондардың айтуы
бойынша, дейді одан әрі Геродот, олардан жоғарырак аңызға айналған ари-
маспылар мен «алтын корыған самұрык» тайпалары тұрады. Қиял-ғажайып
қауесеттер антик жазушыларына дейін жеткен аримаспылар мен самұрық-
тар тайпалары ірі-ірі алтын рудниктері болған Казақстанның солтүстік-
шығысымен байланыстырылады20. Исседондар туралы Геродоттың тағы бір
айғағы бар. Кирдің массагеттерге жорыққа әзірленуі туралы әнгімелейтін
фрагментте бұл тайпалардын «Аракс өзенінің арғы бетінде күншығыска
қарай, исседондарға қарсы шығыс бағытта» түратындығы айтылады (Геро
дот, I, 201). Геродоттың болжауына карағанда, исседондар Орталық Казак-
стан далаларында21 немесе Онтүстік Жайык өңірі мен Батыс Қазақстанда
тіршілік еткен деп топшылауға болады22.
Сөйтіп, жазбаша деректемелер б. з. б. VII—IV ғасырдағы Қазақстан ау-
мағына біркатар тайпалар мен тайпалықтоптарды орналастыруға мүмкіндік
береді: оңтүстікте бұлар тиграхауда-сақтар, грек деректемелеріндегі масса-
геттер солар және дахтар (дайлар); батыста — савроматтар (ежелгі аорстар),
орталық аудандарда — исседондар, солтүстік-шығыста — аримаспылар.
Бұлардың бәрі рулық-тайпалық белімшелер ретінде тілі жағынан туыс және
мәдениеті жағынан жакын сак және сармат тайпаларының этникалық-мәде-
ни бірлігіне кірген.
Тайпалардың көршілерімен қарым-қатьшастары.
Б. з. б. VII—IV ғасырла-
рдағы Евразияның этникалык және саяси картасы барынша ада-кұла бо-
луымен ерекше. Сонымен бірге жақын және алые тайпалар, халықтар, мем-
лекеттер арасында біршама тұракты экономикалык, саяси және мәдени бай-
ланыстар орнады, соғыс қақтығыстары да аз болған жоқ. Қазақстан аумағын
мекендеген тайпалар Орта Азияның, Алтайдың, Хакасияның, Тува мен
Солтүстік Монғолияның туыстас халқымен өзара байланыс орнитып, қарым-
қатынас жасады. Солтүстік-шығыста және солтүстікте Қазакстанның мал
өсірумен айналысқан ежелгі халкы Орал тілді кауымның угор тектес тар-
мағының орманды далалар мен ормандарды мекендеген тайпалармен — ман-
силер мен хантылардың арғы тегімен шектесіп жатты.
Батыстың савромат тайпалары Қара теңіз өңірінің скифтерімен көрші
болды, олармен сауда-сатгык жасады, соғыс одағын құрды немесе қарулы
кақтығыстарғатүсіпжүрді. Оңтүстікте савроматтар өзтағдырын өте ертеде,
Ахеменид заманына дейін-ақ, Үлкен Хорезм және Бактрия патшалыгы сияқ-
ты мемлекеттік күрылымдармен байланыстырды.
Жазбаша деректемелер мен археологиялық деректер б. з. б. VIII—VII
ғасырларда-ақ Қазақстан мен Орта Азияны мекендеген тайпалар ежелгі
дүние өркениетгерімен — Ассириямен және Мидиямен, ал б. з. б. VI ғасы-
рдың ортасынан, Ахеменидтер мемлекеті қүрылған уақытган бастап — Пер-
сиямен байланысты болғанын керсетеді. Сақтар сол кездегі көптеген тари-
хи окиғаларға катысты. Мәселен, Кир сақтармен одақ жасап, Лидия патша-
сы Крезбен соғысуы кезінде олардан кемек алды. Одақ жасасуды қанаға-
ттаноаған Кир сақтар мен массагеттерді бағындырмақшы болды. Парсьшар-
дың жорықтары кескілескен қарсылыққа кездесті, Кир жорығы күйреп тын-
ды, онын әскерлері талқандалып, өзі қаза тапты. Геродот мынадай аңызды
164
келтіреді: парсыларды жеңгеннен кейін массагеттер падишасы Томирис тор-
сыкка толтыра кан кұйғызып, «Сен қанға кұмартып едің, енді шелің қансын!»
деп оған Кирдің басын салдырған.
Кирдің Орта Азияға басқыншылық жорықтарын I Дарий (521-486) жа-
лғастырды. Ол аз уакыт болса да жекелеген сақ тайпаларын, оның ішінде
хаумаварга-сақтарды немесе амюргийлік сактарды, сондай-ақ каспилерді
бағындырып алды. Бүл тайпалар Ахеменидтердің XV сатрапиясының (са-
лық аймағының) қүрамына кірді және алым төлеуге тиіс болды, бірақ алым
мезгілінде теленіп тұрмады және көбіне сыйлықтар сипатында болды. Сак-
тар Ахеменидтердің әскерінде кызмет атқарды. Тіпті олардың біразы парсы
гіатшасының «өлмейтін он мың» деп аталатын жеке үланына да кірді.
Б. з. б. 518 жылы I Дарий, өзінің алдындағы патша сиякты, массагет-
сактарға қарсы жорык бастады, бірак ол да жеңіліске ұшырады. Грек тарих-
шысы Полиен массагет-сақтардың парсыларға карсы күресінің қызықты бір
окиғасы жайындағы әңгімені келтіреді. Шырақ есімді бір сак өзінің денесін
пышақпен тілгілейді де, парсыларға қашып етеді, сөйтіп өзін сак көсемдері-
нен жәбір көрген адам ретінде көрсетеді. Өз руластарынан кек алғысы ке-
летінін мәлімдеп, Шырақ жауларды сусыз шөлге апарып адастырады, осын-
да олардың көбі қырылып калады.
Б. з. б. VI ғасырдың аяғында — V ғасырдың басында ежелгі Шығыста
грек-парсы соғыстарының басталуымен байланысты ірі-ірі саяси окиғалар
пісіп-жетілді. Кейбір сақ тайпалары бұл соғыстар-а одактастар мен жалда-
малылар ретінде парсылар жағында катысты. Гавгамелы маңындағы ұры-
ста, мәселен, сактардың жеңіл атты әскері қатыскан.
Грек-парсы соғыстары (б. з. б. 500-449 жылдары) парсылардың жеңілуі-
мен аяқталды. Ал бүл кезде Грекияда экономикалық және саяси дағдарыс
күрт өршіді, қүл иеленушілер бүдан шығудың жолы шығыска баскыншы-
лық жорық үйымдастыру деп білді. Б. з. б. IV ғасырдың 30-жылдарында
македондық-гректер Александр Македонскийдің басшылығымен соңғы
Ахеменид, III Дарий Кодоманның армиясын талкдндап, Орта Азияға баса-
көктеп кірді. Маракандты (Самаркандты) алып, олар Сырдарияға бет алды.
Гректердін баса-көктеп енуіне Орта Азия тайпалары мен халыктары та-
бан тіресе қарсыласты. Александр Македонскийдін әскерлеріне карсы
күресте сол кезде Қазақстаннын оңтүстік аудандарын мекендеушілер, оның
ішіңде массагеттер белсене катысты. Александр Македонский әскерлерімен
Сырдариядан өтпек болған кезінде сақ жебесі тиіп, жараланды. Македон-
Дық-гректер Сырдария бойындағы калаларды коршаған кезде олардың ты-
лында көтеріліс шығып, оны Спитамен баскарды. Спитамен массагет-сақ-
тардыц колдауын пайдалана отырып, сол кезде жеңілмейтін дегі саналған
македондық-гректер әскерлерін бірнеше дүркін талқандады. Көтерілі-
сшілердің арасына жік салу үшін Александр Македонский олардын кейбір
көсемдерін азғырып алды. Үш жыл бойы дерлік болған кескілескен күрес-
тен кейін ғана македондық-гректер Орта Азияның кейбір тайпалары мен
халықтарын уақытша бағындырып алды. Сырдарияның арғы бетіндегі сақ
тайпалары ездерінің тәуелсіздігін сақтап калды.
Александр Македонский өлгеннен кейін оның үлан-байтақ империясы
ьщырады, өйткені ол берік экономикалық және саяси байланыстары жоқ
тайпалар мен халықтардың әлдекалай біріктірілген, бірімен-бірінің байла-
нысы аз қүрамасы болған еді.
165
2. Е РТ Е Д Е П Т Е М ІР Д Ә У ІР ІН Д Е П Ж ЕТ ІС У М Е Н О ВДҮ СТІК Қ А ЗА Қ С ТА Н
Мәдениет сипаттамасы
Б. з. б. I мьщжылдыкта Жетісу мен Оқтүстік Қазақстан - болжамдар-
дың бірі бойынша тиграхауда-сақтарға23 баланатын сақтайпаларының үлкен
тобы қоныстанған Орта Азия мен Қазақстанның этно-мәдени сак кауымы-
ның өзіндік жарқын мәдениетінің ірі ошағы саналды. Сақ өркениеті — Ор
талык және Алдыңғы Азияның мәдениеті мен өнері жетістіктерінің бірегей
синтезі.
Оба қорымдары мен петроглифтер топографиясы және олардың көп
болуы ерте кезде Қазақстан аумағының оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінің
толық игерілгенін көрсетеді. Үлкенді-кішілі Сырдария, Іле, Талас, Лепсі,
Есік, Шелек, Шарын, Кеген өзендері мен басқаларының аңғарларында
көптеген тас және топырақ обалар шоғырланған. Олардың кебісі жүздеген
төмпешіктері бар үлкен молалы жер болып табылады. Мәселен, Жуантөбе
қорымы (Іле өзенінің сол жақ жағалауы) - 300 обадан, Берікқара қорымы
(Талас езені) 500 төмпешіктен тұрады, Кетпен-Төбе алқабында (Солтүстік
Кыргызстан) 700 обадан тұратын қорымдар бар. Бұларда және Жетісу мен
Оңтүстік Қазақстанның баска да ірі оба қорымдарында адамдар әр түрлі
уақыттарда жерленіп, олар жүздеген жылдар бойында қалыптасқан.
Биіктігі 20 метрге дейін жететін «патша» обалары дейтіндердің көп жи-
нақталуы жөнінен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға Орта Азияда және
Қазақстанның басқа аудандарында тең келетіні жок. Осындай археология-
лык ландшафт А. Н. Бернштамды «патша сақтары мен усундер» нақ Жеті-
суды мекендеген деген корытындыға келтірген24.
Б. з. б. V ғасырға жататын Бесшатыр қорымының сақ «пирамидалары-
нан» бөренелерден тұрғызылған ірі жерлеу қүрылыстары тамаша сақталған
күйінде табылды, олар Орта Азия мен Қазақстан аумағындағы жер бетіне
ағаштан салынған ен ежелгі сәулет өнерінің бірегей ескерткіштері25.
Іле Алатауыньщсолтүстік беткейіндегі үлкен қорымға енетін «Есік» оба-
сындагы ақсүйек сактың қабірі жерлеу ғұрпының байлығымен қайран қа-
лдырады. Оньщ киімі, бас киімі мен аяқкиімі алтыннан жасалған 4000-ға
жуық қаптырма мен калақша арқылы әшекейлеген, олардың көпшілігі скиф-
сак кезіндегі «аң» стилінде орындалған. Есік қабірінен табылған күміс тос-
тағанның маңызы ерекше, оның түбіндегі 26 таңбадан түратын жазу, тегін-
де, әліпбилік жазба болуы ықтимал26.
Берікқара қорымының обасын (Талас өзенінің аңғарында) топография-
лык зерттеу мұндағы үлкен обалардың топырак үйінділері тастан қаланған
шеңбер, төрт бұрыш, жол, қүйрықгы жүлдыз сияқты нәрселер түріндегі әр
алуан тұлғалардың қайран қалдырарлықтай ұштасуын толықтыра
түсетіндігін көрсетеді. Олардың сақ тайпаларының сол дәуірде болған діни
және әлемнің шығуы туралы ғарышнамалық түсініктерін көрсеткеніне
күмән жоқ27.
Оңтүстік Қазақстандағы, Аралдың шығыс өңіріндегі сақ кезінің матери-
аддық мәдениетін Оңтүстік Түгіскен28 және Үйғарақ29 қорымдарының оба-
ларынан кәруге болады. Табылған алуан түрлі олжалар — қару, үй тұрмы-
сына қажетгі заттар жэне алуан түрлі сәндік заттар сақ-массагеттердің ма-
териалдық мәдениетінің деңгейін сипаттайды. Табылған заттар арасында
166
алтын тоғалар мен коладан жасалған ат әбзелдеріндегі андардың бедерлі
бейнелері ерекше ынтатуғызады. Ал шағын обалар - қатардағы қауым мүше-
лерінің жерлену ескерткіштері (ал олар ақсүйектердің ескерткіштеріне Кар
аганда әлденеше есе көп) шаруашылық және мал табынының түр кұрамы
туралы, аймақтағы ежелгі мекендеушілер өмірінің тұрмыс салты туралы
құнды мәліметтер береді.
Қорымдардың материалдарын көптеген кездейсоқтабылған олжалар мен
көркемдік қола бүйымдар көмбелері: қазандар, құрбандық ыдыстары, шы-
рағдандар, еңбек күралдары, қару және ер-тұрман затгары едәуір толықгы-
ра түседі. Олардың көпшілігі жануарлар мен андардың, кейде адамның бе-
дерлі және мүсінді бейнелерімен сәнделген. Олар сақтардың қүю техника-
сы мен көркемдік мәдениетінің жоғары, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның
ертедегі темір дәуірінде Орта Азия мен Қазақстандағы металлургия
өндірісінің ірі орталығы болғанын дәлелдейді.
Бесшатыр қорымы
БесшатЫр қорымы Іле езенінің оң жағасында, Шылбыр койнауында ор-
наласқан. Ол 31 обадан түрады, олардың 21-1 таспен, ал 10-ы қиыршық тас
және топырақ үйінділерімен жабылған. Үйінділердің көлеміне қарай қорым
обалары үлкен, орташа және кіші обалар болып бөлінеді. Үлкен обалардың
диаметрі 45 метрден 105 метрге, олардың биіктігі 6 метрден 18 метрге дейін
жетіп ауытқып отырады; орташаларында тиісінше — 25—38 м және 5 -6 м;
кішілерінде - 6—18 м және 0,8-2 м.
Сирек кездесетіндері болмаса, казылған обалар бүрындары тоналып кет-
кен болып шықты. Дегенмен де Бесшатыр обалары мерзімін белгілеуге бо-
латын тамаша материал (қанжарлар, жебелердің үштары) ғана емес, соны-
мен қатар кабір үстіне орнатылған іргелі құрылымдардың ерекше бағалы,
жана үлгілерін де берді. Диаметрі 104 м, биіктігі 17 м Үлкен Бесшатыр оба-
сы ерекше. Үйінді төбесі қиык конус тәрізді, жалпақ төбесінің диаметрі 32
м. Обаның тас жамылғысы табаны жағалай тыгыз етіп бірнеше қабат төсел-
гең, бұл — орасан зор үйінді орнатқан цоколь секілді болып керінеді.
Үйіндінің солтүстік және оңтүстік жақтарында теменге қарай түсетін ордың
(ені 2 м) ізі байқалады. Үйіндінің айналасынан 5-7 метр қашықтықтан тас
дуал етеді (ені 2 м және сакталып қалған биіктігі 50-60 см). Үйіндімен катар
бір басы көмілген ірі тас бағандардан (менгирлерден) және үлкен қой тас-
тардан қоршау түрінде тұрғызылған дөңгелек құрылыстар салынған. Үлкен
обаның айналасында барлығы 94 қоршау бар. Кейбір тік тұрған тас баған-
дарға қазак ру-тайпаларының таңбалары қашап салынған. Обаның солтүстік-
шығыс жағында тағы да осындай жеті қоршау бар, олар оңтүстік-шығыстан
солтүстік-батыска карай созылып жатыр. Олардың жанынан қыш ыдыстар-
Дың кептеген сынықтары табьщцы, қыш қазандардың түтқалары кездеседі.
Қазылған қоршаулардың көпшілігінде тайыз жерден күл-ыс дақгары табыл-
Дьі, екеуінен сүйек қалдықгары, керамиканың сынықтары мен моншақгар
шықты. Сірә, қоршаулар табыну мақсатына арналып, отқа табынуға және
құрбан шалу ғұрпына байланысты болуы ықтимал.
Бесшатырда үш үлкен оба: Бірінші, Үшінші және Алтыншы Бесшатыр
обалары, орташа үш оба мен барлық үсақ обалар казылды. Бірінші Бесша
тыр обасының диаметрі 52 м, биіктігі 7,6 м, оңтүстік жагынан - 8,93 м. Оба
167
таспен жабылған. Үйіндініңтүп жағынатас неғұрлым тығыз каланған, оба-
нын, төбесі жалпак. Үйінді үш қабат. Ең үлкені - екінші кабаты, ол калың-
дығы 8,5 метрден 13 метрге дейін жететін топырак пен қиыршақтастан тұра-
ды. Төменгі қабатының астында Тянь-Шань шыршасының әнделген тұтас
бөренелерінен салынған үлкен ағаш күрылыс табылды. Сағана үйілген то
пырак астына жерленген адамның үстіне тұрғызылған, бұл түгелдей жер
бетіндегі кұрылыс.
Бесшатыр сағанасы сол кезде ағаштан салынған күрделі күрылыс болып
табылады, ол бірнеше бөліктен тұрады, олар: дәліз (дромос), қабірдін ал-
дынғы кірер аузы және жерлеу бөлмесі. Сағананың барлык бөренелері жак
сы өнделген: бүтақтары мен бұдырлары тегістеліп шабылып, кабығы аршы-
лған. Бөлменің кдбырғасын күрайтын бөренелер мұқият тегістеліп, бір-біріне
тығыз қиюластырылған; бүкіл қүрылысты мейлінше тұракты ету үшін бөре-
нелердің жуан жұмыр басы қарама-қарсы айқастырып салынған. Бұрышта-
рында бөренелер бір-біріне тек түйісіп кана түрады және өзара бекітілме-
ген, сондыктан Бесшатыр күрылысы дағдылы түсініктегі қима емес.
Бөренелерде қашау мен пышак іздері жақсы сакталған - олардын екі
шеті мен ортасында кертік бар. Жерлеу бөлмесінің бөренелерден тұратын
жалпақ төбесі шиден есілген аркандармен буылған камыс төсеніш қабаты-
мен жабылған. Сірә, жерлеу ғұрпынан кейін бөлмеге апаратын есікке ірі
тастар каланып, дәліз бөлігі киыршақ тас араластырған кесек тастармен
төбесіне дейін бекітіліп тасталған болуы ыктимал. Осыдан кейін ғана жер
леу кұрылысының үстіне тас пен киыршак тас аралас зор үйінді үйілген.
Үлкен обалар тобының ең оңтүстігіндегі Алтыншы обадағы құрылыс та
осындай. Оның үйіндісі таспен жабылған. Обаның диаметрі — 52 м, биіктігі
- 8 м. Үйіндінін астында, ертедегі жер беті деңгейінен шамамен 2 м терендік-
те жерасты жолдарыньщ жүйесі болған. Олар жерден казылған және орта
лык бағыттағы есік пен бүйірдегі тарамдардан тұрады, негізгі жолдан түрлі
бағытгарға бүйірге қарай жеті тармак кетеді, олардын, батыс жактағы екеуі
жарым-жартылай топырақпен, ал солтүстік-шығыс жақтағы біреуі ірі тас
тармен толтырылған. Жолдардың күмбезі жарты шеңбер тәрізді, жерасты
жолдарының биіктігі 1,1 метрден 1,68 метрге дейін, ені 75-80 см. Қабырғ-
алардың көптеген жерлерінде кішкене ойыктар жасалған, олардың айнала-
сындағы ыс іздері оларда жер астында жүмыс істеген жер қазушыларға жа-
рық беретін май шырағдандар тұрғанын дәлелдейді, бүйірдегі тарамдардан
жануарлардың сүйектері — күрбандыкшалудың қалдығы табылды. Бүйірдегі
тармақтарымен коса алғанда негізгі жолдын, жалпы ұзындығы — 55 м.
14-обаны казған кезде жерлеу құрылымының жаңа үлгісі ашылды. Оба-
ның жерлеу құрылысының негізі — үсақ қиыршық тастар араластырып то-
пырақтантүрғызылған қабырғалар. Қабырғалар беренелермен үш катар етіп
жабылған, бөренелердің төменгі екі катары Тянь-Шань шыршасынан, ал
жоғарғы катары жиде беренелер. Бөренемен жабылған тебесінде тас пен
бүтадан және сексеуілдің шырпысынан он алты қатар етіп күмбез тәрізді
жаппа жасалған. Мазардың негізі төртбүрышты, ал төбесі дөңгелек күмбез
сиякты болған.
Қабірдің шығыс жағында есігі болып, есіктің екі жағында жерге тігінен
көмілген кос-костан екі багана тұрған. Қос бағаналар бір-бірімен қазықта-
рмен бекітілген, мейлінше берік болу үшін бөренелер шиден өрілген жуан
аркандармен байланып тасталған. Кірер ауыздың төбесін бөренелердің
168
үстінен ши аркандармен буылған екі кабат төсенішпен жапкан. Қабірдің
лакытына кірер жердің жанына жуан бөрененің кесіндісі қойылған. Лақы-
ттың еденінде адамның шашыраған сүйектері жатыр.
Бесшатырдың хронологиясы кіші обалардың бірінен табылған заттар
бойынша айқындалады. Оның үйіндісі астындағы ұзын жағы батыстан шығы-
сқа қаратылған үлкен кабір шұңқырында (көлемі 3,50 де 2 м) жерленген екі
адамның каңкалары жатгы. Сүйектер бірінің жаньгнда бірі шалкасынан со-
зылыгі, бастары батыска қаратып қойылған. Жерленгендердің әркайсысы-
ның жанына оң жағынан қыска семсер-акинактар койылған, ал сол жағын-
да қола ұшты жебелер салынған корамсактардың калдықтары жатыр (кора-
мсақтарда барлығы 50 кыска сапты және ұңғылы жебе ұштарыньщ он екі
түрі бар). Қанжарлардың сабы көбелек тәрізді, ұшы бүлінген. Солтүстік
жактағы сүйектің сол жағында темір умбон жатыр, тағы бір жатқан нәрсе,
сірә, кішкене ағаш калқанның калдығы болуы мүмкін, бел тұсында темір
тоға жатты. Сүйектердің арасынан төрт акық моншак және біріне-бірі дәне-
керленіп жапсырылған іші қуыс алтын түйіршектерден жасалған екі мон
шак табылды. Материалдар жиынтығына талдау жасау жалпы алғанда Бес-
шатырды б. з. б. V—IV ғғ. деп белгілеуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |