Менің әкем естісе, тек қоймайды,
Өзіңді байлап қойып қорлық етер.
Тым болмаса сұрашы қалың малды,
Сарыбайдың малы бар саған жетер.
Көрмессің Қарабайдай бейілі тарды,
Жылқыдан Бақа айғырды мініп алды.
Сегіз өрме, бұзау тіс қамшысы бар,
Бәрінің тарсылдатып басын жарды.
Ойлашы, Қарабайдың қайраты мол,
Өз ақылы өзіне болады жол.
Бір тау тесіп мойнымызға ілсе дағы,
Он бір аға үндемей қайтарлық жол.
ұрыспай ол он бірі жүре берді,
Мінезін Қарабайдың көзі көрді.
«ұрыссақ, ханым бізге өкпелер» деп,
Жардырып ап бастарын, қайтып келді.
«Барсын» деп ханым бізге қылды жарлық,
Мен көрмеген жан едім қорлық-зорлық.
Мінезін Қарабайдың көре тұра-ақ,
шіркін нәлет құдаңа кеше бардық.
530
540
550
106
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
«Біз сіздің тілің сыйлап барамыз» деп,
Қызыл тақия сый-сияпат киіп алдық.
—Ол кетер, бұл араны қылмас мекен,
Сол нәлет біржолата кетсе-ақ екен.
Жалғыз-ақ бір тілегім—Қозы ер жетсе,
Бір адам бұны сөз ғып айтпаса екен.
Жұртына батыр Тайлақ қайту қылды,
Не қылсын Қарабайдай кәпір сұмды.
Ешбір адам аузына алмаған соң,
Аты өшкірдің аты өшіп ұмытылды.
Ал енді мына сөзді тербетелік,
Ерігіп айтпақ болдық біз не етелік.
Ханым мен Қозы Көрпеш жата тұрсын,
Ауғызып Қарабайды әпкетелік.
—Ойбай, қатын, қайдасың, бері келші,
«Құдай қосқан қосағым мені» деші.
Аулынан Сарыбайдың мазам кетті,
Кел, ауамын, үйімді жығып берші.
—Байғұс-ау, қандай адам серттен таяр,
Біліп пе едің, тайғанды Құдай аяр.
Тоқсан мыңды бұл жерден тентіретіп,
Қайда барсаң, осындай орын даяр?
—Бұған ермен өзгеңе ерсем дағы,
Кәрі басым қоршылық көрсем дағы.
Балталымен қоныстас бола алмаймын,
Тоқсан мыңды бір жауға берсем дағы.
—Қайтейін, мінезіңді шайтан бұзған,
Кісі едің шайтан бұзған, Құдай ұрған.
Бұл басымды келдеменен кессең дағы,
Бір отырған орнымнан өлсем тұрман.
Белгілі ерімейді іштің мұзы,
Өтпейді қатынына айтқан сөзі.
Үйді жығып, артуды білмей тұрса,
Ойына түсті Ай, Таңсық—екі қызы.
Айтады қыздарына келіп майда:
—Ай, Таңсық—менің екі қызым қайда?
Қақпас шешең тілімді тіпті алмайды,
Бір пайдаңды тигізші осындайда.
Сөзінен ызыңдаған қыздар өлді,
Амалсыз шақырған соң келіп еді.
Жылап жүріп үйінің бауын шешіп,
Талқан қып тоқсан нарға артып берді.
—шырағым, екі қызым мені көрші,
Мынау кәрі ит атаңның ісін көрші.
Құдай қосқан жарынан тірі айрылған
Алдыма сұм Баянды алып берші.
—Қайран балам, кімдерге күң боларсың,
Қайран малым, кімдерге жем боларсың.
Обалдарың әкеңді жібермесін,
Үш сорлым, қандай жерде кем боларсың!
Қарабай тоқсан мыңмен өрге салды,
Жылқыдан Атқайыңды мініп алды.
Жетелеп Бақа айғырды жөнелгенде,
Жұртында қотыр ала тай қалмады.
Жер мен су, тау мен тасқа қоштасқалы,
Көшінен сонда екі қыз тұрып қалды.
Кеткен соң бұл арадан келмес мәні,
Жоқ еді бай болса да оның сәні.
Қарабай көше қашып жөнелгенде,
Ел-жұртқа екі қыздың қоштасқаны:
—Балталы, Бағаналы ел, аман бол,
Бақалы, балдырғанды көл, аман бол!
560
570
580
106
107
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН СұлУ
Үйді жығып, артуды білмей тұрса,
Ойына түсті Ай, Таңсық—екі қызы.
Айтады қыздарына келіп майда:
—Ай, Таңсық—менің екі қызым қайда?
Қақпас шешең тілімді тіпті алмайды,
Бір пайдаңды тигізші осындайда.
Сөзінен ызыңдаған қыздар өлді,
Амалсыз шақырған соң келіп еді.
Жылап жүріп үйінің бауын шешіп,
Талқан қып тоқсан нарға артып берді.
—шырағым, екі қызым мені көрші,
Мынау кәрі ит атаңның ісін көрші.
Құдай қосқан жарынан тірі айрылған
Алдыма сұм Баянды алып берші.
—Қайран балам, кімдерге күң боларсың,
Қайран малым, кімдерге жем боларсың.
Обалдарың әкеңді жібермесін,
Үш сорлым, қандай жерде кем боларсың!
Қарабай тоқсан мыңмен өрге салды,
Жылқыдан Атқайыңды мініп алды.
Жетелеп Бақа айғырды жөнелгенде,
Жұртында қотыр ала тай қалмады.
Жер мен су, тау мен тасқа қоштасқалы,
Көшінен сонда екі қыз тұрып қалды.
Кеткен соң бұл арадан келмес мәні,
Жоқ еді бай болса да оның сәні.
Қарабай көше қашып жөнелгенде,
Ел-жұртқа екі қыздың қоштасқаны:
—Балталы, Бағаналы ел, аман бол,
Бақалы, балдырғанды көл, аман бол!
590
600
610
108
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,
Ойнап-күліп ер жеткен жер, аман бол!
Қара басқан қашқынды қоя берме,
Ел жақсысы Тайлақ би ақылы мол.
Осы ізі тоқсан мыңның соқпақ болар,
Жоғалмас, қайда барса қазылған жол.
Тайлақтың енді аман бол, қалған елі,
Аман бол, қалың ағаш, аққан селі.
Теруші ем еріккенде ермек етіп,
Екпе, жиде, алма ағаш көлеңкелі.
Сегіз сай тау біткенді сала, аман бол,
Халайық, қалған елдің шалы, аман бол!
Қарабай—қайын атаң сенен қашты,
Жөргекте Қозы Көрпеш бала, аман бол!
ұзын өлке, жота мен төбе, аман бол,
Тайлақ би, ел жақсысы, көп, аман бол!
Изенді, мық жусанды, бетегелі,
Ақ көде, малға шүйгін шөп, аман бол!
Жасы кіші, аға мен іні, аман бол,
Іребдел өңшең мырза жаға, аман бол!
Қайын атаң Қарабай сенен қашты,
Жөргекте Қозы Көрпеш, тағы аман бол!
«Байлығын Балталының көрмеймін деп,
Тіліне ер Тайлақтың ермеймін» деп,
Кәрі атаң ақылы жоқ өрге қашты,
«Қызымды жетім ұлға бермеймін» деп.
—Баянды бермей кетер саған боқты,
Айым-күнім атарсың қазалы оқты.
Күнінде күйеу болып келер болсаң,
Жолына біз тұрармыз айтқан тоқты.
620
630
640
108
109
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН СұлУ
Қозыеке-ау, піспей қалған сіз бір алма,
Бойыңа қуат бітіп, күш толар ма?!
Қозы Көрпеш күйеу боп, біз қайын боп,
Иілісіп тұратын күн болар ма?!
Қолынан ит Қарабай малын соймас,
Бір жерде дамыл қылып дәмге тоймас.
Құдайым тағдырында қосқан болса,
Қайда барсаң, онда бар, сені қоймас!
Үйіне Құдай айдап Қыдыр қонар,
Ер лұқпан қолтықтап жолдас болар.
Егерде сапар қылып, бізді іздесең,
Осы ізі тоқсан мыңның соқпақ болар.
Балталы, Бағаналы халық, аман бол,
Жөргекте Қозы Көрпеш жалқы, аман бол!
Жеңеше, келін-кепшік, құрбы-құрдас,
Халайық бізді ойлаған жалпы, аман бол!
Барады белде-белде дәурен өтіп,
Ат мінген қара жорға қызды еңіретіп.
Таңертең тұрып калған сонда екі қыз
Кешке екінді болғанда келді жетіп.
Жөнелді сонда екі қыз белін буып,
Тым сұлу көркемдігі айдай болып.
Көшіне жылай-жылай әрең жетті,
Жылаған жасы атының жалын жуып.
Қарабай тоқсан мыңмен өрге салды,
Жылқыдан Аққайыңды мініп алды.
Су аяғы кұрдымнан ара қонып,
Осы тұрған Семейге жетіп барды.
Дамыл, аял көрмейді көзі терлеп,
Өзге жақпен жүре алмас малы кернеп.
Дамыл жоқ та, тыным жоқ көше беру,
Өне бойы жағалап Ертісті өрлеп.
650
660
670
110
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Көше-көше талай жер барып қалды,
Барғанменен барқадар таба алмады.
Көл, қарасу бойына жетіп барып,
Қайқиып құм жағалап қайта салды.
Алатаудың жағалап ар жағымен,
Іле басы—Құлжаға тағы барды.
Ол жерде келіспеді мал тойымы,
Сірә, тоқтау болмады іш орынды.
Іледен қайта көшіп шыршық барды,
ұдай көшіп барады Сыр бойына.
Азғана сыр бойына дамыл алды.
Бір күні ол қаңғырып Қоқан кепті,
Тоқсан атқа бір белбеу сатып алып,
«Не қыласыз?» дегенде, «шұлғау» депті.
Көшеді қысы-жазы дамыл көрмей,
Біраз елі қалады оған ермей.
Сағынып Сарыарқаны қайта көшті,
Мазалы ел ішінде рақат көрмей.
Көрмессің Қарабайдай жарым есті,
Азырақ өзінен де қатыны есті.
Қырық күндік ыстық шөлге қайта көшіп,
Бетпақтың сары даласы барып түсті.
—Қырыстан салқын соқса, самал болар,
Мұнан артық не қиын қамал болар.
Құлын-тайым қырылып шөлдеді ғой,
Ойбай, қатын, айта көр, не амал болар?
—Не деп жауап айтайын бұл сөзіңе,
Құдай беріп қойды ғой мінезіңе.
Қырылмақтан жойылсын құлын-тайың,
Бұл қылық елден қашқан аз-ды өзіңе.
680
690
700
110
111
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН СұлУ
—Ойбай, қатын, өлсем де, тіліңе ермен,
Балталы мен ұрайын сақалдыңды,
Жалғыз тайым қалса да, өлсем, көрмен.
Көрмессің Қарабайдай жарым есті,
Бірталай көше-көше күні кешті.
Бетпақта бос қамалып жата алсын ба,
Одан көшіп Қарекең шуға түсті.
Қарекең қырып-жойып шуға барды,
Ақымаққа Құдай берген мұнша малды.
«Арқада қызы сұлу бай көшті» деп,
Торғауыттан бедеумен Қодар салды.
Жамағат, осы сөздің бәрі де рас,
Ерлігі асқан Қодардың о да бір мас.
Мақтауды қазақ аты көтере алмас,
Астында бедеуі бар алты құлаш.
Қодардың өзі ойланып бір ниетті,
Қамшы басты, бедеуін зар еңіретті.
Қуып жүріп, әркімнен сұрап жүріп,
шу бойында қамалған байға жетті.
—Әрі-бері көше алмай бос қамалған,
Құлын-тайың шөлдеген кімсің?—депті.
—Көңілімді мың мен санға баламаймын,
Бенденің ілігіне жарамаймын.
Су аяғы құрдымнан қашып жүрген
Алла Тағала қаңғыртқан Қарабаймын.
—Қареке-ау, іздеп едім, кез келесің,
Қодар батыр мен едім, сен көресің.
Мен шөлдетпей Бетпақтан алып шықсам,
Қанеки, ақысына не бересің?
—Балам-ay, сен іздесең, кез келейін,
Құдай сені берген соң неге өлейін.
710
720
730
112
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Сен Бетпақтан шөлдетпей алып өтсең,
Қалың малсыз, борышсыз қыз берейін.
—Қыз берсең, сен—атасың, мен—баламын,
Не қылып тең құрбымнан құр қаламын.
Асыраған қызыңды мен алмаймын,
Жалғыз қызың Баянды мен аламын.
—А, балам, қайратыңды мен көрейін,
Жаманға сені не ғып теңгерейін!
Сен шөлдетпей шығынсыз алып өтсең,
Сүйген қызың Баянды мен берейін.
—Уағыда қылып серт қылсаң, сенсем екен,
Сенгеннен соң, соңыңнан ерсем екен.
Олай-бұлай қызыңның керегі жоқ,
Ақ Баянды, Қареке, берсең екен!
—Жас құлыным қырылды тамам, Қодар,
Бір су тауып бере көр маған, Қодар.
Сен шөлдетпей малымды алып өтсең,
Ақ Баянды беремін саған, Қодар.
—Қареке-ау, осы сөзің жақсы кеп пе,
Жалған жауап сөйлеуге сіздерге еп пе?!
Бейнеттеніп Бетпақтан өткізермін,
Дер кезінде, Қареке-ау, алдап кетпе!
—ұнамаған адамға шөл арықпын,
Қулық қылған кісіге қас шұнақпын.
Қылап қып уағыдамды не ғылайын,
Серттен тайман, қызымды берер-ақпын.
—Құдай-ау, қайратыма дем бере көр,
Қареке-ау, жылдамырақ жөнеле бер!
Екі күрек, екі үлкен кетпенменен
Және сегіз көшіңнен мес бере көр.
740
750
760
112
113
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН СұлУ
Сен Бетпақтан шөлдетпей алып өтсең,
Қалың малсыз, борышсыз қыз берейін.
—Қыз берсең, сен—атасың, мен—баламын,
Не қылып тең құрбымнан құр қаламын.
Асыраған қызыңды мен алмаймын,
Жалғыз қызың Баянды мен аламын.
—А, балам, қайратыңды мен көрейін,
Жаманға сені не ғып теңгерейін!
Сен шөлдетпей шығынсыз алып өтсең,
Сүйген қызың Баянды мен берейін.
—Уағыда қылып серт қылсаң, сенсем екен,
Сенгеннен соң, соңыңнан ерсем екен.
Олай-бұлай қызыңның керегі жоқ,
Ақ Баянды, Қареке, берсең екен!
—Жас құлыным қырылды тамам, Қодар,
Бір су тауып бере көр маған, Қодар.
Сен шөлдетпей малымды алып өтсең,
Ақ Баянды беремін саған, Қодар.
—Қареке-ау, осы сөзің жақсы кеп пе,
Жалған жауап сөйлеуге сіздерге еп пе?!
Бейнеттеніп Бетпақтан өткізермін,
Дер кезінде, Қареке-ау, алдап кетпе!
—ұнамаған адамға шөл арықпын,
Қулық қылған кісіге қас шұнақпын.
Қылап қып уағыдамды не ғылайын,
Серттен тайман, қызымды берер-ақпын.
—Құдай-ау, қайратыма дем бере көр,
Қареке-ау, жылдамырақ жөнеле бер!
Екі күрек, екі үлкен кетпенменен
Және сегіз көшіңнен мес бере көр.
—Сөзімді менің айтқан біле бер,—деп,
Атыңа енді отырмай міне бер,—деп,
Қодекең ұзын сызып жөнеледі,
«Менің осы ізіммен жүре бер» деп.
—Байталым, енді аяңда, бүгін ел жоқ,
Арқада Аягөздей мөлдір сел жоқ.
Сертіме бұл айтысқан жете алмасам,
Сірә, маған Баяндай бұраң бел жоқ.
Антұрған білдірмейді Қодар жасып,
Әр жерден жүз кісілік құдық аршып.
Су шыққаннан су шығар құдығының,
Суы жоғын толтырар меспен тасып.
Сол күндегі жандардан Қодар асып,
Мінезіне қайраты құп жарасып.
Қодекең шауып жүріп кимылдайды,
Аямай бедеуіне қамшы басып.
Сол күндегі жандардан Қодар епті,
Уағыда қылған сертіне анық жетті.
Жанды аямай қимылды қылып-қылып,
Не ғылса сол Бетпақтан алып өтті.
Аяқ жерде байталы болдырған соң,
Жаяу жүріп көреді көп бейнетті.
...
...
...
...
*
Етік қажап, бақайы қанап кетті.
—Байталым, неғыласың бүгін ел жоқ,
Арқада Аягөздей мөлдір сел жоқ.
Жиналған жан қуанар қыз көрген соң,
Баянды аламын деп көңілі тоқ.
Түнімен құдық аршып түске шейін,
Сондай құдық жасайды беске шейін.
*
Осы жерде бір жол түсіп қалған.
8-0137
770
780
790
114
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Кейінің өз суы бар, кейінде жоқ,
Меспен тасып толтырар кешке шейін.
Жылқысы суға қанып тойып алды,
Қодардың әр нәрседен ойы бар-ды.
Мұны Құдай жаратқан сонша зар ғып,
Анық он кез өзінің бойы бар-ды.
Тоқсан мыңды неғылса қандырды тез,
Әдебі жоқ, мінез жоқ Қодардан без.
Кәпірдің денесінің бәрі де артық,
Жалпағы жауырынының үш жарым кез.
Қодардың өзі дардай, сөзі дардай,
Жүреді жанның бәрін көңіліне алмай.
Өзінің денесінің молын қара,
Сыңар ғана жұдырығы қол ағаштай.
Қарабай бұл жүргенін қылмас намыс,
Қодармен шөл далада болды таныс.
Өтірік қосқан емес осы сөздер,
ұзыны жауырынының алты қарыс.
Бұралған тал шыбықтай ол Баян қыз,
Тым сұлу көркемдігі жұртқа аян қыз.
Өзінің денесімен бір ісі жоқ,
Содан үміт қылатын Қодардан без.
Қодар айтты:—Қареке-ау, құлағың сал,
Менің айтқан сөзімді жақсы ұғып ал.
Аягөзге жете алсаң тау бөктерлеп,
Ешқашан қауға тартып шөлдемес мал.
Арғы шеті Аягөз, лепсі, ұржар,
Тоқсан мыңға лайық сонда жер бар.
Бұл жақта бұдан артық су болмайды,
Тоқсан мыңға өзге жер болады тар.
800
810
820
114
115
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН СұлУ
Көрмессің Қарабайдай бейілі тар-ды,
Қодарға «Өзің біл» деп ақыл салды.
Қодардың сол тілімен көшіп келіп,
Жайлап қыстап Аягөз жатып қалды.
Қарабай, Сарыбаймен мерген екен,
Күні жетіп Сарыбай өлген екен.
Бұл ауғалы он үш жыл болып қапты,
Қыз Баян да он төртке келген екен.
Тал шыбықтай бұралған, өзі керім,
Мінеки, оны айтатын келді жерім.
Қыпша бел, алма мойын сұлу Баян,
Сипаты жаннан асқан ол бір серім.
Тал бойының міні жоқ, қолаң шашты,
шашының ұзындығы тізін басты.
Гүл төгілер аузынан меруерт тісті,
Ондай жан дүниеде жаралмас-ты.
Аппақ керік маңдайы, қылығы наз,
Малың түгіл басыңды берсең де аз.
Сыртынан күлімсіреп сөйлесе де,
Көңілі қош болмайды, баймен араз.
Жұт айтатын темірлі күймесі бар,
Қозы Көрпеш дегенде дүниесі тар.
Анда-санда болмаса сөйлеспейді,
Жалғыз жатып Қозы үшін қылады зар.
Қас асыл бой жетті, алтын кірпік,
шақырып Қодар келсе үйтіп-бүйтіп.
Қара көзін қан басып қарағанда,
Маңына жоламайды Қодар үркіп.
—Қайғылы менің көңілім тола ма екен,
Алланың сызығы екі бола ма екен?
Маңайға тантық құлды жолатқызбай,
Қорқытып қойған оны Құдай екен.
830
840
850
860
116
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Баянды сұлу қылса Тәңірім қылған,
Атағымен-даңқымен дүние толған.
Тоқсан байдың баласы тоқсан сері,
Сыртынан көзі көрмей ғашық болған.
Жамағат, осы сөзден күдер үзбе,
Сипаты Баян кыздың жаннан өзге.
Баянға ғашық болып тоқсан бағылан,
Бәрі де іздеп шықты жапан түзге.
Бәрі де ғашықтықпен жаһан кезген,
Баршасы ғашық болып елден безген.
Тоқсан жолдың аяғы бір жол болып,
Бір жолда тоқсан сері кездей келген.
Іздеген Баян қызды соның бәрі,
Бірінен бірі артық ақылдары.
Бір өзінде он кісінің қайраты бар,
Баласы Нұрқара би Көсемсары.
Елінен іздеп шыққан тоқсан бала,
Ақылы тоқсанының тоқсан сала.
Бір өзінде тоқсан кісінің қуаты бар,
Баласы Қаратоқа Бұлан қара.
Елінен іздеп шыққан тоқсан ері,
Әрбірі жанға өлшеусіз көңілдері.
Қайсыбірін айтайын осалы жоқ,
Аяғы бес кісілік Көсем сері.
Бәрі де жапан түзде бек сөйлесті,
Қайғысын Баян қыздың жеп сөйлесті.
Біріміз-бірімізді күндемелік,
Бағымызды сынайық деп сөйлесті.
Қаратау, Тарбағатай жерге келді,
Жәйтөбе, Қатынсуы көлге келді.
Басынан Ақ сәуленің дүрбі салып,
Отырған Аягөзде елді көрді.
870
880
890
116
117
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН СұлУ
Сол күндегі адамнан Қодар мықты,
Қарсы басқан дұшпанын жерге тықты.
Ел шетіне «жау келді» деді дағы,
Айқайлап тоқсан ерге жалғыз шықты.
Сол күндегі жандардан Қодар епті,
Сескенбей тоқсанымен араласты.
ықтыжарды білетін Қодекең бе,
Сол жерде тау соққандай майдандасты.
Әрі-бері тоқсанмен айқасқан соң,
Біреуі беттемейді, бәрі қашты.
Бәрін бірдей Қодекең жеңіп алды,
Бейне малшы қылды, малға салды.
Күймедегі Баянды көргені жоқ,
«Бұқа-буға» деген сөз содан қалды.
Қарабайдың тоқсан бір құлы болып,
Ен суда малын бағып жатып алды.
... Енді тоқта қызықты бір көрелік,
ұмытпасақ, айналып бір келелік.
Қодар, Тоқсан, Қарабай жата тұрсын,
Балталыдан бір жігіт әпкелелік.
Осындай болса керек ердің ері,
Жаңа бір таңдайтұғын келді жері.
Елінен намыс үшін іздеп шықты
Тайлақтың кенже інісі Айбас сері.
Күшімді мың мен санға сынайын деп,
Бір санды садағымен бөгеймін деп.
Елінен намыс үшін іздеп шықты,
Сұраса, Қозы ер жетіп не деймін? деп.
Ойлайды: «Қай жекжатқа сенейін деп,
Не қылып ажал жетпей өлейін деп.
Елінен Айбас сері іздеп шықты,
Дұшпанға неге намыс берейін» деп.
900
910
920
118
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Қараңыз ер Айбастың қылған ісін,
Бойында аямайды қуат-күшін.
Туысқан-туғаны, жақыны емес,
Іздейді жетім ұлдың хақысы үшін.
Ер Айбас ойланып жүр ол бір ниетті,
Қамшы басып бедеуін зар еңіретті.
Құр айыл, жіп кұйысқан тағып алып,
Тұлпармен Тайкөк деген іздеп кетті.
Ер Айбас Көктайменен өрге салды,
Ізімен тоқсан мыңның кетіп қалды.
Қазылған сара ізімен жүре-жүре,
Әйтеуір адаспастай болып алды.
Көктаймен кейде шапты, кейде желді,
Көреді серілікпен талай жерді.
Аз жүрсе, көп жүрсе де аман-есен,
Аяғы Жетісуға о да келді.
Сол күндегі жандардан Айбас мықты,
Болдыруды білмейді Көктай тіпті.
«Жұрттың айтқан мөлшері болды ғой» деп,
Бір биіктің басына келіп шықты.
Көреді батыр Айбас талай жерді,
Ит Қарабай сенделтті есіл ерді.
Сол биіктің басынан қарап тұрып,
Аягөзде отырған елді көрді.
—Астында патшалардың алтыннан тақ,
Болғай-ақ бұл ісіме Тәңірім жақ.
Нетейін бұрынғыңды, Көктайым-ай,
Барыңды бүгінгі күн қарыштап бақ!
Жер аулақта үш қызға бір сөйлессем,
Одан артық Құдайдан тілегім жоқ!
Бар Құдай бұл тілегін қабыл алды,
Тал түсте ел шетіне жетіп барды.
930
940
950
118
119
ҚОЗы КӨРПЕш – БАЯН СұлУ
Өзенде жиде теріп, ойнап жүрген
Алдынан үш қыз душар бола қалды.
—Біреудің ашылмас бұл бағасысың,
Кіреуке алтын тонның жағасысың.
Елдің жөнін сұраймын, шырақтарым,
Тоқта, үшеуің қай байдың баласысың?
—Ағаеке-ау, асылзада сен бір ерсің,
Жадағай жапан түзде кез келесің.
Қорықпай Қодекемнен мұнда келген,
Жүрек жұтқан жанбысың, неғып жүрсің?
—шырағым, тал бойыңда жоқ екен мін,
Иманнан қуаттанып ашылар дін.
Қодайтып «Қодекем» деп сөз сөйлейсің,
Ол нәрсе қайдан шыққан, нәсілі кім?
—Тартынбас әр нәрседен Қодар тайып,
Естісе бұл сөзіңді үлкен айып.
Қодардың атасы жел, анасы жел,
Кез болған бар далада өзі ғайып.
—Ендеше Қодарыңды ойға алалық,
Мен бе едім сол итіңнен кем боларлық.
Құдайдан бұйрық болып, демеу болса,
Астына табанымның бір салалық.
—Ағаеке-ау, жақсы айтсаң, сөзің майда,
Бір пайда тигізе көр осындайда.
Қодарды жеңіп бізге кек әперер
Алаштан асып туған ер ұл қайда!
—Астымда Көктайым бар тұлпармен тең,
Қодарды қылма уайым маған сенсең.
Елімнен әдейі іздеп арнап шыққан,
Құдай қосса, керекті соны жеңсем.
—Жоқ еді бір туысқан аға-жеңгем,
Көңілім жақын тартты сізге дем-дем.
-
960
970
980
120
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Жақындық бізге таман сөз айтасыз,
Ағаеке-ау, елі-жұртың болар кім-кім?
—Балталы, Бағаналы елден келдім,
Бақалы, балдырғанды көлден келдім.
Жұрты деп Сарыбайдың естушімең,
Ел жақсысы Тайлақ би елден келдім. Достарыңызбен бөлісу: |