Қос аяқтап жүректен салды дейді.
Ала тайға жүгіріп барды дейді,
Қос аяқтап жүректен салды дейді.
Қос аяқтап жүректен салған екен,
Алтын айдар жарқырап қалды дейді.
Баян жетіп жылқыға келді дейді,
—Бұған не амал болады, енді?—дейді.
Баян жетіп жылқыға жақындаса,
Жарқыраған айдарды көрді дейді.
ұйықтап жатқан сол Баян ояныпты,
Жүгірерге табанын аяныпты.
Алтын айдар шумақтап келе жатса,
Түбі келіп тазшаға таяныпты.
Болған боран болды да, тына қалды,
Құдай қайдан тазшаны ұра қалды.
Түбі келіп тазшаға таянған соң,
Ішін тартып сол жерде тұра қалды.
850
860
870
38
39
КӨРПЕш ҺӘМ БАЯН СұлУ
Жау айдасын иесіз малды дейді,
Тазша мұнда жығылып қалды дейді.
«Аулақ үйге апарып салайық» деп,
Жерден Баян көтеріп алды дейді.
Аулақ үйге апарып салды дейді,
Аулақ үйде сырласып жарыменен
Сонда айқасып екеуі қалды дейді.
Боран болып түгел мал ықты дейді,
Өз ісіне Қозыекем мықты дейді.
Жарыменен ойнасып Қозы Көрпеш,
Бір кұмардан екеуі шықты дейді.
Қарабайдың құлдары көп-ті дейді,
Келе салып бірдеме етті дейді.
—Әуеде торғай шырылдайды, қайран жалғыз,
Таң атыпты, түрегел!—депті дейді.
—Адам қалмай жиылып кепті,—дейді,
Жата тұршы, аһ, жарым, нетті,—дейді.
Таң атпақтан күн шықсын, біз қайтелі,
Тар төсекте жаталы, жан шықсын?!—депті дейді.
Қодар енді жиыннан қайтты дейді,
Тазша келіп Баянмен жатты дейді.
Екеуінің жатқанын көре салып,
Қайтып барып жиынға айтты дейді.
—Айдалаға тазшаекең құрар шатыр,
Қызыңменен жатыпты тазша батыр.
Қарабайым, той тойлап мұнда жүрсің,
Қызыңды той тойлатып, онда жатыр.
Айдалаға тазшаекең құрар шатыр,
Қызыңменен жатыпты тазша батыр.
Баян қыздың үйіне кіріп барсам,
Екі аяғы төрт аяқ болып жатыр.
880
890
900
910
40
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Қарабай жиыннан келді дейді,
Жиын қылып жиыпты елді дейді.
—Менің жұртым, ойлай гөр, азаматым,
Бұған не ақыл бола-дүр енді?—дейді.
—Сол тазшаны армаған жітіріңіз,
Жітірмесең, шақырып келтіріңіз.
Бір тазшаға түгел жұрт қысым қылып,
Алып келіп аяғын сындырыңыз.
Бір тазшаға түгел жұрт қысым қылды,
Алып келіп тамам жұрт аяқты сындырды.
—шынаш қылып берейін тамағыңа,
Енді сенің, ай, байғұс, мысың құрды.
Қылды дейді бір үшін балағына,
Тоғыз бегі қарайды қабағына.
«Ішкен кісі бол дағы, құя бер» деп,
шынаш қылып беріпті тамағына.
Босағада құл отыр екі жақтап,
Арақ ішпес Қозыекем әлін шақтап.
Жүгіре шығып Қозыекем кеткен екен,
Бірін-бірі қалыпты құл пышақтап.
Жүгіріп атқа Қозыекем барды дейді,
Үзеңгіге аяғын салды дейді.
Ғафияда түгел жұрт қайдан білсін,
Апыр-топыр адасып қалды дейді.
Жүреді екен Қозыекем сөзге қанып,
Бал аша-дүр қолына кітап алып.
Қозы Көрпеш құтылып сала берді,
Алдын ашып, артына тұман салып.
—Анау әрман құтылып кетті,—дейді,
Жібермеймін осы жерден көпті,—дейді.
Менің жұртым, ойлай гөр, азаматым,
Оған не амал болады?—депті дейді.
920
930
940
40
41
КӨРПЕш ҺӘМ БАЯН СұлУ
Қала жаздық осы жерде қанға батып,
Бір кеткен соң сол шіркін келмес қайтып.
Пышақтасып осы жерде өле жаздық,
Қаңғырып жүрген немесің қайдан қашып?
О бастан Қозыекем өзі сұм-ды,
шоқтеректі барды да мекен қылды.
Мұндай сарсаң етерін білер болсам,
Баяғыдан қырмас па едім мұндар құлды.
Боз пұшыққа мінді де кетті қашып,
Баян үйден қарайды жапсар ашып.
шоқтеректің түбінде торғай көріп,
Бозторғайы береді мейіз тасып.
Боз торғайын жіберді:—Біліп кел,—деп,
Есен болса сол жарым, көріп кел,—деп.
Бес бауырсақ, бір күлше арқалатты,
«Азық қылып жарыма беріп кел»,—деп.
Қалған екен Қозыекем түзде жүдеп,
Торғай ғаріп қайтыпты бір күн түнеп.
Қуанғаннан бозторғай келе салып,
Қуантыпты Баянды шүйінші тілеп.
Күнде барып бозторғай келеді екен,
Баян азық жасырып береді екен.
Бозторғайдың келгенін, азаматтар,
Аңдып жүріп жеңгесі көреді екен.
Бозторғайы бір күні шырлай қалды,
Бір жеңгесі тасадан тыңдай қалды.
Жаңа Баян жіберіп жатқанында,
Сол жеңгесі мойнынан ұстай алды.
—Жеңешеке, торғайым жібер,—дейді,
Осы торғай бірдеме білер,—дейді.
Осыншама жалынып тілесе де,
Құрып қалғыр жеңгесі жібермеді.
950
960
970
42
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Баян жылап ішінен күңіреніпті,
Ерте кеткен тазшаны кім көріпті.
Мойны үзіліп торғайдың бара жатса,
Жазған Баян аяпты, «жібер» депті.
Баян жылап сол жерде тұрды дейді,
Торғайды әуре сол жерде қылды дейді.
«Көре жүрген тазшаны айтпайсың» деп,
Түгел жүнін торғайдың жұлды дейді.
—Мен не қылдым Тәңірге «жоқ» дегенде
«Ештемені көргенім жоқ» дегенде.
Өзге жүнін жұлғанда үндемеген,
Төбе жүнін жұлғанда «шоқ» деген де.
Торғай ғаріп бір жақтан келді дейді,
Аңдып жүріп жеңгесі көрді дейді.
Төбе жүнін жұлған соң бозторғайдың,
«шоқ!» деді де бозторғай өлді дейді.
Етін асып торғайдың қайнатыпты,
Сауын етіп биесін байлатыпты.
Бозторғайы Баянның «шоқ» деді деп,
Жұртын жиып Қарабай ойлатыпты.
Алыс болып Баян кыз бара алмайды,
Жіті хабар жарына бере алмайды.
Жұртын жиып Қарабай ойлатса да,
Сан кісіден бір кісі таба алмайды.
—Асықпаңыз, жігіттер, келсін Қодар,
Қарай-қарай Қодарға көзі талар.
Сан кісіден бір кісі таба алмады,
Мұны ақыры, жігіттер, Қодар табар.
Жоғын қарап Қодар құл келді дейді,
«шоқ» деді де, бозторғай өлді дейді.
Сан кісіден бір кісі таба алмайды,
«Сен таба гөр, Қодар құл, енді» дейді.
980
990
1000
42
43
КӨРПЕш ҺӘМ БАЯН СұлУ
—Қайда кеткен, сірә, осы жұрттың есі,
Таба алмайды еш ойлап мұны несі.
Бозторғайы Баянның «шоқ» деп өлсе,
шоқтеректің түбінде жатқан-ды осы.
Мінді дейсің Қодар құл Көксеректі,
Өлтіруге сумұрын бедіректі.
Ағайынын Қарабай жиып тұрып,
Енді іздемек болыпты шоқтеректі.
Бұрын құлдан Қозыекем бұқпайды екен,
Ояу болса, Қодарды мықтайды екен.
Бір ұйықтаса, жігіттер, Қозы Көрпеш
Күні-түні он төрт күн ұйықтайды екен.
Ағайынын жиып Қарабай алды дейді,
Баян жылап үйінде қалды дейді.
«Басын алмай мен мұның қоймаймын» деп,
шоқтеректің түбіне барды дейді.
Айдалада құрулы шатыр дейді,
Алтын айдар жарқырап жатыр дейді.
—Әлі де болса Баянды қосалық біз,
Мұнан артық табылмас батыр,—дейді.
Көңілім менің бұрылды әлденеге,
Жағып жүрген неме еді ата-енеге.
Әлі де болса Баянды қосалық біз,
Бұдан артық береміз қай төреге.
Көргеннен соң Қарабай қия алмады,
Көзінің жасын сол Баян тыя алмады.
Ажал жетсе, жігіттер, амал болмас,
Қан тартыпты, Қозыекем оянбады.
Сүйдеді де Қарабай кайтты дейді,
Қайт-сана деп Қодарға айтты дейді.
«Басын алмай мен мұның қайтпаймын» деп,
Қамыс оқпен жүректен атты дейді.
1010
1020
1030
44
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Жағы тым-ақ Қодар құлдың қатты дейді,
Қамыс оқпен жүректен атты дейді.
Қамыс оқпен жүректен атқан екен,
Оғыменен айқасып жатты дейді.
Өлгеннен соң Қозыекем әлі нешік,
Барад дейді Қодардың көңілі өсіп.
Бұл Қодардың қылығын қайтерсің,
Бара салып алыпты басын кесіп.
—Еш дегбірің жоқ екен әлі де, ата,
Ақша бетім сарғайды жалғыз жата.
Атың арық, өзіңнің жүзің сарық,
Сен қайда барып келдің, ау, айт сана, ата?!
—Бір жаман ат, қайтейін, болды маған,
«Жүр» деді де қоймады Қодар ағаң.
Өткендердің соңынан өкінбеңіз,
Қозыекедей мырзаны таптым саған.
Тілімді алмай, сен, қайда кетіп-келдің,
Менің немді бітіріп жетіп келдің?
Тілімді алмай, сен, сонда кетіп едің,
Құдай қосқан жарымды не етіп келдің?
—Мен біреудің тіліне сеніп келдім,
Алла оңғарса, сіздерді беріп келдім.
Өткен ердің соңынан өкінбеңіз,
Қозыекедей мырзаны көріп келдім.
Алжып жүрсің, әй, ата, өлейін деп,
Ойлаушы едім өнерін көрейін деп.
Күйеуіңді өлтіріп, азған қақбас,
Қодар құлға келдің бе берейін деп.
—Елден-елді қыдырып барайын да,
Емен таяқ қолыма алайын да.
Елден-елді қыдырып, жаным балам,
Бір теңдесті мен іздеп табайын да.
1040
1050
1060
1070
44
45
КӨРПЕш ҺӘМ БАЯН СұлУ
—Енді не деп барасың елге, ата,
Мен бейбаққа қылмақ па ең екі бата?!
Елден сәурік жиғандай қайытқалы,
Тоқтамас байтал, айт-сана, мен бе, ата?!
Сірә, маған жақпай тұр сенің сөзің,
Қарай-қарай, Қарабай, төрт болды екі көзім.
Ақша отаудың ішінде қайтелі,
Айқас тағы, жата қал енді өзің.
Қодар түзден бір ойды ойлап келді,
Мойнын созып Баянға бойлап келді.
Бұ Қодар құл қылығын қайтерсің,
Басын кесіп жанына байлап келді.
Қырық құлаш Баянның шашы дейді,
Бұ Қодар құл Құдайға асы дейді.
Алып келіп Баянға тастай берді,
—Бақты қара, байыңның басы,—дейді.
Бәрекелді Қодардың тентегіне,
Қозы Көрпеш жүрмейді жетегіне.
«Ал, байыңның басы» деп тастай берсе,
Баян тосып алыпты-ау етегіне.
Құлдан өлген болар ма мұндай айып,
Оңдамады о бастан бабам ғайып.
Алған жары өлген соң жазған Баян,
Бетін жыртып жылайды, шашын жайып.
—Өлгендердің соңынан өлме сана,
Өзге адамға көңіліңді берме сана.
Мына жалған дүниеде кім қалады,
Ақша бетке дақ сала берме сана!
—Қодареке, қай жақтан келдің жетіп,
Енді мені кім алар сенен өтіп.
Енді мені сен алмай, кім алады,
Сол жарымды кел-сана бір көрсетіп.
1080
1090
1100
46
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Баянды ертіп Қодар құл кетті дейді,
Көрсетейін жарыңды депті дейді.
Алған жарын өлтіріп бедірек құл,
Бек әуре Баянды етті дейді.
Сол Қодар кұл Баянды көзден салмас,
Бедіректің қылығы естен қалмас.
Өткен жарын сол Баян іздеймін деп,
Бара жатып Қодармен болды жолдас.
Ханышадай Баянды құл жақтаған,
Аламын деп Қодар құл ыржақтаған.
«Қодар құлдан бір зиян келе ме?» деп,
Баян Сұлу бетіне бөз қаптаған.
Құл зиянын Баянға тидіріпті,
Көңілін бермей Қодарды күйдіріпті.
Өтіріктен Қодардың көңілін аулап,
шүберектің сыртынан сүйдіріпті.
Он екі айдың жақсысы жаз болады,
Жаздың алды үйрек пен қаз болады.
шүберектің сыртынан сүйдіргенге,
Соныменен Қодар құл мәз болады.
Көрпеш Баянның күйеуі нақ,
Жаны шықпай ...
*
жүр Қодар құл ол талай шақ,
шүберектің сыртынан сүйдіргенге,
Ақ бетіне Баянның түсіпті дақ.
Құлға Баян тие ме, қазақ құрып,
Құлға не деп тисін ол Құдай ұрып.
«Мен ойнағандай жер екен, жаным бике» деп,
Баянменен келеді әзіл құрып.
—Қодареке, жүре тұр жөніңменен,
Құдай енді қосты сеніменен.
*
Бір сөз танылмады
1110
1120
1130
46
47
КӨРПЕш ҺӘМ БАЯН СұлУ
Сол жарымды бастап бір көрсет сана,
Ойнауыңыз қаша ма меніменен.
—Сенің жарың емес пе әнеу жатқан,
Қодарекең белінен бір-ақ атқан.
Ай, мақтап жүрген байыңды, бейбақ Баян,
Бірақ атып Қодарекең ыңқылдатқан.
—Қодареке, осы жерге түселілі,
Тал кіракіс бойыңа пішелілі.
Айдалада қаңғырып шөлдеп өлдім,
Су алып бұл құдықтан ішелілі.
Қодар енді құдықтан су алады,
«Аламын» деп шыңырауға шомылады.
Алдағанын Баянның қайдан білсін,
«Аламын» деп ішінен қуанады.
шашын байлап құдыққа салды дейді,
Кебіспенен бір суды алды дейді.
Кебіспенен бір суды ішіп тұрып,
Баян енді «сусыным қанды» дейді.
шығамын деп құдықтан Қодареке,
Күнге күйер ақ бетің, басың бүрке.
Суға сенің сусының қанған болса,
шығалы, ал, далаға, тартшы, бике!
Көңілі қалды Баянның ағасына,
Бір таянды Қодар құл тобасына.
Сұғып-сұғып алады пышақпенен,
Тартып тұрып құдықтың жағасына.
—Ақырын тарт, үзесің мойынымды,
шығысыммен аша гөр қойыныңды.
Жаным шығып барады, жаным бике,
Қырға шыға қыл сана ойынынды.
1140
1150
1160
48
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
—Ойнайды екен бедірек меніменен,
Ойнатқанша, Тәңірі алсын сеніменен.
Мұндай қылық, ай, саған болар ма еді,
Көтің қысып, тек жүрсең жөніңменен.
Қодар енді құдықтан су алады,
«Аламын» деп шыңырауға шомылады.
—Алған байың өліпті, бейбақ Баян,
Енді сені мен алмай, кім алады?
—Аламын деп жүр ме едің ойыңда, құл?!
Ойнар едің Баянның тойында, құл.
О дүниеге барғанда, еркекпісің,
Екі жастың обалы мойныңда, құл.
шығамын деп аяғы тая берді,
«Тарт сана» деп құшағын жая берді.
Тартып тұрып құдықтың жағасына,
шашын кесіп, шыңырауға қоя берді.
Қодар құлдың ажалы жетті дейді,
Биде пышақ өкпеден өтті дейді.
шашын кесіп, құдыққа қоя берсе,
шыңыраудың түбіне кетті дейді.
—Ай-һай, Баян, сен маған былай қылдың,
Мені тентек, жігіттер, Құдай қылды.
Онда өліп, байыңнан онда айрылдың,
Мұнда тірі байыңнан тағы айрылдың.
—Құл да мұндай болар ма, сірә, ғана,
Ажал айдап жүр екен сені ғана.
Жарықтығымды өлтіріп бедірек құл,
Алатұғын неме екен мені ғана.
Енді өмірдің тілеймін көбірегін,
Өзімнен гөрі ақылыңның кемірегін.
Жарым өшін алғанмын мен де өлтіріп,
Сонымен жатып тұр, бедірегім.
1170
1180
1190
48
49
КӨРПЕш ҺӘМ БАЯН СұлУ
Қодар өліп құдықта қалды дейді,
Баян жарының қасына барды дейді.
Баян жарының қасына барып тұрып,
Басын барып мойнына салды дейді.
Қырық күн жауын жауыпты бір жел тұрып,
Баян келді құдықтан құлды өлтіріп.
Қодар құлды өлтіріп келгеннен соң,
Алған жарын жоқтайды енді отырып.
Жоқтағанда не дейді енді Баян,
Салғанына Алланың көнді Баян.
Кішкентайдан бірге өскен қалқатайын,
Өлсе, жоқтап басына келді Баян,
—Жатырмысың, ей, жарым, жер бауырлап,
Қарға жүнді қамыс оқ, оны ауырлап.
Құдай қосқан қосағың Баян келді,
Түрегелсең не етеді күліп-ойнап!
Кішкенеден атадан жетім едің,
Тілін алмай жұртыңның кетіп едің.
«Сан кісіге бір өзім» деуші едің ғой,
Есіктегі Қодардан не етіп өлдің?
Байғұс, сені қалыпты қара басып,
Қодар келді ісіңе араласып.
Жасағаным-Құдайым жан беріп те,
Құшақтасар күн бар ма қойындасып?!
Жатырмысың, ей, жарым жалғыз оққа,
Жауырыныңнан күн өтті, жаның жоқ па?!
Әзер инміш болса да, қайғырмаңыз,
Інісі жоқ соңында жалғыз жоққа.
Кішкенеден атадан қалдың жетім,
Жалғыз жатып сарғайды ақша бетім.
Құдай мұндай көзіме көрсеткен соң,
Сірә, түбі бір енді оңар бетім.
4-0137
1200
1210
1220
50
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Құлда қисық болар ма мұнан асқан,
Қылтақ жарым қан тартып, қара басқан.
Көрсетпесі бар екен өтер бетін,
О бастан азған қақбас неге қосқан?!
Азған қақбас о бастан қоспасашы,
Қосқаннан соң мұнша үркіп қашпасашы.
Кімнің құлын аядың, жазған байғұс,
Баяғыда қырып-ақ тастасаңшы.
Алтын-ды ер, ақбоз ат міне алмадым,
Мен бүйтерін Қодардың біле алмадым.
Өзің қосқан жарыңды алдың Тәңір,
Бір армансыз ойнап күле алмадым.
Сол амалынан құтылып қаша алмадым,
Қара басып, ұйқыңды аша алмадың.
Өзің қосқан жарыңды алды-ау Тәңір,
Ойнап-күліп мауқыңды баса алмадың.
Сені есітсе, жұртыңыз жылар ма екен,
Қозыкүрең кебіндеп тұлдар ма екен?
Жасатқаным-Құдайым жан беріп те,
Тағы дағы тірілер күн бар ма екен.
Бұлай Баян ойлады ойды дейді,
Басын оңға қаратып қойды дейді.
Құдайынан сол жерде жан тілепті,
Астындағы Ақбоз атты сойды дейді.
Жүреді екен сол Баян сәна қылып,
Құдай қойған көңілін ала қылып.
Алған жары өлген соң жазған Баян,
Үш уақытта жылайды нала болып.
Қозыекеме тұлдайды қара көкті,
Әулиеге сиынып, көп түнепті.
Астындағы Ақбоз атты айтып сойып,
Құдайынан сол жерде жан тілепті.
1230
1240
1250
50
51
КӨРПЕш ҺӘМ БАЯН СұлУ
Барад дейді Баянның дәурені өтіп,
Құдай қойды байғұсты әуре етіп.
Тізесінен басына қан жүгіртіп,
Бабай Түкті шашты Әзіз келді жетіп.
Ақ шалмалы біреу жүр аты ақсаған,
—Қалай адам далада зар қақсаған?
Тілегіңді тілеші, жаным балам,
Бір-ақ тілеу беремін енді саған!
—Нала қылса, Құдайдан елші келер,
Таяғы бар қолында аса темір.
Іште жатып қосылған жарым еді,
Енді осыған тілегін жеті ай өмір.
—Салғанына Алланың көндің,—дейді,
Дауысыңа шыдамай, келдім—дейді.
Тілегенің ол болса, жаным бәндем,
Ал, жеті ай өмір саған бердім,—дейді.
Жер дүниенің бәрі де күңіреніпті,
Мұндай ақыр заманды кім көріпті?!
Ерте кеткен, жігіттер, Қозыекеме,
Бабай Түкті шашты Әзіз жан беріпті!
Жасағанның қылығы күшті дейді,
Сырлы аяққа бал құйып ішті дейді.
Үш күндей ойнасып жарыменен,
Баяғыдай қалпына түсті дейді.
Мінді дейді Қозыекем Көксеректі,
Мекен қылды сол жерде шоқтеректі.
Жеті ай түгел қыдырып Қозы Көрпеш,
Кезді дейді шарық ұрып төңіректі.
Өз жұртынан Қозыекем безді дейді,
Дүниеден күдерін үзді дейді.
Жеті ай түгел қыдырып Қозы Көрпеш,
Дүниенің төрт бұрышын кезді дейді.
1260
1270
1280
1290
52
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Ердің жасы—екі отыз болды дейді,
Салғанына Алланың көнді дейді.
Жеті ай түгел қыдырып Қозы Көрпеш,
Төрт бұрышынан дүниенің келді дейді.
—Кесір қылдың, Құдайым, жасқа мына,
Жақын отыр бері маған, қашықтама.
Еңсем түсіп барады, Алла, менің,
Жастық қойшы, Баянжан, басқа мына.
шартарапқа қыдырып келді дейді,
«Бармаған жер қалды ма енді» дейді.
шоқтеректің түбінде күні бітіп,
Қозы Көрпеш со жерде өлді дейді.
—Қалған жаным не болар мұнан аяп,
Ақша бетін салыпты қанға бояп.
Құшақтасып сол жерде жата қалды,
Биде пышақ ұшына ішін таяп.
Қозы Көрпеш сол жерде өлді дейді,
Үш жылдан соң бір адам көрді дейді.
Үш жылдан соң бір адам көріп,
Екі айырып екеуін көмді дейді.
Қалған екен Қозыекем сағынысып,
Бір ойнайды жарымен табылысып.
Ақ жұмыртқа болысып, жерден шығып,
Жер жүзінде ойнайды шағылысып.
Ата-анасы Баянды қарамайды,
«Балам қайда кетті?» деп сұрамайды.
Ақ жұмыртқа болысып жерде ойнаса,
Жалғыз болып Қодар кұл аралайды.
Әр ісіне Құдайдың әркім көнер,
Үш жылдан соң бір адам барып көрер.
Үш жылдан соң бір адам барып көріп,
Екі айырып екеуін тағы көмер.
1300
1310
1320
52
53
КӨРПЕш ҺӘМ БАЯН СұлУ
Қарашық алды қара су түбі бөккен,
Қозыекемнің түбіне Қодар жеткен.
Екі айырып екеуін көмген екен,
Екі жерден бәйтерек болып біткен.
Қозыекем мен Қодар құл атысыпты,
Жана барып жарымен жатысыпты.
Екі жерден бәйтерек болып бітіп,
Басы барып аспаннан шатысыпты.
Мініп келді Қозыекем қарасына,
Дәрі құяр сол Баян жарасына.
Қозыекемді өлтірген сол Қодар құл
Тікен болып бітіпті арасына.
Құл өлтірген ханды да жай қылыпты,
Оны өлтірген кұлды да жай қылыпты.
Қозыекемді өлді деп есіткен соң,
Сонда жүріп сол Айғыз кайғырыпты.
Қозы Көрпеш—бір байдың жалғызы еміс,
Баян Сұлу сіңлісі—Айғыз еміс.
Қозыеке өлсе, қайғырған Айғыз сұлу—
Қозыекемнің туысқан балдызы еміс.
Алпыс кұлдың Қодар құл басы еді дейді,
Қозыекеммен өштескен қасы еді дейді.
Қозыекемді өлді деп есіткен соң,
Тамағынан Айғыздың асы өтпейді.
Ақ шалмалы айтады пірің-ді деп,
Құл көрінсе, жарайын біріңді деп.
Айғыз сонда қайғырып жүргенінде,
Қозыекемді есітті тірілді деп.
Бір қылмысты айта-дүр мен едім деп,
Тәңір салса, әрнеге көнемін деп.
Жүгіре шығып сол Айғыз кетті дейді,
«Жездем менің тірілсе, көремін» деп.
1330
1340
1350
54
ҒАшыҚТыҚ ЖыРлАР
Қозы Көрпештің өлгенін көп естіді,
Тәңір ұрмаса, сол Айғыз неге естіді?
Айғыз жолда жете алмай бара жатса,
Қозыекемді тағы өлді деп естіді.
Қозыекемді өлтірді құл қас болып,
Алпыс кұлға Қодар құл сол бас болып.
Қозыекемді өлді деп есіткен соң,
Тұра қалды сол жерде сын тас болып.
Қозы Көрпеш—Баянның болған шағы,
Таза гүлдей ашылып солған шағы.
Қозы Көрпеш өлгенде, Баян да өлген,
Сондай болсын әркімнің алған шағы.
Қозы Көрпеш атанды мөлдір көзге,
Қосылады әр жерде айтқан сөзге.
Өлсе дағы Қозыекем, арманы жоқ,
1370 Төрт болып та бітіпті Аягөзге.
Жан біткенді жалмаған қара жерсің,
Өзің туған, Қозыекем, сен бір ерсің!
Жебеп-желеп жүре көр, есіңе алып,
Ақыр соңы Қозыекем тие берсін!
1360
1374
Орманбеттің аттанған он сан ноғай,
Біреуінің ақылы он сан қолдай.
Мұз тауына екі хан келді көшіп,
Ертістегі орысқа бодан болмай.
Орманбеттің аттанған он сан ноғай,
Біреуінің ақылы он сан қолдай. Достарыңызбен бөлісу: |