Мұра меМлекеттік бАғдАрламасын іске Асыру ЖӨніндеГі ҚоғАМдыҚ кеңестің ҚұрАМы бАбАлАр сӨзі жүз томдық Ғашықтық жырлар 54 том



Pdf көрінісі
бет4/22
Дата21.01.2017
өлшемі2,15 Mb.
#2365
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Қара хан, Сары хандай бай өтіпті, 

Екеуі заманында болып орай.

Орманбеттің аттанған он сан ноғай,

Біреуінің ақылы он сан қолдай. 

Күміс мылтық мойнында аңға жүріп, 

Екі хан қызық көрді талай-талай.

Орманбеттің аттанған он сан ноғай, 

Ертіске қала салды манат ноғай. 

Ер Қозыкем өтіпті егіз жұбай, 

Біліп айтқан кісіге жайы солай.

Мұз тауына келді де, қоныс алды, 

Байлығы шыққан адам талай жанға. 

«Бұғы марал мен тосып атайын» деп, 

Сары хан буыршын мініп аңға барды.

Сары хан буыршын мініп аңға барды, 

Топта қамшы бастырмас жануарды. 

Күміс мылтық мойнына салды дағы, 

Тойтөбені бет қойып соған барды.

Қозы Көрпеш

(В. Радлов нұсқасы)

10

20



56

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Тойтөбенің басына шығып тұрды, 

Болжады төңіректе талай жерді. 

Көз үшіне алыстан қара көрініп, 

Буыршынменен бұлдырап соған барды.

Сол қараның қасына келіп тұрды, 

Сол жерде Қарабайды таныды енді. 

«Бұғы, марал біз тосып аталық» деп, 

Тойтөбені бет қойып жарысты енді.

Сары хан, Қара хан аңға шықты, 

Екеуі «аталы» деп даңқы шықты. 

Тойтөбенің басына шығып тұрса, 

Алдынан буаз марал аң қашыпты.

Сары хан бір талайдан шүмденді, 

Жасынан мергендігі түсінді енді. 

—Қара хан, жасың да үлкен, жолың да үлкен, 

Бұ маралды сіз ат,—деп ұсынды енді.

Қара хан аттан қарғып түсе қалды, 

Кідірмей күміс мылтық бетіне алды. 

«Буаз марал атпаймын, обал-ды»,—деп, 

«Үйде зайып күмәнді» деп көңіліне алды.

Қарахан Сары ханмен тең аттанды, 

Оғын салып, Қара хан неге атпады?

 «Буаз марал атпаймын, обал-ды» деп, 

«Үйде зайып күмәнді» деп атпады.

Аттан қарғып Сары хан түсе қалды, 

Кідірмей күміс мылтық бетіне алды. 

Қарыны жерге сызған буаз марал, 

Сол маралды байқамай басып салды.

Аттан қарғып Сары хан түсе қалды,

Кідірмей күміс мылтық бетіне алды.

шек-қарыны шұбатылып жерге түсіп,

Екі бұзау аңырап жетім қалды.

30

40

50



56

57

ҚОЗы  КӨРПЕш



Аңға шықты екі хан теңдей болып, 

Атып шықты Сары хан ердей болып. 

Екі бұзау аңырады жетім қалып, 

Бейне «Балаң аңырасын мендей болып».

Сарыбай хан екен табында енді, 

Бәйгеден жүріп келер бабында енді. 

Ақ сары бас Аллаға қойын айтып, 

Мойнына кісесін сап жалынды енді.

Ақ киікті бастаған деген екен, 

Деген атып еттерін жеген екен. 

Со заман қалыбы орай адам, 

«Құда болсақ қайтеді?» деген екен.

Ақ киікті бастаған деген екен, 

Деген атып еттерін жеген екен. 

«Сенен ұл да, менен қыз туғанда, 

Құда болсақ, болалық» деген екен.

Ақ киікті бастаған деген екен, 

Деген атып еттерін жеген екен. 

«Екеумізден тең ұл туса да, 

Құшақтасып дос болсын» деген екен.

Қара хан мен Сары хан аттанды аңға, 

Аталы екеуі шықты даңға. 

Бірінен ұл, бірінен қыз туыпты, 

Құдай Тағала салыпты жолын оңға.

Ак киіктің суаты қақ-ты дейді, 

Қылған ісі Аллаға жақты дейді. 

«Сары ханның қатыны ұл тапты» деп, 

Екі кісі жарыса шапты дейді.

Екі мерген келеді су өрлесіп, 

Күн суығын білмейді көңілі өсіп. 

шүйіншілеп екі адам келсе жетіп, 

Сары хан дімсе шапан берді шешіп.

60

70

80



58

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Екі мерген келеді су өрлесіп, 

Күн суығын білмейді көңілі өсіп. 

«Екеуін тең разы қылайын» деп, 

Тағы берді астынан атын түсіп.

—Екеуің шүйіншілеп келдің,—дейді,

Құдай-ай, бір қуанышты көрдім,—дейді. 

Мұныменен қоймаймын екеуіңді, 

Үйден барып берермін жүз елгейді.

Ақ киіктің суаты қақ-ты дейді, 

Қылған ісі Аллаға жақты дейді. 

«Қара ханның қатыны қыз тапты» деп, 

Екі кісі жарыса шапты дейді.

Екі мерген келеді су өрлесіп, 

Күн суығын білмейді көңілі өсіп. 

шүйіншілеп екі адам келсе жетіп, 

Қарабай қамқа тонын берді шешіп.

Екі мерген келеді су өрлесіп,

Күн суығын білмейді көңілі өсіп. 

«Екеуін тең разы қылайын» деп, 

Қарабай тағы берді атын түсіп.

—Екеуің шүйіншілеп келдің,—дейді, 

Құдай-ай, бір қуанышты көрдім,—дейді. 

Мұныменен қоймаймын екеуіңді, 

Мен де үйден берермін жүз елгейді.

Сарыбай үйге қарай желді дейді, 

Екі адам шүйіншілеп келді дейді. 

шүйіншіге ат берген жалғызының

Игілігін көрмей-ақ өлді дейді.

Сарыбай үйге қарай желді келіп, 

Ат берді шүйіншіге ойнап-күліп. 

шүйіншіге ат берген жалғызының 

Игілігін көрмей-ақ қалды өліп.

90

100


110

58

59

ҚОЗы  КӨРПЕш



Біреуі басын сүйеп сонда қалды, 

Біреуі ойбай салып үйге салды. 

«Сары хан өлді» деп барғаннан соң, 

Жас босанған бейшара бейрет болды.

Қожалар ала қағаз хат оқиды,

Өлім шыққан үйлерге жат оқиды. 

Тоқсан саба толтырып сол Қара хан, 

Сары ханның үйіне бата оқиды.

Құл-қотан құры сөзге семіреді, 

Жаман қатын, жас бала не біледі? 

Атадан жаста қалған ер Қозыкем 

Ит тістеген сүйекті кеміреді.

Қарабай сонда кетті жұртын қиып, 

Әбден беклеп, көңілін тастай түйіп. 

«Қызымды жетім ұлға бермеймін» деп, 

Мұзтауынан көше қашты түнде өтіп.

Билер қоныс алады салқынменен, 

Қара сауыр іи болар талқыменен. 

«Қызымды жетім ұлға бермеймін» деп, 

Қарабай көше қашты халқыменен.

Қарабай жылқы айдайды көш соңынан, 

Тоқсан құлы келеді көшін жөндеп. 

«Заманым әлде қандай болады» деп, 

Кезең асты түйесін қос құйысқандап.

Бұдан бұрын жүгірер бабыменен,

Жезді айбалта жоғалтты сабыменен. 

«Жесірі жетім ұлдың кете ме» деп, 

Тайлақ би кеңес қылды табыменен.

Қасы сұлу көрінер мұртыменен, 

Аққу ойнар балапан көліменен.

«Жесірі жетім ұлдың кете ме» деп, 

Тайлақ би кеңес қылды еліменен.

120

130


140

150


60

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Кісі сұлу көрінер беліменен, 

Аққу ойнар балапан көліменен. 

«Жесірі жетім ұлдың кете ме» деп, 

Тайлақ би кеңес қылды жұртыменен.

Қарабай сол көшкеннен әрмән өтті, 

шыршық пенен Бассудан көктей өтті. 

Әзіреттің тауынан аса көшіп, 

шолаққорған, Қаракөл жерге жетті.

Қарабай сол көшкеннен әрмән өтті,

шыршық пенен Бассудан көктей өтті.

«Жетім ұлдың жесірі кете ме» деп,

Тайлақ би, он бір кісі соңынан қуып жетті.

Қарабай тіпті кетіп қалмақ болды,

Бойын сол жерден аулаққа салмақ болды.

Артынан Тайлақ би, он бір кісі

Кезігіп, өзін байлап, ат-тонын алмақ болды.

Қарабай тіпті кетіп қалмақ болды, 

Бойын сол жер аулаққа салмақ болды.

Елдің бәрі жау болып кетпейміз деп, 

Тағы да жарым кісі қалмақ болды.

Қарабай сол көшкеннен әрмән кетті, 

Арман құлға сөйлеспей елден не өтті? 

Құба белдің үстіне бір күн түнеп,

Құлын-тай сары жонда шөлдеп өлді.

Қарабай со көшкеннен құмға келді, 

Түйенің қомын алмай, шуға келді. 

Бетпақтың даласына келгеннен соң, 

Су таппай құлын-тайы шөлден өлді.

—Құлын-тайым қырылды тамам, Қодар, 

Бір су тауып берсеңші маған, Қодар.

Осы жерден бір суды тауып берсең, 

Ақ Баянды берермін саған, Қодар.

160

170


180

60

61

ҚОЗы  КӨРПЕш



Қодар құлдың мінгені—күрең азбан, 

Аяғын ақсай басып қоразданған. 

Қарабайдың бір айтқан сөзіменен 

Тоғыз құдық Қодар құл жалғыз қазған.

Қарабай со көшкеннен әрмән өтті, 

Арман құлға сөйлеспей, елден не өтті. 

Со көшкеннен түйенің қомын алмай, 

ұзынбұлақта жатқан жерге жетті.

Қарабай со көшкеннен әрмән өтті, 

Арман құлға сөйлеспей елден не етті.

«Мұның барған жерін көрейін» деп, 

Сонда Айбас құл артынан еріп кетті.

Қарабай сол көшкеннен тағы салды, 

Қодар құлдың, ойласам, жоқ арманы. 

Со көшкеннен түйенің қомын алмай, 

Абылайдың Көкшетау соған барды.

шаңырақты көтерген қалам дейді, 

Адамзатқа бұйырған сәлем дейді. 

—Қодаржан, жақсы қоныс тауып берсең, 

Ақ Баянды берермін саған,—дейді.

Қодар құл сол заманда жанның ері, 

Тоқсан құлдың ішінде көкжал бөрі. 

«Жақсы қоныс, Қарабай, мен табайын, 

Алты құлаш бедеуді әпкел бері!».

Қодар құл сол бедеуге мініп алды, 

Екі месті байланып суға барды.

Қодар құл сол бедеуге мінгеннен,

Бұлдыр қағып кідірмей Құсмұрынға барды.

Кідірмей Құсмүрынға жетіп барды, 

Үйде жатқан Баянды көңіліне алды. 

Құсмұрыннан болжайды Аягөзді, 

Ағып жатқан Аягөз суға барды.

190

200


210

62

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Ағып жатқан Аягөз суға барды, 

Екі месті толтырып құйып алды. 

Аягөзден бедеуді бір қаптырып, 

Екі месті байланып қайта салды.

—Қарабай, суды тауып келдім,—дейді,

Сондай жақсы қонысты көрдім,—дейді. 

Бедеу тартып месімді жүре алмай, 

Азап көріп далада өлдім,—дейді.

Қайыспас қара болат емен-ді енді,

Қарабай кетіп қалды төменге енді.

Күн бұрыннан түйесін қомдап алып, 

Аягөзді бет қойып жөнелді енді.

Қарабай Аягөзге келді жетіп, 

Жетіп, түйенің қомын алды шешіп.

Аягөзде жақсы қоныс тапқаннан соң, 

Қалмақтан кісі шүйіншілеп келді жетіп.

Манап ханның шүйіншісі келді дейді, 

«Баян сұлуды балама берсін» дейді. 

«Бұ Баян билегенін білмеймін,—деп,—

Қодар білсін»,—Қарабай депті дейді. 

Манап ханның шүйіншісі келді дейді, 

«Баян сұлуды балама берсін» дейді. 

Қодар құлдың күші көп болғаннан соң, 

—Өлсем де Ақ Баянды бермеймін,—дейді.

Манаптың уәзірі қайтып барды, 

Қарабайдың ақылын тартып барды. 

«Қодар деген бір құлы бермейді» деп, 

Со жауапты Манапқа айтып барды.

—Ерулікке шақырдым, келсін,—дейді, 

Менің қызығымды көрсін,—дейді. 

Қодарға бұ сәлемімді айта бар,—деп, 

Баянды ұлыма берсін,—дейді. 

220

230


240

62

63

ҚОЗы  КӨРПЕш



Менің қызығымды Қодар көрсін,—дейді,

Баянды менің ұлыма берсін,—дейді. 

Менің тағы жалғыз қызым бар еді ғой, 

Қодаржан сол қызымды алсын,—дейді.

«шақырған соң Манапқа барайын да, 

Ерулікке қызығын көрейін де. 

Хан жарлығы тегін де болмайды, 

Амалым жоқ, Баянды берейін де».

«шақырған соң Манапқа барайын да, 

Ерулікке қызығын көрейін де. 

Көреріме келбеті тәуір болса, 

Манаптың жалғыз қызын алайын да».

шақырған ерулікке, соған, жүрді,

Үйінде еркек адам қалмай жүрді.

Жер аулақта Баянға сөйлескелі,

Айбас құл үй жағына қайта жүрді.

Айбас құл үйге қарай жүріп келді, 

Жақсы сөздің боларын біліп келді. 

Үй аулақта Баянға сөйлескелі 

Баянның күймесіне кіріп келді.

—Сен, жаман құл, күймеме неге кірдің? 

Алыс жерден жауаптан нені білдің? 

Жаман құлдар, білмейсің кетерімді, 

Қарабайдың көп құлы сенен өлді.

—Е, Баянжан, сөз айтамын, аңда,—дейді,

Кей мінезің өзіңнің тар ма?—дейді. 

Сені Манаптың жалғыз ұлына бермек болды, 

Атастырған жеріңіз бар ма?—дейді.

—Әкеміз жас күнінде мерген екен, 

Талай аңды атып-ақ жүрген екен. 

Аңда жүріп бір ханмен жолдас болып,

Соның жалғыз ұлына берген екен.

250

260


270

64

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

—Қозыкемнің Баяны сен едің-ай, 

Сарыбайдың інісі мен едім-ай.

Өзіңнен таза жауап есіткелі

Елден еріп соңынан жүр едім-ай.

—Е, икім, бұ тіліңе сенейін-ай!

Икемге бұрынғымнан көнейін-ай. 

Апарып Қозыкеме табыс қылсаң, 

Қолымнан алтын жүзік берейін-ай.

—Е, Баянжан, бұ жауапты айтайын,—деп, 

Сенің де ақылынды тартайын—деп. 

Аузыңнан таза жауап есіткен соң, 

Мен жүрмін үйіме қайтайын,—деп.

—А, икім, бұ тіліңе сенейін де-ай, 

Икемге бұрынғымнан көнейін де-ай.

Қозыкеме апарып табыс қылсаң, 

Алтын-ды тақиямды берейін де-ай.

Е, икім, бұ тіліңе сенейін де-ай, 

Икемге бұрынғымнан көнейін де-ай.

Өз көзімдей Қозыкем көрсін-ай деп, 

Алтын-ды домбырамды берейін де-ай.

Айбасқа сол сәлемінен бәрін берді, 

Азығы таусылмастай салып берді. 

Жүйрік, жақсы аттарға мініп алды, 

Асыл, жақсы киімнен алып берді.

Асыл, жақсы киімнен алыпты енді, 

Жүйрік, жақсы аттарды мінді енді. 

Бір ысты, бір Телеуді қосшы қылып, 

Айбас құл үй аулақтан жөнелді енді.

Айбас құл сол салғаннан тағы салған, 

Бір ысты, бір Телеуді жолдас қылған. 

Қол қобдиы жанынан түсіп қалып,

Мынау «Сандықтас» дейтін жер сонан қалған.

280

290


300

310


64

65

ҚОЗы  КӨРПЕш



Айбас қашты бес торы ат бедеуменен, 

Бір ысты жолдас қылды Телеуменен. 

«Заманым әлде қандай болады?» деп, 

Бір қысқаш, бір балға алды егеуменен.

Айбас құл сол салғаннан тағы салған, 

Бір ысты, бір Телеуді жолдас қылған. 

Қос атқа алған бедеуі тұрып қалып, 

«Жауыр тауы» дейтұғын сонан қалған.

Айбас құл сол салғаннан тағы салған, 

Бір ысты, бір Телеуді жолдас қылған. 

Қол бақыры қабымен қалып қойып, 

«Темірші мен Қазанқап» сонан қалған.

Айбас құл сол салғаннан тағы салған, 

Бір ысты, бір Телеуді жолдас қылған. 

Жорға құнан бір жерде тұрып қалып, 

«Жауыр жорға» дейтұғын сонан қалған.

Айбас құл сол салғаннан тағы салған, 

Бір ысты, бір Телеуді жолдас қылған. 

Арықтаған бір айғыр тағы қалып, 

«шұбарайғыр» дейтұғын содан қалған.

Айбас құл сол салғаннан тағы салған, 

Бір ысты, бір Телеуді жолдас кылған. 

Ағып жатқан суға домбыра кетіп, 

«Домбыра кеткен» дейтұғын сонан қалған.

Айбас құл сол салғаннан тағы салған, 

Бір ысты, [бір] Телеуді жолдас қылған. 

Бір ұйықтаған жерінде тақия қалып, 

«Тақия қалған Моншақтау» сонан қалған.

Айбас құл сол салғаннан тағы салған, 

Бір ысты, бір Телеуді жолдас қылған.

Көк жамшысы артынан түсіп қалып, 

«Жамшы» деген өзен су сонан қалған.

5-0137

320


330

340


66

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Айбас құл сол салғаннан тағы салған, 

Бір ысты, бір Телеуді жолдас қылған. 

Тоқырауын бойында үш күн жатып,

«Тоқырауын» бойы да сонан қалған.

Айбас құл сол салғаннан тағы салған,

Он күншілік жерлерді бір күнде алған.

Сол салғаннан келеді тізгін тартпай, 

Мұз тауындағы өзінің үйіне барған.

Ойпаң жерге қар жауса, белден күртік, 

Торы ат жорта алмады майдан кілкіп. 

Мұз тауында Айбас құл үйге барса, 

Сонда Жаңыл шығады бетін жыртып.

—Жеңеше, Құдай сақтап келдім аман, 

Бұрынғыдай болар ма бізге заман. 

Біз кеткелі талай-ақ күн боп кетті, 

Аман-есен жүр ме екен жалғыз балаң?

Күнінде санаймын шырағыма, 

Меккедегі бір ағаш пырағыма.

Оны естісе, бұл жалғыз тұрмас мында, 

Суық сөзді түсірме құлағына.

Қозыкем жүз баламен ойын салды, 

ысты мен Телеуді ертіп алды. 

Келді де жүз баламен ойын салды, 

Жүзінің қақ жартысын жығып салды.

Жүзінің қақ жартысын жығып салды, 

ысты ағасы Қозыкеме болыспай тұрып қалды.

«Маған неге болыспай тұрдың сен?» деп, 

Қозыкем ысты ағасын қаға салды.

—Қу жетім, бұ қылығың жөн бе еді,—деп,—

Сенен менің көңілім кем бе еді,—деп. 

Қарап тұрған кісіні ұрып тұрып,

Ақ Баяннан айырған мен бе едім,—деп.

350

360


370

66

67

ҚОЗы  КӨРПЕш



Қозыкемнің қолында алтын асық, 

Келе жатыр Қозыке балпаң басып.

—Алтын сақам берейін, ой, тазшеке, 

Айтып бер әлгіңді хатқа басып.

 

—Жатқанынан тұрғаның қояндай, 



Көкірекке бұл сөзің аяндай.

Сен сұрасаң, Қозыкем, мен айтайын, 

Әкең қосып кеткен Баянды-ай.

Қозыкем ойын ойнар дүкен құрып, 

Ашуланса, кетеді топты бұзып. 

Алтын сақа келеді тастай-тастай, 

Бір кемпірдің өрмегін кеткен үзіп.

—Қу жетім, бұл қылығың жөн бе еді,—деп, 

Сенен менің көңілім кем бе еді,—деп. 

Қарап тұрған өрмегім үзіп кетіп,

Ақ Баянды айырған мен бе едім,—деп.

Со кемпірдің қасына жақын келді, 

Өрмегін келді дағы жалғап берді. 

Алдап-сулап арқаға қаққан болып,

—Енеке, әлгінді айтшы,—деді.

—Бұл бала меніменен ерегіскен, 

Өзі жетім бір сорлы күнін кешкен. 

Қарабай Мұз тауынан асып кеткен, 

Қодар деген бір кұлы еріп кеткен.

Он сан ноғай болғандай Орманбет ол, 

Ордың қара ағашы болғанда бөктерлер ол. 

«Қызымды жетім ұлға бермеймін!» деп, 

Қарабай көше қашып кеткені ол.

—Қаңқылдап қаз келеді атайын да, 

Бидай қуыр қолыңнан татайын да. 

Атым сайла, шешеке, тоным сайла,

Әкем қосқан Баянға жетейін де.

380


390

400


68

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

—Қалыңың қар ағашын қарайтады, 

Баянның қара шашын талайтады. 

«Баян» деген сөзіңді жаңа есіттім, 

Жағы түскір жүгірмек, кім айтады?

—Бұ сөзді жас айтады, кәрі айтады, 

Қимылдаған жандардың бәрі айтады. 

Асық ойнап жүргенде бала айтады, 

Өрмек қаққан бір кемпір тағы айтады.

—Жаңа шыққан солқылдак тал ма, балам, 

Тілімді алсаң, бұл жолға барма, балам. 

Жетім ұлды тентіреп өлсін,—дейді,

Кемпір түгіл шал айтса, нанба, балам.

—Мен Баянға барамын күн қайтқанда, 

Мұнда қайтып келермін жыл қайтқанда. 

шешеке, өзге-өзгесін не қылайын, 

Сай сүйегің сырқырар кісі айтқанда.

—Қара бұлт келеді маңдай болып,

Кескен қайың жатады жеңдей болып. 

Мұны саған сыр қылып айтқан кісі

Қара шашы жайылсын мендей болып.

Жас күнімде жүргемін жайға,—дейді, 

Нешік амал қылармын айла,—дейді. 

Ер жеткелі көзіме көрінбейді, 

шешеке, сенің малың қайда?—дейді.

Тоғыз мың дәурен өткен тоқсан қатар, 

Атаңнан жалқы тудың өзің татар. 

«Жаста қалған жалғызым ержетсін» деп, 

Біткен малдың бәрі де отта жатыр.

Темір кебіс Қозыкем киіп алды, 

Темір таяқ қолына ұстап алды. 

Екі етегін беліне түріп алып, 

Отта жатқан малына жаяу салды.

410

420


430

68

69

ҚОЗы  КӨРПЕш



Пайғамбар бізден бұрын өтті дейді, 

Тілеулі арыстан кемелге жетті дейді. 

Толып жатқан бір қойға келді дағы, 

«Бұ қойыңыз кімдікі?» депті дейді.

—Кім айтар «Жалшылықпен күн өтсін» деп, 

Жылаймыз: «Сарыбайға кім жетсін?» деп. 

Сарыбайдан Қозыкем қалып еді, 

Бағып жүрміз бұ қойды ер жетсін деп.

—Қойды баққан ағалар сен едің,—деп, 

Үйден шығып мен жаяу келемін,—деп. 

Ер жетсін деп, бұ қойды бағып жүрсең,

Жаста қалған жалғызың мен едім,—деп.

—Қарағым, жетім қалдың қандайыңнан, 

Өзің татар солқылдақ сондайыңнан.

Жаста қалған жалғызын таныған соң, 

Иіскелеп жылады маңдайынан.

Өзі жаяу Қозыкем келді мойып, 

Малын көріп, көңілі кетті тойып. 

Жаста қалған жалғызын таныған соң, 

Қойшылары той қылды қошқар сойып.

—Өлеңнің ақиқаты жар-ай,—дейді, 

Сегіз ұжмақ бейісін сарай,—деді. 

Үйден шығып келемін әлі,—деді, 

Жылқы жөні, ағалар, қалай?—деді.

—Заман ақыр болғанда, күтіп жатыр,

Арғы ауылдың қоңыр жолы үйдей татыр. 

Жылқы жөнін, шырағым, сонан сұра, 

Қара сеңгір баурында сиыр жатыр.

Пайғамбар бізден бұрын өтті дейді, 

Әркім әлгі бір зауал жетті дейді.

Толып жатқан сиырға кез болды да, 

«Бұ сиырың кімдікі?» депті дейді.

440

450


460

470


70

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

—Кім айтар: «Жалшылықпен күн өтсін» деп, 

Жылаймыз: «Сарыбай ханға бір жетсін» деп.

Сарыханнан Қозыкем қалып еді,

Бағып жүрміз сиырды ер жетсін,—деп.

—Үйден шығып мен жаяу келемін,—деп, 

Сиыр баққан ағалар сен бе едің,—деп. 

Ер жетсін деп сиырды бағып жүрсең,

Жаста қалған Қозыкең мен едім,—деп.

—Қарағым, жетім қалдың қандайыңнан, 

Өзің татар солқылдақ сондайыңнан. 

Жаста қалған жалғызын таныған соң, 

Иіскелеп жылады маңдайынан.

Өзі жаяу Қозыкем келді мойып, 

Малын көріп, көңілі кетті тойып. 

Жаста қалған жалғызын таныған соң, 

Сиыршы да той қылды бұқа сойып.

—Бір жақсы, бір жамандық орай,—дейді,

Жастай бейнет көп көрдім талай,—дейді. 

Үйден шығып келемін әлі жаяу, 

Ағалар, жылқы жөні қалай?—дейді.

—Болғанда заман ақыр күтіп жатыр, 

Арғы ауылдың қоңыр жолым үйдей татыр.

Қарағым, жылқы жөнін сонан сұра, 

Сарысудың бойында түйең жатыр.

Пайғамбар бізден бұрын өтті дейді, 

Әркім елге бір зауал жетті дейді. 

Толып жатқан түйеге кез болды да, 

«Бұ түйеңіз кімдікі?» депті дейді.

—Кім айтар: «Жалшылықпен күн өтсін» деп, 

Жылаймыз: «Сарыбай ханға кім жетсін?» деп. 

Сары ханнан Қозыкем қалып еді,

Бағып жүрміз түйені ер жетсін,—деп.

480

490


500

70

71

ҚОЗы  КӨРПЕш



—Үйден шығып мен жаяу келемін,—деп, 

Түйе баққан ағалар сен едің,—деп. 

Ер жетсін деп түйені бағып жүрсең, 

Жаста қалған Қозыкем мен едім,—деп.

—Қарағым, жетім қалдың қандайыңнан, 

Өзің татар солқылдақ сондайыңнан.

Жаста қалған жалғызын таныған соң, 

Иіскелеп жылады маңдайынан.

Өзі жаяу Қозыкем келді мойып, 

Малын көріп, көңілі кетті тойып. 

Жаста қалған жалғызын таныған соң, 

Түйешілер той қылды бура сойып.

Өлеңнің ақиқаты жар-ай дейді, 

Сегіз ұжмақ бейісін сарай дейді. 

Үйден шығып келемін әлі жаяу,

Жылқы жөні, ағалар, қалай?—дейді.

шай пісер кайнағанда самасында, 

Жамандық кас пен көздің арасында.

Айырсақал ішінде бағып жүрген 

Жылқың жатыр ақ дария жағасында. 

Жылқысына Қозыкем келді дейді, 

Біткен малдың бәрін де көрді дейді.

Сан жылқының ішінен таңдап жүріп, 

Күреңкейді астына мінді дейді.

 

Жылқысына Қозыкем келді дейді, 



Біткен малдың бәрін де көрді дейді. 

Қырық биені әкпеліп тізіп алып, 

Үйге қарап сонан соң жүрді дейді.

Қырық бие әкпеліп кіргізді енді, 

Еліменен жұртына білгізді енді. 

«Ақыл тегін бәрінен сұрайын» деп, 

Бәрін де жосын-жосын кіргізді енді.

510


520

530


72

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

—Азығынды артарға түйе ал, балам, 

Азығыңа бір семіз бие ал, балам. 

Тілімді алсаң, осы жолға барма, балам, 

Қарабайдың Қодары қиял, балам.

Арқарды атар мерген мүйізіне, 

Найза сынар, шанышқанда, ұңғысында.

«Олардан ақыл тегін сұрайын» деп, 

Қыз-бозбала келіпті құрбысына.

—Өзен суды жағалап бітер қамыс, 

Аяғы жорға малдың келер шалыс. 

Жанды кісі жесірін жіберер ме? 

Ат басына соғыссаң, болар намыс.

—Атаңнан жалқы туған ер едің,—деп, 

Тең құрбыңның ішінде сері едің,—деп, 

Мен айтпасам, сырымды кім айтады, 

Қарақозы құрдасың мен едім,—деп.

Бұ Күреңкей мінуге жарамайды, 

Жаман ат алысқа бара алмайды. 

Қозыкем, жақсы ат таба алмасаң,

Баян сұлудың жолына бара алмайды.

Сарыбайдың жақсы аты екеу,—дейді, 

Ақбуыршын мен Көкбуыршын екеу,—дейді. 

Әкеңнің өзі өлгеннен соң, 

Аспанға ұшқан ол екеу,—дейді.

Мұз тауынан ар жағында барсаң,—дейді,

Жеті айшылық жерге келсең,—дейді. 

Алтын астау, күміс астау бар болар, 

Сол екі ат тауып барып алсаң,—дейді.

 

Қозыкем Мұз тауына барған екен, 



Екі буыршынды астауменен алған екен.

Екі буыршын ат мініп алып, 

шауып барып үйіне қайтқан екен.

540


550

560


72

73

ҚОЗы  КӨРПЕш



Қайыспас қара болат емен-ді енді, 

Қарабай кетіп қалды төмен дейді. 

Кеңшілік шешесі бермеген соң, 

ыңыршақ ерге мініп жөнелді енді.

Ер Қозыкем аттанды тәубе етіп, 

шешесі соның жылар «Есен жет» деп. 

Екі емшегін алдына тең шығаріп: 

—Тым болмаса, мынаны еме кет!—деп.

Қарағым, бұ барғаннан қош барғайсың, 

Етегін алтын тонның бос салғайсың.

Қыз қызығы, қарағым, қиын болар,

Үйде қалған шешеңді еске алғайсың.

—шешеке, бұ барғаннан қош барайын, 

Етегін алтын тонның бос салайын. 

Намысыма барамын жұртым үшін, 

Тірі жүрсем, шешеке, еске алайын!

«Аман да бол» дейді де, кетті дейді, 

Көз жеткісіз дариядан өтті дейді. 

Со жүргеннен келеді тізгін тартпай, 

Келіп-ақ талай жерге жетті дейді.

Қозыкем азығына май алады, 

Жүре берсе, көп жерге таянады. 

Алтын құдық алдында қайнап жатыр, 

Малып алса, айдары боялады.

Қарабай әуел бастан күйі күпті,

Ақбуыршын, Көкбуыршынмен мойығыпты.

Салқа жортып келген ер Қозыкем 

Тағы да бір кемпірге жолығыпты.

Кемпір айтты:—Е, балам, кірің,—дейді, 

Әзір ас бар, ішіңіз үйде,—дейді. 

Атың арық болғанда, жүзің сарық, 

Нағып жүрген адамсың, сөйле!—дейді.

570

580


590

74

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

—Мінгенде атым астында ақтанкермін, 

Далада жортып жүрген мен бір ермін. 

Мені сұрап не етесің, ай, енеке? 

Ауылын Қарабайдың іздеп жүрмін.

—Қалай-қалай сөйлейсің хан қылғандай, 

Қарабайдың ауылын тал қылғандай?! 

Түсе қалып, атыңның демін алдыр, 

Ауылы үлкен ханның табылғандай.

—Аягөздің бойына бітер қайың, 

Мұңды болған Баянды жұбатайын.

Түрегеліп аулының жөнін көрсет, 

Атымды біротала суытайын.

—Мінгенде астыңда атың кер-ді, балам, 

Киген тоны алтынмен зер-ді, балам.

Қарабайдың ауылын көп сұрайсың, 

Қарабай нең болады сенің, балам?

—Мінген атым астымда кер, енеке, 

Киген тоным алтын мен зер, енеке. 

Қарабайдың ауылын көп сұрасам,

Баян қыздың күйеуі—мен, енеке.

—Бір сөз айтсам балам-ay, күлермісің, 

Біздікінде аял қып жүрермісің.

Баян қыздың күйеуі сен болғанда, 

Кіндік енең мен едім, білермісің?

—Енеке, со сөзіңе күле алмадым, 

Аял қып сіздікіне жүре алмадым. 

Баян қыздың күйеуі мен болсам да, 

Кіндік енем сіз болсаң, біле алмадым.

Енекем, көрсет десем ерінеді, 

Түрегелсе бір жері кемір ме еді. 

Еркін көзім жетпеді, ей, енеке, 

Қарауытып бір нәрсе көрінеді.

600

610


620

630


74

75

ҚОЗы  КӨРПЕш



—Ерінеді дейді екен сенің ойың, 

Сәрсенбі күн қылады қыздың тойын.

Қарауытып көрінген—атаң бойы,

Қасындағы Қара адыр—жайған қойы. 

—Қарауытып көрінген Қарабай ма, 

Қарабайды көрсетер Тәңірі бар ма!

Қарабайдың аулына барған болсам, 

Баян деген бір сұлу қызы бар ма?

—Ата-тегін айтамын тең білгендей, 

Ақылымды айтамын жөн білгендей. 

Қарабайдың үйіне әуес едім,

Баян деген қызы бар мен білгендей.

Менің айтқан сөзімді қостап барсаң, 

Атың менен тоныңды тастап барсаң. 

Өзің тағы құбылып тазша болып, 

Бетіңе жаман киім ұстап барсаң.

Қозыкем айтты:—Разымын бұ сөзіңе, 

Тәуеп қылып жүре бер оң көзіме. 

Кекілімнен бір қылды тұтатқанда, 

Сонда пайда болармын мен өзіңе.

Қозыкем атын тастап жүре берді, 

Бейне қардай еседі қара жерді.

Салқа жортып келгенде ер Қозыкем, 

Қарабайдың малына душар келді.

Мінгені ер Қозыкем кер құла-ды,

Кер құланың сауырысын тер қылады.

Қарабайдың қойшысын ұстап алып,

Бұттан алып тазшасын жерге ұрады.

Со тазшаның киімін киіп алды, 

Сықылды со тазшадай бола қалды. 

Бұрын қойды жаймаған сорлы шіркін, 

Ауыл жөнін білмей сол кешке қалды.

640

650


660

76

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Қарабай келе жатыр жер сабалап,

Астындағы көк шолағын бек төбелеп. 

«Мұнша қойды сен түнде әпкелдің» деп, 

Ашуланып келеді бірдеме деп.

—Кебенектің бір шетінде ұйықтаппын, 

Күнге бүйтіп қарап ұйықтаппын.

«Адастың» деп, Қарабай, сөге көрме, 

Әлі де болса ауылыңа жуықтаппын. 

Азырақ аттың басын тарт, Қарабай,

шапшаңырақ үйіңе қайт, Қарабай.

Бүгінгі күн қарыным ашып келді,

Ат жалында жауларға ас, Қарабай! 

Ат мінесің, Қарабай, бек тағалап, 

Ақсақ қасқыр аулыңды жүр сағалап. 

Қу бас інген үйіңде шөгіп жатыр, 

Бозша тайлақ жүреді жар жағалап.

Судың көркі көк ырғай тал-ды дейді, 

Адам көркі киім мен мал-ды дейді. 

шапшаңырақ үйіңе қайт, Қарабай, 

Тоғайда қашағаның калды,—дейді.

—Бағана бесін еді мен кеткелі, 

Қабағыңа қарадым ер жеткелі.

«Ат жалында жауларға ас» дейді ғой, 

Ойбай, балам, тазшаның ол неткені?

—Үйіңе шапшаңырақ қайт,—дегені, 

Азырақ аттың басын тарт,—дегені. 

Ат жалында жаулауға ас деп айтса, 

Ат үстінен темекі тарт,—дегені.

Жаз алты ай, қыс алты ай—он екі айды айтқаны,

Бозша тайлақ дегені бізді айтқаны. 

Қу бас інген дегені шешемді айтқаны, 

Ақсақ қасқыр дегені—тазша дағы.

670

680


690

76

77

ҚОЗы  КӨРПЕш



Баянның зерделі қойы болған екен,

Ол қой Қозыкемді таныған екен.

«Бір аяғымды ақсап қала берейін» деп, 

Сен Баянды шақырып ал» деген екен.

Қарабай ерте тұрып қақырады, 

Баянның қара нары бақырады. 

«Жол үстінде зерделі қой қалды» деп, 

Қозыкем тазша болып шақырады.

Жайлауы Қарабайдың Сарыбелде, 

Қара жорға салдырып Баян келді. 

—Не еткесің сындырып, шұнақ тазша, 

Қойымды шапшаңырақ ап бер,—деді.

Қоңыр қойдың қасына Баян барды, 

Артынан ер Қозыкем тағы барды.

Қойын алып алдына өңгерткен боп,

Баянның тақымынан шымшып салды.

—Қоңыр қой ұстайды деп қашпа,—дейді, 

Тазша құл ұстаған соң саспа,—дейді. 

—Ит шіркін, жемес астан үміт қылып,

шымшығаның не еткенің, тазша?—дейді.

Қозыкем Көкбуыршынға мінді дейді, 

Жат ініне қызыл түлкі енді дейді.

—Итке кімді теңейсің, аңқау бейбақ? 

Әкең қосқан асық жар кім-ді?—дейді.

—Тазша құл, менің жарым сендей ме еді, 

Зәуде мұнда келсе өлмей ме еді? 

Менің жарым сол мында нағып келсін, 

Үйіндегі шешесін жемдейме еді!

—шешемнен білмедің бе кеткенімді? 

Дариядан көпір салып өткенімді. 

Айтып тұрсам, білмейсің, аңқау бейбақ, 

Артыңнан тазша болып жеткенімді.

700

710


720

78

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

—Көш алдынан мінгенім күрең жорға, 

Құлағына қыз тағар алтын сырға.

Сен тазшаның көңілің өскен екен, 

Басыңды алдырайын тоқсан құлға.

—Мінгенім көш алдына күрең жорға, 

Күнің де өтіп барады жылдан-жылға.

Мың бір әлем сөз айтсаң, бұрылмаймын, 

Енді бар да тие бер Қодар құлға.

Қозыкемнің мінгені ақтан кер-ді, 

Баян қыз көріп пе едің мендей ерді? 

Бір сөзінің ішінен кып алды да, 

Қырын қарап жөн тартып жүре берді.

Кеш болып Баянжан ұйықтап қалды, 

Ер Қозыкем күймесіне кіріп барды. 

Кіріп барып, жерде жатқаннан соң, 

Күймесі күндей болып жарық болды. 

 

Баянжан сол жарықтан оянды енді,



Түрегеліп, «Таң атты» деп ойланды енді. 

«Таң атты» деп тысқары шыққаннан соң,

Қап-қара түн болғанын көрді енді.

Таң атқан жоқ екенін көрді дейді, 

Қайтып барып күймесіне кірді дейді. 

Ер Қозыкем түнде сонда қонып, 

Алтын-ды айдары шығып жарық болды дейді.

—Сені мен танымадым, жалғызым-ай, 

Қадіріңді білмей жүрдім, шырағым-ай.

Басын құшақтап тізесіне салды дағы, 

Тазша болып неге келдің, шырағым-ай?!

—шешеке, бір қуанышты көрдім,—дейді, 

Ер Қозыкем үйімізге жетті,—дейді. 

Сіңілімменен күймеге кел жүгіріп,

шырағымның касында жаттым,—дейді.

730


740

750


78

79

ҚОЗы  КӨРПЕш



шешеке бір қуанышты көріп алды, 

Баян мен Қозыкемді көріп қалды. 

Сіңілісі мен шешеке қол ұстасып, 

Бесеуі сағынып бұ жерде отырып қалды.

—Мен, Қозыкемнің Баяны мен едім-ай, 

Сарыбайдың жалғыз ұлы сен едің-ай. 

Атам менен Сарыбай жолдас болып, 

Со жаңғыз ұлына мені бергені-ай.

Баян менен Қозыкем жатты екеуі, 

Белден төсек алтын шымылдық салды екеуі. 

Ішінде екеуі жатып ойнап-күліп, 

Алма, шекер жеп тұрды екеуі.

Баян менен Қозыкем жатты екеуі,

Белден төсек алтын шымылдық салды екеуі.

Түрегеліп ерте тамақ ішкен соң,

Көңілі сонша жақсы болды дейді.

Бір жерде жатқанын көрді Қодар, 

Көрді дағы жақсыларға айтты Қодар: 

—Баянжан тазшамен бір жатыр,—деп, 

Жиылған жақсыларға айтты Қодар.

Бір жерде жатқанын көрді дейді, 

Көрді дағы жақсыларға айтты дейді. 

Тазшамен жатқанын білгеннен соң, 

«Кім болса да, тазша келсін» дейді.

Қозыкем жатқан жерден тұрған екен, 

Алтын мен күміс тонын киген екен. 

Көкбуыршынды ерлеп алып соған мінді, 

Баянжанменен екеуі жүрген екен.

Алтын менен күміс тонын киді енді, 

Көкбуыршынды ерлеп алып мінді енді. 

Әдемілігі күн мен айдай болып, 

Алты қанат ақ үйге жетті енді.

760

770


780

790


80

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Үйге жетіп, Қозыкем аттан түсіпті, 

Есікті ашып Қозыкем үйге кіріпті. 

Алтын шымылдық жерге жайып отырғызып, 

«Іш, мырза» деп арақ пен шарап ұсыныпты.

Ер Қозыкем ішкеннен соң мас болған, 

Аяғы шалқып жығылайын деп анда тұрған. 

Тысқардан Баян жабығын ашып қарап, 

«Жүр, Қозыкем, шық енді» деп шақырған.

Баянжанның көзіне көзі түсіп, 

Көзіне түсіп желбауын тұрды басып. 

шаңырақтан қарғып шығып кетіпті, 

Баянменен екеуі атына жүрді мініп.

Қозыкем көп жерге кетіп қалды,

Арақ ішіп, мас болып өзге жұрт білмей қалды. 

Алты құлаш ала айғырға мінді Қодар, 

Артынан қуып бір жерде жетіп алды.

Қозы Көрпеш оқпенен салып қалып еді, ала айғырдың аузы-

нан тиіп, оқ артынан шықты, ала айғыр шөгіп жата қалды. Ала 

айғырдың төрт аяғын буып, Қодар мойнына салып, арқалап үйіне 

барды.  Қозыкем  Баянменен  аулақ  жерге  шығып  кетті.  «Бізді 

алып  үйіңе  қаш!»—деп  Баян  айтты.  «Алып  кетпеймін,—деп 

Қозыкем айтты.—Мен алсам, жұртты разы қылып аламын»,—

дейді. Қарабайдың қызын өзінің үйіне қайтарып жіберді. Қозы 

Көрпештің өзі Аягөздің аяғында шоқтеректің түбіне барды да 

жатты. ұйықтағалы отыр еді, қасына бір ақ сәлделі адам кел-

ді:—Е,  Қозы  Көрпеш,  ұйықтайын  деп  отырмысың?—деп  айт-

ты. Қозы Көрпеш:—ұйқым келіп отыр,—деді. Онда әлгі адам 

айтты:—Қозы Көрпеш, мен—ата-бабаңның аруағымын. Маған 

атыңды бер, үстіңнен тоныңды бер, мылтық қаруынды бер. Мен 

қарауылға шығайын. Мұның өзі ен жер, жау бар шығар,—дей-

ді. Қозы Көрпеш бәрін берді. Жатып ұйықтады. Әлгі кісі барып 

қарауылға шықты, шығып жатып ұйықтап қалды.

Қодар  Қозы  Көрпешті  іздеді,  іздеп  жүріп  келді,  қарауылда 

жатқан әлгі адамды көрді, көргеннен соң келіп соның басын ал-

маспенен кесіп алды, қанжығасына байлады, үйге қайтып келді.

800


80

81

ҚОЗы  КӨРПЕш



Қодардың бәрекелді тентегіне, 

Торы құнан жүрмейді жетегіне.

«Ал байыңның басы!» деп тастай берді, 

Баян тосып алады етегіне.

Бәрекелді Қодардың көкшесіне, 

Екі басып бір қарар өкшесіне. 

«Ал, байыңның басы!» деп тастай берді,

 Баян қағып салады текшесіне.

Баян жылап, жүгіріп қырға шықты, 

«Қозыкем мұнда өлді» деп қырға шықты. 

«Қозы Көрпеш,—Баянға,—өлді»,—десе, 

Баянның көздерінен жасы шықты.

Жұрт жиылып кеңес қылды:—Қозы Көрпештей жақсы төре 

өлді,—дейді. Бұ жер бізге қоныс болмас. Біз бұ жерден көшіп 

кетелік,—деді.  Ел  көшіп  үрікті,  Жайсаң  көлдің  жағасына 

Қарабай кетті, Баян елге еріп жүрмеді, жаңғыз жұртта калды, 

қасына ешбір адам жуытпады.

Қозы  Көрпеш,  Баянның  кіндік  енесі  бар  екен,  бұ  кемпір 

ұйықтап жатып түс көрді. Таң атқан соң түсінен шошып жүгіріп 

қырға  шықты.  Қырға  шықса  тозаң,  шаң  шығып  барады  екен. 

«Апырмай,  Қозы  Көрпешті  өлтіріп,  ел  үркіп  барады  екен-ау» 

деп кемпір ойлады. Кемпірдің қолында жеті үлкен нар бар екен, 

он төрт қобдиды жеті нарға артты, көшті, Қарабайдың жұрты на 

келді. Келсе, жаңғыз-ақ Баян отыр, онан басқа адам жоқ.—Е, 

Баян, мұның қалай? Қозы Көрпешті өлтіріп, ел үркіп кетті,—

деп  Баян  айтты.  Кемпір  айтты:—Қозы  Көрпештің  мұнда  бір 

белгісі бар ма?—деді. 

Баян айтты:—Қозы Көрпештің мұнда басы бар. Кемпір айт-

ты:

—Басын  алып  маған  көрсет.  Баян  басты  алып  кемпірге 



көрсетті.

—Бұ  бас  Қозы  Көрпештің  басы  емес,—кемпір  айтты.—Е, 

Баян,  сенен  бұрын  мен  Қозы  Көрпешті  көріп  едім,  оның  басы 

алтын, жақсы еді, бұ бас Қозы Көрпеш емес. Сен жылама! Мен 

бүгін  түнде  түс  көрдім,  оң  босағамда  алтын  тұғыр,  ақсұңқар 

қонып  еді,  менің  түсімдей  болса,  Қозы  Көрпеш  тірі  болмақ 

еді.  шоқтеректің  түбінде  ұйықтап  жатса  керек  еді.  Мен  бұ 

810


82

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

көшкеннен Қозы Көрпешке барайын, шоқтеректің түбінде ал-

тын шатырды Қозы Көрпештің үстіне тігейін. Осы сенің қасыңа 

Қодар бір келер, сен со Қодардың ептеп көзін жоғалтып кел!—

деді.


—Ай, ата, осы дүние жалған екен, 

Жан кеткен соң бойыңнан арман екен. 

Түгендемей айдаппын байғұс басым, 

Қараша айғыр үйірі қалған екен.

—Е, Қодар, сөз айтамын, аңда,—дейді, 

Өзіңнің қай мінезің тар ма?—дейді.

Ақ Баянның мінезі тым-ақ бұзық, 

Тілімді алсаң, со жұртқа барма!—дейді.

Қодар құл Бақа айғырға мініп алды, 

Мінгеннен соң тебініп шу-шуге салды. 

«Ақ Баянды мен алмай, кім алар» деп, 

Жұртта қалған Баянға Қодар барды.

—Жаман күң қалдың ба енді айдалада, 

Төмен қарап кетелік жер панаға. 

Бәрі сенген құлыңды өлтірдім мен, 

Енді сені мен алмай, кім алады?

Құдай қылып мен қалдым айдалада, 

Төмен қарап кетелік жер панаға. 

Жалғызымның сүйегін бір көрсетсең,

Енді мені сен алмай, кім алады?

—Белең-белең жерлерді белдес,—дейді, 

Бір көрінген кісіні елдес,—дейді.

Жалғызыңның сүйегін көрсетейін, 

Түрегеліп алдыма мінгес,—дейді.

—Белең-белең жерлерді белдесейін, 

Бір көрінген кісіні не елдесейін.

Жалғызымның сүйегін бір көрсетсең, 

Құдай қылды, қайтейін, мінгесейін.

820

830


840

82

83

ҚОЗы  КӨРПЕш



—Белең-белең жерлерді белдес,—дейді, 

Бір көрінген кісіні не елдес,—дейді. 

Жалғызыңның сүйегін көрсетейін, 

Қабырғаңа аз ойлап, кеңес,—дейді.

—Ойпаң-ойпаң жерлерді ойласайын, 

Бір көрінген кісіні қой десейін.

Жалғызымның сүйегін бір көрсетсең, 

Қабырғама сонда ойлап, кеңесейін.

—Еріктіріп қасыңда жүрдірші,—деп,

Қозы Көрпеш өлгенін білдірші,—деп. 

Баяғыда аяған ақ бетіңді,

Баянжан-ай, аулақта сүйдірші,—деп.

—Е, Қодар, ақырын-ақырын, саспа,—дейді, 

Әзір аулақ, иінімді баспа,—дейді. 

Енді мені сен алмай, кім алады, 

Жалғызымның сүйегіне баста,—дейді.

—Еріктіріп қасыңда жүрдірші,—деп, 

Қозы Көрпеш өлгенін білдірші,—деп. 

Омыраулап Қодар құл еш болмайды, 

Ай, аулақта бетіңнен сүйдірші,—деп.

Ер Қозыкем мінгені өрме жал-ды, 

Баян кыз Қозыкемді есіне алды.

Торғын жауып бетінен сүйдірген соң, 

Алақандай қарайып дағы қалды.

—Еріктіріп қасымда жүрдің бе,—деп, 

Қозы Көрпеш өлгенін білдің бе,—деп. 

Баяғыда аяған ақ бетіңді

Алақандай қарайтып сүйдім бе?—деп.

—Төңіректің төрт бұрышын шалып келдім, 

Бақа айғырды от жерге салып келдім.

Баянжан-ай, аулақта жүр жаталық, 

Қасына жалғызыңның алып келдім.

850

860


870

84

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

—Төрт бұрышын төңіректің шалып келдім, 

Бақа айғырды от жерге салып келдім.

Баянжан-ай, аулақта жүр жаталық, 

Көрпе тігіп төсегің жайып келдім.

—Төрт бұрышын төңіректің шалып келші,

Бақа айғырды от жерге салып келші.

Тіпті сусап барамын, Қодареке,

Кебіспенен бір суды алып берші.

—Сенің айтқан сөзіңді сүйейін де, 

Аттан қарғып құдыққа түсейін де.

Кебіспенен бір суды алып шығып, 

Баянмен әзілдесіп ішейін де.

Мінгені Қозыкемнің бура жал-ды, 

Баян қыз Қозыкемді есіне алды. 

Кебіспенен бір суды алып берсе,

Сусап жүрген Баян қыз жұтып салды.

Баянның бір пышағы арқар сапты, 

Баян қыз ашық жарын жаңа тапты. 

«Не қылығың жоқ еді, Қодар құл» деп, 

Бұйда пышақ жүректен періп қапты.

—Жүгіңді қара нарға артшы, Баян, 

Апеке, енді райдан қайтшы, Баян. 

Су ішінде ойнаған ойының құрсын, 

Жылдамырақ шығайын, тартшы, Баян.

Мінгені ер Қозыкем өрме жал-ды, 

Баян қыз Қозыкемді есіне алды.

—Не қылығың жоқ еді, Қодар құл,—деп, 

Бұйда пышақ жүректен тағы салды.

Қодар құл тұра алмады бек жарадан, 

—Жаман күң, айырылдың ба көп пәлеңнен,

Су ішінде қор қылып өлтірдің бе? 

Ақ тікен боп шығармын екі араңнан.

880

890


900

910


84

85

ҚОЗы  КӨРПЕш



Мінгені Қозыкемнің бура жал-ды, 

Баян қыз ашық жарын есіне алды. 

Қодарға бір амалын өткізгелі,

Қодарды шашқа байлап суға салды.

Ойпаң жерге қар жауса, белден күртік,

Торы ат жорта алмады майдан кілкіп.

Қодардың кеудесінен жан шыққан соң, 

Тастады қырық құлаш шаштан қырқып.



Баян  өлген  кісіге  келіп,  «Қозы  Көрпеш  осы  болар  ма?»  деп 

қыз жылайды:

—Жалғызым, жатырмысың жалғыз оққа, 

Сен де арқаңнан күн өтіп жаның жоққа. 

Атасы бай болса да қыз бермеңіз, 

Артында құйрығы жоқ, жалы жоққа.

Жалғызым, жатырмысың жайнай-жайнай, 

Көрсем, ішім күйеді оттай кайнай. 

Сені өлтірген Қодарды мен өлтірдім, 

Қозыке, түрегелші, күліп-ойнай!

Жалғызым, жатырмысың жайнай-жайнай, 

Көрсем, ішім күйеді оттай қайнай. 

Өштес, кектес Қодарды алып келдім, 

Қозыкем, түрегелші енді сайрай!

Жалғызым, жатырмысың жер бауырлап, 

Қара жүнді қасалақ оқты ауырлап. 

шыбын жаның бар болса, түрегелші, 

Баян келді қасыңа құстай зырлап.

Жарқыным, жарықтығым, жан жолдасым, 

Баян келді қасыңа жандай досың. 

Елің менен жұртыңнан тірі айрылып, 

Қарағым, неге келдің бір мен үшін?

920


930

86

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Жарқыным, жарықтығым, жан жолдасым, 

Баян келді касыңа жандай досың. 

Елім менен жұртыма тірі кіріп, 

Қарағым, мен де келдім бір сен үшін.

Баян қыз Көкбуыршынға мінді дейді, 

Сол өлген кісіні алды да, жүрді дейді. 

Атқа мініп cap желіп келе жатса, 

Тігілген алтын шатыр көрді дейді.

Көрінген соң қуанып күлімдейді, 

Іш қайғысы өзіне білінбейді. 

Буыршынменен шатырға келсе жетіп, 

Қозыкем құлаш ұрып түрегелді.

—Жарқыным, жарықтығым, жан қарағым, 

шын ақсүйек кендірім, кең балағым. 

Көзден таса болғанда, қандай болдым, 

Іште жатып қосылған ақ тамағым.

Жарқыным, жарықтығым, жан қарағым, 

Сауылдап жанып тұрған шамшырағым. 

Көзден таса болғанда, қандай болдым, 

Іште жатып қосылған, ай, шырағым. 

Қарағым, айналайын, шырағым-ай, 

Келді ме менің даусым құлағыңа-ай. 

Көзден таса болғанда, қандай болдым, 

Өзің түгіл зар болдым тырнағыңа-ай.

Апырай, өңім бе едің, түсім бе едің, 

Тіріде менің көрер ісім бе едің?!

Әуре-әрсаң қылып, қайда кеттің, 

шынымен Құдай қосқан кісім бе едің?!

Екеуі алтын шатырда ойнады, күлді, екеуінің тамағын кем-

пір қылып берді.

Сонда  Қозы  Көрпешті  Айбас  үйінен  іздеп  келді.  Айбастың 

Қарабайдың елінде Парманбек деген досы бар екен, сол Айбас 

940

950


966

86

87

ҚОЗы  КӨРПЕш



келді  деп  есітіпті,  Қозы  Көрпештің  екі  балдызы,  інісі  «Қозы 

Көрпеш тірілді» деп о да естіпті. Парманбекпенен төртеуі іздеп 

шығыпты. Бір күншілік жер қалғанда Құдайдың құдыретімен 

күн  жаман  боран  болды.  Қозы  Көрпештің  екі  балдызы,  інісі 

боранда  үсіп  өлді.  Парманбек  өзі  өлмей-ақ  Айбастың  қасына 

келіпті,  құшақтасып  көрісті,  екеуі  жыласты.  Үш  күннен  соң 

Айбас  Алладан  тағдыр  жетіп  өлді.  «Қозы  Көрпеш  өлді»  деген 

хат жазды, екі Буыршынның кекіліне байлады, екі Буыршын-

ды  Мұзтауындағы  өзінің  еліне  жіберді,  екі  Буыршын  аспан-

менен ұшып барды.

Тайлақ  би  онда  бас  болып  елі-жұрты  жылады,  кекіліндегі 

хатты оқыды, көрсе, «Қозы Көрпеш өлді» деген хаттың тілі бар 

екен. Тайлақ би бас болып, ол төрт сан қол аттандырып жүрді. 

Қозы Көрпештің шешесі Жаңыл Күреңкейге мініп, о да жүрді. 

Ол  төрт  сан  қол  келді,  қанша  күн  болса  да,  келіп  жетті.  Қозы 

Көрпешті  көрді,  аманын,  есенін  білді,  шешесімен  жыласып 

көрісті.  Қарабайдың  елін  қуды,  төрт  сан  қол  Жайсаңкөлдің 

қасына жетті, оны қайтарып айдап келді.

Айбасқа бейіт қылды. «Қозы Көрпештің жатқан жері» деп, 

«қызық  көрген  жері»  деп  ат  шаптырып  той  қылып,  қалған 

жұртын Мұзтауына Тайлақ би қайтарып айдап кетіпті. Қозы 

Көрпеш өлмей тірі кетіп, Аягөзде тұрған бейітінің сүйегі Ай-

басты өлтірген аруақтың сүйегі. Қозы Көрпештің суретін сал-

ды,  Баянның  өңін,  келбетін  салды.  Қодардың  өңін,  келбетін 

салды.

Аяған  деген  өзен  бар  екен,  Қозы  Көрпештің  інісі  сол  екен. 



Ай деген өзен бар, Ай деген балдызын соған қойыпты, Таңсық 

деген балдызын соған қойыпты.



Кемел ақын келтірер сөздің түрін, 

Оған да заман өткен бір ықылым. 

Кешегі ол бір қатар заманында

Өтіпті екі байың бізден бұрын.

Солар да бізден бұрын өткен жандар,

Сап қасқа, өңшең манап сөзді аңдаңдар. 

Қалыпсыз Қарабайдай бай өтіпті, 

Тоқсан мың, Тәңір алса да, жылқысы бар.

Солар да бай болыпты дүние боқ, 

Өзіне Құдай берген нәубеті көп.

Тоқсан мың жылқы айдаған бай болса да, 

Үйінде сілкіп киер шапаны жоқ.

Сыбанбай, Жанақ, Бекбау айтады екен, 

Оның тегін кім десең «түрікпен» деп. 

Құдайым артық дәулет мал берген көп,

 ... 


... 

... 


...

*

Нәсілін Сарыбайдың айтады екен:



«Қырық байы Орманбеттің біреуі деп,

Елі-жұрты көре алмай малы көп» деп. 

Елімен өкпелесіп жөнеледі,

Жұртының өсек қылған сөзін кектеп.

Ағайын біреу жүрмес бұған еріп,

Өкпелеп өз жұртынан кетті жеріп.

Қозы Көрпеш – Баян сұлу

(Бейсенбай нұсқасы)

*

 Осы арада бір жол түсіп қалған



10

20


88

89

ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  СұлУ



Құданың берген малын көпсінген соң, 

Жөнелді Қарекең де ыза керіп.

Сарекең де ыза боп жүре берді, 

Елі ақымақ қой жіберген мұндай ерді. 

Тоқтамай күн-түн қатып ұдайы көшіп, 

Балталы, Бағаналы елге кепті.

Келгенін Балталыға халық көрді, 

Сән-тұрманы өзгеден артық еді. 

Жүз кісі Тайлақ бимен ел кеп еді, 

Қарабай тоқсан мыңнан түк бермеді.

«Елден шыққан білімсіз ант екен» деп, 

Ел-жұрты Қарабайға өкпеледі.

Қойшының сыбағасын тоғыз қылып, 

Сарекең сый-сияпатпен жөнелтті енді.

Жақсының шарапаты санға тиіп, 

Сарыбайға бір тайпа ел билетеді.

Жиылған жамағат кеп кеңеседі,

Мұнан бұрын патшалы емес еді.

«Сарыбай тек жаралған жан емес» деп, 

«Патша қоямыз» деп, «е» деседі...

Екі бай Балталыға бірдей келді, 

Қарабай ол неғылсын дүйім елді.

Тоқсан мыңы көзіне мал көрінбей, 

Аң аулай ерте тұрып жөнеледі.

Не шыңғыстай, болмаса, не Қалбадай, 

Не Мыржықтай аңы көп бір тау еді.

Қақ жарып хан Қарекең келе жатса, 

Алдынан буаз марал кез келеді.

Қылт етті де, жөнелді белден асып, 

Қарбаң-құрбаң етті де, қалды сасып. 

30

40

50



90

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Көзінің жасын сүртіп қарағанша, 

Адасып қалды аңнан жаза басып.

Қылығы сол күнінде жаннан епті, 

Сол шағында тентіреп аңға кепті. 

«Қап бәлем, ертең түсте атамын!» деп, 

Қаңтарып ақ қайыңды жата кетті.

Оған да артық дәулет Тәңірім берді, 

Қазақтан Сарыбай да артық еді. 

Ерте тұрып пандатын үйіне оқып, 

Сарыбай да сахарадан аңға келді. 

Қалың тауды қақ жарып келе жатса, 

Ат қаңтарған бір жанды көзі көрді.

Сарекең ат көрген соң жетіп келді, 

Көреді түзде жүріп талай керді.

—Жатырсың түске шейін ат қаңтарып, 

Үмітсіз дүниеден кімсің?—депті.

—Көңілімді мың мен санға баламаймын, 

Бенденің ілігіне жарамаймын. 

Келгенше сексен үшке сүйері жоқ, 

Үмітсіз дүниеден Қарабаймын.

—Қареке-ау, олай деме, Тәңір білер, 

Құлының жылағанын әлі де көрер.

Дәулет пенен перзенттің кештігі жоқ, 

Құдайым әлі де болса бізге берер.

—Тәңірімнің қолынан келмей жүр ме, 

Тілегін пенделердің бермей жүр ме?

Келіппін сексен үшке мәлден өтіп,

Берсе, көзі Алланың көрмей жүр ме?

—Қареке-ау, бұрын сені танымаймын, 

Алланың мен ісіне налымаймын. 

60

70

80



90

91

ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  СұлУ



Жетпіс беске келгенше сүйері жоқ,

Қу бас шал, мен де өзіңдей Сарыбаймын.

—Е, балам, бала сүймей болыпсың зар, 

Бала сүйсең, жалғанда көңілің тынар. 

Жасы бар сексен үште мені айт, балам, 

Әлі де болса алдыңда тілеуің бар.

—Қарекем, ойлап тұрсам, шынымен ер, 

Кез қылған екеумізді паруардігер. 

Сегіз жас-ақ үлкенсің байқап тұрсам, 

Сексен үш жетпіс беспен қарайлас жер.

—Екеуміз де, шырағым, жасқа жеттік, 

Дүниеден перзент сүймей арманда өттік.

Ендеше ит айдаған бай екенбіз, 

Кел, дос болсақ қайтеді қияметтік?!

Ауыр дәулет беріпті Алла несіп, 

Аузынан уағдамен серт берісіп. 

Екеуі жапан дүзде бек сөйлесіп,

Дос болды ақыреттік «Құдай» десіп.

—Алланың әміріне көніселік, 

Көздің қыры түскенін көріселік. 

ұл туар да қыз туар заман болса,

Уағыдамен қалыңсыз беріселік.

—Отырған хан Сарыбай, мені көрші, 

шал қартайған Қарабай—досым деші. 

Бір марал кеше кетті ыза қылып, 

Кез қылса, соны маған атып берші.

—Кез қылды жапан дүзде мені саған, 

Түскен жоқ жасым жетіп көзге таған. 

Кез келген бұйрықты аңды жібермейді, 

Мылтығым алты қарыс, көрсет маған!

90

100


110

92

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

—шырағым, ойлап тұрсам, өзің кеңсің, 

Біреудің білмегенін білгізгейсің.

Алдыңдағы түбекте жатыр марал, 

Байқа, балам, бойыңды шалдырмайсың.

—Үйіңе Құдай оңдап, Қыдыр конар, 

Бір достым бек сөйлескен сендей болар.

Бұл марал буаз екен, тіпті атпаймын, 

Келінің екіқабат, кесел болар.

—Саған айтпай сөзімді кімге айтайын, 

ұялмай үйге қайтіп бос қайтайын. 

Өлсем де, атып берші, бір тояйын,

Мағшардағы күнәсін мен тартайын!

—Мен тұрамын бұл сөзіңді сынай алмай, 

Маралға қызығасың тілімді алмай. 

Тағы да бір бұйрықты аң кез келмей ме? 

Атуға қорқып тұрмын қолым бармай.

—А, балам, айтқан сөзге жетпедің бе, 

Дүниеден перзент сүймей өткенің бе? 

Кез келген сен аяйсың бұйрықты аңды, 

шыныменен достықтан кеткенің бе?

Бейілін Қарабайдың Құдай алды, 

Қынжылып мылтығына оғын салды. 

Маралды бетіне алып тарс қойғанда, 

Кідірмей сол орманда құлап қалды.

Қасында Сарыбайға қарамайды, 

Қарбаң-құрбаң маралға жетіп барды. 

Адамнан ақымақ туған хан Қарекең, 

Маралдың жаны шықпай ішін жарды.

Ойласаң, Қарабайдың өзі мықты, 

Сарекең қорқып, атпай, көп ұйлықты. 

Пышағы сонда ішіне жазым тиіп, 

Ішінен егіз кодығы мөңіреп шықты.

120

130


140

92

93

ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  СұлУ



«Қазаққа алты санды бір деймін» деп, 

«Пәнденің еш ақылын білмеймін» деп. 

Қодығын тыпырлатып бауыздайды, 

«Сілікпелеп үйге апарып бір жейін» деп.

Пейілін Қарабайдың Құдай алып, 

Кәпірдің мінезіне жан таң қалып. 

Қан болып сақал-мұрты қайтып келді, 

Өзі атқандай мақтанып, саңылауланып.

—Отырсың не себепті жолды көрмей, 

Қойып па тілегімді Тәңірім бермей?!

Кез келген бұйрықты аңды атып едің, 

Бұл жұртта неге отырсың маған келмей?!

—Қареке-ау, бай екенсің сөзің шалыс, 

Екеуміз жапан дүзде болдық таныс.

Орнымнан үш ұмтылып тұра алмадым, 

Мылтығым тиді маған алты қарыс.

Қалыпты бұрынғыдан бізге санат, 

Сөзімді тентек болсам жұртқа сынат. 

Алланың ақ бұйрығы маған жетті,

Басымды кешіктірмей оңға қарат.

Әуелі біз жолықтық есен-аман, 

Түсірдің осы жерде акырзаман. 

Қоймадың бір маралды атып бер деп, 

Мұнша қатты сөз айттың маған жаман.

—Жүзімді көремісің, көрмеймісің, 

Сөзіме еремісің, ермеймісің?!

Ант айтып ақыреттік құда болдық, 

Қыз туса беремісің, бермеймісің?

—Қыртысым сүймегенде, шөл арықпын, 

Өзім деген кісіге тас бұлақпын.

Уағыдаға қылап қылман, не қыласың, 

Күн болса ондай антты берерақпын!

150

160


170

94

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

—Қареке-ау, ажал уақыты маған жетті, 

Ағасың жасың үлкен, кұлдық,—депті.

Аузынан бір-екі ауыз арыз айтып, 

Сарекең күні жетіп өліп кетті.

Тұрмайды сол Қарабай ниетке жетіп, 

Сөйлескен құдайшылық естен кетіп. 

Маралды егіз лақпен теңдеп алып, 

Халқына жөнеледі өлеңдетіп.

Тұрады сол Қарекең өнер бастап, 

Кәпірді көрген адам тұрмас қостап. 

Маралды егіз қодығымен теңдеп алып, 

Достысын бек сөйлескен кетті тастап.

Қарабай бұл мінезді сән көреді, 

Нәлетті өзі ақымақ кім көреді!

шырыштан төмен жылжып келе жатса, 

Алдынан будақ-будақ шаң келеді.

Сарыбай өзі мерген, маралды атқан, 

Маралға ит Қарабай дінін сатқан. 

Ханымы Сарыбайдың буаз екен, 

Үйінде аман-есен бір ұл тапқан.

«шүйінші Сарыбайдан сұраймын» деп, 

Сол елдің адамы екен келе жатқан.

—Қареке-ау, жапан дүзде сізді көрдік, 

Сарыбайдың қызметкер адамы едік. 

Ханымы Сарыбайдың бір ұл тапты, 

Көрдің бе, жапан дүзде сәлем бердік.

—Мынау қалай сорлы еді ниетке жеткен, 

Өз ойы мен қылғаны нәмрәт еткен. 

Не етесің босқа сұрап Сарыбайды, 

Сұрасаң, Сарыбайды мәрғау кеткен.

—Бай еді мынау қалай сөзі надан, 

Өтерін дүниенің байқамаған. 

180

190


200

94

95

ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  СұлУ



Мәрғауың неше күндік, нешде түндік, 

ұшырсам қос-қос атпен, қашан барам?

—Ертіс басы қара дін 

*

 жерге кетті, 



Бейне теңіз дейтұғын көлге кетті. 

Бес жүз киік соқтығып соны қуып, 

Жолы қиын Бетпақтай шөлге кетті.

Сол иттің не қылса да қайраты мол, 

Өз ақылы өзіне болады жол.

Амалы жоқ алысқа айдаған соң, 

Адамы дел-сәл болып қайтқаны сол.

«Ақылмен алдадым» деп мәз болады, 

Халқына қадам басып жөнеледі. 

Ханымы Қарабайдың қыз тауыпты, 

Жол тосқан сақау қатын кез келеді.

—Іздеп едік, қайнаға-ау, кез келесіз, 

Айпарадай ақ жүзім сіз көресіз.

Қайнаға-ау, көріпсіз бір перзентті, 

шүйіншіге, қайнаға-ау, не бересіз?

—Жаман сөзді естісем, ішім күйер, 

Жақсы сөзді естісем, денем сүйер.

Былшылдама сақауым к... қыс,

Сегіз өрме бұзау тіс қамшым тиер.

—Біреу жарлы, біреу бай, білмейсіз бе? 

Айдай болған ақ жүзім көрмейсіз бе? 

Қартайғанда көріпсіз бір перзентті,

шыныменен бір шапан бермейсіз бе?

Хан Қарекең келеді күн-түн қатып, 

Егіз ылақ маралды қабат атып. 

Сегіз өрме бұзау тіс қамшысы бар, 

Сақауыңды кетеді бартылдатып.

*

 Бұл сөз жаңсақ болу керек, нақты не екені ұғылмады



210

220


230

96

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Жымдай болып сол сақау жорғалайды, 

Бастың қаны қойнына сорғалайды. 

Жар бойында бар екен жарты ылашық, 

Қашып барып сақауың қорғалайды.

—Сегіз жылда сексен мың сегіз сарай, 

Жеті атамнан бақ берген Алла Тағала-ай!

Өз тіліңнен, сақауым, жаза тарттың, 

Дәл енеңді ұрайын, мұның қалай?!

—Япырай, ибаратың көпке тисін,

Кінә аудармай сабайсың, жаның күйсін. 

Қуанышқа сұрасам, қамшы беріп,

ұлы-қызың Қодардан қорлық көрсін.

Қарекең одан өтіп үйге салды, 

Егіз ылақ маралды теңдеп алды. 

Бейілі Қарабайдың сондай кеңіп, 

Бір сарттан жиырмалап шапан алды.

Молдалар шұбар ала хат оқиды. 

Өлім шыққан үйіне жата оқиды.

—Менің құдам Сарыбай далада өлді,—

Деді де, тоқсан саба толтырғызды.

—Тұра-тұр, енді, жұртым, мен желейін, 

Ауылын сол құдамның мен көрейін. 

Нарыңды сабаңменен тоқтата тұр, 

Әуелі салт барып бір келейін.

Тұрады сол Қарабай өнер бастап, 

Кәпірді көрген адам тұрмас қостап. 

Тантық шал иесіз үйге кіріп келді, 

Белдеуге Бақа айғырды іле тастап.

Елінде қырық мың шалқар байдай болып, 

Қос жорға жылқы ішінде тайдай болып. 

Ақымақ шал иесіз үйге кіріп келсе, 

Жөргекте Қозы жатыр айдай болып.

240

250


260

270


96

97

ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  СұлУ



Ақымақ шал ақылы жоқ жаман састы, 

Қозыдан қорқып итті қара басты. 

«Мені жұтар жалмауыз туыпты» деп, 

Тантық шал Бақа айғырға міне қашты.

Бір жерде келе жатып бөгеледі, 

Өзі ақымақ нәлетті кім көреді!

Тоқсан нарда сабаны жарып тастап, 

Бір қобыны қымыз қып жөнеледі.

Қарабай Сарыбаймен мерген екен, 

Хан Қарабай ауылына келген екен. 

Ханым айтты:—Қарабай келіп кетті, 

Сарыбай хан далада өлген екен.

—Алпыс басты ақ орда тіккен үйін, 

Бұрынғыдай болмайды менің күйім. 

Мен түсімнен шошыдым бүгінгі күн, 

Енді аңырма, отырма, Тайлақ биім.

Тайлақ би осы сөзді қош көреді, 

Еліне «Жиылсын» деп хат береді. 

Еліне кәдірменді бір би екен, 

Дәл он бір сан халайық жұрт келеді.

Он сан халқын Тайлақ би жиып алып, 

Отырған әлеуметке үндемейді. 

Көңілі батыр Тайлақ жазған хаттай, 

Мәнісін жиылған көп таба алмайды.

Он екі жыршысы бар бас боп ханым, 

шырышқа шеру тартып жөнеледі. 

Жайылып бет-бетімен қарап жүрсе, 

Бір адам өліп жатқан кез келеді.

Іздесіп алды-алдына жүрген шауып, 

«Өлді» деп елі-жұрты қылған қауіп. 

Бір жерде он бір кісі келе жатса, 

Бір адам өліп жатқан алды тауып.

7-0137

280


290

300


98

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Айрылып патшасынан болды зарлы, 

«Табамын» деп барша халқы көңіліне алды. 

Сол кісінің ішінен бірге шыққан 

Қоңыр ала тай мінген тазша бар-ды.

Тазша айтады:—Ағалар, бәрің надан, 

Жасымнан көріп едім бірталай жан. 

шыққыр көзім шықпаса, мен таныдым, 

Өлігі осы жатқан, өліпті Сарыбай хан.

Құлақ кәрі, бой кіші, ақыл дана,

Ту жығылса болмай ма қас масқара. 

Жұрт иесі ханымға жара салып, 

Үйелменіңмен өртенгір, тазша бала!

—Ойласам, он бір аға, пейілің тар, 

Сендердің қылар қақпай мінезің бар. 

Хат берген даулы жерге мөр басатын, 

Қолында қызыл алтын жүзігі бар.

—Көрген соң Сарыбайға жұрт жылайды, 

Сол жерде тақат қылып тұра алмайды. 

Серкесіз қойдай болып ұйлығады, 

Аяғын қадам басып жүре алмайды.

Жиылысып сол араға бәрі келді, 

Құба қалмақ сықылды іштен бүлді.

Жалғыз-ақ ханым сонда естіген жоқ, 

Батыр Тайлақ болды да, бәрі білді.

Қай адам ер Тайлаққа тең келеді, 

Жиылған сол араға көп ел еді. 

—Есіттірмей қайтқанымыз лайық емес, 

Ханымға жырлай-жырлай кім барады?

—Тайлыға алыс емес көрінген жер, 

Табан шөңгел бимісің елімде бар. 

Ханымға жырлай-жырлай мен барайын,

Ер Тайлақ, қолыңды жай, батаңды бер!

310

320


330

98

99

ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  СұлУ



Ер Тайлақ тазшасына жарлық етті, 

Тайымен қотыр ала тазша кетті.

Сейілде қырық кісімен ханым жүрсе, 

Алдынан қарама-қарсы кездей кепті.

—Ханым-ай, ақ сұңқарым, сені көрдім, 

Біз ежелден хан-қарашы адам едік. 

Мен шошыдым түсімнен бүгінгі күн, 

Хан ием, жолыққалы сізге келдім.

—Аптығып қотыр таймен келесің тез, 

Бұл жалғанда ақылсыз адамнан без.

Көп шатып, тантырақтап сөзді ұзартпа, 

Қанеки, шошығаның немене сөз?

—Жаратқан бәрімізді Тәңірім күшті, 

Бұл дүние, ойлап тұрсам, енді екіұшты.

Мен түсімнен шошимын бүгінгі түн, 

Менің сәлдем басымнан жерге түсті.

—А, тазша, олай болса мал сойғаның,

Құдайым дәриесіне сен тойғаның.

Сенің сәлдең басыңнан жерге түссе,

Бес уақыт намазға бас қойғаның.

Ойласам, бұл ханымның ақылы асты, 

Қарашың дәл сіздей ме, жаман састы.

—Мен түсімнен шошимын бүгін тағы, 

Қолымнан жібек баулы сұңқар ұшты.

—Мінезің, ойлап тұрсам, жаннан қылап, 

Келдің бе қотыр таймен мені сынап. 

Қолыңнан жібек баулы сұңқар қашса, 

Көрген де қоян аңнан шабыт сұрап.

—Қай адам Сарекеңдей ниетке жеткен, 

Көп адам бізден бұрын өтіп кеткен.

Айрылдым капыда сұңқарымнан, 

Қолымнан абайсызда ұшып кеткен.

340

350


360

100

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

—Мұндар таз, бір сұмдык бар тіл жағыңда, 

Сен келдің қотыр таймен бұл шағыңда.

Қолыңнан абайсызда ұшып кетсе,

Қара орнында болғаны, хан тағында.

—А, ханым, бір сөзіме жаңа жеттің, 

Қай сөзіңді бұзайын, «Мақұл»,—деппін. 

Мен түсімнен шошыдым тағы бүгін,

Түсімде бір тұңғиық суға кеттім.

—Құдайым енді саған дем береді, 

Бойын салған базарға жол көреді. 

Жүруші ең әр нәрседен шолпы тартып, 

Түпсіз Тәңірім дариядай мал береді.

—Ханым-ау, бұл ниетті ойға алайын, 

Мәнісін тура тартпай, не қылайын. 

Жандап-жандап сөз айтсам, жуытпайсың, 

Тұп-тура найзамды тік салайын.

—Мұндар таз, маған келдің каның қашып, 

Антұрған, сені тұр ма қара басып?

Meн сенің қалжындасар кісің емен, 

Немене айтар сөзің найзаласып?!

—Аңға да кеткен Сарекем-ау, 

Таң ертеңгі салқында.

Мінсіз бір туған жан еді ай-ау,

Өнеге бойы қалпында.

Келімсек төре хан болып

Балталының халқына.

Өрісі толып малына ай-ау, 

Қазынасы толған алтынға.

Алла ісіне шара жоқ-ау,

Жетпесті қуып алқынба!

Қайырлы ғұмыр бере көр-ау

Қозыжанға артында. 

Сізден де шығар адам жоқ,

370


380

390


100

101


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  СұлУ

Ойласаң ақыл тарпында.

Хан орнына хандық қыл,

Кеше билеп тұрған жарқында.

Ақылдас еді Сарекем, 

Билеспес деп тартынба.



Ханымның сөзі:

—Өлді ме Сарыбай хан жұртым көрсін, 

Жыламан, патша Құдай иман берсін. 

Ғаламнан хан Сарыбай өткен болса, 

Еншалла тәуба, Тәңірім артын берсін! 

Тазшаның сөзі:

—Ханым, көрсең жыларсың

Сарекемнің дертіне.

Сабырдан басқа айла жоқ

Іштегі жанған дертіңе.

Көргеннен соң жырласаң, 

Нәпсің қоймай еркіңе.

Аулақ жерде, ханым-ау,

Нәпсің тоқтат беркіне.

Сүйегіңе мін болар,

Жетпей кетсең сертіңе.

Ханымның сөзі:

—Мұндар таз, жылайды деп көңліңе алма, 

Алып жүр сүйегіне енді алданба. 

Өлген жан жылағанмен қайтып келмес, 

Көңіліңді босатқанмен пайда бар ма?!

Ханымға тазша естіртті жеке барып, 

Жұрт сілтідей тынады қайран қалып. 

Егіл-тегіл еңірескен Сарыбайға

Ханымды сүйегіне келген алып.

Өлгенін Сарыбайдың ханым көрді, 

ұрғашыдан таппассың мұндай ерді. 

400


410

420


102

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Адасып ақылынан аспай-саспай, 

Еліне ақыл айтып қайрат берді.

—Жылама, батыр Тайлақ, сен де өлерсің, 

Алладан тағдыр келсе, жөнелерсің.

Өзі беріп, өзі алған арманы жоқ, 

Мағшардан имандыма кез келерсің.

Жұртым-ай, бұл жылаған ниетіңді қой, 

Өлім шықса, тіріге болмай ма той? 

Жылағанмен бір нәрсе табар болсаң, 

Жылап-жылап тірілтіп әкеле ғой.

Тайлақ би, олай тұрма, сен бері жүр, 

Ақылдасып Тайлақпен ойлайды-дүр.

—Алып жүрмей, осы жерге біз қоялык, 

Елге жібер, жабдық пен үй әкелдір.

Ел барып айтқанының бәрі келді, 

Дайын болды, жамағат көзі көрді. 

«Зиярат қылып бір күмбез жасаймын» деп, 

Ел ұйғарып сол жерге қояды енді. 

Жиылған жаназаға қанша жанды 

Бәрін де сый-сияпатпен жөнелтті енді.

Ханым айтты:—Қайғысыз адам едім, 

Бұл сықылды жалғанда жанды көрдім. 

Ат шаптырып, ас берсең, ерік өзіңде, 

Билігін, батыр Тайлақ, саған бердім.

Қай адам ер Тайлаққа тең келеді, 

Жиылған жаназаға көп ел еді. 

Мақтауын батыр Тайлақ алғаннан соң, 

Халқына сауын айтып жөнеледі.

Тыңдаңдар мына сөзді,ей, жарандар, 

Құлақ салып тындасаң, афзалдар!

Өтірік айтса, ақынның жаны шықсын, 

Басқы аттың бес жүз жылқы бәйгесі бар.

430

440


450

460


102

103


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  СұлУ

Сый алды елі-жұрты құры қалмай, 

Тайлақтың кеткен жан жоқ тілін алмай. 

Он бір сан халайықтың бәрі келді, 

Айтқан күні жиылып бірі қалмай.

Тайлақ айтты:—Жамағат, ой ойлаңыз, 

Тентекпенен тебізді бір қоймаңыз. 

Даусыз болып аттарың анық келсін, 

Әр рудан бір кісі ат айдаңыз.

—Алланың ақ ісіне мойын бұрсын, 

Ала-құла болғанды Құдай ұрсын!

Құр еңістен ат айдап жіберіңдер, 

Ақкезеңнің үстінде көмбе тұрсын.

Байлығын Сарыбайдың халқы көрді, 

Атын айдап алысқа жіберді енді.

Бес жүз аттың алдынан бір шақырым 

Өз үйінің Телқызыл аты келді. 

Ешбір жаман бұзықтық, жанжал шықпай, 

Жиынын тыныш қылып жөнелтті енді.

Ел-жұрты құрмет қылды ханның үйін, 

Ғаріп-қасер жетімге болды тойын. 

Тайлақ айтқан сөзінен жан шықпайды, 

Тып-тыныш боп тарады осы жиын.

Мінезі Қарабайдың жаннан өтті, 

Уағыдасы құда болған жұртқа жетті. 

Тайлақ биге айтады ханым тұрып: 

—Сонымен кел сөйлесіп құдалықты.

—Ханым-ау, Қарабайың құрып қалсын, 

Келуге жарамаған Құдай алсын. 

Мен барсам, тек келмеймін сол итіңнен, 

Жалғыз ұлым сол Танас балам барсын.

Тайлақтың сөзін ханым мақұл етті, 

Осы сөз де рас болып халыққа жетті. 

470


480

490


104

ҒАшыҚТыҚ  ЖыРлАР

Қасына он бір жігіт ертіп алып, 

Ер Танас Қарабайға жүріп кетті.

Жүр еді хан Қарекең жалғыз өзі,

Танастың Қарабайға келген кезі.

Қарекеңнің алдынан қарсы келіп,

Жолығып ер Танастың айтқан сөзі:

—Қареке-ау, хан болыпсыз сізді көрдік, 

Жасы үлкен бай екенсіз сәлем бердік. 

Кешегі Сарекемнің заманында 

Қайғысыз-уайымсыз жүруші едік.

Сарекем дүние салып кеткеннен соң, 

Біз биыл құдіретпенен не көрмедік? 

Жіберді кұдағиың, құрбың Тайлақ, 

Алдыңа бір сәлемді алып келдік. 

Қандай жауап бересіз, хан Қарекем, 

Сөйлескелі, байеке-ау, келіп едік.

—Былшылдама, сөзіңе тіпті ермеймін, 

ұмыт болған сөзді мен жөн көрмеймін. 

Сен он екің, к... қыс, үйіңе қайт, 

Жетім ұлға құда боп, қыз бермеймін.

—Қареке-ау, ақылменен арбайсыз ба, 

Жаратқан бір Тәңірді алдайсыз ба?

Ниет айтып ақыреттік құда болдың, 

Тегінде қияметке бармайсыз ба? 

Құдаңмен Тәңірі алдында беттестірсе, 

Сол жерде қара жүзді болмайсыз ба?

—Мына сөзге мен тұрмын қайран қалып, 

Қалың малың қойып ем қашан алып?

Сен он екің былшылдап сөйлей берсең, 

Бәріңнің де кетермін басың жарып.

—Орын бар ма дүние үшін дінім сатар, 

Бізге аударар күнәң жоқ атын атар.

500

510


520

104

105


ҚОЗы  КӨРПЕш – БАЯН  СұлУ

Бұл мінезден қайтпасаң, шал Қареке, 

Осы тәнің дозақтың дәмін татар. 

Бетін топырақ басты деп жалған айтсаң, 

Жаһаннам деген дозақта жанып жатар.

—Келіпсің сөйлескелі өңшең кедей,

Қайтсаңшы, жаның олжа, бірің өлмей. 

Қой десем де, қоймайсың сен он екің, 

Тым болмаса қайтпассың таяқ жемей.

Қареке-ау, жаман сөзді айтпа бекер, 

Бұл мінезің өзіңді әуре етер.

Осы арада қыз бермей сен тұрмассың, 

Қашып жүріп бірталай күнің өтер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет