Н. А. Казбеков, Н. А. Казбекова, Р. М. Садвакасова, Е. Ж. Аубакиров


тақырып. Қазақстан көшпенділерінің мәдениеті



бет8/32
Дата18.11.2022
өлшемі157,54 Kb.
#50988
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32
Байланысты:
Учебное пособ.Мәдениеттану 2020г.

3 тақырып. Қазақстан көшпенділерінің мәдениеті

Ежелгі Қазақстан аумағындағы архаикалық мәдениет: материалдық мәдениет ескерткіштері. Алғашқы қауымдық мәдениет дамуының ежелгі кезеңі - палеолит дәуірі, археологтардың мәліметтеріне сәйкес, бейнелеу өнерінің негізгі түрлері пайда болды. Мүсін, кескіндеме, қолданбалы өнер ескерткіштері көп мөлшерде Қазақстан аумағында да табылды. Мәдениеттің қарқынды дамуы кейінгі палеолит дәуірінде байқалады (30-40 мың жыл бұрын). Ежелгі адам төменгі палеолит дәуірінде өмір сүруге ыңғайлы, Қаратау шатқалынан тас дәуірінің ежелгі тұрақтары табылған. Палеолит өнері өзекті болып табылады. Адамның ақыл-ойымен, ал өмірлік бақылаулар фантастикамен, сиқырмен ұштасқан. Жеке заттарды дұрыс қабылдай отырып, алғашқы қауымдық адам әлемнің тұтас бейнесін қамти алмады.


Бірте-бірте орта және жоғарғы палеолит дәуірінде ол Орталық және Шығыс Қазақстанды, Маңғышлақты игерген. Ежелгі палеолиттен кейінгі кезеңдерде ескерткіштердің алуан түрлілігімен сипатталады. Қазақстан аумағында қазіргі уақытта палеолит мәдениетінің айқын айырмашылығы бар екі аймағы белгілі: Оңтүстік Қазақстан (Қаратау жотасы) және Солтүстік Қазақстан (Сары-Арқа).
Мезолит дәуірі (12 (10) – 6 (5) орта тас ғасыр) қазіргі геологиялық дәуірдің орнауымен сәйкес келді. Мезолит дәуірі екі ірі оқиғамен ерекшеленді: садақ, жебе және микролиттер - үшбұрыш түріндегі шағын пластиналар. Мезолит дәуіріндегі көркемдік бейнелердің сипаты өзгерді. Бейнелеу өнерінде схематизм элементтері пайда болды, кескіндемеде көп түсті бояулар қолданылмады. Сонымен бірге, әлемге деген неғұрлым мағыналы және тұтас көзқарас туындайды - оқиғалар олардың қарым-қатынасында көрінеді. Аңшылық өнердің басты тақырыбы болып сонымен бірге картиналарда адам және оның әрекеттері бейнеленген.
Неолит (б.з.д. 6 (5) - 3 мың жыл), оның басы б.з.д. 5 мыңжылдыққа келеді, тастың пайдалы қасиеттерін пайдалануда гүлдену кезеңі болып табылады. Бұл кезең адамзаттың табиғат өнімдерін пассивті иеленуден өндіруші шаруашылық қызметке көшуімен сипатталады. Өндірістің жаңа түрлері пайда болды - мал шаруашылығы мен егіншілік, тас құралдарын өңдеу техникасы, қыш өндірісі мен құрылыс ісі дамыды, тоқыма және тері өңдеу жетілдірілді. Неолит бейнелеу өнерін монументальды антропоморфтық мүсіндеу туындыларын жасау арқылы байытады. Олардың қатарына «тас баб» деп аталатын мүсіндер жатады. Неолит мәдениетіне тән ерекшелігі-сәндік өнерге бастау алған ұсақ пластиканың, көркем қолөнердің және ою-өрнектің таралуы. Магияның рөлі күшейіп, егіншілік мифологиясы дамыды, өмірді ұғынудың аса күрделі формалары пайда болды.
Қазақстанның ежелгі тұрғындарында Тау-кен ісі мен тоқыманың жұмыстары пайда болады,оған керамикалық ыдыстар дәлел бола алады. Ерте кезеңде қарапайым санау әдістері болған. Адамдардың ерте діни көріністерінде табиғат пен адам синкретикалық тұрғыдан ойлады және бұл көрініс рухани мәдениеттің барлық түрлеріне – тотемизм, фетишизм, анимизм, магияға әсер етті. Неолит дәуірінде алғашқы қауым тайпалар түрінде берік әлеуметтік құрылым алды. Тас ғасыры қола дәуірімен ауысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет