Тәтті көже. Тәрелкеге күрішті салыңыз, көже құйыңыз. Көжеге
қаймақ қосыңыз.
Сүтті көже. Тәрелкеге көжені құйып, бір кесек сары май
салыңыз.
Көжелердің дәмін таттырыңыз және 3.6. кестедегі көрсеткіштер
бойынша олардың дәмдік сапасын бағалаңыз.
Жұмыс орнын жинаңыз. Ыдыс-аяқ пен құрал-сайманды кезекшіге
тапсырыңыз.
КӨЖЕЛЕРДІҢ САПАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
3.6 кестені толтырыңыз. «Ескерту» бағанасында кестеде
келтірілген көрсеткіштерге сапаның қаншалықты сәйкес екенін
көрсетіңіз.