КОРРЕКЦИОННАЯ ПСИХОЛОГИЯ
Вестник КАСУ
253
өткізілді. Кейін балалар әдістеменің жат-
тығуларына бой үйреткеннен кейін, мақ-
сатымызға орай сөйлеу тілін дамытуға ар-
налған жаттығулар тек логопедиялық са-
бақтар уақытында өткізілді. Яғни, ол топ-
тық және жеке логопедиялық сабақтар.
Әдістеменің жаттығулары қолданылған
топтық сабақ түрлері мынадай: дыбысты
қою, сауат ашу, тіл дамыту. Зерттеу жұмы-
сының мақсаты болып табылатын лого-
педиялық
сабақтар
барысында
қол-
данылған М. Монтессори әдістемесінің
мектепке дейінгі жастағы балалардың сөй-
леу тілінің құрылымдары: фонематикалық
қабылдау, сөзді дыбыстық талдау мен жи-
нақтау, ұсақ саусақ моторикасын және сөй-
лемдерді түсіну деңгейлерін анықтауға
іріктеліп алынған жаттығулардың толық
үлгісін болашақ логопед мамандарға ар-
налған әдістеме ретінде жасап шығардық.
Бүгінгі таңда М. Монтессори әдіс-
темесі – баланы дамытудағы ең қажетті бо-
лып саналатын әдістемелердің бірі. Педаго-
гикалық жүйенің негізгі принципінің бірі –
еркін жағдайда баланың даму принципі.
Әдістемеге еркіндік және жұмыстың әртүр-
лілігі, қызықты ойындар және маңызды жұ-
мыстар кіреді. ЖСТД бар балалардың сөй-
леу тілін дамытуда М. Монтессори әдіс-
темесінің элементтерін қолдану мен үшін
тиімді болды. Себебі, бұл педагогикалық
жүйедегі әдістемеде баланың танымдық,
интеллектуалды және физикалық даму
жақтары қарастырылған. Онда баланы
жан-жақты дамытудың 5 аймағын қарас-
тырылады. Олар:
1. Күнделікті өмір жаттығуларына арнал-
ған;
2. Сенсорлы тәрбиелеу аймағы;
3. Математикалық аймақ;
4. Тілдік аймақ;
5. Ғарыштық аймақ.
Біздің зерттеу жұмысымыз 4-ші тіл-
дік аймақ жаттығулары негізінде жүрді.
Аймақтың негізгі мақсаты – мектепке дей-
інгі жастағы балалардың сөздік қорын мо-
лайту, әріптермен, фонетикамен танысты-
ру, әріптерден сөздер құрастыру және олар-
ды жазумен оқуға үйрету. Бұл жерде тап-
сырмаларды орындауға қажетті арнайы құ-
ралдар жасалған. Баланың басқа ойын, са-
бақ ортасында кездеспейтін мұндай құ-
ралдар қатарына: жеңіл үстелдер және
едендегі жеңіл кілемшелер, табиғи шикі-
заттардан жасалған арнайы жабдықтар жә-
не күнделікті тұрмыста кездесетін леген,
стақан, қасық, майлық, су, дақылдар, клас-
сикалық Монтессори жабдықтары бар – ал-
қызыл мұнара, қоңыр баспалдақ, көлемдік -
салғыштар және т.б. жатады.
Зерттеу №6 «Балапан» тобындағы 10
балаға жеке сабақтар 5 жастағы балаларға
20 минут, 6 жастағы балаларға 25-30 минут
аралығында жүргізілді. Топтық сабақтар-
дың ұзақтығы 30 минуттан кем емес. Тап-
сырмаларды орындату барысында баламен
жағымды эмоционалды қарым қатынас ор-
натып, оны қызықтыра білу маңызды. Ба-
ланы тапсырмаларды орындауға қысамай,
мадақтаудың әртүрлі тәсілдерін қолданып
отыру керек. Бала тарапынын шаршау не-
месе жағымсыз қарым қатынасты байқасақ,
жаттығуларды бірден доғарып, келесі күні
жалғастырған жөн.
Сараптау-эксперименттік жұмысты
жүргізуде төмендегі мақсаттарды алдыма
қойдым:
- балалардың сөйлеу тілі деңгейін
анықтау, оның ішіне: фонематикалық қа-
былдау, сөзді дыбыстық талдау мен жи-
нақтау, ұсақ саусақ моторикасын және сөй-
лемдерді түсінуін зерттеу кірді.
- балалардың Монтессори әдістеме-
сіндегі сөйлеу тіліне қатысы бар жатты-
ғуларға деген қызығушылықтарын ояту;
- логопедиялық сабақтар барысында
Монтессори әдістемесіндегі жаттығулар-
дың балалардың сөйлеу тілін дамытудағы
маңызы мен ерекшелігін анықтау.
Сараптау - эксперименттік жұмыс-
тың алғашқы зерттеу кезінде төменде атал-
ған әдістеме қолданылды: балалардағы фо-
нематикалық қабылдау, сөзді дыбыстық
талдау мен жинақтау, сөйлемдерді түсінуін
және ұсақ саусақ моторикасын - Г.В. Чир-
кинаның «Мектепке дейінгі жастағы ЖСТД
бар баланы зерттеу» әдістемесі бойынша
жүргізілді. Ал, зерттеу жұмысының негізі
болып табылатын балалардың сөйлеу тілін
дамыту барысында М. Монтессоридің пе-
дагогикалық жүйедегі әдістемесін қолдан-
дық.
Жұмыстың негізгі бөлімінде М. Мон-
тессори әдістемесіндегі балалардың сөйлеу
тілін дамытуға бағытталып жасалынған
жаттығулар жинағын жұмысқа енгізу ар-
КОРРЕКЦИОННАЯ ПСИХОЛОГИЯ
Вестник КАСУ
254
қылы тәжірибе жүргізу сипатталады
Фонематикалық қабылдауды дамы-
туға М. Монтессори әдістемесінен іріктеліп
алған жаттығулар:
1 жаттығу:
Дыбыстарды анықтап, ажырату үшін
ұсақ заттарға толы қорапшаларды аламыз.
Заттарды балаларға аттарын атап танысты-
рамыз. Дыбыстарды қорапшалардағы зат-
тарды қозғалту арқылы шығарамыз. Зат-
тарды кезекпен сала отырып, балаларға қай
заттың дыбысы екенін анықтатамыз.
2 жаттығу:
- тыныштықты тыңдау;
- сағат соққанын;
- өзінің дем алып, шығарғанын;
- судың аққанын
3 жаттығу: Бала бірнеше дауысты жә-
не дауыссыз әріптермен танысқаннан кейін
оның алдына өзіне таныс барлық дауысты
және дауыссыз әріптер салынған қо-
рапшаны қоямыз. Ересек адам нақты және
анық түрде сөз айтады. Мысалы, алма. Бі-
рінші әріпті созып айтады. Бала ересек со-
зып айтқан дыбысты қорап ішінен тауып
алып үстел үстіне қояды. Енді ересек екін-
ші әріпті созып айтады. Бала әріпті қорап
ішінен тауып, үстелге бірінші әріптен кейін
орналастырады. Жасы кішкентай балаларға
дауысты және дауыссыз дыбыстардан тұ-
ратын буындарды ал сақта жеткілікті.
Бала ойынның ойналу реттілігін тү-
сінгеннен кейін тапсырманы жылдам орын-
дай бастайды. Құрастырылған сөзді оқу
біршама қиындық тудырады. Жаттығуға
кез келген сөзді алуымызға болады. Тек ба-
ла дыбыстардың бірінен кейін бірі ор-
наласу реттілігін түсінсе болғаны. Баланы
жаттығу барысында бақылаған кезде оның
бар зейінімен қорапшаға қарап, ересек айт-
қан дыбысты ішінен қайталап, табуға ты-
рысатынын байқаймыз.
Жаттығудың маңызы бала әр дыбыс-
ты таба отырып, өзінің сөйлеу тілін тал-
дап, дыбыстап, бекітеді. Сөздерді құрас-
тыру оған әріптердің дұрыс таңдап алын-
ғанын, ішінен дұрыс дыбыстағанын дәлел-
дейді. Осылайша, бала орфографияның не-
гізі болып табылатын білім дыбысталған
дыбыспен оның графикалық бейнесін сәй-
кестендіре отырып, есінде сақтайды. Жат-
тығуды орындап болғаннан кейін әріптерді
дауысталарын бөлек, дауыссыз дарын бө-
лек қорапшаларға салдырамыз. Сонымен
жаттығу барысында бала жазуға негіз бо-
латын білімді меңгереді.
Сөзді дыбыстық талдау мен жинақ-
тауға іріктеліп алынған жаттығулар жиыны
төмендегідей:
1 жаттығу. Бұдырлы қағаздан жасалған әріптер.
Құрал жабдықтар
Ағаш тақташаларға жабыстырылған бұдырлы қағаздан жасалған
әріптер кесіндісі, дауыстылар қызылмен, дауыссыз әріптер
көкпен белгіленеді
Жаттығудың
мақсаты
әріптердің кескіндерін есте сақтау, жазуға дайындау
Жасы
5-6
Жұмыстың
орындалуы
Ересек дыбысталуы мен бейнеленуі әртүрлі 3 әріпті таңдап алып,
жазылу бағыты бойынша бұдырлы қағаздан сұқ саусағымен әріп
үстінен жүргізіп, айтылуы бойынша дыбыстайды. Бұл сәтте бала-
ның алғашқы жазу қимылдары қалыптасады. Баланың міндеті
ересектің қимылын қайталау. Кейін ересек осы дыбыстан баста-
латын сөз айтып, баланың да осы әріпке сәйкес сөз ойлауын талап
етеді. Жаттығу барысында балаға таныс бірнеше әріппен жұмыс
істей отырып, баланың әріптерді бұдырлы қағаз бетімен және
ағаш тақтайшаның үстінен жазылу бағыты бойынша дұрыс жүр-
гізуін, дыбыстауын қадағалап отырамыз
2 жаттығу. Әріптерді үстінен жүргізу
Құрал жабдықтар
Қатты қағаздан жасалған әріптер кесіндісі, себет, стакан, дорба,
сөмке, қорап т.б.
КОРРЕКЦИОННАЯ ПСИХОЛОГИЯ
Вестник КАСУ
255
Жаттығудың
мақсаты
Әріптің баспа және кіші түрін ажырату, сол әріпке сәйкес сөз
ойлау
Жасы
5-6
Жұмыстың
орындалуы
Балаларға таныс әріптерді дыбыстай отырып, сол дыбыстан бас-
талатын заттардың ішіне саламыз немесе сол дыбыстардан бас-
талатын балаларға таратып береміз. Балалар көздері байланған
түрде әріптердің бейнесін қолдарымен жүргізіп, алған әріптеріне
сәйкес басында, ортасында, аяғында келетін сөздер айтады. Сөз-
дер белгілі бір лексикалық тақырыптарға байланысты болуы тиіс.
3 жаттығу. Қозғалмалы әліппе
Құрал жабдықтар
Баспа түріндегі әріптер жиынтығы салынған екі қорапша: бірінде
бас әріптер, екіншісінде кіші әріптер ішіндегі дауысты әріптер
қызыл түсті, дауыссыз әріптер көк түсті; бір қорапша көлемі
бойынша екіншісінен кішірек ондағы әріптер түстері бойынша
ажыратылмайды
Жаттығудың
мақсаты
Дыбыстарды әріптермен сәйкестендіре білуге үйрету
Жасы
5-6
Жұмыстың
орындалуы
Жаттығу арнайы кілемшенің үстінде орындалады. Ересек
баланың алдына бірнеше заттар салынған дорбашаны қояды.
Заттардың ата-уы естілуі бойынша жазылуы тиіс. Қолданылған
заттар: шар, дәп-тер, қалам, қой т.б. Бала қалауы бойынша затты
таңдап алып, атын атап сол заттың атауы басталатын әріпті
қорапша ішінен таңдап алады. Сөз ішіндегі екінші және үшінші,
төртінші әріптерді ересек көмегімен (анық ырғақпен дауыстауы
бойынша) бірінен соң бірін алып тізеді. Зат пен әріптерді бірінің
қасына бірін сәйкестендіріп қояды. Жаттығу әріптер мен заттарды
орындарына қайта қоюмен аяқталады
4 жаттығу. Әріптерді сәйкестендіру
Құрал жабдықтар
Ағаштан және қатты қағаздан қиылып жасалынған биіктігі 8 см
болатын кіші әріптер және 10 cм болатын баспа әріптер, әріп-
тердің түстері сәйкесінше дауыстылар қызыл, дауыссыздар көк
түспен боялған, қатты қағаздан жасалған әріптер кесіндісі, әріп-
тердің беткі жағына ермексіз жағылып, сол әріпке сай сурет жап-
сырылған
Жаттығудың
мақсаты
Дауысты және дауыссыз әріптерді ажырату, әріптердің жазылу
бағытына машықтандыру
Жасы
5-6
Жұмыстың
орындалуы
Бала ағаштан жасалған әріп қиындыларының үстіне қатты
қағаздан жасалған әріп қиындыларын жазылу бағыты бойынша
жапсыруы тиіс. Бала екі түрлі әріп қиындыларымен жұмыс жасай
отырып, сол әріптерге сай сөздерде де естерінде сақтайды. Тіпті
кейбір балалар қаламды әлі ұстап үйренбесе де, осы жаттығудың
арқасында әріп-тердің жазылу бағытынан хабардар болды
Сөйлемді түсінуге қолданылған жат-
тығулар жиыны төмендегідей:
1 жаттығу. Суды шелектен мөлшер
көрсетілген стаканға құю және керісінше.
Мақсаты: нұсқау бойынша тапсырмаларды
түсінгеніне қарай орындау және артық-кем
түсініктерін қалыптастыру үшін;
2 жаттығу. Тірі кесілген гүлдерге кү-
тім жасау. Мақсаты: берілген нұсқауды тү-
сінгеніне қарай орындау, жапырағын сүрт,
КОРРЕКЦИОННАЯ ПСИХОЛОГИЯ
Вестник КАСУ
256
бір стакан су құй т.б. Және эстетикалық се-
зімдерін дамыту.
3 жаттығу. Әртүрлі көлемдегі он ку-
бик. Қабырғасының ұзындығы кубиктен 1
см-ге қысқа және қабырға ұзындығы ку-
биктен 10 см-ге ұзын. Кубиктерді жазық-
тықта вертикальді және көлденеңінен әрқа-
лай орналастырамыз. Мақсаты: сөйлемді
түсінгеніне қарай, нұсқауларды орындау,
үлкен-кіші, үлкенірек - кішірек, көлемдерді
салыстыру.
4 жаттығу. Ішінде әртүрлі иістері (ко-
фе, гвоздика, анис және т.б.) бар бірнеше
қорапшалар. Иіскеуді және иістері ұқсас
заттарды табуды үйрену, иістерді ажырату.
Мақсаты: нұсқау беру арқылы бірнеше тап-
сырмаларды орындату, кофенің иісі қан-
дай? т.б.
5 жаттығу. Әртүрлі температурадағы
суы бар құмыралар. Температураны анық-
тау. Мақсаты: жылы - жылырақ - суық т.б.
түсініктерді меңгеру, маған жылы суы бар
құмыраны ампер және т.б. нұсқаулар бой-
ынша түсінгеніне қарай тапсырмаларды
орындату.
8 жаттығу. Ауызша жаттығу. Балаға
бірінен соң бірі түстер таратылып беріледі,
балаға сол түстерге сәйкес бөлмедегі зат-
тарды тауып, сипаттап беруі қажет.
Ұсақ саусақ моторикасын дамытуға
арналған жаттығулар реті төмендегідей:
1 жаттығу. Металдан жасалған пішіндер мен салмалар
Құрал жабдықтар
Әрқайсыда 5 алқызыл металдан жасалған рамкалары бар 2
төсеніш. Рамканың ұзындығы 14 см. Рамкаларға келесі көк
түсті салмаларды салу қажет: шаршы, төртбұрыш, дөң-
гелек, сопақша, шар, трапеция, бесбұрыш, үшбұрыш. Рам-
кадағы салмаларды салуға арналған ойықшалардың орта-
сында магнит бар. 14х14 см қағаз беттері, түрлі түсті
қарындаштар.
Жаттығудың мақсаты
Ұсақ саусақ моторикасын интенсивті түрде жазуға жат-
тықтыру, қол және көз тепе теңдігін дамыту
Жасы
5
Жұмыстың орындалуы:
Жаттығуды орындау үшін ересек баламен бірге жұмыс
орнын дайындайды. Жұмыс орнында төсеніш, қағаз, 3
түрлі түсті қарындаш және пішін салуға арналған рамка бо-
луы керек. Ересек рамканы балаға көрсете отырып қағаз
бетіне жанастырады. Бір қолымен рамканы қағазбен бірге
ұстап отырып, екінші қолымен рамканы түсті қарындаш-
пен бастырады. Бұл сәтте бала қарындашты дұрыс ұстауды
және сызықтарды біргелкі жүргізуді үйренеді. Кейін бала
сағат тіліне қарсы бағытта пішіндерді жүргізе бастайды,
сосын рамканы алып, сызған пішінінің үстіне сәйкес пі-
шінді қояды. Бір қолымен пішінді ұстап магнитке бекітеді.
Бұл сәтте бала қолымен үздіксіз және біргелкі әрекет етуге
тырысады. Бастыруға арналған құралдар алынып таста-
лады, қағазға шеті жүргізілген пішінді түсті қарындаштың
бірімен бояйды. Бояу үшін балаға пішіннің бір шетінен,
жоғарыдан төменге қарай вертикальді сызықтар жүргізу
әдістемесін үлгі етіп көрсетеміз. Қателерді түзеу: көзбен
көру арқылы тексеру, салынған пішіннің сызықтарының
шеттен шықпауы қарастырылады
2 жаттығу. Өрнек құрастыру
Құрал жабдықтар
Қағаз, түрлі түсті қарындаштар, қайшы
Жаттығудың мақсаты
Қолдың ұсақ саусақ моторикасын дамыту
Жасы
5-6;
КОРРЕКЦИОННАЯ ПСИХОЛОГИЯ
Вестник КАСУ
257
Жұмыстың орындалуы
Қағаз бетіне бірнеше геометриялық фигураларды салып,
бала қалауы бойынша кез келген түспен бояйды. Салынған
фигураларды қиямыз. Кейін оларды қосып біріктіру нәти-
жесінде әртүрлі әдемі өрнектер құрастырамыз.
3 жаттығу. Әріпті таны
Құрал жабдықтар
Бұдырлы әріптер жазылған көк және қызыл тақташалар.
Көзін жабуға арналған шыт
Жаттығудың мақсаты
Тактильді сезінуін дамыту. Жазуға дайындау
Жасы
5-6 жас
Жұмыстың орындалуы
Бұдырлы әріптер жазылған тақташаларды алдарына қойып
көрсетіп, дұрыстап анық сезіп, көріп алуларын талап етеміз.
Бала анықтап көріп алғаннан кейін көзін шытпен жауып
тастайды,бала бұдырлы әріптерді қолымен сипап, сезіп
көреді де, қандай әріп екенін анықтап айту керек.
Жаттығу М. Монтессори кітабында жазылған, оны ары қа-
рай жалғастырушылар Ю.И. Фаусек болған. Балалар үлкен
ниетпен жаттығуды орындап әріптерді атайды. Сезім арқы-
лы ол ойлау жұмысына қадам жасайды және саусақтың
ұшы арқылы бейне құрастырып,символдарды, белгілерді
ажырата алады.
4 жаттығу. Бұдырлы сөйлем
Құрал жабдықтар
Қорапқа салынған бұдырлы әріптермен жазылған сөйлемі
бар тақташалар. Көзін жабуға арналған шыт
Жаттығудың мақсаты:
Жазуға дайындау
Жасы:
5-6 жас
Жұмыстың орындалуы:
Тақташаларда бұдырлы әріптер мен жазылған сөйлемді
баланың алдына қойып, баланың көзін шытпен жабамыз.
Бала әріптерді сезіп, олардан сөйлем құрай алуы керек.
Бұл жаттығу көзі нашар көретін балалармен жұмыс жа-
сайтын мұғалімдерге жақсы таныс. Балалар бұдырлы
әріптерді анықтағанды жақсы көреді, қызыға орындайды.
Жаттығу балаларды жалықтырмай оқуға және жазуға үй-
ретеді
Бұл жаттығуды орындата отырып,
балаға қарындашты қолына сенімді ұстап,
сызықтар жүргізу үшін қол бұлшық еттері
қызметінің жақсы дамығаны тиімді. Бұл
ойлау қабілетімен қатар дамитын үрдіс бо-
лып табылады. ЖСТД бар балаларды жазу
қимылдарына үйрете отырып, алдымен
әріп кескіндерін қолдарымен ұстап сездіре
отырып, механикалық түрде олардың пси-
хомоторлы жолдарын жаттықтырып, әр
әріптің кескінін бұлшық ет қызметін пай-
далана отырып еске сақтаттым. Жазу үшін
қаламды дұрыс сенімді ұстап үйрену қажет.
Ол үшін жоғарыда аталған жаттығуды бі-
раз түрлендірсек жеткілікті. Көзі байланған
бала әріптің кескінін оң қолының тек сұқ
саусағымен ғана емес, ортаншы сауса-
ғымен де көрсетсе болғаны.
5 жаттығу. Суретті толықтыр
Құрал жабдықтар
Қызыл түсті дауысты әріптердің кескіндері, өрнек
Жаттығудың мақсаты
Көріп қабылдау мен моториканы дамыту
Жасы
5-6 жас;
Жұмыстың орындалуы
Баланың алдына қызыл түспен боялған дауысты әріп-
тердің кескіндерін және қағаз бетіне үлкен болып
КОРРЕКЦИОННАЯ ПСИХОЛОГИЯ
Вестник КАСУ
258
салынған өрнекті қоямыз. Бірақ өрнек толықтай аяқ-
талмаған. Баланың міндеті өрнекті әріп кескіндерін қою
арқылы аяқтау. Кейін өрнек толықтырылған соң әріптерді
атап, кескінін алдымен сұқ саусақпен кейін ортаншы сау-
сақпен жазылу бойынша жүргіздіреміз.
Жазылуы бойынша әріп кескіндерін саусақтармен жүр-
гізу жазуға қажет қол бұлшық еттерін жаттықтырады жә-
не бала әріп кескіндерін есіне сақтай отырып оқуды тез
меңгеретіні дәлелденген.
6 жаттығу. Рамканы өрнектеу
Құрал жабдықтар
Түймелер, бантиктер, түймешелер, жабысқақ заттары бар
рамкалар
Жаттығудың мақсаты
Қол бұлшық еттерін жазуға дайындау, ұсақ саусақ мото-
рикасын дамыту
Жасы
5-6 жас;
Жұмыстың орындалуы
Балаға ермексіз жапсырылған рамка беріледі. Бала қалауы
бойынша алдында тұрған бірнеше сауыт ішінен түймелер,
бантиктер, түймешелер, көптеген жарма түрінен біреуін
таңдап алып, рамка шетін әсемдеуі тиіс.
Жаттығулардың көпшілігі орындау
барысында уақытты көп қажет ететіндік-
тен, оларды топтық сабақтарға қарағанда
жеке логопедиялық сабақтарда қолдану ти-
імді екенін байқадық. Оны балалардың же-
ке тұлғалық ерекшеліктерімен түсіндіруге
болады. Әр баланың жұмыс істеу темпіне,
тапсырмаға қызығушылығының оянуына,
тапсырманы жылдам немесе баяу түсі-
нуіне, шаршауын. Зерттеу жұмысымның
негізгі мектепке дейінгі жастағы ЖСТД бар
балалардың сөйлеу тілін логопедиялық са-
бақтар барысында дамытуға арналған жат-
тығулар жинағын шығару мақсатына қол
жеткіздім дегім келеді.
Болжағандай, М. Монтесори әдісте-
месінің элементтерін мектепке дейінгі жас-
тағы балалардың сөйлеу тілінің бірқатар
құрылымдарын дамытуда қолдану нәтижесі
көріп тұрғанымыздай оңды болды. Аталған
әдістемені қолданудың нәтижесінде бай-
қалған балалардағы өзгерістерді атап өте-
тін болсақ:
1. Бала бойында өзін-өзі тәрбиелеуге,
өзін-өзі оқытуға, дамытуға деген қасиеттер-
дің пайда болуы;
2. Балалардың бір-бірімен қарым-қа-
тынастары өзгерді, ол басқа баланың іс-
әрекетін бақылай отырып бір дидактикалық
материалды пайдалану үшін құралдың бо-
сағанын тосады. Бақылау – бала танымын
дамытудың тиімді әдісі екенін естен шы-
ғармаймыз;
3. Материалмен қалай жұмыс істеу
керектігін бір - бірлеріне түсіндірулері нә-
тижесінде сөйлеу тілі және рухани жа-
ғынан дамуды көреміз, үлкеннің кішіге
қамқорлық көрсетуі;
4. Әдістеме баланы болашақ физи-
калық, әлеуметтік, интеллектуалды және
рухани дамыту көзі екені дәлелденді;
5. Сөйлеу тілінің негізі болып табы-
латын алғашқы фонематикалық білім әріп-
тердің кескіндерін есте сақтау, жазуға дай-
ындау, әріптің баспа және кіші түрін ажы-
рату, сол әріпке сәйкес сөз ойлауға үйре-
неді;
6. Дыбыстарды әріптермен сәйкес-
тендіре білуге, дауысты және дауыссыз
әріптерді ажыратып, әріптердің жазылу ба-
ғытына машықтанады;
7. Ірілі –ұсақты заттармен жұмыс іс-
тей отырып, саусақ моторикасын интен-
сивті түрде жазуға жаттықтырып, қол және
көз тепе теңдігін дамытуға жол ашылды;
8. Өз бетімен шешім қабылдап үй-
ренудің, жаңа дағдылар мен өзіне деген се-
німділіктің алғашқы белгілерінің қалып-
тасуы;
9. Әдістеме жаттығуларын орындау
барысында балаларда өзін-өзі тәрбиелеу
мен дамытудағы жан-жақтылық жүйесінде
КОРРЕКЦИОННАЯ ПСИХОЛОГИЯ
Вестник КАСУ
259
негізгі назар өз бетінше даму мен көру,
есту, сезу, дәм сезу сынды қабілеттерді жә-
не ұсақ саусақ моторикасын дамытуға жаңа
жол ашылды. Әр бала өзіне ұнаған іспен өз
темпі бойынша айналыса алады. Өз-өзімен
бәсекеге түсе отырып, балада өз күшіне де-
ген сенімділік туады;
10. Өз қатесін өзі бақылауға мүмкін-
дік туды;
11. Жаттығу барысында баланың қоз-
ғалысы қамтамасыз етілсе, екіншісі жа-
ғынан балада өз бетінше өз-өзіне қызмет
ету дағдылары қалыптасты;
12. Балалар дидактикалық материал-
дар мен жаттығулар ұзақтығын әрдайым
өздері таңдай отырып, өзіндік ағым мен
ырғақта даму мүмкін болды;
13. Күнделікті тұрмыс барысында
тыйым салынатын заттармен баланың емін-
еркін қарым-қатынасқа түсуі;
14. М. Монтессори әдістемесі ба-
ланың өз шамасына қарай білім алуға деген
алғашқы қызығушылықтарын оятады, оған
өзі қаламайтын іс әрекеттерді орында-
мауына болады;
15. М. Монтессори әдістемесі –
баланы тәрбиелеу мен дамытудағы әмбебап
әдіс
болып
табылатындықтан,
оған
еркіндік, қайталанбайтын мазмұн тән
болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |