Nazarbayev
Intellectual
Schools
109
разделить скот на четыре части. Кому ты оставляешь четвертую часть?
Отец ответил:
- Четвертую часть своего скота я оставляю вашему гостю. Пусть всякий, кто нуждается в пище и крове,
кто по желанию или по нужде явится в ваше жилище, найдет у вас приют, ласку и обильное угощение. И
если гость ваш из скромности станет отказываться от пищи и от питья, скажите ему, что ест и пьет свое, а
не ваше, ибо в вашем достоянии есть и его доля.
Миновали века, и многое переменилось с тех пор. Но во все времена крепок степной обычай
гостеприимства. Кто бы ни зашел среди дня или ночи в жилище казах, каждого ждет почет, мирный отдых
и щедрое хлебосольство – «конак асы» («пища гостя»).
(Из национального казахского фольклора)
Таким образом, обновленное содержание курса русского языка в профильных классах позволяет
совершенствовать основные общеучебные умения: коммуникативные, интеллектуальные, информационные,
организационные создавая условия для осуществления межпредметных связей
Литература:
1. Программы. Русский язык для 10-11 классов общеобразовательных школ с русским языком
обучения. Алматы, 2009, стр.3.
2. Брулева Ф.Г., В.К. Павленко. Русский язык. Методическое руководство. Пособие для учителей 11
классов общественно-гуманитарного направления общеобразовательных школ. Алматы, «Мектеп», 2011.
3.Ф.Г. Брулева, Г.Ф. Булгакова, В.К. Павленко. Русский язык. Учебник для 11 классов общественно-
гуманитарного направления общеобразовательных школ, Алматы, «Мектеп», 2011.
4. А.К. Мынбаева, З.М. Садвакасова Инновационные методы обучения, или как интересно преподавать:
Учебное пособие – Алматы, 2009г.
Бөлшекбаева А.И.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университетінің
(Қазақстан Республикасы)
АДАМИ КАПИТАЛ ЖӘНЕ БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМНІҢ ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ МӘДЕНИЕТІ
Әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті, жоғары білікті, ұшқыр ойлы, шапшаң әрекет ететін мамандар
басты басымдықтарға ие. Атап айтқанда, елдің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіші - халық өмірінің
жоғары деңгейі мен сапасы болып табылады.
Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап, адами капиталды дамыту, оның ішінде халықты сапалы
біліммен қамтамасыз ету - Елбасы саясатының басым бағытына айналды. Адам капиталы – бұл адамгершілік
қасиет, оқу-білім, кемелдік сана. Егер олар экономика саласына жұмсалса, онда адам капиталы болып
есептеледі. Дамыған мемлекет болу үшін ақыл, парасат, білім, ғылымды экономикаға жұмсау – бұл адам
капиталының мәні [1,4].
Соған байланысты Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама білім беру қызметі білім беруді
басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін қалыптастыруға, жеке тұлғаның еңбегін мемлекеттік қолдау
мен ынталандыруды күшейтуге, білім беру саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерге сай келетін білім
сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізуіне бағытталған. Тұлғаның бойында белсенді азаматтық
ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық
қасиеттерді қалыптастыру, республика азаматтарының материалдық және рухани әл-ауқатын жақсарту,
экономиканың тұрақты дамуы үшін баршаға арналған сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету
110
Nazarbayev
Intellectual
Schools
арқылы бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен ең бастысы еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге
қабілетті адами капиталды дамыту маңызына негізделген. Адами капитал дегенде тұлға, тіпті дара тұлға
деп айта кетуіміз керек. Қазіргі кезде – тұлғаға сұраныс туған [2,1]. Ендеше, болашақ маманның яғни
тұлғаның дүниетанымдық мәдениетінің де маңызы зор екенін айтқымыз келеді.
Болашақ мұғалімнің дүниетанымдық мәдениетін қалыптастыру қоғам өмірін ізгілендіру мен
демократияландыруға байланысты көкейкесті мәселенің біріне айналған. Осы орайда қазіргі жоғары
оқу орындарында рухани байлықты дамытуда және көркемдік білім берудің құнарлығын арттыруда
дүниетаным мәселесін теориялық-практикалық тұрғыдан қарастыру қажеттілігі туындап отыр. Ұстаз
қоғамның болашағын жасаушы. Мемлекеттің дүниежүзілік деңгейде шоқтығының биік болуы мұғалім
еңбегінің көрінісі, сондықтан мектептегі педагогикалық үрдістің жоғары дәрежеде болуы мұғалімнің
теориялық және практикалық даярлығына байланысты.
Мәдениетті болуға әрбір адам тырысатыны ақиқат, ал педагогтар үшін мәдениетті болумен қатар
дүниетанымдық мәдениеттің де маңызы орасан зор. Себебі, өзінің ұлттық менталитетін, мәдениетін,
санасын, дәстүрін меңгермеген маман болашақта құлықсыз ұрпақ тәрбиелеп шығады. Сондықтан да
болашақ мұғалімдер педагогиканың теориясымен ғана қаруланып қоймай, өздерінің дүниетанымдық
мәдениетін де қалыптастыруы тиіс. Жоғары оқу орнында өзінің педагогикалық білімін жетілдіріп жатқан
болашақ мұғалім «педагогикалық мәдениеттің» маңызды екенін жан-тәнімен сезіне отырып, оның ар
жағында тамыры терең «дүниетанымдық мәдениеттің» де аса маңызды екенін түсінуі қажет.
Педагогикалық мәдениет - мұғалімнің ғылыми-педагогикалық дайындығы мен тәжірибелік іс-әрекеті
арасындағы қарама-қайшылықтарды шешу дәрежесін бейнелейтін, оның педагогикалық іс-әрекет пен
тәрбие қатынастарының субъектісі ретіндегі тұтас тұлғасының мәнді сипаттамасы [3,182].
Сөз жоқ, мәдениетті қоғамдық құндылық деуге болады. Яғни, адамсыз, адам қоғамынсыз мәдениетті
елестету мүмкін емес. Сондықтан да, жетекші мәдениеттанушылар мәдениетке, ең алдымен, қызмет
үрдісінің өзі және нәтижесі, қызметтің құрылымдық қасиетке ұласатын тәсілі (Э.С.Маркарян), қоғамдық
үрдісті айқындайтын адам қызметінің мәні ретінде қарайды. Демек, мәдениет дегеніміз қоғамның өмір
сүруінің міндетті қызметі екенін аңғарамыз. Мәдениет қоғаммен диалектикалық байланыста. Былайша
қатынастарға түсудің тәсілі болып шығады. Бұл тұрғыдан келгенде, мәдениет-қоғам дамуының көрсеткіші,
сонымен бірге қоғамдағы өзгерістерге тәуелді де [4,26].
Дүниетаным - жеке адамның, әлеуметтік топтың, таптың немесе тұтас қоғам қызметінің бағытын
және шындыққа деген қатынасын айқындайтын ұстанымдардың, көзқарастардың мақсат-мұраттар мен
сенімдердің жүйесі [3,96].
Тұлғаның дүниетанымы оның ой-пікірін айшықтайды. Адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетін оның
білім деңгейі емес, дүниетанымын көрсетеді. Сонымен қатар, ол таным, адам, өмір салты философиясының
негізгі категорияларының бірі болып табылады және зерттейтін мәселесі болып табылады. Әлем, тұрмыс,
әлеумет пен индивид туралы, оның этикалық және эстетикалық жағдайы, адамның объективті әлемдегі
рөліне сипаттама береді.
«Дүниетанымдық мәдениет» мұғалімнің жеке кәсіби сапасы ретінде өзекті де табысты және қазіргі
заманғы ерекше үздік белгілерінің бірі болып табылады.
«Дүниетанымдық мәдениет» - мұғалімнің тұлғалық құрылымының элементі ғана емес, оның кәсіби
педагогикалық құрылымын байытудың және қалыптастырудың ең қажет факторы.
Жалпы дүниетаным адамзат пен қоғамның рухани өміріндегі күрделі құбылыс. Оның қолдауымен адамзат
қызметі ұйымдастырылған және реттелген сипатқа ие. Ол көзқарастар, ойлар, идеялар, құндылықтар мен
ұстанымдар жиынтығы болып табылады. Сонымен бірге, адамзаттың өмірлік позициялары айқындалып,
қызметі мақсатты түрде ұйымдастырылады.
Мұғалім – ғылыми дүниетаным иесі және оны жүзеге асырушы болып саналады. Жалпы, оқушының
дүниетанудағы жәрдемшісі мұғалім. Ол рухани жан дүниесі бай идеялық, психологиялық және әдістемелік
даярлығы бар, ой - өрісі кең және берік көзқарасты адам болуы керек.
Елбасының «Қазақстан - 2030» бағдарламасында жастарға жан жақты тәрбие беруді дамытудың ерекше
Nazarbayev
Intellectual
Schools
111
маңыздылығы айтылған [5,2]. Ендеше осы бағдарламаға сүйене отырып қоғамдағы белсенді тұлға – жас
маман иесіне оқу-тәрбие жұмысын қарқынды әрі сапалы жүргізу керектігін талап етіп қояды. Бұл жерде
біз болашақ жастардың өмірге өз үлесін қосып, орнын табуына ерекше ықпал ететін дүниетанымдық
көзқарасының қалыптасуына, олардың мәдени-әлеуметтік іс-әрекетін жетілдіруіне байланысты екенін
мойындауымыз керек.
Болашақ ұрпақтың дамуы ұстаздарының адамгершілігіне, белсенділігіне, білім деңгейіне,
шығармашылық іс-әрекетіне байланысты болмақ. Сол себептен бізді қоғамға аса қажет мамандардың
кәсіби шеберлігінің қандай дәрежеде екендігі үлкен мәселелердің бірі.
Сондықтан, ұстаздар осы сұраққа жауап алатындай білім, жоғары мәдениеттілік, дағды, іскерлік, өз
ісіне деген сенімділік, тез шешім қабылдай алатын, ұйымдастыру қабілеті жоғары болмағы мәлім. Жас
мамандардың ой-өрісінің , адамгершілігінің, рухани байлығының білім деңгейінің, жоғары мәдениеттілгінің,
дүниетанымдық көзқарасының, шығармашылық ойлау қабілетінің мәдени ортасына байланысты дамуына
қарай бірлесіп, түсінісіп кәсіби мамандығын жетілдіруге бағытталады. Бұдан шығатын қорытынды, жас
мамандардың бойына мынадай қасиеттерді қалыптастыруына мүмкіндік туады. Жоғары саналылық,
белсенділік, жауапкершілік, борыш сезімі, экономикалық ойлау және т.б.
Сонымен мәдени - әлеуметтік іс-әрекеттерді ұйымдастыру өзінің қосымша жасырын күшін, резервін
қолдану арқылы жүзеге асырылады. Оны әсерлі қолдану барысында болашақ маманның өзі таңдаған кәсібіне
сүйіспеншілігі артып, білімін тереңдетеді, яғни педагогикалық шеберлігін шыңдап өз ортасындағы беделін
арттыруға мүмкіндік береді. Әлеуметтік белсенділігін, мәдениеттілігін, іскерлігін қалыптастырады. Олай
болса, мұғалім – жалпы білім беретін әр түрлі типтегі мектептерде оқушылармен оқу-тәрбие жұмысын
жүргізетін маман. Мұғалім – дүниеге ғылыми диалектикалық материалистік көзқарасты, әлеуметтік,
психологиялық, педагогикалық даярлықты, жоғары адамгершілік сапаны, қоғамдық белсенділікті, оқушыға
және мамандыққа деген сүйіспеншілікті, дербес білім алу мен өзін-өзі тәрбиелеу жолдарын, қажеттілігін
игерген біздің заманымыздың алдыңғы қатарлы адамы.
Дүниетанымды қалыптастыру үшін адамға бәрінен бұрын білім негіздерін меңгеру қажет. Өйткені
білім дүниетанымды қалыптастыратын негізгі мәселе болып табылады.
Дүниетанымдық деңгейлерді сараптай келе, дүниетаным – әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның
орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы
деуге болады. Дүниетаным көзі – білім. Адам тіршілігінің көзі – табиғат. Дүниетаным – дүние және тану
деп аталатын екі бөлімнен тұрады. Адамның әрбір даму кезеңіне байланысты дүниені тану шеңбері мен
оның мазмұны ұлғайып, тереңдей түседі. Қоршаған дүниені білу – танымға байланысты. Таным – адам
санасын дамытудың негізгі және ол арқылы адам өзін қоршаған ортаны игеру мүмкіндігі [3,96].
Қоғамдағы кез келген мәселені тиімді, дұрыс шеше алатын, еңбек іс-әрекетіне және танымдық іс-
әрекетке қабілетті адамды дүниетанымы қалыптасқан тұлға деп айта аламыз.
Әдебиет:
1. Амангелді Айталы: Жігерлі азаматтардан тұратын қоғам табысқа жетеді//Егемен Қазақстан. 21
шілде, 2010.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 07 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен
бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы.
3. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 482 б.
4. Маркарян Э.С. Теория культуры и современная наука. М.: Мысль, 1983. с.59.
5. Қазақстан даму стратегиясы «Қазақстан – 2030».
112
Nazarbayev
Intellectual
Schools
Ғалымжанов Б.Ғ.
филология магистрі
Астана қаласы Білім беру жүйесіндегі кадрлар
біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының
(Қазақстан Республикасы)
РУХАНИ БАЙ МҰҒАЛІМ – ТАБЫСТЫ МҰҒАЛІМ
...Өмір деген – әркім өз жолын ғұмыр бойы іздеп өтетін қиындығы мен қызығы қатар жүретін, күрделі
тарам-тарам соқпақтардан тұратын үлкен мектеп... Осынау үлкен мектепте АДАМ деген үлкен атқа
лайықты болу үшін білім мен тәрбие керек.
Қоғам дамуында білім берудің ең маңызды мәселе екендігі ақиқат. Қазіргі кездегі білім берудегі негізгі
мақсат – жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-тұлғасы бар адами-рухани құндылығы жоғары,
қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз»,- деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
сөзі бекер айтылған жоқ. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі
ұрпақ бейнесінен көрінеді. Осыдан барып жас ұрпақтың бойындағы іскерлік қабілетін ашу және оларды
шығармашылыққа баулу туындайды.
Ал шығармашыл тұлға қалыптастыру үшін оны қалыптастыратын мұғалім де шығармашыл, дарыны
мен таланты ұштасқан, рухани бай болуы қажет-ақ.
Әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – осы ұстаз берген
білім. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез келген мемлекет, ең алдымен, білім
беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше, осындай бәсекеге қабілетті,
рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісінде. Ал жаңа формация мұғалімінің ең басты
талабы оның адами-рухани құндылығы. «Қыран – түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз – шәкіртіне
талмайтын талап сыйлайды», - демекші ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам
тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Ал жеке
тұлғаға білім беріп, тәрбиелейтін, дамытатын, әрине – ұстаздар қауымы.
Нағыз мұғалім деп тәрбиеленушінің ойы мен жүрегіне жол тапқан ұстазды айтамыз. Ал адам жүрегінен
жол таба білу оңай шаруа емес, тек қана адами-рухани құндылығы тереңдер сол жолдың ізінен адаспай
жүре алады.
Кейбір адамдарға не болып жатса да – бәрібір. Олар өздігінен ой қорытып, шешім іздеп жатпайды,
кім жоғарыда отырса, солардың сөзі – сөз. Түсі, түрі осылайша өзгеріп тұратын адамдар, өкінішке орай,
жоғары білімділердің арасынан да көптеп кездестіруге болады. Бұндай адамдар қоғам үшін өте қауіпті.
Тәрбие мәселесінде кетіп жатқан олқылықтарға зер салатын болсақ, ол олқылықтар ересектер тарапынан
жіберіліп жатқанын аңғару қиынға соқпайды. Қоғамның, уақыттың ығына жығылып, адами рухани
құндылығымыздың төмендігінен құтқара бастың қамын ойлайтын дәрежеге жеттік. Құтқара бастың қамы
үшін өмір сүруге етіміз үйренді. Соның нәтижесінде ұрпақ та бізден алыс емес. Нағыз байлық – дүниенің ағыл-
тегіл көптігі емес. Нағыз байлық – жан сарайыңның байлығы екенін терең түсіне алмай жүргеніміз өкінішті.
«Барлық мүмкіндік балалардың бойында»,- деген ұлы ойшыл А.Толстойдың даналық сөзі бар, ал баланы
дамытатын шығармашыл, талантты, білімді ұстаз. Жалпы алғанда барлық салалардағы сияқты педагогикалық
істе де талант сирек кездесетін нәрсе. Барлық мұғалім талантты болмаса да өз ісінің шебері болуға міндетті.
Жақсы шебер мұғалім ғана оқушылардың тұлғалық келбетін қалыптастыра алады.
Шығармашылыққа жетпей тұрып, шебер педагог болу мүмкін емес. Шығармашылық жаттау, есте сақтау және
жаттығу жолымен жасалмайды. Ол –мұғалім ізденісінің нәтижесі, оның ақыл-ойының көрінісі. Шығармашылық
– әр ұстаздың дара қасиеті. Ал шығармашылық тазалықтан, рухани байлықтан туындайтыны шындық.
ХХ ғасыр басында С.Торайғыров сынды даланың ұлы перзенті: «Ғылым екі жікке бөлінеді: бірі – дене
Nazarbayev
Intellectual
Schools
113
азығы, бірі – ар азығы. Дене азығы дегеніміз – осы күнгі адам баласының жеңіл күн көруіне себеп болып жүрген
саймандар білімі; ... ар азығы дегеніміз – әділдік. Осы соңғы – әділдік табылмай, басқа дене азығы өнерлерінің
көбеюімен жалпы адам баласының күн көрісі ауырламаса, жеңілдемейді, бақытсыздығы көбеймесе, азаймайды»,
-деген екен. Ал Ш.Құдайбердиев «Білім беру саласында «ар білімі» деген білім оқытылуы тиіс деп ойлаймын»
дейді.
Ізгі өнеге тәрбиесі біз айтып жүрген адамгершілік, эстетикалық, этикалық, ізгілік тәрбие т.б. дегеніміз бір
сөзбен ізгі өнеге тәрбиесі. Сондықтан баланы жас кезінен тазалыққа, бой тазалығымен қоса ой тазалығына
баулуды басты нысана етіп алуымыз шарт.
Ізгі өнегеге қаныққан ұрпақты білім-ғылымның қай саласына бәйгеге қоссаң да жеңіп шығатыны ақиқат.
Ұстаз деген ұғым ғұламалыққа жақын ұғым. Ол өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді,
адами мінездерін, өнердің қуат-әсерін, сырын, адамның жан-дүниесін, психологиясын т.б. білетін жан болуға
тиіс. Сонда ғана ұстаз деген атқа лайық болмақ.
«Мен үш қасиетімді мақтан тұтам», - деген екен Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым
һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым. «Адамның үш қасиеті - әркімнің өз құдайы». «Өз құдайынан
айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең», - деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Қанымызда бар асыл
қасиеттерімізді үнемі жандандырып, оны молайтып, адамгершілік деген қасиетті бойымыздан үнемі іздеп
отыруды дәстүрге айналдырсақ ұтарымыз көп болар еді деп ойлаймын.
Шығармашыл, рухани бай педагог өзінің педагогтік шеберлігін де ұтымды пайдалана біледі. Олай
болса, рухани бай мұғалім – қай бағытта да табысты болмақ.
Әдебиет:
1. Г.Сайынқызы. «Тамшы сөздер мен қамшы сөздер», Алматы, 2005ж
2. Ж.Аймауытов. «Тәрбиеге жетекші», Орынбор, 1924 ж
3. С.Сатыбаев. «Халық әдебиетінің тарихы негіздері», Алматы,1992ж
4. Ш.Беркімбаева, А.Құсайынов, А.Рысбаева, М.Бұлақбаева. Жоғары мектеп педагогикасы -2009ж.
Джанзакова Ш.И.
педагогика ғылымының докторы, доцент
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
(Қазақстан Республикасы)
ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫ КӘСІБИ ДАЙЫНДАУДАҒЫ
ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМНІҢ МАҢЫЗЫ
Қазіргі мұғалім өзінің педагогикалық іс-әрекетінде этностың материалдық және рухани өмірінде
көрінетін тәрбие туралы елестетулер эволюциясын бейнелейтін дәстүрлі мәдениетке, тәрбиенің жалпы
адамзаттық мәдениетінің бір бөлігін құрайтын этникалық қауымдастықтың педагогикасын зерттейтін
этнопедагогикаға сүйеуіне зор мүмкіндігі бар. Осыған байланысты жоғарғы педагогикалық мектептің
алдында мұғалімдерді өзінің түп-тамырын, салтын, мәдениетін және халықтың тарихи дәстүрін білетін,
халықтың рухани бай тәжірибесін игеретін, өзіндік тұрмыстық этнопедагогикалық мәдениет субъектісі
және қорғаушысы ретінде даярлаудың практикалық және ғылыми міндеттері тұр.
Болашақ мұғалімді этнопедагогикалық тұрғыдан даярлау үшін педагогикалық циклдегі бүкіл пәндердің,
оның ішінде этнопедагогика пәнінің маңызы аса зор.
Ғалымдар мен әдіскерлер этнопедагогиканың әуелі гуманитарлық білім жүйесіндегі орнын
философия, тарих, саясаттану, әлеуметтану психология, конфликтология, дінтану, валеология, экология,
медицина сияқты ғылымдардың қатарынан табылып, этнопедагогиканы ғылыми пән ретінде қарастырып
университеттік білім берудің педагогикалық бөлігін анықтайды.
114
Nazarbayev
Intellectual
Schools
Этнопедагогиканың дүниетанымдық деңгейдегі негіздеріне талдау жасалынып, ғалымдар осы саладағы
білімнің этномәдени құндылықтарын (мәдениеттанушылық тәсіл негізінде), этнопедагогикалық жүйені
(жүйелілік тәсіл негізінде), этнопедагогикалық кешенді (кешенді тәсіл негізінде), этнопедагогикалық
объектінің даму варианттарын (оңтайлылық тәсіл негізінде), этнопедагогикалық жүйелер мен үрдістерді
басқаруды (кибернетикалық тәсіл негізінде), этнопедагогикалық құбылыстарды өлшеудің критерийлік
аппаратын (математикалық - статистикалық) жан-жақты қарастыруды сондай-ақ, этнопедагогиканың
университеттік білім беру жүйесіндегі орнын нақтылау үшін этникалық педагогиканың сапалық белгілері
(этнопедагогикалық орта, ғылыми пән, білімдік кешені) объект, пән, мақсат тұрғысынан анықтау
бағытындағы зерттеу жұмыстарының нәтижелері - әлемнің ғылыми этнопедагогикалық бейнесі де
этнопедагогикалық білімнің негізгі инвариантын (логикалық-гнесеологиялық деңгейде) сипаттайды.
Ғалымдардың пайымдауынша, этникалық педагогикалық әдіснамалық негіздерінің теориясы (Г.Н.Волков,
К.Ж.Кожахметова) және этникалық педагогиканың әдіснамалық мәселелерінің теориясы қалыптасып,
олардың әрқайсысының құрамы анықталуда этникалық педагогиканың әдіснамалық негіздерінің
теориясына, оның жалпы әдіснамалық, жалпы ғылымилық, жеке ғылымдық, ғылыми-практикалық
негіздері енеді. Ал этнопедагогиканың әдіснамасы мәселелерінің теориясына оның әдіснамалық мәселелері
теориясы, этнопедагогикадағы ғылыми зерттеу әрекетінің теориясы, этнопедагогикалық ғылымтану
теориясы, этнопедагогиканың жеке теорияларының бөлімдерінің әдіснамалық мәселелері теориясы,
этнопедагогикадағы ғылыми зерттеу әрекетінің теориясы, этнопедагогикалық ғылымтану теориясы,
этнопедагогиканың жеке теоияларының бөлімдерінің әдіснамалық мәселелері, этнопедагогикадағы
ғылыми өзгертуші әрекет теориясы жатады.
Сонымен қатар, этнопедагогиканы университеттік білімнің педагогикалық бөлігі деп тану үшін ол
пәнді зерттеуге ғылыми пәндік тәсілді қолдану қажет. Бұл ретте этнопедагогикалық білімнің құрылымдық
элементтері (мән, байланыс, құрылым, құрамы, сипаттама, қызмет, қасиет, ерекшелік, ұстаным,
тұжырымдама, кезең, түр, бағыт, жолдар) қарастырылады. Сонымен этнопедагогиканың педагогика
ғылымы жүйесіндегі орнын да ескерген жөн деп ойлаймыз. Этнопедагогиканың өзі бүкіл ғылымның
құрылымын қайта жаңғыртады. Айталық оның іргелі және қолданбалы бөліктері, ғылыми-тәжірибелік
(тұлғаның этникалық даму педагогикасы немесе этникалық тәрбие), интегративті (орта педагогикасы), пән
аралық (этномәдени білім) және кешенді (этнопедагогикадағы кәсіби білім) салалары, ғылыми бағыттары,
ағымдары, мектептері бар.
Бүгінгі күні «этнопедагогика» термині педагогиканың түсініктік-терминологиялық аппаратының
бөлінбес құралы. Этнопедагогика этникалық топтардың балаларды тәрбиелеу мен оқыту саласындағы
этникалық тәжірибесін, отбасының, рудың, тайпаның, халықтың, ұлттың, демек тұтас этникалық бірліктің
ежелден келе жатқан құндылықтарына моральдық-этникалық көзқарастарды зерделеуде. Этнопедагогикаға
әлемді айырықша танып көрудің енуіне куә болып отырмыз. Этнопедагогиканы ғалымдар (оның ішінде
О.И.Давыдова) «халықтың тірі білімі» деп қарастыруда. Әрине этнопедагогикада бір білім үнемі халықтық
педагогикалық білімнің дәстүріне енетін жаңалықтарымен толықтырылып отырады деп тұжырымдайды.
Басқа сөзбен айтқанда, Этнопедагогика адамның халықтық мәдениетке кірудің бір құралы дейді. Әрине,
білім берудің гуманистік парадигмасы жағдайында жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда жұмысты
табысты атқара алатын педагогсыз мүмкін емес. Ол педагог қоғамның интеллектуалдық және мәдени әлеуеті
туралы түсінігіне сай болуы керек. Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің дамуы көптеген педагогтардың
педагогикалық және этнопедагогикалық мәдениеттің, психологиялық және педагогикалық біліктіліктің
жеткілікті деңгейінің болмауынан деп есептейміз.
Жалпы адамзаттық құндылықтарға ұлттық құндылықтар арқылы ғана қол жетпек, бұл құндылықтар
бір-біріне қарсы тұрмайды, керісінше, олар әрбір халықтың өзіндік ерекшеліктері мен өзіндік қасиеттерін
даралап көрсетуге ұмтылғаны абзал. Өйткені көркем ұлттық мәдениет - әлемдік мәдениеттің ажырамас
бөлігі. Үнемі олар әрекеттесіп, бейімделіп және бірін-бірі байытып тұрады.
Кез келген этнопедагогика алдымен әлеуметтік этнопедагогика болғандықтан, ол этностық бейімделу
міндеттерін шешуін бағытталады.
|