Nazarbayev
Intellectual
Schools
115
Этнопедагогиканың студенттердің кәсіби даярлық мазмұнына енуі этнопедагогика саласындағы маман
әрекетінің мақсаты мен құралдарының сәйкестігіне, олардың келісімді болуына, жүйелі түрдегі әсеріне,
талаптардың нақты және бірізділікті тікелей байланысты. Кәсіби даярлық болашақ мұғалімнің жеке,
ұлттық, қазақстандық және әлемдік мәдени-біліктілік қажеттіліктер мен қызығушылығын үйлесімді етуге
ұмтылғаны жөн. Осы үрдістер педагогтарды этникалық өмірдің іргелі аспектілерін, тәрбиелік дәстүрлері
мен салттарын, аймақтық мәдени ерекшеліктерін ескеруі керек.
Болашақ мұғалімнің этнопедагогикалық ұлттық санаға, ана тілінің орны мен рөлін түсініп білуге,
қазақстандағы этностардың тарихын, халықтың дәстүрлерін, салттарын тануға бағытталуы қажет.
Қазақстан жағдайында этнопедагогикалық көп мәдениетті орта қалыптасқан, ол орта балаға өз ұлтын
дұрыс түсінуге, басқа ұлт өкілдеріне төзімділік қасиеттерін, мәдениет аралық біліктілікті дамытуға үнемі
әсер етеді. Сонымен, кәсіптік білім берудің этнопедагогикалық бөлігін іске асыруда бірізді этнизациялауды,
оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, әдістерін және формаларын аймақтандыру деп түсінгеніміз жөн.
Этнопедагогика жеке тұлғаның әлеуметтік жаңа қасиеттерін жобалауға қатысады. Этнопедагогикада
адамды адам ететін әлеуметтіліктің бастауы орын алады.
Зерттеушілер этнопедагогикалық даярлықты бағалаудың өлшемдерін де жасаған. Нақты айтсақ,
мектепте дәстүрлі педагогикалық мәдениеттің жаңаруы мен сақталуына қамқорлық етудің көрінісі
(Г.Н.Волков); оқушылар ортасында прогресшіл халықтық дәстүрлерді этнопедагогикалық әдістер арқылы
қорғау және дамыту; оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде дәстүрлі педагогикалық мәдениетті дамыту.
Болашақ мұғалімнің этнопедагогикалық мәдениеті диагностикалық, ұйымдастырушылық, ағартушылық
және болжамдық қызметтер атқарады.
Сонымен қатар зерттеуші-ғалымдар мұғалімді даярлаудың этнопедагогикалық моделінде ұсынады. Бұл
модельді талдап қарасақ, оның құрамына білімдік этномәдени, диагностикалық, ұйымдастырушылық-
әдістемелік, ағартушылық-өздігінен білім алу блоктары енеді.
Этнопедагогикалық мазмұнды болашақ кәсіби мұғалімді даярлауға енгізудің негізгі шарттарын
қарастыра келе, мыналарды атап өтуге болады. Олар:
● Студенттің жоғары оқу орнына дейінгі тәжірибесінен кәсіптік мәдениетке қарай жылжу қозғалысы;
● Этнопедагогика мен ғылыми педагогика жасаған педагогикалық технологиялар ұстанымдарының
өзара әрекеттесуі;
● Кәсіптік даярлау барысында «тірі білімді» бірлескен шығармашылық, даму арқылы құру;
● Балалық және жастық шақ мәдениетін білу;
● Педагогикалық үрдіске тікелей қатысушылардың мәдениетінің диалогтық түрде әрекеттесуін
ұйымдастыру;
● Табиғи этнопедагогикалық ортаны пайдалану.
Сонымен, болашақ мұғалімнің этнопедагогикалық даярлығын жеткілікті деңгейде ұйымдастыру
мақсатында төмендегідей шарттарды ұсынамыз:
1. Этнопедагогика пәнінің мәртебесін, оның педагогикалық білімдегі орнын белгілеу;
2. Болашақ мұғалімді кәсіптік даярлау барысында университеттік білім жүйесіндегі этнопедагогиканың
мазмұнын анықтау ұстанымдарын нақтылау;
3. Этнопедагогиканың мазмұнының мазмұндық желісін құру, білімдік аймақтарын құрастыру;
4. Этнопедагогикалық білім мазмұны, әдістері мен технологиясы көрініс табатын құжаттарды немесе
кешенді даярлау;
5. Этнопедагогикадан жасалатын мемлекеттік білім стандарттары, типтік және жұмыстық оқу
бағдарламаларын, оқу-әдістемелік құралдарын білімнің жаңа мақсаттарына сай қайта зерделеу.
Бұл айтылған мәселелердің шешілуі жоғары оқу орындарында этнопедагогикалық әлеуеті бар басқа
пәндердің, сондай-ақ педагогикалық цикл пәндері мазмұнын ғылыми зерттеулер мен әдістемелік ізденістер
материалдарымен байытқанда ғана мүмкін болмақ.
Әдебиет:
116
Nazarbayev
Intellectual
Schools
1. Волков Г.Н. Этнопедагогика как подготовка национального спасения// Сибирский педагогический
журнал. 2004.-ғ2 с.137-142.
2. Кожахметова К.Ж. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика. – Алматы: Ғылым,
1998.
3. Харитонов М.Г. Этнопедагогическая переподготовка учителей начальных классов в условиях
реализации программы модернизации российского образования// Сибирский педагогический журнал.
2004.-ғ2 с.137-142.
Едігенова А.Ж.
Семей мемлекеттік педагогикалық институты
(Қазақстан Республикасы)
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ САПАСЫН АРТТЫРУ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ
МАМАНДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ШАРТЫ РЕТІНДЕ
Биылғы жыл педагогикалық мамандар даярлайтын жоғарғы оқу орындары үшін ерекше жыл болғанын
атап айту керек. Олай дейтініміз, педагогикалық мамандарды даярлау ісіне айрықша көңіл бөлініп, білім
беруді дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасын орындау аясында іске асырылатын бірқатар маңызды
бағыттар баса көрсетілуде. Аталған бағыттардың бірі – педагогикалық кадрлардың біліктілігін қазіргі
заман сұранысына сай түбегейлі өзгерту болған еді.
Еліміздің Білім және ғылым министрі Б.Т.Жұмағұловтың ағымдағы жылдың 24 мамырында Астана
қаласында Қазақстан Республикасының Премьер-министрімен болған отырыста жасаған баяндамасы
бүкіл педагогикалық қауымды елең еткізді. Олай дейтініміз, бұл баяндамада қазіргі қоғамдағы мұғалімнің
рөліне және педагогикалық мамандарды даярлау ісіне айрықша назар аударылған. Мұғалімдік мамандық
бүгінгі күні аса жауапты және игілікті мамандықтардың бірі екені даусыз.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында көрсетілгендей, еліміздегі білім беру жүйесі
үзіліссіз және сабақтастық қағидалар негізінде жүзеге асырылады. Яғни, ол мектепке дейінгі оқыту мен
тәрбиеден басталып, жоғары оқу орнынан кейінгі біліммен жалғастығын табады. Осыдан-ақ педагогикалық
мамандарға деген қажеттілік өз-өзінен туындап отыр.
Жоғары педагогикалық білім берудің басты мақсаты кәсіби білікті қазіргі заман талабына сай педагог
даярлау. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында болашақ педагогтарды даярлауда кәсіби – педагогикалық
бағыттылыққа, сонымен қатар кәсіби маңызы бар сапалардың қалыптасуын қамтамасыз етуге баса мән
беріледі. Жоғары педагогикалық білімді маманға қоғамның қоятын талабы соңғы жылдары арта түсуде.
Жаңа қоғам педагогы - бұл рухани дамыған, бай шығармашыл үнемі жаңалыққа ұмтылатын тұлға.
Жоғары педагогикалық білімі бар жас маман жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен ұлттың мәдени мұрасының
сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеуге және әр баланы жеке тұлға деп санап, оның жан-жақты
дамуына мүмкіндік жасауға даяр болуы керек. Сонымен қатар, әр баланың өзін-өзі тәрбиелеп дамуына,
білімін арттыруына, жетілуіне, бар мүмкіндіктерін барынша аша түсуіне көмектесуі қажет. Жас маман
осы іске қажетті кәсіби білім, іскерлік және дағдыны жоғары оқу орнында меңгеретіні сөзсіз. Бұл жоғары
білімді маман ретіндегі студенттің жеке тұлғасының қалыптасуы мәселесін қарастыруды қажет етеді.
Жоғары оқу орнында болашақ маманның жеке тұлғасын қалыптастыру – бұл аса күрделі және көп
қырлы процесс. Әрине, бұл үрдістің дұрыс болуы, ең әуелі оны ұйымдастыру және жоспарлау, жоғары
білімді маманға қажетті сапалардың дамуы үшін сыртқы және ішкі жағдайды қамтамасыз ету, білім
алушылардың білім, дағды және іскерліктерін толықтыру арқылы жүзеге асырылады.
Жоғарғы оқу орны оқытушысы студентті тәрбиелейді және оған білім береді. Оқытушының әрбір
әрекеті студенттің өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі жетілдіруіне негіз бола отырып, оның интеллектісін, жеке
басын және іс-әрекетін дамытуға бағытталады. Бүгінгі студент – болашақ маман:
Nazarbayev
Intellectual
Schools
117
•
жаңа формация мұғалімі ретінде өз мүмкіндіктерін бағалай білуі, өзі таңдаған мамандығына
сәйкес өзінің әлсіз және күшті жақтарын білуі керек;
•
интеллектуалдық іс-әрекет (қабылдау, ойлау, ес, қиял, зейін), мінез-құлық, қарым-қатынас, соның
ішінде, педагогикалық мәдениетті меңгеруі керек;
•
қазіргі білім беру үрдісіндегі өзгерістерді, әлемдік білім берудің даму тенденцияларын бағдарлай
білуі керек.
Екінші бір ерекшілігі, оның мотивтілігі, яғни педагогтың студентке, өз жұмысына деген қатынасын
көрсетеді. Үшінші ерекшілігі, оның нәтижелілігі, нақты мақсаттың орындалуы, яғни студенттің жеке
басының, интелектісінің, дамуының көрсеткіші; оқу іс-әрекетінің субъектісі ретінде оның жеке тұлғасының
қалыптасуын көрсетеді.
Жалпы жоғары оқу орны оқытушысының педагогикалық іс-әрекеті – студенттерді оқыту мен тәрбиелеу
мақсатының бірлігінен, оған жету жолдарынан және оны жүзеге асырудағы практикалық әрекеттерінен
айқын көрінеді. Бұл жоғары оқу орны оқытушысының педагогикалық іс-әрекет мазмұнына сәйкес бірқатар
қызметтерді атқаратынын меңзейді, мәселен, дамытушы, тәрбиелеуші, білім беруші, конструктивті,
ұйымдастырушы, коммуникативті және гностикалық (зерттеушілік). Осылардың кейбіріне тоқталсақ, оның
ұйымдастырушылық қызметі – студенттердің әр түрлі іс-әрекеттерін, студенттерге қажетті ақпараттарды
жеткізу және студенттермен тікелей өзара әрекет үрдісіндегі өзінің әрекеті мен қылықтарын ұйымдастыру
арқылы жүзеге асырылады; коммуникативті қызметі – студенттермен, басқа оқытушылармен және жоғары
оқу орны әкімшілігімен дұрыс қарым-қатынас орната білуін көрсетсе; конструктивті кызметі – студенттер
меңгеретін оқу материалын таңдау және ұйымдастыруды, оны меңгеру үрдісіндегі студенттердің іс-
әрекеттерін және біріккен іс-әрекеттерді жобалауды қамтамасыз етеді; гностикалық қызметі – студенттердің
жастық және жеке ерекшеліктерін, өз іс-әрекетінің нәтижесімен сол үрдістің өту ерекшелігін, оның
жетістігі мен кемшілігін зерттеуді қарастырады.
Жоғарғы оқу орны оқытушысының педагогикалық іс-әрекеті практика көрсетіп отырғандай,
бірқатар іс-әрекеттер жүйесінен тұрады. Бұл іс-әрекеттер, арнайы ұйымдастырылған, мақсатқа бағытталған.
Оның ең бастысы – оқытушының іс-әрекеті, яғни, тікелей оқытушы, үйретуші. Тағы бір жағынан қызмет
көрсетуші, енді бірі оқу құралдарына, оқу пәндеріне бағытталған және т.б. Іс-әрекеттің қайсы болса да
әдістемелік. Әдетте, оқыту адамға нақты білім, іскерлік және дағдыны беруді білдіреді. Дегенмен, білімді
жай беріп немесе «алуға» болмайды, ол тек екі жақтың (оқытушы-студент, мұғалім – оқушы) белсенді іс-
әрекетінің нәтижесінде ғана болатыны түсінікті. Демек, оқытуды үйретуші мен үйренушінің арасындағы
белсенді өзара әрекеттесу процесі деп түсінуге болады. Соның нәтижесінде, үйренушінің өзінің
белсенділігінің нәтижесінде нақты білім мен іскерліктері қалыптасады. Ал педагог үйренуші, білім алушы
белсенді болу үшін жағдай жасайды, оны бақылайды, қажетті ақпараттармен қамтамасыз өтеді.
Әлбетте, жоғары оқу орны оқытушысының педагогикалық іс-әрекеті аса күрделі. Ол мамандарды
даярлауға бағытталған және педагогқа аса жоғары талаптар қояды. Бұл қызметті атқару үшін, педагогқа
білікті, белсенді және шығармашыл болуы керек екендігі түсінікті. Басқаша сөзбен айтқанда, оқытушының
жұмысы – бұл студенттердің оқыту және тәрбиелеу мәселесімен байланысты сұрақтарды шешетін күрделі
процесс. Күнділікті әр оқытушы біршама уақытын жеке студентпен және студенттер ұжымымен өткізеді.
Демек, оқытушыға студентті әлеуметтік (студенттің әлеуметтік студенттік топқа еніп, жоғары оқу орнында
білім алушы ретінде өз міндетін орындауы), психологиялық (студенттің психикалық процестерінің:
түйсінуі, қабылдауы, есі, қиялы, ойлауы, зейіні; психикалық күйінің және психикалық қасиеттерінің:
темпераменті, мінезі, қабілеті, талғамы, әрекеті, қызығушылығы, бірлігі) және биологиялық ерекшеліктері
жағынан жан-жақты зерттеп білген де артық болмайды. Оның педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастырудың
тиімділігін арттырары сөзсіз.Сонымен қатар, бүгінгі студенттің жеке тұлғасының – үнемі даму және өзгеруі
жағдайында болатынын да ұмытпаған жөн.
Демек, жоғары оқу орны оқытушысының педагогикалық іс-әрекетінің нәтижелі болуы әр оқытушының
өз ісіне жауапкершілігінен, яғни өз іс-әрекеті мен студенттер іс-әрекетінің меқсат, міндеттерін түсінуінен,
мақсатқа жетуге ұмтылдыратын мотивтерінің болуынан басталмақ. Практика көрсетіп отырғандай,
118
Nazarbayev
Intellectual
Schools
оқытушының педагогикалық іс-әрекеті тек мазмұны жағынан ғана емес құрылымы жағынан да ерекшеленді,
яғни құрылымдық компоненттері: мақсаты, мотиві, құралдары, жеке тұлғаның танымдық процестері,
білімі, дағдысы, іскерліктері, жеке бас қасиеттері.
Педагогикалық іс-әрекетті шығармашылық процесс ретінде қарастырған соң педагогикалық іскерліктің
алар орнына да тоқталу керек тәрізді. Өйткені, педагогикалық іскерліктер дегеніміздің өзі оқытушының
өз пәні бойынша кәсіби білімділігін және жеке-психологиялық ерекшеліктерін анықтайтын, сондай-ақ
жоғарыда баяндалған педагогикалық іс-әрекеттің қызметтерімен сәйкес келетін әр түрлі әрекеттерінің
жиынтығын көрсетеді. Оқытушының педагогикалық іскерлігі, оның әрбір педагогикалық жағдаяттардан
жаңа шешім таба білуінен, проблеманы көре білуінен, мақсатқа жету жолдарын анықтай білуінен,
педагогикалық міндеттерді анықтауда студентті педагогикалық үрдістің белсенді дамып келе жатқан
мүшесі ретінде қабылдай білуінен педагогикалық жағдаяттың өзгеруіне қарай мақсат және міндеттерді
өзгертіп қайта құруынан, өз жұмысының нәтижесін көре білуінен және т.б. айқын көрінеді.
Демек, педагогикалық іс-әрекет педагог пен білім алушының арасындағы өзара әрекеттесу болса,
бұл екі жақтың да белсенділігін қажет етеді. Ең бастысы – жоғары оқу орнын бітірушілерге қойылатын
талаптарға сәйкес бүкіл оқыту – тәрбиелеу үдерісінің бір тұтас болуы.
Студент – бұл болашақтағы өндірістік еңбеккке даярланушы, өзіндік ерекшеліктері бар адамдардың
әлеуметтік категориясының өкілі. Болашақ маманды тәрбиелеу – оларда бағыттылық, қабілеттілік,
саналылық, тәртіптілік, адамдармен жұмыс істеу іскерлігі, өзін-өзі сынау және т.б. – жеке бас ерекшеліктері
мен қасиеттер қалыптастыру мақсатымен олардың психикасы мен іс-әрекетіне әсер етуді көрсетеді.
Студенттердің барлық іс-әрекеттері мен мінез-құлық мотивтерінің, сенімінің, өмірлік бағытының, мақсаты
мен міндетінің қазіргі қоғамның мақсат, міндеттері, қызығушылығымен сәйкес келуі – тәрбие процесінің
нәтижесі болады.
Жеке тұлғаның қалыптасуы – бұл үнемі рухани толығу, даралықты, интеллектілікті, ішкі және сыртқы,
жалпы және кәсіби мәдениетті меңгеру дегенді білдіреді. Тек осы қасиеттер болған жағдайда адам басқа
адамдардың іс-әрекетін, тәрбиесін, оқуын басқаруға қабілетті болып келеді.
Жоғары оқу орнын бітіруші жас маманның мамандығы бойынша қызметінің нәтижелілігі оның
студенттік шақта меңгерген білім, дағдылары мен іскерліктері, сонымен қатар жеке бас қасиеттерімен
қамтамасыз етіледі. Егер жас маманда бұлар дұрыс қалыптаспаса, ол жұмыста қиыншылықтарға кезігеді,
оның қызметіне кәсіби бейімделуі сөзсіз баяу өтеді. Қандай болмасын қасиет, мінез ерекшеліктері, қабілет
нақты іс-әрекетте қалыптасады. Психологтардың пайымдауынша, тұлғаның дамуы және қалыптасуы оның
іс-әрекетін ұйымдастыруға байланысты. Студенттер іс -әрекетінің тиімді болуы бірқатар шарттарға да
байланысты. Мәселен: студенттің айқын қажеттіліктері мен тұрақты мотивтердің болуы, іс - әрекеттің
нақты мақсат міндеттерін біліп қабылдауы; іс- әрекетті ұйымдастыру және оны жүзеге асыру тәжірибесінің
болуы; теориялық даярлығының болуы; практикалық әрекеттерді орындауға қажетті іскерліктері мен
дағдылардың қалыптасуы; студенттер ұжымында жағымды адамгершілік – психологиялық климаттың
болуы.
Күнделікті бақылау жоғары оқу орнында студенттің жеке тұлғасының қалыптасуына әсер
ететін шарттарды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді: студенттің өз мамандығының маңыздылығын
түсінуі; жағымды мотивацияның болуы; сабақта белсенді болу; оқу процесінің барысында мақсатқа
ұмтылушылықтың болуы; өзінің жеке қасиеттерін дұрыс бағалай білу; болашақ мамандығы бойынша
даярлық деңгейінің дұрыс болуы; кәсіби сапаларын жетілдіруге талпыну; қоғамдық жұмыстарға белсенді
қатысу; студенттер ұжымында жағымды моральдық – психологиялық атмосфераның болуы; жоғары оқу
орнында оқыту – тәрбиелеу процесінің қойылған талаптарды ескеріп ұйымдастырылуы; студенттердің оқу
бағдарламаларына сәйкес білімді меңгеруге даярлығы; студенттер мен оқытушылар арасында жағымды
өзара қатынастың болуы; ұжымшылдықтың, өзара көмектің болуы. Осы аталған шарттар студенттерді
тәрбиелеу және оқытуды кешенді жүзеге асыруға негізделеді.
Студенттің мотивациялық аймағына талдау жасау - оның неменеге талпынатынын, ол оған неге
керек екендігін, сол тәрізді оның бағыттылығын ашып білуге және оның барлық іс - әрекетінің
Nazarbayev
Intellectual
Schools
119
мақсаттылығының механизмін білуге көмектеседі. Мәселен, студенттің дүниетанымына ерекше мән
беріледі. Өйткені дүниетаным оның мінез- құлқын реттеуші, құндылық бағдарлауының көрсеткіші болып
табылады. Яғни, студенттің дүниетанымы - оның ақиқат дүние жайлы сенім, көзқарастары. Ол әртүрлі
құбылыстар, оқиғалар, фактілерді бағалауынан байқалады. Студенттің дүниетанымының қалыптасуына
оқыту - тәрбиелеу процесінің, іс - әрекеттерінің ұйымдастырылуы әсер етеді. Жоғары оқу орнында бұл
үшін мүмкіндіктер жеткілікті. Нақтырақ айтсақ, оқу бағдарламасындағы қандай болмасын пәнді оқыту
бұған үлкен мүмкіндіктер бере алады. Сонымен қатар студенттердің оқыту процесі барысында белсенді
болуының да айтарлықтай маңызы бар. Студенттер бар білімін өздігінен белсенді қолдана білу керек.
Сонымен дүниетанымды қалыптастыру - аса күрделі қарама-қайшылықты, көп жақты, өзгермелі
процесс. Ал оның дұрыс қалыптасуы студенттің ақыл-ойына, эмоциясына, еріктік және мотивациялық
(жастық және жеке ерекшеліктері ескерілу керек) аймағына әсер ету және оның танымдық іс - әрекетін
мақсатты бағытта ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етіледі.
Болашақ маманның қалыптасуында кәсіби бағыттылықтыңда рөлі айтарлықтай. Кәсіби бағыттылық -
бұл адамның бар білімін, тәжірибесін, қабілетін өзі таңдаған мамандығына сәйкес жүзеге асыруға талпынуы.
Осыдан оған өзі таңдаған мамандыққа деген жағымды қатынасы, бейімділігі, өзінің материалдық және
рухани қажеттілігін қанағаттандыруға деген ниеті айқын көрінеді. Студенттердің кәсіби бағыттылығының
қалыптасуы олардың болашақ мамандығына жағымды қатынасын жоғары оқу орнын аяқтаған соң өзінің
кәсіби біліктілігін, көзқарастары мен сенімін жетілдіруге талпынысын көрсетеді. Сонымен қатар кәсіби
бағыттылығын қалыптастыруда ғылыми жұмыстарға қатысу ерекше орын алады.
Кәсіби іс-әрекетке даярлықты мақсатты қалыптастыру дегеніміз жоғары оқу орнында оқыту және
тәрбиелеу әдістерін, тәсілдерін, түрлерін, құралдарын жүйелі және комплексті қолдануды білдіреді.
Байқап қарасаңыз, студенттердің іс-әрекетке психологиялық даярлығын қалыптастыру үдерісінің көп
қырлылығы, оған талдау жасауда бірқатар жайттарға назар салудың қажеттігін білдіреді:
-
ең әуелі, талапкерлердің мамандық таңдау бағдарын білу, олардың арасынан жоғары оқу орнының
бағдарламасын игере алатындарын іріктеу, бірінші курс студенттерінің жаңа ортаға бейімделуіне жағдай
жасау;
-
студенттердің оқу іс-әрекетінде олардың қалыптасуына талдау жасау;
-
бітірушілердің болашақ мамандығына даярлық деңгейін анықтау.
Әрине, мұның алғашқысында мектеп пен жоғары оқу орнының арасындағы сабақтастық жайлы
айтылса, келесісінде студенттердің кәсіби-психологиялық даярлығының қалыптасуы көп жағдайда жоғары
оқу орнындағы оқу жоспарларының құрылымымен анықталатынын білдіреді.
Оқытудың кредиттік жүйесі осы бір жайтты шешіп бергендей. Олай дейтініміз, студенттерге бірінші
курстан таңдау пәндерінің ұсынылуы. Яғни, қазіргі студенттерде өзінің мамандығына сәйкес арнайы
пәндерді таңдау мүмкіндігі бар.
Болашақ мамандарда жағымды мотивациясының қалыптасуында жоғары оқу орнында
ұйымдастырылатын тәрбие жұмыстарының мазмұны мен әдістерінің де айтарлықтай маңызы бар екенін
ұмытпаған жөн. Сондықтан оқытушылар болашақ мамандардың өзін-өзі тәрбиелеуіне көмек көрсетулері
қажет. Сонымен қатар, студенттерге тек қажетті білімді беріп қана қоймай, қоғам талабы мен қажеттілігіне
қарай, студенттердің мамандық таңдаудағы қызығушылықтарының дұрыс болуына баса мән берілгені жөн.
Бүгінгі күні жоғары оқу орнында студенттерді мақсат бағытталған жұмысқа кірістірудің мүмкіндігі
бар. Мысалы, студенттердің өздік жұмыстарын тиімді етіп ұйымдастыру: әр түрлі әдістер мен тәсілдер,
жаңашыл технология элементтерін қолдану, нақты әдебиеттерді оқуға ұсыну, өмірден мысал келтіру және
т.б. арқылы мамандандыруға сәйкес арнайы пәндерді мақсатты бағытта оқыту.
Сонымен, педагогикалық мамандар даярлау сапасын арттыру, сондай-ақ жоғары оқу орнындағы
мақсатты бағытталған арнайы ұйымдастырылған жұмыстар бәсекеге қабілетті маманды қалыптастырудың
қажетті шарты болады.
Ең бастысы, студентке өзінің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру үшін өздігінен білім алуы және өзін-
өзі тәрбиелеуі керек.
120
Nazarbayev
Intellectual
Schools
Әдебиет:
1. Кенесарина З.У. Педагогика высшей школы. – Алматы, 2007.
2. Зимняя И.А. Педагогическая психология. – Москва, 2002.
3.Дьяченко М.И. и др. Психология высшей школы.-М., 2006.
4.Леонтьев А.И. Деятельность. Сознание. Личность.- М., 1985.
5.Ильин Е.П. Мотивация и мотивы. – Минск, 2000.
Ермекова С. А.
Казахский Национальный педагогический университет имени Абая
(Республика Казахстан)
THE MORAL - AESTHETIC, AND PEDAGOGICAL VIEWS OF KHOJA AHMED YASSAUI.
The ancient history of Turkic states and Kazakhstan in particular, is full of great personalities who have left a
deep imprint on the life of not only our nation but the whole civilization. One of those unique people was Sheikh
Sultan Hazrat Turkistan ul-anbiya Khoja Ahmed Yassaui – a great sage, a saint, an intercessor for those who suffer
before God, a personality marked by the Almighty.
Yassaui was born in Ispidzhab (Sairam), which was once the center of the caravan route spread from Sham to
Shymkent, famous for its artisans, rich merchants, and above all, spiritual people. It was there where Islam spread
throughout Central Asia and Kazakhstan. It is there where the great sheiks of the Middle Ages lived and preached
- the first teachers of Yassaui - Arstan Bab (Salmani Farsi) and Yusuf Hamadani.
The year of the birth of Yassaui is unclear and the views of scientists on this matter diverge. Professor H.
Suinshaliev believed that Yassaui was born in 1094, died in 1167, having lived for 73 years. N. Nurmukhamedov
suggests that Khoja Ahmed was born in 1103. “Islam” Encyclopedic Dictionary states 1166.
Ahmed Yassaui was taught by famous Islamic sheikhs in Turkestan, and received a classical Islamic education.
He then continued his studies in Bukhara and returned to his hometown after that. The reasons for his return to
Turkestan will be explained later. Yassaui left us his famous «Hikmats», which he wrote for many years in a
complete renunciation of earthly goods in an underground monastic cell.
Islamic dictionaries mainly state that «... Sufism (al-tasawwuf) is a mystical and ascetic teaching of Islam.
Sufi writers often elevate the etymology of this term to the expression of the Ahl al-Suffa (people of the bench,
or canopy), which applies to especially devoted followers of the Prophet. Many scientists think that the word al-
tasawwuf comes from the Greek word for «wise man» - sofia... «./1/
«Al-tasawwuf» refers to the concept of purification. A system of mystical knowledge of the Truth was known to
ancient people. This foundation, apparently, was common to most religions of the world. «…Different meditative
practices (cultic, religious, philosophical, psychotherapeutic, didactic-propaedeutic, etc.) associate induction and
the course of meditation with a particular sequence of mental acts, which turn into a natural process. Therefore, the
meaning of meditation in almost all the languages is semantically related to the concept of «mind» and «thinking»
at the same time as a natural human ability, independent of his conscious intention (Sanskrit - Dhyana, in Russian
- thinking, Greek – I’m thinking, Eng. – slumber dreaming, etc.). Meditation techniques are differentiated by
the sets of techniques and the sequence of steps needed to achieve the balance of mind and the non- reactivity
of the psyche. Meditation had a special development in Indian and Buddhist yoga, in the ancient «philosophical
ecstasy» of the Platonists and Neoplatonists, in the orthodox «tacit prayer” («Logos-meditation» or «Jesus
prayer»), in the “exirtitias” of the Jesuits, in teaching of «the Way» of Sufi-Muslims, and also in some schools
of modern psychoanalysis (Jung) that are aimed at the integrity of a personality…»./2/ Thus, meditation and
knowledge (Muslim terms: zikr and fikr) are the main pillars of Sufism. This is a sort of common denotation of
|