Nazarbayev Intellectual Schools Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «назарбаев зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет21/72
Дата22.12.2016
өлшемі9,34 Mb.
#31
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   72

Nazarbayev

Intellectual

Schools

127


 

Білім  беру  мекемесіндегі  менеджмент  сапасы  педагог  мамандардың  кәсіби  дамуында  негізгі 

болып саналатын оқу-тәрбие үрдісін басқару, жаңа формациядағы педагогті қалыптастыру, оның кәсіби 

құзыреттілігін дамытуға басымдылық берілумен өлшенеді. 

Институттың  оқу-әдістемелік  жұмысы  педагог  қызметкерлердің  біліктілігін  жетілдірудің  жаңашыл 

түрін  іздестіруге,  педагог  қызметкерлердің  кәсіби  мамандықтары  бойынша  білім,  білігін  дамыту 

бағытындағы сұраныстар мен жекелеген педагогтардың көкейкесті сұрақтары төңерегінде және олардың 

білім сапасымен қамтамасыз ете алу мүмкіндіктерін үйренуіне негізделеді.

Институтта  осы  бағытта  құзырлылық  негізінде  педагогтардың  біліктілігін  арттырудың  модульдік 

бағдарламасын әзірлеу; педагогтардың өз білімдерін дамыту қажеттілігін анықтау мақсатында маркетингтік 

зерттеулер жүргізу; қашықтықтан оқыту курстарын ұйымдастыру; желілі педагогикалық құрылымдарды 

қалыптасытру және дамыту (желілі шығармашылық зертханалар, жаңашыл мұғалімдердің құрылымдары 

және т.б.); педагог мамандардың біліктілігін арттыру жүйесінде модуль негізінде жаңашыл педагогикалық 

тәжірибені жүйелеу және оны меңгерудің құрылымын жасау; 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік 

білім  беру  бағдарламасының  негізінде  облыс  ШЖМ-не  білім  беру  бағдарламаларын  ендіруде  ғылыми-

әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету бойынша жұмыс жоспары құрылған.

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  білім  беру  саласына,  оның  ішінде  ұстаз  мәртебесіне  баса  назар  аударып 

келеді. Осы мақсатта мемлекет тарапынан жан-жақты жағдайлар жасалуда. Білім беруді қаржыландыру 

көлемі жылдан-жылға өсіп келеді. Бұл әріптестер арасында бәсекелестік ортаның тууына себепкер болады. 

Сондықтан қазірден білім-білігімізді арттырудың механизмін, оның материалдық және әдістемелік базасын 

құрудың тиімді жолдарын қарастыруымыз керек. Келесі көңіл бөлетін нәрсе – педагогтік кәсіпті насихаттау, 

оның қоғамдағы орнын биік тұғырға көтеру әрі оларды материалдық тұрғыда қамтамасыз ету мәселесі. 

Осы бағытта институт мақсатты жұмыс атқаруда. Мұғалімдер мен оқытушылардың шығармашылығына 

талдау  жасалып,  жаңашылдықпен  ерекшеленген  іс-тәжірибелер  баспасөз  беттерінде  үнемі  жарияланып 

отырылады. 

Келешекте атқарылар үлкен міндеттің бірі – электрондық оқыту – е- learning. Оны дамыту – бірден-бір 

жетекші әлемдік үдерістердің бірі. Бұл оқыту сапасына қолжетімді қамтамасыз етеді. 

Қазіргі қоғамда білім саласын модернизациялау арқылы педагог мәртебесін өсіру, бәсекеге қабілетті 

әлемдік  білім  кеңістігіне  енуге,  сапалы  білімге  кепілдік  жасауға  болатындығына  тағы  да  көзіміз  жетіп 

отыр.


Қорытсақ,  басқару  үдерісіне  білім  беру  мекемесінің  әр  мүшесі  болып  жатқан  жағдайлардан  тек 

хабардар болып қана қоймай оның шешімін талқылау және қабылдау барысында да белсенді қатысушы 

ретінде танылса, басқарушы мен ұжым мүшесі субъект-субъектілік қатынасқа көшкенде және атқарған 

істердің үндестігі, үйлесімділігі болған жағдайда ғана сапалы білімге қол жеткізуге болатыны дәлелденіп 

отыр. Себебі басқаруда жүйелік және біртұтастық ұстанымдары педагогикалық жүйені тиімді әрі нәтижелі 

басқарудың алғышартын қалауға жағдай тудырады.

Әдебиет:

1.  Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік 

бағдарламасы, 2011 ж.

2.  Назарбаев Н. Бәсекелестікке қабілетті Қазақстан үшін. Бәсекелестікке қабілетті экономика үшін. 

Бәсекелестікке қабілетті халық үшін.- Қазақстан халқына жолдауы. - Алматы, 2004. -21 б.


128

Nazarbayev

Intellectual

Schools

Жакишева Г.А.

А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ

(Қазақстан Республикасы)

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІГІН АРТТЫРУДА 

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЯНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ

Елімізде болып жатқан өзгерістер, дүниежүзілік қауымдастықтағы білім беру процесінің даму үрдісі 

қоғамның  алға  қарай  дамуындағы  білім  берудің  стратегиялық  маңыздылығын  дәлелдейді.  Білім  беру 

аясында әлеуметтік халақуалдың өзгеруі мұғалімге жаңаша талаптар қояды, олардың негізгі мәні оқытудың 

жаңа сапалық деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған. Бүгінгі таңда білім беру жүйесін дамытпалы оқу 

технологиясына ыңғайлау қажеттігі туып отыр. Мұның өзі ұстаздардан шығармашылықпен, ізденушілікті, 

жаңа шылдықты талап етеді. Оқушыларға білімді терең әрі тиянақты беру үшін оқыту әдісін жетілдіру, 

түрлендіру әр ұстаздың негізгі міндеті.

Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы мәдениеті, саналы ұлттың ойлау қабілетімен 

біліміне, іскерлігіне байланысыты. 

Білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі 

әдіс – тәсілдерін қолдана отырып., терең білімді, ізденімпаз, барлық іс - әрекеттерінде шығармашылық 

бағыт  ұстанымын,  сол  тұрғыда  өз  болмысын  таныта  алатын  жеке  тұлға  тәрбиелеу  ісіне  ерекше  мән 

берілуде.  Жаңа  заман  талаптарына  ХХІ  ғасыр  ақпарат  ғасыры  болғандықтан  адамзатқа  ақпараттық 

сауаттылық қажет, сондықтан білім беру үшін оқыту үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану 

аясын  кеңейту  оқытушылардың  үлкен  кәсіби  даярлығын  және  үнемі  әдістемелік  ізденісті  талап  етеді. 

Бүгінгі күні инновациялық әдістермен оқытудыңақпараттық технологияларын қолдану арқылы оқушының 

ойлау  қабілетін  арттырып,  ақпараттық  технологияларнегізінде  ізденушілігігін  дамытып,  құзыреттілігін 

қалыптастыру  ең  негізгі  мақсат  болып  айқындалады.  Бастауыш  сыныптарда  ақпараттық  технологияны 

пайдалану  компьютерлік  сауаттылықтың  алғашқы  негізін  қалауға,  оқушылардың  логикалық  ойлауын 

шығармашылық  ойлауға  жеткізуге  бағытталады.  Бастауыш  сынып  оқушыларын  оқыту  процессінде 

ақпараттық  технологияларды  қолдану  оқытуды  интенсификациялау,  оқушылардың  жеке  және 

дифференциялдық тұлғасын дамытуға, шығармашылық іс-әрекетке баулуға, оқушыны ақпараттық кеңістік 

жағдайында үйлесімді өмір сүруге даярлауға мүмкіндік береді.

Ақпараттық технологияны оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру үшін пайдалануда 

төмендегідей талаптарды орындау қажет:

• 

қазіргі  білім  беру  жүйесіндегі  ақпараттық  кеңістік  туралы  біртұтас  түсінікті  қалыптастыру 



мақсатында ақпараттық ресурстарға бағдарлау, ақпараттарды іздеу алгоритмі;

• 

ақпараттық  сауаттылық  тапсырмаларды  түрлендіру  мен  технологияларды  қолдану  әдістерін 



меңгеру;

• 

ақпараттық  технологияның  мүмкіндіктерін  пайдалану;  білім  беру  процесінің  ерекшеліктерін 



ескере отырып, бағдарламалық құралдарды қолдану;

Жаңа ақпараттық технологиялар мұғалім мен оқушы арасындағы қарым қатынасты өзгертуге ықпалын 

тигізеді. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең, білгір болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-

психологиялық сауатты, саяси экономикалық білімді және ақпараттық технологияны жан-жақты меңгерген 

ақпараттық құзырлы маман болу талап етілуде. Ақпараттық технологиялардың келешек ұрпақтың жан-

жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық 

психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

Ақпараттандырудың негізгі бағыты XXI ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары 

тиімділікті  технологияларына  сүйенген  жаңа  білім  стратегиясына  көшу  болып  табылады.  Заман 

ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта 



Nazarbayev

Intellectual

Schools

129


электрондық  оқулықты  пайдалану  оқушылардың  танымдық  белсенділігін  арттырып  қана  қоймай, 

логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шағармашылық пен еңбек етуіне жағдай жасайды. Әр мұғалім 

сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, білім 

берсе,  оқушылардың  қызышулығы  арта  түсері  анық.  Ақпараттық  технологияны  оқу  тәрбие  үрдісіндегі 

қолдану  оқушының  өз  мамандығына  қызығышулығын  арттырып,  шығармашылық  шабытын  шымдап, 

ғылыми көзқарасын қалыптастырып, маманддық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті 

мамандар даярлауда үлесі мол.

Ақпараттық  технологияларды  игеру  қазіргі  заманда  әрбір  жеке  тұлға  үшін  оқу  және  жазу  қабілеті 

сияқты  сапалармен  бірқатарға  және  әрбір  адам  үшін  қажетті  шартқа  айналды.  Бүгінгі  таңда  мектепте 

қойылатын талаптарының бірі – заман талабына сай сабақты тиімді өткізу, оқумен тәрбиелеудің тиімді 

әдістерін  таңдау,  өмірмен  байланыстылығын  нығайту  оқытудың  негізгі  мақсаты  -  өз  бетінше  іздене 

алатын жеке адамды қалыптастыру, оқушыны дара тұлға етіп тәрбиелеу. Олардың білім сапасын, таным 

– білім белсенділіктерін, іскерліктерін шығармашылық қабілеттерін дамытуда әр мұғалім оқытудың жаңа 

технологиясын күнделікті сабаққа енгізіп, сабақ берудің тиімділігін өз тәжірибелеріне енгізу қажет.

Білім – ел қазынасы, халқымыздың білімділігі – ел байлығы. Оқушылардың алатын негізгі білімдерінің 

айнасы оқыту дәрежесіне тәуелді. Сондықтан әрбір мұғалім өз ісінің шеберлігін жетілдіру үлесін өз алдына 

белгілі бір мақсат қоя отырып, жұмыс жүргізеді. Ондай мақсат:

• 

сынып оқушыларының кәсіптік қызығушылығы мен шығармашылық қабілетін дамыту;



• 

әр оқушының дұрыс білім алу үшін жағдай жасау;

• 

оқушының  әртүрлі  өмірлік  жағдайлардан  мектепте  алған  білімін,  білігі  мен  икем  дағдыларын 



тиімді пайдалана отырып, нәтижелі шығуына жағдай жасау.

Осындай  мақсатты  негізге  ала  отырып,  оқытудың  ең  басты  ерекшеліктеріне  көңіл  бөлу.  Оқытудың 

ерекшеліктері:

• 

оқушының жеке даралық ерекшеліктеріне мән беру;



• 

оқушының әлеуметтік мүмкіндігін кеңейту;

• 

ата-аналар мен мектеп, оқушы мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты кеңейту.



Білім  беру  жүйесі  –  мұғалімнің  тынымсыз  іс-әрекеті.  Ондай  әрекеттерге  мұғалімнің  кәсіби  білімі, 

ғылыми  –  эрудициясы,  жалпы  білім  деңгейі,  әдістемелік  шеберлігі  ұйымдастырушылық  қабілеті, 

шығармашылық биігі жатады.

Білім мазмұнын жаңарту – бүгінгі күннің ұстаздарының басты міндеті.

Қазіргі таңда өзімнің сабақ өткізу бағытында сабақтың сапасын, мазмұнын, әдістерін жаңа деңгейге 

мүмкіндігінше  көтеруге  тырысамын.  Мен  өзімнің  қазақ  тілі  сабағынан  өткен  тақырыбымды  ұсынып 

отырмын.

Тақырыбы: Сөз таптарын еске түсіреміз

Мақсаты: 1. Сөз таптары туралы алған білімдерін саралап, жинақтау, одан әрі тереңдету;

 2. Оқушылардың сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын одан әрі дамыту;

 3. Тілді құрметтеуге, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу;

Типі: дәстүрден тыс аукцион сабақ

Әдісі: Сұрақ-жауап салыстыру талдау – жинақтау, көрнекілік түсіндіру, ізденіс.

Көрнекіліктері: интерактивті тақта, сызбалар.

Технология: дамыта оқыту, ақпараттық технология, сатылай комплексті талдау.

І. Ұйымдастыру:

1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару;

2. Мұғалімнің хабарландыруы;

Оқушыларға бүгінгі сабақтың ерекшелігін айту;

Бүгінгі сабақ аукцион – сабақ деп аталады.

Аукцион 1. Дегеніміз не ? (оқушылар пікірін сұрау)

2. Мұғалімнің толықтыруы



130

Nazarbayev

Intellectual

Schools

Аукцион - латын сөзі. Тауарды сату мен сатып алудың алуан түрлі жолдары болады. Мысалы: ақшаңа 

сатып алу, қымбат бағалы заттарға айырбас жасау. Кейде тауарды сатып алушылар көп болса, онда жиын 

ұйымдастырылып, сатылатын затқа әркім өзі баға береді. Кім көп ақша ұсынса, зат соған сатылады, яғни 

аукцион дегеніміз - көпшілік алдында өтетін жария сауда. Сауданың бұл түрі шет елдерде көп қолданылады. 

Балға - сатудың басталғаны мен аяқталғанын білдіріп отырады. Біздің бүгінгі сабағымыз осылай өтеді. 

Мен – сатушы, сендер-сатып алушылар.

3. затты ақшаға сатпаймын

Білімге айырбастаймын

Кімде білім көп болса 

Сол оқушы ала алар

Үндемеген оқушы 

Бәрінен де құр қалар

4. Сыпайылық әліппесімен танысу

а) Мұғалімді зейін қойып тыңда;

ә) Сыпайы сөйлей біл;

б) Досыңның сөзін, жауабын бөлме;

в) Дұрыс тыңдау да жақсы қасиет;

II. Білімді жан-жақты тексеру 

Тақтада заттардың бейнелері шығады: қалам, дәптер, өшіргіш, сурет дәптер, шар, ұштағыш, сызғыш.

(аукцион) 1. Сөз таптарын еске түсір, қандай сөз таптары бар?

 2. Кім? Не? сұрағына жауап беретін қай сөз табы?

 3.Не істеді? Қайтті? сұрағына жауап беретін қай сөз табы?

 4.Қандай? Қай? сұрағына жауап беретін қай сөз табы?

 5.Қанша? Неше? сұрағына жауап беретін қай сөз табы?

III. Мақсат қою кезеңі

1.  Дәптерге күн ретін жазу

2.  Көркем жазу: Ыы

 

Жақсымен сауда қылсаң, керіс болмас,



 

Жаманмен сауда қылсаң, тегіс болмас.

IV. Білімді меңгерту

1.  Оқулықпен жұмыс (2 жаттығу)

(аукцион) Мұғалім, қыздар, ...

 

Тақта, үстел, ...



 

Математика, ... Қандай сұраққа жауап береді?

 

Есеп, ...



 

Қуаныш, ...

2.  (аукцион) (3 жаттығу) 

Бала


Құс

Балық Қимылды білдіретін сөздерді таңдап жаз? 

Қар

Ағаш 


3.  СЕРГІТУ сәті «Қазақ тілі әнін сырнаймен орындау»

V. Сабақты бекіту

1. Өзіндік жұмыс (4 жаттығу)

 а) Сын есімдерді байланысып тұрған зат есіммен бірге теріп жаз?



Nazarbayev

Intellectual

Schools

131


 ә) Сын есімге сұрақ қой?

 (аукцион) Тексеру (бір оқиды) 

VI. Қорытынды шығару 

1.  Сатылай комплексті талдау

( аукцион) ______________гүл, ойнады, бес, ыстық

 ______________ cөз табы ?

 __________ ____ cұрағы ?

 ________________ буын ? 

 ________________ сөйлем ?

VI. Үйге тапсырма беру ( 5- жаттығу)

VII. Бағалау 

Әдебиет:


1.  А. Сахатова. Ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану. Алматы, 2001 ж.

2.  Ж.  Ы.Сардарова.  Білім  беруді  жаңарту  жағдайында  бастауыш  мектепті  ақпараттандырудың 

теориясы мен практикасы. Алматы, 2008 ж.

Жалмагамбетова Б.Ч.

кандидат педагогических наук

Павлодарский областной институт повышения 

квалификации педагогических кадров

(Республика Казахстан)

ПЕРСПЕКТИВЫ РАЗВИТИЯ СИСТЕМЫ ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ 

ПЕДАГОГИЧЕСКИХ КАДРОВ В УСЛОВИЯХ МОДЕРНИЗАЦИИ ОБРАЗОВАНИЯ

Современное образование на этапе модернизации характеризуется значительными переменами как в 

условиях функционирования организаций образования, так и в самом содержании образования. 

Школы  готовятся  к  переходу  на  12-летний  срок  обучения.  Повышается  значение  личностно 

ориентированного  подхода  к  образованию  и  обучению.  Вектор  обновления  содержания  образования 

диктуется новыми целями и направлен на изменение процесса обучения, при котором каждый современный 

школьник  сможет  овладеть  не  только  определенными  знаниями,  но  и  теми  компетенциями,  которые 

необходимы  для  его  успешной  социализации,  становления  как  субъекта  бытия  (личности).  Во  многих 

организациях образования идет интенсивный поиск содержания и форм организации методической работы, 

способствующей становлению нового мышления педагога.

Принятие Государственной программы развития образования Республики Казахстан на 2011-2020 годы 

как стратегического документа инициировало ряд проектов и начинаний.

Инновационный характер перемен в образовании привнес коррективы в перечень профессиональных 

компетенций  педагога  (способность  самостоятельно  приобретать  новые  знания  и  умения,  управлять 

проектами,  разрабатывать  учебно-методические  материалы,  выполнять  работу  экспертов)  и  поставил 

перед ИПК ПК и методическими службами ряд вопросов:

-сможет  ли  существующая  ныне  система  стать  главным  инструментом  модернизации,  обновления 

образования?

-способна ли система к изменению для достижения нового качества?

Сложившаяся система повышения квалификации, выполняя в принципе возложенные на нее функции, 

требует  переформатирования  в  логике  и  с  позиций  единого  концептуального  подхода,  определенного 


132

Nazarbayev

Intellectual

Schools

Государственной программой развития образования Республики Казахстан на 2011-2020 годы [1, 15]. 

Главный вопрос стратегии развития образования — достижение нового качества образования, должен 

стать главным и для системы повышения квалификации педагогических кадров. Задача повышения качества 

образования не может быть решена без обеспечения системы образования высококвалифицированными 

кадрами.  

 

В  рамках  Государственной  программы  развития  образования  на  2011-2020  годы  предусмотрено 



внедрение  ваучерно-модульного  финансирования  системы  повышения  квалификации  работников 

образования [1,20]. В Павлодарской области в порядке эксперимента данная система будет апробирована 

в 2013 году.

Апробация  ваучерно-модульной  системы  вызывает,  безусловно,  ряд  вопросов.  И  главный  вопрос  и 

проблема, которая четко обозначается: как сделать так, чтобы переход на ваучерную форму повышения 

квалификации  создал  реальную  основу  выбора  темы,  программы,  сроков  прохождения  курсовой 

подготовки,  чтобы  работники  системы  образования  почувствовали  -  выбор  есть,  и  он  действительно 

способствует совершенствованию качества курсов, повышению уровня профессиональной компетенции 

педагогических кадров.

Стратегия обновления системы повышения квалификации с ориентацией на рынок образовательных 

услуг  сфокусирована  как  на  повышение  качества  курсовой  подготовки,  так  и  на  развитие  потребности 

работников образования в собственном профессиональном росте.

Продумывая  свои  действия  по  обеспечению  реформирования  системы  повышения  квалификации 

педагогических кадров, мы исходим из того, что задачи непрерывного развития профессионализма учителя 

решаются не только в период курсовой подготовки, но в межкурсовой период [2]. 

Идея  обновления  заключается  в  том,  чтобы  все  методические  службы,  действующие  при  отделах 

образования, объединить на принципах сетевого взаимодействия. Сетевое взаимодействие рассматривается 

нами как способ деятельности по совместному использованию ресурсов.

Методические  кабинеты  при  таком  подходе  должны  стать  своего  рода  ресурсными  центрами  для 

организаций  образования,  функции  их  деятельности  естественно  будут  изменены,  и  главная  из  них 

заключается в организации маркетинга образовательных услуг, выявлении профессиональных затруднений 

педагогических кадров, их потребностей в обновлении знаний, а не только в проведении семинаров. 

Наличие  такого  системообразующего  фактора,  как  образовательные  потребности  работников 

образования  и  выявление  затруднений  в  их  деятельности,  призвано  стать  основой  для  формирования 

качественного  заказа  на  услуги  повышения  квалификации,  а  ИПК  ПК  стать  Центром,  позволяющим 

обеспечивать  мобильность  и  гибкость  системы  повышения  квалификации,  интеграции  деятельности 

структур методической службы. 

Переход на ваучерно-модульную систему повышения квалификации актуализирует проблему оценки 

качества представляемых образовательных услуг [2]. И если ранее институт повышения квалификации 

педагогических  кадров,  как  единственная  на  территории  области  система  повышения  квалификации, 

обеспечивала прохождение курсовой подготовки по государственному заказу всех учителей, то с переходом 

на новую систему работнику образования предоставляется возможность выбора организации, в которой он 

будет обучаться [3].

Появляется достаточно надежный показатель оценки - доля учителей, выбравших институт повышения 

квалификации  в  качестве  места  прохождения  курсов.  Это  шаг  к  открытости,  однозначно  влияющий  на 

качество  курсовой  подготовки.  Ведь  для  того,  чтобы  увеличить  количество  учителей,  выбирающих 

программы  курсов,  разработанных  организацией  повышения  квалификации,  необходимо  обеспечить 

соответствие  программ  запросам  учителей  и  по  содержанию,  и  по  новизне,  и  по  практическому 

использованию в практике работы. 

Модернизация  деятельности  системы  повышения  квалификации  на  ваучерно-модульной  основе 

требует интеграции усилий и целенаправленной работы всех учреждений (школы-вуза-центров повышения 

квалификации), участвующих в образовательном процессе. Этот процесс необратим, он ставит новую задачу 



Nazarbayev

Intellectual

Schools

133


перед системой повышения квалификации - развития социального и профессионального партнерства. В 

определенной степени данная работа всегда была свойственна нашей системе. 

Сложилось взаимодействие с профессиональными партнерами из трех Павлодарских университетов, 

педагогическим колледжем, коллективами инновационных школ. В круг партнеров активно вовлекаются 

институты повышения квалификации и вузы республики, ближнего и дальнего зарубежья. 

Переход  системы  повышения  квалификации  на  более  совершенную  основу  –  процесс  нелегкий 

и  требующий  времени.  Нужна  внутренняя  готовность  каждого,  осознание  личной  значимости  труда 

в  выполнении  задач,  поставленных  Государственной  программой  развития  образования  Республики 

Казахстан на 2011-2020 годы. Будущее принадлежит тем, кто умеет улучшаться и развиваться.

В  такой  ситуации  основная  задача  коллектива  института  видится  в  его  готовности  к  постоянному 

самосовершенствованию, качественной организации и обеспечению повышения квалификации кадров на 

уровне требований времени.

Модернизационные процессы – это способ, показатель соответствия института требованиям времени, 

своеобразный сертификат качества работы коллектива. С этой точки зрения преобразования закончиться 

не могут. Насколько институт будет отвечать современным требованиям, настолько перспективной будет и 

вся система повышения квалификации. 

Что может и должно стать результатом? Ответ на это непростой вопрос находится в определении самой 

системы  повышения  квалификации  как  системы,  реализующей  государственную  политику  в  области 

образования, главным назначением которой является: 

-совершенствование профессионального уровня работником системы образования;

-обеспечение  готовности  педагогических  кадров  к  процессу  изменения  в  условиях  модернизации 

системы образования. 

Главное  -  чтобы  не  было  деятельности  во  имя  самой  деятельности.  Нужны  продуманные  шаги  и 

ориентир на результат. 

Литература:

1. Государственная программа развития образования Республики Казахстан на 2011-2020 годы. Астана, 

2011г.

2. Пошаговый план перехода на ваучерно-модульную систему повышения квалификации работников 



образования Павлодарской области.

3.  Проект  Правил  ваучерно-модульной  системы  повышения  квалификации  работников  образования 

Республики Казахстан. Алматы, 2011г.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет