Nazarbayev Intellectual Schools Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «назарбаев зияткерлік мектептері»



жүктеу 5.88 Mb.

бет41/72
Дата22.12.2016
өлшемі5.88 Mb.
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   72

Nazarbayev

Intellectual

Schools

253


этапов: старт - быстрый рост - зрелость -насыщение - финиш или кризис.

Нововведение,  таким  образом,  есть  динамическая  система,  характеризующаяся  внутренней  логикой 

(инновационный процесс) и закономерным развитием во времени и пространстве (жизненный цикл) [3]. 

Как известно из инновационного менеджмента, лишь 7-10 % новых идей приводят к абсолютно новым 

продуктам,  все  остальное  есть  модификация,  модернизация  и  т.д.  То  же  происходит  в  педагогической 

науке.  Абсолютных  новшеств  -  небольшой  процент,  многие  формы  и  методы  обучения  являются 

модернизированными,  модифицированными  известных  или  привнесенными  из-за  рубежа.  В  то  же 

время, на наш взгляд, определяется необходимость постоянного соотнесения новшества со старым для 

определения  сущности  нового.  С  другой  стороны,  новшество  необходимо  рассматривать  как  единое 

целое «новое». Ведь измененные новые компоненты создают новое качество в целом. Согласно закону 

цикловой  повторяемости,  возвращаемости  педагогических  инноваций  в  новых  условиях,  большинство 

педагогических новшеств воспринимается как уже знакомое, известное явление, однако оно все же являются 

новым. Например, часто про кредитную систему обучения говорят, что она схожа с рейтинговой системой, 

в основу сравнения закладывая аттестацию и просчитывание баллов студентов. Однако кредитная система 

– это абсолютно новая система обучения, поскольку ее сущность составляет кредит – зачетная единица, 

образовательные программы считаются в кредитах, выстраивается индивидуальная траектория обучения 

студентов, увеличивается значимость самостоятельной работы студентов, нагрузка преподавателей так же 

считается в кредитах и т.д. 

Для  инноваций  работает  принцип  амбивалентности  (по  А.Сейтешеву  [3])  –  двойственности,  связи 

двух  полярно  противоположных  сил,  наличие  в  любом  явлении,  одновременно  присутствующих 

противоположностей: верх – низ, сила – слабость, свет – тьма, много – мало, в частности в обучении: традиции 

-  инновации.  Таким  образом,  на  микро-  и  макроуровне  педагогической  деятельности  инновационные 

методы и формы обучения должны применяться в совокупности с традиционными. Каждый педагог ищет 

свой паритет традиционных и инновационных методов обучения. В этом проявляется личностный подчерк, 

личностная составляющая инновационной деятельности, культура инновационной деятельности педагога. 

Ясно, что у традиций и инноваций есть свои сильные и слабые стороны. Задача педагога – минимизировать 

минусы, поэтому грамотное и эффективное проектирование полностью лежит на плечах педагога.

Как известно, традиционное обучение направлено на усвоение правил деятельности в повторяющихся 

ситуациях. Инновационное обучение готовит к действиям в новых, неизвестных ситуациях будущего и уже 

новой современности, которое кажется неизвестным, постоянно меняющимся.

Особенностями инновационного обучения являются:

• 

работа на опережение, предвосхищение развития;



• 

открытость к будущему;

• 

постоянная  неуспокоенность,  иными  словами,  неравновестность  системы,  в  частности  самого 



человека;

• 

направленность на личность, ее развитие;



• 

обязательное присутствие элементов творчества;

• 

партнерский тип отношений: сотрудничество, сотворчество, взаимопомощь и др.



Совместно  со  старшим  преподавателем  кафедры  общей  и  этнической  педагогики  КазНУ  им.аль-

Фараби,  к.п.н.  З.М.  Садвакасовой  нами  собрано  более  120  инновационных  методов  обучения,  которые 

представлены в учебном пособии «Инновационные методы обучения, или Как интересно преподавать» [4]. 

Они активно используются в процессе обучения, в пособии приведены и инновационные методы студентов 

со ссылкой на их авторство.

Для  оценки  инновационного  методического  потенциала  можно  ввести  понятие  «инновационное 

портфолио  педагога».  Фактически  он  может  означать  портфель  инновационных  разработок  и  методик 

педагога.  Может  включать  три  раздела:  1)  документы  и  сертификаты  владения  инновационными 

разработками (акты внедрения, свидетельства о регистрации объектов интеллектуальной собственности и 

др.), 2) непосредственно сами методы и методики инновационного обучения, презентационный материал и 



254

Nazarbayev

Intellectual

Schools

продукты деятельности учащихся; 3) отзывы коллег, администрации, студентов по применению инноваций. 

Подобная практика может помочь и в критериях оценки самих инноваций

Подчеркнем, что инновации в образовании основываются на гуманистических принципах образования: 

развития  личности  студентов,  опоры  на  общечеловеческие  ценности,  психологическую  поддержку 

учащегося в общении и обучении, фасилитаторской позиции педагога. Инновации не ради инноваций, а 

инновации для развития личности, ее реализации, успешности, креативности. Поэтому в нашем понимании 

инновации и гуманистическая основа взаимопроникающие подходы, фундамент большинства изменений 

в образовании

Литература:

1.  Волов В.Т. Инновационные принципы системы образования // Педагогика. – 2007. - №7. – С. 108-114

2.  Таубаева Ш.Т., Лактионова С.Н. Педагогическая инноватика как теория и практика нововведений 

в системе образования. – Алматы: Гылым, 2001. – 296 с.

3.  Сейтешев А. Современные проблемы воспитания и пути их решения // Мысль. – 2008. – №1. - С. 26 –33.

4.  Мынбаева  А.К.,  Садвакасова  З.М.  Инновационные  методы  обучения,  или  Как  интересно 

преподавать. – Алматы, 2007. – 284 с.



Мырзагалиева К.М.

“Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ

(Қазақстан Республикасы)

НӘТИЖЕЛІ ОҚЫТУ: ТӘЖІРИБЕ МЕН ҰСЫНЫС

Қазіргі  таңда  эффектілі  оқыту,  эффектілі  мұғалім  ұғымдары  педагогика  саласына  кеңінен  енді.  Әр 

күнің жаңалық енгізуге мүмкіндік беретін мына ұшқыр заманда «эффект» ұғымы педагогикаға уақытында 

келген тәрізді. Аударма сөздікте «эффект» сөзі: 1. нәтиже, 2. тиімділік, 3. әсер ету деп көрсетілген. [4,894] 

Негізінен  нәтижелі  оқыту,  сапалы  білім  беру  педагогика  тарихында  ертеден  бар.  Ол-  мақсат  пен 

міндеттің бірегейі. Бірақ заманауи талаптарымен эффект сөзі жаңа міндеттер арқалап отыр. Әр кезеңнің 

өзіне  сай  жүгі  бар  көтеретін.  Кейде  термин  сөздердің  аудармасын  қолдансаңыз,  мағынасы  солғындап 

кетеді. «Эффект» сөзі де солай. Сондықтан «эффектілі оқыту» дегеннің өзі айтарлықтай ой қозғайды. 



Nazarbayev

Intellectual

Schools

255


«Педагог  еңбегін  не  эффектілі  етеді?»  деген  сұраққа  төмендегідей  жауаптар  табылды.  Онда  Илель 

Брисктің «Балаларды тәрбиелей жүріп» деген кітабында: «Эффектілі мұғалім-мінез-құлықтың жағымды 

эталоны» деген пікірін ұсынады да, эффектілі оқытушы бойында болуға тиіс құндылықтарды көрсетеді: 

1.  Эффектілі оқытушы өз мамандығын мақтан етеді

2.  Оқушылар қажеттілігіне сезімтал

3.  Оқушының отбасылық жағдайын ескереді

4.  Оқушы талабын ескереді

5.  Өзіне есеп бере алады

6.  Оқушы бойында өзін-өзі бағалауды тәрбиелейді

7.  Оқушының құпия мүмкіндігін іздейді

8.  Мұғаліммен ата-ана әріптес

9.  Сабақ берудің көптеген тәсілдерін біледі

10. Мұғалім оқыта да біледі, үйрете де біледі[1,2] 

Ал  Рига  қаласындағы  Стокгольм  экономика  мектебінің  профессоры,  философия  ғылымдарының 

докторы Лоуренс Стаут эффектілі оқытудың 7 негізгі қағидасын ұсынады: 

1.  Өзара қатынасқа негіздей оқыту

2.  Оқыту-табиғи үрдіс

3.  Оқыту-қажеттілік

4.  Жекелей оқыту

5.  Оқыту-еңбек

6.  Оқыту жұғысты

7.  Оқыту тәжірибемен тығыз байланысты

Келесі бір мәліметте тиімді оқыту кеңестері көрсетілген.

1.Ақпараттың ұзақ сақталуына ұмтылу

2 Жаңа ақпараттың мәні мен маңызын таба білу

3.Сабақтың алғашқы бөлігі тиімді

4.Ұйқы есте сақтауға жақсы көмектеседі

5. Жаңа мәлімет қажет болғанда ғана берілсін

6. Жаңа ақпаратқа жағдай жасалсын.

7.Ең тиімді жолды таңдай біл [3]

Мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ұзақ жылдар бойы үздіксіз сабақ беріп келемін.Үнемі ізденісте 

болу сабақ үстінде көзге көрінбейтін талай тәжірибелерді жүзеге асыруыма мүмкіндік берді. Бір сабақпен, 

бір  ауыз  сөзбен-ақ  оқушыға  әсер  етіп,  есінде  ұзақ  қалуға  болады.  Бірақ  ол  түпкі  нәтиже  емес.  Негізгі 

нәтижеге қол жеткізу үшін тым ұзақ уақыт қажет болмауы да мүмкін, бірақ үздіксіздік,бірізділік үрдісі 

болуы міндетті.

Әр  күні  сабаққа  «Нені?  Неге?  Қалай?»деген  мақсатпен  кірісемін.  «Бүгін  нені  үйретуім  керек,не 

үшін үйретемін, қалай үйретемін?» деген оймен әзірленемін. Менің үлкен мақсатым біреу-ақ: оқушыны 

ойлау,сөйлеу,жазу,қолдану сауаттылығына баулу. Мысалы: «Зат есім» деген қарапайым ғана тақырыпты 

өткенде, оқушы заттардың да есімдері болатыны, оның қажеттілігі туралы ойлана білуі керек, ол ойын 

жеткізе білу керек, жаттығулардың әр түрі арқылы дұрыс жаза алуы қажет, өмірде, басқа сабақтарында 

қажетіне қарай қолдана алуы маңызды. Ал әдебиет- үлкен әлем, өмір мектебі. Бір қайырым мақал, бір 

шумақ өлең, бір ауыз сөз арқылы-ақ (ол тиімді берілген жағдайда) бала санасына ой салып, өмір жолына 

бағыт бере аламыз. 

Жылдар бойғы тәжірибемде сабақ берудің, оның ішінде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берудің мәні, 

философиясы неде деген сұраққа жауап тапқан секілдімін. Менің оқушыларым кейбір ережені ұмытып 

қалуы  мүмкін,  бірақ  неге  ұмытқанын  айта  алады.  Немесе,  керісінше,  сабақтағы  қай  мәліметтің  қандай 

жағдайда пайдаға жарағанын айтады. Бұл жақсы өткен сабақтың жемісі, оқушы мен мұғалімнің жеңісі. 

Эффектілі оқыту туралы ғалымдар, психологтар бірнеше шарт ұсынады. 



256

Nazarbayev

Intellectual

Schools

Бала-жеке адам. Ол даму, жетілу үстіндегі әрі ұқсас, әрі өзгеше бейне. Сондықтан практик ұстаздар бұл 

салада өз ұстанымын қалыптастырады.

Мен  тиімді  нәтижеге  жеткізетін,  өз  тәжірибемде  жеміс  беріп  келе  жатқан  төмендегі  қағидаларды 

жүйеледім:

1.  Оқушыға сол жас шамасы тұрғысынан қара. Артық талап қоюға болмайды.

2.  Сабақта жақсы психологиялық ахуал болуы тиіс. Сенімділік, еркіндік мәдениеті болуы тиіс.

3.  Мұғалімнің мәдениеті жоғары, дауыс дикциясы жағымды болуы міндетті.

4.  Мұғалім жалпыдан нақтыны, кеңістіктен керектіні қарапайым да, жаңаша да беруі қажет.

5.  Өтілетін тақырыптың өмірмен байланыстылығы, қажеттілігі айқын көрінуі тиіс.

6.  Сабақтың мақсатына оқушыны иландыра білу және қолдау таба білу.

7.  Мұғалімнің өзі тұрақты оқушы, іздеуші, құрастырушы, өнім беруші болуы тиіс.

Жалпы мен ұстанатын 4 бағыт бар. Олар: Оқытуда- Ойланту,саралау, қолдану.Тәрбиелік бағыт-Өзін-өзі 

тану-өмірлік ұстаным бағыты.Зерттеу бағыты- Ұрпақ парасаты тамырын танудан басталады. Жаңашылдық 

бағыт- Өз әдістерім+жаңа технология+бала мүмкіндігі+түпкі нәтиже.

Жақсы  нәтижеге  жетудің  басты  жолы  бағдарлама  мен  оқулық.  Назарбаев  Зияткерлік  мектептерінде 

өткен оқу жылынан бері қазақ тілі мен әдебиет пәні жаңа бағдарламаны қолдануда. Бұл бағдарламаның 

тиімді жағы-лексикалық тақырыптар негізінде берілуі, ереженің 2-орынға ығысуы. Қатысымдық, тілдік, 

проблеманың шешімін табу, ақпараттық секілді құзіреттіліктерді қалыптастыру үшін оқылым, жазылым, 

тыңдалым,  айтылым,  тілдесім  әрекеттеріне  жіктелуі.  Интллектуалдық  мектептердегі  «Қазақ  әдебиеті» 

пәнінің негізгі ұстанымдарын айқын белгілеп берген.

Бізді ойлантатыны- оқулық мәселесі. Қазақ тілі, әдебиет оқулықтарындағы мәтіндер нақты мақсат пен 

міндетке құрылуы тиіс. Бүгінгі оқушы көркем шығармадан не алғысы келеді, сұранысы қандай? Міне, осы 

талапқа  жауып  беретіндей  шығармалар  қамтылса  дейміз.  Ғалым,  педагог  Амангелді  Жапбаров  білмнің 

жаңа үлгісінің басты мақсаттарын былай көрсетеді: 

1.  Адамның шығармашылық қуатын сақтау және дамыту

2.  Оқушылардың  бойында  шешімдердің  көп  өлшемділігіне,  жаңаша  ойлауға,  төзімділікке  және 

өзінің іс-әрекеті үшін адамгершілік жауаптылыққа негізделген көзқарасты қалыптастыру

3.  Пәнаралық байлаысты дамыту. Жинақталған білімнің біртұтас көрінісін қалыптастыру

4.  Оқыту  барысында  оқытылатын  когнитивтік  интеллектуалдық  іс-әрекеттің  үйлесімділігін, 

жүйелілігін қамтамасыз ету[5.7]

Қорытындылай  келе  ,оқытудағы  эффектілік-оқу  үрдісіндегі  нәтиже,оқушы  мен  мұғалім  үшін 

тиімділік,қоғам үшін әсерлі болуында дер едім.

Бүгінгі қоғамның, жаңа заманның сұранысы-оқытудың пайдалы болуы. Өркениет дамуына білім мен 

сана өнімін сапалы беруге міндеттіміз.

Әдебиет:


1. Ғаламтор мәліметі http://istok.ru/

2. Ғаламтор мәліметі www.elitarium.ru

3. Ғаламтор мәліметі http://habrahabr.ru/

4. Казахско-русский словарь.Қостанай, 2010

5. А.Жапбаров. Оқушылардың тілін дамыта оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері. Алматы, Арыс, 

2007.


Nazarbayev

Intellectual

Schools

257


Ниетбаева Г.Б.

психология магистрі

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық институты

(Қазақстан Республикасы)

МҰҒАЛІМНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНІҢ САПАСЫНА 

ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОР РЕТІНДЕ

Қазіргі  заман  бүгінгі  мұғалімдердің  тұлғалық  қасиеттеріне  ғана  емес,  олардың  психологиялық 

денсаулығына да үлкен талаптар қояды. Дені сау және рухани дүниесі жетілген педагог өзінің жұмысынан 

ләззат алады, жұмысқа қабілеттіліктің, белсенділіктің, шығармашылықтың жоғары деңгейіне ие болғанымен 

қатар,  үнемі  білімін  жетілдіруге  тырысады.  Алайда  қазіргі  мұғалімдердің  кейбіреулерінің  кәсіби  іс-

әрекеттерінде эмоциялық қобалжу бар екендігі сезіледі. Ол психикалық қызметтердің тұрақтылығының 

нашарлауында және жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуінде байқалады. Эмоциялық қобалжу әсіресе жас 

мұғалімдердің іс-әрекеттерінде көп орын алады. Кәсіби қызметтегі қобалжу факторларының үнемі әсер етуі 

еңбек нәтижелерінің нашарлауына, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуіне, бұрын болмаған қателіктердің 

пайда болуына, психикалық үрдістер көрсеткіштерінің (естің, ойлаудың, зейіннің) төмендеуіне әкеледі. 

Мұндай үнемі алаңдаушылық педагогикалық жағдайларына шалдығатын мұғалімдер қатты шаршағандық, 

жабырқаңқылық  күйінде  болып,  өзін  тіпті  жатып  ұйықтағысы  келетіндей  сезінеді.  Кейбір  жағдайларда 

педагогтың эмоциялық қобалжуы шыдамның шегіне жетіп, нәтижесінде ол өз-өзіне ие бола алмай қалып 

және өзін-өзі бақылау қабілетінен айырылады. Аталған эмоциялық «жарылыстар» денсаулыққа әсер етпей 

қоймайды, ағзаны есеңгірететін токсиндармен уландырады. 

Педагогтың кәсіптік борышы оны ойланып өлшенген шешімдер қабылдауға, ашу қысуын, қызбалықты, 

қажуды  жеңуге  міндеттейді.  Алайда  ішкі  жақта  қызу  эмоциялық  үрдіс  жүріп  жатқанда,  эмоцияларды 

сырттай тежеп қалушылық жұмыстың ойдағыдай жүруіне жол бермейді, керісінше, эмоциялық қобалжуды 

дамытып, алуан түрлі психосоматикалық аурулады тудырады және денсаулыққа кері әсер береді. 

Сонымен  қатар,  жиі  көтеріліп  отыратын  жағымсыз  эмоциялық  күйлер  педагогтың  бойында  теріс 

тұлғалық  қасиеттердің  тұрақталуына  (ашуланшақтыққа,  алаңдаушылыққа,  түңілушілікке  және  т.б.) 

әкеледі. Ол, өз кезегінде, педагогтың оқушылармен және әріптестерімен өзара қарым-қатынас орнатуына, 

оның іс-әрекеттерінің тиімділігіне жағымсыз әсер етеді. Нәтижесінде жас мұғалімдердің кейбіреулерінде 

жұмысқа бейімделу үрдісі ұзаққа созылады және ол өзінің мамандығымен жалпы қанағаттанбаушылыққа 

төгіледі. Олардың көбін психолог ғалымдар эмоциялық қобалжудан арылу немесе оның алдын алу жолын 

біле бермегендіктен деп, сонымен қатар педагогикалық жоғару оқу орнында оқыған кезде әр түрлі қиын 

жағдайларда жұмыс істеуге психологиялық дайындықтың жеткіліксіздігінен, деп көрсетеді [1,192].

Осыған  байланысты  кәсіптік  іс-әрекеттегі  түрлі  қобалжу  жағдайларына  қатысты  эмоциялық 

тұрақтылықты, біз болашақ ұстаз тұлғасының кәсіби маңызды қасиеті, деп түсінеміз. Педагогты дайындау 

жүйесінде аталған қасиетті дамытуға ерекше назар аудару қажет. 

Қазіргі  психологиялық  ғылым  педагогтың  эмоциялық  тұрақтылығын  дамытудың  көптеген 

амал-тәсілдерін  ұсынады.  Оларды  талдай  келе  екі  топқа  жіктеуге  болады:  айрықшалықты  және 

айрықшалықты емес. Айрықшалықты амалдар іс-әрекеттің қобалжу ықпалдарына болашақ педагогтардың 

бейімделулерінен  көрінеді:  педагогикалық  бағыттылық,  кәсіптік  өзіндік  сана-сезім,  психологиялық 

мәдениет (мәнерлілік дағдылар, педагогикалық қарым-қатынастың мәдениеті) және т.б. Айрықшалықты 

емес амалдар эмоционалдық күйдің өзін-өзі реттеу тәсілдерін және құралдарын қолданумен, эмоциялық 

қобалжу жағдайларының алдын алу немесе жеңу тәсілдерімен сипатталады (босаңсу тәсілдерін, арнайы 

дене шынықтыру және тыныс алу жаттығуларын қолдану, эмоциялық күйдің сыртқы көріністерін өзіндік 

бақылауға үйрету, «бұлшықет қысымдарын» тауып босата алу дағдыларын дамыту). 

Педагогикалық іс-әрекет жоғары эмоциялық жауап қайтару мүмкіндігімен байланысты көптеген қобалжу 



258

Nazarbayev

Intellectual

Schools

жағдайларына  және  әр  түрлі  ықпалдарға  толы.  Қобалжу  деңгейіне  қарай  мұғалімнің  жүктемесі,  орта 

есеппен алғанда, менеджерлер мен банкирлерден, қауымдастықтың президенті мен бас директорларынан, 

яғни тікелей адамдармен жұмыс жасайтын мамандарға қарағанда, едәуір көп. 

Іс-әрекет жағдайлары адамдармен қиын, күрделі, қауіпті деп танылып, ұғынылып, бағаланған кезінде 

ғана қобалжу жағдайына айналады. 

Көптеген  зерттеушілердің  алаңдаушылық  педагогикалық  іс-әрекеттің  себептері  объективті  және 

субъективті факторлармен шартталатындығы туралы ойлары бір жерден шығады. Объективтік факторлар 

деп  жағдайдың  сыртқы  шарттары  түсіндіріледі,  оның  күрделілігі,  яғни  іс-әрекеттің  қиын,  қобалжу 

жағдайлары (жұмыстың көптігі, жаңа қиын жағдайларға тап болу, жоғары ақыл-ой жүктемелері және т.б.). 

Субъективтік факторлар – белгілі кәсіби қиындықтарға адамның аса сезімталдығын тудыратын тұлғаның 

ерекшеліктері, яғни тұлғалық (мотивациялық, эмоционалдық, әлеуметтік және т.б.) сипаттамалар. 

Педагогикалық іс-әрекеттің қобалжу жағдайларына А.К.Маркова, Л.М.Митина, М.М.Рыбакова [2,200] 

және т.б. зерттеушілер төмендегілерді жатқызады: 

сабақ барысындағы мұғалімнің оқушылармен өзара әрекеттестік жағдайы (сабақ үстіндегі тәртіп 



пен ережелердің бұзылуы, ойда болмаған дау-дамай жағдайлары, тіл алмаушылық, мұғалімнің талаптарын 

елемеушілік, орынсыз сұрақтар және т.б.);

әріптестермен  және  мектеп  әкімшілігімен  өзара  қарым-қатынаста  пайда  болатын  жағдайлар 



(пікірлердің қарама-қайшылығы, тапсырмалардың көптігі, жүктемені бөлген кездегі дау-дамайлар, оқу-

тәрбие жұмысын шектен тыс бақылау, мектепте енгізілетін жаңалықтардың толық ойластырылмағандығы 

және т.б.);

мұғалімнің  оқушылардың  ата-аналарымен  өзара  әрекеттестік  жағдайы  (оқушыны  бағалауда 



мұғалім мен ата-аналардың пікірлерінің қарама-қайшылығы, ата-аналар тарапынан балалардың тәрбиесіне 

көңіл бөлінбеушілік және т.б.). 

Қобалжу  факторларының  жағымсыз  әсерлері  педагогтың  бойында  екі  түрлі  стрессті  тудырады: 

ақпараттық стресс (артық ақпараттық жүктемелермен, жоғары жауапкершілікті сезіне отырып, жылдам 

шешім қабылдау қажеттілігімен байланысты) және эмоционалдық стресс (эмоционалдық ауытқулардың 

пайда болуымен, мінездегі өзгерістермен, мінез-құлықтың бұзылуларымен сипатталады).

Қазіргі  кездегі  мұғалімдердің  мінез-құлықтарында  жоғары  қобалжушылық  байқалады  және  соның 

салдарынан  өрескелдік,  тіл  тигізіп  қорлау,  зеку,  сабырсыздық  және  т.б.  пайда  болады.  Мұғалімнің 

басқыншылық  тұрғыдағы  реакциялары  педагогикалық  әрекеттердің  мақсатына  сәйкес  келмейді  және 

оқушылардың бойындағы үдемелі невротизацияның себебі болып табылады. 

Психологиялық  денсаулығы  жақсы  адам  еш  жерде  қысылмайды,  олардың  мінез-құлықтары  табиғи, 

шынайы болып келеді, өмірлері мәнге толы, адамдардың немесе жалпы халықтың игілігін ойлау туралы 

мақсатта болады. Олар мақсатына қол жеткізу үшін үнемі еңбек етуге дайын тұрады. Мұндай адамдар 

қандай  жұмыс  болмасын  бірден  көзге  түседі:  олардың  ойлау  қабілеттері  терең,  өзіндік  ерекшеленеді, 

уақыттың жалған нанымдарына, беделдеріне тәуелсіз болып келеді. Психологиялық дені сау адам өмірге 

құштар болады: олар кішкентай немесе үлкен болсын өмірден үнемі ләззат алады – гүлдің жұпар иісінен 

де, математикалық формуланың ғажаптығынан да ... Мұндай тұлға тек оптимистік көңіл күйіде болады 

[3,174]. 

Салауатты өмір салтына үйретудің үлгілері (психологиялық, медициналық, білімдік, саяси және т.б.) 

жеке тұлғаның еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігінің факторы және адамның өзін-өзі жүзеге асыруы 

мен бақытты болуының шарты ретінде қарастырылып, сынақтан өткізілуде. Сонымен қатар педагогикалық 

іс-әрекеттің тиімділігі мен нәтижелілігін қамтамасыз ететін шешуші шарттардың бірі мұғалімнің мықты 

рухының  және  психологиялық  денінің  саулығына  негізделетін  жалпы  еңбекке  қабілеттілігі  болып 

табылады.

  Сонымен  қатар  психологиялық  денсаулық,  салауатты  өмір  салты  мәселесі  бойынша  мамандар 

қоғамдағы  әлеуметтік-саяси,  әлеуметтік-экономикалық  және  әлеуметтік-демографиялық  жағдайға  және 

оқушылардың  аурушаңдығын  төмендетуге  ықпал  ететін,  мұғалімдердің  психологиялық  денсаулығын 


Nazarbayev

Intellectual

Schools

259


қалыптастыратын факторлардың өз деңгейінде зерттелмегендігін алға тартады. 

Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жалпы білім беру жүйесіне, оның ішінде педагогикалық 

білім беру жүйесіне де өз әсерін тигізуде. Қазіргі мектепке теориялық білімдерді, кәсіби қабілеттер мен 

дағдыларды тұтастай пайдалана білетін, педагогикалық ойлау деңгейі жоғары, педагогикалық міндеттерді 

өз бетінше шығармашылық тұрғыдан шеше алатын мұғалімдер қажет. 

Мұғалімдердің психологиялық денсаулығының нашарлауы және олардың дене дайындығы деңгейінің 

төмендеуі педагогикалық жоғары оқу орындарындағы студенттердің кәсіби даярлығына жаңаша тұрғыдан 

келу  қажеттілігін  меңзейді.  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  [4,254]  ұлттық  және 

жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері  негізінде  тұлғаны  қалыптастыруға, 

дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және оның шығармашылық, рухани және тән күш-

қуатын жетілдіру, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасау міндеті көзделген. 

Сондықтан жоғарыда аталған міндеттердің ойдағыдай жүзеге асырылуы педагогикалық жоғары оқу 

орындарының  жаңа  тұрпаттағы  мұғалімді,  яғни  шығармашылық  ойлау  қабілеті,  кәсіби-педагогикалық 

біліктілік деңгейі жоғары, рухани дамыған, психологиялық денсаулығы жақсы педагог – маманды даярлау 

мәселесіне жаңа тұрғыдан келуіне тікелей байланысты. 

Қазіргі  мұғалім  оқыту  іс-әрекетін  жүзеге  асырумен  қатар  үнемі  жұмысқа  қабілеттіліктің  жоғары 

деңгейін сақтауы қажет, өйткені баланың оқуы мен оның денсаулығының сақталуы осыған байланысты. 

Білім  беруді  ізгілендіру,  рухани  тәрбиенің  басымдылығы  идеяларының  аясында  дамыта  отырып  оқыту 

мен тәрбиелеудің қазіргі денсаулық сақтаушы және денсаулық қалыптастырушы технологияларды жүзеге 

асыру  тұрғысынан  мұғалімдердің  тұлғалық  –  кәсіби  дамуы  үрдісіндегі  психологиялық  денсаулығының 

мәні жөніндегі мәселе әлі толығымен ашылмаған.

Әдебиет:


1. Маркова А.К. Психология труда учителя / А.К. Маркова. – М.: Просвещение, 1993. – 192 б. 

2. Митина Л.М. Психология профессионального развития учителя / Л.М. Митина. – М.: Флинта: Моск. 

психолого-соц. ин-т, 1998. – 200 б. 

3. Семенова Е.М. Психологическое здоровье ребенка и педагога: пособие для педагогов / Е.М. Семенова, 

Е.П. Чеснокова; под ред. проф. Е.А. Панько. – Мозырь: Белый ветер, 2010. – 174б.

4. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы 2007 жылғы 27 шiлдедегi N 319. “Егемен Қазақстан” 

2007 жылғы 15 тамыз N 254-256 б.


260



1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   72


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал