Nazarbayev Intellectual Schools Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «назарбаев зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет38/72
Дата22.12.2016
өлшемі9,34 Mb.
#31
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72

Nazarbayev

Intellectual

Schools

235


қатты қынжылтады. Бұған ең алдымен ата- ана кінәлі. Бұл – шынайы патриоттар тәрбиелеу жұмысына 

үлкен зиян!

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ 

тілін оқыту сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударғым келеді. Мемлекеттік тіл – құралдарын, 

аудио-бейне  материалдарын  әзірлеу  керек»  деген.  Кезінде  аты  әлемге  аян  ақиық  қыран  Бауыржан 

Момышұлы атамыз 10 бөлімнен тұратын ұсыныстар жасаған.Олар Қазақстанда қазақ тілін мемлекеттік тіл 

дәрежесінде жеткізу, қазақыландыру мәселесі, қоғамдық ұйымдар мен орындарда қазақша іс жүргізу, газет, 

радиодағы  тіл  тазалығы,  тіл  мәдениеті  туралы,  ұлт  баласын  қазақ  мектебінде  оқыту,  оқу  орындарында 

қазақ тілі, әдебиеті, Қазақстан тарихын міндетті оқыту, беделін көтеру, сөздіктер туралы нақты түсіндіре 

дәлелдей жазған. «Бұларды көре, біле тұра, әскери адам болсам да, айтпай кетуді халқымның адал ұлы 

ретінде өзіме ар, кешпес күнә санаймын», деп түйіндеген. Қазақ тілі Қазақстан кеңістігін түгел жайлағанда 

ғана сөз тұғырына қона алады. Ана тіліміздің әйгілі жанашыры Сұлтан Оразалинов «Ана тілін білмеген – 

ана сүтін ембеген өгей бала тәрізді сұйық жүрек, жат бауыр» болмаудан бастап мемлекеттік тілді дамытудың 

әлемдегі алдыңғы қатарлы тілдер үлгісін ұсынуға дейін көрсете отырып, ХХІ ғасырда ана тіліміз, «мөлдір 

бастаулы таза тіліміздің түгел түркіге ортақ тілге айналып, Мағжан ағамыздың болжауы, арманы ақиқатқа 

айналар болса оған таңданбас едім», деп зор сенім білдіреді.

Ана  тілімізді  шын  мәніндегі  мемлекеттік  тіл  деңгейіне  жеткізу  бәріміздің  ұлы  мұратымыз,  біз  өмір 

сүріп отырған қоғамның парызы.Ұлы мұратқа жету үшін бүгінгі өмір сүріп отырған ұрпаққа тағдырдың 

өзі беріп отырған тарихи мүмкіндікті уыстан шығарып алмайық. Қазақ тілі - іргесі мыңдаған жыл бұрын 

қаланған,  жас  мөлшері  Мысыр  пирамидаларымен  тұрғылас  ғажайып  ескерткіш  тәрізді.Ол  қазақтың 

даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Оған қысылып – қымтырылу, асығып-аптығу, тіл ұшынан 

шүлдіреп-былдырау мүлде жат! Қазіргі қазақ тілінің жағдайын ойлағанда, менің көз алдыма құйрық-жалы 

сұйылған, әбден қан жілік боп, төрт аяғынан тұралаған тұлпар елестейді. Бұл күнде дүние жүзінде үкімет 

пен парламент мемлекет тілінде сөйлемей өзге тілде сайрайтын бір ғана ел бар. Ол – біздің Қазақстан. 

Радио мен теледидардан сөйлеген қандастарымыздың сөзін тыңдап таң қаласың. «Қайрақ болмай, егеу 

болмайды»  демей  ме  халқымыз  ?!  Ендеше  бір  кезде  ұлы  билердің  көкірегінде  дамылдап,  көрігінде 

шыңдалған осынау ғажайып тілді неге ұмытамыз, неге шұбарлаймыз?! Қазақстанның бүгінгі жағдайында 

қазақ  халқын,  ең  алдымен,  шекара,  әскер,  кеден  емес,  ана  тілі  қорғауы  тиіс.  Ойы  шолақ,  тілі  өшкен 

халықтың  басқаның  жетегінде  кетуі  оңай.  Біз  Бостандығымызды  сан  ғасырлар  бойы  іздеп,  қолымызға 

садағымызды алып, найзағайды ұштап аянбай күрестік. Енді ХХІ ғасырға тәуелсіз ел болып табан тіреген 

уақытта басқаға рухани тәуелді болып қалсақ, қайтадан ел болуымыз қиынға соқпақ. Біз санасы, намысы, 

қажыр-қайраты бар ұрпақ тәрбиелеуіміз керек.Жаңа ұрпақтың көкірегіне білімнің, адамгершіліктің дәнін 

ексек, ана тілін бойына дарытып,ұлттық рухта тәрбиелесек нұр үстіне нұр жауып, еліміз көркейіп дамитын 

еді. Қазақ халқы өзінің шапшаң дамып келе жатқандығын ана тілінің даму деңгейінен де көргісі келеді. 

Елбасы мемлекеттік тілдің өткені мен бүгінгісін ескере отырып, тілдің даму стратегиясын, іргетасын қалап 

берді.  Олар  –  басқару,  ұйымдастырыу,  ақпарат.  Сондықтан  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  ішіндегі 

ұлттық газеттердің сапасын жақсарту қажет деп ойлаймын. Елдің тыныштығы, қоғамның тұрақтылығы, 

мемлекетіміздің бүгіні мен болашағы оның әрбір мүшесінің парасатты ойы мен санасына байланысты. 

Қазақтың қасиетті топырағына аунап өскен адам қандай бір биіктікке көтерілмесін, мейлі ол үкімет адамы 

дейік, мейлі ол ірі банкир дейік, кез келген үлкен жетістікке қол жеткізгенімен өзінің ана тілін білмесе, ол 

оның ішкі мәдениетінің жұтаңдығы. Мемлекттік тілдің қоғамдағы орнын көтеру үшін бүкіл жүйе болып 

жұмыс істеуіміз қажет. Бала енді тілі шығып,балабақшаға барып қара сөздермен танысуы тиіс. Мектеп 

қабырғасынан күнделікті өмірдегі қолданыстағы тілді үйреніп шықса, жоғары оқу орындарында мектеп 

бағдарламасын  қайталамай,  тілдік  категория  тереңірек  оқытылса,  болашақта  орысша  және  қазақша  тіл 

білетін  маман  даярлар  еді.Оқу  орыс  тілінде  жүретін  мектептерде  оқушылар  тек  сабақта  ғана  қазақша 

сөйлеп, оны тәжірибеде қолданбайды, одан гөрі ағылшын тілінде сөйлегенді ұнатады. Осындай күрделі де 

ауқымды мәселені шешу үшін сөздік қорды байытуға бағытталған әдістерді ұсынғым келеді. Себебі сөздік 

қордың бай болуы маңызды мәселе. Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті – сөздің 



236

Nazarbayev

Intellectual

Schools

мағынасын дұрыс түсініп,оны өз сөзінде дұрыс қолдану.

Түсіндіру әдісі – жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді ұсынуда қолданылады. Сабақ сайын үйретілетін 

жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады.

Көрнекілік әдіс – сабақ сайын жүргізілетін әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі және жиі қолданылады.

Сұрақ – жауап әдісі – балалардың тілін дамыту үшін маңызды әдістің бірі.

 Интерактивті әдіс – топтың, жұптың, өзара біріккен әрекетке бір-біріне алма-кезек әсер етуі. Бұл әдіс, 

әсіресе сұхбат құруда оқушылардың белсенділігін арттырады . Бірігіп жұмыс істеуге үйретеді. Бұл әдістің 

негізгі мақсаты – оқу процесінің барлық сатысында біріккен әрекетке жағдай жасау.

  Қазіргі кезде қазақ тілін қандай бағытта, қандай мазмұнда оқыту  керек? Меніңше, коммуникативті 

функционалды  бағытта  болуға  тиіс.  Сондықтан  тілдің  коммуникативті  механизмін  ашу  қажет.  Яғни, 

сөйлеу процесіндегі, сөйлем құрудағы, мәтін бойынша әңгіме құрастырудағы рөлі амал-құралдар арқылы 

меңгертіледі.  Қазақ  халқы  да,  өзге  ұлт  өкілдері  де  «Қазақстанның  болашағы  –  қазақ  тілінде»  деген 

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың  сөзі  тектен-текке  айтыла  салмағанын  жете  түсінсе,  ұғынса  екен.  Тілдегі 

тұғыр – біреу, қалғаны – тіреу екенін, ол тұғыр – қазақ тілі екенін санамыздан бір сәт те шығармайық! 

«Тілсіз  тірлік  жоқ»  демекші,  ана  тіліміздің  көсегесін  көгертуге,  ұлттық  мәдениетімізді  көтеруге  үлесін 

қосу әркімнің міндеті. Лексикалық тұрғыдан өте бай қазақ тілі болашақта әлем тілдері қатарында өз орнын 

алады  және  оның  алғышарттары  бүгінде  қалыптасты  деп  ойлаймын.  Тілімізді  нақты  істерімізбен  ғана 

өркендете алатынымызды бір сәт те естен шығармайық .

Әдебиет


1.  Қазақ тілі мен әдебиеті (Республикалық ғылыми – әдістемелік және педагогикалық журнал) 2011 

жыл


2.  Қазақ тілі: әдістеме (Республикалық ғылыми – әдістемелік журнал) 2011 жыл

Мұқытова Ж.Қ., Капанова М.Б.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

(Қазақстан Республикасы)

ПЕДАГОГ–ПСИХОЛОГ МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК 

ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Қай мемлекеттің болсын өркениеттілігін көрсететін білімі мен ғылымы. Ғылымды дамытатын терең 

білімді  ұрпақ  тәрбиелеу  мұғалімнің  қолында.  Біздің  мемлекетіміздің  білім  саласында  осындай  тың 

бетбұрыстарға қадам басуы заңды да. Бұл бетбұрыстың бел ортасында тұратын – мұғалім.

Қазақстан Республикасының білім туралы Заңында: “білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және 

жалпы адамзаттық қазыналар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру 

мен дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалуы қажет”,- деп көрсетілген.[1.4]

Қазақстан  Республикасының  ЖОО-лары  білімді,  бәсекеге  қабілетті,  шығармашылығы  мол  маман 

иелерін дайындауды көздеп отыр.

Қазіргі кезде педагогика ғылымының алдында тұрған ең көкейкесті мәселелердің бірі – кәсіби сапалы 

мамандар даярлау. 

Мұғалімді даярлау барлық кезеңдерде мәнін жоймайтын мәселелер қатарына жатады, себебі қоғамның 

әлеуметтік-экономикалық  міндеттері  өзгеріске  ұшырап  отырады,  ал  мұның  бәрі  педагог  кадрларын 

мамандық даярлау жүйесіндегі көзқарастарды байыта қарауға жетелейді. Білім берудің ұлттық моделіне 

көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, өз ісінде қасаңдық пен жаттандылықтан аулақ, практикалық 

үйлестіруді шебер меңгерген, психологиялық-педагогикалық диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. 

Ғалымдардың зерттеуі бойынша, мұғалімге өз қызметінде екі жүздей жұмыс түрін атқаруға тура келеді 


Nazarbayev

Intellectual

Schools

237


екен. Ол мектептің барлық шараларына қатысады, көптеген адамдармен қарым-қатынас жасайды, көптеген 

педагогикалық құбылыстар мен жағдаяттарды кездестіріп, оларды шамасына, біліктілігіне қарай шешеді. 

Педагогқа  тәрбиелей  және  басшылық  ете  білу,  тыңдата  және  тыңдай  білу,  дүниетанымы  кең  болу, 

сөйлеу мәдениеті, адаммен қарым-қатынас жасай білу, оған сенім арту, алға ұмтылуға үйрету, байқампаз 

болу, қандай жағдайда болсын шешім қабылдай білу – қажетті қасиет.  

 

Қазақстан  Республикасының  «Жаңа  формация  педагогінің  үздіксіз  педагогикалық  білім  беру 



тұжырымдамасында» жаңа қоғам мұғалімі – ол рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі 

мол, белсенді, жасампаз, рефлексияға қабілеті басым, экологиялық білімді, шығармашыл тұлға, өзін-өзі 

дамытуға және өзін-өзі көрсетуге ұмтылысы, әдіснамалық қалыптасуының жоғары деңгейін сипаттайтын 

әлеуметтік, тұлғалық, коммуникативтік, ақпараттық және біліктіліктің басқа түрлерін меңгерген құзырлығы 

жоғары маман деп сипаттайды.[2.1]

Бұл тұжырымдамада жаңа формация мұғалімнің алдында тұрған басты мақсат: мұғалімнің өмір бойы 

оқуға өздігінен білім алуға және өзін-өзі тәрбиелеуге бағдарланған жүйесін қалыптастыру қажет делінген.

Бұл мектептегі оқу-тәрбие үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдер енгізіп, білімге жаңа дәстүрлі емес инновациялық 

технологияларды  енгізумен  сипатталады.  Жоғарыда  аталған  талаптардың  іске  асуы  мұғалімнің 

шығармашылығын қажет етеді. Ал шығармашылық педагогикалық шеберлікке жетудің аса маңызды жолы.

Мұғалімнің моделін жасауда педагогика ғылымының докторы М.Сарыбековтың берген моделіне назар 

аударсақ, ол төмендегідей: 

Біріншіден: модельдің негізіне жан-жақты қабілетті, өзінің өмірлік және кәсіби бағытын біліп, соны 

ұстана алатын маман - мұғалім алынған.

Екіншіден: автордың көзқарасы бойынша жоғары оқу орындарында сабақ санын көбейтіп қана қоймай, 

оның кәсіби дайындығына баса назар аудару, болашақ мамандарда педагогикалық ойлау қабілетін шыңдау 

керектігі туралы сөз қозғалады. Сондықтан бұл моделдің басты міндеті: жоғары оқу орнында тұлғалық - 

кәсіби аспектілермен мұғалімнің еңбек технологиясын байланыстыру.

Үшіншіден: міндетті орта білім жағдайында, әр түрлі білім алу тәсілдерінің көптігінен, мұғалім білім 

берудің жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеріп, оқу-тәрбие ісін ұйымдастырушы болуы шарт.

Төртіншіден: мұғалімнің кәсіби - педагогикалық іскерліктерінің арасында бұл моделде алғашқы орынға 

педагогикалық жағдаяттарды, құбылыстарды, фактілерді саралай білу қабілетін қойған.

Бесіншіден: мұғалімнің адамгершілік бағыты оның тәрбиелік жұмыс әдісінен көрінуі тиіс.

Алтыншыдан:  бұл  модельде  болашақ  маманның  кәсіби  -  педагогикалық  әрекетінде  ол  жаңа  ұрпақ 

балаларымен жұмыс істейтіндігі ескеріледі. Бұл мектептегі оқу-тәрбие үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдер енгізіп, 

білімге  жаңа  дәстүрлі  емес  инновациялық  технологияларды  енгізумен  сипатталады.  Жоғарыда  аталған 

талаптардың  іске  асуы  мұғалімнің  шығармашылығын  қажет  етеді.  Ал  шығармашылық  педагогикалық 

шеберлікке жетудің аса маңызды жолы.

Ғалымдар Ш.Т.Таубаева мен С.Н.Лактионова болашақ мектеп мұғалімінің бейнесін былай сомдайды:

- балаға, мәдениетке, шығармашылыққа құндылық қатынас білдіретін;

- балалық шақтың экологиялық тазалығын қорғайтын;

- оқыту мен тәрбиенің мазмұнымен жұмыс атқара алатын; 

- озық тәжірибелі педагогикалық технологияны меңгерген;

- қоршаған адамдармен жағымды қарым-қатынас жасай алатын және баланың дамуына қолайлы жағдай 

жасай алатын мұғалім.

Ш.Т.Таубаева  мен  С.Н.Лактионованың  болашақ  мектеп  мұғалімінің  бейнесін  сомдауында  да 

шығармашылықтың орны ерекше екенін байқаймыз. 

Қазіргі кезде әрбір қоғам мамандарының алдына қойған талаптарына сәйкес «маман моделін», маман 

профессиограммасын жасау міндеті тұр. 

Антон  Семенович  Макаренко  өзінің  ісінен  өнеге  алатын  жайлары  көп,  педагогикалық  ілімге  толы 

көркем шығармаларымен жұртшылығымызға ертеден белгілі. Ал оның шығармаларын өз тілімізде оқу - 

игілікті іс. 



238

Nazarbayev

Intellectual

Schools

Жоғары  дәрежеде  өз  қызметін  атқару-  ұстаздан  шебер  болуды  қажет  етеді.  Сондықтан,  болашақ 

мамандардың бойында мұғалімдік қызметке қажетті білім, іскерлік, дағдылар қалыптасып, кәсіби қызметтің 

қырын, сырын ұғынуға қажеттілік болуы тиіс. Ондай қажеттіліктің орындалуына «Педагогикалық шеберлік 

» деген пәнді оқыту өзінің оң ықпалын тигізеді.

Жоғары  педагогикалық  оқу  орындарының  студенттері  үшін  «Педагогикалық  шеберлік»  курсы 

оқытылады. Мақсаты– болашақ педагог-психологтарды теориялық білімдермен қаруландыру мен қатар, 

практикалық  қабілеттерін  дамытып,  мамандықтың  мәнін,  ерекшелігін  түсініп,  шеберлігін  жетілдіруді 

көздейді.

Болашақ  педагог-психологтар  мұғалімге  қойылатын  талаптар  туралы,  педагогикалық  шеберліктің 

құрылымы,  педагогикалық  қызметтің  ерекшелігі,  шеберлікке  жету  жолдары,  педагогикалық  техника, 

педагогтың беделі, педагогтың өзін-өзі үздіксіз жетілдіру қажеттілігі, педагогикалық мәдениетті көтеру 

жолдары т.б. маңызды мәселелер туралы білімдерді алады.

Практикалық  қабілеттерін  жетілдіре  отырып,  оқушылармен  тиімді  өзара  әрекеттесудің  әдістерімен 

танысып,  жағымды  қарым-қатынас  орнату  жолдарын  меңгереді.  Өзін-өзі  жетілдіру  мақсатында  түрлі 

тапсырмалар  орындау  арқылы  жүру,  тұру,  киіну,  сөйлеу,  дем  алу,  дикцияны  жақсарту  т.  б.  мәселелерге 

байланысты жаттығулар орындайды. Педагогикалық этиканы, әдепті жетілдіру мақсатында жағдаяттарды 

шығарып талдау жасайды.

Бұл  пән  бойынша  алған  білімдер  студенттің  тек  жалпы  құзырлылығын  жоғарылатып  қана  қоймай, 

барлық қажетті қабілеттері мен сапаларын толық ашуға, шығармашылық потенциялы мен ұмтылыстарын 

жүзеге  асыруға,  өзінің  оқушылармен  қарым-қатынасын  жақсартуға,  шеберлігін  жетілдіруге  мүмкіндік 

береді.


Шеберлік дегеніміз – оқытушының жоғары деңгейде кәсіби қызметін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін 

тұлғалық қасиеттерінің жиынтығы.

Э. А. Урунбасарова.

Талант- шеберліктің ең жоғарғы көрінісі. «Талант - адамның еркі мен шығармашылығының жиынтығы», 

- деген К.М.Станиславский.

Озат тәжірибе - теория мен тәжірибеге сүйене отырып педагогикалық процесті жетілдіру мақсатында, 

қызметіне шығармашылық негізде жаңа бір идея енгізу.

Өз дамуында педагогикалық шеберлік үш деңгейден өтеді. Біріншісі – кәсібилік. Ол жоғары мектепті 

аяқтап отырған, педагогикалық іс-әрекетке даяр түлектерге тән. 

Оқытушы енді оқу орнында өз бетінше жұмысқа кіріседі, онда кәсіби өсуі интенсивті және мақсатты 

түрде кемелдене түседі. Оның жылдамдығы мен нәтижелігі өзін жетілдіруге және өзін тәрбиелеуге деген 

нұсқаудың болуына да байланысты. Сонымен қатар, жас маман тәжірибелі педагогтерден үйрене алады, 

өзінің  әріптестерінің  жұмысын  талдап,  қорытынды  шығара  алады,  семинарларға,  курстарға,  ғылыми 

конференцияларға қатысу арқылы кәсіби шеберлігін шыңдайды. 

Біртіндеп  оқытушының  психологиялық-педагогикалық  мәдениеті  жоғарылайды.  Репродуктивті  іс-

әрекетпен қоса педагог, оқыту-тәрбие процесінің жаңа элементтерімен оны жетілдірумен, модельдеумен 

айналысады. Бұл жаңа деңгей - педагогикалық шеберлікте – үнемі шығармашылыққа ұмтылуды көрсетеді. 

Мұнымен  қатар,  педагогикалық  қабілеттер  дамиды,  әдістемелік  арсенал  жетіледі.  Бірақ  педагогикалық 

шеберліктің  құрылымдық  компоненттерінің  дамуы  бірдей  өтпейді,  олардың  біреулерінің  өнімділігі 

жоғарырақ болуы мүмкін. 

Үшінші деңгей - педагогикалық жаңашылдық. Жаңашылдық оқытушы оқу-тәрбие ісіне жаңа идеялар 

енгізеді, әдістемелік жүйелер өңдеп, жаңа педагогикалық технологиялар қалыптастырады. Нәтижесінде 

студенттердің  кәсіби  дайындығының  өнімділі  ғана  жоғарылап  қоймайды,  оның  сапасы  да  өзгереді. 

Жаңашыл педагог болу үшін теориялық және практикалық дайындықтың жоғары деңгейі, интеллектуалды 

қабілеттер, шығармашылық ойлау қажет.

К.Ю.Бабанский бойынша педагогикалық шеберліктің даму кезеңдері төмендегідей: 

-  кәсіптің  негіздерін  меңгеру,  ғылымда,  тәжірибеде  белгілі  тәсілдерді  тиімді  пайдалана  білу  (кәсіби 


Nazarbayev

Intellectual

Schools

239


мұғалім );

- мұғалім жаңа бір идеялардың нәтижелігін бағалап, басқа мұғалімдер арасында тарата білуі (зерттеуші 

- мұғалім );

- өзінің қызметінде, тәжірибеде белгілі әдістерді қолданумен қатар, жаңа бір шешімдерді тауып енгізу 

(жаңашыл мұғалім ).[3.2]

Сонымен,  педагогикалық  шеберлік  дегеніміз  –  жүйелі  үрдіс,  педагогикалық  іс-әрекетте  нәтижелі 

табысқа жеткізетін жол. Ол жұмысқа жаңа сапалық мазмұн береді. Кәсіптік позицияны қалыптастырады. 

«Біз мұғалімдерге былай істе, не болмаса былай істе, - деуден аулақпыз, бірақ басқаларды басқару үшін, 

оларға ықпал жасау үшін сол мәселеге қатысты психикалық құбылыстарды зерттеу заңдылықтарын білуі 

керек», - деген К.Д. Ушинский.

Көрнекті совет педагогы А. С. Макаренко өз шеберлігін жетілдірудегі тәжірибесіне сүйене отырып, 

былай деп жазғаны тегін емес: «Менің педагогикалық талантым болған емес және де педагогикаға ешбір 

әуестенбей-ақ кездейсоқ келдім... Бірақ мен үйрендім. Мен өз ісімнің шебері болуға тырыстым. Ал әркім-

ақ өз ісінің шебері бола алады, ол үшін оған көмектесу керек, ол өзі де жұмыс істеуге ынталы болуы тиіс». 

Көрнекті педагог бұл сөзінде өзін тым сыпайы етіп көрсеткен болар. Бірақ, бір нәрсе айқын: педагогикалық 

қабілеттілікті қалыптастыруға болады.

Ұстаз  бүгінге  емес,  ертеңге,  болашаққа  қызмет  істейді.  Ол  заман  дамуынан  артта  қалмастан,  өзін  - 

өзі  жан–жақты  дамыту  үшін  саяси–идеялық  дәрежесін,  ғылыми–теориялық  білімін  және  педагогтық 

мамандығын күнбе– күн жетілдіріп отыруға талаптанады. Сонда ғана мұғалім шығармашылық еңбектің 

тамаша шебері бола алады.

Әдебиет

1.  ҚР Білім беру Заңы, Алматы 2007.



2.  ҚР  жаңа  формация  педагогінің  үздіксіз  педагогикалық  білім  беру  тұжырымдамасы.//Егемен 

Қазақстан, 2005ж.

3.  Мұқытова  Ж.Қ.  Педагогикалық  шеберлік  пәні  бойынша  дәрістер,  практикалық  тапсырмалар. 

Көкшетау 2011. – 138 бет



Мұстафина М.А.

педагогика ғылымының кандидаты

Халықаралық бизнес университеті 

(Қазақстан Республикасы)

ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА КӨРКЕМӨНЕР ШЫҒАРМАЛАРЫН 

ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Өнердің  қай  түрі  болмасын  өмір  танытады.  Адамның  ойын  өрістетіп,  сезімін  сәулелендіреді.  Сол 

арқылы олардың бәрі ді адам үшін қызмет етеді. Осы тұрғыдан қарағанда өзара байланысты әдебиеттің, 

бейнелеу өнерінің, музыка мен театр өнерін жас ұрпақты тәрбиелеудегі орны ерекше. Адамның өмірге 

эстетикалық көзқарасы оның өмірі мен қызметінің барлық саласынан көрінеді. Эстетикалық талғамы биік, 

сезімтал адам әсіресе еңбектегі әдемілікті, табиғаттағы сұлулықты, өнердегі әсемдікті танып, оны сүйе, 

қастерлей білетін болады. Бұл жайында В. Белинский: «Әсемдікті сезіну-адамгершіліктің шарты. Тек осы 

сезім төңірегінде ғана ақыл-парасат болуы мүмкін..., тек осы сезіммен ғана адамзат өзінің жеке басының 

мүдделерінде, өзінің жеке көзқарасында Отан үшін құрбан ете алады, тек осы сезіммен ғана адам өмірде 

ерлік істей алады,... эстетикалық сезім- жақсылықтың негізі, адамгершіліктің негізі» [1, 19] дейді. Яғни, 

эстетикалық сезімді, әсемдікті сүйе білуге, тани білуге тәрбиелеу- ұлттық өнерге, туындыға мұқият зейін 

салуды талап етумен қатар балалардың ақыл-ойын, дүниетанымын дамытады.



240

Nazarbayev

Intellectual

Schools

Жас  ұрпақтың  эстетикалық  сезімін  қалыптастыруда  көркем  әдебиеттің  маңызы  айрықша.  Өйткені 

«Көркем өнер біздің ішкі дүниемізге, жан-жүйемізге әсер ететін адамдық қалыбымызды тәрбиелейді»,- 

дейді  ұлы  жазушы  М.Әуезов  [2,  219].  Осы  мақсатта  әдебиеттен  сапалы  білім  беруде  туған  жеріміздің 

тарихында  мыңдаған  жылдар  бойы  қалыптасқан  мәдени  мұраларды,  қазақ  халқының  рухани  және 

адамгершілік дәстүрлерін тұғыр етеміз.

Әдебиет  пен  көркем  өнердің  байланысы  олардың  тақырып  және  идея  ортақтастығынан,  мақсат 

бірлігінен  туады.  Мәселен,  көркем  әдебиетте  ұлы  жазушы  М.Әуезов  жасаған  Абай  образын  бейнелеу 

өнерінде халық суретшісі Әбілхан Қастеев те, мүсін өнерінде Наурызбаев та жасады. Сол сияқты қазақ 

ертегілері мен эпостарына жасалған иллюстрациялар әдебиет пен бейнелеу өнерінің қатысы жайлы нақты 

дәлел бола алады. Әдебиеттің музыкамен байланысы да өте күшті. Өйткені әдебиет адамтану ғылымы 

болса,  музыка  -  сол  адамның  жан  азығы.  Музыканың  поэзияға  байланысы  жөнінде  орыстың  атақты 

композиторы А.Н.Серов: «Музыка поэзияны толықтырады, сөзбен жеткізуге қиын әрі болмайтын сезімді 

жеткізеді. Музыканың осы ерекшелігі оның ең басты, еліктіріп, тартып әкететін сүйкімді қасиеті болып 

табылады»,- деп бағалаған. Біз орта мектепте әдебиет сабағын өткізу барысында жоғарыда аталған көркем 

өнер  салаларының  өзара  байланыстылығына,  олардың  эстетикалық  тәрбие  құралы  ретіндегі  әсеріне 

тоқталамыз. Бейнелеу өнері шығармаларын пайдалану оқушылардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеуде 

ықпалы мол. Түрлі иллюстрациялар, мүсін жасау, пейзаж, портреттер, сәулет өнерлері құралдарымен өмір, 

табиғат және қоғам әсемдігі өрнектеледі. Бейнелеу өнері шығармалары жастарды әсемдікке тәрбиелеп, 

адамдар мұраттарына, күнделікті өмірдегі тәртібіне үлкен ықпал жасайды. 

Ақын-жазушылардың шығармашылығын оқушылар шын ықыласпен оқып үйрену үшін, ең алдымен 

олардың өзін құрметтеп, үлгі тұтарлық белгіде болу керек. Осыған орай, әр ақын-жазушының портретіне – 

оның шығармашлық - әлеуметтік рөлін айқындайтын өткір де терең мазмұнды сөздер береміз. Ол сөздерді 

сол  ақын  жазушының  өз  шығармаларынан  немесе  ол  туралы  айтылған  пікірлерден  аламыз.  Мысалы, 

Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылық жолын өтерде оның портретінің астына мына үзіндіні 

жазуға болады: 

 Еділ үшін егестік, Бұзуын ойлап кеңестік

 Тептер үшін тебістік. Аламанға жел бердік – 

 Жайық үшін жандастық, Аса жұртты меңгердік.

 Қиғаш үшін қырылдық... Қара қазақ баласын

 Ханның кірген ақ орда Хан ұлына теңгердік...

Жаңа тақырыпты Махамбеттің осы сөзімен бастап, «Хан ордасын бұзып, қара қазақ баласын хан ұлына 

теңгеру»  ақынның  өмірлік  мақсаты  болғанын  айтамыз.  Нәтижесінде  оқушылардың  көру,  есту  арқылы 

жаңа  сабаққа  деген  ықыласы  артады.  Осы  сияқты  Ы.Алтынсариннің  өмірі  мен  шығармашылық  жолын 

өтерде оның портретінің астына: «...Мен әлім келгенше туған еліме пайдалы адам болайын деген негізгі ой 

– талабымнан әсте қайтпаймын», - деген сөзін жаздық. Ал Абай Құнанбаевтың өмір жолы туралы айтарда 

оның портретіне: 

 Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

 Жоқ – барды, ертегіні термек үшін.

 Көкірегі сезімді, тілі орамды 

  Жаздым  үлгі  жастарға  бермек  үшін,  -  деген  үзіндіні  беруге  болады.  Тағы  бір  айтылатын  жайт  – 

портреттермен  қоса  түрлі  иллюстрацияларды  да  пайдалануға  болады.  Олар  шығарманың  мазмұнын 

оқушылардың жақсы игеріп, идеясын айқын түсінуіне, кейіпкерлердің ішкі дүниесіне терең бойлауына 

септігін тигізеді. Мысалы, «Біржан – Сара айтысы» тақырыбын талдауда сахнада жасалған кейіпкерлердің 

суреттерін  пайдалану  дұрыс.  Оның  ұтымдылығы,  әсіресе,  М.Әуезовтің  «Абай  жолы»  эпопеясындағы 

басты кейіпкерлер – Абай мен Құнанбай образдарын талдағанда жақсы сезіледі. Абай образын талдаудың 

барысында  романның  бірінші  кітабындағы  жасөспірім  Абай  тұсында  Ә.Қастеевтің  «Жас  Абайын»,  ал 

екінші, үшінші кітаптарындағы кемелденіп жеткен әлеумет қайраткері, ақын, композитор, ойшыл Абайға 

келгенде  Наурызбаевтың  Абай  ескерткішінің  репродукциясын  кәдеге  асырдық.  Құнанбай  образын 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет