Nazarbayev Intellectual Schools Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «назарбаев зияткерлік мектептері»



жүктеу 5.88 Mb.

бет43/72
Дата22.12.2016
өлшемі5.88 Mb.
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   72

Нұрышев Ғ.Ж. 

экономика ғылымының докторы

Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты

(Қазақстан Республикасы)

АҚТӨБЕ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ 

ПАРАДИГМАСЫНДАҒЫ МАМАНДАР ДАЙЫНДАУ ТӘЖІРИБЕСІ

Қазіргі заманғы білім беру парадигмасы, негізгі талаптары оқу принципіне, үйренудің эволюциялық 

принципіне, өзін-өзі оқытуға, жеке байланыстан жүйелі сипаттағы байланысқа өтуге бағытталған.

Жоғары кәсіптік білімнің ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында жаңа іс-әрекеттік 

білім беру парадигмасына өтуге мән беріледі. Стандартта білім беру нәтижесіне бағдарлау назарға алынған. 

ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан  халқына  «Болашақтың  іргесін  бірге  қалаймыз»  атты 

жолдауында қазіргі заманға қазақстандық қоғам дамуының қажеттіліктері мен міндеттеріне сәйкес ЖОО 


Nazarbayev

Intellectual

Schools

267


алдына мамандар даярлауда жаңа талаптар қояды. Бұл, ең алдымен, жаңа қоғамға – бәсекеге қабілетті, 

бастамашыл,  өздігінен  шешім  қабылдай  алатын,  оған  жауапкершілікпен  қарай  алатындай,  әлеуметтік 

ортаның оңтайлы құрылымдарына әрқашан дайын, азаматттық қоғам мен құқықтық мемлекетте өмір сүріп 

қана қоймай, оны құруға белсенді жастарды тәрбиелеу.

Жоғарыда  аталғандар  АқМПИ-ның  міндетінің  негізгі  миссиясы  болып  саналады,  ал  ол  –  ҚР-ның 

жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарты  талаптарына  сәйкес  педагог  кадрларды  дайындау  және  батыс 

аймақтарын жоғары білікті педагог кадрлармен қамтамасыз ету. 

Қазіргі  білім  беру  парадигмасы  бойынша  болашақ  және  жас  педагогтарды  кәсіптік  жағынан 

қалыптастыру  мақсатында  инновациялық  білім  беру  ортасы  ретінде  ғылыми-педагогикалық  зерттеу 

орталығы құрылған. 

Ғылыми-педагогикалық зерттеу орталығының мақсаты – институттың ғылыми-әдістемелік жүйесінде 

болашақ  педагогтың  кәсіби  қалыптасу  барысындағы  проблемалары  мен  оны  шешу  жолдарын  анықтау. 

Барлық  мамандықтарда  үшінші  жыл  қатарынан  «12  жылдық  білім  беру  жүйесінің  психологиялық-

педагогикалық негіздері» атты арнаулы курс оқытылады, оқу құралдары шығарылады.

«Практика  комитеті»  ұйымдастырылып,  нормативті  талаптарды  орындауға  арналған  әдістемелік 

ұсыныстар  дайындалды.  Әдістемелік  конкурстар  арқылы  өндірістік  практикалардың  сапасын  арттыру 

бағытында зерттеу жұмыстары жүргізіледі (слайд).

АқМПИ базасында «Жас педагогтар мектебі» жұмыс істейді, онда тоқсан сайын жас мамандар өз 

біліктіліктерін  арттырады.  Жыл  сайын  жас  оқытушыларға  арналған  «Педагогтік  шеберлік  шыңына» 

және студенттерге арналған «Дарынды мұғалім-дарынды балаларға» атты педагогикалық олимпиадалар 

өткізіледі.

Базалық мектептермен ынтымақтастық туралы келісім-шарт жасалған. 

Педагогикалық  практиканың  болашақ  маманның  өз  жұмысына  кәсіби  дайындығын  байқататын 

интегралды  көрсеткіш  екені  бәрімізге  белгілі.  Қазіргі  мектеп  жағдайында  жас  түлек  базалық,  пәндік 

мәселені шешу үшін (ақпараттық, коммуникативтік) құзіреттіліктерді де меңгеруі тиіс екені анық.

Институт  студенттерінің  оқушы  бойында  осы  құзіреттіліктерді  қалыптастыру  дайындығының 

деңгейін  анықтау  үшін  біз  педагогикалық  практиканы  өтуге  дайындалып  жатқан  студенттер  арасында 

олимпиада өткізуді дәстүрге айналдырдық. Біздің ойымызша, оны өткізу арқылы белгілі бір нәтижеге қол 

жеткізуге болады, мұны студенттер арасында жүргізілетін педагогикалық қызметке кәсіби дайындығының 

диагностикасынан  көруге  болады.  Әдістеме  үш  бағытты  қамтиды:  ғылыми-теориялық  дайындық, 

психологиялық-педагогикалық дайындық және әдістемелік дайындық.

Берілген  сызбаларда  студенттердің  өздерінің  кәсіби  дайындығының  бағалауы(өзіндік  бағалауы) 

мен  институт  оқытушыларының  бағалауы  көрсетілген.  Олардан  көріп  отырғанымыздай,  студенттердің 

дайындығы талапқа сай деңгейде. 

Ақтөбе  мемлекеттік  педагогикалық  институты  білім  беру  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру 

аймақтық орталығының басты міндеті – білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби білімдерін жаңғырту 

және  кеңейту,  білім  беру  жүйесіндегі  өзекті  бағыттар  бойынша  олардың  құзіреттілігін  арттыру  болып 

табылады.

Білім  берудегі  ынтымақтастық  тенденциясы  аясында  және  ҚР  Білім  және  Ғылым  министрі  Б.Т. 

Жұмағұлов  қойған:  «білім  беру  үдерісіне  халықаралық  тәжірибеге  жақындатылған  жаңа  модельдерді 

енгізу»  міндетіне  сай  Қазақстанның  батыс  өңірі  педагогтарының  біліктіліктерін  жетілдірудің  оқу 

процесіне халықаралық білім беру бағдарламалары енгізілген. Мысалы, АқМПИ-ның білім беру саласы 

қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру  өңірлік  орталығы  халықаралық  Intel  «Болашақ  үшін  оқыту» 

бағдарламасының оқыту алаңы ретінде мұғалім практиктердің сұранысына ие көптеген арнаулы курстарды 

жүзеге асырады, бұл курстар арқылы қазіргі заманғы педагогикалық ақпараттың оқыту технологияларын 

оқу үдерісіне енгізу мен интернет-жүйесінде жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік беріліп 

қана қоймай, сонымен бірге курс тыңдаушыларының ақпараттық білім беру жүйесінде үздіксіз білім алуына 

жағдай жасалады. Сабақты «Болашақ білім беру» халықаралық Intel бағдарламасы бойынша Қазақстанда 



268

Nazarbayev

Intellectual

Schools

және Ресейде курстан өткен АқМПИ-ның оқытушылары жүргізеді. АқМПИ жанындағы білім беру саласы 

қызметкерлерінің біліктілігін арттыру өңірлік орталығының директоры З.У. Имжарова осы бағдарламаның 

халықаралық эксперті болып табылады, институттың екі оқытушысының Ресей эксперттері тарапынан аға 

тьютор ретінде осы бағдарлама бойынша Ресей мен Қазақстанда курстық дайындық өткізу құқын беретін 

сертификаттары бар. 

2010 жылы АқМПИ-на қарасты өңірлік орталық Intel «Болашақ маман үшін білім беру» бағдарламасы 

бойынша ең үздік оқыту алаңы атағын алу үшін жарияланған конкурстың жеңімпаздары атанды.

ЖОО  оқытушылары  осы  бағдарламаның  оқу  құралын  қазақ  тіліне  сәйкестендірді.  Халықаралық 

бағдарламалар  бойынша  біліктіктерін  көтеру  курстарын  өткізуде  қалыптасқан  тәжірибе  тек  АқМПИ 

жанындағы аймақтық білім беру қызметкерлерінің біліктіліктерін көтеру институтында ғана емес, АқМПИ 

оқытушылары  –  бағдарлама  тьюторларының  Қостанай,  Орал,  Ақтау  қалаларындағы  облыстық  білім 

жетілдіру институттарындағы курстарда да жүзеге асырылады.

Келісім шарт арқылы бекітілген Халықаралық ынтымақтастық Ресейдің М.В.Ломоносов атындағы 

Мәскеу  мемлекеттік  университетінен,  Санкт-Петербургтің  «Педагогикалық  білім  беру  институты, 

Канаданың  «Шекарасыз  білім  беру»  қазіргі  заманғы  педагогикалық  орталығынан  шетелдік  ғалымдар 

мен оқытушыларды курстарда сабақ беру мақсатында шақыруға және педагогтардың біліктілігін арттыру 

курстарының  бағдарламаларын  бірлесе  дайындауға  мүмкіндік  береді.  Осы  жылдың  қазан  айында 

ф-м.ғ.д.,профессор А.В.Боровских біздің институт оқытушыларына арнап апталық «Нақты педагогика» 

атты білім жетілдіру курсын өткізді. Бұл курс «іс-әрекет арқылы оқыту» принципіне негізделген. 2010 жылы 

АқМПИ-ның  жас  оқытушылары  мен  студенттерінен  тұратын  команда  «Ломоносов-2010»  Халықаралық 

жастар  форумы  аясында  командалық,  педагогикалық  олимпиадаға  М.В.Ломоносов  атындағы  Мәскеу 

мемлекеттік университетінің инновациялық жобалар курсына қатысты.

АқМПИ  Халықаралық  форумдарға  қатысуы  арқылы  да  шетелдік  білім  беру  ұйымдарымен 

тәжірибе  алмасу  мүмкіндігін  пайдаланады.  Биылғы  жылдың  қазан  айында  біздің  оқытушылар  «ТМД 

мемлекеттеріндегі педагогикалық білім: қазіргі проблемалары, концепциялары теориясы мен практикасы» 

атты Санкт-Петербургте өткен барлық ТМД елдері үшін маңызды болып табылатын Халықаралық ғылыми-

практикалық конференцияға қатысты.

Кәсіби  білім  берудегі  әлеуметтік  серіктестік  жоғары  оқу  орнына  осы  үдерістің  барлық 

қатысушыларының қызығушылығын ескеру және байланыстыруға ғана емес, бірлескен жұмысты тиімді 

басқаруға мүмкіндік береді.

Мұндай  серіктестік  әлеуметтік  өмірдің  ерекше  саласы  ретінде  бізге  жаңа  қоғамдық  маңызды 

қызметтерді  жобалауға,  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  береді.  Мысалы,  мұғалімдердің  біліктілігін  арттыру 

курстарының оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі қаланың орта білім беретін мектептерімен байланыс жасау 

арқылы жүзеге  асырылды. Практика  мұғалімдерімен бірлесе  отырып  төмендегідей монографиялар  мен 

әдістемелік  құралдар  дайындалды:  «Портфолио  технологиясы»,  «Мектептегі  эксперимент»,  «Қазақстан 

тарихын оқытудағы құзіреттілікті-бағдарлы өлшеуіш-тапсырмалар», «Бастауыш класс оқытушыларының 

математика пәніне арналған қосымша есептер жинағы» атты есептер жинағы.

Ақтөбе облыстық білім беру басқармасымен бірлесе жоспарланып және жүзеге асырылған шаралар:

-  «Ақтөбе  қаласы  және  Ақтөбе  облысындағы  жалпы  білім  беретін  мектептердегі  мұғалімдердің 

ақпараттық мәдениетін қалыптастыру» жобасы; 

-  «Ақпарттық-коммуникациялық  технологияларды  пайдалану  арқылы  өткізілген  үздік  сабақтар» 

байқауы;

-  «ХХІ  ғасырдағы  білім  беру  үдерісі:  мәні,  жағдайы,  перспективалары»  облыстық  ғылыми-

практикалық конференция-семинар. 

Балалар құқығын қорғау бойынша Ақтөбе облыстық департаментімен бірге жүргізілген іс-шарлар:

•  «Мінез-құлқында  ауытқушылығы  бар  балалар  құқығын  қорғау:  педагогикалық  үдерісті 

ұйымдастыру» тақырыбындағы облыстық практикалық конференция.

•  «Балалар құқықтары мен қызығушылықтарын қорғауда ҚР заңнамаларын қолдану» атты семинар-


Nazarbayev

Intellectual

Schools

269


тренинг. 

Ақтөбе  қалалық  білім  беру  бөлімімен  бірлесе  тамыз  педагогикалық  кеңесі  және  ең  үздік  ашық 

сабақтар байқаулары жыл сайын өткізіліп келеді. 

Ақтөбе қаласы әкімшілігі бастамасымен оқу орындары, қоғамдық ұжымдар және құқықты қорғау 

органдардың  қатысуымен  АқМПИ  жанындағы  Білім  қызметкерлерінің  біліктіліктерін  көтеру  аймақтық 

орталығы «Оқушылардың құқыққа қарсы шығу әрекеті мәселесін педагогикалық тұрғыдан шешу» атты 

жобасы жасалды. 

«Оқу-Қазақстанның ұлттық басымдылығы» тақырыбындағы республикалық конференция шеңберінде 

«Сыни оқу: түсіну ұғымының құралы» тренингі, «Абайды оқысаң...» оқырмандар конференциясы; «Бір ел 

– бір кітап» республикалық акциясы аясында облыстық кітапханамен бірлесе отырып іс-шаралар өткізілді.

Көп  жылдарғы  біздің  тәжірибеміз  көрсеткендей,  білім  беру  саласындағы  әлеуметтік  серіктестік 

ерекше тиімді, сондай-ақ барлық мүдделі жақтың әлеуметтік білім беру мәселелерін шешуде толық мүдделі 

(ынталы), ұзақ мерзімді бағдарламаларды жасауды ұсынады.

Одан басқа, егер мұғалімнің осындай шараларға қатысуы болашақта кәсіптік деңгейде өсуіне жағдай 

туғызады, АқМПИ жанындағы Білім қызметкерлерінің біліктіліктерін көтеру аймақтық орталығы«Үздік 

ашық сабақ», «Үздік оқу жобасы», конференция, дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізу, курстарды оқыту 

сапасы  мониторингі  үшін  қызмет  етеді.  Сонымен  қатар,  осындай  шараларда  курста  алған  білімдерін 

оқытушы күнделікті мектептегі педагогикалық практикада тәжіриебелері арқылы көрсете алады.

Ақтөбе  мемлекеттік  педагогикалық  институтының  жанындағы  Білім  қызметкерлерінің  Аймақтық 

біліктілікті  көтеру  орталығымен  әлеуметтік  серіктестік  жұмысының  нәтижесі  мен  тиімділігі  мемлекет 

пен қоғам қойған мақсатты орындауында, атап айтсақ: жоғары білікті мамандарды даярлауы әлеуметтік 

қызметті атқару деңгейіне байланысты бағаланады.

Аймақтық  аудан  әкімі  өкілдерінің  ауылдық  жерде  оқытушылар  кадрлерін  бекіту  жөнінде 

ұмтылыстарын ерекше атап көрсетуге болады. 

Мысалы,

- 2009 жылы көтерме ақша ретінде 15 млн. 620 мың теңге, ал 50 ЖОО бітіруші түлектер пәтер алды;



- 2010 жылы 24 млн. теңгедей бөлінді;

-  2011  жылы  түлектерді  жұмысқа  орналастыру  келісімшартының  жалпы  қорытындысы  29  млн. 

теңгедей болды; 29958,0

Осы жылдан бастап институт жұмысқа орналастыру мен әлеуметтік бағдарламаны басқару келісімімен 

Ақтөбе облысы республикалық «Түлек» атты базаның құрамына енді.

Болашақта, «Жұмыс беруші жоғары оқу орны» сияқты екі жаққа да тиімді істердің қалыптасуына 

байланысты  келесі  іс-шаралар  өткізілмекші:  түлектің  бәсекелестік  белгілерін  анықтау,  жағдай 

диагностикасын,  педагог  кадрларды  және  аймақта  еңбек  нарығын  дамыту  бағытында  болжау  және 

мониторинг қажеттіліктерін ескеру.

Біздің ЖОО-ның түлектері ең алғашқы болып 2007 жылы жастардың дипломмен ауылға оралуын 

қолдады, және де елдегі барлық жастарды өз қызметтерін ауылдық жердегі мектептерден бастауға үндеп, 

шақырды.  2007  жылғы  жолдама  «Егемен  Қазақстан»,  «Ақтөбе»,  «Актюбинский  вестник»  газеттерінде 

жарияланды. Түлектердің осы бастамалары жақсы дәстүрге айналды. Әр жылы түлектердің 75-80% өз еңбек 

қызметтерін ауылдық жерден бастайды. ЖОО бітіруші түлектерден гөрі оқытушы кадрлардың қажеттілігі 

жоғары,  көрсетілген  мәліметтерге  қарағанда  институтты  тәмәмдаушы  түлек  -  аумақтағы  оқушылар 

кадрын  жаппайтындығы  көрініп  тұр.  «АқМПИ-тің  түлектерді  дайындау  жөнінде  жұмыс  берушілердің 

қанағаттануы» жөнінде жүргізген сауалнама қорытындысын атап өткеніміз жөн, мектеп директорлары мен 

білім беру орнының басқармалары АқМПИ-ның кадрларды дайындауларын «жақсы», және «өте жақсы» 

деп бағалады.

Институттың  ұлттық  академиялық  ұтқырлық  жүйесі  аясында  «Абай»  атындағы  қазақ  ұлттық 

педагогикалық  университетімен»,  «Қазақ  мемлекеттік  педагогикалық  қыздар  университетімен»,  «Ш. 

Есенов  атындағы  Каспий  мемлекеттік  технология,  және  инжинеринг  университетімен»,  «М.Өтемісұлы 



270

Nazarbayev

Intellectual

Schools

атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті», «Х. Досмуханбетов атындағы Атырау мемлекеттік 

университеті», Қостанай, Арқалық, Павлодар, Өскемен, Тараз педагогикалық институттарымен келісім-

шарт жасалды. 

Студент жастармен жұмыста Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының қамқорлық Кеңесі 

көп  көмек  көрсетеді.  Олардың  мәжілістерінде  кадр  саясаты  мәселелері,  жергілікті  үкімет  органдармен 

тиімді қарым- қатынас мәселері, сонымен қатар жетім студенттер мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған 

отбасынан шыққан студенттерге атаулы әлеуметтік көмекті көрсету бойынша шаралары қарастырылады. 

Мысалы: 

1.  Келісім-шарт  бойынша  ақылы  түрде  оқуға  түскен  әлеуметтік  жағдайы  нашар  студенттерге  оқу 

ақысын төмендету мүмкіншіліктері қарастырылады.

2.  Облыстық жасөспірімдер үйінде тұратын Алға қаласындағы облыстық балалар үйінде тәрбиеленген 

студенттерге институт асханасынан тегін түскі ас беріледі.

3.  Келісім-шарт негізінде ақылы түрде оқитын жетім студенттерге қаржылай және әлеуметтік көмек 

көрсету үшін бюджеттен тыс қаржы есебінен стипендия бөлінеді.

4.  Жекелеген жетім студенттерге бір реттік атаулы көмек көрсетіледі.

5.  Мүгедек студенттерге арнайы жеңілдіктер, кейде тегін оқу құқығын иеленеді.

6.  Студенттер үйінде тұратын мүгедек студенттер жатақханаға төленетін төлемақыдан босатылады.

7.  Каникул уақытында мүгедек студенттерге санаторий-курорттық ем алу үшін жолдама бөлінеді. 

8.  Ұлттық компаниялармен келісім-шарт негізінде 12 студентке жалпы сомасы 1 млн. 700 теңге ақша 

көлемінде оқу ақысы төленді.

Институтта  студенттерге  психологиялық  көмек  және  психологиялық  жағдай,  мінез-құлық,  қарым-

қатынас әрекеттері мәселелерін реттеу мақсатында әлеуметтік-психологиялық қызмет ұйымдастырылған.

Жалпы,  білім  берудің  қазіргі  парадигмасына  сәйкес  мамандар  даярлау  үшін  Ақтөбе  мемлекеттік 

педагогикалық  институтында  стратегиялық  мақсат-міндеттер  анықталып,  оларды  іске  асырудың 

структуралық құрылымдары жасалып, бүгінгі күн талабына сай, болашақ маман даярлауды іске асыруда 

институттың профессор-оқытушылар құрамы жан-жақты күш-жігерін жұмылдыруда.

Нұрсалимова Ж.Ә.

Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институты

(Қазақстан Республикасы)

МҰҒАЛІМНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУДЫҢ БІР ШАРТЫ

Мұғалімнің  педагогикалық  шығармашылығын  дамытудың  тағы  бір  мүмкіндігі  оның  түрлі 

педагогикалық технологияларды өз мүмкіндігіне қарай икемдеп, жетілдіріп қолдану дағдысы.

Ал,  бүгінгі  педагогикалық  технологияларды  игеру  бағдарламаларының  ішіндегі  ең  тиімдісі 

ақпараттық-коммуникациялық технологиялар болып табылады. (АКТ).

Ақпараттық технология – бұл ақпарларды жасау, сақтау, алмасу және оларды түрлі формада пайдалану 

жөніндегі барлық терминдерді біріктіреді.

Бұл – жаңа сападағы ақпараларды алуға қолданылатын құрал-жабдықтар мен мәліметтерді жинау, 

өңдеу  және  тасымалдау  әдістерінің  жиыны.  Оның  мақсаты  –  осы  технологияны  адамның  талдап,  оны 

өзінің белгілі бір әрекетін іске асыру кезінде қабылдауы үшін ақпараттар жасау болып табылады.

Ақпараттық технология – ғылыми білімдер мен басқа да технологияларды интеграциялау – кіріктіру 

қасиетіне ие.



Nazarbayev

Intellectual

Schools

271


Жаңа  ақпараттық  технология  білім  беру  саласын  ақпараттандыруда  маңызды  орын  алады.  Соның 

ішінде  біліктілікті  жетілдіру  жүйесіне  ендіру  тұтас  бір  инновациялық  процесс  болып  табылады.  Бұл 

жағдайда  оқытушы  тыңдаушылар  үшін  ақпараттардың  көзін  алғашқы  ұсынушы  болып  табылмайды. 

Керісінше, сол ақпарды алуды жеңілдетуді іске асыратын орталық буын болып табылады. Жалпы адамзат 

цивилизациясы дамуының фундаментальдық сипаты - ақпарды алу, жинақтау, өңдеу және қажетіне жарату 

болып табылады. 

Ақпаратталған  қоғамда  бастауыш  компьютерлік  сауаттылық  болмайынша  бүгінгі  ғылымда, 

мәдениетте, іскерлік қарым-қатынаста шығармашылық әлеуетті іске асыру мүмкін емес.

Біліктілікті  жетілдіру  жүйесінде  білім  беруді  дамыту  ондағы  әдістемелік  жүйені  жетіліруді  талап 

етеді.  Бұл  дегеніміз-жеке  тұлғаға  бағдарланған  ақпараттық-коммуникативтік  технологияларды  қолдану 

деген сөз.

Бүгінгі таңда ақпараттық технологияны:

-  компьютер қолданылатын ақпараттық технология

-  компьютер қолданылмайтын ақпараттық технология деп екіге бөлуге болады.

Компьютерді  қолданатын  ақпараттық  технологиялар  программалар  мен  және  түрлі  аппараттармен 

қамтамасыз етіледі.

Ақпараттық технология туралы сөз болғанда көбінесе компьютерлік технология айтылатыны өзінен өзі 

түсінікті. Сондықтан компьютерді пайдаланып оқу жұмысын тікелей модельдеуге болады. Мұғалімдердің 

біліктілігін жетілдіру курстарындағы оқу процессінде жоспарлау және тапсырманы орындау барысында 

компьютерді қолдану-электрондық жобалау негізі болып табылады.

Жұмыс  нәтижесі  Рower  Рoint  орындалған  презентация  түріндегі  шығармашылық  жобалар. 

Презентация білім беру саласында ерекше орын алады. Оны кез келген пән мұғалімі қолдана алады.

Өкінішке  орай  кез  келген  пәнді  оқытуда  қолданылатын  күнделікті  сабақта  ақпараттық, 

телекомуникациялық, компьютерлік және мультимедиалық ортақ әдістеме жоқ. Ал біліктілікті жетілдіру 

жүйесінде мүлде жоқ деуге болады. Бұл бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі. Ондай әдістемені жасауда 

кездесетін проблемаларды бірнеше топқа бөлуге болады.

1.  Психологиялық – педагогикалық. 

2.  Ғылыми-теориялық;

3.  Ұйымдастырушылық;

4.  Технологиялық.

Бұл компьютерді сабақта қолдануға психологиялық кедергі, яғни компьютерді сабақта қолданудың 

қажеттігіне  скептикалық  көзқарас,  өйткені  оқытушылар  көп  жағдайда  жаңалықтарға  консервативті 

көзқараста болады. Сонымен бірге мұғалімдердің көбі онымен қалай жұмыс істеуді білмейді. Сондықтан 

компьютерлік өнімдер мен ақпараттық технологияны оқу процесіне қолданудың нақты әдіс-тәсілдері мен 

жалпы  әдістемелік  принциптерін  жасау  керек.  Ол  жалпы  принциптер  мен  нақты  әдіс-тәсілдер,  барлық 

пәндерді  оқытудың  дербес  әдістемесінің  міндеті  компоненті  болуы  қажет.  Бірақ  пән  мұғалімдерінің 

компьютердің  қыр-сырын  білімді  информатика  пәні  мұғалімнің  деңгейінде  білуі  жеткілікті  де, 

міндетті  де  емес.  Сондықтан,  жеке  пәндер  бойынша  біліктілікті  жетілдіру  курстарында  компьютерлік 

технологияларды  және  компьютерлік  өнімдерді  қолданудың  әдістемелік  тәсілдеріне  арналған  арнайы 

курстар  ұйымдастырылуы  қажет.  Бұл  курстарда  мұғалімдер  компьютерлік  технологияларды  өз  бетімен 

қолдана  білуі  және  сол  компьютерді  жаңа  сипаттағы  сабақты  ұйымдастырудың  құрамы  ретінде  және 

ұсынылған ақпараттық өнімдерді тиімді және шығармашылықпен пайдалана білуді үйренуі керек.

Жалпы маманның кәсіби құзыреттілігі дегеніміз – жеке тұлғаның кәсіби әрекетті іске асыруға дайын 

болуының теориялық және практикалық бірлігі мен қабілеті.

Ал, біліктілікті жетілдіру жүйесінде мұғалімнің АКТ пайдалану құзыреттілігін дамыту жаратылыстану 

– математика пәнідерін оқыту процесін жаңа сапалы деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Демек мұғалімнің 

педагогикалық шығармашылыған дамытудың жаңа мүмкіндіктері анықталады. Сонымен, пән мұғалімнің 

АКТ  құзыреттілігі  деп  –  оның  ақпараттық  коммуникативтік  технологияларды  өз  бетімен  қолдана  білу 



272

Nazarbayev

Intellectual

Schools

дайындығы мен соған қабілетін көрсететін жеке басының қасиеті деп түсінуді ұсынамыз.

Біліктілікті  жетілдіру  жүйесінде  пән  мұғалімдерінің  АКТ  –  құзыреттілгінің  бірнеше  нұсқасын 

ұсынуға болады:

-  базалық және пәнге бағдарланған (А.А.Елизаров);

-  базалық және жалпы кәсіби (М.Б.Лебедов);

-  базалық және кәсіби-тереңдетілген (М.А.Горюнова);

   Соған сәкес бұл ғалымдар АКТ құзыреттіліктің қалыптасуының әртүрлі деңгейін қарастырады. 

Соған сүйене отырып біліктілікті жетілдіру жүйесінде мұғалімнің АКТ құзыреттілігін дамытудың моделін 

жобалағанда төмендегі кезеңдерді ескере отырып оқу процесін ұйымдастыруды ұсынамыз:



Мұғалімнің АКТ – құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту

Біліктілікті жетілдіру курстарындағы оқу процесінің кезеңдері

Мұғалімді АКТ-базалық 

дайындау

Педагог- тьюторды 

дайындау

АКТ бойынша 

консультант-

педагогты дайындау


1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   72


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал