Nazarbayev
Intellectual
Schools
талдауды дұрыс жасап және қарама-қайшылықтың себебін түсінсе, бұл қарама-қайшылықтар мұғалімнің
кәсіби дамуының қайнар бұлағы болары анық. Қойылған міндеттердің нәтижесі одан да бай болып, мұғалім
әрекетінің дамуына ұласады.
Егер мұғалім әрекетін кеңінен қарастырсақ, жоғарыда аталған әрекеттің төрт компонентін; сабақтағы
негізгі мәселеге тағы да екеуін қосуға болады: даярлану және сыныптан тыс әрекет.
Мұғалімнің педагогикалық әрекетінің білім алудағы орталығы, үйрену базисі, әрекеттер нәтижесі
болып мұғалім әрекетінің жүйесін құрайды. Әрекеттер жүйесі мұғалім еңбегінің жүйесі сияқты, оның
тұлғасымен анықталады.
Білім көтеру жұмысының шығармашылыққа бағыттылығын сипаттайтын фактор – оның субъектілерінің
ашық пікір алмасу жағдайында болуы. Коммуникативтілік ашық (демократияланған) ортада қалыптасатын
болса, біз біліктілікті арттыру жүйесінде дамытушылық-шығармашылық орта жасауды шығармашылықты
дамытудың шарттарының бірі деп есептейміз. Дамутышылық шығармашылық орта-білімдік үрдістің
субъектілерінің және білім мазмұны мен ондағы басқа да ішкі жүйелердің өзара әрекеттесу аймағы.
Білімдік ортаны дамытушылық шығармашылық ортаға айналдыруға қажетті мына төмендегі анықталған
жағдайларына тоқталамыз:
Біріншіден дамытушылық орта қалыптасуы үшін оған әсер ететін бастау ретінде оқу үрдісі алынады.
Оқыту үрдісінің мазмұны қажеттілік сұраныстарға қарай өзгермелі, технологиялық жағынан қамтамасыз
етілген, субъектінің өзін-өзі дамытуға ықпалы барлығымен сипатталады. Біздің зерттеуіміздің логикасында
дамытушылық шығармашылық орта, егер оның субъект үшін мәні болса ғана өз қызметін тиімді атқарады.
Екіншіден, дамытушылық шығармашылық орта өзінен-өзі стихиялы түрде пайда бола салмайды.
Ол кіріктірілген, жасампаздық педагогикалық әрекет нәтижесінде сол дәрежеге жетеді. Демек мұндай
мақсатты жасау үшін мақсатты жұмыс жүргізілуі қажет.
Үшіншіден, дамытушылық шығармашылық орта мәнді құндылықтардың бірлігі мен теориялық-
технологиялық тұтастықтың болуымен сипатталады. Сондықтан мұндай шығармашылық ортаны
жобалауда оның субъектілер үшін эмоционалдық мәнмен толы болуы да ескерілуі тиіс.
Төртіншіден, дамытушылық шығармашылық орта педагогикалық үрдістің ықпалынан өзіндік кіріккен
сапаға да ие болуы мүмкін. Ондай сапаға біз субъектілердің әрекеті барысында пайда болатын, оларға оң
немесе теріс әсер ететін ахуалды жатқыздық.
Бесіншіден, дамытушылық орта жасауда шығармашылықпен өзін-өзі жетілдірудің әлеуметтік
психологиялық кондырғылардың қалыптасуының тетіктерін қолдануды тірек еттік.
Мұғалім тұлғасы қоғамдық қарым-қатынас жүйесінде, оның өмірі мен әрекетінің мүмкіндігіне, ең
алдымен педагогикалық қарым-қатынасқа байланысты қалыптасып дамиды; мұғалім еңбегінің әрбір саласы
оның тұлғалық сапаларына ерекше талаптар қояды. Педагогикалық әрекеттің кемелдену көрсеткіші болып,
оның компоненттерінің қалыптасуы болып табылады. Педагогикалық міндеттерді қоюдағы қадамы, сабақ
құрылымын ұйымдастыруда мұғалімде педагогикалық мақсаттылық дамиды. Мұғалімнің жүйелі тәсілдері
мен педагогикалық міндеттерін шешу әдістемесін меңгеруі, әр түрлі мәселелерді шеше білу біліктілігі,
оның педагогикалық ойлауын қалыптастырады. Өзін-өзі талдауы мұғалімнің педагогикалық рефлексиясын
дамытады. Педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыру үрдісінде мұғалімде педагогикалық әдепті
қалыптастырады.
Педагогтың өзін -өзі тәрбиелеуі мен өзін-өзі танудан басталады. Өзін-өзі тану үрдісі адамның өз
болмысы туралы білу және қоршаған ортаны тану арқылы оны қайта құру. Адам әрекетінің сипаттамасы
өз күшімен қабілетімен анықталады.
Мұғалімнің шығармашылықпен жұмыс жүргізуін қалыптастыруда оның жеке тұлғалық сапасында, өз-
өзін тани білу, өзіндік қайталанбайтын ерекше тұлға, бір нәрсені жасауға, тудыруға деген қабілеттілігі
бар, алдына қойған мақсатқа жетушілік, құштарлық, ынталылық қасиеттерімен қаруланған дара тұлғаның
сипаттамасы деп есептеуге болады.
Шығармашылық әрекет – мұғалімнің өз жеке шығармашылық бағытын таңдау қажеттігін және
шығармашылық өнім, нәтиже туғызуға бағытталған жауапкершілігін қамтитын әрекет. Мұндай әрекет
Nazarbayev
Intellectual
Schools
47
мұғалімнің жеке еңбек ету жолындағы кәсіби өсу деңгейін қалыптастыруға бағытталған.
Мұғалімнің шығармашылықпен жұмыс жүргізуі қазіргі ғылыми – педагогикалық проблема ретіндегі
өзекті мәселенің бірі – оның қалыптасуының кезеңдерінде. Жұмыс барысында мұғалімнің шығармашылық
іс-әрекетін қалыптастыру мәселесі шығармашылық үрдістің неше кезеңдерден тұратындығын білуді талап
етеді. Шығармашылық үрдісті А.Н.Лук төрт кезеңге бөледі:
1. Айқын және дұрыс қойылған мақсат .
2. Қосымша мәліметтер іздеу, күш салу.
3. Инкубация. Уақытша мәселені қозғамау.
4. Нәтижені жан-жақты тексеру.
Осы зерттеулерге сүйене отырып, профессор Б.А.Тұрғынбаеваның еңбегінде шығармашылық үрдістің
кезеңдері төмендегіше топтастырылған:
1. Жаңалықпен бетпе – бет келу;
2. Шығармашылық белгісіздік, екіұштылық;
3. Шешімнің жарқ етуі;
4. Шығармашылық акт;
5. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Ғалым – психологтардың еңбектеріне, зерттеулеріне сүйенсек, мұғалімнің шығармашылықпен жұмыс
жүргізу мәдениетіндегі мұғалім тұлғасы – қайталанбайтын еркін шығармашылық әрекеттің субьектісі
болуы шарт.
Шығармашылықтың әр кезеңінде мұғалім бойында әр түрлі сапалық қасиеттер қалыптасады.
Ұлы педагог Я. А. Коменский «Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл - әрекетіне
ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі» деп ұстаздың еңбегіне ерекше баға
беріп, үнемі ізденісте, шығармашылық әрекетте болатын мұғалім тұлғасы айтылған. Ал шығармашыл
ұзтаздың шәкірті де шығармашыл болу керек деген ой туындайды.
Дарынды балаға дарынды ұстаз қажет. Олай болса, оған білімнің нұрын құйып, шығармашылық
ынтымақтастықта әрекет етсе, «Жаңа әлемдегі - жаңа Қазақстанға» жету жолы анықталар еді.
Әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасы біліктілікті арттыру жүйесін дамытудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасы.
2004 ж.
2. Қазақстан Республикасы мамандар біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың ережесі мен тәртібі.
Алматы, 2002 ж.
3.Тұрғынбаева Б.А. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту:
теория және тәжірибе. – Алматы, 2005 ж.
4. Тұрғынбаева Б.А. Ұстаздық шығармашылық. – Алматы, 2007 ж.
Ақтанова А.С.
филология ғылымының кандидаты
Семей мемлекеттік педагогикалық институты
(Қазақстан Республикасы)
БОЛАШАҚ МАМАНДАРҒА ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ ОРНЫ
Әлемдік өркениет өрісі кеңейген сайын әлемдік жаһандану үдерісі де екпінді түрде әр салаға кіріп отыр.
Осы орайда қазақ әдебиетінің әлемдік жаһандану жағдайында жұтылып кетпеуіміз үшін атқаратын рөлі зор
48
Nazarbayev
Intellectual
Schools
демекпіз. Ұлттық дүниетаным мен ұлтына деген сүйіспеншілікті қалыптастыратын ең басты құрал ретінде
әдебиет материалдарын пайдалану әлемдік тәжірибеде бар. Әдебиет арқылы, әдеби шығармаларды оқып,
талдау, түсіну арқылы жастар бойында қалыптасатын ұлттық мінездің жаһандану жағдайында мәні зор.
Себебі, ұлттық тамыры тереңге бойлаған адам ғана сырттан келген мәдениет жетегінде кетпейді. Ұлттың
жаны - тіл, тарих, әдебиет. Осы үш тұғыр жастарымыздың болашақтағы бағдарын айқындамақ. Осы жерде
философ Ж.Молдабековтің қазақы мінезге байланысты айтқан: «Қазақтану – ұлттық идеал, танымдық
бейне-белгі, дүниетанымдық бағдар, жүйелі әлеуметтік-гуманитарлық білімдердің концептуалды
жиынтығы; адамның жаңа қасиет-қабілетін қабылдау; қазақтың өзіндік және әлеуметтік тұтас бейнесін
жасау; қазақтың санасы мен өзіндік танымын жетілдіру арқылы отандаспен үндесуге, ұрпақтармен
үйлесуге жөн табу; отандық азамат пен халық өмірінің бас мәнісін айқындап, сапасын оңайлауға жол
ашу. Қазақтану-адамтанудың, ұлтанудың, қоғамтанудың белгілі бір тұтас көрінісі ретінде, осы өмірлік
тәжірибелерге тарихи-философиялық, мәдени-тарихи және әлеуметтік-гуманитарлық көзқарастарды
тоғыстыру» деп айтқан пікірмен қосыла отырып, қазақы мінездің ұлттық болмыстың қалыптасуындағы
әдебиет пәнінің атқаратын қызметінің зор екенін тағы да баса айтқымыз келеді.
Қазақтың Хакім ақыны Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» айтқан сөздерінің мәнін
оқушылар мен студенттерге түсіндіру арқылы жер бетіндегі барлық адамзатты бірдей көру, жатсынбау
идеясын насихаттаймыз. Мектептердегі және жоғары оқу орнында оқылатын «Абайтану» курсының
негізгі мақсаты – Абай шығармалары арқылы қазақ жастарының санасында қазақ дүниетанымы
арқылы әлемдік өркениетке кіргізу кезіндегі ұлттық болмыс-бітімімізден ажырамай, қайта өзіміздің
ұлттық дүниетанымымызды әлемге таныту. Әлемдік деңгейдегі өркениет сатысынан орын алу үшін
қазақ әдебиетінің асыл маржандарын ағылшын тілінде сөйлету, сол арқылы өзіміздің әдебиетіміз мен
мәдениетімізді таныту болып табылады. Қазақ әдебиетінің сонау фольклорлық түрдегі ауызша тараған
асыл мұраларынан бастап, бүгінгі күндегі әдеби қазынамыздың жаһұттарын шетел тілінде танытатын
мамандардың жоқтығы қынжылтады. Рас, кей кезде қазақ әдебиеті қазақтар білсе болды, оның шетелдіктерге
қажеті қанша деген ойда бас көтерері анық. Бірақ, біз сол шетелдік ақын-жазушылардың шығармаларын
оқып, өзімізге үлгі алатын дүниелердің бар екенін білгеніміздей, біздің де ақын-жазушылармызды таныса,
білсе дейміз. Мәселен, Шәкәрім шығармаларындағы «таза адам» болмысын таныту арқылы жалпы қазақ
дүниетанымын әлемге әйгілеуге болады
Шәкәрімнің «Мақтау мен сөгіс» өлеңінде адам психологиясындағы ерекше әрекеттерді дөп басып
көрсету арқылы мақтанға еліріп мастанбай, сөгіс пен сынды дұрыс қабылдау да тәрбиелі адамның, жақсы
адамның мінезі ретінде көрсетеді. Сол сияқты, адам тәрбиелеу мәселесін көтеретін «Ашу мен ынсап»,
«Анық пен танық», «Махаббат пен құмарлық» т.б. көптеген өлеңдері бар.
Ұлттық сөз өнерінің өрелі ойға негізделген көркем мұрасы тек көркем-эстетикалық мақсаттарды
көздемейді. Оның басты мақсаттарының бірі – ұрпақ тәрбиесі. Шәкәрім шығармашылығының тәрбиелік
негізінде, қазақ халқының ғасырлар бойы көркемдік ойлау санасында қалыптасқан тәлім-тәрбие беру
тәжірибесін ғылыми бағыттағы әдебиеттерді меңгергендігінде дейміз.
Шәкәрім шығармашылығы тәрбие мәселесі таза адам, адамгершілігі жоғары ұрпақ мәселесімен
ұштасып келеді. Шәкәрім адам тәрбиесі мәселесінде «ар білімі» категориясын ең алғашқы кезекке қояды.
Ақын «Оларға еңбек өнерін үйрету керек, онымен қабат оқу-білімге жетілдіру қажет. Жоғарыдағы айтылған
жаман әдеттерді жоюға жеткіліксіз болғандықтан, сол адал еңбек, білім үйретумен қабат «ар білімі» деген
білім оқытылуға керек. Бұл ғылымды ақылды адамдар ойластырып, пән ретінде жазып, нәпсіні жойып,
адам бойында жеке ардың қожа болып келу жағын көздеу керек. Адам бойындағы нәпсі кеселі кетсе,
өзгерісі оңай...», – дейді.
Шәкәрім адамгершілік көзқарасы дегенде оның өте терең, әрі жан-жақты екенін байқау қиын емес.
Философ-ақын өмірдің мәні таза, адал жүрек пен ақ адал еңбек екенін шығармаларында үнемі басты
тақырып ретінде назарда ұстайды.
Абайдың ақындық дәстүрінен шығармашылық тәлім-тәрбие көріп өскен Шәкәрім поэзиясы заманның
қиын сауалдарына жауап іздей отыра адам бойындағы жағымды, жағымсыз қылықтарды бағалау, сынау,
Nazarbayev
Intellectual
Schools
49
түзу іздеу мақсатында келеді. Шәкәрім өзі өмір сүрген заманның тарихи тынысын ақын жүрегімен сезіне
отырып жақсылыққа қуанса, кемшілігіне күйзелді. Шәкәрім қазақ поэзиясына Абай салған дара жолдың
арнасын кеңейте түсті. Заманның дұрыс болуы, сол заманда өмір сүріп қоғамдық идеяны қалыптастырушы
адамның дұрыс болуы деген ойды нысана еткен ақын жеке адам тәрбиесі мәселесіне көп көңіл бөлді. «Ашу
мен ынсап», «Шаруа мен ысырап», «Мақтау мен сөгіс», «Міндеу мен күдеу», «Анық пен танық» және т.б.
өлеңдерінде адам бойындағы жаман қылықтарды сынайды.
Шәкәрім педагогикалық ой-толғамдары «толық адам» тәрбиелеу мақсатына негізделіп, лирикалық
шығармаларында «таза адам» – қоғамға пайдалы тұлға ретінде қаралады. Қоғамдағы алуан түрлі
қайшылықтарға қарамай «адам» деген атты жоғары ұстап тұратын азамат тәрбиелеу қазіргі қоғамымызда
аса қажет.
Ақылды сол – ынсаппен ар сақтайды,
Арсыз сол – арамдықпен жан сақтайды.
Адал сол – таза еңбекпен күнін көріп,
Жан үшін адамшылық ар сатпайды. –
деген өлең жолдары әлеуметтік ортада өмір сүрудің қағидалары сияқты. Адамгершілік тәрбиесінің
міндеттері мен мазмұны этика, әдептілік, өзін-өзі ұстау мәдениетімен ұштасады.
Педагогика ғылымында еңбек тәрбиесі арнайы категория ретінде қаралады. Себебі, еңбек тәрбиесі
еңбек етуге психологиялық даярлықты, еңбек тәртібі мен мәдениетін, еңбекке деген көзқарасты меңгертуді
көздейді. Шәкәрім «Піскен мен шикі» сюжетті өлеңінде еңбек етуге икемді жарлы баласының өмірден
көрген тәжірибесін пайдаланып қиындықтан шыққаны суреттеледі. Соңында ақын:
Не қылды, байқадың ба, піскен адам,
Қор болар үйде отырып өскен адам.
Қиялап, қиын жерде қол созады, -
Көп жер көріп, басына іс түскен адам. –
деп қорытындылайды. Шәкәрім өмірбаяндық деректерінде де, ұлы Ахат Шәкәрімұлының естелігінде
де ақынның еңбектің қандай түрі болса да арланбай, қайта үйренуге тырысатынын жазады. Ол зергерлік
өнерді меңгеріп, күміске қара салып соғуды білгенін де Ахат естелігінен білеміз.
Тәрбие беру үрдісінде өзін-өзі тәрбиелеу жеке тұлғаны қалыптастырудың бір түрі ретінде қарастырылады.
Шәкәрім ақындық, азаматтық тұлғасында өзін-өзі тәрбиелеу процесі үнемі болғанын білеміз. Ақын бала
кезінен өнерге құмар, білуге құмар болған әрі арнайы оқу орнында оқымыса да өздігінен тарих, философия,
география, араб, түрік, орыс тілдерін меңгерген.
«Мал жимақ» деген өлеңінде ақын адал еңбекпен күн көру арлы адамның ісі дейді. «Еңбек етсең
ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген Абайдың афоризмге айналып кеткен ұлағатты сөзін Шәкәрім «Мал
жимақ» өлеңінде ашып, саралап көрсетеді: Жатып ішкен жан тыныш, салғырт-салақ, Оған арам-қарекет,
ой ойламақ. Іздемеген кісіге қайдан келсін Таза киім, жылы орын, тәтті тамақ – деген өлең жолдары
адал еңбек етуге тәрбиелесе, «Бай мен қонақ» өлеңінде еңбегін емес, көзін сатып күн көретін адамдарды
сынайды, жаман әрекеттен тыйылу керектігін ескертеді, қынжылады.
Шәкәрім өлеңдерінің кейіпкерлері шыншыл, әрі сенімді. Біз оның кейіпкерлерін күнделікті өмірде көріп
жүрген кейбір замандастарымыздың дәл портреті деуге болады. Мәселен, «Епті тышқан» деген өлеңінде
айтылған ойлар бүгінгі күннің шындығынан алшақ жатыр дей алмаймыз.
Ойласам, сол тышқандай бұзықтар көп,
Сырты сопы, іші арам қылықтар көп.
Пара алып, не қазынаның ақшасын жеп,
Адалымсып жүретін ұлықтар көп.
Бір ұрты май, бір ұртында қандар да бар,
Қой терісін жамылған жандар да бар.
Жазасызды жалалап атақ алып,
Ақ жүрексіп жүретін паңдар да бар… –
50
Nazarbayev
Intellectual
Schools
деген өлең жолдарында суреттелетін адамдар бейнесі әрі қарапайым, әрі шынайы берілгендіктен, ол
адамдарды әркім-ақ өз таныстарының ішінен танитындай дәрежеде. Адамның ой-санасының өсуін тежеп,
рухани дамуға тежеу болатын қасиеттерді нақты көрсету арқылы ақын өзінің айналасындағыларға астарлы,
әрі салмақты ой тастайды. Халық мүддесі үшін ақын бұл кеселдердің зиянын әшкере етіп қана қоймай,
одан құтылудың жолын да айтады. Ол үшін оқу оқып, ғылым ізде дейді.
Шәкәрімнің бірінші кезекте адамдық – әлеуметтік жағдайы емес, ең алдымен адамдық болмысының
бейнесі тұрады. Таптық қайшылықтар соқтығысының бітіспес дауы Шәкәрім үшін жоқ. Байдың да,
кедейдің де ішінде жақсысы да, жаманы да болады деп есептейді. Адам өз болмысын жоғалтпау үшін
жамандық пен жақсылықтың шекарасын білуі керек. Адам баласының дұрыс жолға түсіп, дұрыс өмір
сүруін бүкіл адамзат басындағы күрделі мәселелермен байланыстырады. Шәкәрімнің лирикалық тұлғасы
халқының бүгініне қиналады, мұңаяды, ертеңгі күніне, яғни жастарына үміт артып, сеніммен қарайды.
Іргелі ел болу үшін надандық деген індеттен арылу деп түсінеді.
Әдебиет:
1. Әбдіғазиев Б. Асыл арна. Алматы, Жазушы, 1992, 150 б.
2. Шәкәрім шығармалары. Алматы, 1968, 430 б.
3. Шапаев Т. Ой түбінде жатқан сөз. Алматы, Жазушы 1989, 345 б.
4. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. Алматы, Мектеп, 1973
5. Есім Ғ. Данышпан Шәкәрім. Алматы, Атамұра, 2008, 336 б.
Аушева И.У.
Кандидат педагогических наук, доцент, член-корреспондент
Международной академии наук педагогического образования
Центр педагогического мастерства
АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы»
(Республика Казахстан)
НАУЧНО-ТЕОРЕТИЧЕСКИЕ АСПЕКТЫ СОЦИАЛИЗАЦИИ ЛИЧНОСТИ УЧИТЕЛЯ
Современное образование в контексте Болонского процесса рассматривается как процесс,
сопровождающий человека на протяжении всей его жизни и обеспечивающий каждому субъекту
наиболее полную реализацию в профессиональной, личной и общественно-политической сферах.
Важнейшими задачами образования в этой связи становятся: подготовка обучающихся к успешной
жизни и функционированию в социуме, вооружение их необходимыми средствами для дальнейшего
самосовершенствования, самореализации.
Общие международные тенденции в рамках Болонского процесса, как и специфически национальные
тенденции направлены на подготовку профессионалов для основных сфер человеческой деятельности
в современной социокультурной ситуации. Содержание основного вектора Болонского процесса
генерализуется в ведущей задаче - формирование профессионала в своей области, мобильной личности,
устойчивой в динамическом развитии и самореализации. В условиях реформирования казахстанской
высшей школы образования акценты переносятся с узкопрофессионального подхода к подготовке
специалистов на многостороннее его развитие.
Социальные перемены, происходящие в обществе, также по-новому ставят вопрос о профессиональной
компетенции учителя. Личность учителя, его профессиональная компетентность, социальная зрелость
сегодня, как никогда, оказываются наиболее важными условиями обеспечения эффективности процесса
Nazarbayev
Intellectual
Schools
51
обучения и воспитания. Качество образования будущего учителя и уровень сформированности его
профессиональной компетентности являются социальными критериями состояния и результативности
процесса образования, его соответствия потребностям современного общества в формировании и развитии
профессионально-личностной компетентности специалиста. Нормативные документы, регламентирующие
функционирование казахстанской системы образования, подчеркивают потребность сегодня в
образованных, предприимчивых молодых людях, способных самостоятельно принимать ответственные
решения в ситуации выбора, быть мобильными, динамичными, конструктивными специалистами.
Чтобы реализовать эту цель, нужно не только обновить содержание и технологии образования, но,
прежде всего, подготовить учителя, способного решать эти сложные социально-педагогические задачи.
В настоящее время все настойчивее проявляется несоответствие уровня подготовки будущих учителей
современным требованиям, их недостаточная результативность профессиональной подготовки. Практиками
отмечается чрезмерная теоретизация процесса профессионального обучения, его оторванность от реальных
процессов, происходящих в школе, недостаточная сформированность коммуникативной культуры,
способов взаимодействия с разными категориями учащихся и их родителями. Кроме того, анализ научно-
теоретического и научно-практического опыта педагогической деятельности позволяет констатировать
неготовность большинства выпускников брать на себя персональную ответственность за определенную
деятельность, отсутствие инициативы, оригинальности мышления, стремления к самосовершенствованию
и развитию, уверенности в себе и способности справляться с трудными ситуациями.
Объяснением данного противоречия, думается, может быть либо отсутствие готовности учительства
к решению этих задач, либо несоответствие его профессиональной компетентности и ментальности
требованиям модернизации базового образования. Необходимо также учитывать тот факт, что в настоящее
время значительно увеличился объем функциональных обязанностей учителя. К традиционным видам
деятельности: обучающая, воспитывающая, развивающая, методическая, культурно-просветительская –
добавились диагностическая, социально-воспитательная, коррекционно-развивающая, коммуникативная
и другие, к которым учителя в вузе готовят не достаточно.
Неготовность современного учителя к достижению высокого качества образования во многом
обусловлена направленностью личных профессиональных установок, неумением применять психолого-
педагогические знания на практике. Ориентация учителя на репродуктивную методику определяет качество
общего среднего образования, которое обществом и государством признается недостаточно высоким.
Таким образом, ориентиры политики в сфере образования на формирование специалиста для любой
области производства и обеспечение высокого уровня его компетентности, мобильности, максимально
благоприятных условий для развития его личности, с одной стороны, и возросшие в связи с этим требования
к современному учителю, его профессионально-личностным качествам, с другой стороны, обусловливают
актуальность разработки концепции и программы обновления содержания и организации педагогической
практики в государственном образовательном учреждении высшего профессионального образования.
Вопросы педагогического образования и эффективности деятельности учителя рассматриваются,
зачастую, с чисто академической точки зрения, то есть с позиций интеллектуального развития и передачи
знаний. Поскольку существование и выживание человечества как серьезная проблема современной
цивилизации стали педагогическим объектом, необходимо не только учить молодое поколение жить и
действовать в экстремальных экологических и социально-экономических условиях, но и воспитывать в
нем своеобразную культуру существования в мире, в обществе, включенном в глобальные процессы. Такая
ориентация побуждает внести значительные коррективы в педагогику, в практику обучения и воспитания.
Педагогическая интерпретация человека с позиций предельно широкой категории существования дает
возможность увидеть и понять его в целостной связи со всем миром. Интегративные процессы в жизни и
познании позволяют надеяться, что современная педагогика идет к новому пониманию человека. В центре
новой педагогической теории, имеющей ярко выраженный антропологический характер, находится идея
жизнетворчества: развитие человека как творца, субъекта своей жизни.
В этой связи радикальные изменения в педагогической системе требуют обоснованных новаторских
|