Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет58/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   250
Жанар Досымхановна Жазнаева 

дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық 

мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 

тарих пәнінің мұғалімі 

Қазақстан, Өскемен 

 

«ОЙ ТАСТАУ, ОЙЛАНТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ ТАРИХ 



САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНА БАУЛУ 

ЖОЛДАРЫ 

 

ХХІ  ғасыр  –  ғылым-білімнің,  ақпараттың  дамыған  ғасыры.  Буырқанған 

ғасырда  бәсекеге  қабілетті  мемлекет  болуды  ұстаным  еткен  еліміз  елу  елдің 

қатарында  болуды  көздеп  отыр.  «Заманына  қарай  адамы»  деп  халқымыз 

айтқандай,  әр  заманның  өзінің  буырқанған  ағысы,  өзінің  жаңа  сарыны  бар. 

Осынау заманауи дәстүрден тыс қалыс қалмай, әлемдік жаһандануды көздеген 

еліміз ғылым мен білім жағынан ғана емес, экономикасы, мәдениеті, тіпті қай 

салада  болмасын  инновациялық  технологияларды  енгізе  отырып,  ақпараттық 

технологиялармен жан-жақты жабдықталуда. 

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың  салиқалы  саясатының  бір  көрінісі  болып 

отырған  Қазақстан  халқына  Жолдауында:  «Бәсекеге  қабілетті  дамыған 

мемлекет  болу  үшін  біз  сауаттылығы  жоғары  елге  айналуымыз  керек»,-деп 

болашағамыздың сауатты ұрпаққа тікелей байланысты екендігін атап көрсетеді 

[1]. Осынау ел ертеңі болып отырған, үміт артып отырған  жастарымызға деген 

Елбасының сенімін Жолдаудан байқау қиын емес: «Ал кейінгі толқын жастарға 

айтарым:  Сендер  –  болашаққа  деген  үкілі  үмітіміздің  тірегісіңдер.  Сендердің 

азат ойларың мен кемел білімдерің – елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол 

жетпес  қиянда  көрінетін  тың  мақсаттарға  апаратын  құдіретті  күш»,-деп 

айтылғандай  келешектің  тұтқасын  ұстар  жастарымызға  білім  жолын  қуып, 

ғылым  жолына  түсіп,  ізденуді,  мақсат  қоя  отырып,  өз  мақсатына  жетуді 

ұстаным  етеді.  Осы  орайда  Елбасының  қолдауымен  қазіргі  таңда  ғылыммен 

айналысам,  «оқимын»  деген  талапты  жастарымызға  жан-жақты  жол  ашылып 

отыр,  олардың  елімізде  ғана  емес,  «Болашақ»  бағдарламасы  құрылып,  шет 

мемлекеттерде  білім  алуларына  жол  ашылды.  Осы  орайда  Елбасы 

Н.Ә.Назарбаевтың:  «Мемлекет  басшысы  ретінде  мен  әрдайым  сіздердің 

оқуларыңыз  бен  өсіп-өнулеріңіз  үшін  барлық  жағдайды  жасауға  тырыстым. 




171 

 

Әлемдік  деңгейдегі  университет,  зияткерлік  мектептер  аштым,  «Болашақ» 



бағдарламасын  құрдым»,-деген  жолдауда  Елбасымыздың  жастарға  деген  

сенімі,  олардың  болашағынан  зор  үміт  күтуі  жатыр  [2].  Әлемдік  деңгейдегі 

зияткерлік  мектептер  мен  түрлі  жоғары  оқу  орындары  ашылып  қана  қоймай, 

қаншама жастарымыздың әлемнің түкпір-түкпірінде білім алып, өз еліне мықты 

маман болып оралуда. Бұл да – еліміздің болашағының жарқын болуының бір 

арнасы. Ал болашақтың білімді, саналы, салауатты ұрпағын тәрбиелеу – бүгінгі 

білім  ордаларының  басты  мақсаттарының  бірі.  Осы  орайда  Елбасы  ұстаным 

еткен:  «Келешекке  кемел  біліммен»,-деген  қағиданы  ұстанып,  жан-жақты 

дамыған, қоғамға бейім, білімді ұрпақты тәрбиелеуде мұғалімдер қауымына аса 

үлкен жауапкершілік пен міндеттерді жүктеліп отыр. 

Мұғалім  –  мектептегі  басты  тұлға.  Оқушының  бойындағы  қабілетін 

оятып,  дарын  көзін  ашу  мұғалімнен    де  шығармашылық  ізденісті,  еңбекті, 

табандылықты талап етеді.   Алты алашқа есімі танымал болған күрескер ақын 

А.Байтұрсынов:  «Мұғалім  әдісті  көп  білуі  керек,  оларды  сүйеніш,  қолғабыс 

нәрсе  есебінде  қолдану  керек»-  дегендей,  қазіргі  таңда    инновациялық  озық 

технологиялардан,  сондай-ақ  әлемдік  озық  ойлы  технологиялардан  ізденуге 

жан-жақты  жол  ашып  отыр  [3].  Ақпараттың  қоғамға  енуі,  қашықтықтан  білім 

алу,    электрондық  оқулықтар  сынды  өзге  де  заманауи  әдіс-тәсілдердің 

тәжірибеге  енуі  мұғалімдердің  де  өз  жұмысына  деген  жауапкершілігін  арта 

түсті.  Осы  орайда  ең  басты  мәселе  –  қандай  пән  болмасын  сапалы  білім 

берумен  ғана  шектелмей,  шығармашыл  ізденістегі,  жеке  тұлғаны  дамытуды 

мақсат  етудеміз.  Мектепте  оқушылардың  саяси  көзқарасын,  дүниетанымын 

қалыптастыруда  тарих  пәнінің  алатын  орны  зор.  Күнделікті  өмірде  болып 

жатқан  өзгерістер  мен  жаңашылдықтарға  өз  ойын,  көзқарасын,  өз  шешімін, 

сыни көзқарастарын таныта білуде үнемі ізденіс танытуға тура келеді. Ең басты 

мақсатымыз  оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылықтарын  оята  отырып,  

олардың    зерттеушілік  құзыреттіліктеріне  түрткі  болып,  шығармашылық 

қабілеттерін  ояту.  Осы  орайда  түрлі  әдіс-тәсілдерді,  отандық,  әлемдік 

тәжірибедегі  озық іс-тәжірибелерді  қолданып,  өнемді  нәтижеге  жетуде  мақсат 

етудеміз. 

Тарих сабағы – ой сабағы. Ойсыз, сұрақсыз өткен сабақ  – өнімсіз сабақ. 

Осы  орайда  Қанипа  Омарғалиқызының:  «Ой,  ойлану,  ойланту»  технологиясы 

барлық пәндерге де керек. «Ойсыз өмір сүру мүмкін емес»-деген пікірі дәлелді 

айтылған  [4].  Сондықтан  да  әйгілі  ғалым  ұстаз,  академик,  «Қазақтың  Хан 

апасы» 

атанған 


Қанипа 

Омарғалиқызының 

«Ой 

тастау,  ойланту» 



технологиясының тарих сабағында маңызы зор. 

Қ.Омарғалиқызының  «Ой  тастау,  ойланту»  технологиясында  білімді 

алдын-ала  беру,  оқушының  білімді  өз  әрекеті  арқылы  алу,  оны  ғылыми 

ізденіске жеткізу, шығармашылық әрекетке қол жеткізу, сабақтың өн бойында 

оқушының  өз  ойы,  өз  әрекеті  олардың  қызу  еңбекке  өз  ізденістері  арқылы 

жетулеріне негіз болып отырады. Ғалым ұстаздың теңдесі жоқ біршама ғылыми 

еңбектері мен ғылыми мақалаларын өз іс-тәжірибемде қолданып келемін және 

өнімді нәтижеге қол жеткізіп, көздеген мақсаттарыма жеттім. Тарих сабағында 




172 

 

оқушыларды  ғылыми  жұмыстарға  қалай  төселдіруге  болады,  олардың 



қызығушылықтарын  қалай  арттыруға  болады  деген  өзекжарды  мәселелерді 

басшылыққа ала отырып төменде сабақ үлгісін Қ. Бітітбаеваның технологиясын 

пайдалануда  ұсынып  отырмыз.  «Ой  тастау,  ойланту»  технологиясы  арқылы 

оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарға баулу. 

Тақырыбы: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. 9-сынып. 

Білімділік:  Желтоқсан  жаңғырығы  туралы,  желтоқсан  көтерілісінің 

құрбандары туралы мағлұмат беру, білімін арттыру. 

Оқушылардың  Желтоқсан  оқиғасының  себеп-салдарлары,  сипаты, 

қозғаушы  күштері  мен  маңызы  туралы  түсініктерін  кеңейту,  Желтоқсан 

оқиғасының  қазақ  халқы  тарихында  бұдан  бұрын  болған  ұлт-азаттық 

көтерілістермен сабақтастық байланысын және алып империя Кеңес Одағының 

күйреуіне тигізген ықпалын түсіндіру. 

Дамытушылық:  Ойлау  дағдылары  мен  біліктіліктерін  қалыптастыру, 

ақыл-парасаты  мен  шығармашылық  қабілетін  дамыту  үшін  жағдай  туғызу. 

Басты мәселені ажырата білуге және өз ойларын еркін айтып, қорытынды жасай 

білуге қалыптастыру арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту. 

Тәрбиелік:  Ата-бабамыз  армандаған  тәуелсіздікті  нығайтуға,  Отанын 

сүюге, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Желтоқсан құрбандарын еске ала 

отырып, халық бостандығы мен елдігі үшін күрескен, сол үшін құрбан болған 

ағалар ерлігіне құрметпен қарауға тәрбиелеу. 

Сабақтың жоспары: 

1.  Бетбұрыс алдында қалыптасқан жағдай 

2.  Демократияшыл жастар қозғалысының себептері мен басталуы. 

3.  Желтоқсан оқиғаларының сипаты. 

4.  Жаппай жазалау. 

5.  Желтоқсан оқиғаларының қорытындылары мен тарихи маңызы. 

Сабақтың түрі: Қорытынды шығармашылық сабақ. 

Сабақтың әдісі: Пікір, салыстыру, сызба. 

Сабақтың көрнекілігі: карта, схема, таблица, мәтін, интерактивті тақта. 

Пәнаралық  байланыс:  Қазақстан  тарихы  ,  қазақ  әдебиеті  ,география 

пәндері. 

Сабақтың  технологиясы:  Қ.О.Бітібаева  «Ой  тастау,  ойланту»,  Жобалап 

оқыту технологиясы, Караев технологиясы, АКТ. 

Сабақ құрылымы: 1. Ұйымдастыру 2. Үй тапсырмасы 3. Жаңа сабақ 

4. Бекіту 5. Бағалау 6. Үйге тапсырма 

№  Сабақ кезеңдері 

Сабақтың құрылысы, барысы 

Технологиялық 

әдіс-тәсілдер 

Коррекция, 

білімді 

тексеру, 

бағалау 

Ұйымдастыру  10 



мин 

Мақсаты:  

- амандасу; 

- түгендеу; 

-oқушылардың 

Оқушыларды сабаққа 

жұмылдыру 

Өткен тақырыптар бойынша 

сұрақтар қою.. 

Өткен тақырыппен 

байланыстыра отырып, жаңа 

Бақылау, сұрақ-

жауап. 

Оқулықпен 

жұмыс. 

 



173 

 

назарын  сабаққа 



аудару;  

сабаққа көшу 

«Желтоқсан оқиғасы» видео. 

«ДЖИГСО» әдісі. Әр қатарға 

жеке мәтіндер беріледі. Топ 

мәтінді талқылайды. 

1.  Қазақ жастарын қандай күш 

айдап барды? Г. В. Колбин – ол 

кім?, қайдан келген? 

2.  Қазақ жастарына жасалған 

қиянат және олардың 

тағдырлары 

3.  Желтоқсан оқиғасының 

тарихи маңызы. 

Үй жұмысын 



тексеру, бекіту. 5 

минут 


Мақсаты: алдын 

ала берілген 

тапсырмаларды 

пайымдау, 

тексеру, бекіту, 

бағалау 


Алдын ала берілген 

тапсырмалар: 

1) 

А деңгей. Кестені 



толтыр 

«Кубизм» стратегиясы. Кубтың 

алты қырымен алты сұрақ 

беріледі. (Оқулық, дәптермен 

жұмыс) 

1. 1986 жыл? 

2. Оқиғаның басты себебі? 

/Басшылардың ауысуы/ 

3. Қозғаушы күші? /Қазақ 

жастары/ 

4. Қанша адам қатысқан? /8500/ 

5. Желтоқсан құрбандары 

кімдер? /Қайрат, Ләззат, Ербол, 

Сәбира/ 


6. Оқиғаның тарихи маңызы? 

/Тәуелсіздік алуға жасалған 

алғашқы қадам/ 

Топтық жұмыс. 

өзара сұрақ-

жауап 


Бірін-бірі 

бағалау, 

мұғалім 

бағасы. 


Кімнің 

жауабы өзіңе 

ұнады? 

Несімен 


ұнады? 

Іздендіру, 



зерттеу,  15  мин 

талдау, 


салыстыру 

бағытындағы 

шығармашылық 

тапсырмалар  

2) 

В деңгейі кестені толтыр 



(тапсырманы дәптерге 

орындау) 

«Топтастыру» стратегиясы. 

Оқушылар өз білгендері мен 

білімдерін жинақтау. 

Желтоқсан 

↓ 

Көтеріліс 



Ұлтжандылық 

Демонстрация 

Жастар 

Алмат 


Студенттер 

Аяз 


Брежнев алаңы 

3) 


С деңгейі Венн 

диограммасы. 

Мәтінмен, 

кітаппен жұмыс, 

іздендіру, 

зерттеу 


 

 

5. 



Қорытынды 

10  Пікірталас. 

Жалпысыныпты

Бірін-бірі 




174 

 

мин 



білімді бекіту. 

- 1986ж.Желтоқсан оқиғасына 

сенің көзқарасың қандай? 

- Осы көтеріліске сен қатысар 

ма едің? 

- Болашақ Қазақстанды қалай 

елестетесің? 

қ тапсырма. 

Пәнаралық 

байланыс 

бағалау. 

Кімнің ой 

толғауы, сөз 

саптауы өзіңе 

ұнады? 

Баға 2 мин 



Оқушылардың сабаққа 

қатысуларына қарай және 

деңгейлік тапсырманы 

орындауларына қарай тиісті 

бағаларын қою. 

«Желтоқсан желі» видеомен 

аяқтау. 

Пікірлесу  

айту. 



Үйге: 2 мин 



  «Желтоқсан желі» ой-пікір 

жазу. 1986 жылғы Желтоқсан 

оқиғалары қазақ жастарының 

сана-сезімінің қаншалықты 

өскендігі жайында баяндау. 

Ауызша жауап беру. 

 

 

 



Библиографиялық сілтемелер 

1. Ақиқат. 2013 жыл, №1. «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан 

мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан Республикасының Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 

2. Назарбаев  Н.Ә.  (Қазақстан  халқына  жолдауы).  Жаңа  әлемдегі  жаңа 

Қазақстан. – Астана, 2007. 

3. Байтұрсын А. Шығармалар жинағы. А, 1998ж. 

4. Бітібаева Қ.О. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А, 2009ж. 

5. Бітібаева  Қ,  Құдайбергенова  Г,  Мұқашева  М.  Әдебиетті  оқытудың 

инновациялық технологиясы.- Өскемен, 2002. 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет