Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста


«ХИМИЯ САБАҒЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР МЕН БІЛІМ



Pdf көрінісі
бет57/68
Дата01.01.2017
өлшемі8,45 Mb.
#944
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   68

«ХИМИЯ САБАҒЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР МЕН БІЛІМ 

ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП  ОҚУШЫЛАРДЫҢ 

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ» 

 

Мақалада  химия  сабағын  өткізу  барысында  күнделікті  қолданылып 

жүрген 

инновациялық 



әдістермен 

педагогикалық 

технологиялардың 

элементтері  қарастырылып,  оларды  қолдана  отырып,  оқушылардың 

функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру туралы тәжірибе берілген. 

Басты  сөздер:  функционалдық  сауаттылық,  мәселелерді    шешу  мен  өзіндік 

менеджмент, ақпараттық құзыреттілік, әлеуметтік құзыреттілік. 

Зерттеу 


мақсаты: 

 оқушылардың 

инновациялық 

әдістер 


мен  

технологияларды  пайдалана  отырып    жұмыс  жасау  іскерлігін  қалыптастыру 

арқылы  коммуникативтік   қабілеттерін,  ақыл-ойын,  танымдық  және 

шығармашылық қабілеттерін дамыту, алған білімдерін практикалық іс-әрекетте 

қолдануға үйрету және функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру. 

Зерттеу міндеттері: 

-  ғылыми-педагогикалық  әдебиеттерден  жаңа  әдістер  мен  инновациялық 

технологиялар туралы мәліметтер жинақтау, озық тәжірибелермен танысу

-  жаңа  әдістер  мен  инновациялық  технологияларды  ұйымдастыру  үшін 

материалдық техникалық базаны жетілдіру,  іс шаралар кешенін әзірлеу; 

-  компьютерлік  және  саралап-деңгейлеп  оқыту  технологиясын  оқыту 

үрдісіне енгізу негізінде: 

а)  химия  пәнінен  электрондық  оқулықты  қолдану  арқылы  өткізілген 

сабақтардағы оқушылардың білім деңгейінің көрсеткіштерін анықтау. 

б)  химиядан  өткізілген  дәстүрлі  және  электронды  оқулықты  қолданып 

оқытылған сабақтардың білім сапасына әсерін зерттеу, талдау. 

в)   химиядан  өткізілген  дәстүрлі  және  электронды  оқулықты  қолданып 

оқытылған сабақтардың салыстыруына сараптама жасау. 

Ғылыми болжам: 

- егер жаңа инновациялық әдістер мен технологияларды химия сабағында 

тиімді  пайдаланса,  оқушылардың   пәнге  деген  қызығушылығы,  танымдық 


548 

 

белсенділігі, 



зерттеушілік 

іскерлігі, 

шығармашылығы 

артады 


және 

функционалдық сауаттылықтары қалыптасады

-  жаңа  әдістер  мен  технологияларды   қолданса  әрбір  оқушы  оқу 

процесінің  субъектісіне  айналуы  нәтижесінде  оқу  жүйесінің  қарқыны,  білім 

сапасы артады; 

-  жаңа  әдістер  мен    технологияларды  тиімсіз  пайдаланғанда,   қажетті 

талаптарды  сақтамаса  оқушының  білім  сапасына  танымды  белсенділігі  мен 

денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. 

Зерттеу  объектісі: Өскемен  қаласының  №  27  орта  мектебі  8  «к»-9  «к» 

сынып оқушыларының оқыту үрдісі (химия пәні бойынша). 

Зерттеу әдістері: бақылауға алу, тестілеу, сауалнама алу, тәжірибе жасау, 

бағалау. 

Заман  талабына  сай  оқыту  мен  тәрбиенің    соңғы  түрлерін жедел  игеріп, 

кәсіби  шеберлікті  ұштап  отыру  ұстаздың  басты  парызы.  Елбасымыз  Н.Ә. 

Назарбаевтың  «Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді 

дамыту тұжырымдамасының» жобасында: қазіргі білім берудегі басты мәселе- 

білім  мазмұнына    педагогиканың    соңғы  жаңалықтарын,  оқу-әдістемелік 

тәсілдің  тиімді    жолын  таңдау,  оқытуда  үздіксіз  ізденіс  жасау,  оқулықпен 

шектелмей тың деректерді пайдаланып, білім сапасын жақсарту көзделіп отыр. 

Инновациялық    педагогикалық    технологиялар  негізінде  химия  пәнін 

оқытудағы  мақсат  -  оқушының  зерттеушілік,  шығармашылық  қабілеттерін 

дамыту:  тоқтаусыз  өзгерістегі  қоғам  талабына  сай  рухани  интеллекті,  өзін-өзі 

басқара  алуға,  жаңаша  жобалар  мен  идеяларға  шығармашыл  болуға,    ойлау 

қабілеттіліктерін дамыту, оқушының пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, 

білім  сапасын    жақсарту  және  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын 

қалыптастыра отырып: 

 

оқушылардың экологиялық  мәдениетін дамыту, олардың  табиғат пен 



минералды  ресурстарға,  туған  өлкесінің  өсімдіктер  мен  жануарлар  әлеміне 

ұқыптылықпен  қарау  және  өз  елінің  табиғи  байлығын  қорғау  мен  көбейту 

негізінде  жаратылыстану  саласында  білім  берудің  экологиялық  құраушысын 

кеңейту; 

 

өздігінен  орындайтын  тәжірибелік,  эксперименттік  жұмыстарды  сан 



түрлі  әдістер  мен  технологияларды  қолдану  арқылы  функционалдық 

сауаттылықтарға жататын бөлігіне ерекше мән беріп, жүйелеп үйрету; 

 

 күнделікті өмірде бізді қоршаған химиялық, физикалық, биологиялық 



құбылыстарды, әртүрлі заттар мен азықтарды қауіпсіз және тиімді пайдалану; 

 



жаратылыстану  пәні  бойынша  практикалық  жұмыстарды  жобалау, 

моделдеу  және  орындау,  диаграммаларды,  рекация  теңдеулерінің  схемаларын 

оқи білу; 

 



байқау  немесе  өлшеу  нәтижелерін  кестелер,  графиктер  көмегімен 

көрсету; 

 

алған  білімдері  негізінде  жаратылыстану-ғылыми  құбылыстарды 



түсіндіру немесе суреттеу, сонымен қатар өзгерістерді болжау; 

549 

 



 

қорытынды  шығару,  оларды  талдау  және  негіздемесін  бағалау  үшін 

ғылыми дәлелдеулерді және мәліметтерді пайдалану; 

Қойылған мақсат, міндеттерге жету жолында   мектепте жағдай жасалған: 

химия  кабинеті    талапқа  сай  жабдықталған,  интерактивті  тақта,  электронды 

оқулықтар, интернет жүйесі,  виртуальды зертхана, видео тәжірибелер,металдар 

коллекциясы, кристаллдық торлардың макеттері, органикалық, бейорганикалық 

химиядан  тараулар  бойынша  кестелер,  сарамандық  жұмысқа  қажетті 

реактивтер.  

Оқушыны  оқыту,  тәбиелеу    үрдісінде  өзіндік  іздену,  зерттеу  мен 

шығармашылық  қабілеттілігін  дамыту  мақсатында  жобалау  технологиясы 

тиімді пайдаланылды.  

Шығармашылық жоба жұмысы барысындағы оқушы мен оқытушы және 

ата-ана  арасындағы  іс-әрекеттік  қарым-қатынасты,  олардың  әр  қайсысының 

атқаратын қызметінің орнын төмендегі  схемадан көруге болады (сурет 1).   

Жобалау  таным  әдісі  ретінде  оқушыларға  оқу  мен  білімнің  өмірдегі  рөлін 

сезінуге,  оқу  мен  білімді  мақсат  етуден  гөрі  құрал  етуді  ойлау  мәдениетін 

игеруде сарамандық көмек беруі тиіс[5]. 

Сурет  1.  «Оқушы  мен  оқытушы  және  ата-ана  арасындағы  іс-әрекеттік  қарым 

қатынас» 

 

Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, тәжірибеден өткізуге 



дайын  тұру,  әлем  туралы  жаңа  мәлімет  жинауға  талпынушылық  қасиеттер 

балаға тән дәстүрлі мінез болып саналады. Ендеше, зерттеушілік, ізденушілік - 

бала  табиғатына  тән  құбылыс.  Бұл  белсенділік  оның  жеке  дамуына,  өзіндік 

көзқарасының қалыптасуына игі ықпал етеді. Бұл пікірді Абайдың жетінші қара 

сөзіндегі:  «...Жас  бала  анадан  туғанда  екі  түрлі  мінезбен  туады.  Біріншісі- 

ішсем,  жесем,  кисем»  деп  туады,  екіншісі-«көрсем,  білсем»  деп, 

ержетіңкірегенде  ит  үрсе  де,  мал  шуласа  да,  «ол  неге  үйтеді»,  «бұл  неге 

бүйтеді»  деп  көзі  көрген,  құлағы  естігеннің  бәрін  сұрап,  тыныштық 

көрмейді...»,  деген  ой-тұжырымды  растайды.  Жобалау  оқыту  әдісі  бойынша 

оқушылардан күтілетін нәтиже төмендегідей: 



550 

 

- оқушының бойында рухани- адамгершілік қасиеттер қалыптасады; 



- ізденімпаздық, зерттеушілік қабілеттері дамиды; 

- ұқыптылық, жинақылыққа, икемділікке дағдыланады; 

- жауапкершілікке үйренеді; 

- шығармашылық қабілеті дамиды

-  өз  елінің  ұлттық  рухани  және  материалдық  құндылықтарын  құрметтей 

алатын, патриот тұлға болып қалыптасады. 

Шығармашылық  жобаны  орындау  барысында  оқушы    химия  пәнінен 

алған  білімін  пайдаланып  қана  қоймай,  басқа  пәндерден  де  алған  білімін 

пайдалана  алады.     Әр  сабақты  оқушыларға  түсінікті,  қызықты  әрі  тартымды 

өткізу  үшін  жаңа  технологиялардың  сан  қилы  элементтерін  пайдалануға 

болады. 8, 9 сыныптардың химия сабақтарында мәселені шешу технологиясын 

кейбір  тақырыптарды  өткенде  «Сутегі.  Табиғатта  таралуы.  Қолдануы» 

тақырыбын  түсіндірген  кезде  оқушыларға  өз  беттерімен  жаңа  тақырыпты 

меңгеріп,  мына  мәселеге  сабақ  соңында  жауап  берулерін  талап  ету  керек: 

«Неліктен сутекті келешектің отыны деп болжайды?», «Бейметалдардың жалпы 

сипаттамасы»  тақырыбын  өткен  кезде  мәселе  шешуге  сұрақ  қойылады 

«неліктен  алтыншы  топта  орналасқан  оттегінің  валенттілігі  екіге  тең,  басқа 

элементтерді қарасақ, валенттіліктері орналасқан тобына тең?» 

Сабақ  барысында  оқушыларды  біліммен  қаруландырып  қоймай  оларды 

қисынды  ойлау,  есте  сақтау  қабілеттерін  дамыту  үшін  “Дөңгелек  үстел”, 

“Брейн-ринг“,  “Бұл  неліктен”,  ‘Қарлы  кесек”,  «Миллионер  болам  десең», 

«Көңілділер  мен  тапқырлар»  оқыта  үйрету  ойындарын  қолданған  ыңғайлы. 

Ойын  элементтерін  пайдаланып  деңгейлік  тапсырмалар  арқылы  танымдық 

қызығушылығын  арттыруға  өткізген  сабактарым: 8  сынып    «Сутек.  Табиғатта 

таралуы.  Қолданылуы»,  «Оттегі,  Жану»,  9  сынып  «Темір-аспан  тасы»,  « 

Фосфор  және  оның  қосылыстары»  тағы  басқа  өткен  тақырыпты  пысықтау,  үй 

тапсырмасын  тексеру  кезінде  пәнге  қызығушылығын  арттыру  үшін  сұрақ-

жауап  ретінде  миға  шабуыл,  кім  жылдам,  біліміңді  байқап  көр,  формулалар 

сайысы, бейне  сұрақ,  химик  сараман, жарқыраған  шың  т.б  ойын  элементтерін 

қолданып  белсенділігін  арттыруға  болады.  Тірек-сызба,  семантикалық  карта 

толтыру,  эстафеталық  сұрақтар,  лото  ойындарын  шештіру  арқылы, 

электрондық оқулықтарды пайдалана отырып оқушылардың есте сақтау, ойлау 

қабілеттерін дамыту қажет.   

Білімге  қызығушылығын  арттыруда  сыныптан  тыс  өткізілетін 

жұмыстардың  да  маңызы  зор.  Оқушылардың  сабақ  кезінде  алған  білімдерін 

тереңдетіп,  тәжірибелік  дағдыларын  қалыптасуына  көмегін  тигізеді.  Ата-

бабамыздан, ұрпақтан ұрпаққа жетіп,ауысып отырған асыл мұра-халқымыздың 

бай  тәжірибесі,  халық  шаруашылығы  материалдарына  негізделген  қосымша 

сарамандық  сабақтар  өткізуге  болады:  «Қолдан  сабын  алу»,  «Күкірттің  емдік 

қасиеті», «Тері илеу», «Химия тұрмыста» атты химиялық кеш. Технологияның 

келесі бір түрі-қоғамдық ресурстар [3], Ол қосымша білім көздерін пайдалану, 

химия  оқулықтарында  отандық  ғалымдар  туралы  ешқандай  мәліметтер  жоқ 

болғандықтан  «Металдардың  физикалық  және  химиялық  қасиеттері» 


551 

 

тақырыбын өткен кезде ғалым, академик Қ. Сәтпаевтің еңбегі туралы «Ауызша 



журнал» өткізілді. Бұл технологияның элементтері оқушылардан мынаны талап 

етеді:  практикалық  материалдарды  іріктейді,  фактілерге  шолу  жасайды, 

мәселелерді тұжырымдайды, дұрыс шешімдер қабылдауға жағдай жасайды [4]. 

Жұмыс нәтижесінде жаңаны тез игеріп, дұрыс түсінетін, өз бетімен білім алып, 

алған  білімді  іс  жүзінде  дәлелдей  алатын,  салыстыра  отырып,  қорытынды 

жасау дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік тудыратыны байқалды. 

Оқушылардың  логикалық  ойлау  қабілетін  дамыту  мақсатымен  сабақта 

химиялық  жұмбақтар    жиі  қолданылды.  Жаңа  тақырыпты  өтер  алдында 

жұмбақты хабарлап, оның мазмұнын талдап, оқушылар шешімін іздеп (ойлау), 

жұмбақтың   жауабын  табады  (шешу)  және  жаңа  тақырыптың  аты  белгіленеді. 

Мысалы: Табылса бұрын там-тұмнан 

Қазір көп әрбір өлкеде, 

Қымбат болды алтыннан 

Қандай металл ертеде. (Алюминий) 

Жобаның тақырыбын таңдауда әрбір оқушының өзіндік ерекшеліктеріне, 

олардың  бейімділігі  мен  психофизиологиялық  қабілетіне,  икемділігі  мен 

қызығушылығына мән  берілді.  Баланы  ізденушілік,  шығармашылыққа  баулу, 

оған зерттеу дағдысы мен білктілігін игертіп, жеке тұлға ретінде қалыптасуын 

қамтамасыз  ету  үшін,  баланың  қабілетін  түрлі  әрекетте  көрсету  үшін, зерттеу 

жүргізу керек.  Зерттеу  жүргізудегі  ең  маңызды  нәрсе  проблеманы  көре  алу 

болып  табылады.  Мұғалім  оқушының  қабілеттілігін  жан-жақты  зерттемей 

отырып, оның тәрбиесі мен оқуында нәтижелі жетістікке жетуі мүмкін емес.  

Оқушылар  жобамен  жұмыс  істеуге  дайындықта,  жобалау  іс-әрекеттерін 

ұйымдастыруда төмендегі кілттік құзыреттіліктерді меңгерді. 

Кесте  1-  Жобамен  жұмыс  істеуге  дайындық  пен  жобалау  іс-әрекеттерін 

ұйымдастыру кезеңінде меңгерілген құзіреттіліктер 

Мәселелерді 

шешу 


мен 

өзіндік менеджмент 

Ақпараттық құзыреттілік 

 

Әлеуметтік құзыреттілік 



проблемалық  жағдайларды 

көре алуы; 

жоба 

бойынша 


ақпараттарды  алудың  түрлі 

көздерін білуі 

 

топта  жұмыс  істей  отырып, 



топ мүшелерін тыңдау білуі; 

өзгенің  пікірін  құрметтеп, 

сұрақтарды талдай алуы  

қажеттілікті анықтай алуы; 

 

әдебиеттер, 



анықтама 

құралдар, 

ғылыми 

мақалалар  мен  оқулықтар, 



түрлі 

кешендерді 

пайдалануы 

жоба  бойынша  серіктесімен 

қарым-қатынас орнатуы 

мақсат  қоя  білу,  оған  жету 

үшін  міндеттерді  анықтай 

алуы; 


әдебиеттерге  талдау  жасай 

алуы 


және 

қажетті 


мәліметтерді бөліп алуы 

өз  ой-пікірін  анық,  нақты 

және сауатты жеткізуі 

ақпараттық 

мәліметтерді 

жинақтай 

білу, 

оның 


негізгісін анықтай алуы; 

интернет 

байланыстарын 

пайдалана алуы 

өз 

көзқарасын 



жеткізіп, 

пікірталасқа түсе білуі 

нақты 

нәтижені 



анық 

айқындап көрсете алуы; 

 

қажетті  ақпаратты  тауып, 



жоба 

бойынша 


технологиялық карта құру 

жоба  жұмысын  ақпараттық 

технологияларды  пайдалана 

отырып, 


презентациясын 

552 

 

 



дайындап, оны қорғауы 

өз 


мүмкіндігін 

дұрыс 


бағалай білуі. 

жоба  туралы  ақпаратты, 

оның  нәтижесін  сауатты 

түрде ұсыну. 

интернет  байланыстарымен 

жұмыс  жасау  дағдыларын 

меңгеруі; 

 

Жұмыс  нәтижесінде  жаңаны  тез  игеріп,  дұрыс  түсінетінін,  өз  бетімен 



білім  алып,  алған  білімді  іс  жүзінде  дәлелдей  алатын,  салыстыра  отырып, 

қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік тудырады. 

Инновациялық  әдістер  мен  технологияларды  пайдалана  отырып  жұмыс 

жасау  арқылы  оқушылардың  коммуникативтік  қабілеттерін,  ақыл-ойын, 

танымдық  және  шығармашылық  қабілеттерін  дамытуға,  алған  білімдерін 

тәжірибелік  іс-әрекетке  қолдана  білуге  үйренеді  және  функционалдық 

сауаттылықтарын  қалыптастырады.  Қорытындылай  келе,  бұл  көрсетілген 

педагогикалық 

жобалау 

іс-әрекеттің 

жиынтығы 

орындалған 

жоба 

жұмыстарының нәтижелерінің бағалануы негізінде әрбір оқушының жеке дара 



даму  деңгейін  анықтап  беретін,  ізденіс,  зерттеушілік  және  шығармашылық 

қабілеттілігінің  көрсеткіші  ғана  емес  олардың  жан-жақты  дамуы  мен 

болашақтағы мамандығына дұрыс таңдау жасай алу жолдарында ерекше орын 

алады.  Бұл  оқушылардың  уақыт  талабына  сай  адам  болып  тәрбиеленуі  мен 

білім алуына негіз болатыны сөзсіз. 

 

Библиографиялық сілтемелер 



1. Әбиев Ж., Бабаев С, Құдиярова А.Педагогика.-Алматы: Дарын, 2009. 

2. Инновациялық  педагогикалық  технологиялар  негізінде.  //Қазақстан 

мектебі. 2013ж. № 7, 12-13 бб. 

3.

 



Назарбаев Н.Ә. Қазақстан -2030. «Білім» баспасы, -1998.  

4. Құрманәлиев  М.Қ.  Химияны  оқытудың  қазіргі  технологиялары.  - 

Алматы, 2009 

5. Жаңа  ақпараттық  технологиялардың  дидактикалық  ұстанымдары. 

//Егемен  Қазақста. 23 желтоқсан 2013 жыл.   

6. Химия  сабағында    инновациялық  әдістер  мен  білім  технологияларын 

пайдалану жолдары. //Педагогика мәселелері. - № 4, 2013 жыл, 56 б.  

7. Нұғыманұлы  И.,  ШоқыбаевЖ.Ә.,  Өнербаева  З.О.  Химияны  оқыту 

әдістемесі.-Алматы, 2005.  

8. Инновациялық  педагогикалық  технологиялар  негізінде.  //Қазақстан 

мектебі.  2013 ж.  -№ 7.  12-13 бб.  

 

 



Айгүл Өтегенқызы Тілепова  

Түркістан қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы білім  

басқармасының «Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға  

арналған облыстық арнайы мектеп  

интернаты» КММ директоры 

 

553 

 

ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ДЫБЫСТАНУ 



ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Жаһандану  аясындағы  тәуелсіз  еліміздің  гүлденіп,  өсіп-өркендеуі  әр 



адамзаттың  денінің  саулығы  мен  толыққанды  дамуы  және  білім  сапасының 

маңыздылығын дәлелдейтін бәрімізге айқын.  

Қазіргі кезде табиғат экологиясына байланысты, физиологиялық жағынан 

дамуында  әр  түрлі  кемістіктері  бар  сәбилер  дүниеге  көптеп  келуде,  Қазір 

қоғамның алдында, осындай мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірге әлеуметтік 

бейімдеу,  мәселесі  тұрса,  ал  арнайы  мамандарымызбен,  ғылымдарымыздың 

алдында олардың түзету бағытында, жақсы нәтижелер беретін әдіс, тәсілдерді 

ойлап табу жұмыстары,  бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып тұр.  

Тіл  -  адамдардың  бір-бірімен  пікір  алмасу,  қарым-қатынас  құралы, 

мәдени  және  рухани  өсуінің  басты  көрсеткіштерінің  бірі.  Кезінде  тіл  туралы 

Антуан  де  Сент  –Экзюпери  «Жер  бетіндегі  ең  үлкен  байлық  адамдардың  бір-

бірімен  тілдесуі»  деген  екен.  Сөйлегенге  дейінгі  кезеңдер  негізгі  мақсат  

баланы сөйлеуге үйретіп, ой-өрісінің одан әрі дамуына әсер ететін сөздік қорын 

қалыптастыру болып табылады. Мектеп жасына дейінгі кезеңіндегі сөйлеу тілі, 

күшті  қарқынмен  күн  санап  дамитын  және  кез  келген  дыбысқа  еліктегіш, 

қабылдағыш, бұрмалауға көнгіш, өте жұмсақ иілгіш келетінін әр кез есте сақтау 

керек. Баланың анық сөйлеуі, сөзді меңгеріп, оны өз сөз қорында пайдалануы, 

айтылған сөзді түсінуі, оның білім денгейінің көтерілуімен тығыз байланысты. 

Есту  қабілеті  бұзылған  балалардың  тіл  кемістігі  дұрыс  анықталса,  неғұрлым 

түзете-дамыту,  оқыту  (ТДО)  жұмысы  ерте  және  жүйелі  түрде  жүргізілсе, 

соғұрлым сөйлеу тілінің дамуы нәтижелі болмақ. Сондықтан  тіл кемшіліктерін 

түзету  үшін дыбыстың  артикуляциялық  қалпын,  бұзылу  түрлерін бейімдейтін, 

себептерін  түзету  тәсілдерін  және  түзету  жұмысының  жоспарын  дұрыс 

ұйымдастыра  білу  қажет.  Көптеген  сурдопедагогтар  Э.И.  Леонград,  Ф.Ф.  Рау, 

Э.Ф.  Рау,  Н.Т.  Шматко  естімейтін  балаларды  ауызша  сөйлеу  тілін 

қалыптастыру  әдістемелері  мен  жетілдірудің  оңтайлы  жолдарын  іздестіруде. 

Есту  қабілеті  бұзылған  балалардың  ауызша  сөйлеу  тілін  қалыптастыру  үшін, 

есту  қабілетінің  төмендеу  мен  дамуына  кедергі  келтіретін  басқа  факторларды 

жеңуге бағытталған жұмыс істеу қажет. 

Жұмыстарды  жүзеге  асырмас  бұрын  баланың  тіл  кемістігі  туралы  дәл, 

нақты  диагноз  қоя  алу  керек.  Тіл  кемістігі  -  дегеніміз  сөйлеу  қабілетінің 

психофизиологиялық  механизмнің  бұзылу  салдарынан  сөйлеушінің  сөйлеу 

тілінің қоршаған ортаға тән мөлшерден ауытқуы. 

Жалпы  тіл  кемістігі  қатынас  теориясы  бойынша  ауызша  сөйлеу 

қатынасының  бұзылуы  деп  есептеуге  де  болады.  Сөйлеу  қабілетінің  немесе 

сөйлеу  жүйесінің  құрамдарының  төмен  денгейде  қалыптасуы  сөйлеу  тілінің 

жетілмеуі  деп  саналады.  Сөйлеу  тілі  құрамының  әр  түрлі  бөлімдерінің  сөздік 

қоры  граматикалық  құрылысының  мөлшерден  ауытқуы  және  тілдің  негізгі 

функциялары  –  қарым-қатынас,  ойлау  қабілеттерін  атқара  алмауы  –  тіл 

кемістері болып саналады. Ол ауытқулар әр балада әр түрлі денгейде кездеседі. 



554 

 

Тіл  кемістіктерінің  негізгі  себебі,  сыртқы  және  ішкі  зияндық  факторлардың 



немесе екеуінің бірдей организмге әсер етуі. 

Сөйлеу тілінің бұзылуы немесе тіл кемістігін төмендегідей сипаттауға болады: 

1)

 

Бұзылу өз бетінше пайда болады, ол жоғалмайды, қайта бекиді; 



2)

 

Сөйлеу тілі сөйлеушінің  жас мөлшеріне сәйкес келмейді; 



3)

 

Сөйлеу тілінің жеке ерекшеліктеріне байланысты нақты логонедиялық 



ықпал жасауды талап етеді; 

4)

 



Сөйлеу  тілінің  бұзылуы  баланың  одан  әрі  дамуына  жағымсыз  әсерін 

жиі тигізеді. 

5)

 

Сөйлеу  тілінің  психофизиологиялық  механизмнің  ақаулықтармен 



байланысты. 

Жалпы тіл кемістігін дефектология ғылыми зерттеу институтының ғалым 

қызметкерлері 

Р.Е.Левина, 

Н.А.Никашкина, 

Г.А.Кани, 

А.Ф.Спирова, 

Г.И.Жаренкова сияқты т.б. 50-60 жылдары мектеп жасына дейінгі және мектеп 

жасындағы  балалардың  тіл-кемістіктерін  жан-жақты  зерттеп,  қорытынды 

нәтижесін  ғылыми  тұрғыдан  дәлелдеді.  Дыбыстарды  бұзып,  айтуы 

фонематикалық  есту  қабілетінің  дамымауы,  сөздік  қоры  мен  грамматикалық 

сөйлем  құрылысының  артта  қалуы  жалпы  сөйлеу  тілі  дамымаған  балалардың 

барлығына тән кемшілік болып табылады. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балалар  айналасындағылармен  тілдесіп  сөйлесе 

алады,  бірақ  сонда  да  өзінің  айтайын  деген  ойын  анықтап  түсіндіре  алмайды. 

Бұл  жағдайда,  бала  өмірден  алған  тәжірбиесінің  нәтижесінде  күнделікті 

тұрмыстағы  өзіне  жақсы  таныс  болып  қалған,  заттың  атын,  түсін  ,  тұлғасын, 

сапасын, белгісін және хал-жайын сөйлеп беруге енді бұрынғыдай қиналмайды. 

Олар  өздерінің  үй-іші  туралы,  айналасындағы  болып  жатқан  тіршілік  туралы 

емін еркін әңгімелеп бере алады, қысқа әңгіме де құрастыра алады. 

Мұнда  баланың  сөйлеу  тілінің  бір-бөлігінің  дамымауын  айқындайтын 

көріністі  көруге  мүмкіндік  туады.  Бала  ауызекі  сөйлескенде  өзінің  тілі 

келмейтін  қиын  сөзді,  нақышты  сөз  тіркесін  айтпауға  тырысады.  Сонымен 

қорыта айтқанда сөздегі дыбыстардың түсіп қалатын тұрақты қателері, ең қиын 

сөздердегі  буындардың  бұзылуы  байқалады.  Бұл  денгейде  балалар  септік 

жалғауларды,  жұрнақтарды  қолдануда  қате  жібереді,  сөз  өзгерту  қабілеті 

мүлдем  дамымаған.  Олардың  қарым-қатынасының  жақсаруы  ересек 

адамдардың, мамандардың көмегін қажет етеді. 

Сондықтан, бастауыш мектептерде ана тілінен оқушыларға білім, тәрбие 

беруде және оларды  дамытуда  мынадай  қағидалар басшылыққа  алынады: 

1. Мұғалім білімдік, тәрбиелік, дамыту жағынан құнды,  шәкірт  ұғымына 

сай  келетін,  анық  та  дәл,  көркем  тілмен  жазылған    материалдарды    іріктеп  

алып, қазақ тілі сабақтарында пайдаланып отыруға  міндетті; 

2.  Балаларды  дәл,  анық,  бейнелі  сөйлеуге  жүйелі  түрде,  үнемі  

дағдыландырады; 

3.  Көркем  шығармалар  арқылы  білім  бере  отырып,  балалардың  

сезімдеріне    әсер  етіп,  адам  баласына    қажетті  моральдық  қасиеттер, 

адамгершілік  мінез-құлықтардың қалыптасуына жағдай туғызады. 



555 

 

Жалпы  айтқанда,  балалардың  сөйлеу  тілінің  дамуы,  есту  қабілетінің 



бұзылуына  байланысты  болады.  Егерде  балада  неғұрлым  есту  қабілеті  төмен 

болса, соғұрлым сөйлеу тілінің дамуы да төмен болады. Есту қабілеті бұзылған 

бала сөйлеу тілін тек арнайы оқыту барысында ғана меңгереді, олардың сөйлеу 

тілінің дамуына есту қызметінің бұзылу уақыты үлкен әсер етеді. Бұл балалар 

өзі  сөйлеу  тілінде  қолданатын  сөздерді  ғана  жақсы  түсінеді.  Балалардың 

сөздігінде жалпы мағыналы сөздер болмайды. Олар мағынасы мен дыбысталуы 

ұқсас  сөздерді  ауыстырады.  Сөйлеу  тілінің  тәжірбиесінің  аздығы,  сөздік 

қорының таяздығы, тілдік грамматикалық құрлысын меңгеруге әсер етеді. Есту 

қабілеті бұзылған балалардың дауыс реңі кедей, сөйлеу тілі бірқалыпты айқын 

емес, көңілсіз болады. Мұнда балалардың көп бөлігі сөзге түсетін екпінді дұрыс 

қоя  алмайды.  Ал  енді  дыбыстану  дағдыларын  қалыптастыру  екі  бағытпен 

жүреді. Олар: 

1) Мұғалімнің сөйлеу тіліне еліктеу әдісі. 

2) Дыбыстануды арнайы оқыту әдісі. 

1-ші  әдіс  бойынша  балалалардың  фронтальді  (жалпы)  және  индивидуальды 

(жеке)  сабақ  барысында  есту  қабілетін  дамыту,  яғни  мұғалімнің  сөзін,  естіп 

көру, есту арқылы үлгісін қайталауға ұмтылу қарастырылады. 

2-ші  әдіс  балаларды  жеке  сабақтарда,  дыбыс  қою  кабинетінде,  күнделікті 

фонетикалық жаттығу кезінде орындалады. Арнайы оқыту сабағының мазмұны, 

дауыстың  қалыпты  биіктігін  күші  және  ырғағын  қолдана  білу,  сөйлеуі  тілін 

дамыту, сөздің жеке және екпінмен дыбыстану әдістерін қамтиды. 

Бұл  екі  бағыт  бойынша,  біздің  байқағанымыз,  есту  қабілеті  бұзылған 

балалар  бір  –бірімен  есту  мүмкіндігімен  (қалдық  есту  арқылы)  фонетикалық 

элементтерді  өңдеу  сапасын,  оларды  менгеру  мерзімімен  ерекшеленеді. 

Баланың  сөйлеу  тілінің  дамуына  оның  тұрақты  зейіні,  салмақтылығы,  есте 

сақтау  қабілеті,  зердесінің  дамуы  және  жалпы  дамуының  әсері,  оның  арнайы 

педагогикалық  жағдайда  құрылған  сөйлеу  тілін  жақсы  және  тез  меңгеруіне 

себебін тигізеді. 

Біз  есту  қабілеті  бұзылған  балалардың  жұмыс  жасау,  жұмыстарын  жинақтай 

келе, мынандай негізгі теориялық қағидаларды бөліп көрсетеміз: 

-  Мектепке  дейінгі  даярлық  тобындағы  балаларға  сөйлеу  тілін  дамыту 

және түзету жұмыстарын ерте жүргізу. 

-  Дауыспен  жұмыс,  тыныспен  жұмыс  және  дыбыспен  жұмыс  әруақытта 

біртұтас болуы. 

- Балалардағы қалдық есту қабілетін мүмкіндігі барынша көп қолдану. 

- Баланың жеке ерекшелігін, дербестігін есепке алу. 

Баланың  сөйлеу  тілін  дамыту  дауыспен,  тынысып,  дыбыспен  тығыз 

байланысты. Зерттеу жұмысымызды қорыта келе, жасаған болжау төмендегідей 

бекітіледі: есту қабілеті бұзылған балалардың тіл кемістігі дұрыс анықталғанда, 

неғұрлым балаға түзету - дамыту, оқыту (ТДО) жұмысы ерте және жүйелі түрде 

жүргізілсе, соғұрлым сөйлеу дамуы нәтижелі болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет